ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

1. ДІННІҢ ЖАЛПЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ.

1. 1. Қоғамдағы әр түрлі діни наным-сенімдер және олардың түрлері.

1. 2. Қазақстандағы діни жағдай мәселесі

2. ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ.

2. 1. Діни ағымдар және жастар.

2. 2. Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ислам дінінің алатын рөлі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстаннның тәуелсіздікке ие болуы және оның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде дамуы аясында діни сенім бостандығының саяси-құқықтық негіздері қалыптасты. Қазақстан Республикасында біздің мемлекетіміздегі дәстүрлі діндер - ислам және првославие өз қызметін белсенді жүргізе бастады. Сонымен бірге басым көпшілігі батыстан келген дәстүрлі емес діни ұйымдар да Қазақстан аумағында өздерінің діни ілімдерін кеңінен тарату және бекіту жолында белсенді қызмет жүргізе бастады. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың қызметіне баға беру өте күрделі. Дегенмен, әлемдік тәжірибе бойынша көптеген елдерде дәстүрлі емес діни ұйымдардың тіркелуіне уақытша шектеулер енгізіліп отырғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ұйымдардың бірқатары өздері орналасқан елдің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін қызметі үшін мемлекеттік органдардың да, қауымдастықтың да тарапынан қатты сынға алынып отырғандығы, тіпті тыйым салынатыны белгілі.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV-ші сессиясында сөйлеген съезінде атап өткендей, «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі».

Бізге жаhанданудың басты түрткілерінің бірі аксиологиялық, яғни өткен кезең құндылықтарын түбегейлі қайта қарау екендігін ескермеуге болмайды. Көбінесе бұл тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың, бірінші кезекте, жастар санасының ауытқуына, халқымыздың мәдени құндылықтарынан қол үзуіне әкеліп соғады.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа да жұмыстарының нысанына жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән-мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. «Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына дендеп енбей жатып діндарлықтың сүнге айналғанын көріп отырмыз.

Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды. Сондықтан жастарға ерекше назар аудару қажет», - деп Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясында сөйлеген сөзінде айтып өтті.

Қазақстан Республикасындағы жастар ортасында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуын зерттеу өзектілігі, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам тұтастығын сақтау, жастардың сыни ойын, жастар ортасында діни толеранттылық сананы қалыптастыру мақсатында дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиясы мен Қазақстан жастарына әсер ету тетіктерін зерттеудің объективті қажеттілігінен туындайды.

I. ДІННІҢ ЖАЛПЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ.

1. 1. Қоғамдағы әр түрлі діни наным-сенімдер және олардың түрлері.

Дін - адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, өлмейтін, көнермейтін, мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым, бүкіл әлемге ортақ құндылық. Адам ата алейһиссаламнан бастау алатын алғашқы адамдардың бойында да сана мен сезім, махаббат пен мейірім, ар-намыс пен ұждан және адамгершілік ізгі қасиеттер сияқты дінге, құдіретке, жаратушыға деген жоғары сенім болған. Осылайша, есте жоқ ықылым замандардан бері сенім - жүрекпен, дін - адаммен бірге өмір сүріп келеді. Бұл тұжырымды бүгінде ғылыми зерттеулер де қуаттап отыр. Мәселен, Африканың Натал аймағында жүргізілген археологиялық қазба және түрлі зерттеу жұмыстары бұдан 100 000 жылдай бұрын өмір сүрген ежелгі қауым өкілдерінің өзіндік діни нанымдары болғанын айқындап берді. Бұл - «тас дәуірі» деп аталатын өркениеттің нәресте шағында-ақ адамзат баласының жоғары дамыған рухани және мәдени құндылықтарға ие болғанын көрсетсе керек. Басқаша айтқанда, алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінің адамдары да діни нанымдарға сеніп, ақыретке иланып, Жаратқанға сиынып, түрлі жоралғыларын жасаған. Сондықтан болса керек, алғашқы тарихшылардың бірі Плутарх кезінде «Жер-жаһанды кезіп, шарласаңыз - қорған-қаласыз, әдебиетсіз, өнерсіз, заңсыз, жүйесіз, қазына-байлықсыз қауымдар мен тайпаларға кез боларсыз, алайда, дінсіз, наным-сенімсіз бірде-бір ел көре алмайсыз» деп жазған екен. Бертінде өмір сүрген әйгілі ойшыл-философ Бергсон осы пікірді қуаттай отырып, мәдениетсіз және әдебиетсіз халықтар болса да, дінсіз қауымның болмағанын һәм болмайтынын ескертеді.

Дінді шындығында ешкім жоққа шығара алмағанымен, ол туралы әркім таным-түсінігіне орай әрқилы пікір айтады. Кешегі кеңестік идеология ту етіп көтерген маркстік көзқарас бойынша «дін - апиын». Әрине, Карл Маркстің мұндай қорытындыға келуіне сол уақытта батыста үстемдік құрып тұрған христиан теологиясы мен шіркеу де аз ықпал етпеген сияқты. Мәселен, батыс елдеріне ортақ атау болып тараған латынша «религио» сөзі «жаратқанға тағзым ету, құрмет көрсету және қорқу» сияқты ұғымдарды білдіреді екен. Оның үстіне, өзіне шексіз биліктің тікелей Тәңір тарапынан берілгенін алға тартқан шіркеу, ұзақ уақыт бойы бұқара халықты қорқытып, үркітіп, ойшылдар мен ғалымдарды жазықсыз соттап, отқа жағып, еркін ойды тұншықтырып келді. Шіркеу иелері Жаратқанның атынан сөйлеп, көптеген догмалар қалыптастырып, оларды былайғы жұрттың талқылауына, талдауына, тіпті, ойлауына тыйым салды. Мәселелерге ғылыми көзқарас танытқысы келгендер «дінсіз» деп айыпталып, қуғындалды. Осылайша, батыста «дін» ұғымы соқыр сенімнің, догманың, қорқу мен үрейдің, қалтқысыз қабылдаудың, толық мойынсұнудың баламасы ретінде қалыптасты. Міне, сондықтан, батыс қоғамының қалыптасу кезеңін зерттеу барысында ымырасыз, қатал, ғасырлар бойы көптеген мемлекеттерді матап, халықты қанап, елді уысында ұстап келген шіркеудің билігіне көз жеткізген Карл Маркс дінді «апиынға» теңеген де болар.

Осы көзқарастан алшақ жатпаған материалистер дінді «табиғаттың дүлей күші алдында өзін қауқарсыз сезінген алғашқы адамдардың тылсымның алдында тізе бүгіп, түрлі тотемдер мен пұттарға табынып, жалбарынуы» деп қабылдайды. Олардың сөзіне сенсек, осылайша анимизм, фетишизм, паганизм, тотемизм сияқты наным-сенімдер пайда болып, кейін уақыт өте келе ұсақ пұттар ірі құдайларға айналған. «Діндерді адамдардың өздері ойлап тапты, ол қауқарсыздық пен соқыр сенімнің нәтижесі» деген ұғымға саятын бұл түсініктің Чарльз Дарвиннің эволюция туралы әйгілі теориясы бойынша жасалған тұжырымнан туғаны белгілі.

Өкініштісі сол, болжам-долбарға сүйенген Дарвин мен Ламарктің ілімін бүгінгі генетика және археология сияқты нақты ғылымдар бұлтартпас дәйектермен жоққа шығарғанымен, біздің қоғамымыз әлі де осы түсініктің жетегінен шыға алмай келеді. Тіпті дін төңірегінде ой айтып жүрген әйдік ағаларымыздың өзі батыс пен шығыстың, шіркеу мен мешіттің, христиандық теология мен мұсылмандық танымның бір-бірінен мүлдем алшақ дүниелер екенін біле тұра (яки білмей), әлі күнге дейін діннің өсіп-өркендеуін материалистік, маркстік, дарвиндік көзқарас тұрғысынан түсіндіріп келеді.

Елдегі енді бір топ дінді идеология ретінде қабылдайды. Олардың түсінігі бойынша «дін - ақылды адамдардың бұқара халықты оңай басқаруы, бір идеяның төңірегінде ұйытуы үшін ойлап тапқаны». Басқаша айтқанда, олар дінді ақылға қонымды, пайдалы, бірақ білімі төмен бұқара халық үшін ойдан жасалған дүние деп қарастырады. Өздерін бір жаратушының бар екеніне сенетін, сонымен қатар, зиялы, зайырлы деп есептейтін мұндай кісілер дінді «жүрек яки ұждан мәселесі» деп қана ойлайды. Бұдан да батыстық ұғымның жетегінде қалыптасқан, атеизмнен қалған, көнерген ескі түсініктің табын сезуге болады. Батыстық қалыптасқан ұғым бойынша бүкіл наным-сенімдер мен киелі элементтерге табынушылық, түрлі ритуалдардың барлығы да дін. Міне, содан келіп біз қазір философиялық ағымды да, танымды да, нанымды да, көзсіз соқыр сенімді де - байыбына бармай, бәріне тұтас қарап, түгелін дерлік дінге теліп жүрміз.

Дін жайындағы жоғарыда айтылған батыстық танымдар мен исламдағы түсінік арасында айтарлықтай алшақтық бар. Сөздікте «бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» деген сияқты мағыналар беретін дін - тек Жаратқанды танып, білу және оған жалбарынып, мінәжат етуден немесе Тәңірге табынудан ғана тұрмайды, сонымен бірге дін - илаһи әмірлер арқылы адамзат баласын кемелдікке бастап, өзіндік дүниетаным мен қағидалар жиынтығы арқылы көркем мінез бен ізгілік атаулыны өмірдің бар саласына орнықтырады. Дін - әйгілі сахаба Риби ибн Амирдің Иран қолбасшысы Рүстемнің алдында айтқанындай, пенделерді құлға құл болудан азат етіп, тек жалғыз Аллаға ғана құл болуға шақыратын, сол арқылы оны дүниедегі әр түрлі қиындық атаулыдан құтқарып, мәңгілік ақырет сағадатына жетелейтін илаһи тұтас жүйе. Басқаша айтқанда, дін - бүкіл ғаламның, болмыстың, жаратылыстың жүрегіне, өзегіне, рухына, тамырына және өне бойына сүйіспеншілік пен ізгілікті орнықтыратын мәңгілік махаббат, Алла мен пенденің арасына жіпсіз орнаған қастерлі, қасиетті көпір. Құран, кейбір батыстық дін тарихшылары мен материалистерге керісінше, әуелгіде анимизм, фетишизм, тотемизм сияқты «измдер» емес, әлімсақтан бері Алла Тағаланың құзырында тек бір ғана діннің бар болғанын айтады. Құранның баяны бойынша, алғашқы пайғамбар болған Адам атадан бергі барлық пайғамбарлар адамзатқа Алланың бір және теңдессіз екенін, ақыреттің бар және тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Бұл тұжырым бойынша, адамның арғы атасы ұждан мен парасат, ақыл мен ой иесі, саналы адам болған және діни нанымдарға сеніп, Жаратқанға сиынып, ақыретке иланған. Бұл орайда үндінің қасиетті кітаптарын зерттеген неміс ойшылы Шеллингтің «Адамзат әуелде бір болған және жалғыз жаратушыға иман келтірген. Байырғы дін кейін жұлдыздардай шашылып, құрақтай бөлініп кеткен» деген сөзі мен атақты антрополог-ғалым Шмидттің: «барлық діндер әуел бастағы тек тәңірлі діннен өрбіген» деген пікірі Құранның баянынан алшақ жатқан жоқ.

Дінсіз адам болуы мүмкін, алайда, дінсіз қоғам болмайды. Әйгілі Әмір Темір кезінде өмір сүріп, артына өшпейтін мол мұра қалдырған, бүгінде қоғамтану ғылымының атасы саналатын Ибн Халдун «Мұқаддима» деп аталатын әйгілі еңбегінде діннің қоғамдық қатынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысатынын, бұған тиісінше мемлекеттік биліктің де дінге қамқор болатынын атап көрсеткен.

Бұл - қисынды да. Өйткені, дін қоғамдық құбылыс болғандықтан, мемлекет одан ешқашан тыс қала алмайды. Діни сенім мен құндылықтар азаматтардың бойына имандылық пен әдепті ұялатады, кісілік пен парасаттылықты қалыптастырады, нашақорлық, зинақорлық сияқты жат қылықтар мен жамандықтардан тыяды, отбасын ұйытып, қоғамды орнықтырады. Қазіргі батыстық қоғамның қалыптасуына ықпал еткен Руссо қоғамның тұрақтылығы үшін азаматтардың діндар болуы тиіс екенін жазған екен. Оның пікірінше, діндар азаматтар мемлекетке ерекше құрметпен қарайды, билікке мойынсұнады һәм отаншыл болады. Дін осылайша заңмен де орнықтыра алмайтын кейбір қоғамдық қатынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысады. Ал өз кезегінде мемлекет те дінді қадағалап, реттеп отыруы тиіс. Мемлекет ұлт пен халық мүддесі тұрғысынан реттемесе, әртүрлі жат секталар қоғамды жайлап, діни алауыздық туындап, осылайша тәуелсіздікке қауіп төнуі де бек мүмкін. Егер дінге деген мемлекеттік айқын көзқарас қалыптастырмаса, онда діннің атын жамылған әлдекімдер мемлекет тағдырымен айналыса бастайтыны тағы анық. Бұл ретте дінді саясатқа айналдыру немесе саясат үшін дінді қолдану әрекеті мемлекет үшін қауіпті құбылыс екені анық. Ерекше ескерерлік жайт, мұндай пенделік дау-жанжалдар мен түрлі саяси науқандарға діни сипат беру, діннің атын жамылу немесе дінді бет перде етіп қолдану әрекетінен ең бастысы дін зардап шекпек. Мұндай жағдайда, қарапайым діндар жандарға да күдіктің қара бұлты үйіріліп, сенімдеріне селкеу түспек.

Ұлыстың ұйытқысы - ұлт, мемлекеттің өзегі - қоғам болса, сол ұлт пен қоғамның рухы - дін. Бұл ретте, біз көптеген қауымдардың топтасуына, ұлттардың ұйысуына, ұлыс ретінде қалыптасуына діннің ықпалының аса жоғары болғанын еске алсақ та жеткілікті. Мәселен, бүгінгі ормандай орыс халқы православ шіркеуінің арқасында алты бақан алауыздығынан арылып қана қоймай, биік мұраттарды мақсат тұтқан іргелі империя деңгейіне жетті. Бұл орайда тағы бір айта кетерлік жайт, ұлтты қалыптастыруда дін факторы, тіпті кейде тілдік фактордан да биік түсіп жатады. Бұған түп-тамыры бір, тілдері жақын бола тұра түрлі діндерді ұстанғандықтан, уақыт өте-келе бір-біріне қару кезенген бұрынғы Югославия шеңберіндегі елдердің тағдыры мысал бола алады.
Болмысында бей-берекетсіздікке, анархияға қарсы ислам діні елдің бірлігі мен мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етеді. Құран «Аллаға, пайғамбарға және билік құрғандарға мойынсұнуды» бұйырады. Бұл ретте әз-пайғамбарымыз да қоғам мен жамағатты бірлікке шақыра отырып, басшының төңірегіне топтасуды уағыздады, басшыға бағынудың маңыздылығын ескертті. Мәселен, Абдулла ибн Омардан Пайғамбарымыз алайһи саламның: «Кімде кім бойсұнудан бас тартса, қиямет күні Алла алдында айтар уәжі болмайды. Кімде кім (патшаны) мойындамай қайтыс болса, надандық өлімімен қайтыс болады» деген хадисі риуаят етіледі (Хадис сахих, Муслим) . Сол сияқты Абдулла ибн Аббастан Пайғамбарымыз алайһи саламның: «Кімде кім басшыдан өзіне ұнамайтын жәйтті көрсе сабыр етсін, себебі бір адам жамағаттан бір қарыс бөлініп, сол халде қайтыс болса, надандық өлімімен қайтыс болады» деген хадисі риуаят етіледі (Хадис сахих, Имам Бухари) . Көзі тірісінде «Исламның дәлелі» аталған Имам Ғазали да бұл туралы «Нашар жүйенің өзі жүйесіздіктен және анархиядан жақсы. Биліктің міндеті дінді сақтау болса, дінді қорғаудың жолы биліктің, жүйенің нығаюы арқылы болады. Сондықтан, мемлекеттілікті сақтап, билікке мойынсұну керек» деп жазған екен сонау ХІ ғасырда.

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына ықпал еткен Ислам - кендік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің, бейбітшілік пен татулықтың діні. Ол басқа сенім өкілдеріне мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарайды. Хазіреті Мұхаммед алейһиссалам негізін қалаған алғашқы ислам мемлекеті - Мәдина қала-мемлекетінен бастап, ислам діні салтанат құрған барлық жерлерде өзге сенім өкілдері, әсіресе христиандар мен яхудилер сан ғасырлар бойы тыныштық пен бейбітшілік ішінде өмір сүрді. Бүгінгі қазақ жеріндегі толеранттылық пен төзімділікті, кеңдік пен келісімді осы исламдық негізден іздеген жөн сияқты.

Ислам дінін әлемдегі негізгі бес мәдениеттің бірі ретінде атап көрсеткен атақты тарихшы, қоғамтанушы А. Тойнби: « . . . мұсылмандардың рушылдық пен әсіре ұлтшылдықты ауыздықтаудағы ахлақи, моральдық жетістіктері қазіргі дүниеге қаншалықты қажет десеңізші. Мәселенің келісім мен бейбітшілік аясында шешілуі үшін осы мұсылман парасатының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау шарт», - дейді. Расында, адами қасиеттерді ардақтап, адам құқығын аяққа таптамай, оны асқақ ұстау - исламның басты ерекшеліктерінің бірі. Алла Тағала қасиетті кітап Құран Кәрімде бір-бірімен танысып, білісуі үшін адамдарды қауым-қауым, тайпа-тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Сондықтан, ислам дінін қабылдаған кез келген қауым өзінің тілі мен ділін сақтап қалып отырған. Сонымен бірге, мұсылман елдерінде батыстағыдай таза теократиялық мемлекеттің болмағаны анық. Мәселен, католиктердің сенімі бойынша Папа Тәңірдің және Хазіреті Исаның жердегі өкілі, сондықтан ол жаңылыспайды, қателеспейді, Тәңірдің атынан билік жүргізетін болғандықтан оның әмірлерін бұлжытпай орындау керек. Ол қалағанын дінге кіргізіп, қалағанын діннен шығарады, күнәні кешіріп, жұмақты сыйға тартады яки жаратпағанын жаһаннамға аттандырады. Осындай шексіз билікті қолына шоғырландырған Папалар патшаларға үкімін жүргізді, шіркеудің атынан крест жорықтарын ұйымдастырды. Сондықтан батыста зайырлылыққа талпыну - мемлекетті шіркеудің шексіз билігінен құтқару әрекетінен басталған еді. Батыстық Макявелли, Хоббес, Руссо, Лок және басқа да ойшылдар шығармаларында мемлекетті діннің құрсауынан құтқарып, шіркеуді өз қызметіне жегу туралы жазды.

Ислам, бүгінгі түсінікпен айтқанда, зайырлы дін. Інжілде айтылған «Тәңірдің ақысы - Тәңірге, Цезардың ақысы - Цезарға» деген қағида болмағандықтан, Исламда білім мен иман, ақыл мен жүрек, тән мен рух, мемлекет пен дін арасында да қайшылық жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, батыста зайырлы қоғам орнатуды көксеген ойшылдардың өзі исламды тану арқылы сондай байламға келген деуге негіз бар.

Исламдық сенім бойынша Ұлы Жаратушы мен пенденің арасына ешкімнің кіре алмайтыны сияқты, ешкім де, мейлі ол халифа-сұлтан болсын, пайғамбарға өкіл бола алмайды, Алла Тағаланың атынан үкім бере алмайды. Айталық, кісі күнәлі болса, ешкім оның күнәсін жуып, арылта алмайды немесе шіркеудегі сияқты оған «жұмақтың кілтін» сыйға тарта алмайды. Дұға мен тілек - құдіретті Жаратушы мен пенде арасындағы байланыс болғандықтан, әр адам күнәсынан тазару үшін рақым-мейірімі шексіз, мейірімді Алла Тағаланың алдында тізе бүгіп, тәубаға келіп, басын сәждеге қойып, шынайы ықыласымен жалбарынуға тиіс. Сондықтан, ислам белгілі бір топтың меншігіндегі киелі элемент емес, ол қастерлі бола тұра әрбір мұсылманның жүрегі мен тілегінен, ниеті мен амалынан орын алған және жалпы адамзаттың қолы жетерлік күнделікті өмір салты.

Осы орайда айта кетерлік бір жәйт, халық арасында Құран тек өлім-жітім кезінде ғана марқұмның артынан бағышталып оқылатын кітапқа баланады. Құран - әрбір мұсылман тарапынан қырағатынан тұшынып, тәпсір-тәуилінен түсініп оқылуы тиіс өмірлік құбыланама, бұлжымас бағдарлама. Сондықтан, ол - әрі зікір, әрі шүкір және пікір кітабы.

Бүкіл адамзатқа жіберілген кәміл дін болғандықтан, исламда әлеуметтік әділет пен теңдік жан-жақты қарастырылған. Ол капитализм сияқты тек жеке кісіні, немесе, социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік қалып және оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні адам бақыты мен жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған. Көршісі аш отырып, өзі тоқ болған кісінің кәміл мұсылман бола алмайтынын хадистерінде ескерткен Хазіреті пайғамбар, осылайша, үмбетін әлеуметтік әділеттілікке шақырды. Аллаға иман келтірген, жамағатпен намаз оқыған немесе Қағбаны тауап етіп айналып жүрген мұсылмандардың барлығы, түр-түсіне қарамастан, бір үйдің балалары сияқты, бәрі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық дүниеқұмарлық, пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін құралған жасанды идеология емес, жүректер үндестігінен туған рухани бірлестік. Үмбет болған адам бір жүрек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұлттай қабысып, астасып кетеді. Сондықтан, басқа сенім өкілдерінде «үмбет» сөзінің баламасы жоқ.

Алланың жолдауы - ізгілік бастауы. «Адамзатты махаббатпен жаратқан» (Абай), сондықтан, адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезімдер дарытқан, тура жолды көрсетіп, мейірім-шуағын төккен Алла Тағала, хадисте айтылғандай, «пендесін, ананың өз перзентін сүйгеннен артық жақсы көреді». Ендеше, құндылығын танып, тұңғиығына терең бойлай білсек, ислам дінінің қазақ жеріндегі татулық пен келісімнің де кепілі болары анық.

1. 2. Қазақстандағы діни жағдай мәселесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің жастар психологиясына әсері жайында
Жастар саясатының этникалық және діни тұстары
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы
ДІНШІЛДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың факторы ретіндегі ролі
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Діндарлық туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz