Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі
1.1 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу

тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Н.Ә.Назарбаевтың дипломатиялық
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
2.1 Қазақстан Республикасының СІМ-нің құрылымы және оның
қызметі ... ... .19
2.2 Қазақстан Республикасы СІМ-нің шет елдегі
мекемелері ... ... ... ... ... ... . ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қатынастарының, сыртқы саясаттың, қазіргі әлемдік аренадағы
халықаралық қатынасын жетік білуді қажет етеді. Қазақ хандығы қалыптасуы
кезеңінен бастап 1991 жылы тәуелсіздік алғалы бері халықаралық
қатынастардағы саяси ұстамы мен бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттің саяси
бағыттарының даму ұстанымдарын зерттеу мәселесінің өзектілігі болып отыр.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметі бастау алады. Ал негізінен қазақ халқы қалыптасып,
Қазақ хандығы құрылған кездің өзінде қазақ дипломатиясы болғандығын сол
кездегі елімідің көршілес мемлекеттермен орнатқан байланыстарынан, олармен
тығыз қарым-қатынастарынан көруге болады. Қазақстан дипломатиясының негізін
қалаған Қазақ хандығы дипломатиясына Ресейдің бодандығына түскеннен кейін
жоғалу қаупі туды. Алайда, өз тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі қайта
қалыптасқан дипломатия қазіргі Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы
теңқұқықтық әріптестіктер мен қатынастар орнатуда қызмет етуде.
Тәуелсіздік алған күннің өзінде әлемге бейбітшілікті, қауіпсіздікті
қалайтын ел екенімізді түсіндірдік. Бұл мақсатта Президентіміз
Н.Ә.Назарбаев қол қойған келісімдері, Қазақстанның халықаралық беделді
ұйымдармен байланыс орнатуы, аймақтық қауіпсіздік ұйымдарын құрудағы
ықпалдастық Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстардағы орнын
айқындап берді. Берік негізден бастау алған еліміз қазіргі кездегі беделді
мемлекеттер қатарына кіреді. Бұл жетістіктерде Қазақстан Республикасының
өзіндік ерекшелігі бар дипломатиялық қызметінің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметінің құрылымының түп тамырынан зерттеп, даму
ерекшеліктерін анықтау. Құрылымының ерекшелігін анықтау. Бұл мақсаттарға
жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделді:
• Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу
тарихын сипаттау;
• ҚР-ның дипломатиялық қызметінің дамуын талдау;
• ҚР-ның Президентінің дипломатиялық ұстанымын бағамдау;
• Қазақстан Республикасының СІМ-нің құрылымы мен оның қызметін
анықтау;
• Қазақстан Республикасының СІМ-нің шетелдегі мекемелерінің
қызметін талдау, салыстыру.
Жұмыстың методологиялық негізі. Бұл тақырыпты зерттеп, жан-жақты ашып
қөрсетуде тарихи талдау, салыстыру, жүйелеу, бақылау әдістері пайдаланылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелуі қазіргі кездегі
мәселелері ауқымында қаралатын Қазақстанның дипломатиялық қызметі талдауға
негіз жасаған тарихшы, саясаттанушы, дипломаттардың назарынан тыс қалған
емес.
Бұл жұмысты зерттеуде көптеген монографиялар, мақалалар пайдаланылды.
Қазақстанның дипломатиялық қызметін зерттеуге бағытталған еңбектер қатарына
Н.Ә.Назарбаев, Г.К.Шалабаев, Қ-Ж.Токаев еңбектерін атауға болады. Қ-
Ж.Токаевтың Дипломатическая и консульская служба Республики Казахстан,
Қазақстан Республикасының дипломатиясы атты еңбектері автордың өмірлік
тәжірибесіне негізделген Қазақстан дипломатиялық қызметі туралы мол
мағлұмат беретін кітаптар болып табылады. Қазақстан дипломатиясының
қалыптасуы, оның дамуы және халықаралық байланыстардағы орнын анықтайтын
бұл кітаптар сонымен қатар Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
Республикасының дипломатиясына қосқан үлесі және ұстанатын бағыт-бағдарын
көрсетеді. Автордың өз тәжірибесіне негізделгендіктен оның еңбектері үлкен
маңызға ие. Н.Ә.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында атты еңбегі – Қазақстан
Республикасының қалыптасып, мемлекет ретінде даму тарихына арналған кітап.
Мұнда Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуы
қарастырылып, курстық жұмыстың жазылуына арқау болды.
Курс жұмысының деректік негізіне 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметі туралы заңы, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар
туралы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасының елшілігі туралы,
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің міндеттері мен
құқықтары туралы ережелер алынған.
Курс жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақ хандығының құрылғанынан
бастап Қазақстан Республикасының КСРО құрамындағы және қазіргі күнге
дейінгі кезең арасындағы дипломатиялық және консулдық қызметтің қалыптасуы
мен дамуын қамтиды.
Курс жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі
тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметі
1.1 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу
тарихы
1944 жылдың 13 сәуірі күні Қазақ КСР Сыртқы істер комиссариатын құру
жөнінде қаулы шықты. Сол жылы аталмыш ведомство құрылды. Біреулер қазақ
дипломатиясының тарихын содан бастау керек деп ұғынса, тағы біреулер 1992
жылдың 2 шілдесі күнгі Сыртқы істер министрлігін құру жөніндегі ереженің
бекітілуіне сәйкес қазақ дипломатиясының тарихын осы күннен бастау керек
дейді. Біз Қазақ хандығы құрылғаннан бастап есептегенде, кем дегенде бес
ғасырдан аса тарихқа ие іргелі елміз. Қазақ хандығы өз заманында, өз
уақытына сәйкес өзінің дербес ішкі және сыртқы саясатын жүргізді. Қазақ
хандығы сол кезде халықаралық құқықтың субъектісі бола білді. Бұл
дегеніміз – нағыз дипломатия. Қазақ хандығы сыртқы саясатының негізгі
мақсаты – елді, жерді жатпиғылдылар экспансиясынан қорғау болды. Қазақтың
мемлекеттігімен қатар оның дипломатиясы да қалыптасып, дамыды. Ал қай кезде
де дипломатиясыз мемлекет болмаған. Сондықтан да қазақ дипломатиясының
іргетасы Қазақ хандығы құрылған кезде қаланды деп айтуға толық негіз бар.
Әрине, ол уақыттың өз ерекшеліктері болды. Вена конвенциясы болмаса да, ол
кездің елшілердің жүрісін қамтамасыз ететін, оларды қорғайтын өз ережесі
болды. Қазақ атын паш еткен тәуелсіздік өз кезінде халықаралық құқықтың
субъектісі бола білген Қазақ хандығынан біздің тәуелсіздігіміз басталады.
Біз айта қаларлықтай өз тарихы, дүниетанымы қалыптасқан елміз. Бұл бізге
кезекті мәрте бұйырған тәуелсіздік болып табылады. Біздің бес ғасырлық
мемлекеттік тарихымыз бар. Кең байтақ жеріміз бар, орасан байлығымыз бар.
Осының бәріне ие болып, тәуелсіздікті сақтап қалу – бүгіннің де, болашақтың
да ең негізгі мақсаты болып табылады [1].
Қазіргі жаһандану жағдайында біреудің орына түсіп, жетегінде кету
оңай. Тәуелсіздікті сақтау деген байлық пен жерді қорғау, тарихты қорғау
дегенді білдіреді. Бабалардан қалған асыл игілікті ертеңгі ұрпақ өз
кәдесіне жарата білу керек. Қазақ жеріндегі қорды қазақтың болашағына
жұмсау қажет. Бүгінде кім болса сол қазақстандық дегенді желеу етіп
жүгіріп жүргенін көреміз. Ал жер қазақтікі болғанда, сол жердегінің бәрі де
қазақтікі болып есептеледі. Соны дұрыс түсініп, дұрыс жаратқанда,
бабалардың алдында да, басқа елдің алдында да еңсеміз асқақтамаса,
аласармайтыны анық. Қазақ дипломатиясының өзегі алғашқы Қазақ хандығын
құрып, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына
жазылған Керей мен Жәнібектен басталып, Әбілқайыр, Абылай хандар сынды
азаматтарымыздың есімімен өріліп, бүгінгі Қазақстанның жаңа тарихымен
астасып жатыр [1].
Белсенді дипломатиялық қызметтің нәтижесінде халықаралық қатынастар
жүйесінде Қазақстан өзіне лайықты орнын тауып, үлкен беделге ие болды.
Бүгінгі Қазақ елін әлем негізді және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет
ретінде таниды. Әлемдік қоғамдастықтағы серіктестермен тең құқылы және
өзара тиімді қатынастар дамытуға мүдделілік, жаһандық және аймақтық
саясаттағы сындарлы да табанды ұстанымдар халықаралық аренада Қазақстан
Республикасы туралы оң көзқарастар қалыптастырды. Жас мемлекетіміздің
дербес дипломатиялық қызметі осындай нәтижелермен келіп отыр [2,14б.].
Бүгінгі Қазақстанның дипломатиялық корпусы мыңнан астам жоғары білімді
кәсіби қызметкерлерден жасақталған. Қазір әлемнің түрлі елдерінде
Қазақстанның 70-тен аса дипломатиялық және консулдық өкілдіктері жұмыс
істейді. 7 халықаралық ұйымда ресми өкілдеріміз бар. Біріккен Ұлттар
Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді бүгінгі
таңдағы маңызды халықаралық құрылымдардың белсенді мүшесіміз [3].
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы
декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа және
экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің алдында
халықаралық құқықтық жас субъектісі ретінде басқа мемлекеттермен
әріптестік қарым-қатынас, байланыс орнатуға кең көлемде мүмкіндіктер
ашылды. Өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, ҚР-ның
дипломатиясының басты бағыты – халықаралық құқықтың субъектісі болып
табылатын әлемнің кез-келген мемлекетімен әріптестік пен әділеттілік
ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті
елімізді таныды [2,26б.].
Шығыста Қытай, солтүстікте Ресей, батыста Каспий маңы мен Еуропалық
Одақ елдерімен, алыс қиырдан АҚШ пен Жапония секілді өркениет пен
экономикалық даму көшін бастаған қуатты мемлекеттермен өзара тең құқылы
серіктестік қарым-қатынас орнаттық. Қуаты жағынан әлемде 4-ші орынды
иеленген ядролық қаруымыз бола тұра, төрткүл дүние тыныштығы мен адамзаттың
бейбітшілігі үшін жаппай қырып-жою қаруынан өз ықтиярымызбен бас тартып,
ядролық державалар тарапынан бейбітшілік пен аумақтық тұтастығымыздың
сақталуына кепілдік алдық. Бұйығы елдер санатында бұғып қалмай, жаңа заман
қауіп-қатерлеріне қарсы жұмылған жаһандық іске өз үлесімізді қосып,
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақырдық.
Бүкіл әлемге “ислам терроризмі” деген желеумен қасиетті ислам дініне теріс
көзқарас таңылып жатқанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін
өткізіп, мұсылмандық зорлық-зомбылықтың емес, өркениеттің діні, өзегі
екенін паш еттік. Алла көп көрмесін, ұлтаралық татулық пен дінаралық
келісімнің ұйытқысы ретінде әлем назарына толеранттылық, төзімділік
үлгісін тараттық. Осының бәрі — елдегі тұрақтылық пен саяси жүйенің
сенімділігі, қолайлы инвестициялық ахуал әлеуетті инвесторлардың кемесін
біздің елге қайырлатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде экономиканың дамуы
жағынан Орталық Азияда көш ілгері шығып, өзіміз инвестор болатындай қалетке
жеттік. Әлбетте, мұның бәрі ең бірінші ел келбетін танытқан Елбасының қажыр-
қайратының және Президент саясатын сыртқы әлемде лайықты қамтамасыз ете
білген дипломатиялық корпустың атқарған жұмыстарының жемісі екені даусыз.
[4,с.197]
Қорыта айтқанда, Қазақстан қашан да төңірегіндегілермен өз уақытына
тән дипломатиялық қатынас қалыптастырған. Бұл әрине қазіргі күнгі басқа
мемлекеттермен ара-қатынастарымыздың айқын ділелі болуда. Яғни бүгінгі
жағымды жағдай – өткен жылдардағы көпжақты дипломатиямыздың жемісі.

1.2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі ресми түрде 1991
жылдан басталды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы Істер Министрлігі
құрылып, алғашқы басшысы – Т. Сүлейменов болды. 1992 жылы СІМ-гі туралы ҚР
Президентінің жарлығы шықты.
СІМ ұйымдастырылып, сыртқы саясаттың бағдары белгіленді. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының елшілігі туралы, Қазақстан
Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің міндеттері мен құқықтары
туралы ережелер қабылданды. Сыртқы саясаттың негізгі мақсаты, принциптері
мен негізгі бағыттары белгіленген концепция жасалынды. Онда Қазақстан
Республикасының дипломатиялық қызметінің басты мақсаты – елдегі
экономикалық , әлеуметтік реформалар жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы
жағдай жасау және шетел инвестицияларын елге тарту деп көрсетілді [2,38б.].

Өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, ҚР-ның дипломатиясының
басты бағыты – халықаралық құқықтың субъектісі болып табылатын
әлемнің кез-келген мемлекетімен әріптестік пен әділеттілік
ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті
елімізді таныды.
Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және
экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен
тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігер жұмсалды. Осыған орай
сыртқы саяси қызметке басымдық берілді. Сыртқы Істер министірін құру
оңай іс болған жоқ. Біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз
жұтаң еді, өйткені, ол Кеңес Одағы кезінде дипломатиямен байланысты
емес қызметпен шұғылданатын. Сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне
дипломатиялық кадрларға байланысты шешіледі. Сондықтан алғашқы кезде
КСРО Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында және шет
елдерде жұмыс істеп қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси
ведомствосына қызметке шақырылды. Республикаға он екі жоғары
маманданған дипломаттар келді,солардың бірі – Қ. Тоқаев , 1994 жылдың
қазан айынан еліміздің Сыртқы Істер министрі. 1992 ж. Сыртқы Істер
министрлігі отыз адамнан тұрды. Осылай бірте – бірте даму үрдістері
жүріп жатты [6,9б.].
Келешектегі сыртқы экономикалық мақсаттар қандай болуы керек? Алдымен,
ҚР-ның мемлекеттік егемендігінің, территориялық тұтастығын, шекаралардың
бұзылмастығын, экономикалық және экологиялық кауіпсіздігі, қоғамдық-
саясаттың және этносаясаттың тұрақтылықты әрі қарай күшейтумен байланысты
шешімдер қабылдау.
Басты сыртқы саясаттық мақсат – Ресей Федерациясымен қатынастарындағы
қарама-қайшылықтар мен шешілмеген сұрақтарға қарамастан ішкі және сыртқы
саясат бағытындағы достық және одақтық қатынастарды сақтау мен нығайту.
Қазақстанның Ресейлік сыртқы экономикасындағы бағыты ең келешегі зор және
көптеген назарды және күшті қажет етеді. Ресей бағытындағы Қазақстандық
дипломатиялық негізгі мақсаттарының бағыты – КСРО құлдырауымен және
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуындағы бағыты Қазақстан-Ресейлік
қатынасындағы қарама-қайшылықтарды және проблемаларды шешуді жүзеге асыру.
Оған көз жұмбай, өздерінің мұқтаждарын есепке ала отырып, келіссөздер
немесе басқа механизмдер арқылы шешу. Экономикалық және қаржылық
арақатынастар, Байқоңыр және әскери полигондар, Каспий теңізінің статусы,
оңтүстік бағыттағы коммуникация және мұнай құбырын салудағы, этникалық
диаспоралар, азаматтық және басқа проблемалар екі ағайын көрші – мемлекет
арасында ешқашан конфликт пен конфронтация туғызбайтындай шешілуі тиіс
[7,46б.].
Маңыздылығы жағынан екінші сыртқы саясаттың мақсаты – ҚР мемлекеттік
егемендігін нығайту территоралиялық тұтастықты және шекараның бұзылуының
мақсатында халықаралық және регионалдық қауіпсіздік жүйелері мен
құрылымдарына қосуын атап өтуге болады. Бұл контекстегі маңыздысы,
Қазақстанның әрі қарай ТМД елдерінің шеңберіндегі ұжымдық қауіпсіздік және
ТМД тыныштық күшін құру коалициясы Ташкент келісімшарты негізінде қызмет
жасау [7,46б.].
Үшінші сыртқы саясаттың мақсаты – қарқынды экономикалық даму,
құрылымдық қайта құру, нарықтық механизм және инфрақұрылымды құруда сыртқы
жағдайлармен, факторлармен қамтамасыз етуін айтуға болады. Қазақстанның
сыртқы саясатындағы қызметінің центрінде экономикалық қауіпсіздік,
энергетикалық тәуелсіздік, транспорттық коммуникация және байланыс
каналдарының диверсификациясы туралы сұрақтар қамтылуы керек [7,47б.].
Министрліктер мен мекемелермен қатар, олардың шешіміне тиісті
жауапкершілігі болатын Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрінің
ролі салмақты болуы керек.
Төртінші ҚР сыртқы саясатындағы маңызды мақсат – Орталық Азия
елдерімен, мемлекеттерімен ағайындық қатынастардың нығаюы мен әрі қарай
дамуы, олармен тек географиялық көршілестік байланыстырып қана қоймай,
ортақ тарихи тағдыр, мәдениеттердің жақындығы, салт-дәстүрлерде
байланыстырады [7,48б.].
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын бейбіт мақсатта жүзеге
асыруды көздеп, барлық ядролық қарудан бас тартты. 1991 жылы Лиссабон
хаттамасына қол қойып, сол жылы БҰҰ-на мүше болды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заң
қабылданды. Оның алдында 1999 жылы Қазақстан Республикасының консулдық
уставы қабылданған болатын [8].
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметін жүзеге асыратын
органдар: СІМ, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, елшілік,
дипломатиялық миссиялар, халықаралық ұйымдағы өкілдік, консулдық мекемелер,
т.б. [3].
2004 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызмет жүйесінде 56 дипломатиялық өкілдік қызмет жасайды. Оның ішінде 32-сі
елшілік, 6 дипломатиялық миссия, 1 Қазақстан Республикасының елшілігінің
бөлімшесі, 3 халықаралық ұйымдағы өкілдік (БҰҰ, ЮНЕСКО, Евразес) және 14
консулдық мекеме. Оның өзі 7 бас және 7 жай консулдық болып бөлінеді
[3,с.16].
Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдерінің міндеттері:
• ҚР-ның сыртқы саясатының бағыттарын жүзеге асыру, сыртқы
экономикалық саясатты жүзеге асыруға көмектесу;
• ҚР тәуелсіздігінің, егемендігінің қауіпсіздігін, территория
тұтастығын, оның саяси- экономикалық және тағы басқа мүдделерін
шетелдегі барлық дипломатия құралдарын және әдістерін қамтамасыз
ету;
• ҚР-ның және оның азаматтарының, заңды тұлғалардың құқықтары мен
мүдделерін шетелде қорғау;
• шетел мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын, әлемдегі саяси
және экономикалық жағдайларын зерттеп отыру;
• ҚР-ның заңдары мен халықаралық құқықтық нормаларды реттейтін
консулдық қызметті атқару.
Қазақстан Республикасының СІМ туралы ережесінде министрдің міндеттері
көрсетілген. СІМ орталық атқару органы болып есептеледі, оның негізгі
міндеттері мынадай:
• ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен концепциясын жасау;
• ҚР сыртқы саяси бағыттарын жүзеге асыру және оның халықаралық
беделін бекіту;
• ҚР-ның шекарасының тұтастығы мен қауіпсіздігін, барлық
дипломатиялық әдістер мен құралдарын қамтамасыз ету;
• ҚР Президентіне сыртқы саяси және сыртқы экономикалық
стратегиясын жасап беру, Президенттің халықаралық ұсыныстарын
жүзеге асыру;
• Басқа мемлекеттік органдардың мақсаттары мен міндеттерін бірігіп
жүзеге асыру [1].
Сонымен, дипломатиялық қызмет – ол дипломатиялық кадрлардың орталық
аппаратта және шетелдерде мемлекеттің сыртқы саясатындағы мақсатын
дипломатиялық құралдар арқылы жүзеге асыруға бағытталғын қызметі.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі тәуелсіздік
алғаннан бері қалыптасты. Сыртқы Істер Министрлігі құрылып, басшысы –
Т.Сүлейменов болды. Дипломатиялық қызмет туралы заң 2002 жылы қабылданып,
қазіргі кезге дейін қызметін орындауда. Онда дипломатияның негізгі
міндеттері белгіленген. Соның арасында ең маңыздылары – тұрған мемлекеттегі
ҚР азаматтарының құқығы мен мүдделерін қорғау, сыртқы саясатты жүзеге асыру
және т.б.

1.3 Н.Ә.Назарбаевтың дипломатиялық ұстанымы
Егемендік жылдары ішінде әлемдік және отандық сарапшылар мен
саясаткерлер аузынан біраз істер қазақстандық ғаламат деп аталды. Бұл
ғаламаттардың негізгі авторы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
болып табылады.
Әбден әлсіреген КСРО деп аталатын державаны Беловежье тоғайында бас
қосқан славян үштігі мемлекеттерінің басшылары біржолата құрдымға құлатты.
Осы мәлімдемені ести салысымен, Қазақстан Республикасының Президенті КСРО
құрамында болған бұрынғы одақтас республикалар басшыларын Ашхабад қаласында
бас қосуға шақырды. Онда Н.Ә.Назарбаев жиналғандарға қалай болғанда да
одақты, бәлкім, мүлде басқа тұрпатта сақтап қалармыз деген сындарлы
ұсынысын айтты. Бірақ бас-басына жеке-дара билеп-төстеуді көздеген олар
ақылды ұсынысты бірден қолданады. Болмысты алдын ала болжай алатын
Нұрсұлтан Әбішұлы мұндайға тыншымай, әлгі әріптестерін қайтадан Алматыға
шақырды. Бұл жолы оларға қажет болып жатса, Орта Азия республикаларымен
Қазақстан да өз бетіне дербес одақ құра алады және алтыны да,
көмірсутектері де, металдары да, астықтары да жеткілікті бұл одақ славян
одағынан әлсіз болмайды. Тағдыр талайында бір-бірімен сан мәрте қырқысқан
еуропалық ұлттар Еуроодаққа бірікті. Ал біз кеше ғана Екінші дүниежүзілік
соғыста бір державаны бірлесе қорғаған, туыстай араласып кеткен ұлттар
емеспіз бе?! Ендеше, бәрібір біргеміз. Бірақ бүгін біріге алмасақ, келер
ұрпақ бізді кешірмейді деген даналық және ағалық сөзін айтып, оған
әріптестерін сендіре білді. Ақыры Алматы декларациясы өмірге келіп, ол ТМД
деп аталатын халықаралық жаңа құрылымды заңдастырды. Қазір саясатшылардың
бәрі де ТМД Н.Ә.Назарбаевтың төл тумасы екенін ашық мәлімдеп жүр. Бұл -
бір. Екіншіден, дүниежүзіне аты мәшһүр сарапшылардың бір тобы түптің-
түбінде, бәлкім, тіпті таяу болашақта ТМД кеңістігінде ең озық үлгідегі
экономикалық одақ құрылады, ол Еуроодақпен интеграциялануы арқылы бүкіл
Еуразия құрлығындағы дамудың кіндігіне және локомотивіне айналады, деген
болжамдарын жариялап үлгірді [9,16б.].
Н.Ә.Назарбаевқа КСРО қирандысынан мұраға қалған Қазақстанды дәл
бүгінгі дәрежесіне жеткізу оңайға соққан жоқ. Өйткені қалай болғанда да
капитализмнен социализмге өтудің ғылыми негіздемесі бар еді. Оның бірі -
маркстік төңкерісшіл жол болса, екіншісі – бүгінгі Еуропада ақиқатқа
айналған төменгі тапты әлеуметтік қорғау арқылы, эволюциялық даму жолы.
Бірақ социализмнен капитализмге өтудің ешбір жолы ғылыми негізделмеген.
Соның салдарынан КСРО-нан енші алған жаңа мемлекеттердің әрқайсысы
өздерінше жаңа жол салды. Бірақ содан бергі өткен жиырма жыл солардың
барлығында дерлік, тіпті Ресей Федерациясының өзінде қателіктер орын
алғанын көрсетіп берді. Ресейдің Кавказ бен Молдова, Украина арасындағы
жанжалдары қанды қырғындарға ұласып, оның ызғары әлі күнге дейін сезілуде.
Көптеген жаңа мемлекеттер жоғарғы билігін бірнеше ауыстырып үлгерді. Бірақ
әлі күнге дейін тұрақты даму арнасына түскендері шамалы. Ал Н.Назарбаев
ғылыми негіздеген социализмнен капитализмге өтудің жаңа жолы бүкіл әлемде
Қазақстан жолы деген теңеуге ие болып, таңғалатындай әсер жасады. Себебі
130-дан астам ұлт пен ұлыс және толып жатқан діндер өкілдері тұратын елде
араздық емес татулық, міне, осының нәтижесінде экономикалық даму өмірдің
ақиқатына айналды. Ал әлемнің небір көреген сарапшылары Қазақстанда
ұлтаралық қақтығыстар болып, оның соңы елдің күйзелісіне ұшыратады деген
болатын. Мінеки, экономикадағы Назарбаев авторы болған қазақстандық даму
жолы осылайша социализмнен капитализмге өтудің төңкеріссіз эволюциялық
тәсілін ғылыми негіздеп, оны өмірдің қозғаушы тетігіне айналдырды [9,16б.].
Кеңестер одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналған сәтте
Президент Н.Ә.Назарбаевтың ең бірінші қолға алған мәселесі - елдің
территориялық тұтастығын халықаралық деңгейде заңдастыру болды. Бұл ретте
КСРО державасының өзіне наразылық білдіріп келген және Қазақстанның ауқымды
бөлігін өз меншігіміз деп жүрген алып Қытай Халық Республикасымен тіл
табысу оңайға соқпады. Бірақ келешекті көре білген дана басшылар
Н.Ә.Назарбаев пен Цинзямин тіл табысып, Қазақстан мен Қытай шекарасы
хатталып, шотталды және заңдастырылды. Бұл ретте Н.Ә.Назарбаев қытайлық
әріптесіне Қазақстаннан азғантай жер талап еткеннен гөрі қарқынды дамушы
Қытай экономикасы үшін Ұлы Жібек жолын жандандырып, соның игілігін көру
әлдеқайда пайдалы екенін толық дәрежесінде түсіндіре алғандығы бүкіл
адамзат тарихына бет бұрысты қадам жасайтын бір іс болды. Бұл күндері Батыс
Қытай - Батыс Еуропа халықаралық автокөлік жолын салу жұмысы Қазақстан
жерінде қарқынды жүруде. Қытай Достық бекеті арқылы Еуропаға кідіріссіз
шығатын болды. Бұған енді бір-екі жылдан соң Қорғас бекеті арқылы өтетін
темір жол тасымал тағы қосылып, алыс-беріс, барыс-келіс қарқынын бірнеше
есеге өсіреді. Сөйтіп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың үшінші ғаламаты аталған
Ұлы Жібек жолы бойынша Еуропаның 8 триллион долларлық, Азия мен Тынық
мұхит елдерінің 15 триллион долларлық жалпы қосындысында 23 триллион
долларды құрайтын жалпы ішкі өнімнің еркін ағысына төте жол ашылатын
болады. Бұл жалпы жер бетіндегі экономиканың үштен екісіне қызмет ететін
үлкен арна болып шықпақшы [9,18б.].
ТМД құрушысы осынау халықаралық құрылым онша жеміс бермей
тұрғандықтан, Мәскеудің М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде
оқытушы-профессорлар мен студенттердің және Мәскеу зиялыларының алдында
дәріс оқып, өзінің Еуразиялық интеграция туралы идеясын ғылыми негіздеп
берді. Біз қазір бір-бірімізден алыстауға ынталы болып алдық. Ал түптің
түбінде біз бәрібір жақындасуға мәжбүр боламыз. Онан да қазір Еуразиялық
интеграциялық қауымдастық ашайық, Еуропа осылай дамыды. Біз де дамудың
дұрыс жолы сол екенін кеш түсініп қалмайық деді сол жиында біздің елдің
Президенті. Кезінде осы ұстанымы үшін Н.Ә.Назарбаевты басқаны былай
қойғанда, Мәскеудің ғұлама ғалымдары да, саясаткерлері де күстәналаған еді.
Бірақ зымыран уақыт біздің Елбасымыздың бұл ұстанымы дамудың өміршең жолы
екенін көрсетіп берді. ТМД ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа
біріккен мемлекеттердегі даму басқаларға қарағанда қарқындырақ жүруде. Ал
осы қауымдастық ішіндегі Кеден одағы түптің-түбінде барлық қиындықты
бірлесіп қана жеңуге болатынын ұғындыратын бір тетік болып шықпақ.
Н.Ә.Назарбаевтың мұндай идеяны ұсынғандағы басты мақсаты тұтастай алғанда
Еуразия деп аталатын алып құрлықта толық интеграцияға жол ашу екені сөзсіз.
Бұл күндері әлемдік даңқы бар ғалымдардың өзі былай деп болжам жасайды:
ТМД аумағында үлкен экономикалық бірлестік пайда болады. Бұл Еуропаның
Қытаймен, Тынық мұхит елдерімен жақындасуында алтын көпір қызметін
атқарады. Екіншіден, бұл жаңа бірлестіктің өзіндік халықаралық валютасы
болатындықтан, ол доллармен күресте евроға көмекшілік қызметін атқарады.
Ақыры осындай жекелеген аймақтарда пайда болған жаңа валюталар біртіндеп
долларды айналымнан ығыстырып шығады. Демек, біздің Елбасымыз бұл жолы да
адамзат бұрын жоспарламаған да идеяны өмірге әкеліп, оның жүзеге
асырушысына айналып отыр. Ендеше, мұны адамзат тарихындағы экономикалық
жеті ғаламаттың бірі қызметіне лайық демеске амал жоқ [9,20б.].
Саяси ұстанымы жағынан Еуроодақ түгіл, АҚШ мемлекетінің өзіне қарама-
қайшы келетін көп тұстары бар Ресей Федерациясы мен Қытай Халық
Республикасының қоршауында тұрған Қазақстан Республикасының көптарапты
экономикалық саясат (много векторная экономическая политика) ұстануы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Мемлекетаралық қатынас - дипломатия
Дипломатиялық құқық
Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дипломатиялық және консулдық құқық ұғымы
Пәндер