Жергілікті басқарудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ5
1. 1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері5
1. 2 Жергілікті атқарушы органдар құрылымының негіздері8
1. 3 Жергілікті шаруашылықтың қалыптасу барысы мен құрылымы12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ17
2. 1 Жергілікті өзін-өзі және мемлекеттік билікті басқару тәжірибесі17
2. 2 Қазіргі кездегі жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері20
2. 3Жергілікті өзін-өзі басқарудың даму перспективалары25
ҚОРЫТЫНДЫ30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ31
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: «Қазақстан - 2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды.
Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікір-таластарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселені шешу туралы көптеген пікірлер айтылуда және әр түрлі тәсілдер ұсынылуда.
Бүгінгі күн тәртібіне өткір қойылып отырған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі жергілікті шаруашьшықты қалыптастыруға, оны жетілдіруге бірден-бір бастама болып табылады. Ауыспалы кезеңде қаржы ресурстарын әр түрлі билік деңгейлері арасында қайта бөлу, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржылық көмек көрсету тетіктері бар. Жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіру үшін де алдымен оның қаржылық астарын қарастыру лэзім. Өйткені, біздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, инвестициялық және тағы басқа әлеуетін салыстырмалы түрде қарастырғанда оның көрсеткіштерінің деңгейі едәуір алшақтықпен сипатталатынын көреміз. Аймақтардың қаржылық мүмкіндігін кеңейту, олардың қаржы саласындағы дербестіктерін арттыру жергілікті шаруашылыкты дамытудағы ең басты мәселе. Сондықтан да жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджетке трансферттер, субсидиялар бөлу унитарлы және федерациялы мемлекеттерде кеңінен тараған. Яғни қаржылық ағымдар процесі бюджет аралық қатынас-тар негізін кұрайды.
Әлемдік тәжірибені зерттеу барысында басқару мен өкілеттіктерді орталықтан алу шарасы үшін қандай да бір жетілген модельдің жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Бір мемлекет үшін қолайлы модель, келесілер үшін мүлдем тиімсіз болуы ықтимал. Әлем тәжірибесінен жергілікті билік органдарының құзыретіне қаржыларды бөлу үш түрлі үлгінің шеңберінде жүзеге асатынын көруге болады.
Біріншісінде салық түсімдері орталық үкіметке аударылады. Бірақ мұндай жағдай басқару деңгейлері арасында табыстарды тең бөлудің нәтижесіне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан да бұл мемлекеттің ресурстарын ұлғайтудың тиімді әдісі емес. Сонымен бірге экономиканы қаржыландыруға барлық жергілікті шаруашылықтар тең жағдайда қатыса алмай қалулары да мүмкін. Мұндай жүйе бұрынғы Югославияда орын алған еді. Екіншісі салықтық өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу орталық үкіметтің құзырында болуын көздейді. Бұл үлгіде үкімет жергілікті бюджеттерден түскен қаржыны арнайы салықтың көмегімен кері гранттар мен трасферттер түрінде қайта бөледі. Осы үлгінің басты кемшін тұсы - алынатын салықтар көлемі мен оларды жұмсау арасындағы байланыс бұзылады. Табыстар мен шығындарды осылайша бөлу бұрынғы Кеңес Одағында және Венгрияда қолданылды. Үкімет тарапынан төменгі тұрған бюджеттерге гранттар бөлу Франция, Италия, Нидерланды сияқты индустриясы дамыған елдерде әлі күнге дейін бар. Үшіншісі жергілікті басқару органдары салық салу мәселесінде құқықтары мол болатынын көрсетеді. Осылайша, аумақтық бірліктердің қаржылық дербестіктері нығая түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың даму перспективаларын айқындау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
- жергілікті басқарудың теориялық негізін ашу;
- Жергілікті шаруашылықтың қалыптасу барысы мен құрылымы
- жергілікті басқару органдарының құрылымын талдау және қатынасын реттеу
- Қазақстан Республикасының жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін сараптау
- Қазақстан Республикасының жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың даму перспективаларын анықтау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
"Менеджмент" яғни басқару түсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті басқару формасы бойынша муниципалды менеджмент. Жергілікті өзін - өзі басқаруға ұқсас болып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланғандай. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін - өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай - ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қоса Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген өкілеттігі олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Нарықтың байланыстардын даму шапшандығымен аймақтарды ірілендіру процесі құқықтық, қаржылық және әлеуметтік - экономикалық шарттары жергілікті өзін - өзі басқару органдары тиімді жұмыс істеуін талап етеді.
ТМД - елдерінің, жергілікті өзін - өзі басқару заңының үлгісіне сәйкес. "Муниципалдық құрылым" - бұл қалалық және ауылдық халық, бір аумақпен біріктірілген, сол арада муниципалды өзін - өзі басқару жүзеге асатын. Жергілікті және меншікті болу жергілікті бюджет және сайланбалы жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ескере муниципалдық құрылымын шекарасын, тарихи жағдайда және басқа да жақтарын қарастыра, Мемлекеттік билік органдары белгілейді.
Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай, ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық - әкімшілік системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті демократиялық басқаруды теңейді.
Әрине басқарудың жаңа системасын бола тура муниципалдық менеджменте Қазақстан Республикасында керекті құқықтық актілердің өзіне болмауына және экономикалық дағдарысын салдарынан үлкен қиындық көруде. Бұл системанын тиімділігі, дүние жүзінің көптеген қалаларда нарықтың экономикалық қалыптасуымен дәлелденген және мақсатқа лайықтылықпен.
Басқа да жаңа экономикалық пәндер - сияқты муниципалдық менджментте шінің жаңа терминалогиясын, жаңа түсінігін енгізеді, және де болашақ Мемлекеттік және муниципалдық басқарушы маман осы жаңалықтарда білуге тиіс.
Сонымен "муниципалдық", "жергілікті" сияқты терминдер сол аумақтағы өндірістерде, зауыттарда және басқа да салаларда қолданылады.
"Муниципалдық меншік" түсінігі - бұл муниципиялдық аумақтың меншігін білдіреді. Муниципалдық меншікпен жергілікті өзін - өзі басқару органдары басшылық етеді. Жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасын атқарушы орган біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізіледі қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдарын қарауына мыналар жатады:
1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламарын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2. коммуналдық меншікті басқару;
3. жергілікті атқарушы органдарын басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдарын жүмысын ұйымдарға байланысты өзге де мәселерді шешу.
4. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
5. жергілікті атқарушы органдарын құзыреті ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен бегіленеді.
Жергілікті өкілетті органдар - маслихатгар тиісті әкімшілік -аумақтың, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларда белгіленеді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Маслихаттарда жалпыға бірдей, тән төте сайлауын құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 - жыл мерзіміне халық сайлайды.
Маслихатын қарауына мыналар жатады.
1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламарын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2. өздерін қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік - аумақтық құрылыс мәселерін шешу;
3. Заңмен маслихат құзыретіне жатқызылған жергілікті атқарушы органдар есептерін қарау қажет.
Муниципалды менеджментте қолданылады. Ол менеджменттің одан кейбір маркентигтің, экономика теория негіздерін, микро және макро экономика, статистика, психология және басқа да пәндері мен байланысады.
Муниципалдық менеджменттін ғылыми зерттеледі басқа да, ғылыми әдістер қолданылады, солардың ішінде:
Монополиялық талдау әдісі - экономиканың даму деңгейінің пайдаланылмыған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салаларының қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы немесе керісінше және тағы басқа.
Баланстық әдіс - жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бүл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып саналады.
Баланстың әдістің экономикалық математикалық құндық, еңбек ресурстары сияқты түрлері бар.
- Еңбек балансының көптеген экономика сияларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халық шаруашылығы жанандырады, жүмысшыларды жүмыспен қамтамассыз ету көрсеткіштерімен анықталады.
- Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтық өкілі мен үлттық табыс бөлудегі дұрыс экономикалық пропорцияларды құрылады.
- Жоспардың экономикалық тиімділік тұрғысынан оптималды варианттарын анықтау үшін экономикалық математикалық әдіс қолданылады құбылыстардың математикалық модельдерді құрылады.
Осылармен қоса статистикалық әдістерінде орны ерекше.
Статистикалық әдіс - индекстерді есептеу үшін және ұқсас талдау жасау үшін муниципалдық менеджментте кеңінен қолданылады.
ҚР - ның Конститутциясында негізгі бастамалары мен қызмет әрекеті бекітілген. Сонымен қоса, Республикасының субъектілеріне -қалалар, аудандар, ауылдарда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі әр түрлі, жергілікті өзін - өзі басқару бүл өзінше бір бөлек басқару жүйесі, яғни мемлекеттік биліктің үш тармағы: заң шығарушы атқарушы және сот билігінен мүлдем бөлек.
Бүгінгі күні аудандарын Республикаларының обылыстарының жүйесіне тиімділігі басқару құрылымын нәтижелілігімен анықталады және барлық субъсидияда, облыстарда және басқада деңгейлерде басқару аппаратын қысқарту процесі жүргенде.
Бұл мына жағдаймен түйінделеді:
- Басқару аппараты санының тым көптігі.
- Басқару қызметкерлерінің бытранқылығы.
- Басқару аппаратын ұстаудағы қаржы - қаражатын жетіспеуі.
Көптеген экономистердің ойынша басқаруға кеткен шығындардың, аймақтың басқарудың табыстарынан 10 % аспауы керек.
Соңғы уақытта басқарудың қадамдарғы оңға қарай жаттуда:
- Әмшілік жазаға тартудың азаюы.
- Басшылықтың елмен араласпауы, елдің ойын тыңдауы.
- әр түрлі сұрақтарды шешудегі мәденит қазыналарын жасауы.
- Іс қағаздарын жаңаруы, әр түрлі нұсқаулардың азаюы.
Сондықтанда жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік, тарихи, табиғи, демографиялық және т. б. жағдайларын ескере отырып, демократиялардын одан әрі нығаюы үшін, муниципалдыдық құрылымдарға әлеуметтік -экономикалық дамудың негізі үшін алдын ала жағдай жасау қажет. Сонымен қоса сол билікке еркіндікті беріп, өз жерінін толық қатайыны сияқты дәрежеге жеткізу керек.
Басқаруды демакратияландырумен қатар, басқаруды жетілдіру қажет және де, аймақтар арасында, орталық пен аймақ, арасындағы басқару қызметін нақты айыру процесі тиімді жүруі қажет.
Әлеуметтік салада соның ішінде зәру адамдарға атаулы көмек көрсету жөніндегі саясатын жалғастыру, сонымен қоса бұл істі қазіргі жағдайға байланысты, яғни нақты нарықтық қағидаллар негізінде шешу қажет.
Экономика саласында - аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін тиімді қолдануыңыз қажет, аймақтар арасындағы жергілікті еңбек күшін тиімді бөліп қана қоймай, ол еңбек күшін орынды жұмсай білуінің керек. Аймақтарда, аудандарда, жергілікті қоғамдастықтарда экономика сапалы жаңа табыстарға жету және жаландық экономикаға толықтай қатысуды қамтамасыз ету қажет және алдағы жолдарда жазғандай бұл істерге, қадамдарға толық еркіндік, пен сенім қажет, сол жергілкті жерлердегі жағдайларды, қай істің қандай жағдайда екенің сол тұрғылықты халықтың артық білетін ешкімі жоқ.
1. 2 Жергілікті атқарушы органдар құрылымының негіздері
Жергілікті жерлерде, әкімшілік-аумақтық бірліктерде мемлекеттік басқаруда жергілікті атқарушы органдар: облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі әкімдері; жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретіндігін, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақтардың даму мүддесі мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді камтамасыз ететіндігін белгіледі.
Облыстардың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін соған катысты жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
Әкімдер Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады.
Жергілікті әкімшіліктің қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін әкімнін аппараты құрылады. Аппарат әкімге бағынады.
Аппараттың штатын, еңбек ақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде әкім бекітеді. Қызмет аппаратының құрылымы тиісті әкімшіліктің атқаратын жұмысының көлемі мен сипатына байланысты болады. Ауылдық және селолық әкімдердің іс-жүргізушіден және есепші-кассирден тұратын аппараты болады. Ол әкімшілік ісін жүргізеді, құжаттардың сақталуына жауап береді, азаматтардың анықтамаларын ресімдейді, әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың алғашқы есебін қамтамасыз етеді және басқа жұмыстар атқарады. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат жалпы бөлімнен, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінен, жергілікті әкімшілік хатшылығынан, кадр бөлімінен, заң бөлімінен (бюросынан) немесе заң кеңесінісінен және басқаларынан тұрады.
Облыстық әкімшіліктері бөлімдерінің, басқармаларының және баска бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін республика Үкіметі жобалап әзірлейді және бекітеді. Аудандық, калалық, қаладағы аудандық әкімшіліктердің бөлімдерінің, басқармала-рының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін жоғары түрған әкім әзірлейді. Жергілікті әкімшіліктердің штатын, енбек ақы төлеу және материалдық-ехникалық жағынан камтамасыз ету жағдайын (республика бюджетінен қаржылан-дырылатыннан өзге) республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде жергілікті әкімдер белгілеп, өзгертеді.
Облыстық, аудандық, калалық мәслихаттар депутаттардың жалпы санының үштен екісінің жабык көпшілік дауыс беруімен жергілікті әкімшілік органының басшысына сенімсіздік білдіруіне және осы мәселе бойынша дәлелденген шешім қабылдайтын және ол туралы тиісті мәслихатты хабардар ететін тиісті әкім алдына оны қызметінен босату туралы мәселе коюға құқылы.
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.
Таяуда қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді болашакта елдің бәсеке қабілетін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің тепе-тендігіне қол жеткізу болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасының «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудін іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру» тарауында қарастырылған мәселелердің ішінде 2015 жылға дейінгі аумақтың даму стратегиясы әзірлеу көзделген. Осыған сәйкес Үкімет отырысында аталмыш стратегияның жобасыәэзірленіп, бірауыздан қабылданды.
Стратегия өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастырудың экономикалық әлеуетті және халықты орналастыруды ұтымды ауқымдылықта ұйымдастырудың негізінде елдің тұрақты дамуын және халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Құжат аумақтарда кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастырудың немесе түзетудің негізіне айналады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде минералды шикізат ресурстарын игеру және өндіруші өнеркәсіпті дамыту елдің экономикалық даму қарқынын белгілеп береді.
Ел өңірлерінің бәсекеге қабілетін арттыру міндеттерін шешу мақсатында ұлттық, өңірлік және әлемдік экономикалық жүйеге жаңа - желілік аумақтық-экономикалық ұйымының моделіне негізделетін болады. Ол кластерлік ұстанымды пайдалана отырып, ресурстарды жұмылдыруға негізделетін икемді маманданумен және инновацияларға қабілеттілігімен сипатталады. Аумақтық дамудың институттық жүйесін күшейту, бюджеттік қаржыландыру тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр. Олар конституциялық және басқа да заңнамалық актілермен кепілді берілген мемлекеттік сектордың қызметкерлеріне барлық өңір тұрғындарының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта 2008 жылдан бастап жалпы сипаттағы ресми трансферттердің мөлшерін айқындаудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылады.
Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету экономикалық белсенділіктің өсуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға және инновациялық, көлік-коммуникация, әлеуметтік, тұрмыстык саланы әрі туристік-рекреациялық инфрақұрылымдар кешенін үйлестіре дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоғарыда аталған мәселелердің респуликаның барлық аумағында толықтай жүзеге асуы үшін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктелетін жауапкершіліктердің көбейіп, өкілеттіліктерінін де артатыны, нәтижесінде жергілікті баскару мәселесінің өзектілігі арта түсетіндігі белгілі.
Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселесіне тереңірек үңілсек, оның еңбек бөлінісімен тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз және оған экономика ғылымы ойшылдарының пікірлері де дәлел бола алады. Мәселен, бір топ ғалымдар (Вильям Пегги, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман) еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды. Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж. ) атты еңбегінде тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай терең ой айтады: егер әр адам өзінін жұмыс орнында әр түрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт. Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты екендігін атап кетуіміз керек. «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К. Маркс және Ф. Энгельс осы байланысқа аныктама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетуі кездейсоқ айтылған сөз емес екенін тәжірибе дэлелдеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекетке және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дэлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген. Ал тауарлы шаруашылықта өндіріс нысандары көбейіп, өндірушілер мен тұтынушьшардың мүдделерінің тең дәрежеде сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеу және басқару қажет бола түседі.
К. Маркстің пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н. Н. Баранскийдің ұстанымында ол - жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзара байланысы. Ал профессор И. С. Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумактық астары десе, П. М. Алампиев, В. Е. Комаров, В. М. Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz