Бухгалтерлік есепті жүргізу


Жоспар:
І. Кіріспе . . . 3
1. 1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 4
1. 2 Бухгалтерлік есепті жүргізу . . . 7
ІІ. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылымы . . . 8
2. 1 Бухгалтерлік баланстың құрылысы мен мазмұны . . . 9
2. 2 Бухгалтерлік шоттардың құрылымы активті және пассивті шоттар. …. 9
2. 3 Синтетикалық талдау есебінің шоттары . . . 11
III. Екі жақты жазу жүйесі . . . 14
3. 1 Екі жақты жазудың мәні мен маңызы . . . 17
3. 2 Ағымдағы есеп мәліметтерін орытындылау . . . 18
3. 3 Екі жақты жазу принцип жөніндегі ұғым . . . 22
IV. Қорытынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер . . . 27
I. Кіріспе
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына - мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, шоттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі - «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Былайша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.
Құжат дегеніміз - ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс.
1. 1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты - ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:
- Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
- Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
- Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
- Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
- Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
- Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
- Типтік шаруашылық шарттар альбомы
- Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
- Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
- Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
- Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
- Өзге де құжаттар
Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін.
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Есепке алуды орталықтандырған кезде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар беріледі. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.
Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиіс. .
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
- түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;
- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
- бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті. Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады. Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады. Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.
1. 2 Бухгалтерлік есепті жүргізу
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
- есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
- есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін
- есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:
- бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
- жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну
- Қазақстан Республикасының Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
- барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
- банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу
- типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
- есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
- жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
- тіркелген активтерді есептеу
- жалақыларды есептеу
- ішкі қаржы есептерін жасау
- барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.
- бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау
II . Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылымы
Бухгалтерлік есептің негізі және басты міндеттерінің атқаратын қызметі мен функциясының бірі- пайдаланушыға кәсіпорының мүлігі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлімдемелерді дер кезінде жеткізіп беріп отыру. Мұндай ақпаратық мәліметтің қайнар көзі болып-бухгартерлік баланс табылады. Баланс « таразы » немесе « тепе-тең » деген мағынаны білдіреді . Баланс « актив » және « пассив » деп аталатынекі бөлімне тұрады . Активте кәсіпорын қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе, оң жағында, пассив осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі мүліктері қарастырылады.
Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорының әлеуетті табыстары ретінде таниды. Ал пассивті - кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жинайды . Ұйымның қорлану көздері туралы меншікті капитал және сырттан алынған капитал деп 2- ге бөлінеді
Осы айтылғандарды қорыта отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.
Сондықтан бухгалтерлік балансты мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
Актив = меншікті капитал+ міндеттеме
Бұл женілдікті кейде шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:
Актив - міндеттеме = меншікті капитал
Баланстың актив бөлімі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер деп 2-ге бөлінеді:
Кәсіпорынның ақша қаражаты, қысқа мерзімдік дебиторлық берешек қорлар, қысқа мерзімді қаржылық инвесторлар. Ұзақ мерзімді активтерге : ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, негізгі құралдар, материалдық емес активтер т. б.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі 3 бөлімнен тұрады:
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- Қысқа мерзімді міндеттемелер
- Капитал
Қысқа мерзімді міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиелері, бюджетпен салалар бойынша есеп айырысу, 3310, 3350, 3890.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге : ұзақ мерзімді банк несиелері, төлем мерзімі өткен салқтар және т. б.
Капитал бөлімінде : кәсіпорынның жарғылық капиталы, резервтік капиталы есепті жылдың пайдасы, жиынтық табыс (зиян) есепке алынады.
2. 1 Бухгалтерлік баланстың құрылысы мен мазмұны
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына және қолдану барысына қарай әртүрлі болып келеді .
Кәсіпорынның жаңадан құралған уақытында және жасалатын бухгалтерлік баланс кіріспе (бастапқы ) баланс деп аталады. Кіріспе (бастапқы ) баланста ұйымның қызметін бастап алдындағы жарғылық капитал көрсетіледі . Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшылардың, акционерлердің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдардан тұрады .
Сондықтан көп жағдайда кіріспе (бастапқы) баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
АКТИВ = КАПИТАЛ
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылған уақытта жасалынады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді
2. 2 Бухгалтерлік шоттардың құрылымы активті және пассивті шоттар
Кәсіпорынның барлық шаруашылық қаржылары үнемі айналымда болады және олар балансты өзгеріске келтіріп отырады. Баланс құрастыру күрделі поцесс болғандықтан ол айдың 1-ші жұлдызында ғана қорытылып отырады. Бірақ, ай бойынша неше түрлі шаруашылық операциялары қаржыларды қозғалысқа келтіріп, баланстың әрбір статьяларының көлемін өзгертіп отырады. Ал күнделіеті басқару ісінде әртүрлі қаржылардын көлемдерін біліп, шешімдер қабылдау керек. Оны бізге тек қана есеп шоттар көрсете алады. Сонымен бухгалтерлік есеп шоттары денгеніміз не? Формасына қарап алатын болсақ, бухгалтерлік шоттары екі жақты кесте болып табылады. Одан қаржының бастапқы жағдайы мен күнделікті өзгерістері көрсетіліп отырады . кестенің сол жағы - « Дебит » деп, оң жағы « Кредит » деп аталады (белгіленеді) . « Дебит », « Кредит » деген сөздер ешқандай мағынаны білдірмейді, тек қана есеп шоттардың екі жағын көрсететін белгілер ретінде қолданылады .
Баланстың бөліміне сәйкесті шоттарда екі түрге бөлінеді :
- Активті шоттар
- Пассивті шоттар
Шаруа қаржыларын құрамы (активтер ) бойынша есепке алуға арналған шоттар активті шоттар деп аталады .
Шаруа қаржыларын пайда болу көздері (пассивтер) бойынша есепке алуға арналған шоттар пассивті шоттар деп аталады.
Сонымен есеп шоттар 2 жақты кесте . Бірақ « дебит », « кредит » мағынасы мен мақсаты әр шоттың түріне байланысты .
Атап айтсақ, активті шоттарда дебит жағында активтердің бастапқы жағдайы және оның көбеюі көрсетіледі. Керісінше кредит жағы активтердің азаюын көрсетеді Актив пен пассивтің жағдай, келесі айға қалдығы «сальдо» деп аталады, латын тілінен аударғанда « есеп айырысу » деген мағынаны білдіреді және дебит пен кредиттің айырмасын көрсетіп отырады.
Сальдо -дебит жағында жазылса -дебиттік сальдо, кредиттік жағында -кредиттік сальдо деп аталады.
Есеп шоттардың дебитімен кредитінде бірнеше операциялар жазылады, сондықтан айдың соңында қорытынды сомасы есептелініп шығарылады . Ай көлеміндегі дебиті мен кредитінде бірнеше операцияларының бастапқы қалдықтары қоспағандағы қорытынды сомасы айналым деп аталады .
Шоттардың дебитіндегі айналым - дебиттік айналым, кредиттігі кредиттік айналым деп аталады.
Сонымен активтерге шоттардың жазу үлгісі төмендегідей
Активті шот
Пассивті шоттарда -бастапқы жағдайы (сальдо) әрқашанда кредит жағында жазылады және айдың 1- ші жұлдызында кәсіпорынның берешегінің көлемін көрсетеді. Оның көбеюі де кредит жағында, ал азаюы, керісінше, дебит жағында жазылады. Сондықтан пассивті шоттардың жазу үлгісі мынадай:
Пассивті шот
Қарап отырсақ, бухгалтерлік шоттар активтер мен пассивтердің экономикалық қасиеттеріне балансты топтастырып, шаруашылық операцияларын күнбе-күн есепке алып шапшаң басқару ісіне мәлімет беріп отырады екен.
Сондықтан, шоттар жүйесі - шаруашылық қаржылары мен операцияларын экономикалық топтастыру, күнбе-күн көрсету және шапшаң бақылау тәсілі .
2. 3 Синтетикалық талдау есебінің шоттары
Бухгалтерлік баланс активтер мен пассивтердің белгілі бір мерзімге экономикалық топтастыру және ақшалай бағаланған түрінде жиынтықтап көрсету тәсілі. Осыған байланысты бухгалтерлік баланстың кез келген статьясына ашылған шоттар ақшалай өлшеуішпен жинақталған мәлімет береді. Осындай шоттпр синтетикалық шоттар деп, олардың көмегімен есепке алу- синтетикалық есеп деп аталады.
Ал басқару ісіне нақтылы мәлімет керек. Бухгалтерлік есептің объектілеріне нақтылы сипаттама алуды қамтамасыз ететін есеп- аналитикалық (талдау) есеп деп аталады.
Аналитикалық есепті жүргізу аналитиклық шоттардың басты мақсаты болып табылады . Бұндай шоттар синтетикалық шоттарды толықтыру, талдап көрсету үшін ашылады .
«Синтез» - « жиынтықтау, біріктіру » деген мағынаны білдірсе
« Анализ» - « талдау, бөлшектеу » дегенді білдіреді.
Мысалы ; «Шикізатпен материалдар» деген синтетикалық шотты алсақ, ол баланс бойынша 29500 теңге . Бірақ осы шикізатпен материалдардың қандай түрінің қанша теңгеге қалдығын барын біле алмаймыз. Олар туралы нақтылы мәлімет алу үшін аналитикалық шоттарды қарау керек :
Шикізатпен материалдар
Төлнеуге тиісті шоттар
- 12 теңге
Құмшекер
- 79000 теңге
Жаңа піскен шие
- 41000 теңге
Операция мазмұны :
- Жабдықтаушылардан зауыттың қоймасына шикізат пен материалдар келіп түсті - 12000 теңгге
Оның ішінде : құмшекер 79000 теңге
Жаңа піскен шие 41000 теңге
Аналитикалық шоттар синтетикалық шоттарды толықтыру, анықтау үшін ашылатындықтан олар өзара тығыз байланысты болады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz