Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3

Бөлім 1. Қазақ және ағылшын тілдерінде есім сөздерінің жасалу ерекшеліктері
1.1. Қазақ және ағылшын тілдерінде сөзжасамдық тәсілдер---------------------
7

1.2. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер----------------------------- ---------
-------13

Бөлім II. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің жасаудың
ерекшеліктері

2.1. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер топтар----------------------------- ---
--15
2. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің жасау модельдері-------------------
18
2.3. Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары ----------------
20

Қортынды--------------------------- ----------------------------------- ------
---------------23

Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------
----------26

Кіріспе

Жалпы тіл білімінің, сөздердің жасалуының  теориялық мәселелері
айқындалып, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері белгіленгеннен кейін жеке
сөздердің сөзжасамдық қабілетін айқындау, бір сөзден тараған алуан түрлі
сөздердің тілдегі қызметін, ерекшеліктерін белгілеу де заңды құбылыс болып
табылады. Бұл бір жағынан қоғам талабынан да туындап отыр. Еліміздің
қазіргі дамуында қазақ тілін өркендету, байыту қолданылу дәрежесін арттыру
мәселесі күн тәртібіне қойылып отырған мезетте осындай зерттеулердің мәні
зор екені айқын. 
Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысанасы-туынды сөздер.
Туынды сөздер - тілдің сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалған лексикалық
нұсқалар. Мысалы: арда+гер= ардагер, ой+ла =ойла, сәулет+ші=сәулетші.
Туынды сөздерге қосымша арқылы жасалған туынды түбірлер мен
синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер, сөзжасам тісілінің
барлық түрі арқылы жасалған туынды түбірлер мен синтаксистік тәсіл арқылы
жасалған күрделі сөздер, сөзжасам тәсілінің барлық түрлері арқылы жасалған
туындылардың бәрі жатады, туынды сөздер-тілдің сөзжасамдық әрекетінің
нәтижесі [1, 23б.]. 
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Сондықтан біздің міндетіміз
қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, өйткені
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025- жылға қарай өмірдің
барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне
айналады. Соған орай,  ең басты құндылығымыз – қазақ тілі туған тіліміздің
мерейі үстем болады. Қазақстанда қазіргі кезде үштілділік, яғни тілдердің
үштұғырлығы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді
меңгеру саясаты мемлекеттік деңгейде ынталандырылып жатыр.
 Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер
құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік
ағылшын тілі дүние жүзі халықтаарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар
арқылы батыл ену үстінде. Бұл үрдістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің
осы лингва франкасын меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі
шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады.  Біз бұл мақаламызда  қазіргі қазақ және
ағылшын тілдеріндегі  есім сөздердің грамматикалық  жасалу ерекшеліктеріне 
тоқталмақпыз.
Курсттық жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді
қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге
келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі
біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл
білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ.
Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс
пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен
мән беруде.
Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама
қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды,
басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне
таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін
қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма
саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы
еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара
алмаймыз. Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі
трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да,
осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. Бұған
дейінгі еңбектерді саралап, озық тәжірибелерінен үлгі алу еліміз бен өзге
халықтар әдебиеті мен мәдениеті арасындағы байланыстарды нығайтуға,
өркендетуге айтарлықтай септігін тигізерін ескерсек, шет тіліндегі, соның
ішінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің сипаты, олардың қазақ тіліне
аударылу жолдары туралы ғылыми зерттеулер зәрулігі мен қажеттілігі анық
сезіледі.
Курсттық жұмысының нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен
сөздер.
Курсттық жұмысының пәні. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді
құрылымдық және семантикалық тұрғыдан салыстыра-салғастыра зерттеу
негізінде оларды қазақ тіліне берудің трансформациялық модельдерін екі
халықтың ойлау ерекшеліктерін және ұлттық құндылықтарын зерттеп ұсыну.
Соның негізінде төмендегі міндеттер қойылды:
– ағылшын тіліндегі жалпы сөздерді және біріккен сөздерді қазақ
тіліне трансформациялауда аударманың тиімді түрлерін теориялық
және практикалық тұрғыдан айқындау;
- ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және
олардың семантикалық мағыналарын талдау;
– қазақ тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және
олардың семантикалық мағыналарын талдау;
– ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің құрылымдық
және мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
– ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі
баламаларын табу барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне
және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы
трансформациялық модельдерін ұсыну;
– ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің іштей трансформациялануын
когнитивтік лингвистика ілімі тұрғысынан айқындау.
Курсттық жұмысының негізгі дереккөздері. Курсттық жұмысының
дереккөздері ретінде ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша аударма сөздіктер,
ағылшын тіліндегі классикалық әдебиеттердің аударма материалдарынан алынған
екі мыңнан астам кеспе қағаздар қолданылды.
Практикалық маңыздылығы. Курсттық жұмысының нәтижелерін ағылшын
тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін
үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын
және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің теориялық бағыттары сөз
болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері
қолданылды. Курсттық жұмысының екінші тарауы ағылшын тіліндегі біріккен
сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда
жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі,
жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Курсттық жұмыс кіріспе мен екі тараудан, қорытынды,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I бөлім. Қазақ және ағылшын тілдерінде есім сөздерінің
жасалу ерекшеліктері
1. Қазақ және ағылшын тілдерінде сөзжасамдық тәсілдері
Қазіргі ағылшын тілінде аффиксация, сөз күрделендіру, конверсия,
сөздерді кіріктіру, қысқарту, лексикалық-семантикалық тәсіл, сөздегі
дыбыстарды алмастыру және екпінді ауыстыру (фонологиялық тәсіл) және т.б.
және т.с.с. жататын көптеген жаңа сөздер жасау тәсілдері бар. Алайда
аталған тәсілдердің барлығы бірдей қолданылмайды, және әрқайсысының
сөзжасам процесіндегі үлес салмағы да бірдей емес. Туынды сөз және күрделі
сөз сияқты тәсілдер жаңа сөз жасауда көп қолданылады.
Туынды сөз және күрделі сөз көмегімен жаңа сөздердің 88% (зерттелген
3000 сөздің) жасалады. Басқалары, мысалға, конверсия, лексика-семантикалық
тәсілмен жаңа сөздер аз жасалады, және сөздегі дыбыстарды алмастыру және
екпінді ауыстыру тәсілдерін жатқызуға болатын үшіншісінің өнімділігі аз
және қазіргі уақытта пайдаланылмайды десек те болады. Осыған байланысты
былайша бөлу қабылданған:
• аз өнімді аффикстер
• өнімді
• "абсолютті өнімдімдік" деп аталатын, яғни сөзжасам элементі ретінде
аффикс өз қолдану аясында аз шектелген сөз жасам тәсілдері бар
аффикстер.
Тіл білімінде сөздердің бір лексикалық-грамматикалық категориядан
екінші бір лексика-грамматикалық категорияларға ауысулары конверсия
(ағылшын тілінен алынған термин: conversion-айналу) деп аталады да, ол
сөзжасамның бір жолы (түрі) ретінде танылады. Проблема перехода частей
речи в другую, -дейді академик В.В.Виноградов,- тесно связана с проблемами
выделения частей речи в языкознании. Она также имеет отношение к
словообразованию, так как конверсия представляет собой один из способов
словообразования [2,17б.]. Белгілі түрколог А.А.Юлдашев та конверсиялық
процестің сөзжасам жүйесінде алатын орны жайында осыған ұқсас пікір айтады:
Конверсия должна рассматриваться как один из функционирующих в современных
языках способов словообразования [3, 72б.]. Молдован тілінің зерттеушісі
Н.Г.Корлэтяну болса, конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыру дүние жүзіндегі
көптеген тілдерде ұшырайтынын, оның тілдердіц бір тобында актив (мысалы,
ағылшын, француз, неміс және т.б.) ал, енді бір тілдерде пассив түрде
келетінін айта келіп, оны сөздік құрамды жаңа лексемалармен байытатын
маңызды факторлардың қатарына жатқызады [4, 57б.].
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыру, әсіресе, ағылшын тілінде кең
қанат жайған. Конверсиялық тәсіл - ағылшын тілінің сөз жасам жүйесіндегі ең
өнімді, актив тәсілдердің біріне жатады. Л.А.Уфимцеваның деректеріне
қарағанда, қазіргі ағылшын тілінің лексикалық құрамындағы конверсияланған
сөздердің саны (яғни бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысқан) 7-
мыңнан асып жығылады. [5, 112б.].
Қазақ тілінде жарық көрген түрлі лингвистикалық сөздіктерде
конверсияланған сөздердің, негізінен, бастапқы (заттық не сындық) мағынасы
көрсетіледі де, конверсиялану процесінде пайда болған соңғы жаңа мағынасы
ескерілмей, ұмыт қала береді. Ал, ағылшын тілінде жағдай мүлдем басқаша.
Онда конверсияланған сөздің әрбір мағынасы сараланып, сөздіктерде жеке
реестр сөз ретінде берілетіндігі жоғарыда айтылды.
Қазақ тілінде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан
өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер қалыптасқан заңдылықтар
бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады.
Себепші негізге заттық мағына қосатын –шы,-ші  жұрнағы қазақ тілінде
аса өнімді сөз тудырушы тұлға ретінде танылады да адамның кәсібі мен 
қызметіне сәйкес  иелік мән туғызады, яғни осы өнімді жұрнақтар көмегімен
көптеген грамматикалық сөз нұсқалары жасалады.
 –шы,-ші жұрнағы  арқылы жасалған  сөз нұсқалары:
Атқосшыатшы. Біреудің жанына ілесіп жүріп, оның атын бағушы, делбе
ұстаушы.
Осы ұзақ сапарда менің атқосшыдан жолым болды. (С.Көбеев). Рахимов 
менің атшыма  тамақ әкеліп беруге бұйырды. (Б.Момышұлы).
Барлаушыбаршы. Барлау ісін жүргізуші. Барлаушы жіберіп байқадық.
(Жұлдыз). Баршыда жүрген кісілер  хабарларын  берді. (С.Сейфуллин).
Мергенмергенші. Дәл көздеп ататын адам. Таңат- құралайды  көзге
атқан мерген. Ғ.Сыланов. Қасқыр аулауға қақпаншы, мергенші қаптай аттанды.
Қ.Әбдіқадыров.
Қарымқарымшы. Еткен еңбек, жасалған жақсылыққа, қиянатқа  жасалатын
қайтарым, есе. Қарым қайтаруға  Мирастың мүмкіндігі болмады (Ә.Тарази). Ол
бірақ сақина өзіне  сан рет келгенде, бір рет те қарымжысын қайтара алмады
(Ғ.Мұстафин).
Ағылшын тілінде өнімді жұрнақтар (суффикстер) қатарына  -er, -or
жұрнақтары жатады. Бұл жұрнақтар ағылшын тілінде  белгілі бір кәсіпке,
мамандықққа байланысты зат есімдер туғызады. Мыс: People lived on in it and
there were hospitals and cafes and artillery up side streets and two bawdy
houses, one for troops and one for officers. (E. Hemingway “A Farewell to
Arms”, p.11, officer - офицер syn. public servant) [6-7,11б.].
“The Pope wants the Austrians to win the war”, the major said (p.12,
major-майор syn. principal)
The door was open, there was a solider sitting on a bench outside in
the sun, an ambulance was waiting by the side door and inside the door.
(p.14, solider - солдат syn. military servant)
   You are my great and good friend and financial (p.18, protector-
қорғаушы syn.preserver)  
One of their drivers came over to me, brought by G Gordini who looked
very white and sick. (. p.52, driver- жүргізуші syn. operator)
The doctors were very nice and seemed very capable. (p.78, doctor-
дәрігер syn. a physician)
The barber came with the porter. He was a man of about fifty with an
upturned mustache. (p.92, barber – шаштараз syn. hairdresser)
The waiter came and took away the things. After a while we were very
still and we could hear the train. (p.153, waiter - даяшы syn. server)
The questioners had that beautiful detachment and devotion to stern
justice of men dealing in death without being in any danger of it. (p.220,
questioner – тілші, syn. correspondent)
The proprietor was behind the bar. (p.229, proprietor- иесі syn. the
owner)
There were some aviators in the compartment who did not think much of
me.     (p. 235, aviator - ұшқыш, syn. pilot).
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі ешбір
тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы
өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, Қорған, айтыс, бірге, біреу,
басқа, өзге. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа
мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1)
қорған, айтыс, жарыс –етістік; бірге, біреу- сан есім, сандық ұғым; басқа –
сын есім; өзгеше – есімдік.
Жоғарыда осы сөздердің 1) қорған, айтыс, жарыс - зат есімге көшкен
мағынасы, 2) біреу – есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге – сын
есімге көшкен мағынасы келтірілді.
 Ал ағылшын тілінде түбірге аффиксация жалғанып сөздердің жасалу
жолдарының бірнеше тәсілі бар. Олардың ішіндегі ең көп тараған тәсілдері
мыналар: конверсия (conversion), сөз тіркестері арқылы (composition),
қысқарту тәсілі (shortening), аффиксация тәсілі (affixation).[8, 17-162-
178б.]
Конверсия (conversion) – яғни ешқандай аффикс пен префикстердің
жалғануынсыз сөздің бір сөз табынан екіншісіне ауысуы.
Мыс: a hand – to hand (қол-қолына ұстату)    
a water – to water (су-су құю, суару)
a master – to master (қожайын-басқару)
a house – to house (үй-орналасу)
Сөз тіркестері арқылы (composition) – екі сөзден жасалған күрделі жаңа
бір сөзді білдіреді. Мыс: airfield - әуежай (air-ауа, field-дала),
birthplace-  туған  жер (birth-туу, place-орын), airman - авиатор (air-ауа,
man-адам), schoolday - мектеп күні (school-мектеп, day-күн), airbase -
авиабаза (air-ауа, base-база), blackboard - тақта (black- қара, board -
тақта), locksmith - темір ұстасы (lock-құлып, smith-ұста), bookshop - кітап
дүкені (book-кітап, shop-дүкен).
Қысқарту тәсілі - бұл тілдегі сөз немесе сөз тіркестері морфемаларын
ешқандай лексико-грамматикалық өзгерістерсіз санын қысқарту. Соның
нәтижесінде номинативті жаңа бірліктер пайда болады. Қазіргі ағылшын
тіліндегі сөзжасам жүйесінде қысқартулардың құрылымдық үш түрі берілген.
Олар:
1) қиып алу. Мыс: phone-telephone
2) әріптік немесе бірінші әріптерін беру арқылы қысқарту. Мыс: the USA-
the United states of America.
3) телескоптық немесе телескопизм. Мыс: telecast -
television+broadcast.
Бұл қысқартулар қазіргі ағылшын тілінде кеңінен қолданылуда және
өнімді тәсіл болып табылады.     
Аффиксация тәсілі (affixation) – сөздің алдында қолданылатын префикс,
сөзден кейін суффикс арқылы жасалу жолы. 
Ағылшын тілінде -re, -de, -dis, -mis, -over, -un, -under сияқты
префикистер қолданылады. Мыс: -re, to do – to redo, to read – to reread, to
fill - to refill; -de, deformation, defaulter, decode; -dis, discover,
disconnect, disarrange; - mis, mistake, misunderstand, misapply; -over,
overcharge, overload, overcrowded; -un, unbend, unroll, unpack; -under,
underwritten, undersized, underground.

2. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер

Ағылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру,
префикстік және суффикстік әдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде
біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе
одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы –
біріктіру (сomposition). Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің
лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды
байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда
лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз
туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде
біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын
сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде
қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз
шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О.Д.Мешков [9]. Ағылшын
тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын сөзжасамының қыр-сырын
жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды
төмендегідей санамалап шығады:
1. Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
2. Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы.
3. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы.
4. Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы.
5. Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы.
6. Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен
байланысы проблемасы.
7. Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы.
8. Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы.
9. Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы.
Қазақ тіліндегі қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен
олардың ағылшын тіліндегі күрделі сөздермен ұқсастықтары мен
айырмашылықтары сөз болады. Олар төмендегі вен диаграммасында көрсетілген:

Вен диаграммасы

Ағылшын тілінде Біріккен сөздер Қазақ
тілінде

Бөлім II. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің жасаудың ерекшеліктері

1. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер топтары
Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді:
І. Сөз таптарына қарай:
1. Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-
box;
2. Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-
headed;
3. Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to
blackmail;
4. Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;
5. Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;
6. Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight,
ninety-one.
ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:
1. Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз
бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general
public, space age, iron-clad;
2. Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер o
немесе i дауысты яки s дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы
байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman,
tradesfolk, Anglo-Saxon;
3. Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар
мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады,
мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-
the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley,
bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades,
good-for-nothing.
ІІІ. Құрылымына қарай:
1. Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt,
hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross,
chatter-box, whitewash;
2. Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі
сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked
beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based,
chain-smoker;
3. Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері
Біріккен сөздер
Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы
Біріккен сөздердің жасалуы
Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Ағылшын тілі сабағын жоспарлау
Зерттеу өзектілігі
Пәндер