Заңсыз аборт түсінігі


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ3
І. ЗАҢСЫЗ АБОРТ МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ АБОРТ ТҮСІНІГІ
1. 1 Заңсыз аборт түсінігі . . . 5
1. 2 Заңсыз аборт жасаумен байланысты қылмыстар . . . 11
ІІ. ЗАҢСЫЗ АБОРТ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2. 1 Заңсыз аборттің қоғамдық қауіптілігі және объектісі . . . 15
2. 2 Заңсыз аборт жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері . . . 19
ІІІ ЗАҢСЫЗ АБОРТТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3. 1Заңсыз абортпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау . . . 23
3. 2 Заңсыз аборттің себептері мен жағдайлары, оларды бейтараптандыру шаралары . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 117-бабында көзделген норма әйел денсаулығын Заңсыз аборттің зиянды зардаптарынан қорғауды мақсат тұтады. Аталған қылмыстық-құқықтық норманың қолданылуы мемлекеттің жалпы әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселесінде ұстанған позициясына, сондай-ақ Заңсыз аборт құқықтық реттелу деңгейіне көп тәуелді.
Ерлі-. Тууды ынталандыруға немесе іиектеуге бағытталған құқықтық шаралардың ішінде Заңсыз аборт, жүктіліктің алдын алу, ұрықсыздандыру туралы заңдардың, неке мен ажырасу туралы зандардың алатын орны ерекше. Демографиялық ахуалға әсер ететіндіктен, аталған нормативтік актілер саяси конъюнктураның, идеологиялық көзқарастардың ықпалына жиі ілігуі, саяси мақсаттарға жетудің популистік құралы ретінде қолданылып жатады. Дегенмен үшінші мыңжылдық босағасында Заңсыз аборт хақында тартыста қойылатын екпіндер өзгерген. Мемлекеттер Заңсыз аборт проблемасын оны ақтап немесе сынап пікір айтушылардың бос сөзжарысына саймай, бұл мәселеде ақылға қонымды ымыраға келуте ұмтылады. Сондықтан оларды Заңсыз аборттің «қатардағы медициналық процедураға» айналып, шектен тыс тарап кетуіне қалай тосқауыл қоюға болады, Заңсыз абортті құқықтық реттеудің тиімді жолдары қандай, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалайша жаңғыртуға болады деген өзекті сауалдар көбірек толғандырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыста Заңсыз аборт тарихына, Қазақстан мен шетелдерде Заңсыз аборттің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы Заңсыз аборттің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
- қоғамдағы саяси-экономикалықжәне әлеуметгік-психологиялық ахуалдың Заңсыз аборт туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
- Заңсыз аборт үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
- Заңсыз аборттің құқықтық, медициналық түсініктерінің ара қатынасын ашу;
- қылмыстық құқық, ғылымындағы теориялық қағидаларға сүйене отырып, Заңсыз аборт жасау қылмыс құрамының элементтерін талдау;
- Заңсыз аборт жасаумен байланысты қылмыстарға жалпылама сипаттама беру.
Менің бұл тақырыпты алудың басты себебі - қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және шешу жолында көптеген қиындықтарға тап болады. Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеті қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық ахуалдың аборт туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету, заңсыз аборт жасау қылмыс құрамының элементтерін жан-жақты талдау, заңсыз аборт жасаумен байланысты қылмыстарға жалпы сипаттама беру, заңсыз аборт үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық құқықтық нормалардың ерекшеліктерін сипаттау, заңсыз аборттың себептері мен жағдайларын талдау, оларды бейтараптандыру жолдарын қарастыру, заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көздейтін жөнінде қылмыстық құқықтық норманы жетілдіру туралы ұсыныстар жасау болып табылады.
І. ЗАҢСЫЗ АБОРТ МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ. ЗАҢСЫЗ АБОРТ ТҮСІНІГІ
1. 1 Заңсыз аборт мәселесіне тарихи-құқықтық шолу, Заңсыз аборт түсінігі
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып, Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын атайды, ол өз азаматтарының туа біткен, ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды, оның өмірі мен денсаулығын, басқа да игіліктері мен заңсыз мүдделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау міндеті қылмыстық құқықтың мойнына жүктелген. Бұл міңдетгі жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Соңғы 20-30 жыл көлемінде Заңсыз аборт төнірегіндегі мындаған жылдар бойы толастамай келе жатқан дау-дамайлар жаңа сатыға көтеріліп, соны бағытта өрбуде деуге болады. Қазіргі заманғы өркениетті елдерде заңсыз мәселесі демократия, әлеуметтік әділеттілік, адам құқтары контекстінде қарастырылады. Демократиялық қоғамда адамның өз бетімен, өз қалау-қажеттіліктерін ескере отырып шешім қабылдау бостандығын құрметтеу принципіне сай Заңсыз аборт мәселесінде де жеке бас мүдделері қоғамдық мақсат-мұраттардан басым қойылады.
Босану жасындағы әйелдердің денсаулығы - елдің өсіп-өркендеуінің, гүлденуінің, түптеп келгенде жарқын болашағының алғы шарты. Қазақстандық әйелдердің денсаулық индексі өте төмен - норманың 10-20 пайызын ғанақұрайды, ал фертилдік жастағыәйелдердіңтек төрттен бірі салыстырмалы түрде сау. Біздің мемлекет ана мен бала денсаулығына қамқор болуды өзінің басты міндеттерінің бірі санап, қаржытапшылығына, әлеуметтік- қарамастан оларға үзбей қолдау көрсетіп келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Заңсыз аборт атты «өте нәзік» мәселені жұртшылық талқысына салуды ұсынып, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төидірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсу қажеттігін айтты. Одан бері елімізде Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы (1997ж. ), Қазақстан Республикасында Әйелдер-дің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары (1999 ж. ) қабылданды, 1991 жылдан бастап Ана мен бала денсаулығын зерттеу жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді. Мемлекет фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жүйесін дамытуды, Заңсыз аборттіңкүшсіздігін қамтамасыз ететін жаңа медициналық технологияларды енгізуді, «Отбасын жоспарлау» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен Заңсыз аборттің санын елеулі түрде азайтуға қол жеткізуді, жұртшылықты сапасы жоғары контрацепция құралдарымен қамтамасыз етуді және т. т. жоспарлап отыр.
Заңсыз аборттің зияндылығы жайлы аз айтылып жүрген жоқ, жүктіліктен заңсыз жолмен арылу жалпы әйел организміне, әсіресе оның бала көтеру қабілетіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған қарамастан Қазақстанда Заңсыз аборт отбасы ішінде тууды реттеудің негізгі тәсілдерінің бірі болып қалып отыр. Жыл сайын елімізде 200-250 мың Заңсыз аборт тіркеледі, ғалымдар барлық Заңсыз аборттердің шамамен 12, 5 пайызын криминалдық Заңсыз аборттерді құрайды деген болжам айтады. Орташа есеппен қазақстандық әр әйел өмірінің фертилдік кезеңінде 2-3 Заңсыз аборттерді жасатқызады.
Заңсыз аборт туралы сандық мәліметтерді басқа елдердегі (атап айтқанда бұрынғы одақтас республикалардағы) жағдаймен салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі - туудың Заңсыз абортке қатынасымен өлшенетін Заңсыз аборт коэффициенті. Соңғы жылдары Заңсыз аборттердің абсолюттік саны елеулі түрде азайып, жүктілікті заңсыз доғарудың салыстырмалы түрде қауіпсіз тәсілі мини-Заңсыз аборттердің үлес салмағы артқанымен, Қазақстандағы заңсыз түсік коэффициенті Орта Азия мен Кавказ республикалары ішінде ең жоғары деңгейде қалып отыр. Ал ана өлімінің жалпы құрылымында Заңсыз аборт салдарынан болған өлім екінші орында, бұл көрсеткіш бойынша біз Латын Америкасы мен Африка елдеріне жақын тұрмыз. Айтылғаңдар желісінде Заңсыз аборт проблемасын құқықтық тұрғыдан зерттеп, Заңсыз аборт үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық, зандардық мазмұнын, оларды қолдану тәжірибесін ой елегінен өткізу қажеттігі күмән туғызбайды.
Соңғы кезде Заңсыз аборт медициналық қызмет көрсету саласында жасалатын қылмыстарды адамның жеке басына қарсы бағытталған қылмыстардың бөлек бір тобы ретінде қарастырып жүрген ғалымдардың қаламынан шыққан еңбектерде зерделенуде. Бұл бағыттағы ізденістерге украиналық ғалымдар В. А. Глушков пен С. А. Химченконың, ресейлік зерттеуші Ф. Ю. Бердичевскиидің, отандық ғалым Г. Р. Рүстемованың қосқан үлестері қомақты.
Криминалдық Заңсыз абортті зерттеудегі дәрігер-ғалымдардың белсенділігін атамай кетуге болмайды. Заңсыз аборт нәтижесіндегі асқынулардың клиникалық аспектілеріне қоса медициналық әдебиет беттерінде тұтастай Заңсыз аборттің және жеке-дара криминалдық Заңсыз аборттердің себептері, жүкті әйелдің Заңсыз абортке жүгінудегі уәжі, Заңсыз аборт жасатушы әйелдердің әлеуметтік тұрпаты іспеттес мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт аясында криминалдық Заңсыз аборт төңірегінде арнайы қалам қозғаған ғалымдар жоқтың қасы, ал Қазақстанда қылмыстық-құқықтық тұрғыдан жазаланатын Заңсыз аборт арнайы зерттеу объектісі болған емес. Қоғамдағы, құқықтану ғылымындағы, құқықтық санадағы соны үрдістерді ескере отырып Заңсыз аборт проблемасының құқықтық, әлеуметтік қырларын кешенді түрде зерттеуді мақсат тұтатын ғылыми ізденістерде мұқтаждық бар.
Заңсыз аборт адамдарға алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ белгілі болған. Ежелгі замаңдарда ана құрсағындағы нәресте әлі де тірі жан емес деген қөзқарастар негізінде Заңсыз аборт кең тараған еді. Платон (б. э. дейінгі 427-347 ж. ж. ) халық санының шектен тыс өсіп кетуіне тосқауыл қою үшін Заңсыз аборттің көмегімен халық санын реттеуге шақырса, оның шәкірті Аристотель (б. э. дейінгі 384-322 ж. ж. ) әйел адамның Заңсыз аборт жасату құқын мойындаған. Ежелгі заман ойшылдарьшың ішінде алғашқылардың бірі болып Заңсыз абортті мемлекеттің демографиялық мүдделеріне қайшы құбылыс деп бағалап, Заңсыз аборт жасатқан жасатқан әйелді жазалауды талап еткен - Цицерон (б. э. дейінгі I ғас. ) - Ежелгі дүние дәрігерлерінің де Заңсыз абортке қатынасы бір жерден шықпайды. Гиппократ кез келген Заңсыз абортті табиғатқа жат қылық деп санап, өз шәкірттеріне Заңсыз аборт жасауға бармайтындығы жөнінде серт беру міндетін жүктесе, араб емшісі Ибн Сина Заңсыз абортке оң көзбен қараған.
Адамзат тарихының алғашқысатыларында Заңсыз аборт жазаланатын іс-әрекеттер қатарына жатқызылмайтын. Ескіден қалған құқықтық ескерткіштердің барлығында дерлік Заңсыз аборт жасаушыларды жауапқа тарту мүмкіндігі көзделмеген. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығында да Заңсыз аборт мүлде аталмайды.
Заңсыз аборттің Орта ғасырлардағы тарихы христиандық дүниетаныммен тығыз байланысты. «Болашақ адам да-адам» деп санаған шіркеу «құрсақтағы нәрестені Заңсыз аборттің көмегімен жойған адам - кісі өлтіруш»" деген қорытындыға келеді. Канониктік құқық жүкті әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен Заңсыз аборт жасауға да рұхсат етпейтін.
Заңсыз аборт жасаушыларға адамды қасақана өлтіргендерге қолданылатын жазаның қолданылуы - Заңсыз абортті кісі өлтіруге телудің қисынды салдары. Бамберг заңдар жинағы (1507 ж. ), Каролина (1532 ж. ) бойынша Заңсыз аборт жасаушылар суға батырылатын. Францияда түсік тастау мақсатымен өз ішін байлап-матап тастаған әйел де, басқа біреуге Заңсыз аборт жасаған адам да дарға асылатын.
XVIII ғасырдан бастап буржуазиялық төңкерістердің әсерімен Заңсыз аборт үшін жауаптылық көздейтін нормалардың санкциялары жеңілдетіледі. Дегенмен Заңсыз аборт жасатқан немесе өзіне-өзі Заңсыз аборт жасаған жүкті әйел де, біреуге Заңсыз аборт жасаған немесе Заңсыз аборт жасау тәсілі жөнінде кеңес берген адам да ұзақ мерзімге түрмеге қамалатын. Қылмыстық жазаның қаталдығы жүктілікті астыртын доғару кәсібімен шұғылданушылардың әрекетіне бөгет бола алмайды. Сондықтан сол заманның алдыңғы қатарлы адамдары Заңсыз абортпен күресте қылмыстық жазаға үміт артудың дұрыстығына шүбә келтіре бастайды.
XX ғасырдағы дүние жүзілік соғыстар Заңсыз абортке қатынас мәселесіне өзіндік әсерін тигізбей қоймады. Орасан көп адамның өмірін қиған жойқын соғыстардан кейін халық санын өсіруге бағытталған шұғыл шаралар қолға алынады. Бір мемлекеттер әйелдерді бала тууға ынталандырудың әлеуметтік шараларын жүзеге асырса, кейбір мемлекеттер халық санын өсірудің арзан тәсілдерінің бірі ретінде Заңсыз аборт үшін тағайындалатын жазаны күшейтуге барады. Бұл елдерде Заңсыз аборт санының толассыз өсе беруі қылмыстық-құқықтық шаралардың алдыға халық санының өсу қарқынын арттыру мақсатын қоюдың қисынсыздығын көрсетеді.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап дүние жүзінің барлық елдерінде Заңсыз аборт жасау негіздерін кеңейту тенденциясы байқалады. Заңсыз аборт жасау негіздерін кеңейте отырып, кейбір мемлекеттер Заңсыз аборттердің әйел денсаулығына тигізетін зиянын кемітуге ұмтылса (Австрия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Финляндия, Франция, ГФР, Швеция, Үндістан, Иран, Оңтүстік Корея), ал кейбір мемлекеттер Заңсыз аборттің көмегімен туу мөлшерін азайтуды мақсат тұтатындықтарын жасырмайды (Тунис және Сингапур) .
Дүние жүзі елдеріндегі Заңсыз аборт жасауға рұхсат беру негіздері көзделген зандарды қаталдық дәрежесіне қарай салыстырсақ, ең жеңіл заңдар жүкті әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің алғашқы 12-24 апталары аралығында Заңсыз аборт жасауға рұхсат етілетін елдерде де, ал ең қатал заңдар Заңсыз аборт жасауға рұхсат тек медициналық және генетикалық негіздер бойынша берілетін елдерде. Христиан дінінің католицизм бағыты мен ислам дінінің ықпалындағы елдердің Заңсыз аборт туралы заңдары бүгінгі күнге дейін қаталдығымен ерекшеленеді.
Коммунистік идеялар сәтсіздікке ұшырағаннан кейін бұрынғы социалистік елдерде Заңсыз абортке қатынас түрлі бағытта өрбуде. Қатал заңның кері нәтижелерінен аузы күйген Румыния 1990 жылы Заңсыз абортке рұхсат беру негіздерін айтарлықтай кеңейтсе, керісінше, 1993 жылы католиктік шіркеудің қысымымен Польша елі Заңсыз абортке тыйым салу жөнінде заң қабылдайды. Тыйым салу саясатының нәтижесінде Польшада өлтірілген және тастанды нәрестелердің саны күрт артып, астыртын Заңсыз аборт саны бірнеше есе өседі.
Заңсыз аборт туралы заңдарын жеңілдеткен елдерде алғашқыда Заңсыз аборт астыртын сектордан занды секторға көшеді. Сырт көзбен қарағанда бұндай заңдар оң нәтиже бермейтін сияқты. Алайда тіркелген Заңсыз аборт саны өскенімен, жүктілікті доғару операциясын білікті мамандар қауіпсіз шарттарда жасайтындықтан, оның ауыр зардаптары мен өлім азаяды. Сондықтан Заңсыз абортке рұхсат беру негіздерін көздейтін зандардың тиімділігі Заңсыз аборттердің абсолюттік санындағы өзгерістермен емес, жүктілікті заңсыз доғару салдарынан болған өлім деңгейіне ықпалымен өлшенеді.
Заңсыз аборт жасату құқықтың жалпы адам құқтарының құрамдас бөлігі ретінде аборттуралызаңдарды жауаптылық мәселесінде осы құжатта тұжырымдалған қағидалар қылмыстық заңдарда көрініс тапты. РСФСР-дің 1922 жылғы Қылмыстық кодексінде Заңсыз аборт үшін жауаптылық 146-бапта көзделген болатын. Бұл бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тиісті түрде куәландырылған медициналық дайындықтан өтпеген, яғни қолында дәрігерлік дипломы жоқ адамдар және дәрігерлік дайындығы болса да Заңсыз абортті тиісті емес шарттарда жасаған адамдар тартыла алатын. РСФСР-дің 1926 жылғы ҚК-нің Заңсыз аборт үшін жауаптылық көздейтін 140-бабының мазмұны 1922 жылғы ҚК-тің сәйкес бабынан көп ерекшеленбейтін, тек норманың санкциясында балама жаза түрлері көзделген болатын. Бір атап өтетін жайт, жоғарыда қарастырылған зандар бойынша Заңсыз аборт жасатқан немесе өзіне-өзі Заңсыз аборт жасаған жүкті әйел ешқандай жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтын.
Заңсыз абортке тыйым салудан бас тарту саясаты мынадай оң нәтижелер береді: криминалдық Заңсыз аборттер саны елеулі мөлшерде азаяды; Заңсыз аборттерді статистикалық зерттеу мүмкіндігі туып, бұл құбылыстың себептерін ашу арқылы Заңсыз аборттің алдын алу жолдарын айқындап алуға жағдай жасалады.
Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан 30-жылдардың аяғында Кеңес өкіметінің Заңсыз абортке қатынасы шұғыл өзгереді Заң шығарушының пікірі бойынша, халықтың материалдық жағдайының жақсаруы Заңсыз абортпен күресте қатаң шараларға жүгінуге негіз береді. 1936 жылдьгң 27-маусымында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарларының Кеңесі «Заңсыз аборттерге тыйым салу туралы» қаулы қабылдайды. Сол кездегі одақтық ақпарат құралдарының бетіне көз жүгіртсек, заң жобасын мадақтап, мемлекеттің адамдардың жеке бас істеріне араласу құқын негіздейтін бас мақалалар бірден көзге шалынады. Сталиндік тоталитарлық жүйе әлі де түпкілікті орнығып болмағандықтан болар, қарастырылып отырған кезеңде заң жобасын сынап пікір айтушылар да кездеседі.
1937 жылдың 10-мамырында РСФСР Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарларының кеңесі арнайы қаулы қабылдап) республикалық заңдарды одақтық, заңдарға сәйкестендіреді. Қаулы бойынша 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексіне Заңсыз аборт жасауға көндірушілер мен Заңсыз аборт жасатқан әйелдерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін көздейтін 140а және 1406 баптары енгізіледі. Жаңа заң бойьшша барлық Заңсыз аборттер (жүктілікті әрі қарай жалғастыру жүкті әйелдің өмірініе қауіп төндіретін немесе денсаулығына ауыр зардап келтіретін жағдайларды немесе ата-ананың тұқым қуалайтын ауыр науқасы бар болған жағдайларды қоспағанда) криминалдық деп таниттын болғандықтан, ҚК-тің 140-бабының мәтіні түбегейлі түрде өзгереді.
Заң шығарушының болжамы бойынша 936 жылгы қаулыда көзделген әлеуметгік-экономикалық шаралар әйелдерді жиі босануға ынталандырып, Заңсыз аборт жасатудан бас тартуға ықпал етуге тиіс болатын. Заңсыз абортке тыйым салынуы алғашқыда шынымен туу деңгейін күрт өсіреді. Алайда бұдан кейін туу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болғанымен, 1937 жылмен салыстырғанда біртіндеп кеми береді. Заңсыз аборт санының елеулі түрде азаюы да тек 1937 жылы байқалған. Соңынан, ресми мәліметтерге қарағанда, Заңсыз аборт саны қайтадан өсе бастаған, жана туған нәрестелерді өлтіру оқиғалары жиілеп кеткен. Тыйым салусаясатының шектелмейді. Заңсыз абортпен күрестерепрессиялық амал-шарғыларға жүгінудің кеңестік тәжірибесі криминализациялау принциитерін өрескел бұзудың хрестоматиялық үлгісіне айналып кетті. Біздің ойымызша, Кеңес өкіметінің Заңсыз абортке тыйым сала отырып қол жеткізгісі келген түпкі мақсаты - «әйел денсаулығын Заңсыз аборттің зиянды зардаптарынан қорғау» емес, капиталистік қоршауда қалған тұңғыш социалистік мемлекеттегі халық санын өсіру.
И. Сталин дүние салған соң оның халыққа қарсы саясаты әшкереленіп, отыз жылдық ел басқаруы тұсында орын алған асыра сілтеушіліктердің беті ашылды. Заңсыз аборт мәселесіне қатысты бұл бағытта жасалған алғашқы қадам - КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1954 жылдың 5-тамыздағы жарлығы бойынша Заңсыз аборт жасатқан жүкті әйелдің қылмыстық жауаптылықтан босатылуы. Ал 1955 жылдың 23-қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Заңсыз абортке тыйым салуды жою туралы» жарлық шығарды.
Жаңа заң бойынша заңсыз дептанылатын Заңсыз аборттер ауқымы айтарлықтай азайғанына қарамастан, ҚК-те Заңсыз аборт жасау түсінігі сақталып қалады. РКФСР ҚК-нің 140-бабының жаңа редакциясына сай Заңсыз абортті ауруханадан немесе басқа емдеу мекемелерінен тыс жерлерде немесе санитария талаптарына қайшы шарттарда жасаған адамдар, сондай-ақ арнайы медициналық білімі жоқ адамдар жауаптылыққа тартылатын. 1960 жылдан бастап Заңсыз аборт үшін қылмыстық жауаптылық Қазақ КСР-нің 1959 жылғы түңыш Қылмыстық кодексінің 108-бабымен реттеле бастады.
1. 2 Заңсыз аборт жасаумен байланысты қылмыстар
Заңсыз абортке тыйым салынған тұста Заңсыз абортке жол берушілермен күресте қылмыстық құқықтың жазалау мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану мақсатымен Заңсыз аборт жасатуға «көндіру» ұғымы тым кең мағынада түсінілетін. Осы жайтты, Заңсыз аборт жасатуға көндіру фактісін дәлелдеу мүмкіндіктерімен байланысты қиындықтарды, сондай-ақ сот тәжірибесінде Қазақ КСР ҚК-нің 109-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің болмауын ескере отырып, отандық заң шығарушы 1997 жылғы Қылмыстық кодексте Заңсыз аборт жасатуға көндірушілердің жауаптылығын көздейтін нормадан бас тартты.
Біздің ойымызша, әйелді жүктіліктен арылуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер бүгінгі күні де өзінің қоғамдық қауіптілігін жоғалтқан жоқ. Сот тәжірибесінде Заңсыз аборт жасатуға көндіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істердің кездеспеуін бір жақтылықпен бұл норманың тиімсіздігінің дәлелі ретінде қабылдауға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz