Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..5
1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері.. . . .
.5
2. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар... ... ... ... ...
... ... . .. .7

2. Бухгалтерлік есептің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Бухгалтерлік есептің түсінігі, оның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Бухгалтерлік есеп пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..17
2.3 Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4 Бухгалтерлік есеп әдістері мен
принциптері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .21
3. Есеп саясаты және оның
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

3.1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын
талаптар ... ... ... ... ...27
3.2 Есеп саясатының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30
3.3 Есеп саясатын
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32
4.Бухгалтерлік есептің
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
5. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨЛШЕМ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..41
6. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ 1С БУХГАЛТЕРИЯ ТҮРІНДЕ ЖҮРГІЗУ ... ... .43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...45
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .47

КІРІСПЕ

Жалпы бухгалтерлік есепті бизнес тілі деп атайтыны экономистер
қауымына белгілі , сондықтан да, біз бұл тілде неғұрлым білімдірек
сөйлесек, онда қоғам үшін бұл соғұрлым жақсы болар еді. Бүгінгі күні
бухгалтер өзінің қарапайым есепші ретіндегі имиджін, бизнес – процестерін
ұйымдастыратын шеңберге өзгерткен.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, бухгалтер
кәсібінің дамуы КСРО кезінде қалыптасқан жоспарлық – административтік
экономика тәріптемесіне (режимінде) іске асты. Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігі алынып, ерікті мемлекет құрылғаннан кейін бухгалтерлік
мамандыққа нарықтық экономиканың сұранысын және мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа талаптар қойыла бастады.
Қазақстан Республикасы дамуына, оның әлемдік экономикаға өтіуіне
байланысты бухгалтерлік есепке оның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа
түсінікті болуы және тағы басқадай үлкен талаптар қойылып отыр, бұл
қаржылық есептің халықаралық стандарттарына толық көшуге негіз болды.

Экономика секторы ҚЕҰС – на өту барысында мамандардың, әдістемелік
негіздердің жетіспеушілігінен көптеген қиындықтарға тап болды. Бұл сұрақтар
бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заң жобасында
қарастырылып, бүгінгі күні ҚР Парламент Мәжілісінде тыңдалып, ҚР Парламент
Сенатының отырысында қаралуда.
Берілген стандарттар дүние жүзінде шаруашылық қызмет жүргізуші
субъектілер туралы айқын және түсінікті ақпарат алудың тиімді көздерінің
бірі. Жаңа стандарттар және ережелер ұйымға бақылау мақсатында, сондай -
ақ басқару мақсатында да сенімді ақпараттарды ұсыну үрдісін жеңілдеттеді.
Бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға көшу
жұмысқа дайындыққа және бухгалтерлік есеп мамандарының квалификациясының
жоғарлауына сәйкесінше өзгеріс тудырады.Бухгалтерлік кадрларға кәсіпкерлік
дайындық жүйесі
мемлекеттік білім стандарттарына сай келуі қажет.
Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған
халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді
ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған – бухгалтерлік есеп жүйесі
қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару
қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын
ақпараттың негізгі тұтынушысы – статистикалық органдар негізінде мемлекет
болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық
әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістерде бухгелтерлік есепті
ұйымдастыруды жетілдірудің бір бағыты оның ҚЕҰС – на негізделуі болып
табылады.
ҚЕҰС енгізу есеп пен бақылау жүргізудің сапасын жоғарлатады,
өнеркәсіптердің техникасы, өндіріс ұйымның технологиясы, еңбегі,
ерекшеліктері жөнінде нақты, толық көрініс беретін есеп жүйесін
пайдалануына мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазудағы басты мақсат – бухгалтерлік есептің
қалыптасу кезеңдерін, дамуын және бухгалтерлік есептің мәнін толығымен ашып
көрсету.
Курстық жұмысты жазудағы басты міндеттер:
• Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдерін
қарастыру;
• Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы жазу.
• Бухгалтерлік есептің түсінігі мен оның атқаратын қызметіне тоқталу.
• Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттеріне тоқталу;
• Бухгалтерлік есеп әдістері мен принциптерін қарастыру;
• Есеп саясаты және оның аспектілерін қарастыру
• Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлеріне
тоқталу
• Бухгалтерлік есепті 1С бухгалтерия түрінде жүргізуді қарастыру

1.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез
келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға
мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
- есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
- оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
- шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып,
болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің,
бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы
және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.
Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза
болмауынын себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда
болуының алғы шарты - адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге
бөлуге болады:
- Ежелгі дүние.
- Ортағасырлық.
- Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
- Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.
- XX ғ. - бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің
түрлеріне байланысты.
Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде
(таблицаларда) тіркелді (бәрі есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала
белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеітегі) папирустар хронологиялык
тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл
сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты
аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар — бастапқы
құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз
кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр
қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш
сынықтары, Перуде жіптер колданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.
Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000
жыл толды.
Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі - жалпы жер
иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы - тұрақты сипатқа ие
болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.
Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі - айырбасты одан сайын
дамытуға жағдай жасады. Өнімнін біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін
өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәі айырбастың баламалығы
ұғымын қалыптастыруға және құл өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.
Үшінші ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды.
Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін
бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.

1.2 Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша
1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің Сауда және нағыз көпес туралы деген
бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып,
қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі Сауда кітабын жүргізу тәртібі
туралы деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки
Пачоли (1445-1517) жазған Есептер мен жазбалар туралы трактат атты
бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда,
Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп
бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі
(мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы
басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін
өзінің мәнін жоғалтқан жок.
Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор Жак Савари (1622 - 1690). Ол
Нагыз көпес туралы жүмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және
аналитикалык деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. мүліктік (өзіндік
құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау)
баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол
басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.
Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі
мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:
- мешпік иесі - экономикалық қызмет аткарады (капитал қозғалысы);
- мүліктік (материалдык) - арнайы шаруашылық қызметін
орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);
- жеке (корреспоқцеютік) - зандық қызмет атқарады (үшінші субъект
үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).
Бухгалтерлік терминологая әлі белгіленбесе де; ол өзінің кітабын
бухгалтерлік терминдермен толықтырады.
1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың Есеп жүргізудің агылшындық
жүйесі кітабын шығарды. Оның орнына тек есептік регисгрді ғана емес, алғаш
рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын карастыратын Дегранж
жүйелеп баяндаған америкалык үлгі келді. Дегранж есептін екі мақсатын
көздеді: уақыттың кез келген сәтінде есептердің жагдайын айқындау және
субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үрдіс ол бас есеп
шоттарын пайдаланды: касса. тауар, алынуға тиісті қүжаттар, телемге
арналған кұжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр
Басты Журналда біріктірді.
ХҮШ ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі
қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құлдық есеп техникасын жете
баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жана бағыттың нсгізін
қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты - дайындалған бұйымға
кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға
болатындығы жөніндегі қорытынды еді.
Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуте назар аударғандардың бірі
-философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете
зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда
мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны
жөн бе, әлде сатып алынатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп
кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.
Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептін алғашқы теоретигі болды.
Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек
заттай ғана бейнеленді; ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жұйемен
ұсынылды өндіріс есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті
көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе
койған жоқ еді.
Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарлъз
Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойыпша шыққан шығынды есептеуді,
бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен
шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.
XIX г. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік
есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде
дами түсті. Үііі атақты итальян мектебі дүниеге келді.
Бірінші - ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884)
болды. Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыруға
болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық-әкімшілік ұғым кешені
екендігі айтылады. Ол есептер көмегі арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік
есеп шаруашылық процесімен шұғылданған тұлғаларды бақылау үшін әкімгерге
(администратор) қажет. Ол басқа екі тосқан және венециан мектебін
құрушыларга үлкен ықпал етті.
Тоскан мектебінің басшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э.
Дегранждін ісін жалғастырды. Д. Чербони үшін бухгалтерлік есеп — әкімшілік
міндет пен іс-кимылдар ғылымы еді.
Д. Чербони ілімі логисмографш (догос - ой, графия — баяндау) деп
аталады. Оның ізбасарлары көп (Джитти, Боналуми, Беллини, Рива, Масса).
Винченцо Джитти (1856-1945) Чербонидің жақтаушысы болды, ол
логисмографикалык жазбалардың талдаушылык мүмкіндіктері синтетикалык-
аналитикалыктардан гөрі кеңірек екендігін көрсетті. Джити сметаның мәнін
айкын ұғынды. Оның пікірінше, бул - меншік иесінің әкімгерге ұсынатын
өкілеттіктерінің шегі.
Итальян мектебі орталығында әрқашан шаруашылық болды. Ф.А. Боналуми
(1832-1904) бухгалтерияда мудделер жиьгатығы барын көре білді: бір жагынан
кожайыпнын, екіыші жагынан - үшінші түлғалардьщ. Оның пікірінше, есептің
мақсаты - орындалған шаруашылық операцияларының экономикалық және заңдық
салдарын айқындау. К. Беллини (1852—1935) ағымдағы іс жағдайын көрсететін
мулік пен болашақты болжайтын смета арасындағы параллельді жүргізді. Ол
есепті басқару жөніндегі ғылым ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты Д.
Масса (1850-1918) да ұстанды, бірақ ол бұл тек қана басқару жайлы ғылым
емес, адамдарды басқару туралы ғылым деп қосты. Д. Масса: Есептің мақсаты
мен міндеті шаруашылық қызмет қорытындыларын шығару мен іс-әрекетті
бақылау, сонымен бірге бакылаушы орган бухгалтерия әкімшіліктен тәуелсіз
болуы тиіс, - деді.
Д. Масса Италияда отыз жыл бойы шығып тұрған бухгалтерлік журналды
бірінші болып шығара бастады. Венециандық мектептің көшбасшысы - Фабио
Беста (1845-1923). Ол Чербонидің ілімін теріске шығарды. Ол үшін бағалау —
есептің мақсаты. Құндылық — зат, бұйым. бухгалгерлік есеп - бақылау туралы
ғылым. Оның пікірінше, бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болады.
Бестаның шәкірттерін смета есебі идеялары баурады.
Эмануэль Пизани (1845-1915) тоскан мен венециан мектептерінің
идеяларын синтез жасауға тырысты. Ол тоскан мектебінен есептер теориясын,
ал венециан мектебінен - олардың сипатын алды. В. Армуцци амортизация
төлеудің үш нұсқадан тұратын тәртібін ұсынды:
1. Үдемелі отеу.
2. Желілі (тең шамада) отеу, жылдан-жылға бірдей пайда болса.
3. Жылдамдатып өтеу, егер алғашқы жылдары кейінгі жылдарға қарағанда
көбірек есептелсе, ал мерзімді қаржыларды ауық-ауық төлеу сатып алу
жолымен (амортизация) қалдық құннан алынады.
Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда
болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы
және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Шаруашылық қызметтер фактілерін
жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны
дүниеге әкелді.
Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай,
сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті
заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды - ақшалай бірліктермен жүргізді.
Ретке келтірілген есеп тіркегіштері -кітаптар, "кіріс-шығыс", "инвентарь"
сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.
Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның
пайда болуымен сипатталады.
"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер
атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі
Христофор Штехер болып табылады.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі
кезеңге бөліп қарастырады:
I.  Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ.
аяғына дейін;
II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;
III.XIX ғ. соңы -XX ғ. басы;
IV.XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
Қазіргі уақытта шаруашылық есептің негізгі 3 түрі ажыратылып
көрсетіледі:
1.Жедел немесе оперативті;
2.Статистикалық;
3.Бухгалтерлік.
Сонымен,шаруашылық есеп - кәсіпорындар мен халық шаруашылығының
шаруашылық қызметтерін басқару және бақылау мақсатында сандық-сапалық
көрсеткіштермен есептеу және көрсету
Заман ағымына байланысты бухгалтерлік есеп алдында көп сұрақтарға
жауап алу қажеттігі туындап отыр. Алайда әр кезеңде де толғағы жеткен сан-
мыңдаған көкейдегі сұраққа жауапты ғалымдар әлі шеше алмауда. Әлбетте
кейбірін шешкендерімен басқа да туындап отырған сұрақтар ойды мазалап
тынымсыз күйге түсіруде.
Әлбетте шаруашылық ісімен айналысқан адамдар өз көкейлеріндегі келелі
сан сұрақтарға жауап іздегенде небір қателерді бастан өткеріп, оларды
қалпына келтіріп жөндеу барысында кейбір мәселелердің шешімін тауып отырды.
Алайда қаншама жүзден аса ғасырларды артқа тастай отырып, небір
қателіктерді бастан кешіре адамдардың шаруашылықты басқарып істерін алға
жүргізуде өмірлеріне өзгерістер енгізуде одан да қиыншылықтарды бастарынан
кешіре бастады, әрине бұл үшін нақты бір шешім шығару үшін ғылымның дамуына
әкеліп тірелтті.
Жалпы алғанда жер шарында есеп жүргізу бухгалтерияның күнделікті
қызметінде бағалап, анықтауда ғылыми категория тұтастығын ретінде танылып
отыр.
Деректерге сүйене отырып ғалымдар бұл категориялар алғашқы кезеңінде
көпестердің сату алаңдары мен канторларында шаруашылық қызметін жүргізуде
қолданылған.
Экономикалық даму сатысында түрлі лауазымды адамдар мен инженерлер,
тағы да басқа адамдар қызметінде түрлі өзгеріске ұшырап, түрлі формаларды
қабылдап отырды.
Сонымен қатар белгілі бір қоғамдағы түрлі өзгерістер да өзінің зор
ықпалын тигізіп есеп жүргізудің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізді.
Барлық кезеңде де шаруашылық өмірінде түрлі фактілерді жазуды алғашқы
кезеңде аса ешкім көңіл бөлмеді, уақыт өте келе нақты тіркеп сипаттап жазу
қатеттігі туындаған.
Яғни мұны жалпы алғанда категория деп айтуымызға болады. Категория
формасына енген, шынайы нәрседен сан сияқты білім жеке мәнге ие болды.
Сөйтіп категория негізіндегі білім уақыт өте келе нақты бір ғылымға
айналды.
Барлық ғылымдарды пәніне, әдісіне немесе мақсатына байланысты жіктеуге
болады.
Бухгалтерлік есептің де шаруашылық өмірдің фактісі негізіндегі - өз
пәні, моделдеудегі-өз әдісі және құндылықты сақтауды қамтамасыз ету мен
шаруашылық қызметтің қорытындысын анықтауда- өз мақсаты бар.
Олай болса, бухгалтерлік есептің тарихы әр уақыттағы түрлі нақты
шешімге келудегі ізденіс. Себебі сол кезеңде осы есепті жүргізуші адамдар
бірде дұрыс шешімін тауып өз ісіне жол ашса, бірде тығырыққа тіреліп
қиындықты да бастарынан өткеріп, шешімін айқындауға небір алтын уақыттарын
сарп етті. Сөйтіп есеп тарихы жеңістен-жеңіске жетудің жолы ғана емес, ол
өрге өрмелеп небір қиындықтарды бастан өткерудің жылнамасы болды.

2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

2.1 Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп[1] ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір
(белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны
өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны
басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын
жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына
экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан
бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі
болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып,
бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық
операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің
заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің
заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар
есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим
империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның
қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан "аудитор" деген термин
пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік
есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас
мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан
да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның "Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді
басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді" - деген.
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру"
туралы заңы еліміздеің бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын жөне есепке алудың негізгі
принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау жене сыртқы аудит жөніндегі
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағыңда жұмыс істейтін барлық кәсіпорын
бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге
міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық
мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни
кәсіпорындағы шаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін
есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және
технологиялық үрдістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының
да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып
табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынандай қызмет атқарады:

- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан
операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек
уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп
отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды
басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
- көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы білмегеннің
салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Бұлар іс-
тәжірибеде қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып отыратындығы әрине,
рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу,
бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді
өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп
жеткізу бухгалтердің міндеті.
Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі
кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпаратгы пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс
есептелген мәлімет беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпараттық мәліметті
бірдей дәрежеде пайдаланатын екі тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы
қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, ұсынылатын
ақпарат көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе
адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын
қайшылықтарды жеңуге болад
2.2 Бухгалтерлік есеп пәні

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен
бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде
өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды,
қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға
қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің
басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті
күнделікті қолданылатын есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп[2] ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық
талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау
принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы жене
қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.
Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту
мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау
әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген
резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметгері мен көрсеткіштеріне сүйене
отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай
әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің
материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады.
Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы
құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы,
шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң
төртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері
қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз
болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын дамудың объекгивті экономикалық зандылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есептің негізгі
мақсаты - ұйымның өз экономикакалық және саяси жағдайына тән шаруашылық
істің тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен
қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты
мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы,
ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

2.3 Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттер
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты[3]- барлық кәсіпорындарда орындалатын
операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт
талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық
дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында,
яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу
барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік
есептің негізгі бағыты- кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын
арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын
құжат-тардың қарапайым әрі түсінікті болуына жөне ондағы көрсеткіштердің
пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ
экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті
ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру,
қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен
қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске
асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін
ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көр-сеткіштері мен экономикалық талдау
әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген
резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгілеңді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен кәрсеткіштеріне сүйене
отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай
әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің
материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады.
Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы
құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы,
шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң
тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері
қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз
болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлексттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдсрінің қай сатыларында
болмасын дамудың объективті экономикалық зандылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілсу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты- ұйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармсн басқаруға қажетті
ақпараттық мәліметтермсн қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік
есептің нсгізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді
тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы
жатқызылады.

2.4 Бухгалтерлік есептің әдістері мен принциптері

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік өз принципінің болуы
заңдылық. Латын тілінен аударғанда принцип сөзі мағынасы жағынан- бастамасы
негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы
(концепциясы) шаруашылық үрдістері барысында шешім қабылдау үшін
бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы
оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан
астам принципін кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп стандарттарында бухалтерлік есептің мына төмендегідей принципі[4]
анықталған:
- есептеу;
-үздіксіз (ұдайы);
- түсініктілік;
- мәнділік;
- маңыздылық;
- сенімділік;
- әділетгі әрі тура көрсету;
- бейтараптық;
- сақтық;
-толықтылық;
- салыстырмалық;
- дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын
төрт принцип- бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі,
сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Есептеу принципі.
Қаржылық есептеу саясатының негізінде құрылады.
Үздіксіздік принципі.
Шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында
жалғастыра береді және жақын арада оның таратылуы күтілмейді.
Түсініктілік принципі.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім
қабыддауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл
мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде
білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық
мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы
үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат
үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы
тұлғалар бұл мөліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметгердің, қаржылық есептің сыртқы
пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі.
Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға
пайдаланады:
- алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
- бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің
дұрыстыган анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін
үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына
керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу
уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған
болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер
пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға
енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі.
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ
пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі.
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мөліметтері (қаржылық есебі)
өткен уақыттардағы мәліметгермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның
пайдалылығы мен мазмұүндылығы арта түседі.
Сақтық принципі.
Бухгалтерлік есептің ақпаратгық мәліметгерінде жазылатын цифрлар
кәсіпорынның экономикалық жағдайын (бейнелейді) жөне пайдаланушылар осы
мәлімет түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір жаңа цифрдың дұрыс
жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принцип.і.
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, ) есептеліп отырылуы
қажет.
Үздіксіз принципі.
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі.
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін
қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына
(қызметіне) баға беруіне көмектесуі керек.
Бейтараптық принципі.
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған
болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен
белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен
қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды.
Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметгер болмаған жағдайда,
негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа
сәйкес келеді.
Әділетті әрі тура көрсету принципі.
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді
пайдаланушыларды қаржы жағдайы жөне ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Толықтылық принципі.
Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі акпараттық мәліметтер сенімді
болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді
болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді.
Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі.
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында тандап алған есеп жүргізу саясатын
есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың,
үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік
есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе
орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы
айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер
қолданылады. Сол барлық қодданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми
тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің
әдістері болып саналынады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден түрады:
- қүжаттау;
- түгендеу;
- шоттар;
- екі жақты жазу;
- бағалау;
- калькуляциялау;
- бухгалтерлік баланс;
- есеп беру.
Құжаттау.Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр
түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік
есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған
операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған
операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы
немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні, тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есептің мақсаттары
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Бухгалтерлік есеп пайда болуы және мақсаты
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселелері
Түсініктілік принципі
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Пәндер