Алынуға тиісті борыштар шоты


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және Кредиторлық қарыздар есебінің түсінігі . . . 4
1. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулардың есебі . . . 4
1. 2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебі және еншілес серіктестіктердің(тәуелді) дебиторлық борыштарының есебі . . . 6
1. 3 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу . . . 8
1. 4 Салық міндеттемесінің және еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулардың есебі . . . 9
1. 5 Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысу есебі . . . 10
ІІ. Дебиторлық және Кредиторлық қарыздар аудитінің ерекшеліктері . . . 13
2. 1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың және де жабдықтаушылармен есеп айырысулардың аудиторлық тексерілуі . . . 13
2. 2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебінің аудиті және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті . . . 17
2. 3 Банк несиелері бойынша операциялар аудиті . . . 18
2. 4 Салықтық міндеттемелерді аудиторлық тексеру ерекшеліктері және де еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудитінің тәртібі . . . 19
2. 5 Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысудың аудиті . . . 25
ІІІ. «Каспиан Сервис Групп Лимитед» ҚФ-на аудиторлық тексерудің жүргізілуі
3. 1. Тәуелсіз аудиторлар есебі . . . 27
3. 2. «Каспиан Сервис Групп Лимитед» ҚФ-ның есептілік нысандары . . . 28
3. 3. «Каспиан Сервис Групп Лимитед » ҚФ-ның аудиторлық тексеру қорытындысы . . . 30
Қорытынды . . . 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешектер қаржылық есеп берудің негізгі баптары болып табылады.
Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек - іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен пайыздар және т. б) пайда болады.
Кредиторлық берешек- бұл заңды немесе жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер сомасы. Пайда болуына байланысты кредиторлық берешек қарапайым және анықталмаған болып бөлінеді. Сонымен қатар кредиторлық берешектер баланста бастапқы және соңғы есептілік кезеңі бойынша келесілердің қалдық сомасы бойынша көрсетіледі:
- төленуге тиісті шоттар мен векселдер
- алынған аванстар;
- салық бойынша міндеттемелер;
- төленетін дивиденттер;
- басқа да кредиторлық қарыздар.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі- кәсіпорындарда қарыздардың қалыптастыруы және оның экономикалық қызметіндегі рөлі мен мақсатына қарай дебиторлық және кредиторлық берешектерге аудиторлық тексеру жүргізу.
Осы жұмысты орындаудағы басты мақсаттар мен міндеттер :
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулардың есебін;
- Күмәнді дебиторлық берешектер есебін;
- Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебін;
- Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
- Салық міндеттемесінің және еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулардың есебін;
- Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысу есебін және сонымен қатар жүргізілетін аудиттің ерекшеліктерін ашып көрсету.
І. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және Кредиторлық қарыздар есебінің түсінігі
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Алынуға тиісті шоттар»
1210«Алынған вексельдер»
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 3 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 5 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 8 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы) .
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің
өзіндік құны 3 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер 3 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт:1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 42 тг
Кт:6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 42 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 8 тг
Кт:3130Қосылған құн салығы сомасы 8 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 5тг
Кт:1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 5 тг
Жоғарыда екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпоырндар мен ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп, 1320«Қосылған құн салығы»шоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйым материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпоырндармен есеп айрысуының есебі 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айрысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олрадың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептеліген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленеген сомалар жазылады. 3310 «Жабдықтаушы мен мредігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша 6-журнал ордерге жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олрадың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.
Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталаын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен еспе айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қаматамсыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:
- Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетліген қызметтер, орындалған жұмыстар бойынша есеп айырысудан;
- Фактураланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
- Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларжан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салық есебінсіз) акцептелген шот-фактурасына:
Дт: 1310 «Материалдар» немесе 1330 «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты;
Кт: 3310«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
1. 2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебі және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 1 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Дт:7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 1 тг
Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 1 тг
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 8 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;
Дт:1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 8 тг
Кт:1210 Алынуға тиісті борыштар 8 тг
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
- 1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
- 1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
- 1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» 1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар көрініс табады.
«Шаруашылық веріктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
1. 3 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу есебі
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешіміен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтініштің оң шешімін табуы мүмкін. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызады. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол бірге өтеудің міндеттемсесі болып табылады. Қарызданушы кпелідеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды. Несие алған жағдайда 1030, 1010 - есеп айырысу мен касса шоты ; 3310 - жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиесінің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 «Банк несиелері» шоты кредиттеледі. Несиені өтеген жағдайда 4010 шоты дебиттеліп және 1030 шоты кредиттеледі.
- Салық міндеттемесінің және еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулардың есебі
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі қабылданды.
3110 Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу «Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді. Төлеушілеріне: заңды тұлға, ҚР резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді), ҚР - да төлем кезінде табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар.
Салық салынатын табыс = Жылдық табыс - Шегерімдер
жиынтығы
3120 Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан ұсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- Дивидендтер;
- Депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттер кірмейді) ;
- Ұтыс;
- Заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марпаттау сомасы кірмейді) ;
- Бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.
Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15 % мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
3130 Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналамыныа қосылған, сату айналасына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ ҚР аумағына туарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (ҚҚС - нан босатылған айналымды қоспағанда)
3140 Акциздік (жанама) салық - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебиттеліп, 3140 шотының, «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебиттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
3150 Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметік салықтың есебі, 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотын жүреді.
3160 Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығынның есебі 3160 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
3170 Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалды және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.
- Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысу есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
« Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
- Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz