Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Компьютерлік қылмыс, компьютерлік қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Компьютерлік технология құралдарын сот-сарапшылық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Компьютерлік технология құралдарына сот сараптамасын жүргізу үшін
материалдарды дайындаудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері ... ... ... ... ... ...7
2.1 Компьютерлік технологияның
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Компьютерлік технологияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Компьютерлік технология құралдарын сот-сарапшылық зерттеу көбінде
азаматтық істер бойынша, сондай-ақ азаматтардың конституциялық және өзге де
құқықтары мен бостандықтарына қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке
қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы кылмыстар жөніндегі
қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Компьютерлік технология құралдары сот сараптамасының тақырыбы:
компьютерлер мен шалғай құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері мен
техникалық күйін:
компьютер мен магниттік тасушының оперативті жадындағы ақпаратты;
компьютерлік программаларды өзгерту тәсілдерін анықтаумен байланысты іс
жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері:
- дербес компьютерлер (бұдан әрі қарай — ДК), олардың
жүйелік блоктары, тораптары, бөлшектері;
шалғай құрылғылар (дисплейлер, принтерлер, дискжетектер, модемдер,
пернетақталар, сканерлер, манипуляторлар), компьютерлер мен желілердің
қатынастық кұрылғылары;
ақпараттың магниттік тасушылары (дискілер, таспалар);
әр түрлі нысандар, типтер, түрлер, функционалды пайдалану мен орындалу
тәсілдерін программалық жасауы;
мәтіндік немесе цифрлік ақпараттың электронды тасушылары (пейджерлер,
электронды жазба кітапшалары, калькуляторлар);
файлдар басылмасы;
кұжаттар (ғылыми-техникалық өнімді сатып алу, кұру (беру) шарттары; ғылыми-
техникалық өнімді беру актілері; компьютерлерді сату алдындағы кезендер
құнының калькуляциясы; компьютерлік, есептеуіш техникаға арналған ілеспе
кұжаттар; анықтамалық деректер, пайдаланушының нұсқаулығы);
сараптаманың такырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Компьютерлік технология құралдары сот сараптамасының ғылыми-әдістемелік
негіздері компьютерлік құралдарды әзірлеу және пайдаланумен байланысты
технологиялық процестердің заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын
құрайды. Зерттеу әдістемесі криминалистік, техникалық, математикалық және
өзге де әдістерден тұрады.
1 Компьютерлік қылмыс, компьютерлік қауіпсіздік

зерттеу
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
Ұсынылған ДК-нің класы, типі, маркасы қандай?
Ұсынылған ДК-нің жиынтығы, оның белгілі бір класс, тип, маркі ДК
жинақтығына сәйкестілігі қандай?
Ұсынылған ДК-нің техникалық күйі, жарамдылығы, тозу дәрежесі, жөндеу
жүргізілуі, кұрылғылары мен жеке блоктарын рұқсатсыз ашу жағдайы қандай?
Ұсынылған ДК-нің колдағы шалғай құрылғылары жинағымен бірге функционалды
мүмкіндіктері қандай?
Берілген ДК-нің функционалды және техникалық мүмкіндіктері оған қосымша
берілетін техникалық кұжаттама мен жеткізілім шартында баяндалған шарттарға
сәйкес пе?
ДК қайта толыктыруға ұшыраған ба? Егер солай болса, қандай бөлшектері
жоқ?
ДК-нің істен шығуы мен сыртқы әсер етудің (желідегі кернеудің өсіп-кемуі,
электр қуатты шұғыл істен шығару, функционалды блоктардың корабына
механикалық әсер ету) арасында себептік байланыс қандай?
ДК-нің істен шығуы мен жүргізіліп жатқан құрастыру-монтаж жұмыстары
арасындағы себептік байланыс қандай?
ДК-дегі және дискеталардағы: базалық математикалық жасау (бұдан әрі қарай
— БМЖ); программалар, базалық деректерді басқару құралдары (бұдан әрі қарай
— БДБҚ), деректерді беру программасы (бұдан әрі қарай - ДБП), арифметикалық
есептеу әдістері (бұдан әрі қарай — АЕӘ) қандай күйде?
Дискілер мен дискеталардағы программалардың ұйымы және автор әзірлемешісі
кім?
Тапсырыс беруші-ұйымның қойған белгілі бір міндеттерін орындау үшін
дискілер мен дискеталардағы программаларды пайдалану мүмкін бе? Егер солай
болса, онда, қандай жүйесі, қандай мүмкіндігі бар және қандай машиналар
жарамды?
Тапсырыс беруші-ұйымның қойған немесе қолдағы, не болмаса тапсырыс берген
программалық жасауын әзірлеуге ДК-нің техникалық және функционалды
мүмкіндіктері сай келе ме?
Жеткізілім туралы шартта, қабылдау-өткізу актілерінде, жеткізілім
калькуляциясында, ДК-ні іске қосуға дайындықпен орнатуда жұмыстардың
ойластырылған атаулары не оларды әр түрлі терминдерді пайдаланумен
қосарлауы бар ма?
Ұсынылған ДК жинағы мен оның шалғай құрылғысын өзге құрал-жабдықпен
пайдалануға бола ма?
Нақты ДК-нің магниттік тасушысында қандай да бір ақпарат бар ма?
Нақты ДК-нің магниттік тасушысындағы акпараттың мағыналык мазмұны қандай?

материалдарды дайындаудың ерекшеліктері
Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) оны тағайындаудың накты
негіздсрі көрсетілген істің мән-жайы толығымен сипатталуы керек.
Материалдарды ұсынудың тәртібі сарапшының алдына қойылатын міндеттердің
мазмұны мен ерекшелігіне байланысты болады.
Егер, сарапшының алдына компьютерлік техника құралдарының класын, типін,
маркісін; олардың жинағының болу-болмауын; осы жинаққа белгілі бір модельді
компьютерлік техниканың сәйкестілігін; ұсынылған құралдардың функционалды
мүмкіндіктері мен техникалық күйін, олардың жарамдылығын; жөндеу,
құрылғылар мен жеке блоктарды рұқсатсыз ашу фактісін; жеке тораптар,
бөлшектер мен блоктардың тозу пайызын, олардың техникалық және функционалды
параметрлерінің оларға қоса берілетін техникалық құжаттамасы мен жеткізілім
шартында көрсетілген шарттарға сәйкестілігін анықтау жөнінде сұрақтар
қойылған жағдайда, зерттеуге: негізгі блоктары, тораптары, бөлшектері,
сондай-ақ оларға қоса берілетін жинақ бөлшектері бар ДК; әр түрлі тип, түр
және мақсаттағы шалғай құрылғылар; калькуляторлар, электронды жазба
кітапшалары; құжаттар (ғылыми-техникалық өнімді құру (беру) шарттары;
ғылыми-техникалық өнімді қабылдау-өткізу актілері; компьютерлерді сату
алдындағы кезендер құнының калькуляциясы) ұсынылады.
ДК-нің істен шығуы және дайындау-монтаж жұмыстарымен (рұқсатпен,
рұқсатсыз) жүргізілетін сыртқы әрекеттердің (желідегі кернеудің өсіп-кемуі,
электрқуатты шұғыл істен шығару, функционалды блоктардың қорабына
механикалық әсер ету) арасындағы себептік байланысты анықтау үшін, жоғарыда
аталған объектілермен бірге:
➢ болған сыртқы әсердің (өзге аспаптардың, аппараттардың
жалпы желісіне қосу нәтижесінде кернеудің өсіп-кемуі; желідегі
апат; электрқуатты шұғыл ажырату; тасымалдау шарттарын
сақтамау) сипаты, ұзақтығы мен жағдайлары туралы ақпарат;
➢ жүргізілетін дайындау-монтаж жұмыстарының сипаты
туралы мәліметтер (компьютерді жөндеу, блоктарды өз бетінше ашу);
➢ ДК блоктары мен тораптарын тексеру кезінде алынған
нәтижелер туралы мәліметтер, ДК-нің істен шығуы себептері
ұсынылуы керек.
Сарапшының алдына базалық математикалық, программалық жасаудың типін,
түрін; программаларды әзірлеуші-авторды; тапсырыс беруші-ұйымның қойған
белгілі бір міндеттерін орындау үшін дискілер мен дискеталардағы
программаларды пайдалану мүмкіндіктерін анықтауы жөнінде сұрақтар қойылған
кезде, зерттеуге: оған қатысты сұрақ қойылған программалық сүйемелдеуі бар
ДК; ақпараттың жеке магниттік тасушылары (винчестерлер, дискеттер);
функционалды жасау мен орындау тәсілдерінін әр түрлі нысандары, типтері,
түрлері; құжаттар (ғылыми-техникалық өнімді кұру (беру) шарттары; ғылыми-
техникалық өнімді қабылдау-өткізу актілері; компьютерлерді сату алдындағы
кезендер құнының калькуляциясы) ұсынылады.
Компьютерді пайдаланумен жүргізілген БМЖ, БДБК, ДБП және АЕӘ-ні әзірлеу
мен енгізу, программалық құралдарды бейімдеу, вируспен зақымдануды жою,
компьютерді жинақтау мен орнату, АЕӘ-ні жөндеу және оларды БМЖ тестілеу,
сондай-ақ компьютер мен оның шалғай құрылғыларын өзге құрал-жабдықтармен
пайдалану мүмкіндіктерін бағалау жөніндегі жұмыстардың мазмұны мен көлемін
бағалау туралы сұрақтар қойылған жағдайда, зерттеуге: программалық жасау
сүйемелдеуі бар ДК; құжаттар (ғылыми-техникалык өнімді кұру (беру) шарт-
тары; ғылыми-техникалық өнімді кабылдау-өткізу актілері; компьютерлерді
сату алдындағы кезендер құнынын калькуляциясы) ұсынылады.
Компьютерде немесе магниттік тасу шыда қандай да бір ақпараттың болуы
және оның мазмұны туралы сұрақ қойылған кезде, онда компьютерлер
(пейджерлер, электронды жазба кітапшалары) немесе оларға қатысты сұрақ
қойылған ақпараттың магниттік тасушылары ұсынылады.
Қаулыда (ұйғарымда) ақпаратты қайта шығарудың ерекше режимін (белгілі бір
типті ДК; парольдің болуы) сақтау қажеттілігі туралы мәліметтер көрсетілуі
керек.
Зерттеуге компьютерлік техника - ДК, оған қоса берілетін жинақ
бөлшектері, шалғай құрылғылар, калькуляторлар, электронды жазба
кітапшалары, сондай-ақ программалық жасау құралдары ұсынылған жағдайда,
мына төмендегі шарттарды сақтау қажет:
✓ аталған техникалық құралдармен жасалатын барлық айлашарғыларды
болдырмау;
✓ ақпараттың магниттік тасушыларын ілеспе жазбаларымен
бірге бөлек пакеттерге буып-түю. Дискеттерге механикалық
әсер ету болмайтын тәсілмен буып-түйілу керек. Сондай-ақ
ақпараттың магниттік көздерін магнитсізденуден қорғау шаралары талап
етіледі, соған байланысты дискеттерді электро
магниттік сәуле көздерінен алыста сақтау керек;
✓ дискетке қатысты қандай да бір механикалық әсер етуді,
сонымен бірге оларға қандай да бір таңбалар салуды болдырмау;
✓ дискеттерді магнитсізденуден, сонымен бірге ондағы ақпаратты жоюдан
қорғайтын шаралар жасау;
✓ дискеттерді механикалық және өзге де зақымдардан қорғайтын орамада
поштамен жіберу.
Компьютерлік технология құралдарына зерттеу жүргізетін сот сараптамасын
тағайындау үшін материалдарды дайындаудың күрделілігін ескере отырын, көмек
көрсету үшін маманды жұмысқа тарту ұсынылады.
2 Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
2.1 Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында
техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті
сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет,
компьютерлік желі, Электрондық телекоммуникация, Электрондық оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына,
танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына
енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік
технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде паидалану оқытудың педагогикалық
технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік
технологиясының туындауына себеп болады.
Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік
технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық,
педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының
кешенін айтады.
Кез-келген педагогикалық технология- ақпараттық технология болып
табылады. Оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа
ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық
технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған
техника, мұғалім мен оқушының еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі
мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының
белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтың
еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа
телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік
технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде
компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта
қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік
технологияны пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға
бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту
құралдары (компьютер, телекоммуникациялық білім құралдары, қажетті
интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту
формаларын жетілдіруге мүмкіншілік береді, оған қоса оқушының өзіндік
жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмыстың
маңызы өте зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен
орталарды кең қолдану кезінде оқытудың оқыту мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ
білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан
мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту
тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру
мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:
оқушының өзіндік жұмысын арттыру;
ақпартаттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін
қалыптастыру;
ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-
тәсілдеріне оқушыларды үйрету;
олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.
Бабанский Ю.К. - дің айтуынша оқыту үрдісіне компьютерді енгізу
оқушының оқу танымдық белсенділігіне басшылық жасауда, оны
интенсивтендіруде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді [5].
Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін
қолданудың дұрыс бағытының бірі- компьютерлік моделдеу, имитация және
виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен обьектілерді өз
командасына берген бағасын көре алады. Бұл тұрғыда алғанда шешімнің
дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз
жақтарын, жіберілген қателерді де оқушыға көрсетіп отыратын интеллектуалды
танымдық жүйелерде қолданылады.
Оқыту мотивациясы мен оқушының жұмыс істеу мүмкіншілігін арттыру үшін
де компьютерлік оқу ойындарының алар орны ерекше. Өйткені жоғарыда айтылып
өткендей сабаққа компьютерлік технологияны пайдалану танымдық ойындар оқу
мотивациясын қалыптастырудың өз алдына жеке әдістері ретінде көрсетілсе,
компьютерлік имитациялық модельдеуде бұл екі әдіс бірігіп, қойылған
мақсатты шешуге зор ықпалын тигізеді.
Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация әр деңгейдегі оқу
ақпаратын алу және білім беруде түрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде
тиімді түрде жүзеге асырады.
Ақпараттық оқу ортасының белгіленуі жеке тұлғаның шығармашылық
қызметке деген қабылеті мен потенциалдық мүмкіндіктерінің ашылуы және
дамуы, білімді өз бетінше сапалы түрде игеру, оқу нәтижесін өңдеу үрдісін,
оқудағы жетістіктерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Адамның компьютер көмегімен атқаратын оқу іс-әрекеті өте күрделі және
алуан түрлі. Оларды төменде атай отырып, біз бұл іс-әрекеттің негізінде
оқушыларда шығармашылық ойлау пайда болатынына көз жеткіземіз:
аталған қатынастарды модельдеу;
қатынас модельін оның жалпы белгілерін игеру мақсатында қайта қарау;
жалпы әдіс негізінде нақты практикалы міндеттерді бөліп алып, шешу;
алдыңғы іс-әрекеттің орындалуын бақылау;
берілген міндетті шешудің жалпы тәсілін игеру бағасы. Компьютерлік
технологияны қолдану арқылы бағдарламалық оқыту
тәрбиесі қазіргі кезеңге дейін ғылыми-практикалық мәнге ие оқытудың
компьютерлік технологиясын құру стратегиясы ең тиімді әдіс болып табылады.
2.2 Компьютерлік технологияның түрлері
Көрнекі құралдардың қазіргі заман талабына сай түрлерінен саналатын
мультимедиялық энциклопедия, қашықтықтан оқыту, Электрондық оқулықтар мен
түрлі дыбыстық таспа материалдары, бүгінгі таңда оқушының қай мәнді
болмасын тез әрі терең шығармашылықпен игеруіне мейлінше қолайлы жағдай
тудырып отыр.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінің дүниежүзілік дамуына көз салсақ,
оның бірнеше үлгі аларлық алдыңғы қатарлы бағыттары көзге түседі. Тиімді де
ұтымды деп танылған осы бағыттардың ішіндегі қашықтықтан білім беру жүйесін
ерекше атауға болады. Жалпы қоғамға ашық түрде үздіксіз білім беру
тәсілімен көзге түсетін қашықтықтан оқып үйрену жүйесі осы күнгі ең
болашағы бар оқу түрі болып саналады. Қашықтықтан оқыту 1970 жылдары бастау
алған үрдіс. Жаңа компьютер л ік технологияның дидактикалық мүмкіндіктері
(дыбысты қосу, өшіру, жауапты дискіге микрафон арқылы жазу, эталонмен
салыстыру, мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыту, CD-ROM негізінде
мультимедиялық құралдар арқылы мәтінді, дыбысты, графиканы, мультипликация
мен бейнені біріктіру және т.б) мәдениетаралық қатынастардың тиімділігін
анағұрлым арттырары хақ.
Қашықтықтан оқыту оқушылардың оқыту ісіне шығармашылық тұғырының
қалыптасуына, білім-білігін үнемі жетілдіріп, талмай ізденуіне үлкен
қозғаушы күш болып табылады. Себебі, web-сайт арқылы оқытушы дүниежүзілік
әдістемелік жүйелерімен танысады, тағы сол сияқты көптеген мүмкіндіктер
ашылады, оқытушы шығармашылық әлеуметін таниды, жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту білім орталығынан қашық тұратын оқушының оқу-
танымдық іс-әрекетінің мақсаты және әдістемелік ұйымдастырылған техникасы.
Қашықтықтан оқыту ең аз міндеті сабақтарда мұғалім мен оқушының
педагогикалық қарым-қатынасының құралдары мен әдістері көмегімен жүзеге
асырылады. Қашықтықтан оқытуда әр түрлі субьектілер қатысады: қашықтықтан
оқытушы педагог, негізгі педагог техникалық нұсқау беруші, қашықтықтан
оқытудың үйлестірушісі немесе басқарушысы, жергілікті үйлестіруші, оқу
материалдарының авторы- әзірлеушілері. Аталған қызметтік рөлдерді бір ғана
мамандар қатарынан атқара алады, мысалы қашықтықтан оқытушы педагог бір
мезгілде курстың әзірлеушісі де бола алады, ол жергілікті үйлестіруші
оқушының өзі де бола алады.
Қашықтықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияны
пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысыңнан немесе оқудан қол үзбей,
білімінді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағнаны білдіреді.
Қашықтықтан оқыту арқылы мынандай әлеуметтік маңызды функциялар іске
асады:
қоғамның білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;
мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қамтамасыз ету;
жоғарғы мектепте жинақталған білімдерді сақтау және кеңейту;
ТМД территориясында біркелкі білім кеңістігін сақтау және дамыту.
Жаңа ақпарат базасында қашықтықтан оқытудың әртүрлі әдістері
қолданылады: интерактивті телевидение, телекоммуникация, CD-ROM техникасы,
оқу радиосы.
Ғалымдардың пікірінше, оқытудың бағдарламасында компьютерлік графиканы
қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Қазіргі кезде жоғары оқу-орындарында ақпараттық-коммуникациялық
технология қашықтан оқыту жүйесінде де, дәстүрлі университеттерде де
кеңінен қолданылады. Осыған байланысты дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытудың
арасындағы шекараны жою, яғни оқытуға бүтіндей әдістің қажет екендігін
болжайды. Электрондық оқыту термині білім беруде ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдану аумағында бірқатар терминологиялық
ұғымдарды жалпылау болып табылады.
Электрондық оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың
әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Сымсыз интерфейспен, портативтік құрылғылардың көмегімен оқытудың
өзіндік ерекше сипаттамалары бар. Кез-келген қолайлы жерде кез-келген
уақытта оқыту ыңғайлы қағидасымен қатар ұялы оқытуда бірқатар шектеулер
қойылатыны белгілі. Оған мысал ретінде графиканың дұрыс берілмеуін,
коммуникацияның тұрақты жұмыс істемеуін айтуға болады. Сондықтан оқытуды
басқарудың бағдарламалық құралдары оқытатын ресурспен байланысты
қадағаланып отыруы және оқытатын ресурсқа кіруге мүмкіндік болмаған
жағдайда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі керек. Сонымен қатар
кішкентай экранная ақпаратты алудың ыңғайлылығы да ескерілуі тиіс.
Жинақталған тәжірибелер мен әдістемелер өз кезегінде педагогиканың
жаңа бағыттарының бірін қалыптастыратын мәселелерді жүйелеуді талап етеді.
Соловьев А.Н._оқу үрдісін дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытуды
ұйымдастыруды өзара кіріктіру Электрондық оқыту терминіне сай келетінін
айтады. Мәселен, Европада, АҚШ-та және Ресейде ұялы оқыту жайлы көптеген
жобалар бар. Бұл ұялы оқыту (m- Leaning) Электрондық оқытудың әлеуетін
толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқытуды ғылыми-әдістемелік негіздеу ұялы оқытудың да
аспектілерін қамтуы керек. Сондықтан, Электрондық оқыту ұғымы ұялы
оқытуға қарағанда кеңірек. Демек, Электрондық оқыту қағидалары ұлы оқыту
шеңберінде де қолданылуы шарт.
Электрондық оқытуды жасау мен енгізу үшін оқытуды басқару, ақпаратты
алмастыру және контент-оқу порталын басқару жүйелерінен тұратын ақпараттық
жүйені жобалау қажет.
Электрондық оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға
болады.
Ақпараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және интернет.
Электрондық оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық-коммуникациялық
технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді
пайдалану болып табылады.
Дидактикалық тұрғыда электрондық оқытудың төмендегідей маңызды
мәселелері анықталады.
Білім беру үрдісінің субъектілері арасында толыққанды
ақпараттық өзара әрекетті ұйымдастыру;
Электрондық оқытуда ақпараттық-коммуникациялық мәндік ортаның
ерекшеліктерін анықтау;
Электрондық оқыту үрдісінің субъектісінің оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз
ету.
Оқытудың кез-келген технологиясы өзгерістерге сай студенттер мен
оқытушылардың жалпы өмір практикасының талаптарына орай ыңғайланып отырады.
Мәселен, 70-ші жылдары ақпараттың қағаз (кітаптар) және пленка
(диапозитивтер, киноматериалдар) сияқты тасымалдаушыларына негізделген
ақпараттық технологиялар ұғымы пайда болса, кейінгі жылдары ақпараттық
технологиялар дамуында компьютерлер, аудио-бейнетехника және коммуникация
жүйелерінің әртүрлі электрондық құралдары ерекше орын алды. Оқытудың жаңа
ақпараттық технологиялары ұғымы дәл осы құралдарға байланысты анықталды.
Қазақстанда қашықтықтан оқыту Республикалық ғылыми-әдістемелік білімді
ақпараттандыру орталығы (РБАО) жасаған электрондық оқулықтарды және оқу
бейнефильмдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқу электрондық оқу
залында-мектеп жанындағы теледидарлық-техникалық орталықта өткізіледі.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде Электрондық
оқулықтардың ерекшелігі- үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі,
оқуға, үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық оқулықтар оқу
және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын
қажетті құрал болып есептеледі. Электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға
пайдалануға болады:
1. Электрондық анықтама ретінде;
2. Электрондық есеп ретінде;
3. иллюстративтік материал ретінде;
оқулық ретінде.
Электрондық оқулық-ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық
оқулықтардың жасалуы, модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып
есептеледі. Оқулықтар мемелекеттік оқу бағдарламсына сәйкес жасалады. Оған
әрбір мәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдар^мен педагог-дидакттар,
әдіскерлер, программист-дизайнерлер, оператролар қатысады.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
оқу
оқыту
бақылау және тексеру.
Электрондық оқулықтарды біз оқу үрдісін автоматтандыру тұрғысынан алып
қарап, оның мынадай құрамдарын көрсеттік: ырғақты-мақсатты (модульдер
арқылы жүзеге асырылады), мазмұнды (гипермәтін), жедел-қызметті
(интерактивтік тапсырмалар), бағалы-қорытынды-нәтижелер (тестер).
Электрондық оқулықтар студенттердің өз бетінше жұмысын және олардың
жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім
алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің- алға қойған
мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды,
студенттерге үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық
білім беру -танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді
автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап береді. Тест - қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде даярланады. Электрондық оқулықтар әртүрлі ақпарат
жиынтығын, студенттерге білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы
толық мәлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі
ақпарттық жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығынан - модульден тұрады, ол
студенттің толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Модуль тиянақты білім жүйесі, оқу үрдісінде ырғақты-мақсатты бөлігін
қамтамасыз етеді. Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға педагогикалық
жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен
практикасын өзара байланыстыруға, оны технологиялық деңгейге дейін жағдай
жасайды. Модульдер электрондық оқулықтардың ғылыми білім жүйесін, өзара
байланыс қызметінің жиынтығын аша түсетін мазмұнды дидактикалық бірлік
болып табылады.
Модульдік оқу жүйесінің тиімділігі және оның нәтижесі, көбінесе
қолданылатын материалдың сапасына байланысты. Сондықтан модульдік оқудың ең
басты міндеті, модульдік негізде сапалы модульдік түрлендіру жүйесін ұдайы
жасап отыру. Модульдің тағы бір ерекшелігі - пән аралық байланысты ұдайы
жетілдіріп отыру, педагогика курсының мазмұнын түрлендіріп отыру және
белгілі модульдық жүйені жасау болып табылады.
Оқу үрдісін ақпараттық техникамен қамтамасыз ету жағдайларның өзгеруі-
оқулықтар дамуының жаңа кезеңі электрондық оқулықтың пайда болуына әсер
етті. Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат тасқынын реттеп,
пайдалануға үйрену керек, әрбір құбылысқа шығармашылықпен қарап, өз бетінше
ақпараттардың ең тиімділігін, мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет,
сонымен бірге біз болашақ мұғалімдердің өз қабілетін үздіксіз арттыруына,
шығармашылықпен ойлай білуіне жағдай жасауымыз керек. Ал бұл мақсаттарға
жетуге оқу үрдісінде Электрондық оқулықтарды пайдаланудың маңызы өте зор.
Сондай оқулықтардың бірі-_шетел тілдері мамандығы студенттеріне
арналған Ағылшын тілі сабағы Электрондық курсы (1 сурет).
1 сурет - Ағылшын тілі сабағы Электрондық оқулығы.
Ағылшын тілі сабағы Электрондық оқулығының бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғары оқу орындарына
арналған типтік бағдарлама негізінде жасалған. Бұл Электрондық оқулық
коммуникативтік-практикалық мақсатты көздейді және болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлау, студенттердің сөйлеу
мәдениеттерін жетілдіру, өзара коммуникативтік қарым-қатынасты жандандыру,
интеллектуалдық біліктілікті басшылыққа алады.
Бұл электрондық оқулықта студенттердің өз білімдерін толықтыруларына
және өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған қосымша теориялық материалдар,
сонымен бірге әртүрлі тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz