Сөйлеу әрекеті кезеңі


Мазмұны
Кіріспе . . .
I Бастауыш сынып оқушыларының ес процесінің ғылыми-теориялық сипаттамасы
1. 1 Ес процесінің бастауыш сынып оқушыларында алатын орны . . .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының ес процесі дамуының
психологиялық ерекшеліктерінің маңызы . . .
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау . . .
Қорытынды . . .
Қосымша әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зертттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп көрсеткеніндей, қазіргі қоғамның талабына сай келетін жеке тұлғаны тәрбиелеуіміз қажет. [ 1]
Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси - әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар білім саласындағы басты мәселе - келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу. Осыған орай тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі, әл - ауқатының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы. Қоғамның барлық салаларында, соның ішінде білім бері саласы тәрбие жүесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға жол ашты. [2; - 65] .
Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру үшін еңбек ету - мұғалімдер қауымына қомақты мақсат жүктеп отыр. Осыған байланысты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деген. Сонымен қатар елбасы ұсынған «Қазақстан-2030» Жолдауында негізгі бағыттарының бірі ретінде білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар құралатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты Қазақстандықтардың жаңа азаматын тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған. [3] .
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой - өрісі жоғары дамыған. Халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу - мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Сондықтан интеллектуалды ірі мемлекеттік позицияны сақтап қалу, тіпті ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық басымдылықтың бір шешімі мектеп ісінің сапасына байланысты екендігі белгілі.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рөлді ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Бастауыш сынып оқушыларының дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту праграммасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Психологияда ес пен қиял мәселесіне қызығушылықты арттыруда ес пен қиял әрекетінің барлық компоненттері екенін қарастыру мәселесі туындап отыр. Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін әр-қилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды.
Сондықтан зерттеу тақырыбым «Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау» - деп таңдалып алынды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ес процесінің дамуын, қасиеттерін зерттеу және түрлі әдістемелер көмегімен ерекшелігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының
жеке дара ерекшеліктері мен қасиеттерінің қызметтерін зерттеу.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы А. Гайдар атындағы № 35 орта мектеп.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ес процесі.
Зерттеу болжамы: Егер ес процесіне арналған тапсырмалар баланың жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылса, әдістемелер жинақталған болса, онда мұғалім әр баланың есте сақтау қабілеттілік деңгейін ескере отырып, қиялының ұшқырлығын жетілдіруге болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының ес процесі мәселесі туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік жалпы әдебиеттерге шолу.
2. Бастауыш сынып оқушыларының ес процесі психологиялық мазмұнын талдауға арналған материалдарды қазақ тіліне бейімдеу.
3. Ес процесін тәжірибе жүзінде зерттеуге арналған арнайы әдістемелерді жүргізу.
4. Психодиагностикалық мәліметтерді қорытындылау.
5. Ес процесі қасиеттерінің түріне байланысты қалыптастырып дамыту жаттығуларын ұсыну.
Зерттеудің әдістері: Бақылау, тренинг, психодиагностикалық әдістерді қолдану.
Зерттеу жұмысының теориялық әдіснамалық негізі бастауыш сынып оқушыларының ес процестерін қарастырған А. Н. Леонтьевтің ғылыми еңбектері болып табылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Әлемдік психология тарихындағы ойшылдардың еңбектеріне сүйену бойынша ес процесінің маңызы бағамдалып, зерделеуші ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып талданды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, теориялық бөлім, тәжірибелік бөлім және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Бастауыш сынып оқушыларының ес процесінің ғылыми-теориялық сипаттамасы
1. 1 Ес процесінің бастауыш сынып оқушыларында алатын орны
Ес - бұл есте қалдыру, сақтау және кейін адамның тәжірбиесінде қайта жаңғырту 6 жасар балада бұл процесс қалай дамыған? Балада саналы түрде қойылған мақсат болмайтын естің еріксіз түрі болады. Психологтар «Бала есі - оның қызығушылығы» - деді. Бала шынында да оның тікелей қызығушылығын тудыратын, оны өзінің ашықтығымен, ерекшелігімен еліктіретін нәрсені жеңіл әрі ұзақ уақытқа сақтайды; ол немен белсенді әрекет етсе, соны (ойнаған, құрастырған, жинаған т. б. ) есте жақсы сақатйды. Сондай-ақ сөз де маңызды рөл атқаорады. Егер бала кездескен заттар болса, онда ол соларды өте жақсы есте сақтайды.
Еріксіз есте сақтауды зерттеген психолог П. И. Зинченко еріксіз есте сақтаудың өнімділігін егер балаға ұсынылатын тапсырман жай енжар қабылдауды емес, материалды белсенді бағдарды, ойлау операцияларын
орындауды болжаған жағдайда көбейтіндігін анықтаған (мысалы, сөздерді ойлап табу, нақты байланысты орнату т. б. )
Ерікті есте калдырудың мектеп оқушыларының оқу жұмысында орны ерекше. Ол мұғалімнің тапсырмасы арқылы материалды есінде сақтайды. Жоғары сынып оқушыларына есте сақтаудың ерекше тиімді құралдары мен тәсілдерін іздену тән болып табылады. [5, 218б]
Баланың есі туғаннан былай қарай дами бастайды. Мәселен, төрт-бес айлық бала стақандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын күйдіріп алған. Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бұл -балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін байқатады. Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі. Бір жасар бала көрген нәрсесін бір-екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Үш-төрт жасар баланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік - жаттайтын материалдың сыртқы түрлеріне көңіл бөлетіндігі, есінің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Төрт жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. [6, 388б]
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең төменгі сынып оқушыларында анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларына тән. Бастауыш сынып оқушыларының есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Бастауыш сынып оқушыларының ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі - ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. [7, 210б]
Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнін алдында және мектепке дейінгі кезенде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болаты. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тыңдай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып қана қоймайды. Олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте қалдыра отырып, әртүрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады. [5, 217б]
Есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары естияр шақта қалыптаса бастайды. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының рөлін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. [7, 210б]
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле ұстайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірбиесінің нәтижесінде пайда болады. Мұнда бала егер өзі есте сақтауға тырыспаса, кейін одан күтіп отырған нәрсені елестете алмайтынын ұғына бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларының әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жаңғырту, ойынның, суреттің т. б. ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, осылардың арқасында еркін, алдын ала ойластырылған сипатқа ие болады.
Есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын ие болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Ақырында балалар есте сақтаудың арнайы іс-әрекеттерінің қажеттілігін ұғына бастайды, бұл іс-әрекеттер де қосымша әдістерді пайдалана білуді игереді.
Ықтиярлы есте сақтауды меңгерудегі айтарлықтай жетістіктере қарамастан тіпті бастауыш сыныптың соңында да естің үстем түрі болып ықтиярсыз ес қалып отырады. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруге балалар біршама сирек жағдайларда ғана, өз іс-әрекеттерінде тиісті міндеттер пайда болғанда немесе үлкендердің талабына сәйкес бет бұрады.
Белгілі бір материал төңірегіндегі баланың белсенді ақыл-ой қызметімен
байланысты ықтиярсыз есте сақтау бастауыш сыныптың аяғына дейін сол материалды ықтиярлы есте сақтауға қарағанда, жемістірек болып қала береді. Мысалы, бейнеленген заттардың топтарына (бақша үшін, ас үй үшін т. б. ) есте сақтау мақсатынсыз-ақ картинкаларды әр орынға қойып шыққанда; оларды балалар естерінде жақсы сақтады, ал суреттерді есте сақтау мақсатымен қараған балалар мұндай нәтижеге жете алмады. Сонымен қабылдау мен бірқатар белсенді іс-әpекеттерін орындаумен байланыспаған ықтиярсыз есте сақтау (мысалы, қараған картиналарды есте сақтау) ықтиярлы есте сақтау секілді онша жемісті болып шықпайды. [7, 211б]
Бастауыш сынып оқушыларының кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. Өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдында қайтадан көріп тұрғандай болады және бәрін сипаттап бере алады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.
Баланың ерікті және еріксіз есі.
Баланың ес механизмі еріксіз есте сақтаумен жеткілікті болмайды. Психикада өмірдің бұл кезеңінде маңызды жаңа құрылымы көрінеді - балалар өзіндік мнемикалық іс-әрекетті иемденеді, оларды ерікті ес пайда болады.
3-7 жастағы балалрдың есін зерттеген З. М. Истомина дамудың 3 мнемикалық деңгейін анықтаған. Бірінші деңгей үшін мақсаттың мүшеленуінің сақтау немесе еске түсіру болмауы сипатына ие; екінші деңгей үшін - берілген мақсаттың болуы, бірақ оны жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір тәсілдердің қолданылмауы, үшінші деңгей үшін - мақсаттың болуы есте сақтау немесе еске түсіру және оны жүзеге асыру үшін мнемикалық әдістерді қолдану
6 жасар балада ес дамуының екінші және үшінші деңгейге жетеді, олар ес дамуының 3-ші деңгейі тобына жататын балалрға қараған көпшілігін құрайды.
Сонымен бала мнемикалық мақсатты жақсы ажырата алады. Бұл баланың одан белсенді есте сақтау мен қалдыруды талап ететін жағдайда болады. Бірақ мұндай жағдайдың біреуі жеткіліксіз.
Есте сақтау бір нәрсемен мотивтелген болуы қажет, ал мнемикалық іс-әрекеттің өзі бала үшін нәтижелі жетістікке жеткізуі қажет. Экспениментальды жолмен баламен орындалатын іс-әрекет сипатынан мнемикалық мақсаттың мүшеленуіне байланысы анықталды. Есте сақтау мен есте қалдырудың құрылымы мен мнемикалық мақсатты сезіну үшін жағымды жағдайлар баланың ойын іс-әрекетінде үлкендер берген тапсырмасын орындауы тиіс өмірлік жағдайларда пайда болады.
Баланың ерікті ес дамуының маңызды көрсеткіші тек оның өзі
алдына мнемикалық міндетті өзбетінше қоя білу немесе қабылдай алу емес, сондай-ақ оның орындалуына бақылау жасауы, яғни өзіндік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Өзіндік бақылаудың психолгиялық мәні адамның арақатынасты білу қабілеті, қандай да бір іс-әрекетті орындау поцесінде өз уақытысында қателіктерді түзету және болашақта оны болдырмау мақсатымен салыстыра білуден тұрады. Н. М. Гнедова зерттеулерінде балалардың өзіндік бақылаудың бірнеше деңгейін, өзіндік есеп беру толықтығына байланысты анықталады.
Бастауыш сынып оқушыларының елестерін дамытып отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс. [№12, 141-143б]
Қызығы, бақылау тобында мнемикалық қабылдауға үйретпеді, ал балалар өз бетінше әр сөзге оны жақсы есте сақтау үшін, сурет таңдауға тырысты, нәтиже біршама төмен болды.
Арнайы оқыту нәтижесінде балалар логикалық есте сақтаудың мағыналық арақатынас және мағыналық топтама сияқты қабылдауларын толығымен меңгере алды және оларды мнемикалық мақсатта табысты қолдагды.
Мұндай үйретуді 2 кезеңде жүзеге асыруға болады: біріншісінде мағыналық арақатынасты құру және ақыл-ойдың әрекет ретінде мағыналық топтаманы жүргізу, екіншісінде - бұл әрекеттерді мнемикалық іс-әрекет барысында қолдана білу құрылады.
Мнемикалық әрекетке үйрету барысында табыс жүктемесі, егер оның құрылымы П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін әр кезең бойынша құру теорияларымен сәйкес жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай жұмыстың негізгі кезеңдері: практикалық әрекет кезеңі. Мұнда балалар материалды-практикалық әрекетті қолданады - суреттерді топ бойынша қойып шығуға үйренеді.
Сөйлеу әрекеті кезеңі. Бала суреттермен алдын ала танысқаннан кейін оның қандай топқа жататынын айтуы қажет.
Ықтиярлы, естің дамуы да зейін мен қиялдың ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы процестің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыстарын, бейнелер мен көңіл-күйлерін ойда сақтап қажет кезінде қайта жаңғыртуы ес деп аталады. Басқаша айтқанда, естің арқасында адам қазір оған әсер етпейтің одан алдын қабылдаған көріністерді бейнелей алады.
Естің материялды негізі болып бас ми қабықшасындағы жүйкелердің уақытша байланысы саналады. Бұл жүйкелік байланыстар адамның жүйке жүйесіне қандайда бір тітіркендіргіш (сыртқа немесе ішкі) әрекеттер кезінде пайда болады.
Естің физиологиялық аймағында жүргізетін зерттеулер оның механизімінің өте күрделі екендігін көрсетеді. Ойда сақталған және келесілерді жаңғырту жүйке жүйесінің ерекше құрылымымен шартталған - ырғақтылығымен, яғни жүйке жүйесінде ақуыз бен рибонуклейн қышқылының (РНК) байланысы қамтамасыз етіледі.
Тәжірбиенің сақталуы, сонымен қоса туа пайда болған тәжірибе (инстинкт), зерттеушілер сенімді түрде оны жүйке жүйесінің
биохимиялық құрылымы мен функциясымен байланыстырады. Онда өткен ұрпақ пен әрбір организмнің индивидуальды тәжірбиесі кодталған секілді. Ес қызметіндегі ассоциацияның райы ежелгі грек философы Аристотельмен көрсетілген, дегенімен ол бұл сөздің астарында адамның өзінен құрастырылған субъективті байланыстарды түсінген, яғни қоршаған орта.
Әр адам есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Коөру есіне бейім адам көргенің ұзақ уакыт бойы есінде сақтай алады. [9, 183б]
Бас ми қабықшасындағы бұрын қалыптасқан ассоциативті жүйелерді бұрын алған әсерлерді есте қайта құру (яғни жаңғырту), қайта жаңғырту белгілі таныс заттар немесе көріністердің қайта әсер етуі кезінде пайда болуы мүмкін.
Жаңа мазмұнды қабылдау негізінде бұрын сақталған әсерлердің тірілуі мүмкін, яғни бұрын қабылдаған мен қайта жаңғыртудың ассоциациясы бойынша бұрын ұмыт болған жағдай, түрлер, бейнелердің орны зор. Жүйкенің уақытша байланысты әртүрлі ми жасушалары жүйелері арасында дайындық құрады.
Сөз арнайы тітіркендіргіш болып табылуымен адаммен қабылданатын заттармен (әрекет немесе белгімен) органикалық бірге, бас ми қабықшасындағы жүйкелік байланыстардың қалыптасуы тек бірінші сигналдық жүйенің ғана емес, сонымен бірге екінші сигналдық ассоциацияны қосады.
Отандық психологтардың зерттеуі адам есінің функциясы мен табиғатты түсінуге мағыналық үлес қосты. А. Н. Леонтьев, А. А. Смирнов, П. И. Зинченко, З. М. Истомина, М. Н. Шардаковтың жұмыстары көрсеткендей әсер алу, яғни естің алғашқы акті. Есте сақтау белсенді адам іс-әрекеттерінің нәтижесі . Іс-әрекеттің ерекшелігі мен бағыттылығы материялды жақсы есте сақтауды қамтамасыз етеді.
«Нысана енжар қабылдаудың объектісі емес, субъектінің іс-әрекет пәні болғанда есте сақталады. Адам алдына ешбір мақсат қоймай, оның материалға іс-әрекетінің бағыттылығы кезінде еріксіз ес пайда болады. Субъективті фактор ес қызметіне мағыналық әсер етеді. Адамның қызығушылығы, оның эмоциалды жағдайы, жауапкершілік сезімі, дайындығы, ұзақ есте сақтауға бекітілімділігін естің сапалық, көлемі мен бағыттылығын тез арада өзгертеді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz