Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
Жоғарғы сынып оқушыларының құндылық-мағыналық сферасын теориялық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ...
1.1 Психология ғылымында құндылық-мағыналық сфераның
зерттелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі ... ... 12
Жоғарғы сынып оқушыларының құндылық мағыналық өрісін эксперименталды
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
... ...
2.1. Зерттеудің 20
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
2.2. Зерттеу нәтижелерін талдау және олардың интерпретациясы ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 26
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдегі барша дамыған
және бәсекеге кабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясының шешуші
міндеттерінің бірі - осы заман талабына сәйкес жастарды тәрбиелеп, сапалы
білім мен салауатты өмір салтын ұстанатын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осыған
байланысты, 2013 оқу жылы тәжірибеден өзінің өміршеңдігін танытқан Өзін-
өзі тану - пәні білім беру жүйесіне жалпылай енгізіліп отыр. Бұл пән жас
адамның мінез-құлық сапаларын тәрбиелеп, азаматтық сана-сезімін, рухани-
адамгершілік құндылықтарын дамытып, мәдениет пен әлеуметтік шығармашылық
субъектісін қалыптастыру мақсатын көздейді.
Оқу тәрбие арқылы біздің қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды
жаңғырта отырып, әрбір адам өзінің табиғатында берілген потенциалды
мүмкіндіктерін ашып еліне, бүкіл дүние жүзіне өзінің пайдасын тигізсін деп
Өзін-өзі тану пәнін жалпы білім беру жүйесіне енгізіп отырмыз деді С.А.
Назарбаева [1].
Адамгершілік – адамның этикалық нормалары мен мінез-құлық үлгілеріне
негізделген ішкі рухани қасиеті. Өзін-өзі тану пәні - әр адамның ішкі
жан дүниесіне әсер ете отырып, өзін-өзі тануына, жетілдіруіне, жақсы
қасиеттерін ашуға, өзінің ар ожданын сақтап, Абай атамыз айтқандай АДАМ
деген атына кір келтірмауге тәрбиелеу.
Атақты француз философы, гуманисі, педагогы, қоғам қайраткері Мишель
Монтень өз еңбектерінде ақылды, ерікті, рухани жағынан бай адамды тәрбиелеу
мәселесін көтере отырып, былай деп жазған: ... мен бір ғана ғылыммен
айналысамын, ол ғылым Өзін-Өзі тану ғылымы – бұл ғылым мені дұрыс өмір
сүріп, жақсы өлуге үйретеді... [2]. Иә, дұрыс өмір сүре білу және бұл
өмірден дұрыс, адам болып өту үлкен міндет әркімге.
Зерттеу болжамы: жүргізілетін зерттеу жұмыстарым Өзін-өзі тану
пәнінің жоғарғы сынып оқушыларының құндылық мағыналық деңгейіне ықпал ете
отырып, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын кеңейтіп, өзін-өзі
қабылдауын көтере отырып, табысқа жетуге итермелейді деп ойлаймын.
Зерттеу мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларының құндылық мағыналық өрісі
ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттелетін мәселеге байланысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді
талдау арқылы зерттеу;
2. Психодиагностикалық әдістемелерді таңдау және зерттеу жүргізу.

Зерттеу объектісі: жоғарғы сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: жоғарғы сынып оқушыларының құндылық мағыналық өрісі
ерекшеліктері.
Зерттеудің әдіснамалық негізі тұлғалық-бағдарланған тәсіл
(С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев).
Зерттеу әдістері: әңгімелесу, байқау, психодиагностикалық әдістемелер
().

1. Жоғарғы сынып оқушыларының құндылық-мағыналық сферасын теориялық
талдау

1. Психология ғылымында құндылық-мағыналық сфераның
зерттелінуі

Құндылық философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір
болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін
кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін
(процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері)
қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін
субъектілік құндылықтар (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер)
және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп,
заттық және субъектілік құндылықтар, қалай болғанда да, адамның
дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі)
сияқтанып көрінеді.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және
өзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі
өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси
және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның
әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің
арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені
қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық
негіз [3].
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен-
өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы
тиісті сана-сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде
ғана іске аспақ.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық
және logos – ілім, сөз) деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып
табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық
әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және
мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы
философиялық ілім.
Құндылықтар жекелеген индивид үшін де, кез келген шағын немесе үлкен
әлеуметтік топтар, мәдениет, ұлт, яғни біртұтас адамзат баласы үшін де
маңызды, интегративті негіз болып табылады [4].
Құндылық проблемасымен байланысты проблематика ғылымда парадоксалды,
құндылық ұғымы маңызды орын алмайды. Дегенмен құндылық проблемасының
немен нәтижеленетіндігін тұжырымдау оңайға соқпайды. Әрине, мәселе
құндылықтардың жеткіліксіз зерттелгендігінде әрі әлі де зерттеліп
жатқандығында емес. Мәселе құндылық сөзінің нендей мәселеге жататындығы
жайында нақтылы түсініктің болмауында.
Құндылық мәселесімен айналысатын әр түрлі авторлар өз еңбектерінде
ортақ проблемалық өрісті жасамай отыр. Осы зерттеу саласына енді ғана
енген зерттеуші құндылық жайлы өзіне анағұрлым жақын түсініктерді таңдай
алады, сөйтіп таңдап алған бағытын одан әрі дамытып, келіспеген
түсініктерін теріске шығара алады, әдетте әр түрлі бағыттағы түсініктер
адамды тұңғиыққа апарады. Сондықтан да құндылықтар философиясы,
социологиясы және психологиясы бойынша зерттеулер зерттеушілер назарын
өзіне тартады, осыдан оның пайдалы коэффициенті төмендейді.
Д.А.Леонтьев бойынша құндылықтардың кең түсініктемесі оның екі
жақтылығын көрсетеді. Мұндай түсініктегі құндылық ұғымдары дербес
концептуалды толығудан ажырайды. Осындай түсініктегі құндылықтар мәні осы
заттық құндылықтардың қайнар көзі болып табылатын қажеттіліктер мен
қызығушылықтар.
Құндылық проблемасына қатысты көптеген философиялық тәсілдер,
психологиялық тәсілдердің басым бөлігі және кейбір социологиялық тәсілдер
қарама-қайшы бағдардан шығады – құндылық ұғымын қажеттіліктерден бастау
алмайтын айрықша шындық деп сипаттайды. Құндылық екі жақты емес, оның
адамдар арасында айрықша статусы бар.
В.Г. Алексееваның еңбектерінде индивидтің құндылық бағдарын
зерттеу маңызы оның қоғамның рухани мәдениетін меңгертетін негізгі арна
болуымен анықталады және мәдени құндылықтар адамдардың практикалық мінез-
құлқы стимулы мен мотивтеріне айналады. Құндылық бағдарлардың қалыптасуы
көп жағдайда тұлғаның тұтастай даму үрдісіне мүмкіндік жасайды [5].
Леонтьев Д.А. өзінің еңбектерінде тұлғаның қалыптасуы индивидтің
табиғи қасиеттерді сыртқы ортаға бейімдеу барысында өмірлік өзгертіп
отыру үрдісі. Адам белгілі бір физикалық конституциясы мен нышандары бар
табиғи тіршілік иесі ретіндегі индивид, ол онтогенетикалық даму барысында
ашылады, ал кейбір жақтары басылады, өмір барысында көптеген өзгерістерге
ұшырайды. Бірақ бұл туа біткен қасиеттер өзгерістері адамды жеке тұлға
ретінде қалыптастырмайды деп жазды.
Егер құндылық бағдарлар тұлға типін қалыптастыратын өлшем рөлін
атқарса, онда оның қалыптасуы адамның социолистік тұтастығы принципін
жүзеге асырушы негізгі жолдардың бірі болып саналады.
Тұлғаның құндылық бағдарлары және оның қалыптасуы айрықша маңызды.
Д.А.Леонтьевтің пайымдауынша, құндылықтардың дамуы оларды әлеуметтік
топтарда игеруі арқылы жүреді және ол қоғамдық түсініктерден жеке
түсінікке трансформацияланады. Алайда шын дамуда әлеуметтік құндылықтарды
меңгеру процесі жүреді және ол жеке тұлғалық құндылықтарға
трансформацияланады. Бұл процессті екі аспектіде қарастыруға болады:
біріншіден, әлеуметтік топтар құндылықтарынан жеке тұлғалық құндылықтарға
жылжу ретінде қарастырылады. Бұл үрдіс дәстүрлі түрде интериоризация
түсінігімен белгіленеді; екіншіден, қажеттіліктерге негізделетін жеке
мотивациядан басым рөл атқаратын құндылықтар құрылымына жылжу ретінде
қарастырылады. Бұл үрдіс әлеуметтену ұғымымен мәлім. Интериоризация
және әлеуметтену (социализация) жеке тұлғалық құндылықтардың
қалыптасуына қатысты құндылықтар мен жеке мотивация құрылымы процесін бір
аспектіде қарайды [6].
Кез келген қоғамда тұлғаның құндылық бағдарлары тәрбиелеу объектісі
және мақсатты ықпал ету болып келеді. Құндылық бағдарлар еріктік
күштерді, зейінді, интеллектіні анықтай отырып, сана деңгейінде де, астар
сана деңгейінде де әрекет етеді.құндылық бағдарлар әрекетінің механизмі
мотивациялық сферадағы селекциялар конфликтісі мен тұлғаның бейімділігі
қайшылықтарын шешу қажеттігімен байланысты, олар парыз бен тілек,
адамгершілік және утилитарлық тәртіп мотивтері арасындағы күрестерде
айқын көрінеді.
Дамыған құндылық бағдарлар – кемелденгендіктің белгісі, оның
әлеуметтігі өлшемінің көрсеткіші. Бұл – сана және өзіндік сана арасындағы
байланысты қамтамасыз ететін индивидтің сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі
дүниесін қабылдау призмасы [7].
Жеке тұлғалық құндылықтардың қалыптасқан жүйесінің болмауы ішкі құр
бостық сезімін тудырады. әлеуметтік және жеке тұлғалық жетілмеушілік топ
қысымымен қақтығысуды қамтамасыз ете алмайды, оның лидерге деген
пассивті бағынуы девиантты өмір салтына әкеледі.
Сондықтан индивидтің сыртқы объектілерге құндылық қатынасы
индивидтің басқа адамдарға, жалпы біртұтас қоғамға, қоғамда қалыптасқан
және үстемдік ететін идеалдарға, түсініктерге, нормаларға бағдарлануымен
байланысты.
Тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық негізі Е.С.Кузмин
бойынша оның әлеуметтік сезімдері мен бағдарларының жүйесі болып
табылады. Тұлғаның қалыптасуының, дамуының және әлеуметтенуінің әрбір
кезеңдерінде оның құндылық бағдарлары қарапайымнан, әлеуметтік
құндылықтарға және жалпы ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарға
байланысты тәрбиеленген үйіне, отбасына, мектепке, сөйтіп жоғары құндылық
бағдарларға бағыттала отырып дамиды
Е.С. Кузьмин және В.Е. Семенов пікірінше құндылық бағдарлар
субъективті болып келеді, қоғамның және табиғаттың әлеуметтік
құндылықтары адам психикасы мен санасында жекелей бейнеленген. Олар
адамның материалдық және рухани құндылықтарға қатынасының таңдамалығын
анықтайды және ол өндірістегі, тұрмыстағы адам мінез-құлқында, жүріс-
тұрысында көрінеді [8].
В.Г. Алексеевтің айтуынша құндылық бағдарлар аса орамды, еркін
таңдалымға мүмкіндік береді, онымен қоса қажеттіліктердің,
қызығушылықтардың әрбір қырларын, қоғамдық (кластық) құндылықтардың іс-
әрекет пен тұлға мінез-құлқындағы механизмдерін ескеріп отырады. Бұл
бағдарларда адам мінез-құлқының таңдамалылығы, оның адам өмірінің мәні
мен құндылықтары туралы индивид түсініктерімен байланысты тікелей
байланысты.
Б.Г. Ананьев зерттеулеріндегі орталық топтар мен тұлғаның құндылық
бағдарлары, мақсаттарының, іс-әрекетінің, өмірлік бағыттылығының немесе
мінез-құлық мотивациясының ортақтығы болып табылады. психология үшін бұл
рухани даму орталығы тұлғаның қоғамға, топқа, еңбекке, өзі-өзіне, бағдар
динамикасына, адамгершілік позицияларға және тұлғаны қалыптастыратын
мінез-құлық мотивтеріне саналы қатынасы немесе жиынтығы болып табылады.
Тұлғаның айтылып отырған әр түрлі мінездемелері оның ішкі дүниесінің және
өмір құндылықтары мен мәдениетін меңгеруге бағытталған қоғамдық мінез-
құлықтың маңызды сәттерін құрайды [9].
Ю.А. Шерковин еңбектерінде құндылықтар категориясы мотивациялық
құбылыстардың кең класына психологиялық түрде жатады. Адамдар
психикасында құндылықтар мінез-құлық және іс-әрекеттің белгілі бір
түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін нақты білімдермен біріккен жағымды
немесе жағымсыз эмоциялардың пайда болуымен бірге туындайды.
Әлеуметтік құндылық әдетте эмпирикалық мазмұны бар, қандай да бір
әлеуметтік топтар немесе біртұтас қоғамның мүшелері арқылы алынатын
деректер ретінде анықталады. Осыған байланысты құндылық ретінде
индивидтің бейімделетін, таңдайтын не болмаса өз еркімен тұтынатын,
қалағанын іздеуге күш жұмсайтын, оны кейбір болуы мүмкін кедергілерден
қорғайтын кез келген жай-күйі немесе объектісі болып саналады. Мұндай жай-
күй немесе объект индивид үшін субъективті түрде жағымды құндылықты
білдіреді. өзіне ұнамайтын, өзінің аулақтайтын немесе теріске шығарып,
мақұлдамайтын жай-күйлер мен объектілер индивид үшін жағымсыз құндылықтар
болып саналады. Индивид үшін құндылықтың жағымсыздығы аталған жай-күйлер
мен объектілерді сөздермен, бейнелермен білдіріледі [10].
Құндылықтарды анағұрлым жоғары деңгейде жалпылау әлеуметтік мағынада
біртұтас қоғам немесе әлеуметтік топтар тұрғысынан талданатын қоғам
өмірінің элементтері немесе құбылыстары ретінде қарастырылады.
Құндылықтар жүйесіне біріккен құрылымдар индивидте немесе топтарда
белгілі бір мінез-құлыққа және негіздемелерге бейімделуіне мәжбүрлік
тудыра отырып, әлеуметтік топтар құрылымындағы маңызды элементтердің бірі
болып саналады. Бұл қағида индивид және топтар мінез-құлқында бұқаралық
коммуникация жүйесімен және оның шығарған ақпараттық продукцияларымен
өзара әрекеттесе отырып қолданылады. Оның мазмұнының ықпалына қарай
адамда білімдердің белгілі бір тезаурусы қалыптасады, адам бойына
құндылықтардың кейбір жүйелері сіңіріледі, қылықтардың нормативтері
беріледі.
Құндылықтар тәжірибе арқасында сана фактысына айналады. Анағұрлым
маңызды құндылықтар сана арқылы интерналданады, сондықтан да олар
нығайтуды немесе ақталуды қажет етпейді. Құндылықтардың екі жақты,
әлеуметтік және жекелік тәжірибелерінің табиғаты екі сипатта болады. Олар
адамның қоғамдағы жағдайымен, тәрбие жүйесімен, қоғамнан және топтардан
меңгерген маңызды жүйелерімен орайлас болғандықтан әлеуметтік болып
келеді, сонымен қатар оларда тұлғаның қайталанбас өмірлік тәжірибесі,
оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің өзіндік ерекшеліктері, оның
әдеттері мен мінез-құлықтың меңгерген түрлері шоғырланғандықтан жекелей
болып келеді [11].
Тұлғаның құндылық бағдары ұғымына кейбір авторлардың берген
анықтамасын қарастырайық.
Здравомыслава А.Г. анықтамасында құндылықтар – бұл тарихтың дамуы
барысында мүдделердің рухани өндірісі сферасында еңбекті бөлумен
ерекшеленеді. Рухани бейімділіктер, идеалдар, принциптер, адамгершілік
нормалары қызығулар әрекетінің сферасына да, құндылықтар сферасына да
жатады.
А.К.Уледов құндылық бағдар - бұл сана және мінез-құлықтың қарым-
қатынастарда көрінетін қоғамдық және топтық құндылықтарға әлеуметтік
бағытталуы, - деп жазды. Оның ойынша, құндылық заттардың,
құбылыстардың, әрекеттердің, ойлардың, қылықтардың қасиеттерін, оның
біртұтас қоғамнемесе жекелеген әлеуметтік топтар үшін маңыздылығын
білдіреді.
Г.М. Андреева бойынша тұлғаның құндылық бағдарлары – бұл тұлғаның
тыныс-тіршілік мақсаттарына, осы мақсаттарды жалпы әлеуметтік
жағдайлармен, қоғам тптерімен, қоғамның экономикалық, саяси, идеологиялық
принциптерімен қанағаттандыру құралдарына қатынасы [12].
Д.А.Леонтьевтің айтуынша, құндылық бағдарлар – бұл адам санасында
құндылықтардың, стратегиялық өмірлік мақсаттардың және жалпы
дүниетанымдық бағдарлардың бейнеленуі.
Жоғарыда көргеніміздей, құндылық ұғымының көптеген анықтамасы бар.
Кейбір авторлар құндылықтарды объективті-субъективті екі жоспарлы
ақпарат ретінде қарастырып, бағалаулардан ажырамайды деп санайды. Өзге
авторлар құндылықты бағалаушы сана нәтижесі ретінде қарастыруға
болмайтынын, олардың объективті екендігін тұжырымдайды.
Бірақ құндылық туралы талқылап қана қоймай, дауласуға болады.
Кейбіреулер құндылықты мойындап, дәлелдеп, қорғауға берілсе, басқалардың
дәлелдері әшкерелеуге түсті, ал енді біреулердің айғақтары жалған болып
саналды. Бұл дегеніміз фактілі құндылықтардың да бар екендігін білдіреді.

Н.А.Бердяев құндылық бағдар жүйесінің маңызды сипаттамасы ретінде
оның иерархиялық құрылымда көп деңгейлі болып көрінетіндігі деп санайды
[13].
В.П.Тугаринов пікірінше, Жекелеген адам өз қоғамындағы
құндылықтарды ғана қолдана алады. Сондықтан да жекелеген адамның өмірдегі
құндылықтары оның айналасындағы қоғамдық өмірдегі құндылықтардың мәні
болып табылады. бұл құндылықтар материалдық, әлеуметтік-саяси және рухани
құндылықтарға бөлінеді.
Материалды құндылықтарға ол техника мен материалды игіліктерді –
тағам, киім, баспана, комфорт деңгейін қамтамасыз заттарды жатқызады.
Қоғамдық-саяси құндылықтарға еркіндікті, ағайындық-туыстықты, теңдікті,
әділдікті жатқызады. Рухани құндылықтарға - білімді, ғылымды, өнерді
жатқызады. Дамыған қоғам жағдайында мынадай нақты құндылықтар шешуші
маңызға ие болады. Олар: Отан, еңбек және адамдармен, табиғатпен қарым-
қатынас [14].
Тұлға құрылымының элементі ретіндегі құндылық бағдарлар
диалектикалық бірлікті, айрықша және жеке-дара ойларды, сезімдерді және
практикалық мінез-құлықты білдіреді. Д.Н. Узнадзенің бағдар теориясының
негізінде Ш.А. Надирашвили адамның психикалық белсендігін басқаратын
сапасы жағынан ерекшеленетін үш деңгей туралы идеяны ұсынды. жоғары
деңгей – еріктік белсендік – индивидтің құндылық бағдарымен тұтастай
басқарылады. Адам өзге адамдар қоғамында тұлға болып қалыптасады. Тұлға
белсендігі оның өзіне тән мінез-құлық мотивтерінде, бағдарлары мен әрекет
тәсілдерінде, қоршаған шындықты өзгертуге бағытталған алуан түрлі іс-
әрекетте көрінеді.
Адам қарым-қатынасқа енгенде сол қарым-қатынастан өз мінез-құлқына
жақын аса қажетті бағдарды анықтайды, оларды қолдануда үнемі салыстырып
отырады, өзінен айналасындағылардың не күтетінін, олардың ойларынан,
сезімдері мен талаптарынан шыға алатынын немесе алмайтынын ой сүзгісіне
салып, таразылап отырады. Балалық шақта-ақ қалыптасатын және біртіндеп
байи түсетін адамның эмоциялық және идеологиялық тәжірибелері В.Г.
Алексеева пікірінше, оның құндылық бағдарының қайнар көзіне айналады.
С.С. Бубнова тұлғаның құндылық бағдары жүйесінде үш түрлі
иерархиялық деңгейлерді бөлді:
1. Анағұрлым жалпылама, абстрактылы құндылықтар: рухани, әлеуметтік,
материалдық. Рухани құндылықтар танымдық, эстетикалық, гуманистік және
т.б. болып жіктеледі. Әлеуметтік - әлеуметтік құрмет, әлеуметтік
жетістіктер, әлеуметтік белсенділік т.б. құндылықтарға бөлінеді;
2. Тыныс-тіршілікте бекітілетін және тұлғаның қасиеті ретінде көрінетін
құндылықтар: қоғамдылық, белсенділік, құмарлық, үстемділік т.б.
Қасиеттер құндылығының жүзеге асу және бекіту құралдары ретіндегі тұлға
мінез-құлқының тәсілдері [15].
Д.А.Леонтьев өз еңбектерінде көп қырлылығымен, аспектілерімен және
түрлерімен сипатталатын құндылықтың пәнаралық ұғымын позитивті
құрастырды.

Құндылықтардың түрлері

1. Қоғамдық идеалдар. Жоғарыда толық негізделгендей, қоғамдық идеалдар
түріндегі құндылықтардың негізгі, бастапқы, басты түрлері, олар
қоғамдық санамен қалыптасады және қоғамдық өмірдің түрлі сфераларында
жетіледі. Құндылықтардың осы ерекшелігі әлеуметтік түсініктер
категорияларына жатады. Сонымен қатар олар конвенциалданған
субъективті түсініктерге жатпайды. Керісінше, олар қоғамдық болмыстың,
яғни нақты социумның объективті қабатымен тамырласқан және адамның
тыныс-тіршілігінің практикалық тәжірибесін бейнелейді. Идеологиялық
құрылымдарда қалыптасатын социум құндылықтары мен идеалдарын бөлуге
болады. Соңғысы ұжымдық тыныс-тіршіліктің мотивациясын дұрыс бейнелей
алғанда ғана әлеуметтік қоғамдастықта консолидация және бағдарлану
қызметін табысты атқара алады. Тек құндылық қана, соның ішінде
әлдебір нәрсені, барлығын бірдей қалау құндылығы идеяны идеал
етеді;
2. Заттық құндылықтар. Әлеуметтік құнды түсініктер (идеалдар) өзінің
маңыздылыңы бойынша тікелей танылмауы мүмкін. Құнды идеалдардың едәуір
тура және дұрыс көрінісі заттық мәдениетте бекітіледі. Құнды идеалдар
тек адамзт іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады, оның жүзеге асырылуы –
іс-әрекет процесі – қарекеті – немесе іс-әрекеттің объективтендірілген
жемісі – туындысы. Мұндай туындының жиынтығы адамзаттың материалдық
және рухани мәдениеті болып табылады. Мәдениет дегеніміз факт-
құндылық емес, орындалған, іске асқан құндылық;
3. Жеке тұлғалық құндылықтар. Индивидтердің жеке басының
құрылымындағы құндылықтар болмысы эмпирикалық айқындылық және жалпылай
мақұлданған теориялық негіз ғана емес, сонымен қатар заттық
құндылықтардың жүзеге асуының логикалық шарты болып табылады. Себебі
заттық құндылықтар аталған құндылықтарға бағдарлана отырып, адамдардың
мақсатты іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Осы іс-әрекеттің
мотивациясы абстрактылы әлеуметтік құндылықтардан емес, индививдтің жеке
басы құндылықтарынан бастау алады. Жеке тұлғалық құндылықтарды қабылдай
отырып, құнды идеалдар заттық құндылықтарды жүзеге асыруға жол табады.
Сондықтан кез келген жалпы маңызды құндылық тек жеке контексте ғана
қалыптасады деген тұжырыммен келісуге болмайды [16].
Жеке тұлғалық құндылықтар әлеуметтік құндылықтар тәрізді идеалдар
түрінде, яғни болуы қажет модельдер түрінде болады. Идеал – бұл жетілудің
ойша үлгісі, іс-әрекеттің ақырғы мақсатына тырысуға бағыттайтын норма.
Оның әлеуметтік құндылықтардан айырмашылығы субъектінің қоғамдық
идеалдар ретінде ұғынуы және ол тұлғаның іс-әрекетіне мүлде ықпал етпеуі де
мүмкін. Жеке тұлғалық құндылықтар бұл нақты субъектінің жеке дүниесіне
ақырғы бағдар беретін идеалдар.
К.Клакхонның анықтауынша, құндылықтардың функционалды рөлі қоғамдағы
адам өмірінің фактісімен байланысты. Құндылықтар неге болады? деген
сауалға ол: Себебі оларсыз қоғамның болуы мүмкін емес еді; әлеуметтік
жүйелердің қызмет етуі топтық мақсаттарға жетуге бағыттылығын сақтай
алмас еді; индивидтер жеке және эмоциялық тұрғыда өзіне қажет жоспарды
өзгелерден ала алмас еді; тәртіптің қажет шаралары мен қоғамдық
масаттарды сезіне алмас еді, - деп жауап береді.
Рубинштейн С.Л. өзінің еңбектерінде тұлғаны анықтауда тұлға болып
тумайды, тұлға болып қалыптасады. Бұл тұлғаның қалыптасуы қарапайым
органикалық жетілу процесі арқылы организмнің дамуынан ерекшеленеді, -
деп жазады.
Спецификалық мағынадағы тұлға дегеніміз өзінің позициясы, айқын
көрінетін өмірге деген саналы қатынасы, дүниетанымы бар, саналы әрекет
ете алатын адам болып табылады.
Е.С.Кузьмин пікірінше, құндылық бағдарлар тұлғаның өмірлік
ұстанымын, оның бейімділіктерінің бағыттылығын, белсендігін сипаттайды.
Олар адам санасында идеалдар, мақсат және норма түрінде көрініп, жасаған
қылықтарынан байқалады. Құндылық бағдарлардың негізгі мазмұны мен
бағыттылығы адам сезімдері мен ойлау және мінез-құлық мотивтерінде
көрінеді және ол адамның ойлау бейнесін, өмір салтын, субъективті
қатынастар ерекшеліктері мен мейірімділік пен қастандық, бақыт пен
бақытсыздық, әділдік пен әділсіздік, дұрыс пен бұрыс, жақсы мен жаман
туралы түсініктерін анықтайды.
Құндылық бағдарлар қажеттіліктердің белгілі деңгейін
қанағаттандыруда және белгілі бір жағдаяттардың белгілі бір деңгейінде
үнемі кездесіп отырады.
Сондықтан құндылық бағдарларды жіктеу үшін негіздемелерді анықтай
отырып, адамзат қажеттіліктерінің белгілі бір жіктемелерін негізге алу
қажет.
Ядов В.А. Г.Г. Дилигенскийдің ұсынған қажеттіліктер жіктемесіне
сүйене отырып, адамның қандай да бір әлеуметтік топтарға өзінің болмысын
ұқсастыру дәрежесіне баса назар аударды. Бірінші орында өз Менінің
қажеттіліктеріне ұқсастыру жатыр, одан соң өзіне жақын отбасының
қажеттіліктері, содан соң көптеген байланыс жасайтын топтар мен
ұжымдардың (өндірістік және өндірістік емес іс-әрекеттердің әр түрлі
салаларына қарай) қажеттіліктері және соңғысы біртұтас әлеуметтік
жүйелердің (мысалы, біртұтас адамзаттық) қажеттіліктері жатыр [17].
Ядов В.А. тұлғаның дамуын осы тізбектің пайда болуымен ұқсастырады,
аталған тізбекке орайлас адамзат Менінің қажеттіліктері одан әрі байи
түседі.

1.2 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі

Жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің
басталуымен аяқталатын даму кезеңі деп анықталады.
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын
кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-ң арасында болады (ауытқу плюс-минус
13 ай), жігіттерде 17 мен 18-ң арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы
артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пост
пуберттатық кезеңде болады. Жыныстық толысуға тамақтану сипатындағы
айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны
мен бағытын белгілейді. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге
жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделердің сандық ұлғаюы ғана болып
қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге
көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады.
Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл
жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы ойлайды.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену
[18].
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік
операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен
қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл
тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер
шапшаң дамиды.
Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталу кезеңі.
Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен
өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болғанымен, әлі
ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-
құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосылып жас
өспірімдік шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекеттерін күрт арттырады.
Жасөспірім өз мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген
критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен коғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз отбасын құруға
әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір
уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның сипатына
тәуелді. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда
болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелдігімен сипатталады, бұлар
оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазиұны мен бағытын белгілейді. Баланың
атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі
жағыда мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттердің күрделене түсуімен бірге
жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана
болып қоймай, сапалық тұрғыданда өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге
көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады.
Қорытындыда жоғары сынып оқушыларына тән, зейіннің тағы бір ерекшелігі,
оның талғамдылығын атап өтеміз.Олардың кейдіреулерінде зейіннің
талғамдылығы оқу материалын қабылдай отырып, олардың оның мәнін әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі құжаттары
Жоғары жүйке қызметінің және қозғалыс белсенділік деңгейінің әртүрлілігімен балалардың және жасөспірімдердің бейімделу мүмкіндігі
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
Оқу іс-әрекеті дамытуды эскпериментаиды зерттеу
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСЫ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері
Пәндер