Жақсыз сөйлемнің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР

1.1Жақсыз сөйлемдер, олардың басты белгілері

1.2 Жақсыз сөйлемнің түрлері

1.3 Жақсыз сөйлемдердің зерттелуі

ІІ ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕРІ

2.1 Жақсыз сөйлемдер парадигмасы
 
2.2 Жақсыз сөйлемдерге тән негізгі ерекшеліктер

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Синтаксис – (грекше syntaxis) –
грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі.
Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі
саласының қарастыратын объектілері тілдің гармматикалық
құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің гармматикалық
жүйесін, құрылысын, сөз таптарының гармматикалық жүйесін,
құрылысын, зерттейді. Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде
тармақтары сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай
сөйлем синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын
синтаксистің зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының
теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде. Синтаксис сөз
тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа
синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық
тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде
қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал
жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен қиюластырып тұратын
морфологиялық – синтаксистік категория ретінде тексереді.
Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем
мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы
болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: жақсыз сөйлем белгілері мен зерттелуін
қарастыру, басты ерекшеліктерін назарға алу.
Курстық жұмыстың міндеттері: тақырып бойынша ізденіс жұмысы,
қосымша деректермен жұмыс.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жүйелеу, жинақтау, салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі және қорытынды
бөлімнен тұрады.

І ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР

1.1Жақсыз сөйлемдер, олардың басты белгілері

Синтаксис (гректің syntaxis - құру, тәртіп, амал-тәсіл) –
сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем
құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Синтаксис
сөйлеудің қалыптасу ережелерін зерттейді []. Синтаксис мәселелерінің кең
көлемде зерттелуі қазақ тіл білімінде 1920 жылдардан басталады. Орта
мектепке арналған Қ.Жұбановтың авторлығымен 1936 жылы жарық көрген оқулықта
ғалым жай сөйлемдерді мағынасы мен құрылысына қарай жіктейді. 1939 жылы
шыққан С. Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың Қазақ тілінің грамматикасы
оқулықтарында жақсыз сөйлем туралы айтылып, сөздер тіркесі жөніндегі
пікірлер де осы жылдардан бастап сөз бола бастады. 1940 жылдары М.Балақаев
жай сөйлем синтаксисімен терең айналысып, Қазіргі қазақ тіліндегі жай
сөйлемнің негізгі мәселелері деген тақырыпта докторлық диссертация
қорғады. Ғалым тілдік материалдарға сүйене отырып, сөйлем мүшелерінің
байланысы ретінде қарастырылып келген сөз тіркесін терең де жан-жақты
зерттеп, оны синтаксистің негізгі нысаналарының бірі ретінде көрсетті. Сол
сияқты ғалым С. Аманжолов Қазақ тілі теориясының негіздері атты еңбегінде
жақсыз сөйлемдерге қатысты біршама ойларын ортаға салады. Сөйлем мүшелерін
таптастыру мәселелері атты мақаласында ғалым мынадай пікірлерін келтіреді:
Сөйлемнің қай түрі болса да синтаксиске кіреді. Сөйлемді түсіну, оның
синтаксистік қызметін айырып білу, оның мүшелерін тану, ондағы түр мен
мазмұнның қарым-қатынасын білу мәселелері жалпы тіл біліміндік
(лингвистика) методологияға (бағыт әдісіне) байланысты; осы күнге дейін
бағыт әдісі әр түрлі болып келгендіктен, бұл мәселелерді түрлі
грамматикалық ағымдар түрліше шешеді Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының
негіздері. – Алматы: Ғылым ғылыми баспа орталығы, 2002. – 368 бет).
Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын
басты белгілері мыналар: 1) сөйлем біршама аяқталған ойды,
модельділікті білдіреді; 2) сөйлем өзара байланысқа енген
сөздерден, сөз тіркестерінен құралады; 3)сөйлем бастауыш пен
баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді,
әрбір сөйлемнің айтылу сазы (нитонациясы) болады.
Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем
мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы
болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы,
Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы
бірнеше жолмен жасалады:
1. Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші
сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);
2. -Ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақты қалау рай арқылы (Оның ештеңеге
қарағысы келмейді);
3. Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, керек, қажет сөздері
тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу
керек);
4. Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке мүмкін, тиіс сөздері тіркесу
арқылы (Біздің баруымыз керек);
5. Иұрақты сөз тіркестерінен (Оның ішек-сілесі қатты. Мұртын балта
кеспейді) жасалады.
Сөйлемнін грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың
болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жақтық мағына, жақтық форма
бастауыштық лексикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді.
Жақтық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык
қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде
жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында
жақтық мағынаға ие мүше бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты
жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз
сөйлемдер бір негізге мүше - баяндауышқа сүйеніп кұрылатын болғандықтан,
олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.
Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін — баяндауыштар.
Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл
баяндауыштар былай жасалады.
1. Барыс септіктегі тұйық рай етістік+бол(ды (болмайды)— келуге болады
(болмайды).
Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.
2. Барыс септігі тұйык, рай етістік+тура келеді—баруға тура
келеді (келді). Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келді.
3. Болымсыз шартты рай етістік+болмайды— келмесе болмайды.
Арнайы барып көрмесе болмайды. Сақтық жасамаса болмайды. Иен қыстауда неше
қонарым беймәлім (О. Бөкеев).
4. Тұйық рай   етістік+керек — көру керек.   Мәселені басы қасына
барып шешу керек. Оған бірнеше сүңгу керек (С. Мұқанов).
5.-пақ тұлғалы есімше+керек - айтпақ керек. Не болса да барып
көрмек керек.
6.-ар, -ер тұлғалы есішше—ма(ме)-{-еді’— көрер ме еді.
Сол әсем өлкені көрер ме еді!
7.шартты рай етістік+болар еді— көрсе болар еді. Жоңышқаны уақыт
өткізбей шапса болар еді.
8. -ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі)+болар - айтар
болар, айтпас болар. Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. Ерте шақырған
әтештің мойнын жұлар болар.
9.Болымсыз есімше--барыс жалғау түрінде жасалады — айтпасқа.
Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. Құс
екеш құс та, көктем туып, ескі ұясына оралғанда, жақ жаппай сайрап,
шаттығып шертеді... Ал оған қарағанда мен адам емеспін бе! Ендеше неге маған
шалқьшасқа, шаттанбасқа! (Ә. Нүршайықов).
10. Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем
ұйымдастыруға қатысады. Көгеріп қалған бөктерден, Көпсітіп жылқы айдаса!
(М. Мақатаев).
11.Өткен шақ көсемше-{-болмайды түрінде жасалады - барып болмайды.
Ауылдары, малдары, күркелері де қасылып, бір ауылдан бір ауылды айырып
болмайды (М. Әуезов).
12. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-
мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Көре-көре
көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
13.Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел
ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Мысалы: Аға тұрып,
іні сөйлегеннен без.
Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып тұр.
1. Арнаулы баяндауыштық формалар жасап, соларды қатыстырып жақсыз сөйлем
құру.
2. Жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, баяндауыштардың нақты  жақтық
формасын әлсірету арқылы.
Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын
орындау үшін қалыптасқан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады.
1. Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыссыз (жаққа катыссыз)
жалпылай айту үшін жұмсалады (неге айтпасқа, көрер ме еді т. т.).
2. Болмыстағы бір жағдайды   (ситуацияны)   қорытынды тұжырым ретінде айту
үшін жұмсалады (көтеруге болады (болмайды), сөйлеу керек т. т.).
Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз
қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар.
1. Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада тұрып қатысады:
маған айтуға болады, саған келу керек т. т.
Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ. Жұмаділов).
2. Субъектіні білдіретін  сөз  ілік септік  формасын алып
қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа тура келді т. т. Ілік
септіктегі сөз матасудың компаненті болған соң, баяндауыштың құрамындағы
негізгі сөз тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөйлеу керек
жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың керек, сұрағың келмеген
сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді.

1.-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші
етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді, қалғым келмейді
т.б.
2. тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер
тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс, баруы мүмкін т.
б.
3. -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді
болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып
болмайды т. б.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем
мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі
қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.

Жай сөйлемді құрайтын сөздерде өзіндік айтылу
интонациясы және сөйлемді жинақтау процесі болуы мүмкін емес.
Олар жай сөйлемге қатысу арқылы сөйлемдік қасиетке негізінен
олардың қанша сөйлемнен құралатынын, әрбір сөйлемнің тиянақты,
тиянақсыз баяндауышы болатыны ескеріледі. Сол сияқты жай сөйлем
мен құрмалас сөйлемдер бір – бірінен граммтикалық мағыналары
жағынан да ерекшеленеді. Жай сөйлемдерде негізінен предикативтік,
яғни жақ, модальдық және уақыт жағы басым болса, құрмалас
сөйлемдерде негізгі мәнге оларды құрайтын сөйлемдерге назар
аударылды, соны айқындағаннан кейін, оның әрбір сөйлеміндегі жай
сөйлем принципі басшылыққа алынады. Сөйлемнің грамматикалық бір
белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды.
Жактық мағына, жақтық форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан,
баяндауыштың жақтық формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие
конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык
қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде
жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында
жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты
жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз
сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан,
олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.

1.2 Жақсыз сөйлемнің түрлері.

Синтаксис – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис
сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы
деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің
синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Сол
сияқты синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін,
сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі
бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-
бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Синтаксис саласы морфологиямен
тікелей сабақтаса байланысып отырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық
құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Синтаксис
зерттеу объектісінің сипатына қарай төртке бөлінеді:
1. Сөз тіркесі синтаксисі;
2. Жай сөйлем синтаксисі;
3. Құрмалас сөйлем синтаксисі;
4. Мәтін синтаксисі.
Жай сөйлем синтаксисінің бір түрі – жақсыз сөйлемдер. Жақсыз сөйлемдердің
түр – түрі олардың баяндауыштарына қарай айрылады. Олардың
баяндауыштары көбінесе күрделі болады да, мынадай құрамда
жұмсалады:
1. – у, - мақ жұрнақты тұйық рай тұлғалы қимыл есімі
мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе
жақсыз сөйлем болады: Бізге көбірек оқу керек ( Ғ. Мұстафин).
Осы мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді жақты
етіп те айтуға болады: Біз көбірек оқуымыз керек.
2. Барыс септікті тұық рай тұлғалы етістікке: есімше,
көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы
жақсыз сөйлем жасалады:
Тұқымды құрғатпай – ақ себе беруге болады (Газеттен).
Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы
етістіктен кейін тура келу көмекшісі айтылу арқылы да жақсыз
сөйлем жасалады:
Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер (С. Мұқанов).
4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен
болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі
айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады:
Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес
еді (М. Иманжанов).
Кейбір есімді сөйлемнің құрамында барыс жалғаулы толықтауыш
болса да, сөйлем жақсызға айналады. Мысалы: (Ол) жұмаққа бармақ
шығар – Оған қайдағы жұмақ (Б. Майлин).
5. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты
сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше ( - р,- ар - ер)
болып, одан кейін сұраулы - ма - ме шылау мен көмекші - е -
ді дің етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады.
Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді?
Бұл сөйлемдердің баяндауыштарына кім мінер ме едің? деп
сұрақ қойып бастауышын іздесек, онда мен, сен, ол, біз, сіз
дегендердің бірі алдымызға көлденең тартыла қалмайды. Олардың
бірінің орнына кім болса сол, мен де, сен де, ол да деген ұғым
пайда болады да, ол тек ойда сақталып, көпке тән мағыналық
бастауыш болады. Сол сияқты, Өзін барып көретін екен! (С.
Мұқанов).
Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып
тұр.
1.Арнаулы баяндауыштық формалар мен лайықты тұлғалар жасап, солар-
ды қатыстырып жақсыз сөйлем құру.
2.Жақты сөйлемдердің негізгі мүшесінің бірі - бастауышын түсіріп, баян-
дауыштардың нақты  жақтық формасын әлсірету ар-
қылы.
Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын
орындау үшін қалыптасқан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады:
1.Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыс-
сыз (жаққа катыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады
(неге айтпасқа, көрер ме еді, барар ма еді т. т.).
2. Болмыстағы бір жағдайды   (ситуацияны)   қоры-
тынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеру-
ге болады (болмайды), сөйлеу керек т. т.).
Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз
қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар.
1.  Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада
тұрып қатысады: маған айтуға болады, саған қатысуға болады, саған келу ке-
рек т. т. Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ.
Жұмаділов).
Субъектіні білдіретін  сөз  ілік септіктің лайықты пішіндері мен  
формасын алып қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа
тура келді, бізге қатысуға тура келеді т.т. Ілік септіктегі сөз матасудың
компоненті болған соң, баяндауыштың құрамындағы негізгі сөз
тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөй-
леу керек жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың
керек, сұрағың келмеген сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).
 
1.3 Жақсыз сөйлемдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі бойынша С.Жиенбаев,
С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Садуақасұлы т.б.
ғалымдардың еңбектері бар. Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі
білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-
бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның
бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың
зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге
әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып
келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің,
өрістілігінің куәсі.
Жай сөйлем синтаксисі. Бұл бағытта сөз тіркесі мен сөйлем екі
түрлі единица екендігі; сөйлем қарым-қатынас жасаудың, пікір алысуды
қамтамасыз етудің міндетін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың негізі болудың
міндетін өтейтіндігі көрсетіледі. Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен
айырмашылығы, сөздердің сөйлем мүшесі болуы, атқаратын қызметіне қарай
сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болып екі топқа бөлінетіндігі,
зерттелу жайы, сөйлемнің түрлері, құрылымдық типтері, жай сөйлемнің
күрделену жолдары, оның ішінде оқшау сөздер арқылы күрделенуі кеңінен
қарастырылады.
Ғайни Ластаевна Мадина Жай сөйлем синтаксисін, оның ішінде жақсыз
сөйлемдерді жан-жақты зерттеген. Ғалым: Сөйлем — коммуникативтік тұлға,
яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз
тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды - дейді. Қазіргі қазақ
тілі жай және құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін,
көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық
тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері –
жай және құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін
анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі жай және құрмалас
сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға
жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер
жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан
ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі
күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.
Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде жай және
құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым
құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-
сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын
қарастырып, синтаксистік қызметін, басқа да белгілерін саралады.
Сөйлемдерді дұрыс табу үшін, біз оларды грамматикалық формаларына,
құрылысына қарай топтаймыз. Топтау мына принциптерге сүйенеді.
1.Сөйлемдерді логикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай топтау;
2.Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау;
3.Сөйлемдерді негізгі құрамының көрінісіне қарап топтау;
4.Сөйлемдерді жақтық мағыналарының болу-болмауына қарай топтау;
5. Сөйлемдерді ақпараттық көлеміне, осыған сай құрамдық мөлшеріне қарай
топтау.
Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бір негізді (бір құрамды)
 сөйлемдер  түркі тілінде де  зерттеу  нысанына айнала бастады. Бірақ түркі
ғалымдарының көпшілігі бір негізді  сөйлемді   жақсыз   сөйлемдер 
қатарында қарастырды. Мысалы А.Н.Кононов түрік тілінде  жақсыз   сөйлемдер 
керек, мүмкін т.б. модаль сөздер қатысқан обороттармен берілетінін
айтса [4,213], башқұрт тілінің грамматикасын жазған Н.К.Дмитриев [5,234],
якут тілін  зерттеген  Л.Н.Харитонов осы тілдердегі  жақсыз   сөйлемдер 
орыс тіліндегі  жақсыз   сөйлемдермен  ұқсас деп есептейді [6,102].
Кейінірек бір негізді  сөйлемдерді  арнайы  зерттеген  түркі ғалымдары
өздері  зерттеген  тілдерде бір негізді  сөйлемдердің  бар екендігін
дәлеледеп, олардың мағыналық-құрылымдық түрлерін ажыратып көрсете білді.
Мысалы татар тілінің грамматикасын жазған М.З.Закиев бір құрамды
 сөйлемдерді  алдымен есімді, етістікті , сөз-сөйлем деп бөледі де,
етістікті түрін белгілі  жақты , белгісіз  жақты , жалпылама  жақты  және
 жақсыз  деп бөледі [7,39]. Осылай топтастыру бұдан былайғы жерде бір
негізді  сөйлемдерді  де, екі негізді  сөйлемдер  тәрізді есімді және
етістікті деп бөліп қарауға негіз болды.
Қарашай-балқар тілінің синтаксисін  зерттеушісі  У.Б.Алиев бір құрамды
 сөйлемдерді  әуелі бастауышсыз және баяндауышсыз деп бөледі де,
бастауышсыз түріне жағы белгілі, жағы белгісіз, жағы жалпылама,  жақсыз 
түрлерін жатқызады. Ал баяндауышсыз түріне атаулы  сөйлемді  жатқызады.
[8,101]
Өзбек тілінде И.Расулов, қырғыз тілінде Б.Тойшыбекова, түркімен
тілінде Б.Сарыевтар  сөйлемнің  осы түріне арнаған диссертацияларын
қорғады.
Өткен ғасырдың 50-60-жылдарына дейін қазақ тіл білімінде бір құрамды
 сөйлем  термині қолданылмағанымен,  жақсыз   сөйлем , атаулы  сөйлем 
түрлері түрлі грамматикаларда қарастырылып келді.
1940 жылы жарыққа шыққан Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша
курсы деп аталатын еңбегінде С.Аманжолов атаулы  сөйлем  мен  жақсыз 
 сөйлемдерді  енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен
түрлерін белгілейді. Бұл еңбекке, сонымен бірге, толымсыз  сөйлемдер  де
енгізілген. Ғалым  сөйлемнің  бұл үш түрі сыртқы құрылымдылық жағынан екі
бас мүшелі (бастауыш-баяндауыштық)  сөйлемдерге  ұқсамайтын ерекше
құрылымдағы  сөйлемдер  екенін айтады [9,170-175]. 1954 жылы шыққан
Қазіргі қазақ тілі аталатын алғашқы академиялық оқулық-грамматикада жалпы
жай  сөйлемдердің  құрылымдық түрлері ретінде  жақты ,  жақсыз , толымды,
толымсыз, атаулы  сөйлемдер  аталады [10,44]. Еңбекте  сөйлемдерді 
жіктеуде олардың негізіне синтаксистік ерекшеліктері алынғаны байқалады.
К.Аханов жалпы тіл білімінде  сөйлемді  бір бас мүшелі, екі бас мүшелі
деп жіктеу бар екенін және оның қазақ тіліне де жат емес екенін айтса
[11,312], ал О.Төлегенов Жалпы модальді және мақсат мәнді жай  сөйлем 
типтері атты кітабының кіріспесінде  сөйлемдердің  мағыналық, құрылымдық
формаларын түгел қамтитын, әрі саралап танытатын топтау принципін көрсетіп,
құрылымына қарай екі бас мүшелі, бір бас мүшелі (баяндауышты),
мүшеленбейтін  сөйлемдер  деп үш топқа бөледі. Екі бас мүшелі  сөйлемдер 
қатарына құрамы бастауыш-баяндауыштық қатынасқа құрылған яғни екі бас
мүшесі де айқын сөзбен берілген конструкциялар жатқызылса, бір бас мүшелі
 сөйлемдер  ретінде құрылысы жағынан бастауышты қажет етпейтін, тек
баяндауышты негіз етіп құрылған конструкциялар аталған. Мүшеленбейтін
 сөйлемдер  деп автор Қалыпты құрылымды емес, яғни  сөйлем  мүшесіне
талдауға келмейтін конструкцияларды атаған [12,44].
Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары
сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай сөйлем
синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің
зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі,
практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде.
Осы кезеңде жазылған тағы бір еңбек – А.Әбілқаевтың Қазіргі қазақ
тіліндегі жай сөйлем түрлері деп аталатын еңбегі. Мұнда жай сөйлем төртке
бөлінеді: жақты, жақсыз, толымсыз және атаулы. Жақты сөйлем: арнаулы,
ауыспалы және бастауышы белгісіз жақты деп іштей үшке жіктелген. Мұнда
автордың сөйлемді жіктеудің басты белгісі етіп, негізінен, жақты алғандығын
және оны бастауышпен тең деп қарағанын байқаймыз [15,18-28].
Бір негізді  сөйлемдерді  арнайы  зерттеуге  арналған келесі еңбек
Ғ.Мадинаның ғылыми жұмысы болды. Ол Қазіргі қазақ тіліндегі  жақсыз 
 сөйлемдер  (1959) деп аталады. Ғылыми еңбек кейін Қазақ тілінің
грамматикасы (1967) атты академиялық басылымға бір тарау болып енді.
Ғ.Мадина қазақ тіліндегі жай  сөйлемдер  құрылысы жағынан бір тұрлаулы
мүшелі болып, екі тұрлаулы мүшелі болып та құрылады деп,  сөйлемдердің 
басым түрі екі тұрлаулы мүшелі екенін баса айтады. Автор  зерттеуінде 
 жақсыз   сөйлемдерді  түр-түрге бөлуі М.Балақаевтың жіктемесіне сай.
 Ғ.Мадина қазақ тіліндегі жай сөйлемдер құрылысы жағынан бір тұрлаулы
мүшелі болып, екі тұрлаулы мүшелі болып та құрылады деп, сөйлемдердің
басым түрі екі тұрлаулы мүшелі екенін баса айтады. Автор зерттеуінде жақсыз
сөйлемдерді түр-түрге бөлуі М.Балақаевтың жіктемесіне сай. Жақсыз
сөйлемдердің жасалуын толық анықтап, сипаттап беруге тырысқан.
Жақсыз   сөйлемдердің  жасалуын толық анықтап, сипаттап беруге
тырысқан. К. Аханов та Қазақ тілі грамматикасының негіздері атты
еңбегінде жай сөйлемге қатысты бірқатар ойларын білдіреді. Ғалым былай
дейді: Сөйлемнің бастауыш мүшесін үш жаққа бөлу — коммуникацияны
ұйымдастыруды ыңғайлы ету талабынан туған грамматикалық кұбылыс.
Сонымен бірге жай  сөйлемдердің  құрылысына байланысты екі негізді
 сөйлем , бір негізді  сөйлем  болып бөлінетінін атап, оған өз тұсынан
термин (атаулар) ұсынды. [13,38]
М.Балақаев 1950 жылы жай  сөйлем  синтаксисінен докторлық диссертация
қорғап, 1957 және 1959 жылдары сөз тіркесі мен жай  сөйлем  синтаксистеріне
арнаған ғылыми кітаптарын жарыққа шығарды. Соңғы еңбегінде бастауышсыз
деп аталатын  сөйлемдер  қатарына бір бас мүшелі  сөйлемдер  деп танылып
жүрген белгісіз және жалпылама  жақты   сөйлемдерді  қосады. Бір негізді
 сөйлемдердің  бұрынғы аталған толымсыз,  жақсыз , атаулы  сөйлем 
түрлеріне өзіндік көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады
[14,211]
Жай сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем мен
жай сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл мәселе
жөнінде ғалым жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық:
жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер
бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден) құралады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақсыз сөйлем
Бір құрамды сөйлемдер
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Жай сөйлемді оқыту
Жақты сөйлем
Жай сөйлемнің түрлері жайында
Жақсыз сөйлемдер парадигмасы
Жақты сөйлемдер
Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемдер.Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер
Белгісіз жақты сөйлем
Пәндер