Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Жастар субмәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіндіктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бөлім. Жастар cубмәдениеті мәселесінің теориялық негіздері ... ... ... ... 7
1.1. Жастар-әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Жастар субмәдениеті ұғымы, ерекшеліктері мен түрлері ... ... ... ... .13

2 Бөлім. Жастар субмәдениетінің мәселелері және оны шешудегі әлеуметтік
жұмыстың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1.Жастардың субмәдениетке кіруінің әлеуметтік-психологиялық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 18
2.2. Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан
өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи
кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз
емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде
қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы
сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.
Бүгінгі күндегі қоғамдағы қарама-қайшы мәселелер кешені, үрдістердің
бірыңғайсыздығы жастар ортасы мен қоғамда бәсекелі қақтығысқа әкелуі
мүмкін. Алайда қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің
күнделікті алып жүрген білімін, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін
тиімді пайдалана алатын, өмір ағысына икемделе білген, өз болашағына
сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдындағы ең басты мақсат-қоғамда
жаңадан қалыптасып келе жатқан қадір-қасиеттер мен әдеп-жоралғыларды өз
бойына сіңдіре отырып, жаңа қоғамдық жүйеге бейімделіп, ене білу.
Ел басымыздың Қазақстан-2030 атты еңбегінде ертеңгі күні ел тұтқасын
ұстар азаматтардың бүгінгі өнегелі тәрбиесі, олардың бойына дүниеге деген
жаңа көзқарастық бағдар-жекешіл, дербес дүниетанымдық бағдарды,
қазақстандық Отанын сүйгіштік сезімді, нарықтық экономикалық қатынастар
жағдайында жемісті еңбектенуге қажетті білімді, біліктілікті, дағды-
шеберлікті сіңіру, қатаң бәсекелестік пен бұралаң бұрылысы көп жаңа
бетбұрыстық жолда асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерді,
жұғымды мінез-құлық нормалары мен жоғары имандылық құндылықтарды, саяси
кемелділік пен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру-уақыт талабы, Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан - 2030 атты еңбегінде жан-жақты
негізделіп, нақтыланған міндеттер Жастар мәселесін шешу және талқылау
қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік саяси бағыттарының бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес
мемлекеттік жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, кәсіби
және физикалық қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық,
ұйымдастырушылық шарттарын және кепілдіктерін қалыптастыру, жалпы қоғамның
қызығушылығында оның шығармашылық қабілеттілігін ашу болып табылады.
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның
белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші роль атқарады. Жастар-еліміздің
болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан
да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына
сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік
деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті озық
игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан
алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін
өзекті мәселеге жатады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі жастардың ұлттық құндылықтарды
дәріптеп, рухани тәрбиелену мәселесінде. Сонымен қатар жаһандану үрдісінің
жастарды өте белсенді, әрі психологиялық жағынан әр түрлі қылықтарға
әкелуі аса маңызды. Жаңа саяси-әлеуметтік жағдайда республика үшін ғылыми
негізделген өркениетті жастар саясатының қажеттілігі күн тәртібіне қойылып
отыр. Әр түрлі саяси ағымдардың жастарға тигізетін әсерлерінің молаюы
мемлекеттен пәрменді жастар саясатын жүргізуді талап етеді.
Жастардың саяси санасы бос кеңістікте қалыптаспайды. Оған этникалық,
діни, мәдени факторлар тікелей әсер етеді. Әсіресе, діни қайта жаңғырту
түбегейлі саяси-әлеуметтік факторға айналып отыр. Мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты-жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға
бастайтын басты күшке айналдыру. Қоғамда елдің болашағын ойлап, дәстүрлі
құндылықтар жүйесін сақтайтын жас ұрпақты тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени,
саяси бағдар қалыптастыру зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Жастар мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеулерінің объектісі болып,
сонау антика кезеңіндегі Сократ, Аристотель, Платон, орта ғасыр кезеңінің
философтары Августин, Макиавеллиден бастап жаңа заман философтарының
философиялық идеяларынан бастау алған. Тақырыпта негізгі зерттеу объектісі
болып табылатын жастардың мәселесімен терең айналысқан бірнеше ғалымдарды
айтуға болады. 1990-жылдардан бастап, жастар тақырыбы ғылымның түрлі
салаларын (саясаттану, философия, педагогика, тарих, әлеуметтану)
қызықтыруда. Г.Ж. Жұмалиеваның, Ш.М. Мухтарованың, Г.Т. Алдамбергенованың,
Н.М. Кудроның зерттеулері жастар мәселесі бойынша жазылған соңғы еңбектер
қатарында.
Д.К. Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, А. Қасабек, Ж.Ж. Молдабеков, С.Е.
Нұрмұратов, Н.Ж. Байтенова, Р.Б. Әбсаттаровтың, Г.Т. Телебаев, М.Б.Тәтімов
және де басқа ғалымдар қоғамды қозғаушы жастардың интеллектуалды және
инновациялық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерімен айналысты. Соның ішінде
студент жастардың мәселелері жеткілікті деңгейде ғылыми зерттеудің пәні
болып келеді. XX ғасырдың басынан бастап әдебиет жанрында студенттік өмірге
арналған сұрақтар қарастылған еңбектер жарыққа шыға бастады. Қазіргі
зерттеушілердің көпшілігі 1900-1909 жылдары студенттердің әлеуметтануы
пайда болды деп есептейді. Беделді зерттеушілер қазіргі жастар
субмәдениетін зерттей отыра, олардың қатты өзгеріске ұшырағандығы туралы
қорытынды шығарды. Бірақ та бұл туралы зерттеулердің мазмұны және тереңдігі
аз зерттелген деңгейде. Жастардың әлеуметтік-саяси құндылықтары, тұлға
ретінде қалыптасуындағы құндылықтық көзқарастарық бағдары, оқу-тәрбие
процесіндегі саяси бағдарларының қалануы және студенттік өзін-өзі
басқарудың жастардың әлеуметтенуінде басты фактор екендігі жөнінде
еңбектердің авторларына: Б.Қ. Мұхамбетжанов, Е.Б. Әбдырайымов, Г.
Абдираимова, Ж.К. Түймебаева, А.М. Канагатова, Э.О. Столярова, П.А. Добряев
және т.б. Жастар ортасында саяси мәдениеттің қалыптасуы, жастардың
маргиналдық мәдениеттің ерекше объектісі мен субъектісі болатындығы туралы
мәселелер, жастар тұлғасының мәдениеті және т.б. мәселелер А.Р. Масалимова,
Б. Қожамберлиев, Б.С. Қабыкенова, Э.К. Қалымбетова, Б.И. Иманбекова, Ш.О.
Омаров,Т.К. Биғожанов, Д.А. Калетаев, В.И. Зыряновтың жұмыстарына арқау
болды.
Қазақстандағы жастар мәселесі - ТМД және Отандық ғылымда әр қырынан,
түрлі салаларда зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Қазіргі кезеңде
философиялық, мәдениеттанулық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық
концепциялар негізінде жастар мәселесін зерттеу деңгейі жоғары деңгейде.
Жастардың әлеуметтік-мәдени бағдары және жастар мәселесі туралы ой-пікірлер
айтқан шетелдік және Отандық ғалымдарды ерекше айтып кетуге болады.
Жастарды әлеуметтік жағынан терең зерттеген ғалымдар қатарына С.Н. Быков,
А.А. Матлуенис, А.А. Мансуров, Л.Я. Рубина, З.А. Саар, В.Г. Лисовский,
В.Л. Оссовский және т.б. еңбектерін келтіруге болады.
Ф.Р. Филиппов пен М.Н. Руткеевич зерттеулері де жастар мәселесін
тереңірек қарастырды. В.Н. Шубкинмен бір мезгілде дерлік Сверловскіде Ф.Р.
Филиппов пен М.Н. Руткеевич зерттеулер жүргізе бастады. Олардың зерттеу
тәсілдерінің өзіндік бір ерекшелігі мынада еді, жастар мәселелері кеңес
қоғамының әлеуметтік құрылымын жаңғырту мен ұрпақаралық әлеуметтік
өзгерістер арқылы қаралды. Қоғам дамуының үш құраушысына баса назар
аударылды: қоғамдық қажетіліктер, білім беру жүйесі мен жастар, сондай-ақ
олардың арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жастар мәселесіне қатысты негізгі зерттеулерді ленинградтық мектеп
ұсынған әлеуметтік-психологиялық сала. Лисовскийдің бастамасымен жұмыс
жасайтын бұл сала эмпирикалық материалдың негізінде студент жастардың
тіршілік әрекетінің үлгілерін жасады. Оның жастар мәселесіне арналған көп
кітаптары 60-жылдардың соңынан бастап осы уақытқа дейін жастардың
мәселелері жөніндегі ақпараттың негізгі әдіснамалық дереккөзі болып келеді.
Ал осы ленинградтық мектеп аясында өз қызметін бастаған И.С. Кон
жасөспірімдік шақ пен Батыста кең тараған бағыт-жастардың субмәдениеті
психологиясымен айналысқан.
Жалпы, бұл зерттеулердің барлығы жастар мәселесін жан-жақты
қарастырғанымен, қазіргі информациялық, техногендік кезеңде бұл
тақырыптағы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Жастардың әлеуметтік бейімделу,
мәдениет саласындағы, саяси процеске қатысуындағы белсенділіктері жөнінде
терең сараптамалар жасау бүгінгі күнде басты міндет. Уақыт өткен сайын
жастар арасында әлеуметтік-саяси, мәдени құндылықтар өзгеріп, дүниеге деген
жаңа көзқарас пайда болады. Бүгінгі жастардың қоғамдағы белсенділіктерін
және олардың өміріндегі дәстүрлі құндылықтардың ролін анықтау өте маңызды.
Сондықтан да қоғамдағы қазіргі қазақ жастарының мәселесін жан-жақты
зерттеу ізденісімнің өзіндік ерекшелігін білдіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты – жастар субмәдениетінің мәнін ашу,
ерекшеліктерін зерттеу және жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың
бағыттарын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер
белгіленді:
- қазіргі жастардың әлеуметтік бітім-болмысын, тұлғалық кескінін,
азаматтық-адамгершілік сипатын анықтау;
- жастардың субмәдениеті түсінігін ашу, тарихын зерттеу;
- қазіргі жастардың субмәдениетке кіруінің алғышарттарын көрсету;
-жастардың субмәдениеттерімен әлеуметтік жұмыстың маңыздылығын
көрсету.
Зерттеу нысаны- қазіргі замандағы жастар.
Зерттеу пәні -жастардың субмәдениеті.
Курстық жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан және тараушадан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Бөлім. Жастар cубмәдениеті мәселесінің теориялық негіздері

1.1 . Жастар-әлеуметтік-демографиялық топ ретінде

Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі
мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап
ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар–ең
прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар
қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің
жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл
жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты
жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi
келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда
жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып
жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен,
идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып
пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі
бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді
[1,б.17].
Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде
қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет
әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған
байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі.
Әлеуметтік тұрғыдан жастар өздерінің қоғамдағы орнымен,
құндылықтарымен, қызығушылықтарымен, қажеттіліктерімен ерекшеленетін
сипаттамалары негізінде жас ерекшеліктері негізінде бөлінген әлеуметтік
–демографиялық топ. Көптеген әлеуметтанушылар жастар жасын 16 мен 29 жас
деп анықтайды.
С.И.Иконникова мен В.Т.Лисовский атты Ресей зерттеушілері жастарды
өскелең ұрпақ ретінде қарастыра отырып ұрпақтың маңызды сипаттамасы болып
тек қана жас ерекшелігі емес, сонымен бірге мақсаттарының, өмірге деген
көзқарастарының, сенімдерінің ортақ болуы деп түсіндіреді. Жасы ұлғая келе
ұрпақ дәуірлер арқылы алған әлеуметтік белгілерін жоғалтпайды.
Сенімдерінің, қызығушылықтарының, құндылықтарының, ұмтылыстарының ортақ
болуы– қоғамдағы жастардың маңызды көрсеткіштері. В.Чупровтың пікірінше
...жастардың ерекше әлеуметтік қасиеті... жас ұрпақтың қалыптасқан қоғамдық
қатынастарды мираскерлік етіп, қайта жаңғырта білу қабілетімен
сипатталады... [2,б.92].
Уақыт өте келе пікірталастар барысында маңызды топқұрушы сипаты
ретінде жас ерекшеліктерін және онымен байланысты әлеуметтік жағдайының
ерекшеліктерін және осы жағдайлармен шартталған әлеуметтік- психологиялық
қасиеттерін негізге ала отырып жастардың әлеуметтік-демографиялық топ
ретінде қарау орын алды.
Жастарға қоғамдық мағынада анықтама беруге тырысқан В.Т.Лисовский:
... әлеуметтену сатысынан өтуші, жалпыбілімдік, кәсіби және мәдени
қызметтерлі меңгеруші (кемелденген шағында меңгерген) және қоғаммен
әлеуметтік рөлдерді меңгеруге даярланып жатқан (даярланған) адамзат ұрпағы
[3, б.21].
Соңынан жастарды екі негізгі позициядан сипаттайтын анықтамалар
берілді. Біріншіден, жас ерекшілігіне байланысты бөлінетін әлеуметтік-
демографиялық топ, екіншіден қоғамдағы спецификалық жағдайымен, әлеуметтік-
психологиялық қасиеттерімен, қызығушылықтарымен, қажеттіліктерімен,
құндылықтарымен ерекшеленетін топ. Жастардың қоғамдағы рөлі мен жағдайы,
сипаттамасы тарихи кезеңге, мемлекеттің қоғамдық қатынастары мен мәдени
ерекшеліктеріне байланысты.
Жастарды әлеуметтік даму мен қоғамның жаңаруының субъектісі ретінде
түсіну адам теориясындағы ортақ парадигманы өзгерту арқылы мүмкін болды,
онда тұлға қоғамдық қатынастар өнімі емес, іс-әрекет субъектісі (тұлға
теориясындағы іс-әрекеттік тұрғы) ретінде қарастырыла бастады.
Осы көзқарасты В.Н.Боряздың анықтамасы толықтай аша түседі:
- жастар өндірістік күштердің дамуының белгілі-бір деңгейін және өндірістік
қарым-қатынастардың құрылымын ұстап тұрған және қоғамдық тұрмыстың
материалдық жағдайының объектілерінен бастап аталмыш қоғамдық қасиеттерді
өз бойынан көрсете білуге дейінгі қоғамдық қалыптасуды жүзеге асыратын кез-
келген қоғамның адамдар жиынтығының ерекше тобы, өскелең ұрпақ. Жастар
түсінігінің спецификалық мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін екінші белгі
қоғамнан жастар көлемін бөлуге көмектесетін жас ерекшелігі [4,б.123].
Жастарды төрт жас аралық топтарға бөледі:
1. 14-16 жас - жасөспірімдер. Бұл жаста жыныстық жетілумен қатар
организмнің өзге де биологиялық жүйелері қалыптасады. Аталмыш жастағы
жастар үшін физиологиялық және психологиялық дамуын жылдамдығындағы
максималды диспропорция тән. Бұл көбінесе мемлекеттіі немесе ата-анасының
қарамағындағы орта мектептер мен кәсіби білім беру мекемелерінің оқушылары.

2. 17-19 жас - бозбалалар. Бұл кезең биологиялық жағынан физикалық
жетілудің аяқталуы, өзін-өзі айқындау, жеке кәсіби қызметпен айналысу
немесе жаңа кәсіби оқуды таңдау кезеңі. Бозбалалар мен бойжеткендердің
өмірлік жолдарының бөлінуі басталады, соңында бұл олардың арасындағы терең
экономикалық, саяси және мәдени дифференциацияға әкеледі. Бұл жаста
әлеуметтену процесі басталады – азаматтық құқықтарға ие бола отырып,
сонымен байланысты қоғамдық-саяси рөлдер, қызығушылықтары мен
жауапкершіліктер шеңбері кеңейе түседі.
3. 20-24 жас - жастар. Адам бұл жаста физиологиялық жағынан ересек
бола отырып, әлеуметтену процесін жалғастырады. Бұл топты ең алдымен
студенттер мен негізгі кәсіби даярлығын аяқтап, өнідірістік қызметке
кірісіп, өз отбасыларын құрған жас адамдар құрайды.
4. 25-30 жас – ересек жастар. Бұл жаста өндірістік және отбасылық
жеке тәжірибе, жастардың саяси іс-әрекеттерге қатысуы негізінде ересек
тұлғаның қалыптасу процесі аяқталады [5,б.17]. Аталған жастағы жастар өз
отбасыларында ата-ананың рөлін ойнайды. Олар өмірде өз жолын осылайша
табады.
XXI ғасырда жас ұрпақ өзге ешкім атқара алмайтын ерекше әлеуметтік
қызметтерді атқарады. Кейде олар тіпті қарама-қайшы болады. Біріншіден,
жастар мемлекет пен қоғамның дамыған деңгейін мирас етеді және бүгінгі
таңда болашақтың бейнесін қалыптастырып, әлеуметтік қайт жаңғыру мен қоғам
дамуының ауысу функциясын атқарады. Екіншіден, кез-келген әлеуметтік топ
сияқты жастардың да қоғам қызығушылықтары мен мақсаттарымен сәйкес
келмейтін қызығушылықтары болады. Үшіншіден, объективті себептерге
байланысты жастардың құндылық, рухани, адамгершілік бағыттарының
қалыптаспауы және өмірлік тәжірибесінің жоқтығы қате таңдау жасау
ықтималдығын арттырады. Екінші жағынан алып қарасақ еңбектік және қоғамдық
өмірге араласа отырып жастар білім берудің, әлеуметтенудің, тәрбиелеудің
және бейімделудің басты объектісі әрі субъектісі болады. Төртіншіден,
жастар бір жағынан әлеуметтік мобильділік пен экономикалық бастаманың
негізгі қатысушысы болғандықтан, ал екінші жағынан оларға әлеуметтік-
экономикалық және саяси қатынастарға толықтай қатыспау тән. Бесіншіден,
жастар – бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және рухани жандануының
көзі әрі криминалдың, нашақорлықтың, әлеуметтік кедергілердің толықтырушысы
болатын қоғамның әлеуметтік тобы.
Аталмыш функцияларды жүзеге асыру сапасына байланысты жастар қоғамдық
дамудың алға жылжуының әрі тоқтап қалуының факторы бола алады:
Бұл жастардың:
- мемлекеттік және қоғамдық даму міндеттерін қаншалықты білетіндігіне,
түсінетіндігіне, қабылдайтындығына, өз өмірінің перспективаларын қаншалықты
олармен байланыстыратындығына байланысты;
- міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттерге (физикалық, тұлғалық,
біліми, кәсіби) ие болуына;
- мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін міндеттерді
шешуде қажетті ресурстар мен мүмкіндіктерді белсенді пайдалана білуіне
байланысты.
Берілген мәселеге ерекше маңыздылықты әлеуметтік-экономикалық
процестердің динамикасы мен қарама-қайшылығы ұсынады. Аталмыш процестерді
ең әлсіз топ ретінде тағы да жастар қалады: дәл осы топтың экономикалық
еркіндігі төмен, түрлі саяси күштер тарапынан қысымға ұшырайды, нақты
әлеуметтік бағыты жоқ.
Сонымен бірге жас ұрпақ идеологиялық және психологиялық стереотиптерді
бұзуға, құндылық бағыттардың жаңа жүйелерін құруға, болашақтағы азаматтық
қоғам идеалын құруға қабілетті. Ол үшін жастардың көптеген алғышарттары
бар: шығармашылық ойлау, жоғары әлеуметтік және экономикалық мобильділік,
психологиялық икемділік, өмірлік мәні бар сұрақтарға жауап іздеуге ұмтылу,
жаңа құндылықтар жүйесін тәжірибеге асыра білу, жаңа дәстүрлі емес білім
массивтерін қабылдауға деген ашықтық.
Заманауи ғылыми әдебиеттерде жастардың даму мәселесін зерттеудің
көптеген тұрғылары бар, яғни осыған сәйкес жастар түсінігінің бірнеше
анықтамалары бар.
Солардың ішінде дәстүрлісі болып жастарға жас аралық шектеуі, өзіндік
әлеуметтік рөлі, статусы және әлеуметтік позициялары бар ерекше
әлеуметтік–демографиялық топ деп анықтама беретін стратификациялық тұрғы
табылады.
Жастық шақ түсінігіне негізделген жастардың психофизиологиялық
анализі адамның жыныстық жетілуімен толықтай кемелденуі кезеңі арасындағы
кезеңді көрсетеді. Оның әрі қарайғы дамуы ретінде әлеуметтік философияда
жастарды өзіндік биологиялық және психологиялық қатынастары бар белгілі-бір
жастағы (әдетте 14-29 жас аралығы) адамдар тобы деген әлеуметтік
–психологиялық тұрғы қалыптасты [6,б.45].
Рөлдік, субмәдениеттік және қақтығыстық тұрғылар жеке топқа жатады.
Алғашқысы жастық шақты адам бала рөлін ойнаматын, сонымен бірге ересек
адамның да рөліне толық енбеген адамның ерекше мінез-құлықтық фаза ретінде
сипаттайды. Қақтығыстық тұрғы жастық шақ түсінігіне адам өмірінде өз-
өзімен және қоғаммен қақтығысқа түсу, стресс сияқты процестердің болуымен
сипатталады. Осы бейнеде жас адамдар өздерінің спецификалық өмір салтымен,
мінез-құлқымен, мәдени нормалармен, құндылықтарымен (субмәденитті ыңғай)
сипатталатын ерекше әлеуметтік топ құрайды.
Аталмыш тұрғыларға субъективті де жатады. Жастық шақ бұл өзін-өзі,
әлемді ерекше сезіну, өмірге деген құштарлық, іс-әрекеттерге ұмтылыс және
жастық шақты әр адамға тән іс-әрекеттерінің стандартты еместігімен,
жылдамдығымен сипатталатын мінез-құлық ретінде қарастыратын
интеракционистік ыңғай. [7, б.213]
Жоғарыда көрсетілген тұрғылардың әрқайсысы жастар мен жастық шақ
феноменін нақты зерттеушілік міндеттерді шешуде нақты ғылыми пәндерге
сүйенеді.
Әлеуметтенушілік интегративті тұрғының дамуы қазіргі кезде , ұрпақтық
бірлік пен өзара байланыс, ұрпақтық қасиеттері арқылы саралау мінез-
құлқымен сипатталады. К.Манхайм, Г.Шельскийдің пікірлеріне негізделе
отырып заманауи әлеуметтану жас ұрпақты тарихи кезеңдегі (өмір сүру мен
қызметтің хронологиялық кезеңі, онда шешілетін міндеттердің жалпылығы, бұл
кезеңдегі өмір сүрудің экономикалық және әлеуметтік жағдайларының
жалпылығы, ортақ өмірлік тәжірибе және т.б.) мүшелерінің арасында байланысы
бар белгілі-бір ұрпаққа жатады.
Кеңестік кезеңнің отандық қоғамтануында жастар түсінігі қатал емес,
рұқсатты мағынада қолданылды. Дәстүрлі әдістемелік тұрғы жастарды әлі
ересек жасқа жетпеген тұлғалар деп анықтайды. Оның негізінде
психофизиологиялық ерекшеліктердің әлеуметтік ерекшеліктермен ауысуы,
жастардың әлеуметтік, мәдени-идеологиялық гомогенділігінің
(біртектілігінің) жоғарылауы жатыр [8,б.32].
Соңынан қоғамтану жастар түсінігінің мәнін тереңірек аша түсті. Жастар
енді тек өзінің биологиялық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар
құндылықтарымен анықталатын әлеуметтік шығармашылықтың жеке субъектісі.
Жастар түсінігіне мұндай анықтама беру тұрғысы 1960 жылдың аяғы мен
1970 жылдың басында пайда болды. Бұл жастардың жаппай қарсылық акцияларына
шығу салдарынан болды: АҚШ-да Вьетнамдағы соғысқа қарсы, Францияда 1968
жылы жастардың жаппай қарсылық көрсетуі. Осы кезеңде рок, поп-музыкамен
және ерекше киім үлгісімен, биіндегі ерекше қимылдарымен сипатталатын
ерекше жастар мәдениеті қалыптасты.
Жастар біртекті емес қоғамда өмір сүретіндіктен күрделі біртекті емес
әлеуметтік құрылым болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше жастарға
өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға ұмтылуымен
сипатталатын ауыспалы қоғам құндылығы ретінде қарайтын уақыт жетті.
Соңынан 1990-жылдардың екінші жартысында ғылыми әдебитте жастарды
зерттеу әдістемесі туралы пікірталастар қалыптаса бастады. Басты
социологтар мен ювенологтардың қатысуымен ғылыми конференциялар өткізіліп,
кітаптар жарық көреді, магистрлік және докторлық диссертациялар жазылады.
Жастардың менталитеті алғашқы әлеуметтену кезеңінде қалыптаса
бастайды, яғни білім алу, кәсібін, достарын, сүйіктілерін, құндылықтар мен
идеалдар жүйесін таңдау, әлемге деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру және
өз орнын табу сияқты шешімдерді қабылдау арқылы әлеуметтік ауысу арқылы
қалыптасады. Бұл кезеңдегі жастардың менталитетінің спецификалық белгісі
мен негізгі бағыты болашаққа деген ұмтылыс болады. Әлеуметтік ауысу
физикалық жетілудің аяқталуын білдірсе, екінші жағынан өзін-өзі әлеуметтік
және тұлғалық жағынан анықтау, адамгершілік, рухани ізденімпаздық. Осы
орайда ресей зерттеушісі И.С. Конның пікірімен толықтай келісуге болады, ол
қоғамдық жағдай мен жасөспірімдік жағдайдың арасындағы шекара оның
психикасының ерекшеліктерін көрсетеді деген ой айтты. Бір жағынан оны
ересектерге қатысты өзінің автономдық мәселесі алаңдатса, екінші жағынан
ересек өмірдегі өз орнын табу мәселесі де толғандырады [9,б.17].
Жас ұрпақтың құрылымы негізінде биологиялық, психологиялық, мәдени,
әлеуметтік өзгерістер жатқан даму мен өсудің белгілі бір фазаларының кезек
бойынша ауысуы тарапынан да қарастырылуы мүмкін. Егер жастық кезеңді
индивид пен әлеуметтік ортаның өзара қарым-қатынасымен сипатталатын балалық
шақтан ересек өмірге өту деп қарастырсақ, онда жастардың 11-12 жастан
бастап 29-30 жасқа дейінгі жас аралығын қамтитын әлеуметтік ересектенуінің
төрт кезеңін бөлуге болады. Бұл кезеңдер жастардың қоғамдық өмір субъектісі
ретінде қалыптасу процесін сипаттайды. Әр кезеңге іс-әрекетінің сипаты,
ерекше әлеуметтік статус, әлеуметтік тәжірибені игерудің өзіндік ерекшелік
тән.
Бірінші кезең- жасөспірімдік (11 жастан 14 жасқа дейін). Әлеуметтік
тұрғыда бұл жастағы жасөспірімдер мемлекет немесе ата-анасының
қарамағындағы мектеп оқушылары. 14 жасқа дейін жасөспірімнің әлеуметтік
дәрежесінің балалардікінен еш айырмашылығы жоқ, олар қоғамның, отбасының,
мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың қорғау объектісі болады. Дегенмен бұл
жасқа жеткен жасөсіпірім құқықтық дәрежелік ұстанымды алуы міндетті: яғни
жасөспірімдер 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар бұл жасқа толған жасөспірім еңбек етуге және сол үшін сыйақы
алуға мүмкіндігі бар.
Екінші кезең- жастық шақ (14жастан 18 жасқа дейін) – әлеуметтенудің
алғашқы сатысынан өткен, дегенмен де әлеуметтік дәрежесі әлі айқындалмаған,
ал әлеуметтік рөлдер шеңбері кеңейе түсуде. Оқушылардың дәрежелік тобы әлі
де басымдық танытады, бірақ 16 жасынан бастап жас адам негізгі еңбектік
және азаматтық құқықтарына ие болады. Осы жастан бастап жастар
некелік–отбасылық қатынасқа түсе алады, ал аталмыш кезеңнің аяқталуы
құқықтық кемелденумен,яғни адамның саяси құқытарыға ие болуымен
сипатталады. 16-17 жастан бастап жастардың бұл кезеңнің басты міндеті
мамандық таңдаумен байланысты стратификациялық процестері дамиды. Мамандық
таңдау – көптеген жас балалар мен қыз балалар үшін өміріндегі алғашқы
қиындық болып есептеледі. Соңғы жылдары жоғары оқу орындары желісінің
(көбінесе коммерциялық) дамуымен жастардың мамандықты таңдау жолдары мен
мүмкіндіктері арта түсті, сонымен бірге әлеуметтік-моральдық белгілері
бойынша бөлінетін жастардың түрлі топтарының арасындағы стартты
мүмкіндіктер арасындағы бөлініс те арта түсті. Мамандық пен оқу орнын
таңдау жасөспірімдер мен бойжеткендердің өмірлік жолдарының
дифференциациясына алып келеді және бұл тек мүмкіндіктері мен
қызығушылықтарының ғана емес, отбасылардың материалдық жағдайының
дифференциациясы да орын алады, себебі жоғары (орта кәсіби) білім ақылы
түрде болғандықтан қоғамның көптеген бөлігінің оған жағдайы жете бермейді.
Бұл кезеңде қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымында 16-18 жас аралығындағы
жұмыс істеуші жастардың үлес салмағы жоғары болады.
Үшінші кезең - 18-23 жас аралығы – ерте жастық шақ кезеңі. Бұл кезеңде
жас адам физикалық кемелденген болады. Физикалық кемелдену – негізгі
рөлдерін орындаудың алғышарты болатын негізгі биологиялық қызметтерді
орындауға қажетті адамның жеке мүшелері мен ағзасының даму деңгейі.
Төртінші, соңғы кезең- жастық шақ 23-29 жас аралығын құрайды. Аталмыш
кезеңді рухани кемелдену деп атайды. Рухани кемелдену әдетте 27-28 жаста,
яғни өмір мәні мен құндылықтар жүйесі қалыптасып, дүниеге көзқарастық
бағыттары мен ұстанымдары анықталған, кәсіби қалыптасуы жағдайында орын
алады [10,б.56].
Әлеуметтік жастықтың аяқталуының негізгі критерийлерінің ішінде
төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
1. Толық экономикалық тәуелсіздікке жету;
2. Бір (бірнеше) мамандықты игеру және қоғамдық мадаққа ие болу;
3. Саяси және әлеуметтік салада қоғамдық дәрежеге жету.

1.2. Жастар субмәдениеті ұғымы, ерекшеліктері мен түрлері

Субмәдениет дегеніміз-қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы
бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған
наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет.
Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен және басқа да
белгілерімен ерекшеленеді. Субмәдениет терминін 1950 жылы американдық
социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-
жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда алдыңғы
қатарлы озық мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған
сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі 11,б.63]. 
Субмәдениет-ол әлеуметтік-таптық құрылымның элементі болып табылмайтын
әлеуметтік қоғамдастықтардың мәдениеті. Бұл қауымдастықтар бір қызметпен
айналысатын, бір жастық топқа жататын, бір территорияда өмір сүріп, бос
уақытын ұқсас түрде өткізетін, ұқсас эстетикалық, әлемге көзқарастық, саяси
және моральды бағдарларының жүйесі бар адамдарды біріктіреді.
Жастар субмәдениеті-қоғамдық өмірдің айтарлықтай жаңа және көпжақты
құбылысы. Осы бір күрделі құбылыстың бар болуы қоғамның социомәдени
дамуынан бастап, белгілі-бір жастар тобының психологиялық ерекшеліктеріне
дейін көптеген аспектілеріне әсер етеді. Жастар субмәдениеті- өмір сүрудің
белгілі-бір үлгісі және стилі. Кез-келген басқа мәдениет сияқты субмәдениет
адамның әлеуметтік өмірін өмір сүрудің осы үлгісінде анықтайды,
құрылымдайды. Қоғамның базалық мәдениетімен салыстырғанда оның ықпалы
өлшеусіз, алайда адамның өмір сүру үлгісіне, құндылығына ықпалын, оның
әлемді көруді өзгертуге жеткілікті. Жастар мәселесі ғылымда өткен ғасырдың
50-жылдары маңызға ие бола бастады. Дәстүрлі қоғам негізінен аға ұрпақтың
тәжірибесіне арқа сүйей отырып, біртіндеп, баяу темппен дамитындықтан,
жастар мәдениеті феномені көпшілігінде динамикалық қоғамға жатады және
техногенді өркениеттің қалыптасуына байланысты байқала бастады.
Д.В. Ольшанский жастардың суб және конртмәдени әрекетін анықтайтын
келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетеді [12,б.78]:
1. Өз-өзімен бірге болуға ұмтылу. Жасөспірімдік жас үшін жеке
мүмкіндіктерін, өзінің әлемдегі алар орнын іздестіру тән, әрине бұл жалпыға
маңызды нормалар мен құндылықтарды асыра бағалауға әкелетіндігі заңдылық.
2. Еліктеу. Жасөспірімдік кезеңде өзіне тән өмір сүру стилі бар, қарым-
қатынас стилі бар топ ерекше маңызға ие болады.
3. Сатылық инстинкт. Аталған ұғымның ерекшелігі мақсаттық және құндылықтық
ұстанымдардың жетілмей, қалыптаспаған кезінде топтық құндылықтар мен
мақсаттар басым мәнге ие болатындығына негізделген.
4. Бәсекелестердің, дұшпандардың, қастардың бар болуы. Белгілі-бір мақсаты
жоқ топтың жұмылуы үшін қажетті жағдай.
5. Жоғары талпыныс. Аталған жастық категорияға әділдіктің өткір сезімдері,
ерекше болуды қалау тән. Бұл жоғары талпыныс нәтижесін береді.
Қоғамдық пікірде жастар жастар субмәдениеті, youth culture ұғымымен
теңдестіріледі. Түрлі музыкалық әуендерге әуестеніп, өзіндік стиль
қалыптастырып, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай - ақ
сөйлеген сөзі мен іс -қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар
бейформальдар қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Жастардың
субмәдениеті мәдениеттануда әлеуметтендіру тұжырымдамасы аясында
қарастырылады. Мәдени стандартқа үйрену, үстемдік етуші мәдениетке ену
күрделі әрі қарсылық тудырушы үрдіс деп есептелінеді. Ол әрқашан
психологиялық және т.б қиыншылықтарға әкеледі. Осының өзі жастардың рухани
қордан өз өмірінің екпініне сай өмірлік талпыныстарын туғызады.
Жастардың субмәдениеті - қарым -қатынас түрінің талғамы, іс - әрекеттер
нормасы және құндылықтар, 10 жастан бастап 20 жасқа дейінгі аралықты
қамтитын, үлкендердің мәдениетінен ерекшеленетін жүйе. Жастардың
субмәдениеті 60-80 жылдары өте қарқынды дамыды. Жастардың субмәдениеттік
белсенділігі бірнеше факторларға байланысты: білім деңгейіне. Жоғары оқу
орындарында оқитын студенттерге қарағанда, колледжда білім алатын
студенттерде өте жоғары болды. Екіншіден, жас ерекшелігіне байланысты, 16
-17 жас аралығында белсенді, ал 21-22 жаста төменгі деңгейде болады.
Үшінші фактор, тұрғылықты жері. Субмәдениет ауылдық жерге қарағанда қалада
кең тараған, өйткені қала іс - әрекеттер формасы мен құндылықтар жүйесін
таңдауға шынайы мүмкіндік береді. Жастардың субмәдениеті шығармашылық,
танымдық мінездеме бермейді, керісінше ойын - сауықтық және тұтынушылық
сипатта көрініс табады. Бүкіл әлемде жастардың субмәдениеті батыс
құндылықтарының жүйесіне сүйенеді. Бүгінгі күні әлеуметтанушылар жастарға
қатысты дабыл қағады, өйткені жастар үшін алдыңғы орындарда теледидар,
компьютер, сосын мектеп, соңғы орындарға жанұя қойылады екен. Жастар
қоғамдағы дамудың жаңа формаларын позитивті және негативті құбылыстарымен
бірдей қабылдайды. Бос уақыттарында ойын - сауық құруға дағдыланған жастар
тұрақты болмайды, сондықтан да олар өздерінің жаңа тәсілдерін ойлап табады.
Қазіргі кезде үлкен қала өмірі жастарды әр түрлі топтарға бірігуге әкеліп
отыр, яғни жастардың топтасуынан ұжымдық сана, жауапкершілік, әлеуметтік
мәдени құндылық туралы ортақ түсінік қалыптасады. Осыдан жастар
субмәдениеті пайда болады. Жастар субмәдениетінің қалыптасуының бірнеше
белгілері бар.
Жалпы, жастардың субмәдениетін мынадай топтарға бөлуге болады:
- Музыкамен байланысты, яғни белгілі бір музыкалық үлгіні ұстанушылар:
рокерлер, металлисттер, панктер, готтар, рэперлер.
- Өмір сүру салтымен және дүниеге деген көзқарасымен ерекшеленетіндер:
готтар, хиппилер, индианисттер, панктер, растамандар.
- Спортпен байланысты: спорт фанаттары, роллерлер, скейтерлер, стрит –
байкерлер, байкерлер.
- Ойынмен байланысты, яғни басқа әлемге ену идеясы негізінде: ролевиктер,
толкиенисттер, геймерлер.
- компьютер технологияларын жетік меңгергендер: хакерлер, юзерлер,
геймерлер.
- Қауіп-қатер тудырушы немесе асоциалды топтар: панктер, скинхэдтер,
гопниктер, люберлер, нацисттер.
- Діни бірлестіктер: сатанистер, секталар, кришнаиттер, индианисттер.
- Қазіргі жаңа өнер түрлерімен айналысатын топтар: графиттер, брейк-дансер,
скульпторлар, музыка топтары.
- Элита: мажорлар, рейверлер.
- Көпшілік мәдениеті немесе контрмәдениет: гопниктер, реднектер.
- Әлеуметтік-белсенді: қоршаған ортаны қорғаушылар [13].
Белгілі бір субмәдениетке енген адам онымен біртұтас болады. Сол
мәдениеттің барлық заңдарын, жаңа қоғамның тәртіптерін қабылдайды, тіпті
өмірге деген көзқарасы, құндылықтар жүйесі өзгереді. Қазіргі жастар
субмәдениетті қолғапша ауыстырудан шаршамайды. Өйткені олар тек сыртқы
түріне байланысты, айналадағы адамдардың қолдауымен сол мәдениетті
қабылдайды, ал өзінің ішкі сезіміне, сол мәдениеттің құндылығына назар
аудармайды. Қоғамға қауіп-қатер, зиян әкелетін субмәдениет топтары
өздерінің әрекетінің мәнін түсінбейді, тек сол мәдениетке сай әрекетерді
жасау арқылы оның мүшесі атану олар үшін мақтаныш болып есептелінеді.
Рухани жан-дүниемен мәдениеттің барлық құндылықтарын игеріп, ену қоғамға
да, жалпы қоршаған ортаға да жақсы әсер ететінін ескеру қажет.
Психологиялық жағынан қарасақ та, жастардың психикасының зардап шегуі
соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың
субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті
өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің
типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері
көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең
тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте
қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі
елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани
құндылықтарын сіңіре отыра жастар күнделікті өмірде Отандық БАҚ,
бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі
жастарымыз қара роктың патшасы Макл Джексонның фанаттары, сонымен қатар
Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан
гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды
тамашалауды жөн көреді. Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі
кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі жүреді. Сондықтан да
қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар
ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай
топтамасын ұсынуға болады:
- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар,
байкерлер;
- Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің,
жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.
-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни
бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты
жастардың көзқарасының адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда
[13,б.76].
- Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді
бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы жастар кіреді.
Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып,
тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы,
жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.
Осы аталған жастардың субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге көзқарастары,
құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда
бейформальды топтардың пайда болуы бірнеше себептерге байланысты.
Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге
болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас
қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып,
бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес.
Субмәдениеттер дами отырып өзіндік біркелкі киім үлгісін (имидж),
тілін (жаргон, сленг), белгісін (символика), әрі өз мүшелеріне ортақ
дүниетаным қалыптастырады. Ерекше имидж бен жүріс-тұрыс қылықтары өзіміз
(субмәдениеттің өкілі) бен басқалардың арасындағы айырмашылығын
байқататын маркер іспетті. Міне осы жерде ХХ-ғасырда пайда болған жаңа
субмәдениеттер мен дәстүрлі ұлттық мәдениеттердің арасындағы ұқсастық
байқалады. Сондықтан субмәдениетті зерттеу әдістері дәстүрлі мәдениеттерді
зерттеу әдістерімен ұқсас келеді. Ашып айтар болсақ, тарихи-лингвистикалық
анализ, мәдени бұйымдарды анализдеу және мифтік поэтикалық анализ[14].
Субмәдениет өкілдері үшін имидж – бұл жай ғана киім емес, бұл
субмәдениет насихаттайтын сенім жүйесі мен құндылықтарын көрсету болып
табылады. Бұған мысал ретінде ХІХ-ғасырдағы дендилерді (ағыл. dandy)
келтірсек болады. Бағзы заманнан бері жекелеген элементтер мен киімнің
бірсыпыра стильдері жалпы мәдениетке әсер етті. Мәселен, Dr.Martens биік
бәтеңкелері алғашында скинхедтер арасында танымал болса, кейіннен көптеген
бейформалды ұйымдардың негізгі элементіне айналды. Ал готикалық лолита
және готикалық аристократ киім үлгілері тек готтардың субмәдени элементі
емес, сонымен қатар жапон мәдениетінің элементіне айналды.
Субмәдениет өкілдерінде уақыт өткен сайын өзіндік тілі қалыптаса
бастайды. Кейде сол субмәдениеттің пайда болуына тікелей әсер еткен түп
аталарынан мирас болып қалады, ал кейде өздері шығарады. Сленгтің (ағыл.
slang) көптеген элементтері неологизмнен құралған.
Символ және символизм белгілі бір мәдениеттің және мәдени туындыны
сипаттауда анықтаушы роль атқарады. Субмәдениеттің символы – бұл бір
жағынан көптеген мәдениеттердің ішінен өзін бөліп жарып анықтайтын белгі,
екінші жағынан, өткен кезеңдердің қалдырған мұрасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар социологиясы
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Жастар әлеуметтануы туралы
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жастар субмәдениетінің ерекшелігі
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Мәдени саясаттың модельдері
Мектеп оқушыларының өтпелі кезеңде әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы проблемалары
Жастардың даму кезеңдері
Пәндер