СЫНЫПТАРДА МАЗМҰНДАМА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. 5-8 СЫНЫПТАРДЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН МАЗМҰНДАМА ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.2. 5-8 СЫНЫПТАРДА МАЗМҰНДАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.3. 5-8 СЫНЫПТАРДА МАЗМҰНДАМА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. 5-8 сыныптарда жүргізілетін мазмұндама жұмыстары, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. 5-8 сыныптарда мазмұндама жұмыстарын ұйымдастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. 5-8 сыныптардағы мазмұндама жұмыстарының ерекшеліктері ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27
Мазмұндама жұмыстарының тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мазмұндама – оқушының мемлекеттік тілден алған
білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі.Мазмұндама арқылы оқушының өз
ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын
көрінеді. Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен
қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей ортақ түсінікті тіл. Әдеби
тіл дегеніміз жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік
тармақтары бар қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Яғни әдеби тіл қоғамның
барлық саласында қолданылатын нормаланған тіл.
Мектепте әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап сынып
жоғарылаған сайын күрделене береді. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын
жазбаша жан-жақты бере білуге дағдыландыру әдебиет сабақтарында жүзеге
асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әртүрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс
түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Мәсмелен, төменгі сыныптарда шағын,
жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда
көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл
ұстарту оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып көркем айқын, нақты
сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту,
мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, мәнерлеп оқыту,
мазмұндату, көркемдік ерекшеліктерін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі
көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап жай және күрделі
жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.
Тіл қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгеріс-
құбылыстар белгілі мөлшерде тілге де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін
қалдырады. Тіл негізінен алғанда, өзінің обьективтік заңы бойынша дамиды,
бірақ та оның дамуы қоғамның дамуымен, өзін қолданушы қауымның өмірімен
тығыз байланысты, көптеген жағдайда соған тәуелді болады.
Тілдің құрылымдық және функциялық жағы болады. Бұл екеуі өзара
байланысты, бірақ та бір емес. тіл жалпы халықтық дегенде оның құрылымының
жалпы халықтылығы ескеріледі, бұл жағынан әр халық, әр ұлт тілі
жарықшақсыз бір бүтін.
Ал қызметі жағынан алғанда тілде жарықшақ, өзгешелік кездесе береді.
Істейтін кәсіптеріне, мамандықтарына, білім дәрежесіне, жас мөлшеріне,
жыныстарына қарай әртүрлі әлеуметтік топтардың өз сөйлеу мәнері, өзіндік
лексиондары болатындығы даусыз. бір кездерде тіл таптық құбылыс деушілер
тілдің осы ерекшеліктеріне сүйенеді, сөйтіп олар тілдің қызметтік жағын
оның құрылымдық жағымен шатастырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиет пәніндегі мазмұндама жұмыстарының
сипатын аша отырып, 5-8 сыныптардағы мазмұндама жұмыстарының ерекшеліктерін
көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- мазмұндама түрлері мен оның ерекшеліктерін көрсету;
- мазмұндама жұмыстарының ерекшеліктерін айқындау;

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 5-8 сыныптарда жүргізілетін мазмұндама жұмыстары, оның түрлері
Жазба жұмыстарының бұл түрі IV-VII сыныптардың бәрінде де
жүргізіледі. Айырмашылық тек әр сыныпқа мазмұндама жаздыруға алынатын
текстің көлемі мен түр ерекшеліктернде, яғни ауыры мен жеңілдігіне
байланысты. Осыған орай сынып жоғарылаған сайын, мазмұндама жұмыстары да
бірден-бірге түрленіп күрделеніп отырады. Қай сыныпта болмасын текстке
қойылатын жалпы ортақ талап мазмұндама жаздыру үшін алынған текстің
оқушылар үшін білімділік, тәрбиелік мәнінің болуы. Текстің ішінде
оқушылардың ұғымдарына ауыр тиетін, қиындық келтіретін түсініксіз сөздер
мен ұғымдар, фразалар, сөз тіркестері тағы басқалардың болмау жағы
ескеріледі. Мазмұндама жаздыруға сюжеті бар тек қана прозалық текст
алынады. Мұндай текст бас-аяғы біткен, жоспары айқын, әңгіме немесе көркем
шығарманың бір көрініс эпизоды болуы керек. Әр сыныпта мазмұндама үшін
алынатын текст өзінің түрі мен ерекшеліктеріне байланысты жеңілден ауырға
қарай бірте-бірте күрделене түсіп отырады. Мысалы, IV-VII сыныптарға
баяндау түріндегі текст, VI сыныпқа баяндаумен қатар ішінде суреттеу
(пейзаж, мінездеу) элементі бар текст, VII сыныптарға бұлардың ішінде
диалог, пікірлеу (байфптау) элементтері бар текст алынады. Ал мазмұндамаға
арналған текстің көлемі Қазақ ССР Оқу Министрлігінің 1965 жылғы
методикалық нұсқау хатында әр сыныпта мынадай мөлшерде белгіленген: ІV
сынып үшін 200-250 сөзге, V-VІ сынып үшін 300-350 сөздер, VІІ сынып үшін
400-450 сөзге дейін, V-VІ сынып үшін 500-550 сөзге дейін алынады. Әрине,
бұл көлем алынатын текстің ыңғайына қарай бірде бұл мөлшерге сәл
жетіңкіремей қалуы да, бірде одан артып кетуі де ықтимал. Бұл ретте
оқушылардың мазмұндама жазып үйрену жөніндегі шеберліктері мен дағдылары да
ескеріледі. Сондықтан жоғарыда көрсетілген текст көлемдерін бағдарлы мөлшер
деп те қарау керек. Мазмұндама жаздыруға керекті текстерді мұғалім арнаулы
мазмұндама жинағынан таңдап алады. Жинақта мұндай текстер әр сынып бойынша
жекелеп беріледі. Кейде мұндай текстерді мұғалімнің басқа да көркем
шығармалардан алуға қақысы бар. Егер де текстерді әдебиттік оқу
кітаптарынан алуға тура келсе, ондай ретте оқушылардың өтпеген
шығармаларынан алынады. Өйткені, өтілген шығарманың тексті бойынша
жаздырылған мазмұндама оқушылардың білімі, шеберлігі, дағдысын дұрыс айырып
білуге нұқсан келтіреді. Осының салдарынан оларыдң мазмұндамасының сапасына
қойылатын бағаларда дұрыс болмай шығады. Оқу жылы бойында оқушыларға әр
сыныпта неше рет мазмұндама жаздырылады? Бұл сұраққа дәл есебін айтып жауап
беру үстірттік болар еді. Өйткені мазмұндаманың санын жөнінен аз немесе көп
жазылуы оқушылардың бұл жөніндегі бұрынды-соңды алған дағдысына, жаттығу
дәрежесіне байланысты. Әдебиет оқытушыларының жұмыс тәжірибелеріне
қарағанда, әр тоқсанда сынып бойынша екі рет мазмұндама жаздырылып жүр.
Мұның алғашқысы (әсіресе бірінші тоқсанда) оқушылардың берілген тексті
мазмұндап жазу, сауатты жазу тағы басқа жөнінен қаншалықты білім дағдысы
барлығын анықтау, айқындау мақсатын көздейді. Әдетте оқушылардың мұндай
мазмұндамадан алған бағаларын сынып журналына түсірмей-ақ, арнаулы дәптерге
жазып, білімдерін есепке алып отырады. Ал екіншісі бақылау түріндегі
мазмұндама. Оқушылардың мұндай мазмұндамадан алған бағалары сынып журналына
жазылады, себебі әрбір оқушының әдебиеттен алған біліміне, шеберлігі мен
дағдысына қойылатын тоқсандық қорытынды баға осылардың жиынтығынан келіп
шығады. Егерде оқушылардың мазмұндама жазу жөніндегі шеберлігі, дағдысы
нашар болса, оларды үйрету, жаттықтыру мақсатымен бұдан да жиірек жүргізуге
болады. Әр сыныпта мазмұндама жаздыру алдындағы әзірлік жұмыстары, оны
жаздыру жолдары, тексеру мен талдау түрлері негізінен төмендегідей болмақ.
Оқытушы әрбір сыныпта мазмұндама жұмыстарын өзінің күнтізбелік
жоспарда белгіленген мерзімінде жүргізіп отырады. Мерзім тақалып келгенде
келесі сабақта мазмұндама жаздырылатыны, қалам, сия дәптер тағы да
басқаларды ұмытпай ала келулері ескертіледі. Айталық, мазмұндама жаздыру
сабағы басталды. Сыныпты жұмысқа ұйымдастырғаннан кейін тақтаға айы, күні
мазмұндама жаздыратын текстің аты, жақшаның ішіне авторы жазылады. Егерде
алынған текст үзінді болса, ол уақытта жазушының қандай шығармасынан
алынғандығы қоса көрсетіледі. Кейде кейбір тексті сыныпына қарай икемдеу
мақсатымен оған әртүрлі өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Ондай ретте алынған
шығарманың атынан кейін бойынша деген сөзді қоса жазу қажет. Мазмұндама
жаздырылатын текспен істелетін жұмыстың варианттары оқытушылар
тәжірибесінде алуан түрлі. Бірде:
1) Оқытушы текстің қандай тақырыпқа жазылғанын, идеялық мазмұны
не екенін, тәлім-тәрбиелік маңызы неде екенін айтып қысқаша
түсіндіріп береді. Қажетті жағдайда бірлі-жарым түсініксіз
сөздер мен ұғымдар да түсіндіріле кетеді.
2) Текст мәнерлеп оқылады (оқытушы оқиды).
3) Оқушылардың біреуіне ауызша мазмұндатылады.
4) Тексті мұғалім екінші рет мәнерлеп оқиды.
5) Оқушыларға мазмұндаманы жазуға кірісу керек екендігі
ескертіледі, олар жаза бастайды.
Оқушылар жазу жұмыстарын орындау кезінде оларға оқытушы үнемі басшылық
етіп отырады. Енді бірде жоғарыдағы жұмыс түрлерінің кейбіреулері болмауы
да мүмкін, мысалы 1 пункт, кейде 4 пункт, кейде 1-4 пунктердің екеуі де жоқ
болуы да ықтимал. Осымен байланысты айта кететін мәселе мазмұндама жоспар
бойынша жазылама әлде жоспар жасалмай-ақ жаздыруға болама? Әдебиетті оқыту
тәжірибесінде мұның екеуі де аралас болып жүр. Мазмұндама жаздырып
үйретудің, төселдірудің алғашқы сатысында, текстің жоспарын жасап барып
жаздырған мақұл. Оқушылар әбден төселіп, дағдыланып жаттықты-ау деген кезде
жоспар тізбей де жаздырып байқауға, машықтандыруға болады. мазмұндама
жаздыруға кейде бір, кейде екі сағатта беріліп жүр. Дұрысы екі сағат.
Өйткені оқушылар бір сағатта жазып үлгере алмайды. Бұл айтылғандардың бәрі
оқытушының билігіндегі нәрсе. Өйткені оқушыларының құрамы, білімі жөнінен
қандай екені сол сыныпта, сабақ беріп жүрген әдебиет мұғалімдеріне ғана
айқын.
Мазмұндама тексімен істелетін жұмыстардың бұлай құбылулары бір жағынан
текстің ауыры мен жеңілдігіне, екіншіден сынып оқушыларының әдеби білімі
мен дағдыларына, дайындығына байланысты. Әрбір оқушының жазба жұмыстары
(мазмұндамасы) бастан-аяқ қадағалап мұқият қаралады. Мазмұндамалардың қай-
қайсысында болсын оқушылардың текст мазмұнын қаншалықты дұрыс ұғынып, дұрыс
бере алғандығы мен оның идеясын қаншалқты түсіну дәрежесі есепке алына
отырып логикалық композициялық стильдік, орфографиялық, пунктуациялық,
орфоэпиялық, техникалық тағы да басқа жақтарынан талданып бағаланады.
Текстегі оқиға желісінің жүйелілігі мен байланыстарының қаншалқты сақталып
жазылу жағы мазмұндаудың логикалық жақтарына жатады. Ал текстің сюжеттік-
композициялық жоспарында қамтылатын жеке көркемдік элементтердің өзара
бірімен-бірінің байланысып қиысуын қаншақты сақтап жазғандығы мазмұндаманың
композициялық жағына жатады. Стильдік жағынан оқушының сөз қолдану, сөйлем
қолдануының орындылығы деген сияқты мәселелер қаралады.
Мазмұндаманың сауатты жазылуы жөнінде онда жіберілген орфографиялық
және пунктуациялық қателердің саны мен сипаты еске салынады. Ауызша тіл мен
жазбаша тілде кейбір сөздердің жазылуы мен айтылуы бір бола бермейді.
Мазмұндау тексінде осы айырмашылық пен ерекшелік дұрыс ескеріліп әдеби
тілдің жазылу нормасына сәйкестік мәселесі орфоэпиялық жағына жатады.
Мысалы, азатты жолдың дұрыс қолданылуы, жазылу көркі (каллиграфия), жиек
қолданып жазу тағы басқалар. Мазмұндама жазылып жүрген дәптердің және
орындалған жұмыстың тазалығы мен ұқыптылығы да ескеріледі. Мазмұндама осы
ретпен қаралып болғаннан кейін оқушылардың жіберген кемшіліктері мен
қателері саны мен сипаты жағынан тексеріліп, талданып түр-түрге жүйеленіп
жіктеледі. Сонан соң оқушылардың мазмұндама жазу жөніндегі білімдерін,
шеберлігі мен дағдысын есепке алып отыратын арнаулы дәптерге жазылады,
бекітілген нормаға сәйкес әрбір оқушының мазмұндамасына баға қойылады.
Кейін оқытушы арнаулы сабақта оқушылардың мазмұндамасына тиісті талдау
жасап, жетістік-кемшілігін көсретіп, келешекте бұларды қайталамау туралы
ақыл-кеңес нұсқау беріп, жазба жұмыстарын өздерін қайтарып береді.
Мазмұндама-оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін
тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын
жүйелі ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық
деңгейі айқын көрінеді.
Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады: 5-сынып-100-
150 сөз; 7-сынып-200-250 сөз; 8-сынып-250-300 сөз; 9-сынып-300-350 сөз; 10-
сынып-350-400 сөз; 11-сынып-400-450 сөз.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен
негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптық толық ашылуы, баяндайу жүйесі
ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлеу құрылысына, мәтіннің стильдік
біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Жоспар құру-оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін
танытатын жұмыс. Сондықтан бұл жинақта мазмұндамалардың үлгі-жоспарлары
берілмейді.
Емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті
деп саналады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны
мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, алекіншісі грамматикалық
сауаттылығы үшін қойылады.
Мазмұндама - оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін
өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркінұштастыра отырып баяндайтын
шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі,
көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі
баяндауы талап етіледі. Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар,
эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес) кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі
сияқты мәселелерден тұрады.
Бітіру емтиханында еркін тақырыпқа жазылатын шығармаларды
ғана өлеңмен жазуға болады. Өйткені еркін тақырып оқушыдан ерекше қабілет-
дарынды, терең білімді, көркем әдебиетті көп оқуды талап етеді. Ерікті
тақырыпқа жазылған шығарманы бағалау-оқушымен қатар мұғалімге де үлкен сын.
Өлеңмен жазылған шығармаға өте жоғары талап қойылады. Өлең-сөздің патшасы
болғандықтан, оның бағасын төмендетпей, өлең құрылысына қойылатын
талаптарды (буын, бунақ саны, тармақ, шумақ өлшемі, ұйқас түрі, тегі т.б.)
ескеру керек. Өлеңмен жазылғанның бәрін бірдей жоғары бағалау оқушыларды
әдеби талғамсыздыққа, өресіздікке тәрбиелейді, өлеңнің қадірін қашырады.
Емтихан жыр мүшәйрасы емес екендігін мұғалім дұрыс түсінуі керек.
Бағдарламалық материал бойынша алған шығарманы өлеңмен жазуға болмайды.
Кіріспе мен қорытынды бөлімде оқушы орнын тауып бір-екі шумақ өз өлеңін
кіргізуіне болады. Жалпы емтихандық шығарма оқушының орта мектеп курсы
бойынша әдебиеттен алған теориялық білімін, дағдыбіліктілігін тексеру
болғандықтан, тақырып жан-жақты, шығарма талаптарына сай терең талдануы
қажет. Сондықтан ол қара сөбен жазылады.
Мазмұндама жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей)
толық аша білуі.
2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға
талпыну.
3. Арттық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу.
4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да
түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза
баяндауы.
5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы
шебер байланысуы.
6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың
¼ бөлігіндей болуы қажет.
7. Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-
ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың
бағасы кемітілуі мүмкін.
8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
9. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма кейіпкерлерін
салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз екелтіруі, ауыз әдебиеті
үлгілерінен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен өте шағын
үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, оның терең білімін
танытады.
10. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алынғандығы айқын көрсетілуі
және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.
11. Шығарма жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына,
тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек.
12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай
(сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем
тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдылығы) бағаланады.

2.2. 5-8 сыныптарда мазмұндама жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі
Жазушы көркем туындының болмысын танытатындай: ондағы оқиғаларды бір-
бірімен байланыстырады. Ондағы кейіпкерлер тіршілік кешеді, еңбек етеді,
бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп тартысқа да барады. Осы кезде ең бірінші
көзге түсетіндігі автор баяндайтын оқиға. Ол жекелеген эпизодтардан
құралып, шығарманың тақырыбын, идеясын жанрлық ерекшеліктерін ашады. Автор
өз шығармасында өмірдің әлеуметтік-қоғамдық жағдайын, бір кезеңдегі
адамдарыдң өмірін суреттейді. Көркем шығармада адам, адамгершілік,
моральдық жағын ашып, көркем бейнелейді. Көркем мәтіннің осындай
ерекшеліктері әдебиет сабақтарында игертіледі. Оқушы көркем шығарманы тек
өтілген материал, баға алу үшін қажеті міндетті оқу деп түсінбеу керек.
Көркем шығарманы оқушы жан дүниесімен ұғып, одан алған әсерін, көркем
танымдарын одан әрі қолдана алуы керек. Яғни көркем дүние оқушы жанына
эстетикалық жарасымды ықпал тудырып, таным көкжиегін кеңітуі, мінез
қасиетін қалыптастыруға жәрдем етуі, ойға шақыруы тиіс.
Көп ретте көркем шығарма оның ішінде көлемді туынды үстірт қана
өтіледі. Оған себеп біріншіден шығарманың ауқымдылығы, мазмұнының
көпқырлылығы, мәтіннің психологиялық жағының күрделілігі, екіншіден
шығарманы оқып үйренудегі уақыттың аздығы, бір сарынды әдістер мен
тәсілдердің қолданылуы. Көркем мәтінге барудағы жол мазмұнды игеруден
басталады. Көркем мәтіннің мазмұнын игертудің бірнеше жолдары бар.
1. Шығарманың таңдап алынған тұстарын, яғни мейлінше әсерлі тұстарын
мазмұндау. Бұл мәтінді үстірт оқу дегендік емес. Оқушы шығарманы
толық оқығаннан соң, оның ең қызықты тұстарын көбірек есте
сақтайды. Осы дағдыны пайдаланып, мұғаліа оқушыларға шығарманың
маңызды сәттері бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауабын
тыңдайды. Сол тұстардың мазмұнын ашуды сұрайды. Оқушыларды
әңгімелеу барысында өзінің мазмұндайтын бөлігін неғұрлым қызықтыра,
өз сөзімен беруге талпынады. Мұның өзі оқушының мәтіннен алынатын
әсерін қалыптастырады. Осындай әсерлі тұстарды басқа шығармалардан
табуға ұмтылады. Соның арқасында көркем мәтін оқуға деген ықыласы
қалыптасады.
2. Логикалық тізбекті мазмұндау. Бұған шығарманың мазмұнын қуалай
отырып, жүйелі мазмұндауды жатқызамыз. Бұл оқиғаларды ретімен ішкі
байланыстарын сақтай отырып мазмұндауға да жол салады. Екінші бір
тиімді жағы көркем шығарманы сыныпта мазмұндатқанда, тек бір
оқушыдан ұзақ сонар сұрай алмайсыз. Осы кезде сөйлеп тұрған
оқушының жауабын тиянақтатып, әрі қаарй екінші оқушының
жалғастыруын сұрағанда, ол сол тоқтаған жерден әрі іліп әкету
керек. Бұл сабақ үстінде оқушының ықыласты отыруына, бір-бірін
тыңдауына, ой қосуына дағдыландырады. Бір жағынан бірінің мүдірмей
бастап, соны екіншісінің кідіріп қалмай, жалғастырып әкетуі жарыс
секілді әсер етеді.
3. Бүкіл мазмұны немесе жекелеген эпизодты шығармашылық түрінде
мазмұндау. Мұнда ең маңыздысы оқушының өз көзқарастарын, ойын айта
білуі. Оқушы мәтін мазмұнын сақтай отырып, оны өз атынан немесе
кейіпкердің атынан жеткізеді. Бұл тәсіл оқушының ойы мен өрістерін
ұштайды, шығарма мазмұнын жақын қабылдауға, кейіпкерді айқын
елестете алуға шақырады.
4. Автор тақырыбына өзінің қиялын қоса отырып мазмұндау. Бұл оқушының
шығармашылық белсенділіктерін өсіреді. Мәселен, ортаңғы сынып
оқушыларына белгілі бір мәтінді мазмұндатқызу үстінде, оларға
төмендегідей сұрақтар қойып, ойы мен қиялдарына қозғау салуға
болады:
- егер көп уақыттан соң сен осындағы кейіпкердің орнында болатындай
жағдайға кездессең, не істер едің?
- Осы шығармадағы ең қызықты оқиғаға не қосар едің?
- Егер сен автор болсаң шығарма оқиғасын қалай анықтар едің?
Яғни оқушы мәтін мазмұнын айту үстінде тек автордың дайын дүниесін
баяндап тұрғандай емес, өзі соған қатысып отырғандай жанды әсер алады. Бұл
әрі қарайғы көркем мәтінді терең талдауға апарады.
Ғ. Мүсірепов өзінің суреткерлік жолында қазақ халқы өзінің әр алуан
жақтарын суреттеп, өткен тарих пен жаңа қоғам бейнесін көркем бейнеледі.
Жазушыынң шағын жанрдағы туындылары Тулаған толқында, Көк үйдегі
көршілер, Өмір ертегісі, Алғашщқы адамдар, Үздіксіз өсу, Кездеспей
кеткен бір бейне қазақ әдебиетіндегі толымды көркем дүниелер болды.
Кездеспей кеткен бір бейне повесінде Еркебұлан мен сол ортаның жуандары
арасындағы тартыс көрінеді. Жалпы қай жанрда болсын тарихи тұлға туралы
шығарма жазу қаламгерден дәлдікті қажет етеді. Жазушы шығармасында Сәкен
өмірінің әрқилы оқиғаларға толы сипатын ашқанда, соның аясында қоғамдық
әлеуметтік тартысты көрсетеді. Бұл жөнінде зерттеуші Р. Бердібай: ...
шығарма кейіпкері Еркебұланды бірнеше қиын қыстау сын кезеңдерден көреміз.
Оның өмірі ылғи тартыс үстінде, әрбірі қаһармандыққа барабар асу, тосуларда
нық сенген, өз өмірлерін халық тәуелсіздігі жолында бағыштаған ер көз
алдымызға келеді - дейді. Осы хикаяттағы Еркебұланның әрекеттерін Сәкеннің
қоғамдық қызметтері жайлы мағлұматтарымен байытып, Тар жол тайғақ кешу
романымен байланыстыруға болады. шығарма оқиғаларын топтап, бас кейіпкер
Еркебұланның айналасындай жинақтай мазмұндауға да болады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға қойылады:
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;
Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек
десеңіз тіршілік құралы болып келеді.Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы
қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Ал атам заманнан қазақ
қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға
аян.Бабаларымыздың Өнер алды – қызыл тіл, Бас кеспек болса да тіл кеспек
жоқ деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек. Рухани бай,
жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы
дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен
де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүоекке жылы тиетін, айнасы теп
– тегіс жұмыр келетін сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет
қалыптасады.Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық
байланысқа иек арту болып табылады.Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі
пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі
түрде,бірлікте,бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі,жемісті болмақ.Тіл
байлығының ұғымы кең.Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар. Ал
қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар
негізінде жүргізуге болады: а аз сөзге терең мағына сыйғызу нақтылық,
дәлдік ; ә ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана
отырып жеткізу ауызша да, жазбаша да ; б ауызекі сөйлеу тіліндегі
мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік; жазба тілдеріндегі
жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, сауаттылық, жазу мәдениетіне
қойылатын талаптарды меңгеру,қазақ әдебиеттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Жазу жұмысының түрлері мен олардың негізгі ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Пәндер