Ұжым және тұлға



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
І. Ұжымның педагогикалық- психологиялық құбылыс ретінде зерттелуі 5
1.1 Ұжым туралы түсінік. 5
1.2 Ұжым тәрбие объектісі және субъектісі, ұжымның мәні 7
1.3 Балалар ұжымын қалыптастарудың кезеңдері, қызметі және заңдары. 10
1.4 Ұжымның түрлері. Ұжымды басқару мүшелері. 14
І бөлім бойынша тұжырым: 17
ІІ. Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу 18
2.1 Ұжым және тұлға 18
2.2 А.С.Макаренконың жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу туралы ілімі. 22
ІІ бөлім бойынша тұжырым: 25
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәрбие формасы - бұл тәрбие үдерісінің сыртқы
көрінісі. Мазмұн және форманың философиялық категориялары тәрбие
құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни
біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін
білдіреді. Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн
өзгерісі форма өзгерісіне әкеліп соғады және керісінше. Мазмұн қалыптасады
немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. Жетекші рөл мазмұнға қарасты.
Тәрбие үдерісінің мазмұны жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның
рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден
құралады.
Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барынша сәйкес келген ұжымға өтеді.
Егер бұл сәйкестік бұзылса, онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға
тап болады.
Педагогика тарихы тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын
басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір
мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: ежелгі оқу
орнындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі барлық балалардың міндетті
мектеп тәрбиесіне өтуі. Сондықтан, тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы
сандық өлшеммен беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған адам санына қарай
тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық болып
бөлінеді. Топтағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-40 дейін
болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие үдерісінің
пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны
тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін тигізеді.
Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде
жеке және шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру
формаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай
педагогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің
жоғары экономикалық шығындарды керек етуі - оның кең тарауындағы елеулі
кедергі. Қазіргі жүйелердің көпшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын
пайда-лануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, санымен бірге
өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төмен бағалануымен
ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеуге қойылатын
талаптарын сипаттау
Міндеттері:
-Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми
және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалардың
зерттелуі;
- Балалар ұжымын қалыптастарудың кезеңдері, қызметі және заңдары
қарастыру;
- А.С.Макаренконың жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу туралы ілімін
талқылау.

І. Ұжымның педагогикалық- психологиялық құбылыс ретінде зерттелуі

1.1 Ұжым туралы түсінік.

Ұжым (collectives –лат. жинақтық) қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ
құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас
негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға педагогикалық-психологиялық құбылыс ретінде ғылыми және
әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде
ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол
топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және
әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға
қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты
бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы,
олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік
істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-
біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және
өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды
ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын
иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп
қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс.
Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның
үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған
талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы
үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған
қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық
ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге -
админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек
осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап
шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының
педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен
педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен
әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты
міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын
талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал
оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы
білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне
қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық
бекілген.
Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:
- жалпы талаптар
- теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын
талаптар.
- шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.
- Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.
Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын,
жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе
анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ .
Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды
категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай
біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен педагогтың қатаң
талабын түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының
бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу
орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді.
Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл
дифференциалды түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге
асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық
жағдайлардың бірі болмақ .
Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға
алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына
байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.

1.2 Ұжым тәрбие объектісі және субъектісі, ұжымның мәні 

Педагогика ұжымды құру және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудағы
оның мүмкіндіктерін зерттейді, яғни ұжымды тұлғаға мақсатты түрде ұжым
арқылы әсер ету құралы ретінде қарастырады. 
Ұжым проблемасын педагогика ғалымының қайраткерлері және халық ағарту
ісінің  озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлииекий аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады
деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда
ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы
тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Ол
балалар ұжымын құру жолдарын және оның теориялық негіздерін ашып көрсетті.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән берді. Балаларды  ұжымда өмір сүре  және жұмыс істей алатындай
етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті
С.Т.Шацкий коммуна-мектептер негізінде мектеп ұжымын құру мүмкіндігін
дәлелдеді және тәрбиеленушілерді тиімді ұйымдастыру формасы ретінде
 бастапқы мектеп ұжымының әрекетттілігін растады, ол ұжым - әрбір баланың
жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына үлкен перспективалар ұсынады деп
көрсетті.
А.С.Макаренко алғашқылардың бірі болып тәрбиелеуші ұжым тұжырымдамасын
негіздеді.  Оның балалар ұжымын құрудың негізіне алынған педагогикалық
принциптері ұжымның әрбір мүшесінің міндеттері мен құқықтар жүйесін нақты
көрсетіп, олардың әлеуметттік позициялараын нақтылады.
В.А.Сухомлинский мектептің міндеті - ұжымда оқушы тұлғасының
шығармашылық өзін - өзі дамытуын қамтамасыз ету. Ол оқыту мен
тәрбиеленушілердің идеялылық өмірінің біртұтастығын қамтамасыз ететін
біртұтас педагогикалық процесті сәтті құруды жүзеге асырды, ол оқушылар
ұжымын педагогикалық ұжыммен белсенді өзара әсер етуін қамтамасыз етті. 
А.В.Луначарский тұлғаның адамдық ерекшеліктерінің қалыптасуы тек
ұжымның негізінде ғана толық дамиды деп анықтады. Ұжым негізінде жеке
тұлғалық еркшеліктерді дамытуды жекелік пен қоғамдық бағыттылықтың бірлігін
қамтамсыз еткенде іске асыруға болатындығын ашып көрсетті.  
 Қазіргі заманғы  тәрбилеуші ұжымның тұжырымдамасына (Т.А.Куракин,
Л.И.Новикова, А.В.Мудрик) тоқталсақ,  оны қоғамның өзіндік моделі ретінде
қарастырады. Балалр ұжымы қоғам алдында тұрған тәрбие міндеттерін іске
асыру құралы болып табылады, ал бала үшін ол өмір сүру ортасы мен аға
ұрпақтыңғ жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру ортасы ретінде
қарастырылады.  
Ұжым бұл  көзделген  мақсатқа  жетудегі  ұйымшылдық  пен  мақсаттылық, 
іс-әрекетімен  сипатталатын  адамдар тобы. 
Тұлға  жан-жақты   даму мүмкіншілігін   ұжымнан  алатын  болғандықтан 
ұжымда   тұлғаның   бас  бостандығы   болуы  басты  шарт  болып  табылады. 

Ұжым - бір мақсатқа  бағытталған мекемелерде   жұмыс  істейтін  
адамдардың   немесе  білім   беру  орындарында  оқитын   студенттердің, 
оқушылардың және  т.б.  тобы.
Әр бір ұжым – бұл топ,  бірақ  әрбір топ ұжым бола алмайды.  Ұжым 
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді.
· Контактылы ұжым -  бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ.
· Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.
Мысалы, контактылы ұжым - бұл  студенттер тобы,   негізгі ұжым  -
факультет  т.б.
Қоғамда ұжымдарды ортақ  іс-әрекеттерінің   түрлеріне  қарай 
ажыратады. 
-Кәсіпшіл  ұжымдар (өндіріс,  шығармашылық,  әскери,  оқу  орындары)
- Қоғамдық  ұйымдар (партиялар, бірлестіктер,  кәсіподақтар)
- Ерікті  қоғамдар,  өз  әрекетімен ерекшеленетін  ұжымдар
( көркемөнерпаздар,  коллекционерлер)
Балалар ұжымы – бұл әлеуметтік маңызды ортақ мақсаттары бар және оларды
іске асыруға бағытталған  бірлескен іс-әрекет біріктіретін балалар тобы.
Балалар ұжымы – тұлғаны мақсатбағдарлы әлеуметтендіру және тәрбиелеу
факторлары. Оның тұлғаға ықпалы ұжымның мақсаты мен міндеттеріен ұжым
мүшелері саналы ұғынғанына байлпанысты және оларды өзінің жеке міндеттері
деп қабылдауына байланысты.  Жеке және әлеуметтік мақсаттардың біртұтастығы
ұжымдық қоғамдық маңызды іс-әрекетте көрінеді және ұжымда байқалады.
Ұжымшылдық – ұжыммен ынтымақтастық, өзін оның бір мүшесі деп сезіну
сезімі, топ және қоғам үшін пайдалы әрекеттерге дайын болуы. Қалыптастыру
жолдары: оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыстарда
 ынтымақтастық пен өзара көмекті ұйымдастыру, мәдени –жаппай және
спорттық шараларға бірлесе қатысу; оқушыларға перспективаны анықтату және
оларды бірлесе орындалуын қамтамасыз ету, балардың қоғамдық ұйымдарының
жұмысын белсендіру.
 Ұжым дамуының қозғаушы күші  – перспектива болып табылады.
Перспективалар жақын, орта, алыс перспетивалар деп бөлінеді:
Жақын перспектива – күнделікті туындайтын тұлғаны әр түрлі іс-әректке
ынталандыратын мақсаттар.
Орта перспектива – орта аралық мерзімге (апта, ай)арналған ұжымдық іс-
әректтің проектісі.  
Алыс перспектива – ұзақ уақыт талап ететін, маңызды және мәнді нәтижеге
бағытталған мақсаттар.
 

1.3 Балалар ұжымын қалыптастарудың кезеңдері, қызметі және заңдары. 

Ұжымның функциялары:
Ұйымдастырушы – балалар ұжымы өзінің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін
басқарудың субъектісіне айналады.
Тәрбиелеуші – балалар ұжымы белгілі бір идеялық- адамгершілік
көзқарастарды ұстанушы және оларды таратушы болып табылады.  
Ынталандырушы – балалар ұжымы барлық қоғамдық пайдалы істердің
адамгершілік стимулдарының қалыптасуына ықпал етеді, ұжым мүшелерінің тәлім-
тәртібін реттейді, олардың өзара байланыстырады.
Балалар ұжымының іс-әректін ұйымдастыру принциптері мен заңдары:
- Ұжымның даму (қозғалыс) заңы  - Еркін адамзат ұжымының даму формасы
– алға қарай жылжу, ал өлу формасы – тоқтау, - деп көрсеткендей ұжым үнемі
алға қарай жылжу үстінде болуы керек. Белгіл бір мақсаттарға жеткен ұжым өз
дамуында осы жерден тоқтап қалса, ол баолашақтан қол үзгені болып табылады.

- Параллельді әсер ету заңы - педагог тұлғаға ұжым арқылы әсер етеді,
себебі ұжым өзінің әрбір мүшесі үшін жауап береді, ал әрбір мүше ұжым үшін
жауап береді. Бұл фактордың іске асуның бір факторы – қоғамдық пікір, ол
әсер теу құралы немесе бұзу құралы болуы мүмкін
- Перспективті линиялар принципі - суть этого принципа по словам
А.С.Макаренконың айтуы бойынша бұл принциптің мәні -  жаңа перспективалар
құрастырылады, бұрын қолданылған принциптерді пайдаланылады, құнды
принциптер ойлап табылады.  Педагог ұжымның әрбір мүшесін және ұжымды
белгілі бір мақсатарға тарта алуы тиіс, оны орындау үшін еңбектену, күш
салу қажет, ол өз кезегінде қанағаттанушылық, рахаттану сезімін тудыруы
қажет.  
- Педагогикалық мақсатқа сәйкестілік принципі – ұжымның өмірі, іс-
әректі, қарым-қатынасының мазмұнын таңдау тәрбиенің мақсаты мен міндетеріне
негізделуі тиіс. 
- Тәрбие процесінің біртұтастық принципі  целостности – Адам жеке
бөліктермен тәрбиеленбейді, ол біртұтастықта қалыптасады....- деп жазады 
А.С.Макаренко. Сондықтан үйлесімді ұйымдастырылған барлық құралдар жүйесі
ғана толық тұлға қалыптастырады.
- Жауапкершілікті байланыстылық принципі – ұжымда дұрыс қарым-қатынас
стилі мен тонын ұйымдастырумен байланысты принцип. 
- Белсенді мақсатқа бағыттылық принципі– А.С.Макаренко даму
перспективаларының мақсатына жету үшін біз мақсатқа белсенді ұмтылуымыз
керек. Тәрбие жұмысының барысында  шешімді және белсенді күш қажет. ,- деп
көрсетеді. 
Ұжымның дамуы принциптер мен заңдарды дұрыс пайдалануға байланысты.
Ұжым өзінің дамуында үш кезеңді өткізеді. Ұжымның даму кезеңдерін
айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұңдай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсеңді, ынталы, оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар
тобын кебейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бұл  кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
·  ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
·  ұжым іс-әрекетінің дамуы;
·  жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
·  барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды
нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау,
ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңіндс тұлғаға
талап қою ұжым арқылы жүзегс асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-
ерекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда ұжымдық  пікір пайдаданылады. Бұл саты ұжымның өрлеу
кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдык, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік,
бір-біріне ілтипатты болу, жолдас-тарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға
дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды
қасиеттер пайда болады.
Ұжымның дамуның негізігі жағдайларына жатады: педагогикалық талаптар,
ұжымдағы қоғамдық пікір, перспективті алға жылжушылықты ұйымдастыру, өзін-
өзі басқаруды ұйымдасытыру, дәстүрлер.
Педагогикалық талаптар – ұжымның қалыптасуының маңызды факторы:
-   мектепте тәртіп орнатуға ықпал етеді;
-   оқушыларды басқару және басшылық құралы болып табылады;
-    тәрбиеленушілердің іс- әректіне ұйымдастырушылық сипат береді.
Ұжымдағы қоғамдық пікір – ұжымдық өмір мен әр түрлі құбылыстарға
байланысты тәрбиеленушілердің арасындағы жалпыланған  бағалаулар жиынтығы.
Қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдары: практикалық іс -әректті дұрыстау,
әңгімелесу формасында ұйымдастырушылық- түсіндірушілік жұмыстар өткізу,
жиналымтар, жиындар және т.б.   
Перспективті алға жылжушылықты ұйымдастыру -  оқушылар ұжымын нығайту
мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі. Перспективалар әрқашанда
алға қарай бағытталуы тиіс. Олардың үнемі даму үстінде болуы жаңа
жетістіктерге жетудің кепілі болады.
Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру. Оны қалыптастыру төмендегідей
алгоритмді қадамдарға байланысты: нақты іс -әрекетті бөліктер мен
бөлімдерге бөлу, бөлімдер мен бөліктерге сәйке микротаптар құру, әрбір іс-
әретке жауаптын белгілеу, жауаптыларды біртұтас өзін-өзі басқаруға
біріктіру, негізгі жауапты тұлғаны, басшыны таңдау.
Дәстүрлер- барлығына ортақ қалыптасқан салттар. Дәстүрлер – ұжымдық
қарым – қатынастың сипатын анықтайтын эмоциональды, көрнекі түрде көрініс
табатын ұжымдық өмірдің формасы. Ол өз кезегінде ұжымдағы қоғамдық пікірдің
қалыптасуына әсер етеді. 

1.4 Ұжымның түрлері. Ұжымды басқару мүшелері.

Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым мүшелерінің құрылымы
туралы хабардар болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық
өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар.
Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі
жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана
түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері
бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру
іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым
құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін.

Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап
отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс
болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшін староста және
профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар қатарынан сайлап, оны оқу
орнының директорының рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне жүктелген
қызметті дұрыс орындай алмаса, топ басқа старостаны талап ете алады.
Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында қызмет жасап, оған есеп беріп
отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге сабақ өткізуді
дайындауға көмектесуге, оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға,
тәртіп бұзылған жағдайды топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Ұжым
Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Ұжымды ұйымдастыру әдістері
Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы
Өндірістік оқыту шеберінің оқушылар ұжымындағы рөлі
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымы
Пәндер