Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі


МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ.
І. БӨЛІМ. Кәсіпорындағы меншікті капитал есебінің ұйымдастыруының теориялық аспектілері.
1. 1 Капитал түрлері, түсінігі . . . 5
1. 2 Меншікті капитал құрылымы және есепке алу жолдары . . . 8
1. 3 Қайтарылып алынған капитал есебі . . . 13
ІІ. БӨЛІМ. «Меридиан» ЖШС - ның меншікті капитал есебінің жүргізілу ерекшеліктері.
2. 1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның жалпы бухгалтерлік көрсеткіштері . . . 18
2. 2 «Меридиан» ЖШС-ның жарғылық капитал есебі . . . 22
2. 3 Меншікті капиталдың аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 25
ІІІ. БӨЛІМ. Меншікті капиталдың есебін, талдауын жетілдіру шаралары
3. 1 Меншікті капитал есебін ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңын қолданылуы арқылы ұйымдастыру . . . 30
3. 2 Меншікті капитал есебін №1 ХҚЕС №2 ҰБЕС арқылы жетілдіру . . . 32
3. 3 ҚР-ның 2009 жылғы салық кодексіне сәйкес коорпоративті табыс салығы мен таза табыс бойынша төлемдер . . . 36
3. 4. Меншік капитал есебінің шет елдерде жүргізілуі және «1С бухгалтерия 8. 0. » қолданылуы . . . 39
Қорытынды.
Қосымшалар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуының бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдері әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс - қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай - ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаты болып табылады.
Осыған орай, бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс - әрекетін сипаттап, оның табысы мен шығынын есепке алып, және де капитал есебін, қаржылық жағдайын ашып көрсетуге болады.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларын сай өндірістерге ұшырап келе жатқан, сондай - ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ерекшелігінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуі қамтамасыз етеді.
Осы курстық жұмысымның ең басты мақсаты бұл:
- Меншікті капитал есебін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Меншікті капитал құрылымын жалпылай анықтау мен зерттеу жасау;
- «Меридиан» ЖШС-ның жағдайына, көрсеткіштеріне сипаттама беру;
- «Меридиан» ЖШС-ның қаржылық жағдайы және меншікті капитал құрылымын талдау.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жалға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің құрылымына өзгерістер енгізіп отыр. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады деп айтуға болады.
Қ. Р. Президентінің өзінің халқына “Қазақстан- 2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің бірі болып есептелінеді. Кәсіпорындар, ірілі-уақты шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету орындарының барлығы да бухгалтерлік есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті. Мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік есепті, талдауды жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады. Бухгалтерлік есеп, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады. Осы айтылғандардың барлығы бірдей есепке алынуы бухгалтерлік есеп, талдауға тән сипат және басты шарт, міндетті түрде орындауға тиісті экономикалық талап болып есептелінеді, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады. Осы айтылғандардың барлығы бірдей есепке алынуы бухгалтерлік есеп, талдауға тән сипат және басты шарт, міндетті түрде орындауға тиісті экономикалық талап болып есептелінеді.
І бөлім Кәсіпорындағы меншікті капитал есебінің ұйымдастыруының теориялық аспектілері
1. 1. Капитал түсінігі және оның түрлері.
Капиталдың мәніне теориялық көзқарастар. Нарықтық қатынастарға кеткен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғаласын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты - ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіншілігі болып, ол жаңа құнды жасайды. Сондай тауар - жұмыс күші тауары жатады.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүшесінің құрамы ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс ) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтср жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
5110 - жарғылық капитал;
5410 - резервтік капитал;
5510-5610 - бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Жарғылық қордың мөлшері қатысушылардың нақтылы үлес бағасына байланысты. Әрбір үлестің мөлшері құрылтай құжаттарында пайыз есебінде немесе жалпы жарғылық қордың сомасына қатынасы есебінде беріледі. Мемлекеттік тіркелу кезінде заң бойынша оның қатысушылары жарғылық қордың жартысынан көбін төлеуі керек. Қалған төленбеген үлес мекеменің жұмыс істеуіндегі бірінші жылында төленуі тиіс.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі) .
Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резеретік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Капиталдың басты қасиеті өз иесіне табыс әкелу болып табылады. Капитал бұл жұмысшыларды жалданбалы еңбектеріне негізделген топтың қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын көрсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капитал өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде қандай да болсын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капиталы болу керек. капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшылар күшін және т. б. ) .
Капиталдарды мынадай белгілер бойынша топтастыруға болады:
- бар болу формасы бойынша;
- құнның ауыстыру тәсілі бойынша;
- меншік капитал формасы бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша;
- пайдалану бағыттары бойынша.
Меншіктік формасы жөнінен капитал: жеке меншік (дара, отбасылық), ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер, корпорациялар) ; мемлекеттік, аралас, шетелдік болып келеді. Қалыптасу бастау көздері бойынша: өзіндік және қарызға алынған капиталдан тұрады.
Өзіндік капитал - кәсіпорынның меншік иесі (немесе меншік иелері) сөзсіз және айырықша меншік иесі болып табылады. Өз капиталына жарғылық қорды яғни меншік иелерінің, акционерлердің алғашқы және одан кейінгі қаржыларын салуларын және пайда есебінен капиталды қосымша өсірулерін жатқызуға болады.
Қарыздық капитал - кәсіпорын белгілі уақытқа дейін иемденіп, келісімді уақыт біткеннен кейін уақытша иеленгені үшін төлемі мен қайтарылатын капитал.
Қарыздық капиталдың құрамына банктен алынған капиталдан басқа құнды қағаз шығару арқылы (акциядан басқа) тартылған, кәсіпорын жалға алынған машиналар, жабдықтар, ғимараттар секілді капиталдар да кіреді.
1. 2. Меншікті капитал құрылымы және есепке алу жолдары
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің негізгі қызметі болып табылады. Бухгалтерлік құжат орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Есептік саясатты құрудың негізгі талабы:
-бухгалтерлік есептеу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепте есептеу әдісі қолданылады.
Бюджетпен есептесу келесі салық түрлері арқылы жүзеге асады:
- заңды тұлғалардың табыс салығы;
- жеке тұлғалардың табыс салығы;
- қосымша құнға салық;
- және міндетті зейнетақықорға төлемдер.
Шаруашылық салық заңдарына сәйкес салық органына ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын қаржылық ақпараттарды және керекті есептеді, декларацияларды тапсырып отырады. Сондықтан бухгалтерлік есеппен қатар салықтық есеп жүргізіледі.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты ақпарат беру мен мүдделі жақтарға сыртқы мәліметтер беруде талаптар өзгерді. Сондықтан әр түрлі жағдайларда шұғыл және дәл қимылдау үшін ақпаратты компьютерлік өңдеуге аса көп мән беріледі. Шаруашылықта «1С. бухгалтерия» мамандандырылған жиынтығы «Бухгалтерлік есеп» компонентімен қолданылады. Бухгалтерлік есеп келесдей жүзеге асады:
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым - қатынас үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорынға салады. Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы эканомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау. Ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық, жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру есебінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты.
ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал - субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».
Меншікті капиталдың ерекшелігі - ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды) .
30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған залал) .
Жарғылық капитал есебі. Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
а) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-иормативтік акті
талаптарына сай болуын;
ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал
етеді.
Жарғылық капиталдың есебі. Жарғылық капиталы - кәсіпорын капиталының жарғысымен айқындалған және негізінен акцияны сатудан (акционерлік қоғам) қалыптасатын немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың (шаруашылық серіктестіктердің және басқа да түрлерінің) салымдарынын есебінен түскен түсімдердің бастапқы сомасы. Жарғылық қорға бағытталған қаражаттар сомасы жаңадан құрылған кәсіпорынның қызметін қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, оған қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылығы бар акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.
Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау-лар», негізгі құралдар, жер иеленушілердің құқықтары т. б. активтер қабылданады.
Жарғылық қоры акциялардың сатылған атаулы (номинальды) құны бойынша бағаланады. Егерде сатылған акциялардың құны артса, онда олар жеке көрсетіледі де, және сол құндардың төмендеген (арзандаған) кезінде пайда болған айырманы жабу үшін пайдаланады. Бұл қаражаттардың «Косымша төленген капитал» шотында есептелінеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарғылық капиталының мөлшері шектеліп отырады, яғни жалған капиталдың көп болмағанын көздейді.
Жарғылық капиталдың абсолютті көлемі және оның баланс пассивінің жалпы жиынтығындағы үлесі-кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын баяндайтын көрсеткіш.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталының белгіленген тәртібі бойынша жүреді, ұлғайған немесе азайған жағдайларда, онда құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларды қарастырайық.
Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі акционерлер немесе катысушылар - жеке тұлғалар бойынша тізімдемеде (ведомоста) немесе машинограммада жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мына мәліметтердің негіздемесі (реестрі) бойынша жүреді:
- акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;
- артықшылығы бар акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;
- акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.
Көшірмеде: шығысқа жататын нөмірі, күні, тіркеушінің атауы және оның көрсетілуі керек. Көшірмеге лауазымды (басшы) адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырады.
Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің (бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға) операцияларды тіркеуі негізінде, тізімдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары (бұл құжаттардың ең негізгісі Жарғы болып табылады) болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар номиналдық тұрғыда растап, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
- толық серіктестік - жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісі белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
- коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері коммандиттік серіктестіктің жарғылық капиталдың 50% құрылуы мүмкін;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
- қосымша жауапкершілікті серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарымының жиынтық атауы (номиналдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акциоларға ашық жазылыс жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталдың ең аз деңгейдегі көлемі - бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 5 есе мөлшерін құрайды (13. 05. 03 ж №415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акционы шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болуы керек .
- еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі - жарғылық капитал акционерлік қоғамдардың бір-бірімен өзара қатысуымен қалыптасады;
- өндірістік капитал - жарғылық капитал кооперативтік мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады;
- мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді;
- коммерциялық емес ұйымдар - басқарушылық, әлеуметтік - мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландыратын ұйым.
Шаруашылық жүргізуші субъект жарғылық капиталға мүліктік және ақыл
- ой (интелектуально) қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырланған (консолидированная) қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес - егер дауыс беру құқығымен инвестрленген объектінің 50% акциясына көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz