Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
I Бөлім. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1.Орталық банктердің мәні және түпкі
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ Бөлім. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы
жүйелерiндегі алатын орны
2.1.Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi
кезеңдегi Қазақстан республикасына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...11
2.2.Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие
саясатына талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер
мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл
тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің
несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының
қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей
әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама
түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң
қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте
кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге
жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық
банктер атқарды. Орталық банктердің қазiргi кездегі үлгісінің баға
динамикасына әсер ету мүмкіндіктері мол, сонымен бiрге жалпы экономикалық
жүйеге, ақша массасын азайту немесе үлкейту арқылы, ықпал жасай алады.
Сонымен қоса, банк жүйесiнің тұрақты қызметі үшiн жағдай жасауда Орталық
банктердің мәнi зор. Тарихи тұрғыда, қызметтiң бұл түрі – қиын жағдайда
қалған банктерге үкiмет тарапынан саналы түрде көмек көрсету қажеттiлiгінен
пайда болды, және ол соңғы инстанциядағы несие берушінің функциясы (the
lender of last resort ) атауын алды. Бұл функциямен қоса Орталық банктер өз
қарыздарларының қызметіне ережелерді анықтайды және оларды бақылау
құзыретіне ие, яғни банк жүйесiн реттеуге құқылы. Дамыған елдердiң орталық
банктерінің келесідей өкілеттіктері бар: банктік қадағалауды жүзеге асыруға
немесе оған қатысу, банктiң қызметiн лицензиялауға, банктiк саладағы
қатынастарды реттейтiн, сөзсiз орындалуы тиіс ережелерді қабылдауға.
Орталық банктер инфляциямен күресте демек, тұрақты экономикалық өсу үшiн
жағдай жасауда маңызды рөлдердi ойнайды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Дамыған елдердiң Орталық банктерiнің
қызметін, олардың ақша-несие саясатын зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысаны. Дамыған елдердiң Орталық банктерiнiң қызметi.
Зерттеу пәні. Дамыған елдердiң ақша-несие саясатын реттеу және жүзеге
асыру құралы ретіндегі Орталық банктердiң құрылымы және әдістері болып
табылады.
Зерттеудің әдiстемелiк базасы ретінде отандық және шетел ғалымдарының
Орталық банктердiң қызметi туралы еңбектерi болып табылады. Осы жұмысты
жазу үшiн ақпарат көздерiнің келесідей түрлері қолданылды: базалық оқу
әдебиеті, қарастырылған саладағы әр түрлi авторлардың теориялық еңбектерi,
журналдар мен арнайы баспалардағы мақалалар және шолулар т.б. Курстық
жұмыстың құрылымы 3 тараудан және тақырыпты ашуға бағытталған бiрнеше
бөлімдерден тұрады.
Орталық банктердiң қазiргi кездегі құрылымы салыстырмалы түрде жақында
пайда болды. Капитализм дамуының ерте кезеңінде орталық (эмиссиялық) және
коммерциялық банктердiң арасында айқын айырмашылықтар болмады. Коммерциялық
банктер капиталды жинақтау үшiн банкноталарды белсенді түрде шығарып
отырған. Несие жүйесi дами келе бiрнеше iрi коммерциялық банктерде банктiк
эмиссияның орталықтану процесі орын алды. Бұл процесстiң қорытындысы
ретінде банкноталардың монополиялық шығару құқығын жалғыз бiр банктің атына
бекiту болды. Мұндай банк бастапқыда эмиссиялық немесе ұлттық деп аталды,
кейінірек ақша – несие жүйесiнде оның басшылық ететiн жағдайына сәйкес
келетiн Орталық деген атқа ие болды.
Бiрiншi ұлттық банк – швед Риксбанкi 1668 жылы феодализмнан
капитализмға ауысу барысында пайда болды; 1694 жылы Англия банкі құрылды.
Алайда, олар эмиссиялаудың ерекше құқығына ие болмады және қазiргi кездегі
орталық банктердiң функцияларынан айырмашылықтары болды. Мысалы, алғашқыда
Англия банкi сауда және өнеркәсiптi, ал Нидерланд банкi iшкi және сыртқы
сауданы қаржыландыру үшін құрылған болатын. Орталық банктердiң қазiргi
үлгісі XIX ғасырларда пайда болды. Қазiргі уақытта әлемнің барлық елдерінде
орталық банктер бар, алайда, олардың арасында айырмашылықтардың болуы елдің
саяси және қаржылай-экономикалық дамуының ерекшелiктерiмен байланысты.
Орталық банктер - несие жүйесiнiң бiрiншi деңгейi. Орталық банктердiң басты
мiндетi – ақша–несие жүйесінiң орнықтылығын және коммерциялық банктердiң
тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Орталық банктердiң негiзгi функциясы
– мемлекеттiң монетарлық саясатын iске асыру. Орталық банктер меншiктiң
түрі бойынша мемлекеттiк, акционерлiк және аралас болып бөлінеді.
Мемлекеттiк орталық банктердiң өкiлдерi - Немiс федералды банкi (Германия
бундесбангi), Англия банкi, Франция банкi, акционерлiк Орталық банкі - АҚШ
Федералды резервтiк жүйесi болып табылады.
I. Дамыған елдердегі орталық банктердің қызметi.
1.1.Орталық банктердiң мәні, түпкi мақсаттары.
Орталық банктерге деген қажеттілiк бұдан үш жүз жыл бұрын
(алғашқы орталық банктердiң бiрi – Швед Риксбанкi 1668 жылы құрылған)
феодализмнан капитализмға өту барысында тауар – ақша қатынастарының
дамуымен байланысты пайда болды. XX ғасырда орталық банктiң елдегі
шаруашылық айналымындағы қызметінің мәнін түсiну керек болды. 1920 жылы
Брюсселде болған Халықаралық қаржы конференциясында Орталық банкісі жоқ
мемлекеттерде оны құру керек деген қорытынды жасалады.[1] Орталық банктер
жай банктiк (коммерциялық ) мекемелер және мемлекеттiк мекемелерге тән
сипатқа ие болды. Басқа мемлекеттiк құрылымдарға қарағанда Орталық банктің
өз бетінше тәуелсiз қызмет ету деңгейi жоғары. Көбiнесе ол парламентке
немесе парламенттің арнайы тағайындалған комиссиясының алдында тiкелей
жауапты.
Орталық банктiң жетекшiсiн мемлекет басшысы немесе парламент
тағайындайды. Дамыған елдердің заңнамасына сәйкес бұл жоғарғы лауазымға
Үкімет өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Әдетте Орталық банк ерекше
өкілеттікке ие акционерлік қоғам ретінде құрылады. Көп жағдайда оның
капиталы мемлекетке тиесілі болады, бірақ орталық банктің акционері ретінде
коммерциялық банктер немесе басқа да қаржылық мекемелер бола алады[1]
Әр елдің Орталық банкісiнің еркіндік дәрежесi бірдей бола бермейді,
мысалы, барынша тәуелсiз Немiс Федералды банкiсі және үкiметке толық
тәуелдi болатын Франция банкі. Англия банкі бұл қатарда аралық орында
орналасады. Орталық банктер ерекше мәртебесі бар заңды тұлға болып
табылады. Банкке тиісті мүлік мемлекеттiң мүлігінен жеке болып табылады.
Ресми түрде ол мүлік мемлекеттiң жеке меншiгінде болғанымен, Орталық банк
оған иелiк ете алады.
Дамыған елдердiң орталық банктерiнiң құқықтық статусы келесідей
құқықтық актілерде бекiтілген: орталық банктер туралы заңдар және олардың
жарғылары, банктік және несие қызметi туралы заңдар, валюталық заңнама.
Орталық банктiң қызметін реттейтiн негiзгi құқықтық акт – Орталық банк
туралы заң болып табылады. Бұл заңдар Орталық банктің ұйымдастырушылық –
құқықтық статусын, функцияларын, жоғарғы басшылық етушi құрамды тағайындау
тәртібін, мемлекет пен ұлттық банк жүйесімен қарым – қатынасын анықтайтын
құрал болып табылады.Сонымен қоса, осы заң орталық банктiң бұл елдiң
эмиссиялық институты ретіндегі өкiлеттiгiн орнатады.
Әдетте Орталық банк акционерлiк қоғам формасында жасалады. Оның
капиталы мемлекетке (Франция, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және
Испания) тиесілі болады. Егер мемлекет капиталдың тек қана бiр бөлiгiне
иелік етсе (Белгия, Жапония), Орталық банктiң акционерлерi ретінде
коммерциялық банктер (АҚШ) немесе басқа да қаржы мекемелерi болса (Италия),
әйтсе де, мемлекет орталық банктiң басқару органдарын құруда басты рөлдi
ойнайды.[1]
Мемлекеттiк өкiмет органдары мен Орталық банктердің өзара байланысының
формасы және мазмұны әр елде айтарлықтай өзгешеленедi. Осындай өзара
әрекеттесулерді шартты түрде екi модельге ажыратуға болады:
• Орталық банк қаржы министрлiгiнiң агенті ретінде және оның ақша-
несие саясатындағы жолбасшысы ретінде болады
• Орталық банк үкіметтен тәуелсiз болғандықтан, ол ақша-несие саясатын
өткiзу кезінде дербестiкке ие болады, яғни оған үкiмет органдары жақтан
қысым жасалмайды.
Бірақ, іс жүзінде бұл модельдер таза түрінде жұмыс iстемейдi. Елдердiң
көпшiлiгiнде аралық модель қолданылады, оған сәйкес орталық банктер,
белгілі бір деңгейдегі еркіндікке ие бола отырып, атқарушы билікпен өзара
әрекеттеседі. Парламентке Орталық банктердiң бағынуы тек 5 елдiң
заңнамасында - АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция және Голландия -
ескерiлген. Мемлекеттердiң көпшiлiгiнде Орталық банктер қазынашылыққа
немесе қаржы министрлiгiнің алдында жауапты. Ұлыбританияда, Франция,
Италияда және басқа да дамыған елдердің қаржы министрлiктері Орталық
банктерге нұсқау беруге өкiлеттi болып келеді, дегенмен мұндай жағдайлар iс
жүзiнде сирек болады. Әдетте, консенсусқа үкiмет, кәсiпкерлер мен банкирлер
одақтарының мәжiлiстерiнде жетедi және ол қаржы министрлiгi мен Орталық
банктің өкiлдерiнің бiрлескен мәлімдеме беру кезінде көрініс табады.[9]
Қаржы министрлiгi мен Орталық банк арасында орын алған
келіспеушіліктер тек қана әкiмшiлiк жолмен шешімін табады, яғни оны
Парламенттың резолюциясы немесе үкiметтiң шешiмi арқылы келісімін табады.
Бірнеше Елдердің заңнамасында Орталық банктердiң парламенттiң алдында есеп
беруi ескерiлген. Осылай, АҚШ федералды резервтiк жүйесi (ФРЖ) жылына 2 рет
өз қызметiнің нәтижелері туралы АҚШ конгрессiне есеп береді, Германия
мемлекетінің орталық банкi жыл сайын парламентке есеп беріп отырады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде екi деңгейлi банк жүйесі қызмет
жасайды. Жүйенiң жоғарғы деңгейiнде Орталық банк (эмиссиялық), ал төменгi
деңгейде коммерциялық банктер орналасқан. Өз кезегінде Коммециялық банктер
әмбебап және мамандандырылған (инвестициялық банктер, сақтандыру банктерi,
қор жинау банктерi, тұтынушылық кредит банктерi, салалық банктер, өндiрiс
iшiндегi банктер) және банктiк емес несие – қаржы институттары
(инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары, ломбардтар, трасттық компаниялар) болып бөлінеді.
Дамыған елдердiң көпшілігінде орталық банк (эмиссиялық) мемлекет
қарамағында болады. Мемлекет ресми түрде Орталық банктің капиталына иелік
етпесе (АҚШ, Италия, Швейцария) немесе жартылай иелік етуіне (Белгия - 50%,
Жапония - 55%) қарамастан орталық банк мемлекеттiк орган функциясын
орындайды.
Орталық банк банкноталарды шығаруда (эмиссия) монополиялық құқыққа ие.
Ол елдің ресми алтын-валюта резервтерiн сақтайды, мемлекеттiк саясаттың
несие - ақша саласын және валюталық қатынастарды реттеуді жүргiзедi.
Орталық банк мемлекеттiк қарыздарды басқаруға қатысады және мемлекеттiк
бюджеттiң кассалық - есеп қызметін жүзеге асырады. Орталық банк несие
жүйесiнде банктердің банкісі ролін ойнайды, яғни коммерциялық банктер мен
басқа да мекемелердің міндетті резервтерін және еркiн қаражатын сақтайды,
оларға ссуда береді, соңғы инстанциядағы несие беруші ретiнде қызмет
атқарады.
1.2.Дамыған елдердің Орталық банктерiнiң функциялары.
Орталық банктердiң алуан түрлi функцияларының арасында негiзгiсін
ерекшелеу керек. Ол функцияның көмегінсіз орталық банктiң басты мiндетiнiң
орындалуы мүмкiн емес ,яғни, Ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын сақтау
және сол мақсатқа жету үшін тиiстi қосымшалар. Барлық Орталық банктердің
iске асыратын негiзгi функциялары реттеуші, бақылаушы және қызмет етушi
болып бөлінеді. Реттеуші функцияларға жатады:
• жиынтық ақша айналымын басқару;
• ақша-несие саласын реттеу;
• несиеге сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Бақылау функциялары:
• несие - банк жүйесінің жұмысына бақылау жасау;
• валюталық бақылауды өткiзу.
Қызмет етушi функциялар:
• коммерциялық банктердiң төлем-есеп қатынастарын ұйымдастыру;
•банктiк мекемелер мен үкiметке несие беру;
•үкiметтiң қаржы агентi рөлiн атқару.
Орталық банктердің бәрiне түгел тән ең маңызды реттеуші функциясы ақша-
несие саясатын жетілдіру және жүзеге асыру болып табылады.[12] Өткізілетін
ақша-несие саясатының сипаты Орталық банктің үкiметке қатысты
тәуелсiздiгiнiң дәрежесiне тәуелдi болады, демек, Орталық банк ешқашан
үкіметке абсолюттi түрде тәуелді болмайды. Мысалы, ақша массасы
агрегаттарының мақсаттық бағдарларының өзгерiсiн, әдетте, тiкелей орталық
банктер анықтайды. Бiрақ бір де бiр орталық банк өз бетінше, мемлекеттiң
қатысынсыз, валюталық тәртiпті (режим) орната алмайды.
Басқа жағынан қарағанда, соңғы он жылдықта ақша-несие саласында
қалыптасқан тенденциялар Орталық банктердiң тәуелсiздiгiнiң күшейуiне
мүмкiндiк туғызды. Айта кетсек, капитал қозғалысын либерализациялау және
дерегулирования процесстерiнің орын алуы нарықтық құралдардың
маңыздылығының өсуіне және әкiмшiлiк реттеу әдiстерiнiң азаюына алып келдi.
Бұл, өз кезегiнде, регламенттау процедураларының тұқыртуына әкелді және
Орталық банктердiң тәуелсiздiгiн нығайтты. Ақша-несие саясатын дайындау
және оны өткiзу келесілерден тұрады:
• ақша-несие саясатын дамыту бағытын анықтау;
• ақша-несие саясатының негiзгi құралдарын таңдау;
• ақша массасы, қарыздар және жинақтар бойынша статистикалық базасының
деректерін жасау және жүргiзу;
• Елдің экономикалық және ақша-несие саласындағы проблемаларын
зерттеудi өткiзу;
• ақша бағдарламаларын құрастыру және олардың орындалуын бақылау.
Орталық банктiң ең маңызды реттеушi функциясы несие және шетелдiк
валютаға сұраныс пен ұсынысты реттеу болып табылады. Ол ақша және валюта
нарығындағы интервенция операцияларын өткiзу арқылы iске асады. Орталық
банктер несие экспансиясын тежеу мақсатында несие - банк институттарының
өтiмдiк деңгейiн төмендету шараларын қолданады, несие экспансиясын кеңейту
үшiн қарама-қарсы әрекеттердi жүзеге асырады. Ұқсас сипатқа валюта
нарығындағы интервенция операциялары ие болады. [3] Несие – банк жүйесінің
қызмет етуіне бақылау жасау Орталық банктің маңызды функцияларының бірі.
Мұндай бақылау жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал өз кезегінде
Ұлттық ақша бірлігіне сенiмді орнықтыру үшін несие - банктiк институттар
тиiмдi және тұрақты жұмыс iстеу керек.
Әдетте, несие - банк жүйесін қадағалауды тiкелей орталық банктер
жүзеге асырады, дегенмен Белгия, Германия, Швейцария және Жапония
мемлекеттерінде қадағалау органдары орталық банктен институционалды түрде
бөлiнген. Бірақ оған қарамастан, Орталық банктер олардың қызметiне араласу
немесе консультациялық қызмет көрсету арқылы олармен тығыз байланыста
болады. Басқа елдерде Орталық банктер басқа институттармен бiрлесе отырып
несие - банктiк мекемелердiң қызметiн бақылайды. Мысалы, АҚШ-тың ФРЖ
қызметтерге бақылауды депозиттердi сақтандыру Федералды корпорациясы, ақша
айналымын бақылау Қызметi, штаттардың уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып
жүргізеді.[7]
Валюталық бақылау және валюталық реттеудi жүзеге асыру Орталық банктiң
маңызды бақылау функцияларының бірі болып табылады. Валюталық бақылау және
валюталық реттеудiң қатаңдылық деңгейі ең алдымен елдің жалпы валюта -
экономикалық жағдайына тәуелдi болады. Осылай, дамушы елдерде сыртқы
төлемдер мен есептеулерге жататын кең аядағы операциялар бақылау жасауды
қажет етеді. Бұл шетелдiк валютаның жұмсауын регламенттеу қажеттiлiгiмен
шартталған. Керiсiнше, қазіргі кезде экономикалық қатынаста дамыған елдер
валюталық бақылауды либерализациялау жолымен жүріп келеді. Қолма-қол ақша
мен қолма-қолсыз ақша арқылы есептесу жүйесiнің үзiлiссiз жұмыс жасауын
қамтамасыз ету - орталық банктiң қызмет көрсету функцияларының бiрi.
Бастапқыда бұл саладағы Орталық банктiң қызметi қағаз-ақша таңбаларын
айналымға шығарумен шектелетін. Кейіннен, қолма-қолсыз ақшалардың даму
шамасына байланысты Орталық банк төлем-есеп қатынастарының ұйымдастырушысы
және қатысушысы ролiн ойнай бастады. Ақша қаражаты ағымының ортасында
орналасқандықтан, Орталық банктер қолма-қолсыз есептер мен төлемдердiң
механизмінің тез және үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қоса, Орталық банктердің төлем жүйелерiне тiкелей қатысуы міндетті
болып табылмайды, кейбiр Орталық банктер бұл жүйелердiң қызметiне
бақылаумен шектеледi. Орталық банктiң тағы да бір қызмет етушi функциясы -
несие - банктiк институттар мен үкiметке несие беру. Соңғы инстанциядағы
несие беруші бола тұра, Орталық банктер қаржы ресурстарға уақытша мұқтаж
болып отырған несие - банктiк мекемелерге ссудаларды ұсынады.
Үкіметке несие беру арқылы Орталық банктер мемлекеттiк қарыздар мен
мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұл әсіресе
дамушы елдерде кең қолданылады. Орталық банктiң үкiметке ссудалары олардың
активтерiнің қомақты үлесі болып табылады. Керiсiнше, дамыған мемлекеттер
бұндай тәжiрибеден қашқақтайды. Сондықтан қазіргі кезде бұл функция
негізгілер қатарына емес, қосымшаларға жатқызылады.
Орталық банктiң келесі қызмет етушi функциясы - үкiметтiң қаржы
агентiнiң рөлiн орындау, яғни, үкiмет есептерiн жүргiзу және әр түрлi
үкiмет мекемелерiнiң активтерiн басқару. Кейбiр елдерде, мысалы, АҚШ-та бұл
функцияларды Орталық банктер мен коммерциялық банктер бiрлесiп орындайды.
Басқа мемлекеттерде, мысалы, Италияда Орталық банктер iс жүзiнде
мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтері болып табылады.[1]
Орталық банктiң қосымша функциялары оның басты мiндетiмен (ұлттық ақша
бірлігінің тұрақтылығын сақтау) тiкелей байланысты емес, бiрақ оны iске
асыруға мүмкiндiк туғызады. Бұл функцияларға жатады: мемлекеттiк қарыздарды
басқару, аналитикалық зерттеулердi өткiзу және статистикалық деректер қорын
жүргiзу, банкноталар жасау және т.б. Әр елдiң Орталық банктерiнде
аналитикалық және статистикалық зерттеулерді өткiзу функциялары өзінің
сипатына байланысты тым әртүрлі болуы мүмкін. ақша-несие және валюта
саясаты төңiрегiндегі зерттеулер төлем баланстарының мәлiметтерiне
негiзделедi. Кейбiр елдерде (Белгия, Германия, Франция, Нидерланды,
Жапония) бұл орталық банкке жинау функциясы және сондай мәлiметтерге талдау
жасау бойынша құқық беруге (делегирование) себепшi болды.
Орталық банктердiң көпшiлiгi экономиканың нақты секторындағы
экономикалық конъюнктураға зерттеулердi жүзеге асырады. Кейбiр орталық
банктер (АҚШ федералды резервті банктерi, Жапония банкi, Белгия ұлттық
банкi, Немiс федералды банкi, Франция банкi, Англия банкi және т.б.)
өткiзiлген зерттеулердiң толық нәтижелерiн жариялайды.
Орталық банктердің көбісі кәсiпорындардың қаржылық жағдайларын
зерттейді және банктiк тәуекелдер бойынша орталықтандырылған қызметтердi
құрады (Белгия ұлттық банкi, Немiс федералды банкi, Франция банкi, Италия
банкi, Испания банкi). Бұдан басқа, Германия, Белгия, Испания, Италия
орталық банктерiнде кәсiпорындар балансының орталықтандырылған деректер
қорлары бар.[10]
Барлық орталық банктердiң мақсаты - банкноталарды айналымға шығару
және оның елдiң аумағында айналымын қамтамасыз ету. Сонымен бiрге Орталық
банктердің аз бөлігінде ғана (Италия, Ұлыбритания, Белгия, Испания т.б.)
банкноталардың өндiрiсi бойынша арнайы құрылымдық бөлiмшелерi бар.
Кейбір Орталық банктер банктiк емес клиентурамен байланыстарды жүзеге
асырады және қоғамдық қызметтердi ұсынады. Барлық Орталық банктер өз елiнiң
қаржы мекемелерiмен, басқа Орталық банктермен және халықаралық қаржы
ұйымдарымен корреспонденттiк қатынастарды қолдайды. Алайда, Банктiк емес
клиентурамен коммерциялық қатынастар әрдайым екінші кезекте болады.
Орталық банктер ұжымдық пайдалану қызметтерiнiң нақтылы жиынын ұсына
алады. Банк жүйесiнің қызмет етуін және коммерциялық банктер мен олардың
клиентурасының арасындағы қатынастарды жақсарту үшін кейбiр Орталық
банктер, жоғарыда айтылып кеткендей, банктiк тәуекелдер бойынша
орталықтандырылған қызметтердi құрады, төленбеген векселдерді бақылайды.
Дегенмен, эмиссиялық монополия мен есеп орталығы функцияларының
мәнiнiң төмендеуі байқалуда. Оның себебі ақша айналымын модификациялау және
электрондық есеп жүйелерiн енгiзумен байланысты. Орталық банктің ақша
белгілерін эмиссиялау монополиясы көбінесе тек қана банкноталарға қатысты
жүргізіледі. Монетелар мен қазынашылық билеттердің эмиссиясы қазынашылықпен
iске асырылады. Батыс елдердегi банкноталардың эмиссиялары қандай да
болмасын қатал жоспарлаумен жүргізілмейді. Мысалы, Англия банкi эмиссия
кезінде айналымға қолданыста болған ескі ақшаларды шығару арқылы
банкноталарды жасауға кететін шығындарын қысқартады. Англия банкi Англия
аумағы және Уэльсте банкноталарды шығару монополиялық құқығына ие болады
(сонымен қоса олар Шотландияның аумағында және Солтүстік Ирландияда
айналымға енгiзе алады). Сонымен бiрге Шотландия мен Солтүстік Ирландияның
үш ең iрi коммерциялық банктерiне банкноталарды шығаруға рұхсат етілген.
Бірақ соңғылардың эмиссия құқығы едәуiр дәрежеде шектелген. Олар Англия
банкісінде жүз проценттi салымдармен қамтамасыз етілген кезде ғана
банкноталарды шығара алады.[5]
II. Дамыған елдердегі Орталық банктердің экономика мен қаржы жүйесiн
реттеуде алатын орны.
2.1. Дамыған елдер мен қазіргі кезеңдегі Қазақстан республикасының
банк жүйесiндегi Орталық банктерге шолу.
Англия банкi - әлемнiң ең ескi орталық банкi. Бұл институт он жетiншi
ғасырдың соңында Англияда құрылған. Ол банкрот болған үкiмет пен
қаржыгерлер тобының арасында жасалған мәмiле нәтижесінде пайда болды. 1690
жылдардағы Англия банк жүйесi қарыз қаражаттарынан (заемные средства) несие
беретiн банкирлерден және депозиттерге алтындарды қабылдап, сол қаражаттан
ссуда беретін зергерлерден тұрды. 1688 жылы азамат соғысы бiттi. Өкiмет
басына меркантилизмдік және тонаушылық отарлау саясатын жүргiзетiн саяси
партия келдi. Француз империясы Англияға жалғыз мықты қарсылас болған,
кейіннен Англия жарты ғасырды қамтитын соғыс ашады.
Милитаризм саясаты өте шығынды болып шықты, және 1690 ж Ағылшын
үкiметі қазынаның таусылып, ақша жоқтығына тап болады. Көп жыл соғысты
көрген адамдарды үкіметтік облигацияларды сатып алуға көндіру мүмкiн емес
болып шықты. Сонымен бiрге салық мөлшерлемесін жоғарылату да мүмкiн емес
болатын.
Сол кезде 1693 жылы үкiметті қаржыландыру әдiстерiн iздестiретін
Қауымдар (Палаты Общин) Палатасы комитетi құрылды. Сол кезде Шотландық
қаржыгер Вильям Петерсон өзінің қаржы тобының атынан үкiметке жаңа жоспар
ұсынады. Мемлекет тарапынан белгілі бір артықшылықтарға айырбас ретінде,
Петерсон жаңа банкноталарды шығара отыра дефициттi жоятын Англия банкiн
құруға ұсынды. Осындай түрде мәмiле жасалды. 1694 жылы Парламент Банкті
бекiткеннен кейiн тіпті король Вильямның өзі және Парламенттiң кейбір
мүшелерi жаңа ақша фабрикасы-ның акционері болуға асықты.
Англия банкi, басқа елдердiң орталық банктерi сияқты, дәл қазiргі
уақытта өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделу үшін жаңа талпыныстарды
қажет ететiн қаржы және экономикалық өзгерiстердiң орталығында орналасқан.
Бұл олардың функциясын, ұйымдастырылуын және технологияларына маңызды
өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгін тудырады, сонымен қоса банк аралық
кооперация және халықаралық ынтымақтастыққа жаңа көзқарастар мен жолдарды
енгізу. Англия банкiнің орындайтын функциялар екi топқа бөлінеді:
1. топ - банктiк статустан шығатын тікелей кәсiби мiндеттер
(депозиттік - ссудалық, есеп және эмиссиялық операциялар)
2. топ - бақылау функциялары, оның көмегімен мемлекет ақша-несие
жүйесіне экономикалық процесстерге әсер ету мақсатымен кiрiседi.
Англия банкi өзінің бұл рөлдерiн орындау кезінде, заң нормаларына
емес, негiзiнен дәстүрлерге сүйенеді. Несие - банктiк мекемелердiң
қызметінің регламентін белгiлейтiн түрлi ережелер мен процедуралар осы
мекемелердiң арасындағы джентльмендік келiсiмдер ретінде орнатылған.
Англия банкінің функциялары көп, бiрақ олардың барлығы үш басты мақсатқа
жетуге арналған. Олардың ішінде:
1. ұлттық валютаның құнын қолдау, негiзiнен - үкiметпен бірлесе отыра
нарықтағы операцияларды орындау, басқаша айтқанда ақша саясатын жүзеге
асыру;
2. Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету. Банктер мен Сити қаржы
нарығының қатысушыларына бақылау жасау және төлемдердің тиімді мықты
жүйесін қамтамасыз ету.
3.Мемлекеттің ішкі қаржы жүйесінің тиімділігі мен бәсекелестікке
жарамдылығын қамтамасыз ету және Лондондық Ситиді халықаралық қаржы
орталығы ретіндегі позициясын нығайту. Кез келген банк секілді Англия банкi
өз клиенттерiне қызметтердің бірнеше түрін көрсетедi. Бірақ Англия банкінің
клиенттері басқа банктердiң клиенттерiнен ерекшеленеді. Клиенттердi 3
маңызды топқа бөлуге болады:
1.Коммерциялық банктер. Барлық клиринг банктердің Англия банкiсінде
шоттары бар. Клирингтік операцияларда сол шоттар қолданылады. Банктердің
шотында белгілі бір міндетті сомасы болу керек, және ол соманы асыруға
болмайды. Ұлыбританияда қызмет ететін барлық банктер өздерінің
депозиттеріндегі сомманың 0,35 % Англия банкінің шотында (депозит) сақтауға
тиіс. Бұл резервтер нормасы Англия банкінің басты кiрiс көзi болып
табылады.
2. Басқа елдердің орталық банктерi Англия банкісінде шоттары бар және
алтынды сақтайды. Олар Англия банкісі арқылы Лондонда жұмыстарын жүргізе
алады.
3. Үкiмет шоттарын Англия банкiсінде ұстайды. Осылай төлемдер,
бюджеттік салықтар және әлеуметтiк мұқтаждықтарға арналған бюджеттік
төлемдер Англия банкісінің шоттары арқылы өтеді.
Жоғарыда айтылғандырмен сәкестіре отырып Англия банкісінің алғашқы үш
функциясын ерекшелеуге болады:
1. Англия банкi коммерциялық банктерге банк қызметін атқарады
2. Англия банкi басқа Орталық банктерге банк қызметін атқарады
3. Англия банкi үкiметке банк қызметін атқарады.
Англия банкісінің басқа функциялары жоғары айтылған орталық банктердiң
ортақ функцияларымен дәл келедi.
Англия банкi үкiметтен формальды тәуелсiздiгімен ерекшеленеді. Демек,
ол қаржы министрлiгiнің басшылығымен жұмыс iстейдi. Англия банкінің
жетекшісінің өкілеттік мерзiмi үкiметтiң ауысуына тәуелдi болмайды.[5]
АҚШ федералды резервтiк жүйесi
XX ғасырдың басында АҚШ аумағында 5 мыңнан кем емес эмиссиялық банктер
болды. Оның әрбiрi өзінің негiзгi капиталының сомасына тең болатын
банкноталардың массасын айналымға шығару құқығына ие болатын. Сонымен қоса
әр Ұлттық банк өзге банктердiң билеттерiн қабылдауға мiндеттi болатын
(олардың заңды төлем құралдары болмауына қарамастан). Қазір АҚШ банк жүйесi
тұрады:
• Федералды резервтiк жүйеден, ол елдің орталық банкісі функциясын
орындайды;
• Коммерциялық банктерден;
• Инвестициялық банктерден;
• Жинақ банктерiнен;
• Несие-жинақ ақша қауымдастығынан.
АҚШ федералды резервтiк жүйесiнiң ұйымдық құрылымы:
АҚШ банктері бөлек бағынышты. Яғни, коммерциялық банктердің (ұлттық
банктердің) қызметін лицензиялау, бақылау, қадағалау және реттеуді
федералды үкімет жүзеге асырады, ал қалғандары үшін жеке штаттардың
өкiметтерi. Реттеуді есепке ала отыра барлық американдық банктер төрт топта
бөлінеді:
• Ұлттық банктер;
• Штаттардың банктерi – ФРЖға мүше;
• Банктер – ФРЖға мүше емес, депозиттерді сақтандырудың федералды
корпорациясына (ДСФК) кіреді.
• Банктер – ФРЖға мүше емес, олардың салымдары ДСФК да
сақтандырылмаған.
Ұлттық банктер ақша айналымының Тексерушілеріне бағынады (Қаржы
министрлігінің қызметі) және барлық федералды банктік заңдар мен ФРЖ,
ДСФКнің ережелері мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше – Штаттардың
банктерi, олар тiркелген және аймағында операцияларын жүзеге асыратын
штаттың заңдары мен ережелерiне бағынады. ФРЖға мүше емес және ДСФКда
сақтандырылған салымдары бар – банктер тиiстi штаттардың заңдарына және,
сонымен бiрге, ДСФК ереже мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше емес,
шоттары сақтандырылмаған банктер тек штаттардың заңнамасына бағынады.
Демек, банктер өз юрисдикциясын таңдайды, яғни федералды өкiметтерге немесе
штаттардың өкiметтеріне бағынуын таңдайды. Бұған қоса, елде федералды
өкіметке де , не штаттардың өкіметіне бағынбайтын банктер жұмыс iстеуде
(олар жеке деп аталады).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz