Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты
1.2. Бухгалтерлік есеп стандартының түрлері мен дайындау жолдары
1.3. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі

II БӨЛІМ
2.1. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
2.2. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық біухгалтерлік есеп
жүйесін жетілдіру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

КІРІСПЕ

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде
алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және
кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы
принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға
сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек
коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс
қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын
кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті
көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның
мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның
ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлау,
ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс
басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық
жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру
жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық
негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарын жақсы менгеруі олардың
кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор
болмақ.
Рефераттың мақсаты:
- бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық стандарттаудың объективтік
қажеттілігін зерделеу;
- халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын тәжірибеде қолданудың
тәртібін көрсету;
- халықаралық стандарттар негізінде қаржылық қорытынды есеп
қалыптастырудың негізгі сұрақтары мен факторлары мазмұнын ашу;
- халықаралық бухгалтерлік ұйымдардың құрылу тарихы мен нысанасына шолу
жасау;
- қолданудағы халықаралық қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі
стандарттарды қосымша интерпретациялау бағытын сипаттау;
- есептің дүние жүзілік модельдері ерекшеліктерін сипаттау және
жағрафиялық жағынан дүниежүзі елдерінде қолданылатын стандарттарды
өзара салыстырып қарау;
- Қазақстандық есеп тәжірибесінде қолданылатын халықаралық есеп
стандарттарының қазіргі жағдайы мен бұларды еліміздегі есеп жүйесіне
қолданудың болашағын зерделеу;
- Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттары мен есеп өрісіндегі заңдар негізінде ары қарай
жетілдірудің жолдарын көрсету.

I БӨЛІМ
1. Бухгалтерлік есептің мәні және стандарты
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп
санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып
ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
заңына сәйкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың,
жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк
органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен
кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және
ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және
қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға
сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді
ескертурлер жасау;
- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
- ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің
басты міндеттерді болып табылады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты
жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік
есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің
мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған
бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген
бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп
отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы
экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да
кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол
елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Есеп стандарттары бірнеше типтік бағыттардан тұрады. Олар:

1. Мақсаты. Есеп өрісіндегі мәселелер мазмұнына қысқаша түсініктеме беру
және стандарттар жасау мен шығарудың міндеті көрсетіледі.
2. Қолдану өрісі. Мұнда стандарт объектісі мен стандартты қолданудың
объективті жағдайы қаралады.
3. Анықтау. Стандарт мәтінде қолданылған негізгі терминдер түсінік беру
және бұларды танудың тәртібі көрсетіледі.
4. Баяндау. Мұнда есеп принципі, бағалау әдісі, шаруашылық фактілер
мазмұнын тіркеу т.б. көрсетіледі.
5. Ақпараттар маңызын ашу. Ақпараттар мазмұны, есеп саясатын жасаудағы
ақпараттар қалыптастырудың тәртібі ашылып көрсетіледі.
6. Орындалуға жіберілген күн (өз күшіне енетін күн). Мұнда стандарттың
іске асырыла бастаған күні немесе күшіне енетін күні көрсетіледі.

1.2. Бухгалтерлік есеп стандартының түрлері мен дайындау жолдары

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары халықаралық және ұлттық болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық
стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық
комитеті жасап шығарады. Ал ұлттық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде
жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы
қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында
әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу
жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде
қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға
(унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы
АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика,
Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен
іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының
халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден
жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл
аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы,
Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа
стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс
алып отырады. Сонымен
қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық
институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек
көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі
мақсаты-мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол
жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп берудің элементтері;
- өлшеу және мойындау критериялары.
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім
қабылдауға қажетті мәлімет;
- ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті
мәлімет;
- басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары
(концепциялары) шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік
ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын
(концепциясын) жалпы және жеке – деп аталатын екі
түрге бөлуге болады.
- Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп
туралы көзқарасын білдіреді.
- Жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде
жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері,
есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып
жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ
тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және
америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы
(концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен
түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар
мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша
жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық)
тұжырымдамасы (концепциясы) бойынша салық органының және басқа да
мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған елдердің қатарына Австрияны,
Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континенттік (еуропалық)
тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның
бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен
несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда
ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін
тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді Ақш, Канада, Ұлыбритания,
Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және
басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел
өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық
тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің
еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік
(еуропалық) тұжырымдама(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі
күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни
барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына
барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар
біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс
жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін
халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады.
Біріншіден-осы тұрғыдан, ал екіншіден-елдегі қазіргі экономикалық жағдайға
сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері
соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен
қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.

1.3. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі
Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ
халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі
қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұсынған жағдайда еліміздегі
бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша
құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал
рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері
өз мәнін таппайды. Сондықтан
потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың тұнықтылығын талап етеді.
Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар
тұнық және сенімді, орындалып, мұның барлығы да халықаралық бухгалтерлік
есеп стандарттары талабымен тығыз байланысты болған жағдайда, қаржы салымшы
инвесторлар өздерінің салған копиталының қалай және қандай тиімділік
дәрежесінде жұмсалғандығын біліп, бақылап отырады.
Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары
деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық
компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық
бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіліп
келеді.
Біздер кейбір компаниялар өздерінің халықаралық бизнесін жеке
бөлімшелер түрінде қарап, басқада бөлімшелер байланысты жағдайда
ұйымдасатынын білеміз. Кейбір компаниялар жекелеген еншілес кәсіпорындар
құрып, бұлар өз қызметін ішкі және сыртқы рынокта жүргізетін болып та
ұйымдастырады. Қайда және қай елде орналасатындығына қарамастан бірлескен
негізгі компаниялардың шаруашылық қызметіне қосымша қызмет көрсету
мақсатындағы өндірістік, сату, қаржы процестері орталықтанған түрде
ұйымдастырылған үшінші деңгейдегі компаниялар да құрылуы мүмкін.
Ұйымдастыру түріне қарамастан барлық салалық экономикалық қатынастар өзара
байланыста болады. Өндірістік процестің жоғары деңгейде дамуы мен маңызы
жағынан
күрделі болуына байланысты бухгалтерлік есеп мәселелерін танып білу процесі
бухгалтерлік есепті интернационализациялау жолдарымен шешілетіндігін
білуіміз керек. Есеп жүйесіне тән интернационализациялаудың өзектігі кез
келген елде және кез келген жағдайда қолданылатын бірыңғай стандарттар
жасау болып табылады.
Әр елдің өз тарихы, өз құндылығы, саяси жүйесі, ұлттық ерекшеліктері
айрықша қалыптасатындығына байланысты көптеген ұлттық кәсіби бағыттағы
бухгалтерлердің халықаралық қауымдастық ұйымдары халықаралық
стандарттардың біртұтастығы өрісінде әлі де болса шешімін
таппаған мәселелердің бар екендігін, алдағы кезеңдерде мұндай мәселелерді
үйлестіру мен икемді жағдайға келтіру керектігін айтып келеді.
Әр ұлттың өз заңдарына, өз тіліне, өз ақшасы мен есеп жүргізу
принциптеріне байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу
мәселелері гармониялық үйлестіру жолымен жүргізілуі керек. Гармониялық
үйлестірудің өзектігі әр елде қабылданған есеп моделін, стандарттар
жүйесін, бұларды реттеп отыру жолдарын жүйелендіруге байланысты. Ең негізгі
мәселе – жекелеген елдер экономикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп
стандарттары экономикалық қауымдастыққа мүше елдерінде қабылданған
стандарттар жүйесімен қарама-қайшылық жағдайда болмауы керек. Яғни
халықаралық стандарттар мазмұны жекелеген елдерде қолданылатын стандарттар
мазмұнымен гармониялық үйлесімді байланыста болғаны жөн.
Кешенді ережелердің (нормалар, үлгілер) әр қайсысы бухгалтерлік есеп
жүйесіндегі шаруашылық фактілері мазмұнын көрсету үшін қолданылынатын
әдістер мен тәсілдерді, терминологиялық ұғымдарды, сондай-ақ орын алған
шаруашылық операцияларының мәні мен маңызын ашуға арналған.
Халықаралық деңгейге тән қаржылық қорытынды есеп стандартттарының
атқаратын міндеттеріне мыналар жатады:
1) Сыртқы мүдделі тұлғаларды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етуге
арналған есеп және қорытынды есеп стандарттар жүйесін
қалыптастыру;
2) Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп пен стандарттар арасын
гармониялық үйлесімділікке салуды қамтамасыз ету;
3) Бухгалтерлік есеп жүйесін өз мәнінде түсіну мен жүргізу үшін
ұйымдарға әдіснамалық көмек беру.
Қаржылық қорытынды есеп стандарттары ерекшеліктерін анықтаудағы
факторларға мыналар жатады:
Кәсіби бухгалтерлік есеп ұйымдары мен қауымдастықтары ұсынған
әдіснамалар мен жетекші ғалымдар еңбегінің әсер етушілігі;
Есеп тәжірибесінде қолданылатын осы және басқа да принциптер (әдістер)
нәтижесін экономикалық тұрғыда сараптамадан өткізу;
Салық саясаты;
Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер;
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын түзу мен зерделеу арқылы ішкі
және сыртқа пайдаланушылар талабын қанағаттандыру;
Зандар және нормативтік актілер, сондай-ақ басқа елдердің алдыңғы
қатарлы тәжірибесін кеңінен қолдану.
Бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық қорытынды есептің қолданбалы
бағытын, мұның сапалық сипатын сабақтастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Шаруашылық қызмет аудиті
Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар
Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Жанама салықтар есебін ұымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер