Қытай жазуы ерекшеліктері


ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
I Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуы
1. 1 Конфуцийдің қысқаша өмірбаяны
1. 2 «Жетілген Адам» идеалы
1. 3 «Сяо» ілімі
1. 4 Білім туралы Конфуцийлік ілім
II Ежелгі Қытайдағы жазу және әдебиеттің дамуы
2. 1 Қытай жазуы ерекшеліктері
2. 2 Әдебиет өнерінің қалыптасуы
III Ежелгі Қытайда ғылым мен білімнің дамуы
3. 1 Қытай астраномия мен күнтізбесі
3. 2 Қытай математикасы
IV Ежелгі Қытай медицинасы
4. 1 Қытай медицинасының тарихы
4. 2 Қытай медицинасының тән емдеу тәсілдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қытай - көне тарихы, мәдениеті, философиясы бар ел. Хуанхэ мен Янц-зы өзендер бойында пайда болып, барлық катаклизмдарға қарамастан, бүтiндiк және өзiндiк ерекшелiгің сақтап қалған Қытай өркениеті болып табылады. Қытай жалпы тарихына көптеген сол жерде мекендеген Шығыс Азия халықтары салым үлестерін қосып, төлі мәдениеттер туып, мынжылдықтар бойында мәдениеттер синтезінен пайда болған феномен - Қытай өркениеті. Тек б. з. д III мың жылдық соңында, осы синтез ішіндегі, ең ұлы өркениеттің пайда болуының тамыры болған Хань халықтарының рөлі анықтала бастады.
«Хайндықтар» немесе «ханьжень» атаулары (қытайлықтар өздерін осылай атайды) кейінгі көнеліктегі үлкен рақымсыз Хань империясынан басын алады. (б. з. д 202 ж. ) . Ал Цинь империясының атауы антика заманынан бері Қытайдың еуропалық атауынан шығады. Лат. - sinae, фр. - chine, ағыл. - china.
Қытай аумағындағы ежелгi қоғам, ежелгі қоғамдарға сай әр түрлі нәсілдер мен тәртіптері бар тұйық әлеуметтік және саясаттық кешен болып табылады:
- б. з. д. I-II мың ж. - мемлекет пайда болуы, Шан (Инь) кезеңі
- б. з. д. XI-VIII ғ. - Чжоу мемлекеті (Батыс)
- б. з. д. VII-VI ғ. - «көп патшылық» кезеңі (Лего)
- б. з. д. V-III ғ. - «азыңаған патшалықтар» кезеңі
- б. з. д. III ғ. - б. з. II ғ. - Цинь және Хань империясы
- б. з. III - VI ғ. - «үш патшалық» кезеңіКонфуцийдің қысқаша өмірбаяны
Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы - Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б. з. б. 551 жылы дүниеге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Ол бүкіл өмірін Лу патшалығында өткізген. /1-80/
Жас кезінде ол саясаткер болуды армандап, соған ұмтылған. Алайда ол кезде ірі саяси лауазымдар әкеден балаға мұра арқылы берілгендіктен ол өзінің арманынан біржолата қол үзеді. Егер Конфуций жағымпаз, пайдақор адам болған жағдайда өз мақсатына жетер еді., бірақ ол бұндай адамдардың санатынан емес еді. Саяси қыметке енді жоқ екендігіне көз жеткіген Конфуций ғылыми ізденіспен және дәріс берумен айналысады. Ол өзін жолы болмағыш адам деп есептеген. Сол кездегі галымның дәріс беру ісі өз заманының қоғамның адыңғы қатарындағы адамдар тобымен тығыз байланысты болды. Қытайда мемлекеттің пайда болуынан бастап тарихи деректерді білу, қогамдық тәртіп ережелерін білу тек қана күнделікті ішкі саясатты жүеге асыруда ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарда да керек болды. /1-81/
Өмір жолында талай қиындықтарды бастан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезім белең алды. Ол елдегі бей - берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс - тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы - ата - бабалар дәстүрлері мен заңдарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз - өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданға ережелер канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндігі туады. Бұл қағида оның этникалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады. /1-80-81/
- «Жетілген Адам» идеалы
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой-тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы әрбір қағида ой-толғаулары «Ұстаз былай деген екен»деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың еңбегінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша еңбек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан зор үміт күткен Конфуций екі заманды салыстыра отырып «Жетілген Адамның» идеалын «цзюн цзы» жасады. Жан-жақты толысқан адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның» бойында негізінен екі қасиет болуы қажет, олар:адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам халқына шын сүюмен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз цзюн цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет - парыз сезімі керек. Парыз - бұл моралдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болады. Осы орайда Конфуций «Қайырымды ердің» жасап, оны «қасиетсіз ерлерге» (сяо жень) қарама-қарсы қойды. «Қайырымды ер» өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ол «қасиетсіз ер» болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға болады, адамдармен татулық қарым-қатынастарды болады, қайғы мен қуанышқа ортақстаса біледі, қажет болған жағдайда өз өмірін қияды, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. «Қайырымды ер» үш нәрседен қорқады, олар: киелі аспан даналар мен адамдардың айтқан сөздері, ал «қасиетсіз ер» көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады. /1-81/
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде де берік орныға түсті. Б. з. б. ІІІ ғасырда және б. з. ІІІ ғасырында оның ілімі Хан династиясының тұрақты тұрақты идеологиясына айналып, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы ұстаздың ілімін терең үйрену талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бұл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда өткуенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасанды сипа алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейінне, яғни ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алаиын орнына байланысты тұрақты ережелер мен стереотиптердің белгілі бір ережесі қалыптаса бастады. Бұл заңды қағдалар қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің әрбір жағдайына байланысты барлық адамдар үшін міндетті түрде орындалуға тиісті тәртіп ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ережелер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстауы керек, өзінің жан сезімдерін ақылға билеттіруі керек. Демек, адамның еркі қалыптасқан ережелерге тәуелді болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуцийдің ілімі бойынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет. Адамдар өз құқын, өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық-әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп қытай қоғамы жоғарыдағылар және төмендегілер деп екіге бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару ісімен шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдай болуға тиіс болды. Қоғамды жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке бөлудегі басты өлшем тек байлық қана емес, сонымен қатьар қытай азаматтарының «цзюн цзы» идеалдарына жақындығыжәне оған жан - тәнімен берілгендігі болып саналады. Формалды түрде бұл жағдай кез - келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол ашқанымен, шын мәнісінде мүлде олай емес еді, өйткені шенеуніктер сословиесі қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлінген болатын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның қоғамда алатын орны мен оның әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгенін еске алсақ және қарапайым халықтың бұл межеге шыға бермейтінін ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік аламыз. /1-82-83/
Конфуций ел басқарудың мақсаты-халықтың мүддесі деп жариялады. Оныңь әрбір қағидасын ескере отырып, Ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш негізгі басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі-халық, екіншісі-құдай, үшіншісі-әмір-патша. Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер «қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің укөмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды» деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі-үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болсаолардың айтқандарын мүлтіксіз орындап еркіне бағыну-мемлкет ішіндегі мүлтіксіз орындауға тиісті ережелер болып саналды. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да бұлар, Конфуцийдің «Мемлекет дегеніміз -үлкен отбасы, ал отбасы-кіші мемлекет» деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін берік көрсетіп отырды. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтар ата-анасын және үлкендерді сыйлап құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. /5-45/
- «Сяо» ілімі
Ата - бабаларға табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғандығы тарихтан белгілі. Осы ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нрмасына айналдырды. Сойтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделегн «Сяо» - яғни, балалар құрметі лімі дүгиеге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері ата-анаға қалтықсыз қызмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және діл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұря немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын «сяоның» ата-аналарды құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата - анаға қатынасын білдіретін бірнеше мысалдарды келтірейік. Бірінші мысал: сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да, әке-шешесін мазаламайын деген рймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: аштық жылында әбден әлсіреген әкеснің өмірін сақитап қалу үшін «үлгілі бала» өз етінен ет кесіп, әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал әңгімелерден қытай халықтарының өз балаларын жас кезінен бастап-ақ әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да, талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме деген сияқты ойға қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс - әрекетін бақылайды деп түсінген. /5-50/
Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы-қоғамның негізі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамның мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жай ғана сезімдік құбылыс деп санап, оны отбасы мүддемніен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне діл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасылардың саны өсіп, ал өз кезегінде бұл жағдай халық санынң күрт өсуіне себепкер болған. Бір атап өтетін жайт, қытайда үлкен отбасылар көп болған. Олардың құрамында ағайындалардың отбасымен қатар, ағайында адамдардың туған-туысқандары, немерелері де болған. Мұндай отбасылардың іргесі әдетте, әкесі қайтыс болатын жағдайда ғана бөлінетін болған. Әкесі қаза табатын болса үлкен ұлы отбасының бүкіл билігін қолына алған, әкеден қалған мұраның үлкен үлесі де үлкен баланың еншісіне тиген, ал қалған дүние мүліктер басқа отбасылапр арасында тепе-тең бөлінген. Өз кезегінде жаңадан бөлініп шыққан отбасылар көп уақытқа дейін үлкен ағасына тәуелді болып, оның айтқандарын мүлтіксіз орындап отыруға тиісті болған. Отбасылық берк тәртіп және ынтымақ пен бірлік үстемдік еткен мұндай шаңырақтар қиын жағдайларда бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесіп отырған. Мұндай туысқан отбасылар топтары көп жағдайларда үлкен ауылдар тұрғындарының басым көпшілігін құраған. Олардың күші мен беделінің жоғары болғандығы соншалық, туысқандар топтарының пікірлерімен өкмет орындары да санасып отыруға мәжбүр болған. Ағайындар тобының өздерінің жеке меншіктерінде рулық храмдары және жерлері болған. Оларды өкімент атрапынан озбырлық жасап, тартып алуға қатаң тыйым салынған. Рулық храмдарда мейрам күндері жүздеген ағайын-туысқандар бас қосып, мәжіліс құрған. Бұл бас қосуларда тұрмыс тіршілікке қатысты көптеген мәселелер шешіліп отырған. /5-53-57/
- Білім туралы Конфуцийлік ілім
Білім туралы конфуцийлік ілім әлеуметті к- өнегелілік мәселелерге арналған. Конфуций үшін «білу»-ол адамдарды танып білу болып табылады. Бір ғажабы, қытай халқының әлеуметтік-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне қарамастан, табиғатты танып-білу Конфуций онша қызықтырмаған. Шындығында да, қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты жетістіктерге жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүргшен кезден бір мың жыл бұрын Хуанхэ өзенінің байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т. б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Бірақ Конфуций ғылыми-техникалық білім өте қауіпті, ол адамдардың рухани жетілуіне кедергі жасайды деп түсінген. Ол адам бойындағы табиғи қасиеттерді одан әрі дамытуды және оның кемшіліктерін жоюды өзінің басты азаматтық парызы деп түсінген. Ұлы ғұлама өз шәкірттеріне «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін-адам» деп қайталауды өте жақсы көрген. Конфуций адам бойындағы қателіктер мен кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателікиерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ол ақылды адамның өзіне де ақымаққа айналдырады деп есептеп, бұл ойын былай деп тұжырымдаған: «Сіз канонның үш жүз өлеңін жатқа айтуыңыз ғажап емес, бірақ сіз мемлекет сеніп тапсырған тиісті қызметіңізді ойдағыдай атқара алмасаңыз қаншама ғұлама болсаңыз да сіздің білімділігіңізден не пайда?»/5-58-63/
Конфуций үшін тәжірибе- ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер- халықтан алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт-дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моралдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Қытай қоғамында салт-дәстүрлер, салт-жоралар өмір сүрудің басты шарттары болып саналады. Демек, Конфуций үшінн салт-жоралар адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі ұстай білуі жөнінде «Әңгімелері мен ой-толғаулары» атты еңбегінде мынадай ақыл-кеңестер береді: «Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті құрметті қонақтарды қабылдап отырғандай ұстауға дағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Өзің қаламаған нәрсені басқаларға жасаудан сақтан. Осы айтылған өмірлік қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, соынмен қатар мемлекет мүддесіне де ешқандай нұқсан келтірмейсің». /5-63-65/
2. 1 Қытай жазуының ерекшеліктері
Ежелгі Қытайлықтар жазу өнерін қытай өркениетін аңыз ретінде қалыптастырған Хуан-дидің көмекшісі Цан Цзе ойлап тапты дейді. Ол адымен тау мен теңіздің; аң, құс, айдаһар және жыланның дініне қарап отырып, жазу белгілерін салған. Тағы бір нанымға сенетін болсақ, ежелгі жазу белгілерінің бір нұсқасы болып «Ауыспалы уақыт Кітабы» («Книга Перемен») саналады. Осылайша ежелгі қытайлықтардың көз алдындағы жазу, сонымен қатар, жазулар мен құбылыстардың көлеңкесін, олардың өзгертілген кесікіндерін де қосып алды. Бұл қытайлық ғалымдарға жазуды ой - еңбегінің жемісі, шығармашылық күш-жігер және елестетудің қосындысы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Осылайша жазу өнері табиғат пен мәдениеттің, нақтылы заттар мен адам шығармашылығының бірлескен факторы ретінде жүрді. /3-26/
Бүгінгі күнге дейін белгілі болған ежелгі қытай жазуларының үлгісі б. з. д ІІ мыңжылдықтың ортасына жатқызылып, сүйектегі таңба ретінде бізге жеткен. Олар көбінесе пиктограмма түрінде табылған. Қазіргі күнге дейін Шань дәуірінің 5000-ға жазу белгілері анықталған, ал оның 1500-ы ежелгі иероглифтермен сәйкестендірген. Бұған қоса абстрактілі түсініктер мен белгілі бір затқа нормативті мағына беру тәсілі де табылған. Мысалы: 1, 2, 3 сәйкесінше горизонталь белгілермен белгіленген, ал «жақсы» түсінігі «әйел» және «бала» белгілерінің қосындысынан туындаған. /3-30/
Осылайша Қытай жазуы көру табиғатын қалыптастырған, яғни ауызекі тілден бұрын пайда болған. Сондықтан кейін ол Калмиграфиялық өнерді қалыптастырып, оны Қытайлықтар жоғары бағалаған. Жазудың көру стилінің қалыптасуымен қытайдың тілінде грамматикалық және синтаксистік формалар дамыған. Қытай иероглифі нақтылы зат пен абстрактілі түсінікті де қалыптастырды, бірақ онда морфологиялық белгілер, сөз таптары, шақ, түр көрсетілген. Сөздің мағанасы фразадағы орын тәртібі бойынша жүреді. Алдымен бастауыш, баяндауыш, толықтауыш және мекен пысықтауышы. Классикалық Қытай тілін екі топқа бөліп қарастыру қажет: ата және предиактив. /3-31/
Қытай жазуының табиғатына терең үңілсек, Чжау дәуірінде-ақ сәйкес сөздердің фонтикалық принциптері бойынша қалыптасқанын көруге болады. Иероглифтік кілттердің тізімі б. з басында қалыптасып, 214 белгі деп есептелінген. Олар белгілі бір заттар тобын қарастырады: «ағаш», «жәндік», «адам», «от», «су» т. б. /3-32/
Сөздердің дыбысталуын жазба белгілермен беруге талпынса да, Корея, Жапониядағы сияқты дыбыс әліппесі қалыптаспаған. Бұған кедергі болған Қытай тілінің дыбыстық тізгінінің ерекшеліктері. Қытай лексикасында 5000-дай сөз бар. Мұндағы әр буын көп мөлшердегі сөзге сәйкес келеді.
Қытайлықтардың әліпбилік жазуға көшудің лингвистикалықтан басқа саяси және әлеуметтік себептері де болды. Б. з І мыңжылдығының ортасында жазба тіл таза кітабиге айналып, оны жоғары жақ бүгінгі күнге дейін дәріптеп келеді. /3-32/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz