Қаржылық бақылау түсінігі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қаржылық бақылаудың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қаржылық бақылау түсінігі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ...,,,,,,, ... ...5
1.2 Қаржылық бақылаудың түрлері мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 ҚР-дағы қаржылық бақылауды жүргізу жағдайына
талдау ... ... ... ... 19 2.1 Қазақстан Республикасында қаржылық
бақылауды жүзеге асыру ... ..19
2.2 Есеп комитетінің бақылау экономикалық қызметіне
талдау ... ... ... ..23
3 ҚР-сында қаржылық бақылауды жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Кіріспе
Қаржылық бақылау – қоғамдық жиынтық өнімді сәйкесінше ақша-қаражат
қорларына құндық бөлудің негізділігін және олардың белгілі бір мақсатқа
жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекше әрекеттер. Нарыққа өту жағдайында
қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан
аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды.
Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен
қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның
ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл
шаруашылықты жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы шаруашылық
қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді
білдіреді.
Курстық жұмыстың өзектілігіне қаржылық бақылаудың қазіргі нарықтық
заманындағы мәні мен маңызы, оны тиімді, жан-жақты, жүйелі ұйымдастыру,
жалпы Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау органдарының бақылау
қызметін жетілдіру, оның қазіргі кезеңдегі жұмыстарының нәтежелігін және
оны болашақта дамыған елдердің стандарттарына сәйкес жұмыс істеуін
қамтамасыз ету жолдарын қарастыру жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнын ашу;
- Қаржылық бақылауға түсінік беру;
- Қаржылық бақылаудың принциптері мен әдістерін қарастыру;
- Қаржылық бақылауды ұйымдастыру мен қаржылық бақылау органдарының
бақылау экономикалық қызметіне талдау жасау;
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау мен оны
ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. экономикалық әдебиеттерді қолдана отырып, қаржылық бақылаудың
экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
2. Заң, нормативтік акті және қаулыларды негізге ала отырып, Қазақстан
Республикасындағы қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын сипаттау;
3. статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, қаржылық бақылау
көрсеткіштерін салыстыру және оларды талдау;
4. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелерін
анықтап көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
1-тарауда қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнына теориялық тұрғыдан
тоқталып өту;
2-тарауда Қазақстан Республикасында қаржылық бақылаудың тәжірибе
жүзіндегі бақылау экономикалық талдау жасау. Ол үшін қаржылық бақылау
органдарының бірінің қызметіне талдау жасау;
3-тарауда теория мен тәжірибені біріктіре отырып, Қазақстан
Республикасындағы қаржылық бақылау мен оны ұйымдастыруды жетілдіру, оның
тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қарастырылуы қажет.
Курстық жұмыстың әдістемесі:
Жалпы курстық жұмысты жазу барысында Республикалық және жергілікті
бюджеттің атқарылуын бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы,
Қаржылық бақылаудың жоғары органы туралы Заңы, Есеп комитеті туралы
қаулы қарастырылады. Әдебиеттерден: Қ.Ильясов, С.Құлпыбаевтың Қаржы,
В.Д.Мельников, К.Қ.Ильясовтың Финансы, В.Е.Родионов Финансы оқулықтары,
сол сияқты т.б. көптеген әдебиеттер қолданылды. Сонымен бірге Қаржы-
қаражат, Транзитная экономика, Саясат, Казахстанская правда сияқты
газет-журналдар негізінде жазылды.
І Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.1 Қаржылық бақылау түсінігі
Қаржылық бақылау деп, әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық
жалпы өнімді құндық бөлу мен оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың
дәлелдігін тексеруге бағытталған өзгеше қызметті айтады.
Бақылау термині латынның контра рутулус деген сөзінен шыққан,
қарама-қарсы қою деген мағынаны береді (белгіленген, болжанған процесті,
құбылысты және болып жатқанды, өткенді немесе нақты кезеңдегіні).
Қаржылық бақылау шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы
қатынастарын жүзеге асырудың белгіленген нысандары мен әдістерін орындауын
қамтамасыз ету, олардың тиімділігін талдау және оларды жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау жөніндегі өкілетті органдардың мақсатты қызметі болып
табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылау – қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің
бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты
басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір уақытта жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан қаржылық
бақылаудың нәтижелері қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығы. Табыстар мен жиналымдардың қалыптасу процесі оның тікелей
объектісі болып табылады. Бірақ қаржылық бақылаудың әрекеті қаржылық
қатынастардың кең ауқымдылығына байланысты, яғни қаржының еңбек ақы,
өнімнің өзіндік құны, табыс, пайда, өндірістік қор (негізгі, айналымдық),
капиталдық салым, инвестиция сияқты басқа да құндық категориялармен тығыз
байланыстығына қатысты. Ал қаржылық бақылау мекемелер мен ұйымдардың
бюджеттен бөлінген қаржыларды дұрыс қолданғандығын тексере отырып, олардың
қызметтерінің барлық жақтарын қарастырады: тораптар мен контингенттерді
өрістетудің толықтылығын, қаражатты жұмсаудың бекітілген нормаларын
сақтауын.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекет ету сферасы бақылаудың басқа да
түрлерімен, яғни экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және техникалық
бақылаулармен сәйкес келуі мүмкін.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері арқылы мазмұнын ашуға болады:
1. халықтың, ұйымдардың, мемлекеттің алдында қаржылық міндеттердің
орындалуын тексеру;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктеріндегі ақша ресурстарын
пайдалануының дұрыстығын тексеру;
3. шаруашылық субъектілерінің қаржылық операция, есеп-қисап жасау, ақша-
қаражаттарын сақтау ережелерін орындауына тексеру жүргізу;
4. өндірістің ішкі резервтерін, шаруашылық рентабельділігін арттырудың,
материалдар мен ақпаратты тиімді және үнемді қолданудың
тиімділіктерін анықтау;
5. барлық тәртіп бұзушылықтарды жою мен алдын-алу.
Қаржылық тәртіп – бұл мемлекеттің қаражат қорын құру, бөлу және
қолдану тәртібі мен бекітілген ережелерін шаруашылық субъектілерінің нақты
сақтауы.
Нарықтық қатыныстар жағдайында қаржылық бақылау өзгеріске ұшырады.
Жаңа экономикалық өзара қатынастарда қаржылық операцияларды, әртүрлі
мәмілелерді үнемі қадағалап, үнемі бақылап отыруға мүмкіндік туа бермейді.
Мұның өзі, яғни шаруашылықты жүргізудегі еркіндік, экономикалық
жағдайлардағы анықталмаған факторлар қаржы-қаражат ағымының қоғамға тиімді
бағытта жұмсалуын басқару мен бақылауды жоғалтуға алып келеді. Бұл
жағдайларда қаржылық тәртіптің, қаржы заңнамаларының бұзылу тенденциялары
күшейеді, мемлекеттік меншікті қолдану кездерінде дұрыс пайдаланбаулар
жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау осындай түрлі жағымсыз құбылыстарды
болдырмау үшін маңызды құрал болып табылады. Мемлекет қоғамдық мүддені,
әлеуметтік әділдікті қорғай отырып, бөлу, қайта бөлу процесстеріне қаржыны
бақылау функциясын, мүмкіндігін реттеу құралы
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі принциптері мыналар:
- бақылаудың жүйелілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтігі, яғни оның алдын-ала істелетін сипаты;
- әрекеттілік, іске асушылық, жариялылық – бұларға бақылаужұмысын
дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі
ұқыпты зерделегенде,нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Бақылауды жүргізу барысында осы принциптер қатаң сақталуы тиіс.
1.2 Қаржылық бақылаудың түрлері мен әдістері, оны уйымдастыру
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол макродеңгейде немесе
микродеңгейінде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
- орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, тиімді
пайдалану процесін қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып, нысандары мен
әдістерінің объективті қажетті нысандар мен әдістерге сай
келуін бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін оптималды
түрде және саралай отырып қанағаттандыру мақсатында оларды
салалар мен аумақтар бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және
басқалары.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау,
сақтандыру сферасындағы бақылау, банкті қадағалау түрінде болады.
Салықтық бақылау түсімдердің бюджетке толық және дер кезінде түсуін,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен алымдар туралы қолданылып
жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге шақырады. Салықтық бақылаумен
меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер,
сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және аналитикалық қызметтің мынадай
түрлерімен қамтылған: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпараттарды, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл
ақпараттарды талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде
ұсыныстар жасау, шығындардың белгіленген нормалар мен нормативтердің
орындалуын бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды
жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды,
иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік
бақылау бюджеттен қаржыланатын кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда,
сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік емес сектордың жұмыс
жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарда жүргізіледі.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау мемлекеттік сақтық қадағалау
нысанында сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде толық қалыптасуын,
мақсатты жұмсалуын, сақтық операциялардың дұрыс жүргізілуін, сақтандыру
туралы заңның талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының
орындалуын жүзеге асырады.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысандарындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау. Микродеңгейдегі
қаржылық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы
міндеттемелердің орындалуының дер кездігі мен толымдылығын
қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
- ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік
есепті дұрыс жүргізуге, есептілік жасауға және басқаларға
жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі бұл деңгейде
бақылаудың объектісі болып табылады.
Қаржылық бақылауды жүргізуші субъектісіне байланысты қаржылық бақылау
келесі түрлерге бөлінеді:
- жалпы мемлекеттік бақылау;
- ведомстволық бақылау;
- қоғамдық бақылау;
- шаруашылық ішілік бақылау;
- парламенттік бақылау;
- аудиторлық бақылау;
Жалпы мемлекеттік бақылау ведомстволық бағыныштылығына, меншік
нысанына қарамастан кез-келген объектіге қатысты қолданылады. Жалпы
мемлекеттік бақылауды мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге
асырады. Жалпы мемлекеттік бақылау салықтық, бюджеттік, валюталық және
кедендік бақылау болып ажыратылады.
Барлық атқарушы органдар қаржылық бақылауды жыл сайынғы сәйкес бюджет
жобасын қарастыру және оның сессиясында орындалғаны туралы есепті қарастыру
кезінде жүзеге асады. Маңызды бақылау қызметтерін өкілетті органның
бюджетік жобалық және салалық тұрақты комиссиялары атқарады және олар
бюджет жобасын және оның орындалуын сессия басталғанша шамамен қарастырады.
Ведомстволық бақылау жекелеген министрліктердің құзіреті шегіндегі
жүйеге енетін ведомстволық кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер құзіретінде
жүргізіледі. Ведомстволық бақылаудың негізгі міндеттері:
- тапсырмалардың орындалуын бақылау;
- материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді жұмсалуын
бақылау;
- сақталынуға;
- бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне бақылау болып табылады.
Ведомстволық бақылау шегінде шаруашылық ішілік бақылау жүзеге
асырылады. Шаруашылық ішілік бақылау нақты шаруашылық субъектілерінің қаржы
шаруашылық қызметіне бақылау жүргізуді қарастырады. Бақылаудың бұл түрі
өндірістің бірінші звеньясындағылардың қаржы ресурстарын, өндірістік
қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, шығынды азайтуға, түрлі
қаржылық тәртіп бұзушылықты азайтуға бағытталған жауапкершілікті арттыруға
көмектеседі.
Ведомстволық бақылау шегінде шаруашылық ішілік бақылау жүзеге асады.
Шаруашылық ішілік бақылау нақты шаруашылық субъектілерінің қаржы шаруашылық
қызметіне бақылау жүргізуді қарастырады.
Қоғамдық ұйымдық бақылау қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қаражат
қозғалыстары мен қорларға жүргізетін бақылау түрі. Қоғамдық қаржылық
бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар
орындайды. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақты
міндеттерге байланысты болады. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық
жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне
жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл органдардың
қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әртүрлі
қоғамдық ұйымдар қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ
аудиторлық фирмаларды да алады.
Бақылаудың объектісі – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге
сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.
Тәуелсіз бақылау немесе аудиторлық бақылау объектісіне тәуелсіз түрде
арнайы тапсырыспен жүргізілетін бақылау болып табылады. Аудиторлық бақылау
– ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы
аттестаттаған аудитор біліктілігінің берілуі туралы куәлік алған жеке
тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік
корператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті
жүзеге асыру үшін кез-келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық
аудиторлық ұйымдар да жүргізеді.
Аудтиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлық
қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға,
оның төлем қабілетін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға
бағытталған.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау алдын-ала
бақылау, ағымдық және кезекті қаржылық бақылау болып бөлінеді.
Ағымдық қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде
шаруашылық қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал
құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын
қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген
ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау
шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.
Кезекті қаржылық бақылау – қаржы операцияларын жасағаннан кейін
жүргізілетін бақылау және алдын-ала бақылау мен ағымдық бақылау кезінде
анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
Алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі
көзбен шолып (визуалды) тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге
актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиім салу және тоқтату туралы
жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кезекті қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындар: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру
шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, теңгерімдердің, салық
есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық-
қаржы жұмысының жеке жақтарымен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде нақты әдістер қолданылады.
Әдістерді қолдану бақылаушы органның мақсаты мен бақылау объектісіне сәйкес
анықталады. Қаржылық бақылаудың келесідей негізгі әдістері қолданады:
- ревизия;
- тексеріс(құжаттарды, есеп-қисапты, есепті тексеру);
- зерттеу;
- қаржылық жоспарлардың жобасын, өтініштерді, шаруашылық қаржылық
іс-әрекеттің есебін қарастыру;
- лауазымды тұлғалардың ақпараты;
- баяндама тыңдау.
Қаржылық бақылаудың әдістері мен тәсілдері есептеуіш техниканың
ақпараттық жұйесінің базасы негізінде әсер етуінің арқасында үнемі
жетілдіріліп отырады.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізу ережесі мен
әдістемелерінде көрініс табады.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – ревизия болып табылады. Ол латын
тілінен аударғанда қайта қарастыру деген мағынаны береді.
Ревизия–кәсіпорынның, ұйымның өткен белгілі бір уақыт аралығындағы қаржы
шаруашылық әрекетіне әлдеқайда терең зерттеу жүргізу немесе қайта
қарастыру. Ревизия тексеру объектісіне байланысты құжатты, нақты, толық
және таңдамалы болып бөлінеді.
Құжаттық ревизия ақшалық құжаттарды тексеруді қарастырады. Нақты
ревизия материалдық құндылықтардың ақша қаражатының бар болуын тексеруі.
Толық ревизия жағдайында белгілі бір уақыт кезеңіндегі шаруашылық
субъектісінің қарекетінің барлық жақтары толық тексеріледі. Таңдамалы
ревизия кезінде шаруашылық субъектісінің қаржы шаруашылық қарекетінің
жекелеген жақтары тексеріледі. Осы таңдамалы ревизия шегінде тақырыптық
ревизия жүргізіледі. Бір типті бірнеше кәсіпорындарға қаржы шаруашылық
қарекетінің жекелеген түрлері бойынша тексеру. Ұйымдастырушылық белгісіне
қарай ревизия жоспарланған, жоспардан тыс және кешенді болып бөлінеді.
Ревизия тәсілдері:
1. Материалдық құндылықтарды түгендеу;
2. Кассадағы ақша-қаражаттың бар болуын тексеру;
3. Тексерілетін объектінің қарекетінің жоспарлық, нормативтік және
есептік көрсеткіштерін тексеру;
4. Құжаттық тексеру;
5. Ыңғайласқан тексеру.
Ревизия жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Бағдарламада ревизияның
мақсаты, тексерілетін объекті, ревизия тақырыбы және негізгі сұрақтар
көрсетіледі. Ревизия нәтижесі бойынша акт жазылады. Актіге ревизия
жүргізуші топтың жетекшісі, кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер қол қояды.
Кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер ревизия қорытындысы бойынша
келіспеушіліктері мен ескертулерін жазбаша баяндап, актіге қосымша ретінде
ұсынады.
Тексеріс пен зерттеу кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің
қаржылық шаруашылық қарекетінің жекелеген сұрақтары бойынша қаржы
шаруашылық субъектілеріне бақылаушы органмен жүргізілетін тексеру.
Зерттеу мен тексеру көп жағдайда өз тақырыбын иеленетіндіктен,
тақырыптық болып табылады, шаруашылық органының шаруашылық және
қарекетінің жекелеген учаскелерінің жағдайын айқындау болып табылады.
Қаржылық жоспарлардың жобасын қарастыру негізінен бюджет есебінен
қаржыландырылатын шаруашылық субъектілерге қатысты қолданылатын әдіс.
Бюджеттік қаржыландыру кезінде бюджет жобасының шығындарын нақтылау
жағдайында бюджеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыландыруға ұсынатын
қаржылық жоспарлар жобасының нормативтік, мемлекеттік көрсеткіштерге
сәйкестігі тексеріледі.
Заңды және жеке тұлғалардың бақылаушы органдарға жасаған өтіліміне
сәйкес өтініште көрсетілген субъектінің қызметіне бақылау жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір уақыт аралығындағы шаруашылық
субъектінің қызмет ету жағдайына, оның нәтижесіне бақылау жүргізіледі.
Шаруашылық есепті қарастыра отырып, шаруашылық есепті қарастыру бағытындағы
олқылықтар мен кемшіліктер анықтап, оған баға беріледі.
Баяндама тыңдау – жылдық жиналыстарда шаруашылық субъектлерінің
күнделікті жиналыстарда жасалатын баяндамадағы ұсынылған мәліметтерге
байланысты шаруашылық қызмет ету жағдайына сыртқы бақылау жүргізіледі.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен,
бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп
анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін
дұрыстап ұйымдастырумен анықталады.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілеріне, мақсаттарына, міндеттері мен функционалдық
орналымына қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады. Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау
ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез-
келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен
басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан
Республикасының Парламенті, Үкімет, Республикалық бюджеттің атқарылуына
бақылау жасау жөніндегі Есеп Комитеті, Қаржы және мемлекеттік кіріс
министрліктері, Ұлттық Банк, жергілікті өкілетті органдар (депутаттардың
мәслихат жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдар.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың
бақылаушылық, соның ішінде қаржы – несиелік қызметін ғана бағалап қоймайды,
сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап
отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады. Өздерінің
өкілеттілігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жерлердегі атқарушы
органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылауды министрліктердің, ведомстволардың,
жергілікті органдарының басқармалары мен бөлімдері, ведомстволық бақылаудың
шеңберіндегі ішкі шаруашылық қаржылық бақылауды шаруашылық жүргізуші
субъектілердің экономикалық қызметтері ( бухгалтериялар, қаржы бөлімдері
және т.с.с) жүргізеді. Мұнда субъектінің өзінің, сондай – ақ оның
құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылау объектісі
болып табылады. Ірі кәсіпорындарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкі
шаруашылық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау
тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ішкі шаруашылық бақылау қаржылық
бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері
тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда ішкі
шаруашылық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz