Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы сипаттамасы

1. 1. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 2. Кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары . . . 8

II Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері

2. 1. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары . . . 10

2. 2. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту . . . 13

2. 3. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға

тарту . . . 15

2. 4. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу . . . 16

2. 5. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді

орындамау . . . 17

2. 6. Отбасы және кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері . . . 18

2. 7. Кәмелет жасына толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату ерекшеліктері . . . 20

Қорытынды . . . 25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшінші 1000-жылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және экономиқалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшандығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде теріс ықпал етуде. Тұтас алғанда қазіргі қоғамда және экономиқалық байланыстар мен қатынастар жүйесінде бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.

Бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өз ара қарым-қатынастарын сәттілігімен ұштасады. Міне сондықтан да кәмелетке толмағандардың қорғау жалпы отбасылық қатынастарды қорғау мен бір тұтас.

Жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмір сүруден кейін күрт төмендетіп кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде келе жатқан «Әлеуметтік жетімдік» яғни ата аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде балалар үйінде тәрбиеленіп балалар санының өсуіне әкеледі. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғуышылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылы дүние жүзілік «балалардың құқықтар туралы» Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен сондай-ақ ересек адамға қарағанда кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру.

1959 жылы 22 шілдедегі ҚазақССР-ның Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1 қантарда күшіне енген қазіргі қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған бапатардың саны едәуір өскен Мысалы: 1959 жылғы заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар жасы он алтыға толмаған қыз бен жыныстық қатынас жасау (102-бап), жас баларды аздыру (103-бап), неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру (105-бап), балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару (112-бап), опекундық құқықтарына қиянат жасау (113-бап), біреудің баласын ұрлау (116-бап) .

Ең бастысы, жаңа заманда отбасымен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын нормаларға бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасымен кәмелетке тлмағандардың құқықтарымен заңды мүдделерін жоғары деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында:

Неке мен отбасы, ана мен әке жене бала мемлекеттің қорғауында болады (1) ; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи кұкығы әрi парызы (2) ; Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi (З) - делiнген. Бұл көрсетiлген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөнiндегi негiзгi ережелерiне сәйкестендiрiлген. Адам кұқығы жөнiндегi 1948 жылғы жалпыға бiрдей декларацияда, Азаматтық жене саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық фактiде отбасы қоғамның табиғи негiзгi ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгiленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған “Бала құқықтары жөнiндегi” Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтiк құқықтарының қорғалуына ерекше мән берiлген. Қазақстан Республикасы да отбасы жене кәмелетке толмағандар жөнiндегi халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құықтық жолмен қорғауға ерекше мән бередi.

1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгiлеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлерi көрсетiлген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-бап) ; кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап) ; кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап) ; баланы ауыстыру (134-бап) ; бала асырап алу құпыясын жария ету (135-бап) ; балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару (136-бап) ; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндттердi орындамау (137-бап) ; балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (138-бап) ; қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (139-бап) ; еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару (140-бап) . Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершілiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Ендi осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк.


I . Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы

сипаттамасы

  1. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың

жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілсе, 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты - халықтың құқықтық білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» № 2347 қаулысы қабылданған болатын. Аталмыш заңдық құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін, білімін жетілдіре отырып, заңдылықты күшейту қажеттілігін негізгі меже етіп қойды. Мұның мәнісі қазіргі кездегі түрлі қылмыстық, әрекеттердің ушығып кеткенімен байланысты. Ертеректе «кәрші ақысы - тәңір ақысы» деп ынтымақпен өмір кешкен халықтың кейбір өкілдері бүгінде кәрші кемпірдің талғажау еткен жалғыз сиырын шімірікпестен қорасынан жетектеп әкететінді шығарған. [1]

Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау байырғы заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға берген. Ел басқару ісіне жетік мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң баптарындай бағыт беріп отырған .

Қазақ халқы жазу-сызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел тоқтаған «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1518 ж. ж. ), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628 ж. ж. ), Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» (1680-1718 ж. ж. ) сияқты көрнекті заңдар жұртшылықты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды әділеттілікке, яғни біреудің ала жібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған. Ал елі мен жерін сатқан екіжүзділерді, жауыздықпен күн көрген қаныпезерлерді, Ата заңын аттаған азғындарды «етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл осыжылы БҰҰ өзінің «Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын» қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқығын қорғау саласында бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.

Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп, оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді. Бұған зауыт, фабриқалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан экономиқалық байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.

Қазір жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың ішімдік ішу, нашақорлық, әйел зорлау, жезөкшелік сияқты түрлері көп ұшырасады. Бұған, әлбетте, сағат сайын теледидардан соғыс пен кісі өлтіруге, жалаңаш ерлер мен әйелдерді жарнамалауға құрылған бейнефильмдердің шексіз көрсетілуі себеп. Міне, осындай жүйесіз, жүгенсіз бейнефильмдерге бой алдырып, санасы уланған жасөспірімдердің ертеңгі күні сол жаман әдетке еліктемеуіне кім кепіл?! Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының экономиқалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас урпақ үшін халықтық іс болуы шарт. Бул отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта атқарылатын маңызды жумыстардың бірі болып есептелуі тиіс.

Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі - оқу-тәрбие жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір оқушының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың тйімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру үшін, ең алдымен оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойында түбегейлі таныстыру қажет. Құқықтық сана - қоғамдық сананың құрамдас бөлггі, ал құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз ететін күшті құрал.

Заңның рөлі, әсіресе экономикасы дамыған елдерде терең байқалады. Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар «Жекешелендіру туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» және т. б. заңдарды басшылыққа алған. Ал құқықтық тәрбие берудегі мемлекеттің рөлі айрықша. Бүгінге дейін біз құқықтық тәрбиені «Қазақстан мемлекетінің құқық негіздері» деген пәнді оқыту арқылы беріп келдік. Десекте, бұл құқықтық мемлекет құру үшін аздық етеді. Аталмыш пәнді оқушыға 1-сыныптан бастап соңғы сыныпқа дейінгі аралықта оқытып, құқықтық тәрбиемен ұштастырған жөн. Оларға Конституция және жалпы заң туралы ұғымдарды терең қамти алатындай жағдай тудыру қажет. Қазіргі кезде оқушыға қылмыс пен жаза туралы толық дәріс беріп, оқушылардың өздеріне тиісті құқықтары мен міндеттерін, бұған қоса ата-ананың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, өзін-өзі қорғай білуге баулу керек. Оларға заңды білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болатынын үнемі айтып, түсіндіру де артық етпейді. Қысқаша айтқанда, әрбір азамат заңгер болуы керек. [2]

Жоғарыда құқықтық тәрбие беруді отбасынан бастаған дұрыс дедік. Ал, ол кейін мектепте жалғасса, мектептен қоғамдық ортаға бағыт алса, сонда ғана біз көздеген мақсатқа жетпекпіз. Мектеп мемлекеттік оқу-тәрбие мекемесі болғандықтан, онда жүргізілетін құқықтық білім мен тәрбие жұмысы да алдын ала жоспарлануы тиіс. Әр ұстаз өз пәндеріне байланысты заңдық құжаттарды пайдалана отырып, ашық сабақ өткізсе, әр сынып жетекшісі ертеңгілік, апталық сабақтарды, іскерлік ойын, сөзжұмбақ, ребус, анкета, тест жұмыстарын, сұрақ-жауап, пікір сайыстарды құқықтық тақырыппен байланыстырып жүргізуді қадағалап отырса, нұр үстіне нұр болмақ.

Кезінде нарық заманының нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, қойшы, әйтеуір еліміздің ертеңгі болашағынан саналатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы қуатты жастар қозғалысын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанымызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай, бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке, шортанның көлге тартқаныңдай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе. [3]

1. 2. Кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы

және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары

Біздің елімізде балаларды тәрбиелеу мен оқыту - тек құқық қана емес, сонымен бізге белгілі бір деңгейде. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғанлықтан, олардың білім алуын қамтамасыз ету, қажетті жағдай туғызу ата-аналардың міндеті болып табылады. Бұрын мектептер тек мемлекет қарауында болды, ал енді білім беру деңгейі мемлекеттік мектептердегіден төмен болмауы тиіс жеке мектептер құрылуда. Тек осындай жағдайда ғана жеке мектептерде берілетін куәлік мемлекеттік мектептерде берілетін куәлікке теңестірілелі. Ата-аналар балаларын мемлекеттік мектептермен бірге жеке мектептерде де оқытуға құқылы.

Кейбір мектептер (гимназиялар, колледждер) жеке ғылым асы бойынша мейлінше терең білім береді. Әр халықтың балаларды тәрбиелеуге қатысты жүздеген жылдар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары, дәстүрлері бар. В. Даль тәрбиеге мынадай анықтама береді: « . . . сәби шағынан бастап ержеткенге дейін заттық және ізеттілік жөніндегі сұранысына; ең кем дегенде ержеткенге дейін тамақтандыру, асырау және киіндіру; ал жоғары мәнінде өмір сүруіне қажеттіні алуына, бойына сіңіруге, бүкіл игілікке үйретуге қамқорлық көрсету». Тәрбиелі адам - дөрекілікке, көргенсіздікке қарсы өнегелілік қағидасын бойына сіңірген адам. Ата-ананың ізгі де, құқықтық та міндеті-тәрбиелі адам қалыптастыруға талпыну. Әке мен ана тең құқылы. Сондықтан екеуі де кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілдері болып табылады. Ата-аналардың өздерінің балаларына қатысты табиғи міндеттерін саналы түрде сезінбеуі немесе оларды немқұрайды орындауы мүмкін. Өкінішке орай, мұндай келеңсіз жәйттер өмірде жиі кездеседі. Әрине, өз балаларының тәрбиесіне немқұрайды қараудан, ең алдымен, ата-аналардың өздері зардап шегеді. Балалардың тәрбиесіздігінен, өнегесіздігінен балалардың өздері жиі таяқ жейді. Бірақ, тәрбиесіздік құқық бұзуға колайлы жағдай жасайтындықтан, басқа адамдарға, тұтас алғанда қоғамға зиян келеді. Сондықтан өзінің борышын өтемейтін ата-аналарға қатысты заң ыкпал ету шараларын көздейді. Ерекше жағдайларда ата-аналар (ңемесе олардың біреуі) өздерінің құқықтарынан айырылуы мүмкін. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға заман талабына сай, тәрбие беріп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу ісіндегі орын алып отырған олқылықтардың үлкен бір шоғыры осындай. Соған қарамастан кейбір аудандар мен қалалардағы әкімшіліктер, құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс жүргізіп, тізгіні босап кеткен тәлім-тәрбиенің тиімді жолдарын іздестірумен келеді. Қазір республикамыздың көптеген жерінде қалаларында әрбір білім ошағына учаскелік инспекторды бекіту дәстүрі қанат жайып отыр. Ондағы негізгі мақсаттың өзі жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу шараларын жүргізуден туындаған ниет еді. Әрине, дәл қазір оның түпкі нәтижесі туралы кесіп-пішіп пікір айтудың езі де асығыстық болар. Дегенмен де осы әдісті кез-келген білім ошағына тықпалап енгізудің тиімділігі бола қояр ма екен деген де сауалдың алдымызды кесе көлденендеп жатып алатыны рас. Жауапты жұмысқа бекітілген полиция өкілінің ішкі жан дүниесі мен балалармен қарым-қатынас жасаудағы іс-тәсілі өзгермесе одан не пайда? Әлде бұл әйтеуір полиция киімін киінген адамнан мектеп оқушылары жасқанып жүрсін деген ойдан туындаған шара ма? Онда бұл кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер құқығының бұзылғандығы. Әрбір мектепке полиция өкілін бекіту жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдың алу шараларына кеп септігін тигізеді деп есептейді. Таразы басын тен тартатын екі пікірдің де түп негізі балалармен жұмыс істейтін учаскелік инспектор тек полиция өкілі ғана емес, кез-келген бүлдіршінмен ортақ тіл табыса білетін педагог әрі психолог болса деген игі тілекпен ұштасып жатыр еді. Ондай болса, қанеки. Жастар тәрбиесіндегі жан дүниемізді толғантып жүрген осал буынның өзі де осы емес пе? Бір сөзбен айтқанда, жастармен қоян қолтық жұмыс істейтін учаскелік инспектор біздің ойымыздағыдай мектеп басшылары мен төменгі буынның арасын жалғастырып, қылмыстың алдың алатындай тұлға болса барша жұртты ойлаңдырып отырған олқылықтың орны толғаны емес пе? Рас, екі кодексте де кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдың алу шараларына көбірек орын берілген. Бірақ олар жоғарыдағыдай себептерге байланысты орындалмай, ылғи да тасада қалып қояды. Сондықтан да сәл ғана тентектік жасаған жасөспірімнің әрекеті бұзақылық деп танылып, тынымсыз жұмыс істеп жатқан жазалау механизмінің тісіне ілігіп кетеді. Осылайша жан дүниесі әлі бүлініп үлгермеген жасөспірімді бүкіл құрбы-құрдастары алдыңдағы сенімінен айырып, оның келешекке деген көзқарасын сөндіреміз .

II . Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері

2. 1. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың

жеке құрамдары

Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуына мүмкіндік жасайды.

Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабілетін дамыту үшін ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кітаптар басып шығаруды көтермелейді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылыққа ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиетті, ойын-сауык және басқа іс-шараларды пайдалану заң бойынша кудаланады. [4]

Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың діни дүниетанымына негізделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердің шегінен тыс жерлерде баланың қатысуымен діни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқығын бұзатын және жауапкершілігін шектейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік береді. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады.

Балаларды дінге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

Қылмыстың зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz