Батик өнері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
(. Негізгі бөлім
1.1.Батик өнерінің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
1.2.Батик өнерінің эстетикалық тәрбиедегі мәңі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиеге
баулу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..13
((. Практикалық бөлім.
2.1.Батиктің орындалу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18
2.2. Батикке қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар
түрлері ... ... ... ... ... 26
(((.Әдістемелік бөлім
3.1. Эстетикалық тәрбиенің негізіндегі әдіс тәсілдерді
қолдану ... ... ... ... ... ..30
3.2.Бастауыш сыныптарына өнер арқылы эстетикалық тәрбие берудін
тәжірбиелік
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..32

Сабақ жоспарлары

Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .39

Кіріспе.

Менің курстық жұмысымының тақырыбы: Батик өнері арқылы балаларға
эстетикалық тәрбие беру. Батик өнері сәндік қолданбалы өнерінің бір түрі
болғандықтан, ең алдымен сәндік қолданбалы өнерге тоқталып кетсек.
Бейнелеу өнері – ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген.
Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және
сәндік қолданбалы өнер.
Сәндік қолданбалы өнер деп эстетикалық салаларға ие практикалық
пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан сәулет
өнеріне жақын: онда пайда мен әсемдік бірлесіп жатады.
Ертеректе осы өнерлердің бәрін белгілеу үшін пластикалық өнер,
сымбатты өнер терминдері қолданылды, бірақ бұл да онша айқын, дәл болмай
шықты. Ақыры аяғында бейнелеу өнері терминіне тоқталды, біз де осы
терминді пайдаланамыз.
Осы өнер өз атауын ((((((((( ғасырларда француз тілінен аударғанда
декор (сәнділеу сөзі.
Сәндік қолданбалы өнер халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Мұндай
өнер туындыларына жиһаздар, кілемдер, ыдыс-аяқтар, үй іші тұрмысында
қолданылатын тұрмыстық заттар мен ойыншықтар жатады.
Сәндік қолданбалы өнер ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені
білдіреді. Жалпы мысалға сәндік қолданбалы өнер туындысын алсақ, онда
бейнелетін зат, құбылыс т.б шынайы өмірден бөлек болып келеді. Ондағы бейне
мен түс символикалық мағынасы болады. Мысалға орыс өнерінде қызыл түс-
өмірді білдіреді, ат-күн белгісі, Мысырда лотос гүлі-сулылықты, мәңгі
өмірді бейнелеген. Ал жалпы алғанда ақ түс-тазалықты, пәктікті көп елдерде
бейнелейді.
Батик техникасы өте ертеден келе жатқан өнер, ұзақ уақыттардың ішінде
оның негізгі принциптері өзгермеді. Бірақ жаңа құрал-жабдықтар пайда болды
және соған байланысты матада сурет салу әдістері жеңілдетілді. Шеберліктің
құпияларын барлығы біле бастады.
Батик алғашында құдайға мінәжат етудегі ретуалды маталарды безендіру
үшін қолданды. Ежелдегі матаға салынатын өрнектердің өзіндік мәңі болған.
Өрнектердің ерекшелігінің мәңі құпия ретінде сақталған және де атадан-
балаға мирас ретінде қалып отырған. Жұмыста тек табиғи маталар қолданылып
отырған. Сурет көк немесе қоңыр тондарда орындалатын, бояғыштар ретінде
ағаш қабығынан, түсті саздардан, шөптерден алынған материалдардан жасаған.
Осы айтылған тәсіл әлі күнгедейін Үндістан мен Индонезияда қолданылады.
Алғашқы европалық батик өндіретін фабрика голландиялық Лейденда 1835 жылы
ашылды. Технологиялық үрдісте баспа штамптарын қоланды, ол арқылы матаға
балауыз жағылды. Осының әсерінен, өндіру процессі арзандады, сонымен қатар
бұйымның шығармашылық құндылығы жоғалған жоқ. Жұмысшыларды үйрету үшін
индонезиялық шеберлерді жалдады. Қазіргі кезде батикті өнер қатарына
кіргізуге болады және оған қызығушылық жыл сайын өсіп келеді.
Матаға сурет салып, өрнек түсіру, яғни батик ең қиын бейнелеу
техникаларының қатарына жатқызылады. Дегенмен де, бастауыш сыныптарда батик
техникасының негізі үйретіліп, жоғары сыныпта күрделене түседі. Бұл
техника басқа әдістермен сурет салғандағы сияқты заңдылықтарын түсінуге, ою-
өрнектердің бай түрін үйлестіруге көп көмегін тигізеді. Матаға өрнек жазу
асқан ептілікті, ұқыптылықты талап етеді.
Жалпы алғанда эстетика -гректің эстетиз сөзінен шыққан ол
сезімдік, сезіммен қабылданатын дарындылық , сезімталдық деген ұғымды
білдіреді. Ол өнердегі, табиғаттағы әсем құбылыстар арқылы тәрбиелеу.Тұңғыш
рет эстетика ғылыми термин реттінде1750 жылы неміс филсофы Александр
Годлиб Баумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданлды,бірақ ғылым
реттінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египетте, Вавилонда, Үнді және
Қытайда пайда болды.
Эстетика жайында неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар
еңбектер бар.Сонда да эстетика ғылымының ерекшеліктері туралы әлі күнге
дейін нақты бір түсінік, анықтама жоқ.
Бейнелеу өнері–эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты
құралы. Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажеті:
- Баланың эстетикалық қабылдауын, сезім мен ұғымын көркемдікті қабылдау
қабілетін үздіксіз дамыту және талғамын қалыптастыру.
- Баланы өмірдің көңілді сәттерін сезе білуге, айналадағы әдеміліктерді
көре білуге, жағымды да сазды әуендерді тыңдай білуге және оларды сүйе
білуге баулу.
Мектеп жасына дейінгі балалар шындықты шынайы, пәк күйінде қабылдайды
және оған барынша сенеді. Олар өте еліктегіш келеді: көргендер мен
байқағандарын ойын барысында бейнелі түрде іске асырады
Түрлі маталармен және көптеген мүмкіндіктері бар бояумен, балауызды
қолдандану батикті тартымды етеді. Матадағы жеңіл қатпарлар от жалының
немесе шөлдегі құмды,мұхиттың толқыны секілді әсер береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Осы техника бойынша материалмен танысу,
сәндік қолданбалы өнер туралы білімімді тереңдету.
Қоршаған ортаның түпнұсқалық мәнін ашу, қоғам мен адамға әсер беруді,
образдарда ең маңыздыны көрсетуге талпыну.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңы (1999( біздің болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу, олардың
дүниетанымын қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты, білімді, өнерлі етіп
тәрбиелеу бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігін заңдылық етіп
берді. Осыған орай, ендігі кезеңде жаңа адамды жан-жақты дамыған, білімді,
өнерлі, еңбексүйгіш өндірістік бағытта тәрбиелеп, білім беру проблемалары
алдымызда тұр.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік –
қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем
өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер
тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Зерттеу жұмысының міндеті: Бейнелеу өнері жанрларын зерттеу арқылы
сурет салу, шығармашылық жұмыстармен айналысуға қоғамға ықпал ете отырып,
эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу.
Балаларды көркемөнерге баулудағы міндет – оларды заттар мен
құбылыстарды жай ғана көшіруге емес, көркем заттар мен құбылыстарды әсерлі
бейнелеуге бағыттау. Әсерлі, көркем бейнелеудің негізгі белгісі – әсерлі
бейнелер жасау. Эстетикалық тәрбиені бала бойына сіңіру.
Зерттеу обьектісі: № 22 білім беретін жалпы орта мектептің 5-9 сынып
оқушылары.
Курс жұмысының құрылымы:
Бөлімімде матаны көркем безендір түрлері мен баспа суреттер айтылады, олар
туралы қысқаша тарихи мағлұмат
Бөлімінде матаны көркем безендіру техникасы туралы сипаттама беріледі,
басында қажетті құралдар мен материалдардың тізімі беріледі кiрiспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша
әдебиеттер және суреттерден тұрады.
Өнер - қоғам танымының түрлерінің бірі. Өнер - негізгі шындықты
көркемдік образда сипаттау. Өнер әлемді танып бағалайды, адамның рухани
бейнесін, сезімі мен ойын, олардың көзқарастарын қалыптастырады, адамды
тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық талабын оятады.

І. Негізгі бөлім.

1.1.Батик өнерінің шығу тарихы.
Батик сөзінің нақты анықтамасы жоқ, сөздің шығуы және мағынасының әр
түрлі тұжырымдар бар.Батик екі сөзден құралған- ba, мата, және tik,
тамшы, яғни тамшымен жазылған мата, матаны көркем жазудың техникалық
ерекшелігін білдіреді. Явалық тілден аударғанда ыстық балауызбен сурет
салуды білдірсе, индонезиялық сөз матадағы балауыз тамшысы деген мағына
білдіреді. Оның шығу тарихы Индонезиядағы Ява аралымен байланыстырылады,
әлі күнге дейін матадан жасалған киімдер қолмен жазылады, ол өте таңымал.
Membatik немесе Аmbatik – cурет салу, тамшылармен жабу, штрихтау деген
мағынаны білдіреді.
Матаға сурет салу - шығармашылық жұмыстардың ең қызықтысы болып келеді.
Бұл жұмыс таңқаларлық, матамен және бұл бағалы матаны сәндеп, көркем
туындыларды жасауға мүмкіндік беретін керемет ашық бояулармен байланысты.
Батик - матада сурет салудың түрлі тәсілдерінің жалпы атауы. Батик
сәнді-қолданбалы өнерге жатады және оның өзіндік тарихы мен стилистикалық
ерекшеліктері бар.
Матаны бояу тәсілі ерте кездегі өркениеттен келе жатқан өнер. Батиктің
Отаны Индонезиядағы Ява аралы деп саналады. Явалықтар батикті (ambatik)
дейді. Ява аралында бүгінгі күнге дейін қолымен сурет салған маталардан
тігілген тігін бұйымдар өте танымал.
Батик өнері, яғни матаны көркемдеу өнері Азия халықтарында баяғыдан
белгілі,Еуропа мен Америкаға ол тек (( ғасырда жетті.Бірақ тез танымал
болды. Жәнеде батик өнерің меңгерген шеберлер пайда болды.
Батик сияқты қиын техника көмегімен суретші қаңық,ашық және нәзік көркем
картиналар жасайды. 
Матаны әсемдеу, яғни көркем безендіру өнері ерте кезден белгілі.
Алғашында матаны жасау барысында ерекше әдіспен тоқылған суреттер пайда
болды. Кейінірек суретші қолымен салынатын болды. Ал содан соң белгі
түсіретін ағаш тақтайшалар(набойка немесе шаблон( ойлап табылды. Осы
тәсілмен матаны безендіру (((((((( ғасырда Ресейде танымал болды.
Матаның суреттінің аумағын боямай оның жан-жағын балауызбен жауып, оны
бояу ертіндісіне малады, кейін оны алып тастайды, сонда боялған фонда ақ
сурет шығады. Матаның безендіру тәсілі Русте, Армения мен Азербайджанда
белгілі болған, Индонезияда ол әлі қолданбалы.
(((( ғасырда Кытай манускриптерінде балауыз көмегімен матаны безендіру
туралы айтады.
(((( ғасырда металлдан жасалған белгі салғыш қолдана бастады. Келесі
қадам-белгі салғыш машиналар шығарылды. Гровер шебердің суретті металл
біліке ойылған. Содан соң оны бояуға малып,матаның бетіне жүргізген. Егер
түрлі-түсті өрнек болса, бірнеше білікті қолданған.
Кейде матаны көркемдеу үшін бір уақытта екі әдіс қолданған-жіптерді
тоқу және өрнек. Қытайдың кэсе осыған жатқызуға болады,мұнда жіптен
тоқылған қылқалам арқылы өрнек жаслып толықтырылған .
Ең көңе (шамамен екі мың жыл( өрнек қытайлық өрнек болып табылады.Мата
өте жақсы сақталған,онда минералды бояғыштар арқылы күңгірт кескіндер
салынған.
Өрнекті, (((( ғасырда ойлап табылған чантинг құралы арқылы жасалған.
Уақыт өте келе батиктің қолмен орындалуы сирек кездеседі. Жіңішке металлдан
жасалған қалып штамп жұмыс барысын жылдамдаты.
(((( ғасырдың аяғында үнді ситцы матасы өзінің әсемділігімен
Еуропаны таңқалдырды. Мұнда қалып арқылы матаға өрнек түсірілді.
Сонымен қатар, (((( ғасырдың аяғында ақ түске түрлі-түсті суреттерді
салу қолданыла бастады. Осы кезде бейне мейлінше күрделеніп,контурлы
суреттер жасалды, өрнекті салуға өсімдік майынан алынған желімдегіш масса
қолданылды.
Үндістанда және Индонезияда өрнек киімді әсемдеу үшін қолданылды.
Жапония мен қытайда өрнекті дәстүрлі интерьерді безендіру үшін қолданды.
Шеберлер көбіне бір түсті қолдана отырып, табиғаттың әсемдігін көрсете
білген. Ондағы ассиметриялық компазиция қайталанбас үйлесімділікті
тудырады.
Қазіргі заманғы қолмен жазу бұрынғы әдістерді негізге ала отырып, жаңа
технологиямен толықтырылған.
Қазіргі кезде батик деп матаны қолымен бояудың барлық түрлерін айтады.
Олар: түйінді батик, суық батик, ыстық батик, еркін бояу, аэрограф
көмегімен орындалған батик және т.б.
Батик – бейнелеу өнерінің көптеген ерекшеліктері мен көркем
тәсілдерінің жиынтығы. Оларға жататын:акварель,пастель,
Қазіргі заманда матаны безендіру тәсілі әр түрлі. Батик бейнелеу
өнерінің көптеген түрлері: акварель, графика, витраж, мозаика, пастельдің
бейнелеу ерекшеліктері мен тәсілдерің өзіне жинақтаған.
Акрилдік бояуларды қолдану батикті анағұрлым қолайлы етіп, осы техникаға
көптеген адамдар назар аудара бастады. Акрилдік бояулар өз бейнелеу
мүмкіншіліктерімен акварелге жақын және оған қоса өте тиімді. Бұл тартымды
техниканы меңгеру үшін, жақсы сурет салуды түрі болғандықтан, оның
таңқаларлық мүмкіндіктеріне жәе көптеген әдіс-тәсілдеріне үйрену керек.
Көптеген адамдар батикті хобби немесе мамандық ретінде тандайды.
Матаға сурет салу-бұл қазіргі интерьерді әрлендірушілерге үлкен
мүмкіндіктер беруде. Батиктің көмегімен өз киіміңізді ғана емес, сонымен
қатар өз үйіңізді және офисыңызды ерекше стильде жабдықтауға мүмкіндік бар.
Қорытындысын алдын ала болжай алмағандықтан батик техникасы өте
қызықты. Сондықтан әрбір бұйым өз түрінде қайталанбас және бірегей. Бұйымды
дәл етіп қайталау немесе көшіру мүмкін емес. Қарама-қарсы және қанық
түстерде батик өте әсерлі болып келеді. Жібектің құрылымы түстерді
жылтыратып көрсетеді.
Батик түрлері:
1.Суық батик
2. Ыстық батик
3.Еркін жазу
4.Түйінделген батик
Суық батик техникасының даму жолы немесе тарихы
Суық батик техникасы Еуропада модерн кезеңінде ойлап табылған. Ол
орындалуының оңайлығымен ерекшеленіп, қазіргі таңда танымал. (( ғасырдың
басында шығыс маталардың пайда болуына байланысты матаға қолмен сурет
салумен айналысу кең өріс алды. Осы кезде батиктің екінші тууы болды.
Балауызбен батик жасаудың классикалық үрдісі еуропалықтарға қиын
болғандықтан, олар жаңа әрі жеңіл матада сурет салудың тәсілдерін ойлап
тапты. Бұл тәсілдерге резерв салынатын суық батик техникасы да жатқызылды.
Ыстық батиккн қарағанда бұл әдіс бояудан кейін резервті кетіруді керек
етпейді және өте жеңіл әрі қауіпсіз. Сол себептен матада бояудың әйгілі
техникасы болып табылады.
1936 жылдан бастап суық батик өндірісте қолданылып келеді. Осы
тәсілмен шарф, ормалдар, галстуктер, көйлекке арналған купондар, интерьер
бұйымдарында: перделер, дастарқандар, майлықтар және абажурлер дайындаған.
Кейіннен сәндік панно, мата кескіндемелеріне жасаған. (( ғасырдың 70-80
жылдарында суық батик көптеген елдерге тарай бастады.
Ыстық немесе ыссы батик.
Ыстық батиктың-ыстық деп аталу, себебі ол балауызды ыстық күйінде
жағуы. Классикалық ыстық батик-көп еңбекті қажет еттетін түрі.тек матаны
дайындаудың өзіне бірнеше күн кетеді.
Ыссы батикте ара шалғының орнына парофинді және стеоринді пайдалана
бастады. Өрнек жазу кезінде бояулары ағып кеткен жер кемшілік болып
келсе,уақыт өткен сайын өзінше әсер беріп, жаңа мәнге ие болады. Қазіргі
кезде ол осы техниканың нышанына айналды. Сонымен қатар түрлі
материалдардың пайда болуына байланысты өрнек өрнек жасаудың жаңа техникасы
салқын батик дами бастады.
Осы өнер түрін: қытайлықтар, үнділер, мысырлықтар, перулиттер
қолданғалы,айналысқаны белгілі.Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша батик
(((((((( ғасырда пайда болды. (((( ғасырдан бастап кең етек ала бастады. Ол
Еуропада (( ғасырдан бастап тарады.

1.2.Батик өнерінің эстетикалық тәрбиедегі мәңі
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы (1999( біздің
болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу, олардың дүниетанымын
қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты, білімді, өнерлі етіп тәрбиелеу бүгінгі
күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігін заңдылық етіп берді. Осыған
орай, ендігі кезеңде жаңа адамды жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі,
еңбексүйгіш өндірістік бағытта тәрбиелеп, білім беру проблемалары алдымызда
тұр.
Эстетикалық тәрбие – тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Эстетикалық
тәрбиенің әлеуметтік мәдени мәні оның негізі методологиялық және
әдістемелік принциптерін анықтайды: оның таптық, партиялық бағытын; идеялық
мазмұны мен практикалық маңызының білігін;
Әсемділік -Бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес
келетін жоғары дәрежеедегі терең сезімі. Әсемділік ұғымың анықтауда
көптеген әлеуметтік-психологиялық факторлар әсер етеді: дәуір, ұлттық және
расалық, діни және таптық, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке-дара
психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы азаматтық өлшем
бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т.б.
Әсемдік тану(эстетика( -табиғатта, қоғамда, адамның іс-әрекетінің қай
түрінде болмасын, оның қарым-қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және
құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым болып
табылады.Ақикат дүниені, ондағы құбылыстар сырын адамның тануы тек ақыл
арқылы ғана емес, сонымен бірге түйсік арқылы беріліп, көңіл-күйі сезіммен
бір тұтас қабылданады. Соған сәйкес заттың немесе құбылыстың жетілгендігі,
идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адам баласына
әсемдіктің ләзаттын алып келеді.
Әсемдікті тануға тәрбиелеу –оқушының бойында өнерге және шындыққы
әсемдік қөзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл-күй сезінерлік
қатынасты қалыптастыру үрдісі. Мақсаты-оқушы тұлғасының әсемдік тануын,
білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға, көркем шығармашыық іс-әрекеттерге
қатынастыру.
Эстетикалық сезім адамның моралдық қасиет және адамгершілік бейнесіне
асыл қасиет беріп тұрады. Ал адамның өміргеи эстетикалық көзқарасы оның
өмірі мен қызметтінің барлық саласынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік,
сезімтал адам еңбектегі әсемділікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі
әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
В.Г.Белинский: Әсемдікті сезіну-адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы
сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін..., тек осы сезіммен ғана
адамзат өзінің жеке басының мүдделерін де,өзінің жеке көзқарасын да Отан
үшін құрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей
алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды.
Н.Г.Чернышевский: Әсемдіктің адамға ететін әсері, сезігі - ол бейне бір
сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөленетін жарқын қуаныш сезіміне
барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең
жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз-жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы,
еңбектегі табиғаттаға және әдибет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты,
асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап,түсініп,ұғынуға,
әділ бағалауға, тіршілікте іске асырып отыруға баулу, әдемілікті тани,
жасай білуге үйрету.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - әр адамның ақыл-ойын, әсемдік
жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез-құлқының, тән мен жанының
қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез-
құлқын, адамдармен қарым-қптынасын ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын,
эстетикалық талғамын, дамыту. Эстетикалық тәрбие жан-жақты дамыған, еңбек
сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті, жастарды тәрбиелеуді басты бір
саласы.
Жеке адамның эстетикалық мәдинеті дамыту, оны жоспарлы, мақсаты түрде
сіңіру.
Педагогикада Эстетикалық тәрбие, Көркемдікке тәрбиелеу,
Эстетикалық даму деген үш түрлі түсінік бар.
Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің,
оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдармен қарым-
қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркемдікке көркемөнер құралдары арқылы тәрбиеленеді. Көркемдікке
тәрбиелеу эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлімі.
Эстетикалық даму дегеніміз жас ұрпақтың эстетикалық нәр алуға
мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау,
өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық
жағынан ықпал ету арқылы адамның эстетикалық сезімін дамыту.
Ғалымдар эстетикалық тәрбиені қоғамдық – мәдени өмірдің жан-жақты
дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы
дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір
сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді жәнеь гның әсемдігін
сәулелендіреді. Адамның әсемдікке сезе де ьани білу қабілеті, әсемдікті
жасаудың қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму
дәрежесіне байланысты.
Эстетикалық тәрбие өмір құбылыстарын терең қабылдауға , білімге
құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін
(қуану, қобалжу, әрі-сәрі болу, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену
әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасының мазмұны
мен идеясын терең түсінуге де негізделеді. Бұл эстетикалық тәрбиенің ақыл-
ой, адамгершілік еңбек тән тәрбиесімен, тығыз байланыстылығын байқатады.
Көркем шығарманы, табиғат әсемдігін, адамның жақсы тәртібін, тамаша
мінез-құлқын көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатын үлкен
әсер етеді. Әсемдікті сезіну адамның өмірін байытып, бір-біріне достық
қарым-қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады.
Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан-жақты
жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғышарттары.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
1. Жастардың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту. Осының негізінде
қоғамдық өмір мен айналаны терең таныту және олардың адамгершілік
бейнесін қалыптастыру. Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы,
еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс-әрекендегі, өмірдегі табиғи
әдемілікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға
үйрету.
2. Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезім мен талғамды дамыту.
Жастардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін
дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу,
әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген
кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып,бірге қайғырып
әсерленуі, көңіл-күйінің толқуын дамыту.
3. Өнер салаларында балалардың қабілеттерін, ынтасын, биімділігін дамыту
ашу.Жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу.
4. Жастардың күшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға
қажетті әдемілікті жасау талпынысын тәрбиелеу, көркемдік-шығармашылық
қабілетін дамыту.
5. Эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндеті жас ұрпақа мамандығына
қарай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға,
молайтуға үйрету.
6.Эстетикалық ұғымға баға беруді қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенінің өзіне тән міндеті бар, олардың бірі эстетикалық
көзқарас тәрбиелеу. Эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты, рухани күш ретінде
адам өмірінде үлкен роль атқарады. Эстетикалық көзқарас тәрбиелеу оқушыны
жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесігнде ең алдымен өзіне тән
қызмет атқарады. Ол іс әрекеттің барлық түріндегі әсемдік нышаның анықтап,
оны оқушының әсемдікке көзқарасын дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына
айналдырады.
Эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі
өмірмен қатынаста және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.
Эстетиккалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы – өнер. Ол шындықты,
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және олар арқылы
адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем
етеді. Педагогикада эстетикалық көзқараты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салаларымен тығыз байланыста қаралады. Мысалы, балалардың ақыл-ой тәрбиесін
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Сондай-ақ
әсепмдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден белсенді іс-әрекеттен, мұраттарға
жету жолындағы күрестен бөлек қарауға болмайды.
Эстетикалық сезім және қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әсемдікті
сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әсемдікке үңіле қарап,
оның сырын білуге тырысады,т ал кейбіреулер, онша мән бермейді,т қалай
болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну, оған түсіну үшін
ең алдымен бейнелеу өнері, музыка, және ән саласынан әр бір адамда білім
болуы қажет. Білімді адам сұлулықты бюағалай біледі, түсінеді.ъ
Адам эстетикалық тәрбиенің бастапқы нешіздерін, бүкіл ғұмырына жететін
әсемдік сезімдерін өнер шығармаларын ұғына, бағалай білуді, көркем
шығармадан нәр алуды мектепте үйренеді.
Эстетикалық ұғымды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы
бір міндеті. Әдемілікті сүю, оны түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін
білім, сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка
мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері жайлы білімді игеруі қажет.
Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртөқа
әсемділік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына
жоғарғы талаптар қою.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесес өнер үлгілерін қабылдаумен немесе
шығармашылықпен байланысты іс-әрекеттер мүмкіндіктер береді.
Эстетикалық белсенділікті тәрбиелеу – ол әдемілікті сезініп, оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға
өзгеріс жасау деген сөз. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке,
көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы
қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету
керек.
Баланың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тұтас педагогикалық процесте
дамиды. Мәдениет дегеніміз-бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық
және рухани байлықтың жиынтығы.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда өз халқымыздың жақсы дәстүрлері
ментағылымдарын оқып – үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен
парасаттылыққа баулы мүмкін емес. Тәрбие беру ісінде қазақ халқының сан
ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі қалыптасқан. Ғұлама ғалымдар,
шешендер, билер, ақын-жжыраулардың өзіндік сара жолдарын, олардың
шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері мен өнегелі істерді
ұрпағымыздың рухани-мәдени жетілуіне, саналы, білімді мәденитетті тұлға
болып өсуіне ықепалы зор. Халқымыздың ықылым заманнан бергі дүниежүзілік
мәдениетте өз орны болғанын көрсетумен қатар, бүгінгі әрбір болашаөқ өмірге
тәлім боларлық із қалдырған ұлы ғұламалардың парасатты еңбектерімен
таныстыру қажет.

1.3. Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық
тәрбиеге баулу
Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-
оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында
адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың
көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту.
Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей
келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық
етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу,
ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем
өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана
қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі
тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы
жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге
талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың
көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала
кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара
ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге
байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып,
бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте
оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп,
көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді.
Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы
мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені
халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу
өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп
кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу
өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін
біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген
сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке
тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын
анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін
анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен
ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық
тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде
оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну,
байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе,
сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер ( Түстерді ажырат, Кім алғыр,
Үйлестіре біл, т.б.ойындар) тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат
сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп,
сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу
нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі,
талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып
отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық
мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу
жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді,
оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде
бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып
отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие
беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская,
Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық
мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнерт үрлерінің маңызы туралы Республика
ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты
көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық
тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев,
С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық
тәрбиеге тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов,
Ж.Балкенов М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде
эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары
әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру
мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің
бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын
дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру;
екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял – сезімін
шарықтату болып табылады.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке
тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы
өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі
тиіс.
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте,
баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің
негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек
қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап
сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау
және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей
жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының
талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы
сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған
мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер
музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың
көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік
қолданбалы өнері, сәулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем
өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер
тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық
сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік
заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды
әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын
эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну
сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында
сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су,
шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел
алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың
сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер
әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың
эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік
жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу –тәжірбие алаңында, табиғатта,
үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық
бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін
дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың,
суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр
қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып,
ұнаған жерлерді суретке түсіру.
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді.
Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап,
сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да
оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.
Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ
барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан
(жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді.
Мысалы, С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі,
Ілияс Жансүгіровтың Жетісуды суреттеуі т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты,
өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен
қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге
баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы
түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің,
сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға
жәрдемдеседі.
Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін әсемдік,
әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың,
әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал
болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді
қастерлей білуге үйретеді.
Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талдай
да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан –саласын,
асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің
дәуірімізге ұштастырған.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен
қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту
жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты
міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған
ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын
кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен
ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелейді.
Халық шеберлері ою - өрнек салу тәсілін белгілі – бір ізбен
қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою -өрнектердің
композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты
бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік
қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық
қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай,
оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген.
Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және
сәндік қолданбалы өнер.
Қорыта келгенде бейнелеу өнері сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие
беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет.
Себебі бастауыш мектеп жасындағы балаларды халқымыздың өнері, ұлттық
ойындар және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады.
Бейнелеу өнері пәні сабығында эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізі
мынадай іс - әрекеттерге тоқталу қажет. Жаңа сабақты түсіндіру барысында
көрнекіліктерді түрлендіре отырып, сұрақ – жауап, әңімелесу әдістерін
қолдану. Сабақты ұлттық әдет – ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу.
Жапонияда эстетика саласынан тәрбие алмаған адам, экономикалық
тұрғыдан да тиімсіз деп есептеледі.В.А.Сухомлинский балада тек әдемілік
жасау қажеттілігін ояту ғана жеткіліксіз,сонымен бірге адам баласына
ізгілік жасау, жақсы еңбек ете білу іскерлігін де тәрбиелеуітуралы ойын
бірнеше мәрте айтқаны белгілі.
А.Е.Егоров: өнер шығармалары, көркемөнер мәдинеттінің факторлары
реттінде, қашан көпшіліктің санасын жаулап алған жағдайда ғана эстетикалық
мәдинеттің маңызына ие болады....

ІІ. Практикалық бөлім.

2.1.Батик орындалу техникасы
Батик техникасында матаны көркем безендіру үшін жарық, ауасы
желдетіліп отыратын бөлме керек, әрі жұмыс орындалатын жер өзімен
тартпалары бар стол сипатқа ие болу қажет. Тартпалары екі немесе одан көп
болуы керек, және де оның тартпалары 1 кв м-дай болуы шарт. Себебі онда
маталарды және қажетті құрал-жабдықтарды сақтайды. Және де батик орындау
кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін орындап отыру керек.
Ыстық немесе ыссы батик.
Ыстық батиктың-ыстық деп аталу, себебі ол балауызды ыстық күйінде
жағуы. Ыстық батик онда резервті қосылыс реттінде балауызды қолданады.
Балауызды арнайы құрал чантинг көмегімен жүргізеді.Балауыз жүргізген жерге
баяу сіңбейді және де оның тарауына жол бермейді. Жұмыс біткенен кейін мата
бетінен балауыз алынып тастайды. Сурет әсерлі болу үшін кезеңмен баяу
тәсілі қолданылады.
Бірнеше түстермен, не бір түспен резервпен элементерді үйлестуге
болады.Осындай заливка барлық мата беті фондық бояумен жабылады. Құйылған
бояу аумағы кепкенен кейін, оны резервті қосылыспен жабады, сосын фон мен
жиегін жабады.
Ыстық батик тәсілінде, резервті кепкен матаға жүргізу керек. Резерв
қыздыру керек, ол матаға толық сіңуі керек. Мата қалындығы жуан болған
сайын резервте ыстығырақ болуы керек, және де керісінше. Суық батиктағыдай
резерв жүргізу үшін дайын шаблондар қолдануға болады. Болашақ туынды үстіне
немесе астына қоюға болады. Бояу қолдану тәсілі суық батиктағыдай.
Резерв үстінде бояумен матаның бетін жабу кезінде бояу құйылып
кеткенде оны матамен сүртіп алу керек. Резервтерген қабат бетінде бояу
қалдығы қалмауы қажет, әйтпесе дайын бұйымды үтіктеген кезде тамшылар мата
бетінде даққа айналады. Ыстық батиктегі суретті байыту үшін кракле
эффектісін қолдануға болады. Жұмыс аяқталғанан кейін мата бетін түгелдей
резервпен жауып,оны рамадан алып қолмен әр түрлі бағытта асықпай бүгеді,
резерв кішкене терең шытынаған.
Осыдан кейін мата қайтадан рамкаға керілгенен кейін, үлкен қылқаламмен
немесе тампонмен барлық аумақты қою түсті бояумен жабады, оны 15-20 минутка
қалдырады.Баяу трещиналарды жауып,мата бетінде жұқа қою түсті торды
құрайды,алдында салынған суретті жарықтандырады.Мата бетті таза болу
үшін,бояу тек оның жарықшаларында болуы керек.Басқа түрлеріндегідей
резервті алып тасиайды.
Резервті алып тастағанан кейін,суық батиктегідей.Виварци немесе
автоклавада буландырады. Матадағы бояу кеткенен кейін оны буландырады,
кейін қажет болғанда жууға болады.
Негізінде ыстық және суық батик туындыларың буландырмайды.Ол
декоративті туындылар үшін пайдаланады, яғни панно, перде, завесте
қолданылатын тәсіл.Оларға кез келген бояғыштарды қолдануға болады, бірақ
бояу матаны тегіс жабуы тиіс. Бірақ кейін осындай туындыны жууға және су
тигізуге болмайды.
Ыссы батиктің салқын батиктен айырмашылығын, парафин, стеарин немесе
олардың қоспасын қолдануында. Ыссы қойма ақ түсті боатын жерлерге қылқала
арқылы жағылады. Содан соң барлық жазықтық бояу ерітіндісімен боялады.
Мата кепкеннен кейін қоспамен ақшыл болатын жерлері жабылады да,
қалғаны күңгірт тонға боялады. Кептірілгеннен кейін қоспаны үтіктеу арқылы
ажыратылады, оны бірнеше қабат газет оң және теріс жақтарынан үтіктейді.
Суық немесе салқын батик
Батырма немесе инелер арқылы мата кергішке керіледі де, сурет
контурлы қарандаш арқылы түсіріледі. Қажетті бояуды шыны немесе фарфор
ыдысқа құяды. Содан соң түтікшеге сорғылатып, қарандаш ізімен контур
сызықтарты түсіреді. Міндетті түрде контур сызық тұйық болуы шарт, әйтпесе
бояу матаға жайылып, дақтар қалдыруы мүмкін. Бояу түсірілгеннен кейін, 40-
50 минут кептіреді.
Дайын бояуларды араластыру үшін ас содасының ерітіндісін дайындау
керек. Жасыл, қызыл, көк және жасыл түсті араластырғанда қайнаған жылы суға
бір шай қасық ас содасын салып араластырады, қара түс үшін жарты қасық ас
содасын салып араластырады, қара түс үшін қасық ас содасы қажет. Жұмыс
алдында ас содасы ертіндісі мен бояулар 1:1 пропорцияда араластырылады.
Бірақ та бұл ертіндіні екі тәуліктен артық сақтауға болмайды.
Араластырылған бояулар матаға қылқалам арқылы жағылады. Ереже бойынша
алдымен ақшыл бөліктері, содан соң күңгір бөліктер боялады. Ертінді матаға
еркін жайылады, дегенмен де, үлкен бөліктерді бояғанда мақтамен дымқыл
жерлерін сүрту керек.
Жұмысты кепкеннен кейін бумен өңдеген жөн. Ол үшін матаның боялған
жерлерін бір-біріне тимейтіндей етіп қағазға немесе матаға орайды. Бумен
өңдеуді үлкен каструлде немесе шелекте жасауға болады. 5 см-ге дейінгі
деңгейде су құйылған ыдыстың ішіне оралған мата тимейтіндей етіп жіп керіп,
соның үстіне орналастырады. Егер де жұмыс өте үлкен емес болса, қақпағы
жабылған ыдысты 30 минут қайнатады. Ал жұмыс үлкен көлемде бірнеше рет
оралған болса, 60-90 мин. қайнатады. Келесі кезекте матаны алдымен салқын
сумен, содан соң ыстық сумен шаяды да, сабынмен жуады. Табиғи жібекті
жуғаннан кейін бөлме температурасында сірке суының ертіндісінде өңдейді(1
литр су-2 ас қасық 9( сірке суы(.
Ал матадан немесе зығырдан жасалған матаны қолмен жуғаннан кейін екі
рет 5 минуттан кір жуғыш ұнтағының ертіндісінде қайнатады. Бұйымды дымқыл
күйде алдымен теріс жағынан, содан соң оң жағынан үтіктеу керек.
Суық батикті орындау бірізділігі:
1. Матаны боямай жатып, ең алдымен келешектегі панноның, палантинның
немесе орамалдың жобасын жасау керек, яғни ойлаған компазияны қағазға
салу. Жоба-суретті қатесіз, айқын матаға көшіру үшін қажет. Барлық
композиция элементтерді алдын ала ойластыра жобаны орындау керек.
2. Жұмысқа кірісерде барлық қажетті құрал-жабдықтарды дайындау қажет.
Батик қандай матадан және қандай бояулармен орындалатынын ойластыру
керек. Келесі мата түрлерінде сурет салуға болады: жібек, жүн, мақта
маталар, штапельдік және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар.
Батикпен салынған сурет, әсіресе жібек маталарында жақсы көрінеді,
сонымен қатар батикті жұқа мақта маталарында орындауға болады. Жібек
матасында сурет айқын көрінеді, бояулар бір-біріне жақсы сіңіп, оңай
жазылады. Табиғи жібектің үстіңгі беті жылтыр болғандықтан, батик өте
әдемі көрінеді. Өкінішке орай, мақта мата ондай қасиеттерді бермейді,
өйткені оның текстурасы қалың және беті жылтыр келмеген. Матаның
түріне байланысты бояуларды таңдайды.
3. Матаға рамаға тарту. Матаны тартатын түйрегіштер ағашқа оңай құру үшін
рама жұмсақ ағаштан жасалу қажет.
4. Матаның астына жобаланған қағазды салып, суретті матаға көшіреміз.
Матадағы сызықтар түзу, айқын және қатесіз болуы қажет.
5. Матадағы сызықтар бойынша резерв жүргізу. Бояу барлық мата бойынша
жазылмау үшін резерв контурды қамтамасыз етеді. Резерв арнайы шыны
жасалған түтікпен орындалады. Сызықтарды матаға сіңгенін қадағалап,
асықпай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Батик – мата бетіне сурет салу
Аэрографиямен матаны бояу
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу әдісі
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Пәндер