Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-3

1. Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері ... ... ..4-16

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... .16-19

2 Қазақстан Республикасында бюджет процесін ұйымдастыру ... ... ... .19-24

2.1 Қазақстан Республикасындағы бюджет процессі және оның
қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24-25

2.2 Қазақстан Республикасының бюджетінің атқарылуын талдау ... ... .25-29

3 Бюджет процесінің құқықтық негіздерін жетілдіру және оның жүзеге асыру
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .29-34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5-36

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-
38

Қосымша
А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 39

Кіріспе

Әрбір елде мемлекеттік қаржылардың ең бірінші маңызды компоненті болып
мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржымен қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақшалай қор - бюджет болып саналады, яғни бюджет жүйесі
- елдің экономикалық қатынастарына және мемлекеттік құрылысына негізделеді.
Бюджет жүйесі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысындағы
белгіленген табыс көздерін реттеу арқылы мақсатты және аймақты бюджеттік
қорларды, олардың бөлінуіне негізделеді. Осы маңызды жағдай жүзеге
асырылғанда, салық және салықтық емес жүйе арқылы мемлекет
территориясындағы барлық деңгейлердегі басқаруда қаржылық ресурстар
түсімінің көлемін реттейді. Орталық және аймақтар арасындағы бюджет
түсімдерін қайта бөлудің қажеттілігі кейбір аймақтардың қаржылық қамтамасыз
етілуіндегі объективті себептермен экономикалық дамуына, географиялық
жағдайына байланысты. Көп жағдайда бюджет жүйесінің құрылымы, елдің
мемлекеттік құрылысымен анықталады. Мысалы, федералдық құрылыстағы ел- үш
деңгейлі, ал унитарлық мемлекеттер- екі деңгейлі (орталық және жергілікті
бюджеттер) бюджет жүйесінде болады.
Экономикалық дамыған елдің бюджет жүйесі - өздерінің бюджет жүйесін
құруда белгілі нәтижелерге қол жеткізді, ал олардың тәжірибесі - республика
экономикалық өсімге жету үшін мемлекеттік ресурстарды қолдану бөлігінде
оңтайлы үлгі болады.
Қоғамдық қатынастардың даму деңгейіне сәйкес, Қазақстан Республикасының
бюджет заңдылығы да үнемі жетілдіріліп отырады.
1996 жылы Бюджет заңы туралы Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды. 1996-1997 жылы мемлекеттің қаржы статистикасының халықаралық
стандартына сәйкес жасалаған жаңа бірыңғай бюджет сипаттамасынан өтті.
Бюджет реформасының нәтижесінде:
- бюджет саласының шекаралары нақты анықталды;
- орталық органдар және де орталық пен жергілікті өкімет органдары арасында
функциялар бөлінді;
- мемлекеттік бюджет шеңберінде барлық мелекеттік қаржылық ресурстардың
мерзімдері үзартылды;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тұрақты нормативті
бөліністер белгіленді.
Соның өзінде ескертіп айтатын жағдай, Қазақстан Республикасы бюджет
зандылықтарын реформалау шетел тәжірбиесін есепке алмай жүргізу күрделі
болды. Сондықтанда бірнеше шет мемлекеттердің - Венгрия, Швеция, Ресей тағы
басқа да елдердің бюджет жүйелері зерттелді.
Қазақстан Республикасының өкіметі бюджет жүйесін реформалауды әлі
жалғастыру үстінде перспективалық бюджеттік жоспарлауды жүзеге асырды.
Орталық пен аймақтардың өзара қатынастары орта мерзімді тұрақты
көрсеткіштер принципіне ауысты, мемлекеттік шығындарды басқару нормативтік
базасының қалыптастыру мен жетілдіру негізінде жасалып, бюджет процессі
сыртқы қарыздар стратегиясының әдістері жетілдіріліп, соңғы бюджет қарыз
алушысының бюджет қаражаттарын қайтаруды қалыптастырып, мемлекеттік бюджет
тапшылығын қысқарту жолдары қаралды.
Бюджет саясатының басым бағыттары анықталды:
- бюджеттің негізгі көлемін, кірістер көлемін анықтауды, шығындар мен
несиелеуді және де бюджет тапшылығының өлшемін бағалауды қоса алғанда орта
мерзімді жоспарлауға өтуді бекіті; бюджетті қаржыландырудың басымдылықтарын
талдауды бюджет бағдарламаларының қаржылық шығындарын олардың орындалу
нәтижелерімен салыстыру негізінде жетілдіру;
- негізгі бюджет бағдарламалары бойынша, бюджет шығындарын үнемдеу үшін
кейбір сәйкес нормаларды енгізуді қолға алғанда, шығындарды жоспарлаудың
нормативтік әдістерін жетілдіру;
- республикалық және жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыруда
орталықтың және аймақтардың жауапкершілік процессін бөлу және мемлекет
қызметтерінің орталықтанбау саясатын жалғастыру;
- жиналған несиелік қарыздарды қысқарту және бюджеттің жаңа борыштарының
өсуіне кедергі болатын, қаржылық міндеттемелерді тіркеу механизмін
жетілдіру.
Өкімет тарапынан мемлекеттік бюджеттің несиелік қарыздарын қысқарту іс-
шаралары жүргізіледі.
Жалпы, курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы бюджет
жүйесін ұйымдастырудағы бюджет процессін, оның негізгі тәртібі, кезеңдері
және қатысушылары арасындағы өкілеттіліктерімен оны құру және жүргізу,
бекіту, орындау процесстерін және мемлекеттің бюджет процессіне басқару
және оны ыңғайлы тәсілдері мен жолдарын зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес келесі
міндеттер қаралды:
- бюджет жүйесінің қызметі мен оның орындалу мерзімдерін анықтау,
мемлекеттік бюджетке қатысушылар арасында функционалды жауапкершілік пен
өкіметтіліктердің нақтылануы;
- бюджет жүйесін басқару мен жүргізудің факторларын анықтау арқылы оны
шешу жолдарын ұстау.
Зерттеу объектілері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мен
оның облыстық деңгейлеріндегі бюджет қаражаттарының қолданылуы және
қозғалысы.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандылығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық
бөлудің ерекше саласын қүрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
„мемлекеттік бюджет" үғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттілігі ұлғаймалы - ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңіндегі орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылған.
Сөйтіп, обьективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды - жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке
ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:
бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы - ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
рарсында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің, оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясында білдіреді және одан белгілі
бір үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте
де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.[1]
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық - заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор — бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік — мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
обьективті шарттастырылған экономикалық нысан. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдалануы құнды бөлу және бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін
білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қезметкерлерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс - қимыл, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Бюджеттің басқа жанамалық категориялар арқылы экономикалық мәні, оның
қызметтерінде көрінеді. Бюджеттік қатынастардың қоғамдық арналымы мынандай:
- Негізгі жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы (бұл
қызметті жүзеге асыру барысында орталықтандырылған қаржылық ресурстардың
негізгі бөлігі мемлекеттік бюджет жүйесінде шоғырлануы қамтамасыз
етіледі).
- Негізгі жалпы мемлекеттік ақшалай қор қаражаттарын қолдану (бүл қызмет
бюджеттік қаражаттардың мақсатты жүмсалуы процессінде жүзеге асырылады).
Бюджеттік ресурстардың қозғалысында бақылауды жүзеге асыру, бұл негізі,
жанамалық даму динамикасы және әлеуметтік - экономикалық процесстер барысын
толығымен бақылау.
Бюджеттік қатынастардың сыртқы формасы өкімет пен жергілікті өзін -өзі
басқару органдарының жасалған қоғамдық өнім құнының бір бөлігін басқаруда
көрінеді. Олар қоғамдық өмір құбылысы сапасында, оның мәнін жасыратын,
бюджеттің субьективті жағын көрсетеді. Бұл жағдайда бюджеттік қор
қаражаттарының қозғалысындағы, оның қажеттілігін көлемі мен құрылымы
бойынша нақтылауда мемлекетпен әртүрлі формалар мен әдістерді жүйелі түрде
қолдануы, ақшалай ресурстарды бюджет арқылы қайта бөлуді көрсететін
қоғамның қаржылық құжаты — обьективтік қажеттілікті туындатады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары — салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан, бюджет мемлекеттің негізгі
қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын құру жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет
мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен үлттық
табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді
және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік
күштерді неғүрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті
көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін
пайдаланылады.
Нарықтық механизмге өту жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың қүрылымын қайта құруды, кешенді мақсаты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми- техникалық әлеуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерді
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамытылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жүмыс істеп тұруын
қамтамасыздандыру.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы - шаруашылық қызметіне қызмет жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы биліктің, басқару аппараттарын
ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын
жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құралады.
Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру,
оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық
өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет
жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара
қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының
жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына,
аумақтық- әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы
мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейдегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді.Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің
құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан өзгеше болып
келеді, өйткені олардың аумақтық қүрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне
байланысты болады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық - мелекеттік
құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық қүрылымы
болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
- Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
- Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да- жерлердің
(ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация
субъектілерінің бюджеттері;
- жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:
орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да
бюджеттердің оқшалану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ,
әдеттегідей, әлеуметтік — экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір
реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет. [2]
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті қүқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті қүрайтын Республикалық
бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО — ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970 — 1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50 — 52% тиді, оның 35% республикалық
және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық
бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл түсімдер мен бюджет тапшылығының қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастыратын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
- Жергілікті бюджеттер (әкімшілік — аймақтық бірліктердің бюджеттері)
- Облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай- ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық - экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО — ның бюджет
жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемелекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде
көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен
ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік — экономикалық болжаумен өзара
байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті - Парламент
тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу
болып табылады. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз
етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді
мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші
кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өз ара іс-
қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды
қаржылық қолдауға, сондай — ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық
бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төменгі - жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады. Барлық деңгейлер
бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет - қаржы саясатының қажетті талабы болып
табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың
тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып
табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету
пайдаланылады.
Бюджетердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті
органдары анықтап, бекітеді.
Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттердің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО- ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келеді.
Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі
төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе
1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүріп. 1980 жылдары енгізілген өңдірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді
және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке - дара нәтижелеріне бағытталып
отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.[3]
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
- Кірістерден атап айтқанда: а) табыстардан; б) ресми түрде алныған
трансферттерден; в) алдыңғы берілген бюджеттік кредиттерден негізгі
қарызды өтеу;
- Шығындардан және несие беруден;
- Бюджет тапшылығынан (профицитінен);
- Бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
а) салықтық түсімдер;
б) салыққа жатпайтын түсімдер;
в) капиталмен жасалынатын операциялардан алынатын кірістер болып
бөлінеді.[4]
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақыт санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, несие беруге немесе өтелмеген борышты төлемеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген несиелерді өтеу санаты бюджеттік несиелер бойынша
(қайтару негізінде берілген бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар борышқа қызмет ету
функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппараттын және ішкі бағдарламалар -
қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастарғаны
үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігі бөле отырып
жүргізеді.
Кейін бюджетке өту түрінде қайтаруға жататын, басқа да экономикалық
бірліктердің несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте
функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізінде бөлінген
кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып
түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының
көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық
бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің тапшылығы ұлттық
валютамен көрсетілген. Ал бюджет профициті - бұл бюджетке түсетін кірістер
мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі қарызды өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және
қайтарымдылық негізінде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі.
Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі
өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі - бюджет тапшылығын (профицитті
пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі
шығыстарды қамытып көрсетеді.
Оның қос арналымы бар:
а) тапшылық болған жағдайда - ішкі көздерден (Ұлттық банктен,
коммерциялық банктерден, бағалы қағаздарды сатудан есепке алу бойынша,
шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының
қалдықтарын) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарату;
б) профицит кезінде - жоспардан тыс түсімдер, бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірнеше кезектегі бюджеттік
бағдарламаларды қосымша қаржылындаруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік
сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік
сыныптама - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар
бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың
топтастырылуын белгілейтін нормативтік қүқықтық акт. Ол кірістердің
сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық
сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және
бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомостволардың, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді, жеке
(дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға
біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша
тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейін бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім,
параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет
қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ
бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан
қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес
келетін сыныптамамен ауыстырылады.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке
жіктелінетін болды. Олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы,
бюджеттердің кірістері мына санаттарды қамтиды: салық түсімдері; капиталмен
жасалынатын операциялардан алынатын кірістер; алынған ресми трансферттер
(гаранттар); бюджеттен берілген кредиттерді өтеу; жалпы қаржыландыру;
бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер кірістерді
кіріс көздерін неғұрлым тәптіштеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салық
түсімдеріндегі сынып - салық тобын, ішкі сынып- салық түрін, ерекшелік -
нақты салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомостволық сыныптама
қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және
бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады.
Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар бес бөлімге бөлінеді:
функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме- бағдарламалардың
әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталған деңгейдің ұштастырылуы
шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық белгілері
бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат
мыналарды қамтиды: ағымдық шығыстар, кредит беру, қаржыландыру. Сынып ішкі
сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылай түседі,
мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын
шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы - жұмысшылар мен
қызметшілердің негізгі жалақысы.
Бюджеттің атқарылуы кезінде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелері
қамтитын тоғыспалы сыныптама түріндегі функционалдық және экономикалық
сыныптамалардың ұштастырылуы пайдаланылады.
Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджеттік
несиелендіру әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын, мысалы Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы,
Премьер-министрдің Кеңесі, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының
әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасының
басқа ведомстволары мен службалары бойынша топтастыруды білдіреді.
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданатын басқарудың
жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, айқын және
арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау - мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына
бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрама бөлігі. Мұндай
жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық
дамуы негізінде түрлі деңгейіндегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы
процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің қүны мен
ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау
барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік бағдарламасының экономикалық
және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи, материал, еңбек және қаржы
ресурстарына белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
- республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттәк
бағдарламалардың тізбесін қалыптастыру;
- заңнамалық актілер мен кірістердің республикалық және жергілікті
бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдарының
шешімдерімен- кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар)
бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеу;
- заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге
берілетін субвенциялардың облыстық бюджеттерден , Астана мен Алматы
қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілітін бюджеттік
алымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін, облыстық өкілді органдарының
шешімдерімен - облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне
берілетін субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алымдардың үзақ мерзімді мөлшерін
белгілеуге;
- Қаржы министрлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға;
- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және
жергілік бюджет туралы жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимитін белгілеуге
;
- Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар тартатын
қарыздар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық
қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның
шығыстарының абсолютті және салыстырмалы тез өсуі оған тән сипат болып
отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
көбейуінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету
қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ
капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы заңына сәйкес
республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
Республикалық бюджеттің кірістерін, олар мыналардан түрады:
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен
(корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық ; импортқа
салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары; әкелінетін тауарларға салынатын кеден бажы; әкетілетін
тауарларға салынатын баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен төлемдер);
ә) салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
пайдасының үлесі; Ұлттық депозиттер бойынша алынатын сыйақылар (мүдделер);
республикалық бюджеттерден қаржаландыратын мелекеттік мекемелерге тиесілі
мүліктерді сатудан түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын
акция бумаларынан түсетін дивидендтер; мемлекеттік лотереялардан алынатын
кірістер (жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін
лотереялардан алынатын кірістерді қоспағанда); жер қойнауы туралы ақпаратты
пайдалануға бергені үшін төлемдер; республикалық бюджеттен кредит берілуі
үшін алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық меншікті мүлікті жалға
беруден алынатын түсімдер; тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен
республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер,
соның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режімінде ресімделген
тауарлар мен көлік құралдары; Қазақстан Республикасы азаматтарының
төлқұжаттары мен жеке куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен
мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп
алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті түлғаларға
немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің
құнын өндіріп алудан алынатын сомалардың түсімдері; өнімдерді лицензиясыз
әкеткені үшін төленетін айыппұл сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп
белгіленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған
кірістерді қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз
қызметтен алынатын кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да
салыққа жатпайтын түсімдер);
б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден:
мемлекеттік резервтерден алынған тұлғалар үшін берешекті өтеуден және
мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден;
Мына төмендегілерден алынған ресми трансферттерді (гаранттарды):
- заңды және жеке түлғалардан немесе шет мемлекеттерден;
- бюджеттік алынымдардан;
- республикалық бюджеттерден бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі
борышты өтеуден.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы мемлекеттік бюджет кірістерінің
құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады:[Кесте 1]

Кесте 1
Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

Млрд. теңге %
Түсімдер 4 041,3 100,0
1. Кірістер 2 636, 9 98,4
Салықтық түсімдер 1 747, 7 92,9
Салыққа жатпайтын түсімдер 49574,4 5,9
Капиталмен жүргізілетін операциялаардан 9494,0 1,2
алынатын кірістер
2. Алынған ресми трансферттер (гранттар)
3. Бұрын бюджеттен берілген кредиттер 13307,0 1,6
бойынша негізгі қарызды өтеу

Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап
отыр (қосылған құнға салынатын салық, корпорациялық табыс салығы,
әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және т.б.). Мемлекеттік бюджет
кірістерінің басқа көзі - салыққа жатпайтын түсімдер.
Бюджеттің шығыстары - бұл бекітілген бюджет шегіне қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің қаражаттары: жалпы сипаттағы мелекеттік
қызметтер көрсетуді (заң шығарушы және басқа функцияға кірмейтін, басқа
өзге де органдарды, қаржы және салық - бюджет саясатын, сыртқы экономикалық
қызметті, іргелі зерттеулерді және басқалары); қорғаныс қабілетін
қамтамасыз етуді; қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; республикалық деңгейдегі
жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді; республикалық деңгейде
азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін; заң
актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттік
жәрдемақыларды алатын азаматтардың санатына осы жәрдемақыларды, арнаулы
мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге
берілетін жәрдемақыларды; республикалық деңгейдегі әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік көмек саласындағы қызметті, республикалық деңгейдегі
мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді; ауыл, орман, су мен
балық шаруашылығының басым бағдарламаларын; республикалық деңгейдегі
өнеркәсіп, көлік және құрылыс объектілері саласындағы арнайы
бағдарламаларды фельдъегерлік байланысты; республикалық маңызы бар жол
жүйесін пайдалануды, салуды және жаңғыртуды; гидрометеорологиялық
мониторингті, үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстар;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауды; жергілікті
бюджеттерге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді және
басқа республикалық бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған қызмет түрін жүзеге асыратын республикалық
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және
мемлекеттік бағыныштағы мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да
республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған
шығыстар Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің
актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет актілерімен бекітілген
мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы
шығыстардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді және оларды
республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздері есебінен
ұстауға жол берілмейді.
Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттердің жекелеген бағыттары
бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы зандағыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері
Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы
Мемлекет бюджетінің шығыстарын талдау
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Бюджет және бюджет құрылысы
Пәндер