Дарынды балалардың қабілеттін дамыту процесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама
1.1 Қабілеттің түрлері мен даралық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Қабілет туралы ғалымдардың теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.3 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... 15
Бірінші бөлім тұжырымы

2 Дарынды балалардың қабілетінің дамуын эксперименттік зерттеу .
2.1 Оқушының дарындылық қабілетін анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Екінші бөлім тұжырымы

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық
экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында
елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда
айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты
фактор адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және
білімдері болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен  жастардың дамуы
үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және
тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте
болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі
қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың
қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет
болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі
сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие,
өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты
жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік
өсті.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік
және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім
беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық
қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші
орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы
тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңына сәйкес Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін
дамыту сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым
мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман
қажет.
Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның
бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты
мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың
жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді. Әрбір
қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның
шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз
Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр.
Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын
құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын
қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке
адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса
маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің
дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары
ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең
үңіле бермейміз.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін
көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес
немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі
талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын
творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын
шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының
негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды
ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің
бірі деп білеміз.
Дарындылық — "табиғаттан берілген ерекше қабілет" деп түсіндіріледі.
Адами ойлау — табиғаттын адамзатқа берген тамаша сыйы. Дарындыларды іздеу,
оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте кажет. Себебі, әрбір
талантты адам енбекке бейім келеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканын даму
деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын,
олардың шығармашылыкпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап
етеді.
Жас жеткіншектерге тәрбие, білім беру мен шығармашылық кабілетін
дамытуда мұғалімнің және баланың рөлін анықтап, ұстаздық қызметтің ұрпақ
тәрбиесіне тигізетін әсерін ашып көрсетілсе, еліміздің негізгі тұтқасын
ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды, қабілетті ұландарымыз көп
болмақ.
Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек. Біздің
пікірімше олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады:
- туа біткен қасиетін дамыту;
- отбасының жагдайы, ата-анасының қолдауы;
- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;
- ұстаз біліктілігі;
- мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды,
талантты оқушылар жетіле түседі, күш-қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек
етеді.
Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Дарынды балалар
қабілетінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау деп алдық.
Зерттеудің мақсаты.  Қабілеттің психологиялық ерекшеліктерін анықтау
және балалар бойындағы дарындылық қабілетін дамыту мен жетілдіру жолдары
жүйелеу.
Зерттеудің нысанасы: Дарынды балалардың қабілеттін дамыту процесі.
Зерттеу пәні: Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: егер мектепте оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін
анықтауға жан-жақты мән берілсе, онда дарынды балалардың шығармашылық
қабілетін жүйелі арттыруға болады.
Зерттеу міндеттері:
- Қабілет мәселесі, оның белгілері  мен түрлеріне сипаттама беру;
- Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің
психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
- Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: қабілет мәселесі және оның тұлғаның
қалыптасуындағы маңыздылығы туралы Төленияз Г., Жарықбаев Қ., Жақыпов
С.М., Қаңтарбаева Г., Бекболғанов Е., Досыбекова Ш., Иманғалиева А.
еңбектеріне сүйене отырып, теориялық талдау жасап және зерттеу жүргізуге
бағыт берді.
Зерттеу әдістері. әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, бақылау әдісі,
әңгіме әдісі, психодиагностикалық зерттеу, психокоррекциялық жаттығулар.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеудің теориялық жүйесін мақсатты
қолдану қабілет мәселесі, оның белгілері  мен түрлеріне, сонымен қатар
дарындылықтың тұлғаның қалыптасуында маңызды болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Оқушы қабілетін анықтау мен олардың
дарындылық қабілетіне мән беріп, оны дамытудың нақты жолдарын өңдеу.
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
және оқушылардың іс-әрекетін жүйелі жоспарлау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Қабілеттің түрлері мен даралық ерекшеліктері
Қолайсыздану жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз
болып шыға келеді. Осы ізденімпаздылықтан шығатын қабілеттің түрін -
дарындылық деуге болады. Дарындылықтың негізгі белгілері:
1) Ой-өрістің жоғарылығы;
2) Шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту;
3) Қатынас пен белсенділік;
4) Қозғалғыштық;
Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушы жанындағы педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін
орталар: ата-ана, мұғалім, мектеп жолдастары, жұртшылық. Дарынды баланы
анықтай алу үлкен шеберлікті қажет етеді. Бала жанын түсініп, баланың
табиғатын толық анықтау үлкен өнер. Объектіні айқын белгілеу үшін
педагогикалық, психологиялык әдістер қолданылады. Байқау, әңгімелесу,
жоспарланған сұрақтар тест тапсырмаларын беру арқылы оқушының сөзді есте
сақтауы, өз пікіріндегі дәлдікті, сөйлемге мән беріп толық жеткізуін байқап
аламыз.
Баланың жеке ерекшеліктерін анықтап алған соң, оларды дамыту жұмыстары
басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми негіздеуге
құрылады. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі
шарт. Нағыз маман иесі деп -оқушылардың жүрегіне жол тапқан, педагогикалық
шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке
басының ерекшеліктерінен көрінеді:
білім дәрежесі;
мақсаттылығы;
сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы;
оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білуі;
ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі;
ата-анамен байланыс жасап, кеңес беру;
Əрқандай iс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы қажет
жəне сол iстiң тиiмдi нəтижесiн қамтамасыз етуге жəрдем беретiн сапаларға
ие болуы тиiс.
Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан,
өзiндiк психикалық табиғатына ие болудан, екiншiден - əркiмде өз алдына,
қайталанбас көрiнiсiнен жеке адам қабiлетi деп аталады. Адам болғанның
барлығы тiк жүру, сөйлеу мүмкiндiктерiне ие, бiрақ бұлардың бiрi де шын
қабiлет тобына кiрмейдi, себебi, бiрiншiсi – психологиялық құбылыс емес,
екiншiсi - баршада бiрдей көрiнетiн əрекет. Қабiлеттердiң табысты iс-
əрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиiмдi нəтижеге негiз боларлық дара-
өзгермелi адам қасиеттерiнiң шеңберiн тарылта қарастыру керек.
Қабiлетсiздерге қарағанда, қабiлеттi адам iс-əрекеттi тезiрек меңгередi,
қажеттi, мол нəтижеге оңай жетедi. Қабiлет өз iшiне əртүрлi психофизикалық
қызметтер мен психикалық процестердi ғана емес, сонымен бiрге жеке тұлғаның
барша даму деңгейiн қамтыған əрi оларға тəуелдi күрделi бiрiгiм. Адамның
сыртқы бiлiм, ептiлiк, дағды əрекеттерiнде көрiнгенiмен, қабiлет табиғаты
iс-əрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық жəне бiлiм жағынан күштi бола
тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбiреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ
күрделi қызметтердi атқарып, тиiмдi нəтиже беруге шебер. [1,21]
Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның
жүзеге асуы мүмкiн қасиеттерiнiң бiрi ретiнде бағаланғаны жөн, яғни қабiлет
жерге тастаған дəнмен бiрдей: қолайлы жағдай болса өнедi, керi жағдайда
көрiнбей-ақ жойылады.
Осыдан, қабiлет - бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк
көзi, ал оның iске асу, аспауы көп жəйттерге тəуелдi. Мысалы, балада
керемет математикалық қабiлет болуы ықтимал, бiрақ ол сол баланың ғұлама-
математик боларының кепiлi емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл
педагог, отбасы мүмкiндiктерi т.б.) орындалмаса, қабiлет дамымай жатып,
өшедi. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға
кеткенiн кiм санапты? Ал мектепте "үштiк" бағаға ептеп iлесiп жүрген
Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты.
Бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың игерiлуiмен олардың қабiлетпен тiкелей
байланысы көрiне бастайды, яғни iс-əрекеттi игеру барысында қатыса отырып,
қабiлет одан əрi дамиды, iс-əрекетке жаңа мазмұн мен сипат бередi.
Математиканы оқымаған адамның математикалық қабiлетi ешқашан да жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында
ғана қалыптастыру мүмкiн.
Сонымен, қабiлет бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың өздерiнде көрiнбей,
танып үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-
қиын) байқалады. Iс-əрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң
тиiмдiлiгi қабiлетке тəуелдi. [2,69]
Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабында iске асатыны ғана емес,
сонымен бiрге дəл бiр уақытта жəне нақты шақтағы əрекетке қажет болғандары
да кiредi. Мүмкiн болған жəне нақты қабiлеттердi тұлға қабiлетiнiң дамуына
ықпал етушi əлеуметтiк жағдайлардың жанама көрсеткiшi ретiнде тануға
болады. Себебi қоғамның əр тарихи даму кезеңiнде қалыптасқан əлеуметтiк
жағдайлардан мүмкiн болар қабiлеттер өрiстей түседi не кедергiлерден сөнiп
кетедi, нақты iс жүзiнде көрiнiп не пайдалану сəтi болмай қалады.
Адам қабiлетiндегi айырмашылық iс-əрекеттiң нəтижесiнен, яғни оның
сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады. Қызығушылық адамда объектi жан-жақты
танып бiлуге ұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекеттi орындауға
талпыну. Қызығушылық пен бейiмдiлiк сапаларының үнемi өзара үйлесiм тауып,
бiр бағытта тоғысып отыруы мүмкiн емес. Оған түрлi жағдайлар себепшi,
мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бiрақ ол осы
саладағы өнер түрлерiмен шұғылдануға бейiмсiз болуы мүмкiн. Дегенмен,
белгiлi бiр iс-əрекет түрiне қабiлетi бар адамдардың қызығушылығы мен
бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады. [3,15]
Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет,
қызығушылық, бейiмдiлiктен тыс оның мiнез-құлқында келесi сапалық
көрiнiстер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгiштiк, табандылық, батылдық.
Бiрақ, осындай ерекше қабiлетi бар адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол
жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiң iс-əрекетiне, жеке басына сын көзiмен
қарап, мiнезiнiң ұнамды, ұнамсыз сапа-ларын айқын ажырата аларлық деңгейде
болуы керек.
Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарындылық, шеберлiк, талант,
данышпандық, шабыт кiредi. Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм,
ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы
қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылық деп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-
сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жəне психо-
моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi. [4,54]
Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық,
əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа
жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi,
басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта
алады. Бұл қасиеттiң адамдағы көрiнiсi - 2-3 жасар баланың бiр iспен үзбей
шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзiн
қызықтырған iспен бiрнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бiрнеше
күндер бойы қайта оралып, көздегенiне жетпейiнше, əрекетiн тоқтатпайды.
Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды
игерiп əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi. Дарындылықтың өзiндiк
ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, бiреу матема-
тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық жұмыстарға бас (лидер)
болуда өз дарындылығын iске қосып, оны нақты iс-əрекетте кейiн дамыта
түседi. Мысалы, мұғалiм дарындылығының көрсеткiштерi келесiдей:
1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру;
2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану;
3) жұмыста шығармашыл болу;
4) балаларды өз еркiне көндiре алу;
5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк;
6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы;
7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы;
8) педагогикалық əдептiлiк;
9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу;
10) шəкiрттерге қаратылған байқағыштық;
11) педагогикалық талапшаңдық (Ф. Н. Гоноболин).
Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты iс-
əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет - шеберлiк деп
аталады. Шеберлiк, яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де
қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады. Шеберлiк көбiне өндiрiстiк қайта
жасау қызметтерiмен байланысты келедi.
Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен
туындайтынын бiлiдiрмейдi.
Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез
келген жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет
етедi. Шебер маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау
жолдарын табу, екеуi өзара байланыста қабылданады, iске асады, яғни "не
iстеу" жəне "қалай iстеу" арасында жiк болмайды.
Шеберлiк деңгейi - өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында
адамның қабiлет түзiлiмi, тұлғалық мəнi қалыптасып, бiр деңгейден
екiншiсiне көтерiлумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да
қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан
жасампаздық дəрежесiне көтерiледi.
Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық
құбылыс -талант. "Талант" сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-
манап өзi жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп ерiншек құлына беретiн күмiс
ақша бiрлiгi - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы
айналымға жiберудiң орнына, топыраққа көмiп, жасыратын болған. Осыдан
халықта "таланты құм болды", "таланты көмiлдi" деген ұғымдар сақталып
қалған. Қазiргi күнде талант арнайы қабiлеттердiң (музыкалық, суреткерлiк,
əдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңгейлi дамуын бiлдiредi. Қабiлеттер
сияқты талант та iс-əрекетте көрiнiп, өрiстейдi. Талантты адамның қызметi
өзiнiң жаңашылдығымен, қайталанбас мəнерiмен ажыралады.
Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəуелдi. Қай бағыттағы
дарындылықтың жол алуы дəуiр қажеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты
мiндеттерге байланысты. Мемлекеттiң дамуы инженерлiк жəне кон-структорлық
таланттардың жетiлуiнен, мемлекеттiң көркейген кезеңiнде əн-күй, əдебиет
таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты əскери қолбасшы дүниеге
келедi. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ. Сатпаев, М. Əуезов, Б. Момышұлы,
Қажымұқан, Р. Рымбаева - əрбiрi өз дəуiрiнiң саңлақтары.
Талант - көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұтастығы. Өте жоғары
дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды.
Мысалы, кейбiреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не
бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да.
Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi – данышпандық
деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат
мəдениетiнiң тарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады.
Өркениеттiң 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400 кемеңгер көтерiлiптi
(Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын
Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ
данышпандарының бiрiншi ондығынан.
Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи
көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы
адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды iске асыруға ынталандыратын
психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары
белсендiлiгiнен, оның iс-əрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық
ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi.
Өмiрнамашыларының айтуынша, И. С. Тургенев шығармаларын жазуды өзiн-өзi
зорлап, көндiруден емес, iшкi ниет қалауымен қалай бастағанын бiлмей қалады
екен.
Шабыт пен еңбек - екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, шабыт –
қажырлы еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк.
"Шабыт – ерiншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П. И.
Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi,
мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi - шабыттанудың алғы
шарттары. [5,36]

1.2. Қабілет туралы ғалымдардың теориялары
Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалымдар арасында
қызған ой-пiкiр таласын тудыруда. Солардың iшiнде өз басымдылығын танытқан,
тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабiлеттердiң
биологиялық негiздi екендiгi жəне олардың нəсiлдiкке тəуелдiлiгiн
дəрiптейтiн көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тəрбие қабiлеттердiң пайда болу
қарқынын өзгертуi ғана мүмкiн, ал олардың көрiнiс беруi бiрыңғай емес.
Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгiлi болған, Гайдн - 4, Дина
Нүрпейiсованың күйшiлiк өнерi 8 жасында байқалған. Сурет жəне сəулет өнерi
қабiлеттерi кейiндеу бiлiнедi: Рафаэл - 8 жаста, Ван-Дейк - 10 жаста, Дюрер
- 15 жаста өнермен айналыса бастаған.
Кез келген әрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да болмасын әр
түрлі қабілетке байланысты болады және де сол бір нәтижені беретін бұл
байланыстыру әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей
қабілеттерді дамытуға қажетті талаптың болмауы олардың тапшылығы
басқаларының неғұрлым жоғары дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам
психикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің
салыстырмалы әлсіздігі салдарынан қасиетері бірдей басқа қабілеттердің
орнын тиісінше кеңінен өтеу мүмкіндігі болып табылады, тіпті осы қабілетпен
неғұрлым тығыз байланысты әрекетті табысты орындау мүмкіндігі ескерілмейді.
Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте
басқалармен орын толытыруы деп жазды Б.М.Теплов. Жалпы алғанда, психология
ғылымының көптеген мәселелерінің ішінде ең маңызды орынды қабілеттер
мәселесі алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші мәселенің
әрқашан да қызығушы-лығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар.
50-60 жылдары, Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н.,
Платонов К.К., Рубинштейн С.Л., Дружинин В.Н. және тағы басқа кеңестік
зерттеушілердің еңбектерінің арқасында қабілет мәселесінің барлық басты
аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам жасалды. С.Л.Рубинштейн
30-шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта бастайды. Оның
алғашқы жұмысының мазмұны кейінірек „Жалпы психология негіздері” оқулығында
баяндалды. Онда автор осы мәселеге деген көзқарасын айта отырып, қабілетті
дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы дарын-дылық пен арнайы
қабілеттер сұрақтарын қарастырады.
Қабілеттің екі түрі бар:
1. Жалпы қабілет.
2. Арнайы қабілет.
Арнайы қабілеттер адамның іс-әрекетінің жеке арнайы салаларындағы
жетістіктерін анықтайды. Ол арнайы қабілеттердің түрге жіктелуінен
көрінеді (математика, музыка, әдебиет, т.б.). Жалпы және арнайы
қабілеттердің арақатынасын жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде
қарастырады. Ғылымда олардың жіктелуінің белгілі әрекеттері бар. Бұл
жіктелулердің көпшілігі, алдымен табиғи немесе шынайы (өзінің биологиялық
шарттас-тырылуы негізіндегі) қабілет және қоғамдық-тарихи шығу тегі бар
арнайы адами қабілет деп өзгешеленеді.
Табиғи қабілет әсіресе жоғарғы, адамдар мен хайуанаттар үшін ортақ
болып табылады деп түсіндіріледі. Мысалы, мұндай қарапайым қабілет
қабылдау, есте сақтау, қарапайым қарым-қатынас қабілеті болып табылады.
Ойлауды белгілі бір көзқараспен, адам үшін ғана емес, жоғары жануарлар үшін
де сипатталған қабілет ретінде қарастыруға болады. Осы қабілет туа біткен
бейімділікпен тікелей байланысты. Алайда адамның талаптылығы мен жануардың
бейімділігі – бұл екі басқа нәрсе. Адамда бұл бейімділік негізінде қабілет
қалыптасады. Бұл үйрету механизмі қарапайым өмірлік тәжірибеде өтеді.
Адамның даму процесінде осы биологиялық қабілет арнайы адами қабілеттердің
басқалар да қалыптасуға мүмкіндік туады.
Бұл арнайы адами қабілетті жалпы және арнайы жоғары интеллектуалды
қабілет деп бөлу қабылданған. Өз кезегінде, олар теориялық және
тәжірибелік, оқу және шығармашылық, пәндік және тұлғааралық, т.б. бөлінеді.
Жалпы, қабілетке сан түрлі әрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын
анықтайтындарды жатқызу қабылданған. Мысалы, аталмыш категорияға қол
қозғалысындағы талғампаздық пен дәлшілдік, есте сақтау, сөйлеу және басқа
да ойлау қабілеттіліктері енеді. Олай болса, жалпы қабілет, көбінесе
адамдарға тән дараланған қабілеттермен түсіндіріледі. Арнайы қабілет ерекше
пайда болатын қажетті бейімділіктерді жүзеге асыруға және олардың дамуына
арналған, адамдар табыстылығын арнайы әрекеттер түрлерінде анықтайтындармен
жобаланып түсіндіріледі. Ондай қабілеттерге музыкалық, математикалық,
лингвистикалық, техникалық, әдеби, көркем-шығармашылық, спорттық және т.б.
жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің болуы олардың арнайы
қабілеттің дамуын жоққа шығармайтынын ескеруіміз керек Қабілет мәселелерін
зерттеушілердің көпшілігі жалпы және арнайы қабілеттер арасында кереғар
ұғым болмайды, олар өзара бірін-бірі толықтырып және байытып отырады.
Сонымен қатар кейбір жағдайларда жалпы қабілеттің жоғары деңгейде дамуы
белгілі бір әрекет түрлеріне қатысы бойынша арнайы қабілет ретінде бой
көтере алады. Осыған ұқсас кейбір авторлардың өзара әрекеттері, олардың
көзқарасы бойынша жалпы қабілет арнайы қабілетті дамытуға арналған базасы
болып табылады деп түсіндіреді. Басқа зерттеушілер жалпы және арнайы
қабілеттің өзара байланысын түсіндіре отырып, қабілеттің жалпы және арнайы
деп бөлінуі өте шартты екенін атап көрсетеді. Мысалы, шын мәнісінде әрбір
адам оқу курсынан соң қоса, көбейте, бөле алады, сондықтан математи-калық
қабілетті жалпы қабілет ретінде қарастыруға болады. Алайда бұл қабілет
соншалықты жоғары дамыған адамдарда бар екенін, біз оларда өте күрделі
есептерді шығару қабілеттілігі, математикалық түсініктер мен операцияларды
меңгерудің жылдамдығын көрсететін математикалық таланттың барлығы туралы
айта бастаймыз.
Біз адами қабілет қатарына адамдармен өзара әрекеттесуі қарым-
қатынасында айқындалынатын қабілетті толық негізді жатқызуға тиіс. Бұл
қабілеттер әлеуметтік шарттастырылған болып табылады. Олар адамда қоғамдағы
өмірінің процесінде қалыптасады. Қабілеттің бұл тобынсыз адамға өзіне
ұқсастар арасында өмір сүру қиынға түседі. Солай, қарым-қатынас құралы
ретінде сөйлеу тілі болмаса, қоғамдағы адамдарға бейімделе алмаса, яғни
адамдардың әрекеттерін дұрыс бағалау және қабылдау, олармен бірлесіп әрекет
жасау және әр түрлі әлеуметтік жағдайларда өзара жақсы қарым-қатынасты
жөнге салу, қалыпты өмір және адамның психикалық дамуы мүмкін емес. Адамда
бұл тектес қабілеттердің болмауы әлеуметтегі оның биологиялық мәнділіктен
айналдыру жолындағы жеңе алмайтын бөгеттері болар еді.
Қабілетті жалпы және арнайы деп бөлудің сыртында теория-лық және
тәжірибелік қабілет деп бөлу қабылданған. Теориялық және тәжірибелік
қабілет бір-бірінен біріншіден, адамның абстрак-тылы-теориялық ойлау
бейімділігін алдын ала анықтайтынымен, екіншіден нақтылы практикалық
әрекетімен өзгешеленеді. Жалпы және арнайы қабілетке қарағанда теориялық
және тәжірибелік қабілеттілік, көбінесе бір-бірімен сәйкес келмейді.
Қабiлеттердiң нəсiлдiкке тəуелдiлiгi туралы ғылыми зерттеулер əр
адамның қабiлетiн оның миының көлемi жəне салмағымен байланыстыра
түсiндiредi. Белгiлi болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г.
Ұлы тұлғалардың, мысалы, И. С. Тургеневтiң миi - 2012 г., Д. Байрон - 1800
г., аталған көрсеткiштен бiршама жоғары болған. Мұндай дəлелдер бiршама
баршылық. Бiрақ қабiлет пен ми байланысына орай басқаша, керi дəлелдердi де
келтiруге болады: Ю. Либихтiң миi - 1362 г., А. Франстың - 1017 г. Ал ең
ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыл-есi кем адамда байқалған. Солайда
болса, кең қауым арасында "миы көп - ақылды" деген ұғым көбiрек жайылған,
осыдан маңдайы биiк, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан
келелi ой-пiкiр күтемiз, ал екi елi, тар маңдайлы адамның қабiлетiн
күнiлгерi жоққа шығарып, одан ешбiр негiзсiз үмiтiмiздi үземiз. [6,12]
Қабiлетiне байланысты нəсiлдiк идея Франц Галльдың "Френология"
(phrenos -ақыл, logos - бiлiм) деп аталған психологиялық тағылымында
дəрiптеледi. Френологтар адамның психикалық ерекшелiктерiн оның бас
сүйегiнiң сыртқа формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мəнi: бас
миының қабығы белгiлi қабiлеттерге мекен болған (локализация) бiрқанша
орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиiстi бөлiгiнiң ауқым-көлемiнен онда
мекен алған қабiлеттiң даму деңгейi анықталатын көрiнедi.
Арнаулы зерттеулер негiзiнде əрқайсысы белгiлi дара қабiлетке сай
келетiн бас сүйегiнiң 27 учаскесi анықталып, картаға түсiрiлген. Осы
картадан музыка, поэзия, сурет өнерiне сай "қабiлет iсiктерiн", менмендiк,
сараңдық, батырлық "қабiлет дөңестерiн" т.б. айыруға болады екен. Дегенмен,
кейiнгi дəуiрде əдейi медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегi ми
қабығының формасын тiптi де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның
ақыл жəне адамгершiлiк қабiлеттерiн бас сүйегiнiң "дөңестiгi" не
"сайларымен" анықтау ғылым тұрғысынан ерсi əрi негiзсiз.
Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекендiк қызметi жөнiндегi
жорамалы ғылым үшiн өте маңызды болды. Бұл идея кейiн Фрич жəне Гитциг
еңбектерiнде өз дəлелiн тауып, дами түстi. Аталған бағытты зерттегендер
арасында Ч. Ф. Дарвиннiң эволюциялық теориясына негiздеп, қабiлеттiң тұқым
қуалаушылыққа байланысты екенiн тұжырымдаған Ф. Гальтон есiмi өз алдына.
Əлемге əйгiлi тұлғалар өмiрнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын
жетiлдiруде аса дарындылардың нəсiлдiк заңдылықтарын ашу жəне пайдалану
қажет деген қорытындыға келдi. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс
жоғары қабiлеттiлiгi бiрнеше əулетте байқалған 400 адам тiзiмiн түздi.
Бұл қатарда аса белгiлi болған немiс музыканттарының тобын ұлғайтқан
Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағылардың алғашқы əн-күй қабiлетi
1550 жылы көрiнiс берген. Əулет атасы В. Бах қарапайым наубайшы күй тартып,
əн салғанды сүйген. Оның екi баласынан өрбiген Германияны екi ғасыр бойы
дүркiреткен музыканттар легi үздiксiз жалғасып барған. Бах жанұясынан 60
музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көрнектiлерi, ал осы əулеттi əлемдiк
өшпес даңққа бөлеген əйгiлi композитор Иоганн Себастьян Бах.
Осындай ғажайып қабiлет кұбылысын қазақ əн-күй өнерiн дамытуда көзге
түскен жерлесiмiз Төлеген Момбеков шықкан əулет тарихынан да байкауға
болады (Р. Бердiбай) . Əлбетте, мұндай əулеттiк жоғары қабiлеттiң
нəсiлдiкпен байланыстылығын ешкiмде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада
қабiлет негiзi ретiнде əлеуметтiк тəрбиенiң өте маңызды екенiн мойындамауға
болмайды. Бесiгiнен əн-күй теңiзiнде шарықтап, шалқып өсуiне қолайлы жағдай
қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтiмен қосып үлкендердiң музыкалық
тəрбиесiн алмағанда, ол баланың кiм болары бiр Аллаға аян.
Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тiкелей қарсы шыққан
ғалымдар тобы оқу мен тəрбие маңызын бiрбеткей əсiрелеумен болды. ХҮIII
ғасырдың өзiнде-ақ К. А. Гельвеций адамды тəрбие арқылы дарындылыққа
жеткiзуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерiн жариялады. Бұл бағыт
тарапындағылар дамуы өте кешеуiлдеген тайпа балалары оқу, тəрбие
нəтижесiнде Европа зиялыларының деңгейiне көтерiлгенiн дəлелдейтiн кейбiр
деректердi тiлге тиек етiп, өз идеяларының дұрыстығын негiздеп бақты.
Сонымен бiрге, бұл еңбектер əлеуметтiк тəрбие аймағынан мүлде тыс қалған
жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай
"маугли", "тарзан" болатынын бетке ұстады. Белгiлi мəдениет аймағында
ерекше арнайы қабiлеттердiң орнығатыны да осы зерттеулерге негiздеме
ретiнде келтiрiлдi. (А. А. Леонтьев, О. Н. Овчинникова, Ю. Б.
Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардың iзiмен əрқандай адамда оқу мен
тəрбиенiң негiзiнде қалаған қабiлеттi дамытуға болатыны жөнiнде қорытынды
жасалды. [7,24]

1.3 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
ХХI ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді.
Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты,
жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру
үшін, қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар
белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы
пайдалана білуі тиіс. [8,48]
Адамзат бойындағы қабілет пен дарындылықты анықтау және оны
дамыту тек психологиялық және педагогикалық мәселе ғана емес, ол біріншіден
- әлеуметтік мәселе болып отыр.
Себебі бұл мәселені мемлекеттің интеллектуалдық және
шығармашылық потенциалының стратегиялық ресурсы ретінде қарастыруға болады.
Яғни, дарынды бала – ұлт болашағы.
Дарынды баланың интеллектуалдық қуаты - мемлекеттің баға жетпес
резерві болып табылады. Сондықтан бала бойындағы дарындылықты анықтай
отырып, қамқорлыққа алу – баршамызға ортақ, яғни, бүкіл халықтық шара
екендігі даусыз. Өйткені тума дарындар – қай кезде де, қандай қоғамда да
іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлық. [9,25]
Айналамызды қоршаған әлем тез өзгереді. Әсіресе саяси, әлеуметтік және
экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру
Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары
Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы жұмыс істеудің жолдары
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
Пәндер