Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...4

I Тарау. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен
отбасының бірлескен жұмысының педагогикалық-психологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.1.Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастырудың
теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 7

1.2.Отбасы оқушыларда гумандық қасиеттерді
қалыптастырудың
негізгі
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..17

II Тарау. Жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыруда отбасы мен баланың
бірлескен
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...32

2.1. Бала жеке тұлғасының қалыптасуындағы тәрбиенің
рөлі ... ... ... ... ... ...32

2.2. Отбасы өміріндегі ата-ана тәрбиесінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .39

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: XXI ғасырдың басты міндеті - бүкіл тәрбие, білім
беру, оқу ағарту жөне мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам
тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.
Қазір біздің алдымызда қоғамды жақсартудың ең басты тегершісі - тарихи
көзқарасты жан-жақты дамыту міндеті тұр. Жаңа жағдай жаңа ұғымдарды, жаңаша
ойлауды туғызатындықтан, жұртшылықты жаңаша ойлау тұрғысынан тәрбиелеу
үрдісі жалпы мәдениетті қалыптастыруды қажет етеді. Ал жалпы мәдениетті
қалыптастыру процесі оған тән гуманизмді, оның адамгершілік қасиетін одан
әрі дамытып, адамға тән сүйіспеншілікті білім беру мен тәрбие жүйесіне
енгізумен айқындалады. Адамгершілік идеясының өте ертеден келе жатқан ұзақ
тарихы бар екендігі бәрімізге белгілі. Тәрбиенің адами негізін ертедегі
Шығыстың ойшылдары әл-Фараби, әл-Беруни, ибн-Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашғари
т.б. еңбектерінен кеңінен орын алған. Олардың идеялары педагогиканың
қалыптасып, одан әрі дамуына негіз болды. Оның негізін қалаушылар алыс және
жақын шетел ғалымдары (Я.А.Коменский, Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци,
К.Д.Ушинский, А.С.Мака-ренко, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б.),
қазақ ағартушы-лары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақ
зиялылары Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов және т.б.)
болды.
Шындығында да тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Әрбір
отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды
өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді гуманистік
бағытта ұйымдастырудан басталмақ.
Жоғарыда зерттелген философиялық, әлеуметтанушылық, психоло-гиялық,
педагогикалық және деректі құжаттарды талдау барысында оқушылар бойында
адами жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру отбасы ықпалымен байланысты
екендігін дәлелдейді. Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары.
Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жогары
білімділікті жүктеп отыр. Оның үстіне отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелері
әлемдік деңгейде қарастырылып келеді. Оған 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы
қабылдаған, кейіннен 1995 жылы 5 шілдеде Қазақстанда қабылданған „Баланың
құқығы туралы конвенция" дәлел бола алады. Онда: „Бала толық және
гармониялы дамуы үшін, ол мейіріммен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа
көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-
ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар
туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа,
әсіресе қүқықтық қамқорлыққа мұқтаж", -делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана
жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын
қамтамасыз етуге міндетті екенін айта келіп, ол білімдер мына бағытта
жүзеге асырылуы тиіс деп көрсетілген:
а) баланың жеке басын, талантын, дене жөне ақыл-ой
қабілетін дамыту;
ә) адам құқығын құрметтеу;
б) баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен
құндылықгарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу;
в) баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым-
қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау;
г) қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ, 1996 жылы 30 шідде мен 1 тамыз аралығында бүкіл әлемдік
конвенция кезінде Вашингтон қаласында Жапон азаматы Сан-Мен-Мунның
ұйымдастыруымен (басшьшығымен) „Бүкіл әлемде бейбітшілік үшін", — деп
аталатын отбасы Федерациясы құрылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне әлемнің
100 мемлекетінен 600-ден астам делегаттар қатысты. Мұндай рәсімдер бүіінде
БӘБҰ отбасы Федерациясының 185 мемлекетте ашылған бөлімдеріңде өткізілуде.
Бұл федерациясының негізгі мақсаты - отбасы дамуына көмектесу.
Федерацияның ең көңіл аударатын мәселесі - ата-аналардың балаларына деген
қамқорлығы мен сүйіспеншілігі, отбасындағы бала тәрбиесі. Онда: „Салауатты
отбасы-өркениетті қоғамның негізі болуына сәйкес бүкіл өлемде бейбітшілікті
орнатудың кепілі отбасында дамитын құндылықтар болып табылады", — делінген.
Сонымен қатар отбасы - сүйіспеншіліктің мектебі болғандықган, онда әрбір
адам әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола
жүріп, сүйіспеншіліктің әртүрлі өлшемдерін танып білетіні, ұрпақтан ұрпаққа
беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып,
байытыла түсетіні, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұракты
сүйіспешпіліктің дәстүрлері тек салауатты отбасында қалыптасатыны
баяндалған (БӘБҮ отбасы федерациясы материалдарынан).
Отбасы тәрбиесінің мәселелері Қазақстан Республикасында да мемлекеттік
тұрғыдан қамқорлыққа алынып, қаралуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен Президент жанындагы
отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі арнайы
кеңестың құрылуы. Ол консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Кеңес өз
қызметінің алғашқы қадамын Қазақстан Республикасы Президенті „1995 жылы
Қазақстандагы әйелдер мен отбасылардың қазіргі жағдайы" деген тақырыпта
ұлттық баяндама әзірлеуден бастады. Ол баяндама әлеуметтік-экономикалық
жағдай, демографиялық ахуал, білім беру, әйелдер -халық шаруашылығында,
еңбекпен қамту, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және медициналық әл-ауқат
дәрежесі, отбасы және оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау, мүгедектер мен
зейнеткерлер, әйелдердің тәртіп бұзушылығы сияқты тарауларды қамтыды.
Ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі мен
оларды тарбиелеу барысында арнайы педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыру
олардың балалары оқитын мектеппен, ондағы тәрбиешілермен ынтымақтастықты
нығайтуды қажет етеді.
Адамның ең негізгі қасиеттерінің бірі оның адамгершілігі. Оқушылар бойында
адамгершілік, гумандық қасиеттерді қалыптастыру мектеп, ұстаз, отбасы тағы
басқалардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп
пен ата-ана арасындағы байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі
сынып жетекшісінің міндетіне жүктелген үлкен жауапкершілік болып отыр.
Зерттеу проблемасы: жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен
басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүргендіктен отбасының
тигізетін әсері мол.
Зерттеудің мақсаты: бала тұлғасын қалыптастырудағы;дамытудағы отбасының
тигізетін әсерінің маңыздылығын ашып көрсету.
Зерттеу обьектісі: Жанұядағы ата-ана мен баланың арасындағы тәрбиелік
қатынастар. 
Зерттеу пәні: отбасы тәрбиесінің мәселелері

I. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының
бірлескен жұмысының педагогикалық-психологиялық негізі

1.1 Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастырудың
теориялық негізі

Біз өз өміріміздің басқа салаларында жаңалықтарға кең жол бере отырып,
барлық өзгерістердің негізгі мәні адам тәрбиесі, адамның дамуы екендігін
естен шығарып алмауымыз керек", — делінген Қазақстан Республикасының Орта
білімді дамыту тұжырымдамасында. Онда өркениетті қоғамның талабы ретіңде
адамдардың сауаттылығын арттыру жалпы орта білімнің жүйелілік реформасының
стратегиялық мақсат-тарының бірі деп көрсетіледі.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі —
балалардың гумандық көзқарастары мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру
болып отыр. Гумандық қасиеттерді қалыптастырудың негізгі міндеті - қоғамның
өлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, қадыр-қасиет
сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айнаддыру болып табылады.
Бүгінгі танда гуманитарлық білім беру және гумаңдылыққа тәрбиелеу,
тәрбиені өлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес жүргізу мектепті
жетілдірудің негізі болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасыңда
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: „Қоғамды гуманитарлан-дыру - XXI
ғасырдың табаддырындағы өркениетті дамудың талабы...", — деп айтылып,
гуманитарландыру мақсатына жету зиялылықты қалыптастыруды, өмірлік
құңдылықгар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру арқылы жүзеге
асырылатынын атап өтеді. Ал оның басты міндеті - бүкіл тәрбие, білім беру,
оқу-ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге
жұмылдыру деп көрсетіледі.
Гумандылыққа тәрбиелеу мәселесінің жоғарғы деңгейде қарастырылуы
тәрбиенің тарихи сабақтастылық ұстанымының көрсеткіші екендігін дәлелдейді.
Тарихқа көз жіберсек, гумандық қасиет пен қарым-қатынас, адам баласы
қоғамының дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде
адаммен бірге дамып келе жатқаны философиялық, психологиялық,
педагогикалық, социологиялық әдебиеттер мен ғъілыми еңбектерге шолу жасауда
айқын көрініс табады. Шет тілдер сөздігінде гуманизм - латынның
адамсүйгіштік адам мен адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін
білдіреді 100.
Отандық, шет елдік және соңғы жылдары жарық көрген философтар,
педагогтар мен психологтар еңбектеріне талдау жасағанда гуманизм ұғымын әр
саладағы ғалымдар өзіндік ерекшелікпен сипаттайтының байқадық. Соның
ішінде біз қарастырып отырған проблемаға жақын болғаны, әрі
гуманизмді адам болмысындағы негізгі қасиеттер тұрғысынан анықтаған Ресей
философы А.Ф.Лосев болды. Оның пайымдауынша: „гуманизм дегеніміз -
философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдердің және ерекше өнердің
жиынтығы ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл-ойының ерекше бір
қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы" .
Ал Қазақстандық философ Р.Н.Нұрғалиев 1996 жылы жарық көрген
философиялық сөздігінде: „гуманизм - адамның қадір-қасиеті мен құқын
құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан-
жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты
білдіретін көзқарастардың жиынтығы" - деп анық-тама береді.
Жоғарыда аталған анықтамаларға сүйене отырып бұл проблеманы зерттегенде.
гумандық қасиет адам бойындағы мінез-құлық пен қарым-қатынас тұтастығымен
айқыңдалатынын байқадық. Соңғы жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университетінің педагогика кафедрасы ғалымдары тарапынан оқу-тәрбие
процесін гуманитарландыру бағытында профессор А.А.Бейсенбаеваның
жетекшілігімен көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды. Онда бүкіл оқу-тәрбие
процесін пән аралық байланыс негізінде гуманитарлаңдыру арқылы оқушыларды
гумандылыққа тәрбиелеу мәселесі (А.А.Бейсенбаева), оқушыларда гумандық
көзқарасты қалыптастыру (В.П.Карибжанова), оқушыларда гумандық қарым-қаты-
насты қалыптастыру (Г.К.Шолпанқұлова, Д.Б.Кисикова) т.б. мәселелері
зерттелді.
Ғалым-педагог А.А.Бейсенбаева өзінің „Пәнаралық байланыс негізінде
жоғары сынып окушыларына білім беруді гуманитарландыру" такыры-бындағы
докторлық диссертациясында гуманизмнің тарихи құбылыс екендігін, сондықтан
қоғам талабына сай мазмұнының толығып, өзгеріске еніп отыратынын
дәлелдеген. Педагогика тарихында қалыптасқан гуманизмнің абстрактылы және
реалды типтеріне анықтама беріп, абстрактылы гуманизм- нақтылы тарихи
жағдайлардан тыс гумандылық идеяларды жүзеге асыруды басшылыққа алатынын,
ал, реалды гуманизм-қоғамның тарихи дәуірінде жан-жақты дамыған адамды
қалыптастыру үшін жеке бастың саяси, әлеуметтік, ұлттық және рухани
бостандықтарын қамтитын нақтылы мүмкіндіктер жасауға негізделген тип
екендігін сипаттаған. А.А.Бейсенбаеваның зерттеуінде „гуманизм" ұғымымен
байланысты түсініктер қарастырылып, гумаңдылықтың бүгінгі күнгі мәні
ашылған. Осы бағытта Г.Шолпанкұлова „гумандық қарым-қатынас" үғымының
жұмыстық анык^амасын: „Гумандық қарым-қатынас адам бойындағы адамгершілік,
түсінік, сезім және мінез- құлықтың түтастығымен, бірлігімен анықталады"-
деп келтіре отырып, гумандық қарым-қатынастың құрылымдық бөліктерін
анықтаған. Оған енетін қасиеттерді топтастырып, іріктеп, шынайы гумандық
қасиеттер, жалған (бүркемеленген) гумандық қасиеттер және гумандыққа жат
қасиеттер деп үш топқа бөліп көрсеткен. Ал, В.П.Кәріпжанова зерттеу
жұмысында баланы гумандылыққа тәрбиелеу үшін ең алдымен гумандық көзқарасты
қалыптастыру керектігі айтьшады. Ол жоғары сынып оқушыларында гумандық
көзқарасты қалыптастырудың құрылымдық компоненттерін мынадай етіп береді:
1. Гумандық көзқарасты қалыптастырудың негізгі элементтерінің бірі
адамдарға деген гумандық қарым-қатынас, гумандылық, гуманизмнің мәні туралы
білімдер.
2. Гумандық қарым-қатынасты қалыптасіырудың мазмұны.
3. Балалардың мінез-құлқындағы гумаңдылықты қалыптастырудың
әдіс-тәсілдері мен формалары.
Дегенмен, гумандық қасиеттерді қалыптастырудагы отбасының ықпалы, оның
тиімділігін арттыруда мектептің ынтымақтастығы мәселе-леріне аз көңіл
бөлініп отыр. Жоғарьща аталған галым-педагогтар зерттеуіне сүйене отырып,
біз гумаңдық қасиетке адамзат бойындағы ізгі ниетті барлық ұнамды
құлықтардың жататынын анықтадық. Ол адамның ойы, көзқарасы, мінез-күлқьі,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы арқылы көрініс табады.
Гуманизмнің анықтамасы кейіннен берілген болса да, гуманизм туралы ойлар
ежелден айтылып келеді. Сондықтан біз өз зерттеу жұмысымызды әл-Фараби
еңбектерін зерттеуден бастадық.
Ұлы ғұлама әл-Фараби өзінің „Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері"
деген еңбегінде: „Дене сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы
болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөліктерінің жайы жақсы
болуының әсерінен өрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер
істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның
өзінің және бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман
қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер
жасалады", - деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығының
нәтижесі екенін кәрсетеді 21, 4.
Осылайша, ұлы ғұлама адам жанының күйі мен әрекеті арасындағы
психологиялық байланыстылықты суреттейді.
Зерттеу барысында бізді ұлы ойшыл, түркі әлеміне танымал ақын Қожа-Ахмет
Иассауи еңбектері де ерекше назарымызды аудартты. Оның „Дәптер сәни"
(екінші дәптер) „Диуани хикмет" деп аталатын еңбектері нағыз гуманды
тұрғыда жазылған мұралар. Қ.А.Иассауи сол замандағы араб, парсы
тілінде жазатын дәстүрді бұзып, ол тілдерді біле тұра, өз шығармаларын
шағатай (көне түркі) тілінде жазған. Ондағы ойы -“Құран” тағылымдарын түркі
тілдес елдерге таратуды мақсат тұтқан. Ол: Менің хикметтерім Алладан пәрмен
Окып ұкқанга бар магынасы: Құран, - деп, келер ұрпаққа берер тағылымдарынъщ
тәрбиелік мәнін салмақтайды.
Қ.А.Иассауидің дастанындағы көзқарастары мен өмірдің сан қилы салаларын
пайымдауы оның хикметтерінің өн бойында көрініп те, сезіліп те отырады.
Ғұламаны тек сопылықпен дүниені тәрк еткен, өмірдің қат-қабат құбылыстары
мек зандылықтарын зерделемеген деп айтуға болмайды. Қ.А. Иассауи
еңбектерінде имандылық, гумандылық мәселелері былайша түжырымдалады:
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні катты халайыкрган каштым міне.
Қайда жүрсең көңілі жүмсак, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәлірді сырлас болгъш.
Жоғарыдағы өлең жолдарынан ақын Қ.А.Иассауи мейірімділік, аяушылық
білдіру, жанашырлық пен қайырымдылық жасау бүл гуман-дылықтың, ізгіліктің
негізі екендігін түйіндейді. Сол кезде айтылган ақын ойлары бүгінгі күн
проблемаларымен астасып, өміршеңдігін танытып отыр.
Өмірде қарама-кайшылық қатар жүретіні ақиқат. Ұлы бабамыз да надандықтың
не екенін түсіну үшін оған даналықты қарама-қарсы қояды, даналықтан нәр
алуды уағыздайды.
Кіші пейілділік үлылықтың белгісі, - дейді ғұлама Махмут Қашғари. Адам
бойьшдағы құдай берген дарынға немесе байлығына, не кызметіне мақтанып
немесе бұлданып, тәкаппар болса, бүл ақылсыздықтың ең төмені, - деп
гумандылық және гумандылыққа жат қылықтардың бәрі ой мен көзқарастың
көрінісі екенін айтады.
Жоғарыда айтылғандай „гуманизм" деген термин кейіннен ендірілгенімен.
гумандық идеялар ертеден айтылып келгені мәлім. Қазақ халқы тарихында
„гуманизм" ұғымы көне түркі әлемінде „жәуанмәртлік" ұғымы аясында
карастырылып келгендігін зерттеу барысы көрсетіп отыр.
„Жәуанмәртлік" ұғымы парсы халқының „жувонмард" сөзінен аударғанда
„жувон - жігіт", ал „мард" - жомарттықгы, қайырымдылық кен кеңпейілділікті,
ятни ұнамды қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жәуанмәртлік туралы түсініктің алғашқы белгілері қазақ халқының
тарихында ертеден-ақ пайда болып, біртіндеп туыс елдер арасында кеңінен
тарады. Оған қазақ лексикасындағы „жомарт" сөзінің түбірлестігі дәлел бола
алады. „Жәуанмөртлік" философиялық ілімін зерттеуші ғалымдар (М.Әуезов,
М.Мырзахметов және т.б.) „адамдық", „гуманизм" ұғымдарымен мағыналас
екендігін, ал ол туралы деректер ауыз әдебиеті мен „Қүтадғу біліктен"
басталып, соңы 1917 жылы жарық көрген „Туһфа ва жумхурият" кітабында ғана
сөз болғанын дәлелдейді. „Жәуанмәртлік" ұғымының тағы бір маңызды
ерекшелегі -ол гуманизмнің негізі болатындығында және шығыс халқының
психологиясына сәйкес келетіндігінде болып отыр.
Осы тұста біз „жөуанмөртлж" ұғымының мәнін тереңірек ашып түсіну
мақсатында ғалым М.Мырзахметовпен кездескенімізде, ол кісі Ж.Баласағұнның
„Құтты білік" дастанын мұқияттықпен қайталап оқуымызды кеңес берді. Бұған
дейін біз Ж. Баласағұнның бұл дастанын отбасы тәрбиесі мәселелері
тұрғысынан жан-жақты талдап қарастырған болатынбыз.
„Жәуанмәртлік" ұғымы мәнін анықтайтын түсініктер Ж.Баласа-ғұнның „Құтты
білік" дастанында орын алғандығын байқау қиын емес. Бұл еңбекте ақын мораль
философиясын арқау етіп, әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық
күрделі төрт ұғымға мән береді. Оларға төрт кейіпкердің түрікше атын қояды.
Күн нұры сияқты барша әлемге ортақ жылулық шуагын тарататын болгандықтан
Әділетті-Күнтуды (патша) деп атайды. Бақыт пен байлық, молшылық, дәулет,
мансап-шен мағынасын қамтитындықтан Бақытты-Айтолды (уәзір) деп Айға
балаған. Өйткені дәулет пен бақ та Ай секілді бірде толысып, бірде ортайып,
кейде тіпті кішірейіп адам баласының қолына қонбай кететін болғандықтан оны
бақытпен теңестірген. Ал, Ақылды-Ұғдырмыш (уәзірдің үлы), Қанағатты-
Ұзғырмыш (уәзірдің кенжесі, қыз бала) деп атаған. Осылайша төрт кейіпкердің
ара қатынасы бір-біріне сұрақ-жауап қою аркылы шешіліп, әр мәселе осылардың
дүние танымы тұрғысынан алынып, автордың айтпақ болған негізгі идеясы
барынша кең тұрғыда суреттеледі. Оның идеясының ой желісі болған әділет,
ақыл. қанағат, ракым, ізгілік жайлы моральдық ұғымдардың арғы төркіні түран
жерінде жатқан жәуанмөртлікпен түтасып жаткан құбылыстар. Мұндағы төрт
кейіпкердің үшеуін (өділдік, акыл, бақытты) Ж.Баласағұн адам баласының
бойындағы негізгі қасиеттер түрғысында қанагатган бөліп қарастырады.
Адамзаттың осы үш қасиет жолында өмір бойы талпынып күресіп келетіндігін,
білсем, үйренсем, көрсем дегеннің бәрі акылға, білімге, ал шындықты іздеу
әділдікке төн қасиет екенін, сол арқылы жоғары мәртебеге жетіп, үнемі
жаркын болашақка ұмтылу, жаңаны, өзгерісті қажетсіну бақытқа тән қасиет
екендігін түсіндіреді. Ал қанағатты бөліп қарастыруы - оны өмірдің бар
қызығын қанағат тұтқан адамдықтың сопылық жолы деп түсінуінен болса керек.
Бұл айтылған ойлардан Ж.Баласағұнның адамның адамдығын білдіретін негізгі
осы үш қасиет деген пікірде болғанын көреміз.
Жәуанмәртліктің ерте заманда жұрт таныған үш сипаттан тұратыны
Кайкаустың „Қабуснама" атты педагогикалық мәні бар кітабында (1082-1083)
айтылған. Онда: „Адамның адамдық сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл
үшеуінің бірі - акыл, екіншісі - туралық, үшіншісі - жомарттық
(адамгершшік, қолы ашықтық және т.б. қасиеттер)", - делінген. Жомарттық
жолына түспек болған адамның үш нәрседен сақ болуын: „Көзіңді жаман
қараудан, қолынды жаман істен, тілінді жаман сөзден сақта", - деп
ескертеді.
Кезінде ғұлама Абай да „Белгілі жәуанмөртлік үш хислат бірлөн болар
деген сиддық (шындық), көрәм (ізгілік), ғақыл (даналық)", - деп,
жәуанмөртліктің үш түсініктен тұратынын атап өткен. 38-ші қара сөзінде адам
болу, жарым адам, толық адам, адамның адамдығы, адамшылық және т.б.
ұғымдарға талдау бере отырып жас ұрпақ „...ғылым, білімді махаббатпен
көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады", - деп түсіндіреді.
Жәуанмәртліктегі үш қасиетті өлеңдерінде молынан қамтиды.

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
— деп талап, еңбек, терең ой, қашғат, рақым - бұл бесеуі нағыз адамдық
қасиеттер, адам болудың шарты, ал өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ — адам баласының дұшпаны екенін ескертеді. Нағыз адам болу үшін
адамдықты сипаттайтын үш қасиет болу керектігін: Ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек, — деп атап өтеді. Абайдың:
Үш-ақ нәрсе касиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
деген өлеңдер қатарындағы адамның адамдығын сипаттайтын үш негізгі
гумандық қасиет жәуанмәртлік идеясының педагогикалық-психо-логиялық мөнін
айқындайдық.
Зерттеу барысында Абай шығармаларына жасаган талдау бізге жәуанмөртлік
идеясын мынадай формуламен көрсетуге мүмкіндж берді:
Формула (латынның “formula” деген сөзінен аударғаyда бейне деген
мағынаны білдіреді) - белгілі бір сөйлемдер байланысын көрсететін
математикалық белгілер комбинациясы. Төмендегі формулада математикалық
белгілер орнына қасиеттік ұғымдар алынып тұр.

Жауапкершілік = Нұрлы ақыл + Ыстық қайрат + Жылы жүрек

Мұндағы үш ұғымға Абай тарапынан арнайы мән беріле айтылып отырған
анықтаушы сөздер (нұрлы, ыстық, жылы), сол күрделі ұғымның өзіне тән
гуманистік мағынасын ашып, айғақтап тұр.
Абай жүректі негізінен эмоциялык сезімнің адамгершілік негізіндегі рақым-
шафағаттың қайнар көзі ретіңде таниды. Оны адамзат баласының бойында
үялаған ең асыл қасиеттер: мейірім, рақым, әділет, шафағат, ар-үят
атауларының қайнар көзі, қүтты мекені ретінде қарастырады.
Мәселен, Абай 17-қара сөзінде өз сөзін гылымның атынан айтып, ақыл,
қайрат, жүрекке жеке-жеке тоқталып, олардың әр қайсысына тән
ерекшеліктеріне лайықты баға береді. Әсіресе олардың арасынан жүректі
шешуші орынға көтеріп, оған негізінен гуманистік астар беріп отырады. Ол
былайша сүреттелген:
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі кездесіп, әрқайсысы адамзат үшін қаншалықты
пайдалы екендіктерін айтып таласыпты. Оларға ғылым төрешілік жасапты. Сонда
қайрат былай депті: Ей, ғылым дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді,
ерінбей, жалықбай өнер үйрену керек болса, ол да менің ісім, адасқанды
жолға салып, бойды қайта жиғызатын да мен емес пе? Осы екеуі маған қалай
таласады? - депті.
Сонда ақыл айтыпты: Пайдалыны да, залалды да білетұғын - мен. Менсіз
пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене
алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады?
Сонда жүрек былай деп тіл қатыпты:
Жүректің Ақылға, Қайратқа,
қызметіне білімге тән І
іс-әрекетке
№ Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык; тән
қасиеттер кдсиеттер гумандық
қасиеттер
1. Мейірімділік
2. Қайырымдылык
3. Кешірімділік
4. Қарапайымдылық
5. Ақ көңілдік
6. Кең пейілділік
7. Әділдік
8. Адалдық
1. Білімділік
2. Саналылық
Терең ойлылық
4. Мақсаттылык
5. Байқағыштық, сезгіштік
б. Жоғары талап қоюшылық
7. Жоғары идеялылық
8. Зеректілік
1. Тіл тапқыштық
2. Көпшілдік
3. Еңбекқорлық
4. Жауапкершіліктік
5. Ептілік
б. Тез шешім
ққабылдауқабыддағыштық
7. Белсенділік
8. Сабырлылық

Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан да менде
мекендейді. менсіз тіршілік жоқ. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын:
жақсылыққа елжіреп, еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын
- мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық бәрі менен шығады. Осы
екеуі маған қалай таласады?
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, қайрат пен ақылдың
айтқаңдарын мақұлдай отырып, үшеуінің басын қосып, әмірші жүрек болса
жарайды деген қорытыңдыға келіпті.
Ақынның атақты „Әсемпаз болма әрнеге" деген өлеңінің басты
идеялық мазмұны да ұлы ақынның зор адамгершілік мұраттарының тікелей
образды түрде берілген көрінісі. Мәселен: Ақыл мен қайрат жол табар,
Қашканға да куғанға. Әділет, шафқат кімде бар Сол жарасар туғанга, -~ деген
өлең жолдарында да ақыл, кдйрат, жүрек негізгі қасиеттер тұрғысында
қарастырылса, әділет, шафқат жүректің баламасы ретінде беріліп тұр. Немесе:
Алдыңғы екеу соңғысыз
Біте калса қазақка,
Алдың жалын, артың мұз,
Барар едің қай жакка, - деген шумақтағы алдыңғы -
ақыл мен кайрат, соңғы - әділет, шафқатсыз қазақтың бойына біте қалған
қасиеттер болса, онда олар адамдық сипаттан құр алақан болар еді дегенді
байқатады. Яки Абайдың пікірінше, ақыл мен қайрат екеуі әділет, шафқатқа,
яғни ж^рекке сүйенбей, оның ырқынан тыс әрекет етсе, ізгілікті жақсылықтан
алшақтап, адамдықтың асыл мұраттарына қызмет етуі екі талай.
Абайдың „жәуанмәртлік" ұғымының мәні М.Әуезов пен М.Мырзахметовтің
еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданды
Біз жоғарыда айтылған зерттеулерге сүйене отырып, негізгі гумандық
қасиеттерді бөліп алып, оларды төмендегі кестедегідей етіп топтастырдык.

Кесте-1

Кесте-1-де көрсетілген мейірімділік, қайырымдылық, кешірімділік,
карапайымдылык, ақ көңілдік, кең пейілділік, әділдік, адалдық секілді
қасиеттер адам болмысының ерекшелігіне, оның жүрек жылылығына тән
касиеттер. Бұл қасиеттер адам әрекетінің мотивіне ықпал етіп, басшылық
жасайды. Ал екінші топтағы білімділік, саналылық, терең ойлылық,
мақсаттылық, байқағыштық, сезгіштік, жоғары талап қоюшылық, жоғары
идеялылық, зеректік секілді қасиеттер адамның білім қоры мен ақыл-ойының
дамуы нәтижесінде пайда болатын қасиеттер. Олар адам әрекетке түспегенде,
немесе қарым-қатынас жасамағанда байқала бермейді. Бұл қасиеттер жоғары
білімділік пен ақылдылықты талап еткенімен ол жақсылыққа да, зұлымдық
жолына да қызмет етіп кетуі мүмкін. Оның негізгі бағыт берушісі жүрек әмірі
болып отырады. Үшінші топтағы тіл тапқыштық, көпшілдік, еңбекқорлық,
жауапкершіліктік, ептілік, тез шешім қабылдағыштык, белсенділік, сабырлылық
қасиеттері адамның іс-әрекеті негізінде пайда болып, көрініс табатын
қасиеттер. Соңғы екі топтағы қасиеттер мотиві бірінші топтағы қасиеттерден
келіп шыгады. Мәселен, бірінші топтағы мейірімділік орнына мейірімсіздік
орын алатын болса, онда екінші топтагы білімділік адамзаттың пайдасына
емес, зұлымдыққа, ал үшінші топтағы еңбекқорлық сол зұлымдықты жүзеге
асырудағы тызнымсыз еңбекке айналып кетуі анық.
Сондықтан бірінші топтағы қасиеттер жетекші қасиеттер болып табылады.
Адамның гумандық көзқарасы мен ниеті онын сезімінен-туындайтыны
Ы.Алтынсарин, М.Әуезов еңбектерінде көрініс тапқан. Қарап тұрсақ,
Ы.Алтынсариннің еңбектерінің қай-қайсысы болсын балаларды ізгілікке,
білімділікке үгіттейтін тәрбиелік мәні жоғары үлкен бір педагогикалық
шығарма. Сөзіміз дәлелді болуы үшін оның „Масақ" деген әңгімесін талдап
көрелік: Ойда әкесі баласына дөн алқабын бақылап отырып былай дейді: „Басын
тік көтеріп тұрған масақта дән болмайды, керісінше басын иіп тұрған
масақтың ішінде дән бар. Адамдар да дәл осындай. Көкіректене басын менменси
көтеріп жүретін адамдардың іші бос, қуыс кеуде болады. Иіліп, сыпайылық
танытып тұратын адамдардың ішкі жан дүниесі бай, адамгершіиік қасиеті
жоғары. Адамдар сыртқы көрінісі арқылы емес, ішкі жан дүниесі арқылы
бағаланады". Осылайша Ы.Алтынсарин жас балаға адамдықгың негізі
кішіпейшділікте екеңдігін қарапайым түрде жеткізе білген.
Гумандықтың адам бойындағы көрінісі қазактың даңқты жазушысы, қоғам
қайраткері М.О.Әуезовтың көп жанрлы шығармалары мен зерттеулерінде кеңінен
орын алған. Оның "Кім кінәлі?", "Ескілік көлеңкесінде", "Қорғансыздың
күні", "Оқығандар", "Үйлену" т.б. еңбектері гумандық бағытта жазылған
шығармалар.
Гуманист ақыл ізгі ниетті азаматтың қалыптасуын отбасынан, қоршаған
ортасынан бастау алады, сонымен қатар, гумандылық - бұл адам бойынан
көрініс тапқан қасиеттер арқылы анықталады деп түсінеді. Ол "Адамзат негізі
- әйел" деген мақаласында адамда екі түрлі құлықтың бар болатынын айтады.
Оның біріншісі — тіршілік қамы, екіншісі — адамшылық камы. "Барша дүниедегі
пайда - мақтан әуелі басыма болса, немесе туысқаныма, ең болмаса аталасыма
болса деп неғұрлым өзіне қарай тартып талап кылу, бұл бір ғана тіршілік
қамын көздеген хайуани салахият. Менен жақсылық тарап, адам баласына әлім
келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол-адамдық жолы", - деп екі түрлі
құлықты сипаттайды.
"Бүгінге дейін "гумандылық" пен "ізгілік" ұғымдары бір-бірінің баламасы
немесе аудармасы ретінде қолданылып келді. Ізгілік туралы қазақ
педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген: „Ізгілік -адамның
әдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін касиет.
Ізетті адам жақсы тәрбие алып, оны іс жүзінде қолданған адам".
Сонымен қатар қазақ халқының тарихында ізгілік ұғымы қазақ зиялылары
еңбектеріңде кенінен қарастырылган. Бүл тұста бес арыстың бірі атанган,
кезінде жазықсыз әділетсіздіктің, репрессия құрбаны болған гуманист ақын
және педагог М.Жұмабаевты ерекшелеп айта аламыз. М.Жұмабаев ізгілікке
былайша анықтама береді. „Кімде-кім өзін сүйсе; туысқандарын сүйсе, өз елін
сүйсе, өсіресе бүкіл адам баласьш бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп
айтамыз".
Бұл анықтаманың құндылығы қазақ халқының психолгиясында жатыр. Қазақ
халқы ежелден басқа халықтардан өзінің қонақжайлылығы, бауырмашылдығы және
т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленген. М.Жұмабаев ізгілік ең алдымен жеке
адам болмысында көрініс тауып, оның өзінен бастау алуын назарға түтады.
Сөйтіп, бүкіл адам баласын бауырым деп тануы арқылы баршаны ізгілікке
баулиды. Бұл жалпы адамзаттық идеяны кдзақ халкының дәстүріндегі өзгеге
„қол ұшын беру" әрекетінің өзі дәлелдеп тұр. Қазақ қашанда жетім-жесірлер
мен мүсәпірлерге кайырымдыльіқ жасап, көмектескен халық. Адам басына қиын
жағдай түскенде туған туыстары немесе жора-жолдастары, тіпті таныстары
болып жиналып кол ұшын беру ежелден сақталып келе жатқан салтымыз. Бұл “қол
үшын беру” деген ұғымның астарында үлкен әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық мағына жатыр. Себебі қазақ халқының әлеуметтік болмыс, бүкіл
тәрбие дәстүрі мен психологиясы бауырмашылдық пен ізгілікке негізделген.
Бұған дәлел шет елде жүрген көптеген қазақ бауырларымыздың өсіп-өркендеуі
мен сол елдерде тату-тәтті өмір сүруі. Олардың басқа елдердің тілі мен
дәстүрлерін игеріп, қабылдауымен қоса өз тілдерін, әдет-ғұрыптарын
ұмытпағандығы, Отанга деген сүйіспеншілігін жоғалтпағандығы бұл гуманизмнің
негізгі белгілері.
Гуманизм ұғымының ішкі ерекшеліктерін қазақ философтары берген
анықтамалармен салыстыра отырып талдағанда М.Жұмабаев сол кездің өзінде
бүгінгі қоғам талабына сай жалпы адамзаттық идеяны дәл көре білгендігін
аңғарамыз.
Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсы бірі болмасын ізгі адам
өзінің бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деп
тұжырым жасайды.
Гумандық қасиеттердің қалыптасуы бүгінгі қазақстандық философтар
еңбектерінде де көрініс тапқан. Солардың бірі Д.Кішібеков өзінің
философиялық еңбегіңде адамның бойындағы кісілік қасиеттердің үш дәрежеде
болатынын былай түсіндіреді:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі.
Шыққан
нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті
адамның барлық өкілдеріне ортақ, жалпы адамзаттық қасиеттер. Олардың
қатарына қуану, қайғыру, балажандық, ананы сүю,
арамдық-зұлымдықгарға, әділетсіздікке теріс қараушылық, махаббат, жек
көрушілік, әділдікті ұнату т.б. жатады.
2. Әр адамның физиологиялық ерекшелігінен жоғары жүйке жүйесінің
қызметінен туатын және оның тек өз басына тәк психология-лық
ерекшеліктері. Бұлар оның мінез құлқында, қимылы мен жүріс-
тұрысында, сөйлеу ыңғайында, адамдар мен қарым-қатынасында болады.
3. Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, белгілі
дәрежеге жеткен
материалдық және рухани мәдениет жемістерімен сусыңдап өседі.
Осылардың бәрі қосылып адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады
және сол уақыт ішінде анықтала, екшелене келіп, тарихи ортаның, мәдениет
дәрежесінің адам санасымен психологиясында кескінделген идеалды бейнесін
құрайды. Олар адам бойындағы гумандық қасиеттер болып табылады деп ой
түйіндейді.
Сонымен зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектерге, соның
ішінде педагогика мен психология гылымдарында гумандық қасиеттер ұғымына
берілген мазмұнды сипаттамалар жоғарыда біз көрсеткен формула құрамындағы
нұрлы ақыл, ыстық қайрат және жылы жүрек ұғымдары мазмұнын қамтитынын
дәлелдейді.
Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда әсер ететін факторлар:
отбасы, мектеп, орта (жолдастары, ауладағы, көшедегі әсерлер т.б.),
көпшілік хабар кұралдары (газет-журнал, теледидар, радио, т.б.) және т.б.
болып табылады.
Гуманизмнің анықтамалары, құрылымы мен оны зерттеудің тарихы және
қазіргі ғалымдардың еңбектерінің нәтижесі аталған қасиеттерді
қалыптастыруда отбасының ролі зор екенін айқындайды.
Ғалым педагогтар Б.Р.Айтмамбетова, Р.К.Төлеубекова, К.Босжанова, және
т.б. балаларда ұнамды қасиеттердің қалыптасуы отбасында қаланатындығын
дәлелдесе, Л.В.Лысенко, Л.К.Керімов, Г.А.Уманов және т.б. қиын балалар
тәрбиесі мәселелері бойышпа жүргізген зерттеулерінде отбасы тәрбиесінін
ролін ерекшелеп көрсетеді. Л.В.Лысенко бала дұрыс тәрбие алып, дамуы үшін
ең алдымен ата-аналар отбасы тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет деп
санайды. Ол үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтеріп отыру тәрбиеде
дұрыс нәтиже беретінін дәледдеді. Ғалымдар Г.А.Уманов пен Л.К.Керімов қиын
балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулершде „қиын" оқушыны зерттеуді
ең аддымен отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады 68.
Баланың жетіліп, қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре
келіп, оқушыны „қиын" атануға алып келетін ата-аналардың балаларымен,
мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатьшасындағы бірнеше кемшіліктерді
көрсетіп берді. Ал осы қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы отбасында
гумандық қарым-қатынас орнату екенін дөлелдейді.
Оқушыларда гумандық касиеттерді қалыптастыруда отбасының алатын орны
келесі параграфта қарастырылады.

1.2 Отбасы оқушыларда гумандық қасиеттерді
қалыптастырудың

негізгі факторы

Салауатты отбасы-өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліл
отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла
түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты
сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады.
Тәрбиенің бастапқы әліпесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің,
адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.
Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғаңдықтан отбасы
тәрбиесіне әлеуметтанушышық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде
ерекше көңіл бөлініп, „отбасы" ұғымына көптеген анық-тамалар берілген.
Мәселен, Р.Н.Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде:
"Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық
байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер
мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін
туыстардың арасындағы сана луан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы", -
деп айтылса, ал Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: „Отбасы - ол
бірге тұратын
некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы деп
анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы - баланың өмір
жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер
алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен
өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Осы тұста тағы
да айта кететін мәселе Ж.Қоянбаевтың 1998 жылы жарық көрген „Педагогика"
деп аталатын окулығында „отбасы" ұғымы „үйелмен" деп алыныпты. Сондай-ақ
соңғы кездерде орысша „семья" ұғымының қазақша аудармасы „отбасы", „жанұя",
„үйелмен" деп қолданылып жүргенін жиі кездестіруге болады. Сондықтан
„семья" ұғымының терминологиялық сөздікте қабылданған аудармасын білу
мақсатында терминологиялық комиссия мүшелелеріне (Н.У.Уәлиев) жолығып
ақылдастық. Олар сөздік бойынша „отбасы" ұғымының қабылданғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Б.Қалиев пен Ш.Күркебаевтың орысша-қазақша және қазақша-
орысша терминдер сөздітідде „семья" ұғымын „отбасы" деп аударған.
Жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, біз өз зерттеу жұмысымызда „семья"
ұғымын „отбасы" деп алуды жөн көрдік.
Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып біз отбасының мынадай
белгілерін айқындадық :
1) Отбасы өзара туысқаңцық қатысы бар, әр түрлі жастағы және әртүрлі құқылы
адамдардан біріккен ұжым.
2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналык, балалардың ата-аналарына,
ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас
жасау міндеттері байланыстырып тұрады.
3) Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері
сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.
4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және
рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық)
процестермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік ролі адамның өзін
өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады.
Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір
сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың
сипатына, сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз
кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар
мен жас өспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындагы еңбегі,
өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік-эстетикалық жағынан
дамуына әсерін тигізу.
Біздің қоғам үшін әр кезенде, өр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-
қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған
халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары
тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы
-отбасы. Сондықган адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін
өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді балаға ата-
ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
"Отбасы тәрбиесі" ұғымының өзі "отбасы" мен "тәрбие" категория-ларының
жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен
ролі, отбасыңцағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына (тәуелді)
байланысты дамиды.
Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:
Бірітиіден, отбасының материялдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру
дәстүрі арқылы яғни отбасы мүшелерінің материялдық және рухани қажетсінуі
мен әлеуметтік құңдылықтары арқылы.
Екішиіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы.
Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие процесі қоғамның
тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына
қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігндде отбасы тәрбиесі ұғымы
былайша түсіндіріледі: „Отбасы тәрбиесі-туысқандық қарым-қатынастар мен
тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады".
Біз өз зерттеу жұмысымызда отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін „тәрбиелеу"
және „әлеуметтендіру" ұғымдарын карастыруды қажет деп таптық. Бүгінге дейін
педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат-
тұжырымдамаларда „тәрбие" ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993
жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: „тәрбие - халықтың ғасырлар
бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың коршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мшез-құлқын
қалыптастыру," — деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық энциклопедия
сөздігінде: „тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді
қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды калыптастырудың жүйелі
процесі" делінген. Ұлы ғұлама әл-Фараби: „Бақытқа жету жолында" деген
еңбегінде: „Тәрбие деп халықтардың бойына білімге негізделген этикалық
ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз", - деп анықтама береді 124.
Демек, тәрбие - бұл, қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі
бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Тәрбие
жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл процеске әсерін
тигізетін факторлар көп. Бірінші параграфтағы аталған оқушыларда
гумандық қасиеттерді қалыптасуды ықпал ететін негізгі факторларды
ескере отырып тәрбиені отбасы тәрбиесі жөне қоғамдық тәрбие деп екі түрге
бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті
категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі,
әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.
Кейде „тәрбиелеу" ұғымы „әлеуметтендіру" ұғымымен сәйкестен-діріліп
түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру (социализация) - латынның „социалус" деген сөзінен
аударғанда „қоғамдық" деген мағынаны білдіреді, яғни қоғамдандыру немесе
қоғамды өмір сүруге икемдеу 125.
Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде: „Әлеуметтендіру -
индивидті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен
мінез-құлық нормаларын, құндылықтар мен дәстүрлерді меңгеруге жөне әрі
қарай дамытуға бейімдеу. Сондай-ақ индивидті қоғамдық қарым-қатынас
жүйесіне ендіру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып
табылады", - деп анықтама берілген.
Кеңестің гуманист педагогы В.А.Сухомлинский өзінің „Коллективтің
құдіретті күші" деген еңбегінде әлеуметтендіруді былайша сипаттайды:
„Адамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз
өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адамның
қоғамдық мәні оның баскд адамдармен байланысыңда, өзара қарым-қатынасында
көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе,
адамдармен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани -ұғыну
қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі
болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни, жеке адамның
қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды" 126-127.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта
әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше әсер етуші факторлар
ықпал жасайды. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік және оқу орындары,
еңбек үжымдары, қоғамдық үйымдар, жолдастар, таныстар т.б. Соның ішінде
негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына,
және ондағы тәрбие процесіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері
мен ғалымдар зерттеулері (А.А.Вер-бицкий, Э.Д.Днепров және т.б.) отбасы
тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге" мүмкіндік береді
(тенденция -даму бағыты деген мағынаны біддіреді).
1 теңценция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы.
Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа
түұрғындағы ролі айқындалып келеді. Ол отбасының әлеуметтік ролі.
Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойыңдап, қоғам ағынымен өмір сүруге
бейімделе бастады. Тіпті, нарықтық қатынас кезеңінде отбасына қатысты жаңа
экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда. Солардың ішіндегі ең
негізгілері: Тұтыну құны - ол, тауардың белгілі бір адам қажетін
қанағаттандыру қасиеті, пайдалылығы. Ол тұтыну бұйымдары немесе өңдіріс
құралдары ретінде адамдардың қажетін өтейді.
Келесі ұгым күнелту, күнкөріс. Ол күн көру деңгейінің ең төменгі шегі,
тіршілік шегі. Күнелту қаржысының (зат) шегі. Отбасы мүшелерінің тіршілік
етуіне жөне олардың жұмысқа қабілетін үздіксіз қалпына келтіріп отыруы үшін
қажеттіі қаржы шегі. Күнкөріс шегі қоғам дамуының бүгінгі жағдайдағы
қоғамдық - қажетті тұрмыс дәрежесінің ең төменгі шегін білдіретін
көрсеткіш. Мұны анықтау әдісі отбасының не жеке адамның белгілі бір
шамадағы табысы мен шығынының ара-қатынасына негізділеді.
Өзіндік еңбек әрекетінен түсетін табыс - бұл, өз еңбек табысы.
Отбасылардың немесе жекелеген адамдардың қоғамдық кәсіпорын-дардағы тиісті
жұмысынан түсетін табысынан басқа қосымша табыс. Бүгінгі әрбір отбасының
материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен осы жоғарыда келтірілген
мәселелердің шешілуіне байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы
отбасыларындағы балалар жоғары сапалы акылы мектептерде білім алып, өнер,
спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы
тәрбиесі мен балалар балашағын жоспарлау ең алдымен әрбір отбасының
әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асты.
2 тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы теңденциясы яғни бүгінгі
қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақгы дамып, мектеп пен
отбасы өміріне ықпал жасауы.
Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі
өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз гұмыр кешіп отырған заманның балаларына
қарасақ тіптен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Қазақстанда жас ұрпаққа гуманистік тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Көне жазба ескерткіштеріндегі гуманистік идеялардың көрініс табуы
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер