Картоп ауруларының түр құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

.
1 Әдебиеттерге шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4

2 Зерттеу жүргізілген аймақтың топырақ- климат
жағдайы ... ... ... ... ... ..7

3 Арнайы
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .10

3.1 Картопты өсіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0

3.2 Материалдар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістері ... ... ... ..15

3.3 Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17

3.3.1 Картоп ауруларының түр
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...19

3.3.2 Ауруларға қарсы қолданылатын фунгицидтердің тиімділігі ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .25

Кіріспе

Қазақстанның егіс далаларында мәдени 2 негізгі түйнекжемістілер
егіледі. Оның бірі картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына жататын
өсімдік және жер алмұрты немесе топинамбур (Helianthus tuberosum L.)
күрделігүлділер тұқымдасына жатады.
Картоп - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы аса маңызды
техникалық дақыл. Ол адам өмірінде, тамақ ретінде наннан кейін екінші
орында, себебі түйнектердің құрамында ақуыз (2%), адам организміне пайдалы
минералды тұздар (1%), кальций, фосфор, темір және басқа көптеген қоректік
элементтер, дәрумендер (С, В1 ,В6 ,Д ,РР ,К ,Е) болады. Өнеркәсіпте
крахмал, патока, спирт, глюкоза сияқты құнды заттар алу үшін шикізат
ретінде пайдаланады. Қабығы мен түйнегі мал шаруашылығында жоғары сапалы
азық болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1993- 1995 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі
даму бағдарламасына сәйкес әр адам басына шаққанда 90 кг, ал жыл бойына
2597,8 мың тонна өнім алу керек. 2008 жылы картоп отырғызылған жердің
көлемі 176,3 мың га және 1472,2 мың т өнім алынды [1].
Соңғы жылдары елімізде картоптың өнімі де, сапасы да төиендеуде. Мұның
негізгі себебі вегетация кезінде агротехникалық шаралардың дұрыс
жүргізілмеуі, сонымен қатар зиянкестер мен аурулардың әсерінен болатын
шығындар. Вирус ауруларымен қатар, саңырауқұлақ арқылы таралатын аурулар-
фитофтороз, макроспориоз және альтернариоз аурулары да қарқынды дамуда. Бұл
аталған аурулар Қазақстанда толық зерттелмеген.
Фитофтороз солтүстік және шығыс облыстарда қолайлы температура 22-25о
С және 75-80( ылғалдылықта спора арқылы дамиды. Осы аталған аурумен
залалданған түйнектер әсерінен картоптың 30( және одан да жоғары өнімі
жойылады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда картоптың аса қауіпті зиянкестері болып
картоп колорадо қоңызы, күздік көбелек, шегірткелердің бірқатар түрлері
және т.б. зиян келтіреді.
Сондай- ақ аурулардың көпшілігі саңырауқұлақтардан- картоп ісігі,
ризоктониоз, таз қотыр, құрғақ шірік; бактериялардың залалдануынан- қара
мойнақ, сақиналы шірік; вирустардан- түрлі мозайкалар мен деформациялар
туады.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы жағдайында Агрофирма (Приречное(
ЖШС картоп егісіне келесі мақсатпен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты: картоптың негізгі саңырауқұлақ
ауруларының түр құрамы, таралуы мен дамуы және аурулардан қорғау шарасын
ұйымдастыру.

1 Әдебиеттерге шолу

Қазақстанда картоп ауруларына бақылау жұмыстары ертеден бастап
жүргізіледі. Л.Д. Казанес (2( мәліметтері бойынша 1933- 1934 жылдары
картопты отырғызу кезінде ауруларына бақылау жүргізілді. 1937 жылы М.В.
Власов картоптың негізгі ауруларға шалдығуынан, сонымен қатар сақтау
кезінде түйнектердің шіруін бақылауды жалғастырды.
Зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша картоптың фитофтороз ауруының
шыққан жері- Оңтүстік Америка. Ол осыдан 100 жыл бұрын зақымданған
түйнектер дақылы Латын Америкасынан Европа елдеріне таралған. Европада осы
кеселді өткен ғасырдың 30- жылдары байқаған. Келешекте фитофтороздың
таралуына қарсы жұмыстар жүргізіле басталды. Аурудың таралуы картоп
егісінің толық жойылуына әкеліп соқтырды. Батыс Европа елдерінің, соның
ішінде Голландия, Дания, Финляндия, Ирландия, Ресейде және т.б.
мемлекеттерде аштық жылдары басталды (3-13(. Осы жағдайдан кейін Ф.Энгельс
(14( (1947 жылы аштық- фитофтороз әсерінен болды. Қанша миллион ирландықтар
аштықтан қырылса, бірнеше миллиондарын мұхиттың арғы жағынан жер аударуына
себеп болды(- деп жазды.
Ресейде фитофторозды алғаш А.А. Ячевский (15( 1845- 1846 жылдары
Прибалтика губерниясынан тапты. Кейіннен Украина, Кавказ, Сібір аймақтарына
картоптың осы аталған аурулары да байқалды. Ресейдің кейбір аймақтары
белгіленді, себебі аурудың әртүрлі дәрежеде таралуына шолу жұмыстары
жүргізілді. Фитофтороз көбінесе ауа райы ылғалды, таңғы шық және тұман жиі
байқалған күндерде қарқынды дамиды.
Фитофтороздың Ресейде таралуын К.В. Попкова (16( ауа райы
жағдайларына және топыраққа қарай 4 аймаққа бөлді: 1- кеселдің байқалуы; 2-
аз дамуы; 3- орташа көлемде дамуы; 4- жоғары деңгейдегі көрсеткіштер.
1950 жылдары Л.Д. Казанес (2( картоптың вирус, бактерия және
саңырауқұлақ ауруларын және ауру таратушылардың түрлік құрамын, соның
ішінде, дақылдың белгісіз себептермен залалдануын толығырақ меңгерді. Ол
әртүрлі ауру қоздырғыштарының түрлеріне және оларға зиян келтірушілер,
құбылмалы климаттық жағдайлардың сәйкестігі, басқа патогендердің дамуына
кедергі келтірушілердің қатынастарын анықтады.
С.Т. Бубенцов [17] Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және
орталық облыстарында картоп өсіретін аудандарда картоптың вирусты және
саңырауқұлақты ауруларына қарсы қолданылатын шараларды, жан- жақты
меңгеріп, ұсынды. Оның мәліметтері бойынша оңтүстік және оңтүстік- шығыс,
шығыс аудандардың жазық жерлерінде вирусты аурулары және фузариозды солуы,
орталықта- картоптың актиномикозды таз қотыры және ризоктониоз немесе таз
қотыр аурулары кең таралған.
Көптеген авторлардың [16, 18-21] зерттеулері бойынша, Қазақстанның
оңтүстік және оңтүстік- шығыс аудандарында вирус аурулары өте кең таралған.
Сондықтанда 70- 80 жылдары осы аталған ауруларға өте көп көңіл аударған.
Түйнекті вироздан сақтау үшін арнайы кешенді фитосанитарлық және
агротехникалық шараларды ұйымдастырып жүргізді.
К.В. Попкованың [9] мәліметтері бойынша кеселдің алғашқы белгілері
жапырақ тақтасының шетінде қара- қоңыр түсті ылғалды дақтар пайда болады.
Аурудың дамуы барысында, дақтардың көлемі артады. Фитофтороздың алғашқы
белгісі саңырауқұлақ жіпшумақтарынан тұратын өрмекші тәріздес ақшыл жұқа
өңез түзіліп, ауа райының салқындылығынан сұрғылт дақтар пайда болғаннан
кейін жапырақ тақтасының бетінде байқалады. Құрғақ ауа райы жағдайында олар
кеуіп, қурайды. Мұндай жағдайда, жіпшумақтарды байқау оңайға түспейді.
Белорусияда фитофтороз солтүстікте өте қатты дамиды, себебі онда
әрқашан тұман және ауа райы ылғалды. Дақылдың аурумен қатты залалданғаны
Эстония және Солтүстік Осетияда шілде және тамыз айларында жауын- шашынның
жиілеуінен байқалды. Көбінесе Азербайжан және Армения елдерінің таулы
аймақтарда қоңыр салқын температурада және жоғарғы ылғалдылықта аурудың
дамуы үдейді. Батыс Сібірде фитофтороздың біркелкі дамуы он жылдықта 2- 3
рет, ал өте баяу дамуы вегетация соңында- жыл сайын байқалады (4(.
С.М. Букасов, А.Я. Камераздың (5( айтуы бойынша, ең алғашқы
фитофтороздың таралуына талап Ресейдің Еуропа бөлігінде ұсынылды, ал
аурудан болған шығындар 1929- 1930 жылдары Н.А. Рожденственскийдің айтуынша
сипатталады.
Л.Д. Казанестің (2( айтуы бойынша фитофтороздың алғашқы белгілері 1934
жылы оңтүстік- шығыс Қазақстанда байқалған. 1946 жылы алғаш рет ылғалды
жерлерде картоптың өнімі төмендейді, ал 1947 жылы алғаш рет ылғалды
жерлерде картоптың өнімі төмендейді, ал 1947 жылы бұл аурудың қатты
таралуы, Сібірден әкеліп отырғызылған тұқымдық материялдарда байқалды.
Автордың мәліметтері бойынша ауру ауа райының қолайлылығына байланысты
солтүстік және шығыс аймақтарда споралар арқылы дамиды, кейбір кездерде
дақылдың жойылуына әкеліп соғады. Қазақстанның оңтүстік аудандарынан гөрі
солтүстік аудандарында картоптың фитофтороз ауруы кеңінен таралған. Ылғалды
жылдары өнім төмендейді, кейбір сорттарда 60( дейін залалданады.
1990 жылдардың басында Ю.В. Воробьева, Е.Г. Башаева (14( және т.б.
авторлар картоп фитофторозына бақылау жүргізді. Оңтүстік- шығыс
Қазақстаннан аурудың қоздырушы популяцияларын меңгерді. Өсімдіктің өсіп
шығу кезеңінде, соның ішінде өсімдік сабағында фитофтороздың алғашқы
белгілері байқалды.
Толық дақтар басқан жапырақтарының түсі қою- қоңырланып немесе
қараяды. Өсімдік сабағы мен зақымдалған жоғарғы бөліктері солып қалады.
Мұндай жағдайда егістен жағымсыз иістер шығады. Сондықтан да картоптың
шірік ауруы деп атайды. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде жіпшумақ, ал
өсімдік қалдықтары мен топырақтарда ооспоралар түрінде сақталады. Ауру
түйнектерден жердің бетіне ауру жаңбырмен және желмен басқа сау
өсімдіктерге таралады [22].

2 Зерттеу жүргізілген аймақтың табиғи- климаттық жағдайы

Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

ЖШС Агрофирма "Приречное" ауылдық аймағы Шығыс Қазақстан облысы, Семей
қаласынан 10 шақырым қашықтықта Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан.
1993 жылы нарықтың даму кезеңінде құрылған. Қазіргі кезде қаржы саласынан
өте жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.
ЖШС Агрофирма "Приречное" ауылдық аймақ жекешелендірілген
экономикалық субъект, жақсы дамыған жол магистраліне жақын орналасқан.
Қазақстанның ірі қалалары Семей, Өскемен, Павлодар, Астана және т.б.ауыл
шаруашылығы дақылдарымен қамтамасыз ету жөнінен ең жоғарғы сұраныс
аймақтары болып табылады.
Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 32107,2 га, оның ішінде 3853,8 га
егістік жерлер, 1504 га суарылатын аймақ.
Агрофирма бірнеше жылдан бері картоптың голландиялық түрлерін
отырғызумен айналысады. Биылғы жылы 353 га жерге картоптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Өсімдік аурулары туралы түсінік
Дәрумендердің негізгі көзі
Фаст-фуд туралы қызықты фактілер
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
Картоптан улану
Картоп түйнектерінің пішіні
Пәндер