Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі . . . 5
1. 2 Несие қайтарылуын қамтамасыз етудің шетел тәжірибесі . . . 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕСІН ҚАЙТАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНДАРЫ («ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2. 1 Еуразиялық банктің несиеcін қайтарылуын қамтамасыз ету нысандарын талдау . . . 18
2. 2 Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы . . . 34
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕСІН ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелері мен оларды шешу жолдары . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2006-2008 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасында»: «Ақша - несие саясатының міндеті қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау - Үкіметтің басты міндеті», - деп аталып өтілгендей, ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы шаралар мынадай бағытта жүзеге асырылатын болады: қаржы секторындағы, әсіресе, банк секторындағы одан әрі ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру болып табылады.
Екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы алатын орны ерекше болып келеді. Коммерциялық банктер нарықтық экономика жағдайында клиенттермен несиелік қарым-қатынастарды құрастырғанда, көптеген қиын міндеттерді шешеді. Олардың барлығы да үлкен несиелендіру үрдісінде көрініс табады. Несиелендіру - бұл банктердің маңызды операциялардың бірі болып табылады. Ол субъектілердің несиелендіру үрдісіне көз қарастарын, несие берушілер мен қарыз алушылардың қарым-қатынастарын, қарыз алушылармен несиелерді пайдалануын, несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарын, борыштың пайда болуы сияқты мәселелерді қамтиды. Ұлттық табыс пен қоғамдық өнімді және өндіріс процесінде туындайтын несиелік қатынастардың мәні, банктік несиенің өндіріске және елдің экономикалық келешектің үздіксіз дамудың ынталандыруына белсеңді әрекет етуін дәлелдейді. Сонымен бірге, банктердің республиканың инвестициондық процесіне қатысуына, қазіргі уақытта экономикадағы несие қайтарымдылығына қатысты мәселелердің сақталуына байланысты жол бермейді. Макроэкономикалық деңгейде саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері салдарынан, несиелік қатынастардың «дағдарыс» себептеріне несиелендіру тәртібінің жетілдірілмегендігін, елдің қаржы саласына жағымсыз әсер туғызған, банктердің негізсіз несиелердің ұсынғанын жатқызуға болады. Елдің тұрақты дамуы үшін және өндірістік секторларды банктік несиелендіруді кеңейту мақсатында мезгілінде несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешу өте маңызды және өзекті болып табылады. Қарыз алушыларға несиені бере отырып, банктер өздерін қауіпқе төдіреді. Осыған орай банктік несиелендіру зерттеу процесіне одан әрі көңіл бөлуге және оның мәнін қайта қарастыруға, несиелік қатынастар субъектілерінің өздерінің міндеттемелерін орындаудағы жауапкершіліктерін және рөлдерін күшейту механизмді іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыдан курстық жұмыстың өзектілігін байқауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарымен және әдістерімен танысу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленген:
- несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының теориялық негіздерін білу;
- «Еуразиялық Банк» АҚ-ның қамтамасыз ету нысандарына талдау жасау;
- несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелерімен және даму перспективаларымен танысу.
Курстық жұмыс құрамы 3 тараудан тұрады. Оның ішінде 24 кесте және 6 сурет келтірілген.
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1. 1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі
Несиенің қайтарымдылығы несие қатынастарын басқа экономикалық қатынастардан ажырататын, тәжірибеде белгілі бір механизмде көрініс табатын, негіз қалаушы қасиетін ұсынады. Бұл механизм, бір жағынан, несиенің қайтарымды қозғалысының негізіндегі экономикалық процестерге, ал екінші жағынан - несиелік мәміледен шығатын, қарыз алушы мен несие беруші арасындағы құқықтық қатынастарға негізделеді.
Несие қайтарымдылығының экономикалық негізін, қайта өндіріс процесіне қатысушылардың қор айнылымдары және ауыспалы айналымдары, сонымен қатар несиенің іске асыру заңдылықтары құрайды. Дегенмен, несие қайтарудың объективті экономикалық негіздің болуы, осы процестің автоматизмін білдірмейді. Тек қана несие құнының қозғалысын мақсатты бағытталған басқару арқылы ғана оның сақталуын, қайтарылатын құндылықтың және қарызға берілетінін эквиваленттігін қамтамасыз етеді.
Несие мәмілесіне екі субъект - несие беруші және қарыз алушы қатысатындықтан, несие қайтаруды ұйымдастырудың механизмі олардың әрқайсысының осы процестегі орнын есепке алып отырады.
Несие беруші, несиені ұсынғанда, өзінің мүддесін қорғауға тырысады да, несиелік процестің ұйымдастырушысы болады. Объективті экономикалық негізге сүйене отырып, несие беруші қарызға берілген құнның толық және уақытылы қайтарылуына алғышарттардың құрылуына мүмкіндік беретін, қарыз қаражаттарды салу сфераларын, несиенің сандық параметрлерін, оны өтеу әдістерін, несие мәмілесінің шарттарын таңдайды. Дегенмен, аталған құнның кері қозғалысы өзінің айналымында қолданатын қарыз алушының несие қабілеттігіне, ақша нарығының экономикалық конъюнктурасына байланысты болады.
Несие мәмілесі несие алушының тиісті борышты қайтару міндеттеменің туындауын білдіреді. Экономикада инфляциялық процестердің туындауы берілген несие сомасының құнсыздануына, ал қарыз алушының қаржы жағдайының әлсіреуі - несие қайтару мерзімінің бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан банктердің халықаралық тәжірибелері несие қайтаруын ұйымдастыру механизмін әзірледі. Оған кіретіні:
- ақшалай түсім есебінен нақты несиені өтеу тәртібі;
- несиелік келісім-шартта өтеу тәртібін заңды тіркеу;
- несие құнының кері қозғалысының толық және уақытылы қамтамасыз етудің алуан түрлі нысандарын қолдану.
Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысаны деп, бар борышты өтеудің нақты көзі, несие берушінің оны пайдалану құқығын заңды тіркеуі, берілген көздің тиімділігі мен жеткіліктігіне банктің бақылауды ұйымдастыруын атаймыз /4, 337-338 б. /.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кездегі экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді /5, 155 б. /.
Қазіргі уақытта несие операциялары тәуекел дәрежесі жоғары болатын банктік операцияларға жатады. Бұл несиелендіру процесінің ерекшелігіне байланысты болып келеді. Несиелендіру кезінде тәуекел дәрежесіне әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет, тәуекелдің мәнін және мүмкін болатын залалдардың мөлшерін теңдестіру және анықтау өте маңызды болып келеді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында банк ешкімге, ешқашанда несие бермейді, егер оның мезгілінде қайтарылуына сенімі болмаса (несие қайтарымдылығының қағидасы) . Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы бұрынғыдан да қатаң түрде қолданылып жүр. Қазір банктен несие алу үшін бұрынғыдай, жеткілікті сомада тауарлы-материалды құндылықтардың барлығын және оларды өндіріс процесінен өткізгеннен кейін, несиені қайтаруға толық мүмкіншілік туатынын дәлелдейтін мәліметтер беру жеткіліксіз. Банктер қамтамасыз етудің басқа (нысандарын) тәсілдерін талап етеді /6, 67 б. /.
Ағылшын-американдық мектеп банкирлерінің пікірінше, егер қарыз алушы өз міндеттемелері бойынша жауап бермесе, несие берушіні екі немесе үш «белбеу» қорғайды.
«Бірінші белбеу» - бұл қолма-қол ақшалардың ағымы, табыс - қарыз алушының несиені өтеудің басты көзі.
«Екінші белбеу» - бұл несие өтелуін қамтамасыз ететін, қарыз алушы ұсынатын активтері.
«Үшінші белбеу» несиені қамтамасыз ету негізінде заңды және жеке тұлғалар ұсынатын кепілдіктермен байланысты болады /7, 99 б. /.
Банктік несиені қамтамасыз етудің нысандарын А-қосымшадан көруге болады /8, 205 б. /.
Жоғарыда көрсетілген несиенің қайтаруын қамтамасыз ету нысандары, міндеттеме бойынша жауап беру мерзімі келгенде, қарыз алушыда қаражаттардың болмай қалу жағдайында, заңды күші бар және несие берушінің артынан несиені өтеудің нақты бір көзін бекітетін, арнайы құжаттармен ресімделеді /9, 175 б. /.
Жалпы алғанда, несие ұсынуына байланысты мүмкін болатын залалдардан несие берушіні қорғауына қатысты мәселелерді қарастырғанда, істің заңды жағына көңіл бөлу өте маңызды болып келеді. Несиелік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін жақтар жазбаша нысанда қосымша келісімдерді жасасуы мүмкін. Оларда қарыз алушының немесе үшінші тұлғаның несиелік мәміле бойынша толық немесе ішінара атқарылмауынан міндеттемелердің орындалуын міндеттейтін қосымша міндеттемелері тіркелінген. Олардың жалпы мағынасы - қарыз алушыларды міндеттемелерді орындауға бағындыру болып табылады /10, 205 б. /.
Қамтамасыз ету нысандарының әрқайсысының мақсаты, қарыз алушыны өзіндік қаражаттардың болмауы кезінде басқа қаржы көздерімен (кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен табыс, кепілгерлер мен кепіл болушылардың қаражаттары, сақтандыру қоғамдары, т. б. ) несие міндеттемелері бойынша жауап беруді талап ету болып табылады /11, 317 б. /.
Егер де ақшалай түсім есебінен несиені өтеу механизмі және оның несиелік келісім-шарттарда тіркелуі, несие қайтаруының негізгі алғышарты болса, онда қайтарудың қамтамасыз ету нысандарын анықтау осы қайтарудың кепілдігін білдіреді. Осындай кепілдік тәуекел дәрежесі жоғары болған жағдайда қажет /4, 337-339 б. /.
Несиені өтеу көздерін бастапқы және қайталама деп екіге бөлуге болады.
Бастапқы көзі - бұл қарыз алушының табысы (заңды тұлға үшін - өнімді өткізуден түскен қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда болатын ақшалай түсім, ал жеке тұлға үшін - еңбек ақы немесе басқа да табысы) /12, 185 б. /.
Шет елдегі банкирлер несие мәмілесін жасасу мүмкіндігін қарастырғанда, өздерінің «алтын» ережесі деп, алдымен бастапқы көзге бағытталуын санайды. Сондықтан несие өтінімін қарастырған жағдайда, клиенттің ақша ағымдарына, саланың даму перспективаларына және осы клиенттің іскерлігіне, клиенттің жабдықтаушылармен және сатып алушылармен қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді. Егер де банкте несие алушының ақшалай түсімдеріне қатысты күмән туындаса, онда несие мәмілесі орындалмауы да мүмкін.
Несие қайтарымдылығының нақты кепілдігі болып, қаржы жағдайы тұрақты болатын кәсіпорындардың ақшалай түсімдері табылады. Олардың қатарына табыстылықтың деңгейі жоғары болатын және өзіндік капиталмен жоғары қамсыздандырылған кәсіпорындар жатқызылады. Осындай кәсіпорындарда ақша қаражаттарының жүйелі түрде түсімімен қатар, таза табысты қалыптастырудағы ақша қаражаттарының өсімі және өзіндік капиталдың толтырылуын байқауға болады.
Банктің қаржы жағдайы тұрақты, бірінші сыныпты клиенттер болып табылатын кәсіпорындар үшін келіп түсетін ақшалай түсім есебінен несиелік келісім-шарттарда несие өтелуін заңды тіркеу тиісті мөлшерде жеткілікті болады. Осы жағдайда банк пен қарыз алушы арасында белгілі бір қосымша кепілдіктерді көрсетпей-ақ, несие өтелуінің өз міндеттемелерін орындауды білдіретін сенімді қарым-қатынастар туындайды.
Көбінесе тәжірибеде келесі жағдай қалыптасады. Ақшалай түсімнің уақытында келіп түспесе, белгілі бір тәуекел туындайды. Тәуекел факторлары өндіріс процесімен немесе құндылықтарды өткізумен, сонымен қатар сатып алушылармен есеп айырысу қалпымен, нарық конъюнктурасының өзгеруімен, маусымды ауытқулармен, т. б. байланысты болуы мүмкін.
Осы барлық жағдайларда да несие қайтаруының қосымша кепілдігіне ие болу қажет, ал ол қайталама көздерді іздестіруді талап етеді /4, 338-339 б. /.
Қайталама көзі деп, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен ақшалай түсімдерін, мүлік пен құқық кепілін, кепілдік пен кепіл болушылықты, сақтандыруды, цессияны атаймыз /13, 210 б. /.
Банктердің несиені өтеудің бастапқы және қайталама көздерін қолданудың тәртіптері әртүрлі болады. Қарыз алушының табысы есебінен несиені өтеу несиелік келісім-шартпен, жедел міндеттемемен немесе тиісті қаражаттарды аудару тапсырмасымен реттелінеді. Осы жағдайда несие төлем мерзімі келген күні немесе басқа бір анықталған период ішінде өтеледі. Несиені қолма-қол ақшамен өтегенде, клиент тиісті мерзімде банктің кассасына ақша салады. Осылайша, осы жағдайда несие келісім-шартының шарттарына сәйкес, клиенттің банк алдында өзінің төлем міндеттемелерін орындаудың ерікті нысаны көрініс табады.
Дегенмен, бірінші сыныпты қарыз алушылар және несиелендіру үлкен немесе кіші тәуекелмен байланысты болады. Барлық жағдайларда да несие қайтаруының қосымша кепілдіктерін иелену қажеттілігі туындайды, демек несие қайтарымдылығын қамтамасыз ететін қайталама көздерге бағытталады. Несиені қайталама көздер есебінен өтеуі банктің, өзіне тиесілі ақша қаражаттарын өндіріп алудың, мәжбүрлі нысанын қолданатынын білдіреді.
Қайталама көздерін пайдалану механизмі, сонымен қатар құқықтық қамтамасыз етуді иеленеді, бірақ та ол еңбекті көп қажет ететін және ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Сондықтан да, осы мәселені шешкен кезде, несиені өтеудің бірінші көзіне - табысқа мұқият талдау жасау өте маңызды болып келеді. Егер несиені өтеудің негізгі көзі ретінде ұсынылған табыстың нақты пайдалануына қатысты күмән туындаса, онда несиені беруден бас тарту қажет, себебі қайталама көздер бастапқы көзін қуаттайды, бірақ оны ауыстырмайды /12, 185-186 б. /.
Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметтері туралы» Заңына сәйкес, несие қайтарымдылығы айып төлеу, кепiл, кепілдік, кепіл болушылық, басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Егер де клиенттің несие қабілеттілігі мен сенімділігі жоғары болатын болса, банк несиені қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ беру туралы шешімді қабылдай алады /14, 33 б. /. Айтып кететін жағдай, қамтамасыз ету - бұл тек қана қосымша кепілдік және банктің қарыз алушымен несиені өтей алмау тәуекелінен қорғайтын соңғы қорғаныс сызығы.
Айып төлеу - бұл борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес /15, 137 б. /. Қазіргі уақытта кепіл, кепіл болушылық, банктік кепілдік сияқты қамтамасыз етудің тәсілдері ең сенімді болып саналады /6, 67 б. /.
Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының тиімділігі, құқықтық механизмнің пәрменділігіне, тиісті құжаттардың құқықтық және экономикалық мазмұнының сауаттылығына, төлем міндеттемелері бар кепілдік берушілердің іскерлік этика нормаларын сақталуына тәуелді болады.
Қазіргі уақытта несиені уақытылы қайтарылуының кепілдіктер жүйесінің құру банктер үшін ерекше өзекті мәселеге айналды, бұл әртүрлі меншік нысанында пайда болған кәсіпорындардың дамуына байланысты болады. Олардың несие қабілеттіктерін бағалау көптеген жағдайда қиынға түседі, сондықтан да кәсіпорындармен несие байланыстарын құрудың маңызды шарттарының бірі, несиелердің қайтарылуын қамтамасыз етудің қосымша нысандарын пайдалану болып табылады /9, 174 б. /.
1. 2 Несие қайтарылуын қамтамасыз етудің шетел тәжірибесі
Әлемдік банктік тәжірибеде кепілдіктің бірнеше түрлері бар. Олар бір-бірінен кепілді міндеттемесінің субъектісі, кепілдікті ресімдеу тізбесі, төлемді кепілдендіру үшін қолданылатын қаражаттар көзі бойынша ажыратылады /9, 186 б. /.
АҚШ-та ұзақ мерзім аралығында қарыз алушы-кәсіпорындар несиені алар алдында банкте белгілі бір мөлшерде депозитті қалыптастыруға міндетті болды. Көбінесе «10 + 10» принципі қолданылды. Бұл дегеніміз, несие алушы несиені алғанға дейін рұқсат етілген соманың 10%-на тең мөлшерде депозит қалыптастыруға, ал екінші 10%-ды несиені алғаннан кейін депозиттік шотқа салынуға тиісті болды. Осылайша, несиенің уақытында қайтарылуының кепілдігі ретінде алынған несиенің 20%-на тең, қарыз алушы-кәсіпорынның депозиті болды. Дегенмен, осы жағдайда кепілдік несие берушілердің мүдделерін тек қана жартылай қорғауға мүмкіндік береді. Осындай тәжірибені біздің елімізде де қолдануға болады, егер банктен, несие алған клиентке осы банкте өзінің есептік немесе депозиттік шотында уақытша бос ақша қаражаттарын ұстау деген міндеттемені жүктесек /4, 354 б. /.
Кепілдіктерді қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорындар да бере алады, егер де қарыз алушы-кәсіпорынның жүйелі өндірістік байланыстары бар болса (мысалы, беілген кәсіпорынның мердігері немесе сатып алушысы) . Дегенмен, осы жағдайда кепілдік беруші-кәсіпорынның төлемқабілеттігі туралы ақпараты болуы тиіс. Егер аталған кәсіпорын қарыз алушымен бірге бір банкте қызмет алатын болса, ондай мәселе оңай шешіледі. Егер кепілдік беруші басқа банкте қызмет алатын болса, қиынырақ болады. Сондықтан елдегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың төлемқабілеттігі туралы ақпараты бар бірыңғай орталықтың болуы өте маңызды болады /9, 187 б. /.
АҚШ-та мақсатты қорлары бар, арнайы үкіметтік ұйымдар да кепілдіктерді ұсынай алады. Осындай ұйымның бірі, Ұсақ кәсіпорындардың істер Әкімшілігі, оның дамудың мақсатты бағдарламасы бар. Берілген кәсіпорындарға берілетін несиелердің 90%-ы осы әкімшіліктің кепілдігіне беріледі. Сонымен қатар, несие үшін жеңілдік төлемі алынады, әсіресе, кепілдіксіз берілетін несиелерге қарағанда пайыз мөлшерлемесі 1-1. 5%-ға төмен болады /4, 354 б. /. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын іске асыруына байланысты бұл тәжірибе біздің банктеріміз үшін өте өзекті болып табылады /9, 187-188 б. /.
Кепілдіктерді банктер де бере алады. Банк кепілдіктер бойынша үш түрлі тәсілмен жұмыс істей алады: береді, алады және қабылдайды. Соңғы екі әдіс кеңінен қолданылады: банк басқа банктерге кепілдік үшін арызданса (бұл көбінесе - сыртқы нарықтарда клиенттік немесе өзіндік операцияларды жүргізгенде қолданылады) ; банк клиенттен басқа банк берген кепілдікті талап еткенде. Дегенмен, клиенттерге қызмет, банк кепілдікті бергенде немесе басқа банктерден олар үшін сұраған жағдайда орын алады.
Банктік кепілдікке деген сұраныстың жоғары болу себептері: олардың жоғары сенімділігі мен жедел өткізу мүмкіндігі (тәжірибе көрсеткендей, бенефициардың талабы 3-5 жұмыс күн ішінде қанағаттандырылатынын көрсетеді) . Банк жағынан, банктік кепілдіктің тиімділігі боп, оны бере отырып, несиелік операцияларға тән емес, банк өзінің айналысынан ақша қаражаттарын шығармайды. Сонымен қатар, кепілдік бойынша тәуекел несие тәуекеліне теңесетіндіктен, банк осындай қызмет үшін кепілдік алушы ұсынатын қамтамасыз етуді есепке алып, белгілі бір комиссиондық ақы алады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, банктер кепілдіктерді, көбінесе, тиісті қамтамасыз ету негізінде береді. Ірі, тұрақты клиенттер үшін банкке кепілгерге салынған шығындардың регрессіз тәртіпте, акцептсіз принципалдың шотынан тиісті ақша қаражаттарды шегеріп алуға құқық беретін, бас сенімхат болуы мүмкін. Басқа клиенттерден қамтамасыз ету негізінде өтімділігі жоғары болатын бағалы қағаздарды кепілзатқа алуы да мүмкін, олармен тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алғанын ресімдеумен несиелік келісімге қол қойылуы мүмкін.
Банктің кепілдікпен жұмыс істеу тәртібі келесі түрде жүзеге асырылады. Қарыз алушы кепілгер-банкке кепілдік алдындағы хатты жібереді, онда кепілгер-банк берілген қарыз алушының несие қайтаруын қамтамасыз етуге өз келісімін береді. Егер несие комитеті (кепілдікті қабылдау туралы шешім тек қана осы деңгейде қабылданады) ұсынылатын кепілдікті қабылдауға рұқсат берсе, онда келесі құжаттарға сұраныс жасалады: кепілдіктің данасы, банк лицензиясының көшірмесі, оның балансы мен аудиторлық шешімнің көшірмесі. Кепілгер-банк үшін бос лимит сомасы, көбінесе, кепілгер-банк үшін лимиттің жалпы сомасы мен берілген банк алдындағы міндеттемелер сомасының айырмасы негізінде анықталады.
Кепілдік күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді: арнаулы кепілдіктер (серіктестіктердің бөлек мүшелерінің кепілдіктері), жеке (жеке тұлғаларды несиелеу барысындағы кепілдіктер), корпоративті (басты компанияның оның филиалдарына қатысты кепілдіктері) және мемлекеттік (үкіметтік мекемелердің фирмаларға банктік несиелері бойынша) . Бұл аталған кепілдіктер дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілдіктеріне банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда /5, 157 б. /.
Сонымен қатар шектелмеген, яғни банк қарыздарының барлық түрлерінің орнын толтыратын кепілдік, және шектелген, яғни борыштың тек қана белгілі бір бөлігіне қатысты болатын кепілдік /11, 187-190 б. /.
Жедел қайтарымсыз деп, кепілдік беруші біржақты тәртіпте, яғни несие берушінің рұқсатынсыз, өзіне жүктеген міндеттемелерден бас тартуы мүмкін емес. Тәжірибеде қайтарымды кепілдіктер де қолданылады, бірақ та несие берушнің жағымсыз әсерінің пайда болуына мүмкіндік береді және банктік кепілдік табиғатына сай келмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz