Жай вексельдің айналысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

1. 1 Вексель туралы жалпы түсінік . . . 4

1. 2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі . . . 5

1. 3 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы . . . 8

2 ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚОЛМА -ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ФОРМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

2. 1 Вексельдің айналымда қолданылуы . . . 19

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның тәжірибесі негізінде қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлерінің дамуына талдау . . . 23

2. 3. Коммерциялық банктердің вексельді есепке алуы және Ұлттық Банкпен вексельді қайта есепке алуы . . . 36

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оның даму болашағы . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 44

КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектiлiгi: Қазіргі замандағы әр түрлі технология, ақпараттық жүйелердің дамуы нәтижесінде қолма - қолсыз есеп айырысу формалары бірі вексель орны ерекше екендігі және оның қоғамда маңызды болуы.

Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. Осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақша айналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады. Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (09. 07. 2003 ж. ) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің экономикалық мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында. Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктерде және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз. Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі - төлем құралы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары және олардың қызмет ету ерекшеліктерінің маңызы мен мәні талқылауды қажет етеді.

Өйткені вексель қолма-қолсыз төлем құралы ретінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың артық өсіміне шектеулер қояды.

Біздің осы курстық жұмысты орындаудағы негізгі міндеттеріміз келесідей:

  • Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі жалпы экономикалық сипатын ашу;
  • Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері мен жіктелу құрылымын талдау;
  • Вексельдің банкте қолданылуын жан-жақты талдау;
  • Қазақстандағы вексель және вексель айналысына қатысты құқықтық заңдарға талдау жасау;

1 ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

1. 1 Вексель туралы жалпы түсінік

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.

А. А. Фельдманның айтуынша: «вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілген соманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д. М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады. [1]

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.

Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды) .

Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.

Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі - серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауы, бірін-бірі бақылауы және жасалатын несиелік келісімі. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруде келісімнің мәні және оның маңызы зор.

Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оныңдаусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, вексельдіайнымалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.

1. 2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі

Классикалық вексель айналымының негізін коммерциялық вексель құрайды. Қазақстан тәжірибесінде негізінен қолданылатын вексельдің түрлеріне - жай және аудармалы вексель жатады. Дамыған Жапония және Франция елдерінде аудармалы вексельді белсенді түрде қолданылады.

Жай вексель (соло) - вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Сурет-1 - Жай вексельдің айналысы

  1. Вексельді тауар сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші - вексель иемденушіге) ;
  2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге) ;
  3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынып отырады;
  4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді, яғни вексельді өтейді;

Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель берушінің өзі делдалды қатыстырмай ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін. [2]

Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Аваль - вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікелей банкке жіберіледі. Вексельді өтеудің бұл түрі- аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады.

Вексельдерді есептеу және оны кепілдікке алу операцияларының негізінде коммерциялық несие банктік несиеге айналады, яғни несиенің бір формасынан оның екінші формасы пайда болады.

Акцепт - есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі.

Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттен көре көре аламыз:

6

5

3 4 8 7

2

1

Сурет-2 - Аударым вексельдің айналысы

2-ші суреттегі:

  1. вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) яғни қарызға тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
  2. төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге (трассантқа) қайтарады.
  3. вексель беруші (трассант) акцепттелген вексельді ремитентке - аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
  4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемдерді өтеуге жіберіп отырады;
  5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
  6. ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
  7. несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
  8. ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.

Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары бар.

Бұл айырмашылықтарға келесілер жатады:

  • Жай вексель - бұл қарапайым түрдегі борышқордың борыштық қолхаты, яғни төлеуге берген сөзі. Аудармалы вексель - бұл кредитордың қарыз алушыға төлеушіге тиісті ақшалай қаражатын ремитентке төлеуі туралы ұсынысын білдіреді;
  • Жай вексельде екі тұлға қатынасады: вексель беруші (қарыз алушы) және вексель ұстаушы (кредитор) . Аудармалы вексельде кемінде үш немесе одан көп тұлға қатынасады: вексель беруші (кредитор) - трассант, төлеуші (борышқор) - трассат, вексель ұстаушы - ремитент;
  • Жай вексельде вексель беруші - бұл вексель ұстаушыға қатысы бойынша төлеуші немесе вексель ұстаушының үкімі бойынша үшінші бір тұлғаға қатысты алғанда ол әрдайым вексельдегі қарызды өзі төлейді. Сондықтан да бұл жерде вексельді акцептеу қажет етілмейді.
  • Аудармалы вексельде вексель беруші - бұл кредитор, бірақ та ол, өзінің борышқорына қарызды өзіне емес, яғни өзі борышқор болып табылатын үшінші бір тұлғаға (вексель ұстаушыға) төленуіне ұсынысын жасайды. Бұл дегеніміз ол өзінің қарызын өзі төлемейді, бірақта ол төлемді оның өтінішін басқа бір тұлға жасайды. Аудармалы вексель арқылы қарызды төлеу басқа тұлғаға өтеді. [3]

Осыдан келіп, оның аудармалы деген аты туындайды. Вексель берушінің міндеті мынадай бір өзіндік шартты көздейді «Егер де төлеуші төлемесе, мен төлеймін» деген сипатқа ие. Соған сәйкес аудармалы вексельдің бет жағында төлеушінің қолы түрінде акцептің болуы талап етіледі.

Аудармалы вексельде мыналар болуы тиiс:

1) құжат мәтiнiнiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы;

2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;

3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы;

4) төлем мерзiмiн көрсету;

5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету;

6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы;

7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;

8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.

Кесте 1 Вексельдің жіктелуі

Белгілеріне байланысты жіктеу
Вексельдің атауы
Сипаттамалар
Белгілеріне байланысты жіктеу: Алынған табысына байланысты
Вексельдің атауы:

Дисконттық

Пайыздық

Сипаттамалар:

Номиналдық құнынан төмен сатып алынатын вексель.

Номиналы бойынша сатып алынатын вексель табыс алу үшін ұсынады.

Белгілеріне байланысты жіктеу:

Мерзіміне қарай

Қатысушылардың санына байланысты

Вексельдің атауы:

Қысқа мерзімді

Орта мерзімді

Ұзақ мерзімді

Жай

Аудармалы

Сипаттамалар:
  1. айға дейін
  1. айдан 1 жылға дейін

1 жылдан жоғары

Вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу құралы, вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесі;

Вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығын білдіреді.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Мақсатына, мәміленің сипатына және қамтамасыз етілуіне қарай
Вексельдің атауы:

Коммерциялық

Банктік

Қаржылық

Қазынашылық

Кезікпе

Фиктивті

Бронзалық

Достық

Сипаттамалар:

Сатып алу - сату мәмілесі негізінде туындайтын вексель.

Банктердің түрлі банктік операцияларды жүзеге асырғандағы дәлелдейтін вексельді айтамыз.

Мәні банктердің қаражатты тартуы.

Өзінің шығынын өтеу үшін мемлекеттің айналымға шығарған вексельі.

Қамтамасыз етілмеген вексель.

Қамтамасыз етілмеген вексель.

Кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Төлем мерзіміне байланысты
Вексельдің атауы:

Ұсынуы бойынша

Нақты күні көрсетілген

Ұсынылғаннан кейін нақты бір күнде

Сипаттамалар:

Ұсынған кезде төленеді, бір жыл ішінде төлеуге ұсынылуы керек, вексель беруші бұл мерзімді қысқартуы мүмкін.

Вексельді нақты төлеу күні көрсетіледі.

Акцепт күні немесе наразылық білдірген күн бойынша анықталады.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Рәсімдеудің дұрыстығына қарай
Вексельдің атауы:

Жарамды

Жарамсыз

Сипаттамалар:

Вексельдің реквизиттері көрсетіледі.

Вексель ережесінің орындалмауы.

1. 3 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:

  • төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
  • төлем талабы-тапсырмаларымен есеп айырысу;
  • аккредитив арқылы есеп айырысу;
  • чек арқылы есеп айырысу;
  • вексель арқылы есеп айырысу.

Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы келісім-шартпен анықталуы тиіс.

Есеп айырысу формасын таңдай мынадай жағдайларда анықталады:

  • контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;
  • жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;
  • мәмілеге қатысушылардың мекен-жайымен;
  • жүкті тасымалдау тәсілімен;
  • заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.

Формаларды таңдауда есеп айырысуды жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы - клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасын білдіреді. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады, алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке коммиссиондық төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша. [4]

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асады.

Төлем тапсырмасының есеп айырысу сызбасы келесі 3-ші суретте көрсетілген.

1

4 2

Сурет 3 - Төлем тапсырмасы

Сызбасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысының есеп айырысу сызбасы.

Мұндағы: 1- тауарды (қызметті) жабдықтау; 2- төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3- жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4- жабдықтаушыға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-суреттен қара) ;

Тауарды жөнелкеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-ші сурет) ; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

1

5

4 2

3

Сурет 4 - Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

Мұндағы: 1 - алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - жабдықтаушыға оның шотына қаржы түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады. [5]

Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем-талап тапсырмасы - жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.

Төлем талап -тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі:

1

3 4

6 2

5

Сурет 5- Төлем талап -тапсырмасы бойынша есеп айырысу

Мұндағы: 1 - тауарды жабдықтау (қызмет көрсету) ; 2 - төлем талап -тапсырмасын сатып алушының банкіне беру; 3 - есеп айырысу құжаттары төлеушіге келісім беру үшін беріледі. 4 - төлеушіге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкке сатып алушының шотынан шегеріледі; 5 - жабдықтаушының банкіне қаражат аударылып, онда жабдықтаушының шотына есепке алынады. 6 - жабдықтаушының шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Нарықта сатып алынатын тауарлар мен қызметтер қолма-қол ақшамен де, қолма-қол жасалмайтын тәсілмен де төленуі мүмкін. Бір-бірінен алшақ қашықтықта орналасқан жеткізуші мен сатып алушы арасында жасалған мәмілелер бойынша уақтылы есеп айырысуға кепілдік беретін төлемдерді жүзеге асырудың қолма-қол жасалмайтын тәсілдері жиі қолданылады. Бұл ретте, қолма-қол жасалмайтын төлем мен аударым жасау үшін төлем құралдары пайдаланылады, олардың көмегімен төлемге бастамашылық етіледі және олардың негізінде ақша аударымдары жүзеге асырылады.

2010 жылы екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ төлем тапсырмалары, төлемдік талап-тапсырмалар, инкассалық өкімдер, төлем карточкалары, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға арналған чектер, орындалған аккредитивтер мен банк шотын тікелей дебеттеу сияқты төлем құралдарын пайдалана отырып, 122 033, 7 млрд. теңге сомасына 188, 0 млн. транзакция мөлшерінде транзакция жүргізілді (15-сурет пен 8 және 9-кестелер) .

Сурет 5. 2001-2010 жылдардағы төлем құралдары санының

және сомаларының өзгеру динамикасы

Кесте 2 2001-2010 жылдардағы төлем құралдарының пайдаланылуы туралы мәліметтер (транзакциялар саны бойынша) мың транзакциямен

Кезеңі
Төлем тапсырма-лары
Төлемдік талап-тапсырма-лар
Инкассалық өкімдер
Төлем карточка-лары
Басқа да құралдар
Жалпы жиыны
Кезеңі: 2001
Төлем тапсырма-лары: 14 387, 8
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 145, 4
Инкассалық өкімдер: 2 118, 7
Төлем карточка-лары: 14 629, 3
Басқа да құралдар: 1 315, 5
Жалпы жиыны: 32 596, 7
Кезеңі: 2002
Төлем тапсырма-лары: 13 000, 8
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 104, 6
Инкассалық өкімдер: 265, 9
Төлем карточка-лары: 20 957, 5
Басқа да құралдар: 470, 1
Жалпы жиыны: 34 799, 0
Кезеңі: 2003
Төлем тапсырма-лары: 19 177, 4
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 131, 5
Инкассалық өкімдер: 200, 3
Төлем карточка-лары: 28 748, 3
Басқа да құралдар: 426, 2
Жалпы жиыны: 48 683, 7
Кезеңі: 2004
Төлем тапсырма-лары: 25 862, 9
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 96, 0
Инкассалық өкімдер: 263, 6
Төлем карточка-лары: 36 611, 7
Басқа да құралдар: 437, 8
Жалпы жиыны: 63 272, 0
Кезеңі: 2005
Төлем тапсырма-лары: 30 454, 0
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 120, 1
Инкассалық өкімдер: 301, 2
Төлем карточка-лары: 49 820, 4
Басқа да құралдар: 4 335, 2
Жалпы жиыны: 85 030, 6
Кезеңі: 2006
Төлем тапсырма-лары: 30 870, 4
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 135, 5
Инкассалық өкімдер: 341, 9
Төлем карточка-лары: 66 826, 5
Басқа да құралдар: 7 867, 9
Жалпы жиыны: 106 042, 2
Кезеңі: 2007
Төлем тапсырма-лары: 35 239, 8
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 230, 4
Инкассалық өкімдер: 492, 1
Төлем карточка-лары: 86 734, 7
Басқа да құралдар: 9 430, 5
Жалпы жиыны: 132 127, 4
Кезеңі: 2008
Төлем тапсырма-лары: 36 355, 9
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 475, 5
Инкассалық өкімдер: 783, 6
Төлем карточка-лары: 102 545, 0
Басқа да құралдар: 7 863, 9
Жалпы жиыны: 148 023, 9
Кезеңі: 2009
Төлем тапсырма-лары: 39 052, 9
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 209, 9
Инкассалық өкімдер: 357, 9
Төлем карточка-лары: 118 076, 5
Басқа да құралдар: 6 077, 7
Жалпы жиыны: 163 775, 0
Кезеңі: 2010
Төлем тапсырма-лары: 46 656, 1
Төлемдік талап-тапсырма-лар: 207, 9
Инкассалық өкімдер: 861, 9
Төлем карточка-лары: 136 322, 2
Басқа да құралдар: 3 925, 0
Жалпы жиыны: 187 973, 1

Кесте 3. 2001-2010 жылдардағы төлем құралдарының пайдаланылуы туралы мәліметтер (транзакциялар сомасы бойынша) млрд. теңгемен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вексельдің түрлері және вексель айналысы
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Несиелік ақшалар және оның түрлері
Несие ақшалар және олардың экономикалық маңызы
Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы
Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролі
ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау
Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы
Вексельдік айналысқа банктің қатысуының қазіргі тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz