ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

1. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың
тактикалары ... ... ... ..6-9
1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: үшінші тарап
түсінігі, мәні мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..9-11
1.3 Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-14
2. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ
2.1Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және
тактика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14 -20
2.2 Конфликттерді шешудің келіссөздік жолы: batna және келіссөздер
кеңістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0-21
2.3 Конфликттерді реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері.
Келісімдер
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 21-23
2.4 Келіссөздердің қорытынды
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...23-24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі
формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген
халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады.
Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары.
Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат
алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері
арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның құралы
ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен
айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін халықаралық
құқық әкейлері де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.э.912)
пайда болған.
Мемлекеттердің сыртқы саясатының ерекше сипаттамасына дипломатиялық
келіссөздерді жүзеге асыру маңыздылығының өскені байқалады. Көптеген
дипломаттар мен ғалымдар келіссөздердің арнайы теориясын құру қажеттілігін
айтады. Дипломатиялық келіссөздердің мақсаты – халықаралық сахнада пайда
болған сұрақ төңірегінде келісімге келу. Сонымен қатар, дипломатияда
келіссөздерді жүргізудің сан түрлі әдістері мен жолдары бар.
Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық
келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады.
Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық
келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі.
Зерттеудің мақсаты. Келіссөздердің дипломатиялық қызметтегі негізгі
формаларының бірі ретінде, оның маңыздылығын, жүргізілу әдіс-тәсілдерін,
түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталу, келіссөз нәтижесіндегі негізгі
дипломатиялық құжаттардың түрлері мен дайындау ерекшеліктерін қарастыру.
Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары.
Сондықтан әр мемлекет келіссөздерді жүргізе білу қабілеті мен тәжірибесіне
ие болуы тиіс. Сонымен келіссөздердің халықаралық мәселелер, соның ішінде
қақтығыстар мен жанжалдарды шешудегі таптырмас құралдардың бірі. Қазіргі
кезде аймақтық қақтығыстарды шешуде көп таралған келіссөздердің бірі үшінші
тараптың көмегін-делдалдықты пайдалану.
Зерттеудің міндеті :

• Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикаларының мәнін
ашу;
• Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлін анықтау ;
• Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы
ретінде келтіру;
• Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде қарастыру;
• Конфликттерді шешудің келіссөздік жолын сараптау;
• Конфликттерді реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері.
Келісімдер түрін ашып көрсету;
• Келіссөздердің қорытынды құжаттарына мысал көрсету.
Зерттеудің деректік көзі. Курстық жұмысты жазу барысында көптеген
дерек көздері қолданылды, олардың қатарына – дипломатиялық келіссөздерді
жүргізу ерекшеліктеріне арналған теоретикалық зерттеулер және ҚР Сыртқы
істер министрлігінің құжаттары кіреді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында
В.И.Поповтың В.И.Поповтың лекциялар курсы ретінде жазлыған Современная
дипломатия: теория и практика атты кітабының зор көмегі тиді. Бұл кітапта
В.И.Поповтың лекциялар курсы ретінде елдердің келіссөздер, кездесулер мен
сұхбаттарды жүргізу әдістері мен тәсілдері, дипломатияға қатысты қызықты
мәліметтер мен ақпараттар айтылады.
Захарова Л.М. Коновалова А.А. өзінің Основы дипломатической и
консульской службы еңбегінде дипломатиялық және консулдық қызметтің
негізгі қағидалары, айырмашылығын айтса, Фишер Р., Юри У. - Путь к
согласию или переговоры без поражения - кітабында дипломатиялық
келіссөздерге бару жолдарын ашық нақтылай көрсеткен. Борунков А.Ф.
Дипломатический протокол в России и дипломатический этикет - еңбегінде
Ресей елінің дипломатиясын, ондағы келіссөздер мен дипломатиялық
этикетті көрсеткен. Загорский А.В., Лебедева М.М. Теория и методология
анализа международных переговоров кітабында болса халықаралық
келіссөздерді методологиясы мен теориясына талдау жасаған. Ковалев А.
Азбука дипломатии еңбегінде көбіне дипломатиялық келісөздегі
қолданылатын сөздер, арнайы дипломатиялық тұрақты тіркестерге
тоқталған.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Бұл курстық жұмыста когнетивті
анализ, яғни саяси тұлғаның саяси мәселелері бойынша айтқан
мақалалары қолданылды. Екіншіден - контентті анализді қолданылды.. Бұл
Эксплатативтік әдістің түрі. Ол бойынша –жазбаша мазмұны бар
тексттерді жүйеге келтіріп зерттеу. Үшіншіден –Эксплатативті әдістің
инвент тәсілі бойынша – нақты бір сюжетті алып, қандай жағдай, қай
жерде, қашан болғандығы жайлы талап жазылды. Одан басқа тарихи,
жүйелеу, талдау, салыстыру, қорытындылау әдістері қолданылған.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу негіздері

1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары

Халықаралық келіссөздері үш тактикалық түрге бөлінеді:
1. бастапқы позиция келіссөз басында болады, сосын өзгерістер
енгізіледі;
2. келіссөздер барысында бастапқы позиция өзгеріссіз қалады,
алайда соңғы моментте компромиске деген дайындығы байқалады;
3. бастапқы позиция өзгермейді және келісімді басқа мүшелер
қабылдайды.
Бірінші позицияда, бастапқы позиция асырмалы болуы мүмкін, ал ол
мемлекет-мүшесіне жеңілдікке баруға мүмкіндік береді. Алайда, ондай
тактика әрқашанда нәтижелі бола бермейді, өйткені басқа мүшелер, олардың
біреуі жеңілдікке барса, онда олар өз талаптарын қаталдау қылуы мүмкін.
Нәтижеге қол жеткізу екінші нұсқада ғана мүмкін бола алады, яғни
делегацияның барлық мүшелерінің позициялары мен мүдделері жан-жақты
ескерілгенде. Егер бірінші және екінші нұсқалар компромисстерді,
жеңілдіктерді қарастырса, онда үшінші нұсқада ондай мүмкіндікті
қарастырмайды. [1, с, 24].
Америка зерттеушілері Р.Фишер мен У. Юри келіссөздердің тағы
да үш нұсқалуарын назарымызға ұсынады:қатаң, жұмсақ және принципиалды.[2,
с, 48].
Қатаң кезде келіссөзшілер қарсыласушылар ретінде қарастырылады, ал
келіссөз қорытындысы – жеңіс. Тараптардың әрқайсысы жеңілдікті талап
етеді, өз позицияларына берік болады, сонда ғана қарсыласы сөзсіз оның
ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады.
Жұмсақ әдіс қатаң әдіске қарама-қайшы болады. Ондай нұсқада
келіссөзшілер келісімге жету үшін өзаражеңілдіктерге бара алады. Ондай
келіссөздердің мақсаты – достық қатынасты сақтау.
Екі жүріс тиімді және конструктивті емес немесе қабылданған шешімдер
компромисс сияқты болады, ал ол шын мәнінде тараптар мүдделерін
атқармайды.
Ең нәтижелі әдіс принципиалды жүріс болып табылады, онда саудаласу
болмайды, позицияларға емес тек мүдделерге назар аударылатын келіссөз
болады. Ондай келіссөздің мақсаты – партнерлердің мүдделерін ескере отырып
проблеманы ортақ шешу.
Келіссөздер қалай табысты бола алады?
Біріншіден, мүшелер тек өзінің ғана емес, сондай-ақ партнердің
мүдделерін ескеру керек және де өзінің көзқарастарын идеалды көзқарас деп
қарамау керек. Әрине олар өз позицияларынан бас тарту керек дегенді
білдірмейді; олар партнердің мүддесін ескеру керек.
Екіншіден, принципиалды әдіс адамдардың проблемалардан бөлек болуын,
адамдарға деген қатынастары өте жұмсақ, проблемаға деген қатынастары қатал,
принципиалды болуы керектігін қарастырады.
Дауысы ырғағы сабырлы, берік аргументация, эмоцияның болмауы
келіссөздерде қолайлы психологиялық климат тудырады.
Үшіншіден, өзара тиімді шешімге жету үшін көптеген альтернативті
нұсқалар болуы керек. Егер келіссөздер қандай-да бір тарапқа тиімсіз
болса, олар кез келген сәтте үзілуі мүмкін, сондықтан альтернативалар қоры
болуы керек. Ал, нұсқалар қоры дайындық кезінде құрылуы керек. Әрбір жұмыс
белгілі бір тактикаларды талап етеді. [2, с,105].
Келіссөздерді қатаң жүргізгенде адал емес әдістер де қолданылады,
мәселен алғашқы талаптарды арттыру, бірақ олардың жартысын кейінірек
шегінудіруге болады. Ондай кезде өз позициясында да өтірікті қолданады. Ол
дегеніміз, салями әдісі партнерді өз позициясын бірінші болып аштыруын
қарастырады, ал өз мақсаттары туралы ақпаратты, өте кішкентай порциямен
білдіруді қарастырады (колбасаны өте жұқа кескендей салями принципі).
Кейде келіссөздерді созу мақсатында немесе созу көмегін пайдаланбай
ештеңкені шешкісі келмесе, өз ұсыныстарынан бас тарту әдісін қолданады,
партнер оларды енді қабылдауға кіріскенде.
Екінші реттік талқылау әдісі соңғы стадияда қолданылады, партнер
байқамаған екі ой құжатта болады. Ары қарай уағдаластық бұзылмайтын
сияқты көрінгенмен, алайда бір тарапқа тиімсіз болады. Мұндай жағдай
мүшелер ортақ пікірге келе алмағанда, келісімді дереу бекіту керек болған
кезде орын алады. Осындай әдісті Г. Киссинджер конструктивті екі ойлылық
әдіс деп атаған.
Қорқыту, ультиматумдар, шантаж - өткен уақыттардағы кең қолданылған
әдістер, алайда бүгінгі күні де қолданылады (мықтысы әлсіз партнерді
қорқытады, ал бұл жиі-жиі нәтижелер әкеледі).
Мықты тарап дайындықты қажет етпейді, өз мүдделерін асыра бағалайды.
Сонау XVII ғ венгер қолбасшысы, дипломат, ақын және публицист Миклош
Зриньи: егер қарсыласушы піл сияқты күшті болса, оған қарсы шық, ал егер
бүрге сияқты әлсіз болса онымен кездесуге мұқият дайындалып бар. Сондай-
ақ, қорқыту партнерді төмендетеді, балағаттайды. Ал төмендету – құдіретті
күш.
Қорқытқанда реакция да әрі болады: талаптарды орындау, қорқытуды
елемеу, қарсыласушыны да қорқыту. Мұндай әдістер жақсы нәтиже бермейді.
Жұмсақ әдіс партнердің әрбір ұсынысын қабылдаттырады, жеңілдіктерге
баруды, өз позициясын ашық көрсетуді қарастырады.
Егер бір тарап жеңілдік үстіне жеңілдік жасаса, онда басқа тараптарда
партнер келіссөзге дайын емес, немесе келіссөз оған қызықты емес, не
болмаса оған келісім өте керек, сондықтан әрбір талапты орындауға дайын,
я болмаса келісім өзі үшін де және тарап үшін де ұтыс деген ой қалыптасуы
мүмкін.
Ал принципиалды келіссөзде тараптардың позицияларды мен мүдделері ортақ
болып келеді.
Мәселелердің шешілуіне де мынадай тактикалық әдістер де септігін
тигізе алады:
- ортақ зона шешімдерін іздеу (бастапқыда ортақ формула, сосын
детальдар келісіледі);
- компромисстерді қолдану;
- партнерлердің өзара мүдделерін ескертетін ұсыныстарды енгізу;
- проблемаларды фрагменттерге бөлу.
Ең басында жеке элементтерді шешу мүмкіндігі қарастырылады.
Олардың біреуін шешу мүмкін болмаса, талқылау мен шешімді кейінге
қалдырған жөн. Осындай жағдайда уағдаластық толық сипатта болмайды.
Алайда, егер осы уағдаластық тараптарды біраз қанағаттындырса,
уағдаластықты өзара қатынастарда алғашқы қадам деп санауға болады. Көпжақты
келіссөздерде бәрін қанағаттыра алатын шешім табу өте қиын. Сондықтан олар
блоктық тактикаға жүгіреді (ортақ мүдделері бар партнерлер ортақ блок
болып шығады). [3, с, 38].
Қабылданатын шешімдер блоктың ішінде келісіледі, сосын блок арасында.
Егер партнер өзін адал ұстамағандығы білініп қалса, кір әдістерді
ұстайды, оған солай жауап бермеу керек.
Ондай кезде:
- партнердің осындай тәртібінің себебін талқылау керек (кейде
партнерлерді ауыстырады);
- келіссөздерде іскерлік атмосфера құру керек;
- пауза ұсыну керек, сол кезде эксперттермен кеңес жүргізу
керек.
Келіссөздер тактикасы дайындық стадиясында да қарастырылуы керек,
алайда көптеген зерттеулер, дипломаттар айтқандай, ол тоқтап қалмауы
керек, әйтпесе уағдаластыққа жету процесі үзіліп қалуы мүмкін. [3, с, 95].

1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: үшінші тарап
түсінігі, мәні мен мақсаттары

Үшінші тарап түсінігі өте кең және өзіне мынадай терминдерді
қосады: делдал, келіссөз процесінің жүрісін бақылау, арбитр.
Үшінші тарап конфликтке не дербес, не қақтығысушы тарапының өтініші
бойынша шығады алады. Үшінші тараптың бірінші міндеті - тараптарды және
конфликт проблемасын анықтау. [4, с,23].
Үшінші тараптың екінші міндеті – сол тараптардың өздерін шақыру, және
олардың қарама – қайшы мүдделерін талқыға салу. Үшінші тарап конфликтке
қатысушылардың біреуіне көмек көрсету үшін араласпайды, керісінше оған
бейбіт реттеу мақсатында араласады.
Үшінші тараптың ықпалы әртүрлі болады. Ықпал ету құралдарының ішінде
екі топ болады:
Бірінші топ -бейбіт шешімді табуға көмектесетін, көндіретін топ;
Екінші топ - мәжбүрлеу, қысым көрсету тобы болып табылады.
Бірінші топта конфликтті реттеудің бейбіт құралдары бар: ізгі қызмет
(добрые услуги); делдалдылық; тергеу және келісімді комиссия.
Ізгі қызмет және делдалдық орта ғғ бастап кең таралған, және 1907
жылы Гаага конвенциясында да көрініс тапқан. Ізгі қызмет пен делдалдық
көрсетуде үшінші тарап инициатор болып, өзінің дауды шешудегі тиімді
шарттарын ұсынады, қысымды бәсеңдетеді, бірақ оның дауды нақты шешуі,
тараптар үшін міндетті болып табылмайды.
Бақылаушы да тараптар арасындағы қысымды бәсендетіп, бұрын қабылданған
келісімдердің орындалуын қадағалап отырады.
Конфліктті бейбіт реттеу құралдарының тағы біреуі – комиссияның
құрылуы.
Тараптармен паритетті түрде халықаралық тергеу комиссиясы құрылады,
ал кейде үшінші мемлекеттің өкілі басшылығымен. Тараптар комиссия
қорытындыларын өз қараулары бойынша қолдана алады.
Халықаралық келісімді комиссия тараптарға рекомендациялар ұсына алады,
ал ол рекомендациялар тараптар үшін міндетті болып табылмайды.
Бейбіт реттеудің тағы бір дәстүрлі құралы – халықаралық арбитраж
болып тыбылады, практикада оның табысы өте аз. Халықаралық арбитраж -
дауды бейбіт реттеу мақсатында тараптармен еркін құрылған топ, оның шешімі
тараптар үшін міндетті болып келеді. [4,с, 25].
Үшінші тарап ретінде жеке арбитр шыға алады, ол үшініші мемлекеттен
құрылған арбитр тобы, қақтығысушы тараптардан паритетті негіздегі арбитр
тобы және нейтралды төраға жанындағы - суперарбитр болады.
Сот талқылауы (разбирательство) негізінен третей сияқты, тек олардың
айырмашылығы құрамындағы адамның санына байланысты.
Алғашқы тұрақты халықаралық сот - Халықаралық сот тұрақты Палатасы
болып табылады, оның статуты Ұлттар Лигасында қабылданған 1920 жылы, 1921
жылы ол өз күшіне енді. Палата өз тіршілігін 1946 жылы ресми түрде
тоқтатып, сол уақытта 30 мемлекеттің мүддесіне байланысты 65 жұмыс
атқарыпты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, БҰҰ-ның Халықаралық Соты
кұрылады.
Үшінші тарап сондай-ақ әртүрлі шектеулер мен мәжбүрлеу колдана
алады, мысалы экономикалық көмек көрсетуден бас тарту, санкцияларды
қолдану; тараптар үшін бітімгершілік күштерді енгізу.
Осы шаралар кейде уағдаластыққа қол жеткізгеннен кейін де,
келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін тараптарға қолданылады .
Бейбітшілікті қолдау операцияларының жұмысы: бітімгершілік күштерін
жіберу болып табылады.
Бітімгершілік күштері конфликт қарулы күреске айналғанда,
жіберіледі. Мәселен, 1948 жылы (ООНВУП) БҰҰ-ның бітім шарттарын орындау
бойынша бақылау Органы. 1992 жылы БҰҰ ЕҚЫК-ке бейбітшілік операцияларынын
жүргізуге өкілдік берді.
Санкциялар енгізу: оларды халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша
немесе мемлекеттердің инициативалары бойынша енгізіледі. Санкция: сауда,
қаржы, саяси санкциялар болып бөлінеді. Санкциялар негативті салдарларға
әкеліп соқтыруы мүмкін
Біріншіден, санкциялардың конфликтті саяси реттеу проблемаларын
өздері шеше алмайды.
Екіншіден, санкциялар конфликттің жалғасуын қолдайтын ұлттық лидердің
күшеюіне әкелуі мүмкін.
Үшіншіден, санкциялар сол елдің экономикасына ғана емес, сонымен қатар
оларды енгізіп отырған елдің де экономикасына кесірін тигізеді.
1. Қорытындылай келсек, конфликтті реттеу дегеніміз - элиталар
арасында бейбітшілікті орнату.
2. Келіссөздер мен делдалдық әр тараптың ең жоғарғы деңгейінде
(элиталар деңгейінде) жүзеге асырылуы қажет.

1.3 Дипломатиялық қабылдаулар – дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде

Дипломатиялық қабылдаулар – үкіметтік, сыртқы істер ведомстволарының,
дипломатиялық өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметтерінің
жалпы қабылданған және кеңтаралған формаларының бірі.
Қабылдаулар елшіліктің қабылдаушы мемлекетпен байланысты әрі қарай
дамытуына септігін тигізеді. Қабдаулар маңызды оқиғалар (ұлттық мерекелер,
юбилейлер, келісімдердің жылдығы, елге делегациялар немесе аса құрметті
қонақ келгенде) кезінде өткізіледі. Қабылдауларда шетел дипломаттары өз
елдерінің саясатымен таныстырады, қабылдаушы мемлекет туралы ақпараттар
жинап, маңызды халықаралық проблемалар бойынша пікірлермен алмасады. [5, с,
12].
Біздің халықаралық протоколда, барлық елдерде қабылдаулар күндізгі,
кешкі, жайғастыру (рассадка), жайғастырмау қабылдаулары болып бөлінеді.
Шампан бокалы ереже бойынша сағат 12 де басталып, бір сағат көлемінде
болады. Бұл қабылдауға себеп ұлттық мерекенің жылдығы, елшінің кетуі, елге
делегацияның келуі, көрменің ашылуы болуы мумкін.
Қабылдау кезінде қонақтарға шампаннан басқа тағы да басқа сусындар
(шарап, шырында, минерал су) ұсынылуы мүмкін. Сусындар мен дәмтатымдарды
даяшылар таратады. Бұл қабылдау өте қарапайым болғандықтан, үлкен
дайындықты қажет етпейді.
Таңғы ас – дипломатиялық қабылдаудың ең кең таратылған түрі.
Танғы ас сағат 12-15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас менюі ұлттық
дәстүр бойынша жасалынады. Меню екі-үш суық дәмтатымнан, бір балық немесе
ет және десерттен турады.
Таңғы ас алдында қонақтарға шырындар ұсынылады. Таңғы ас барысында
құрғақ жүзім шараптары, ал соңында шампан, кофе, шәй беріледі. Таңғы ас
әдетте біржарым сағат жалғасады, бір сағат үстел басында, ал 30 минут кофе,
шәйға арналады (кофе, шәй қонақ бөлмесінде де беріледі). Қонақтар ереже
бойынша күнделікті киімдерінде келеді, егер киім формасы шақыруда
ескерілмесе.
Кешкі қабылдаулардың бірнеше түрі болды.
Коктейль сағат 15-18 екі сағат көлемінде болады. Қабылдау кезінде,
даяшылар сусындар мен суық дәмтатымдар таратады, ыстық тамақтар да берілуі
мүмкін.
Кейде буфет ұйымдылады, онда даяшылар сусындар ұсынады. а ля фуршет
қабылдауы коктейль сияқты сол уақыттарда өткізіледі. Алайда фуршетті
қабылдауда ыстық тамақтары бар үстелдер жасалынады. Қонақтар үстелдерге
өздері келіп, дәмтатымдар алып болған соң, басқалар алу үшін, ары қарай
жүріп кете береді.
Коктейль және а ля фуршет қабылдаулары түрегеліп ұйымдастырылады.
Соңында қабылдаудың салтанатын ерекше қылу үшін шампан, балмұздақ, кофе
ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мереке болғанда немесе құрметті қонақ үшін
жасалса, қабылдаудың соңында кішігірім концерт ұйымдастырылады немесе
фильм көрсетіледі. Онда шақыру билеттерінде киім формасы ескеріледі. Түскі
ас құрметті қабылдау түріне жатады. Әдетте ол сағат 20 немесе 20.30
басталады Түскі ас менюі ұлтық дәстүрлерге байланысты екі-үш суық
дәмтатымдар, бірінші ыстық балық, бірінші ыстық тамақ және дсерттен тұрады.
Сусындар таңғы астағы сияқты беріледі. Түскі ас әдетте екі-үш сағат
жалғасады. Үстелден кейін, қонақтар әнгімелесуге қонақ бөлмеге барады, онда
кофе, шәй беріледі. Түскі аста қонақтар арнайы киім киеді (ерлер – смокинг
және фрак, әйелдер – көйлек).
Кешкі ас сағат 21:00 де басталады. Обед – буфет кешігірім үстелге 4-6
адам жайғасады. Онда да дәмтатымдар, сусындар беріледі. Қонақтар
дәмтатымдар алып өз қараулары бойынша үстелге жайғасады.
Мұндай қабылдау концерт, фильмнен кейін ұйымдастырылады. Кешкі
қабылдауларға, сондай-ақ шәй 16-18 сағат аралығында ұйымдастырылады,
ереже бойынша әйелдер үшін, Сырт Істер министрінің жұбайы елшілер
жұбайларын шәйға шақырады. Қабылдаудың бұл формасы дипломатиялық
өкілдіктердер басшыларының жұбайлары сыртқы істер министріне қоштасу
сапарын жасағанда қолданылады. Шақырылулар санына сәйкес Шәй үшін бір
немесе бірнеше үстелдер ұйымдастырылады. Онда конфеттер, печеньелер,
жемістер, сусындар беріледі.
Халықаралық практикада жур фикс қабылдауы да кездеседі. Елшінің
немесе сыртқы істер министрінің жұбайы бір мезгілге әрбір апта сайын
қонақтарды күтеді.
Күзгі-қысқы мезгілге бір шақырылу бланкасы таратылады.
Дипломатиялық қабылдаулардың басқа да түрлері бар: музыкалық,
әдебиетті, би кеші, дипломаттардың спорт жарыстарындағы кездесулері бар.
Әрбір қабылдауға мұқият дайындалу керек. Қайда өткізілетінін, қонақтардың
тізімі, алдын ала шакыруларды тарату, меню жасау, үстелге отырғызу жоспары,
осының бәріне жақсы дайындық керек. Егер қабылдау елшінің резиденциясында
ұйымдастырылса немесе елшілікте, онда елшінің жұбайы ғимаратты дайындауға,
сервировкаға, даяшылар инструктажына көңіл аудару керек.
Егер қабылдау резиденцияда болмаса мейрамханада ұйымдастырылады.
Елшілік арендаға алған ғимаратта қабылдаушы мемлекет пен өз елінің ұлтттық
туы ілініп тұрады. Қабылдаушы мемлекеттің дәстүрі ескеріледі. Қонақ
тарапынан жауапты мероприятие болмайды.
Қабылдау мереке күні, жұмыс емес күндері, ал мұсылман елдерінде
рамазан діни мерекесінде ұйымдастырмайды, сондай-ақ ұлттық траурда.
Қонақтар тізімін жасау - дайындық жұмысының ең маңызды элементтерінің
бірі. Қабылдауға құрметті қонақ құрметіне ретінде ресми сапармен жүрген
шетел делегацияның құрметіне, қонақ елінің елшісі және елшіліктің үлкен
дипломатиялық қызметкерлері шақырылады. Ал қабылдаушы тарапынан қабылдауда
мемлекет жетекшілері, министрлер, басқа да ресми тұлғалар қатысады.
Қонақтардың жалпы саны анықталып, ғимараттың көлемі қонақтардың санына
сәйкес болады. Елшілік ұйымдастыратын қабылдауға елдің жетекшілері,
ведомстволарының ресми тұлғалары, мәдени және ғылыми топтың өкілдері
шақырылады.
Егер қабылдау юбилей күніне арналса, екі жақты қарым -қатынаста, онда
дипломатикалық корпус шақырылмайды.
Қабылдаулар өте қарапайым болу керек, спиртті сусындардан аулақ болуы
керек.
Қабылдауда қонақтардың ұлттық, діни дәстүрлері ескерілуі керек.
Қонақтың елінде құс аулауға тыйым салынса, қабылдауда құс берілмейді.
Менюде ұлттық тамақтар болу шарт.
Барлық тамақтар өте дәмді болуы керек, әдемі берілулері керек.
Ыдыс - аяқтар хрусталь, фарфор, күмістен болуы керек. Үстелде гүлдер
болу керек.
Мемлекет басшысының құрметіне қаблдыаушы ел мен өз елінің әнұрандары
орындалуы тиіс. Қабылдау соңында басты қонақ бірінші болып шығып кетеді.
Оркестр салтанатты марш орындайды. Ғимарат алдында караул болады.
Шақыру бланктері типографиялық әдіспен жасалып, қонақтың фамилиясы,
оның лауазымы қолмен жазылуы керек және сағаты, күні, өтетін орны
көрсетілуі керек.
Қабылдауға шақырған қонақ келе ала ма, жоқ па, алдын - ала білу керек
бланктың төменгі оң жақ бұрышында RSVP (франц.-жауап беру өтініші)
жазылады. Шақыру бланкі екі апта бұрын таратаылады. Жауапты көп күттіру
немесе жауап қатпау - әдепсіздікке жатады. Жауап үшінші жақта жазылады,
қол қойылмайды. Жауапты телефонмен де беруге болмайды.
Орындарға келер болсақ, ең құрметті орын – жұбайының оң жағы (әйелдер)
және зайыбының оң жағы (ерлер отырады). Ары қарай жұбайының сол жағы және
зайыбының сол жағы.
Қабылдауда тек қана ерлер болса, басты қонақ үй иесіне қарама- қарсы
отырады.
Ең құрметті орындарда құрметті қонақтар отырады, бұл - басты ереже
болып табылады. Әйел адамның қасына әйел адамды емес, әйел-еркек деп
кезектестіріп отырғызу керек, әйел адам үстел соңында отырмауы керек.
Керек кезде аудармашыны шақыртады.
Ағалық дипломатияда әрқашанда дипломатиялық ранг бойынша болады.
Аудармашылар үстелдің арт жағында отырады.
Жайғастыру (рассадка) жоспары алдын-ала жасалынып, қонақтар жайғастыру
жоспары мен танысып, өз орындарын бара алады. Залға кіргеннен кейін
қонақтар түрегеліп тұрады, қашан үй иесі бәріне отыруды ұсынбайынша. Ерлер
бикештерге орындықтарды жылжытуға көмектеседі. Үй иесі даяшыға тамақтарды
таратуды бастауға болады деген сигнал бергенде барып, даяшылар қонақтарға
келе бастайды.

2. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР РӨЛІ

2.1 Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және
тактика

Дипломат келіссөздер жүргізіп не болмаса сұхбат берген уақытта, оның
сәтті болуына қарапайым жалпыазаматтық этикетті және ең маңыздысы
дипломатиялық этикетті ұстану себеп болады. Этике́т (от фр. étiquette —
этикетка, надпись) — адамдардың қоғамдағы өзін өзі ұстаудың міндетті
тәртібін айқындайтын нормалар мен ережелер жиынтығы. Қазіргі түрде және
мағынасында бұл сөз алғаш рет Франция королі Людовик XIV  сарайында
қолданылды, қонақтарға өздерін қалай ұстау керектігі жазылған (этикеткалар)
карточкалар таратылды; дегенмен өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айқындалған
нормалар мен ережелер жиынтығы ерте замандардан бері бар.
Дәстүрлі түрде этикеттің пайда болған отаны ретінде Англия мен Франция
саналады, бірақ бұл елдердегі өмір сүру тәртібі сол кездері қиын болғанцы
соншалық, мұндай қатал және дөрекі жағдайларда адам өзін рухани және
өнегелі бастамаларын жетілдіруге мүмкіндігі болмады.. Өзін-өзі ұстаудың
анықталған моральды нормалары мен үлгілері шамамен XIV ғасырда Италияда
пайда болды, сол уақыттарда әлеуметтік маңыздылық және тұлғаның мәдениеті
алдыңғы орындарға шыға бастады. Ресейде өзін-өзі ұстау тәртібінің
жиынтығының алғашқысы үй салу болып саналады (XVI).
Этикет адамзат қоғамын байытатын, адамның сезімі мен эмоциясының
үйлесімділігін қозғайтын мәдениеттің жарқын көрсетілген феномені болып
табылады. Қоғамдағы этикеттің орны әрдайым жоғары болды, ол оның ұзақ және
әлеуметтік эволюциясымен, қоғамдағы функциясымен, көпжоспарлы құрылымымен,
көптүрлі түрлері және формаларымен айқындалады. Демонстративті сипатқа ие
дәстүрлі ритуалдан, салтанаттан ерекшелігі этикет қоғамдық мақсатқа
лайықталып негізделген. Этикеттің маңызды ерекшелігі ол әрдайым
қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесіне бағынады. Этикеттің ресми емес
бірнеше түрі бар. Олар: әскери, жалпыазаматтық, дипломатиялық және т.б.
Жалпыазаматтық этикет ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ғана емес, адамзат
мәдениетінің жетістігі, ол көптеген халықтардың дәстүрлері мен салттарын
иемденеді. Ежелгі Риммен қонақжайлылық келді, . скандинавтар әйелдер мен
қонақтарға құрметті орын ұсынуды енгізді. Ежелгі Египетте әдемі және тыныш
тамақтану орын алды. Бірқатар белгілі этикет нормалары белгілі бір халықтың
ұлттық жетістігі болып табылады. Жапонияда дастархан тағамға толып тұрса
да, мардымсыз тағам ұсынғандары үшін кешірім сұрау белгілі ереже. Латын
Америкасында күннің ыстығы туралы айту әдептілікке жатпайды. Англияда
әңгіме ауа райын сұраудан басталады.
Жалпыазаматтық этикет көптүрлі көпформалы сипат алады: қабылдау
этикеті, неке этикеті, отбасы этикеті, спорт этикеті, саяхаттау этикеті,
ұжымдық этикет, іскерлік этикет. Жалпыазаматтық этикеттің қарапайым
негіздері сәлемдесу, танысу, әңгімелесу болып табылады.
Дипломатиялық этикетте құрметтеу, үлкенді сыйлау, егемендік пен өзара
қатынас принциптері кеңінен қолданылады. Қате жасалған қадамдар мен іс-
әрекеттер халықаралық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Дипломатиялық
этикет нормалары хатқа жауап беру, сонымен бірге ресми хат алмасуларға
жауап беру қажеттілігін көрсетеді. Іскерлік хат алмасу қатал бекітілген,
берілген міндеттерді орындау, дипломатиялық хаттаманы сақтау. Хаттамада
сөйлесу, кездесу, киім формасы, еріп жүрушілер саны, сыйлықтар, қабылдаулар
түрі, дастархан жасау көрсетілген. Дипломатиялық хаттамада автокөлікке
отырғызудың да өзіндік тәртібі қарастырылған. Ұзақ жылдар дипломатиялық тіл
қалыптасты (виза, агреман, аккредитация, сенім грамотасы, персона нон
грата).
Әскери этикет. Ресейде Петр I кезінде әскери мундир абыройы ұғымы пайда
болған.Бұл тек қана әскери формада ғана емес, оны киюдің, өзін-өзі
ұстаудан да көрінеді. Әскери этикет үшін әскери абырой соты сипатты
болады, оның негізгі мақсаты офицер корпусының корпоративті абыройын
сақтау, ол үшін офицерлерге корпусқа лайық емес сарбаздардық шығарып
жіберуге рұқсат беріледі.
Ежелгі әскери ритуалдардың бірі әскери честь беру болып табылады.
Әскерде жоғарғы басшылар мен бағыныштылар арасында қатал этикет
қатынастарының тәртібі бар. Бұл сәлемдесуге, жиналыс өткізуге,
бағыныштыны шақыруға, қақтығысты жағдайлардағы өзін-өзі ұстауға,
қатардағылардың мансаптыларға қатынасына қатысты. Әскери этикет
әскерилердің қоғамдық орындардағы тәртібін қарастырады.
Этикеттің өзі бірнеше түрге бөлініп қана қоймай, оның әр мемлекетте,әр
халықта өзіне тән ерекшелігі, айырмашылығы, нормалары қалыптасқан.
Дипломаттың сол елдің қабылдауында қалыптасқан этикет нормаларын білмеу
немесе орындамау үлкен қателік болып есептеледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Дипломатиялық келіссөздер рөлі
Халықаралық сот
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Дипломатиялық қызмет
КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы
Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында
Дауларды БҰҰ шегінде бейбіт жолмен реттеу
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар
XX ғасырдың 60 - 80 жылдардағы халықаралық қатынас. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі
Пәндер