Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Экономика және бизнес кафедрасы

Дипломдық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы экономикалық саясаты

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Экономикалық саясаттың пайда болу тарихы.
4
1.2 Экономикалық саясаттың мәні және жүргізу принциптері. 5
1.3Экономикалық саясатты жүргізудің шетел тәжірибелері. 12

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Қазақстандағы экономикалық саясат- елдің әлеуметтік-экономиклық
дамуының жолы ретінде. 17
2.2 Мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі бағдарламалары мен жоспарлар
кешені.
24

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СПАЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Елді дамытудағы мәселелер және оларды шешу жолдары. 27
3.2 Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары. 35

ҚОРЫТЫНДЫ
37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 38

КІРІСПЕ
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық
мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады:
Қазақстан егемендіел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы
бағдарламасында (1992) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы. Яғни қоғамдық
өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге
өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.
- І кезең 1992-1995 жылдары макроэкономикалық тұрақтандырудың екі
негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешлендіру
және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру.
- ІІ кезең (1996-2005 жылдар) экономиканыңшикізат базасын өзгертуге
қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете
дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал,
жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интелектуалды меншік нарықтарын
қалыптастыру үшін қажет:
- ІІІ кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел
қарқынмен дамыту, осының негізінде қтпелі кезеңде стратегиялық
мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер
қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен
сипатталады.
ХХІ ғасырдың қарсаңындағ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
саясатының бес басты бағыттарын айтты:
- әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі
дамыту;
- басқарудың тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторына несие беру;
- экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
- аймақтық диспропорцияларды жою.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы бағыттарына
кеңінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп- ең маңызды мәселесі екенін
атап көрсетті.Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес
туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын
кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту,оларды
өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді
құруға және дамытуға ат салысуы және орта бизнестің әжептәуір дамуында
үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.Осы елдерде бюджет кірістерінің
жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік
нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы.
Қазастан Республикасының экономикалы саясатының негізгі басымдығы
біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады.

3
І.БӨЛІМ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Экономикалық саясаттың пайда болу тарихы.
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни
мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы
шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес
экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық
саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің
дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық
саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы
экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен
байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте
салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді.
Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит.
мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген
меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның
өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен
рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің
экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән:
мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды
дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды
жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік
ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың
нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық
экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына
байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына
негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы
саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің
психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына
ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық
өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның
әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау
кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан
Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан
кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу,
соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де
осы кейнстік

4

қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық
саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда
нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің
араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы
қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру
жөніндегі Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды,
қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші”
нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық
сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл.
реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын
салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын
ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға
жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің
Экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді
реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда
(тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген
Экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-
әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық
тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Экономикалық
саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық
саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін
арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге
негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік
тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік
реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде
Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі
болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың
қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін
дәйектілікпен шеше бастады

1.2 Экономикалық саясаттың мәні және жүргізу принциптері

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, политика" және "логос" деген
сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа
қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат
тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып

5

келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.

Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе,
оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз.
Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне
қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын,
құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс,
антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде
және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және
олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға
жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық
сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың
құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде
қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда,
сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер
бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік
құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты
император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші
құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-
ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері,
тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси
құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің,
халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп
соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп,
оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре
бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың
ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық
түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон,
Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан
зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың
мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін

6

зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің –
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін
арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану
мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда
саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома
Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың
калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір
сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық
(құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған
мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік
билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-
тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей
түсінуімізге жол ашылды. Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың
қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын
кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына,
акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен
міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді
арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж.
Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель
сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді. Саясаттану XIX ғасырдың екінші
жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде
бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла
бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін
Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси
ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның
жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік
аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс
істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар
академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. XX
ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп
шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына
ЮНЕСКО-ның басшылығымен

7

1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл
атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті
еңбек етуде. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу
орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті
түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.
Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім
береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған.
Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын
сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы
бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық
қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық
ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын
мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда
тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған да болар еді. Бірақ
бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға
тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми
коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік
идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен
қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін,
соның жолдарын іздейтін. Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші
жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын
демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. 1989
жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясынд саясаттанудан эксперттік кеңес
жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша
мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым
қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-І990 оқу жылдарында
Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде
саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу
орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы
Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік
педагогикалық университетт бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.
Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері. Саясаттанудың пәні
жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында
болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның
аукымы мен мазмұны,

8

қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін
белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай
көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе
оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы
ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен
айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте
болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы
саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық
қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан
мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе
тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге
болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар
туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және
т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде,
саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка
алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге
болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында
талай рет тығырыққа тірелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру
нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз
болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді.
Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т.
б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды
саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін,
жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар
Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың
Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі
ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси
теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2)
саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару;
көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар
мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық
ұйымдар мен халықаралық құқық) Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның
даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді

9

ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол
адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке
адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси
өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен
жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша
саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы
түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның
санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-
әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған
деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша
болашаққа болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат
туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы
жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның
жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу
үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру
тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи,
бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр
түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және
жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси
тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси
шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан
Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси
реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді
пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа
күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің
әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен
байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің,
экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты
анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті,
заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай
отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді
олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап
етеді.Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі
бір саяси

10

жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-
әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Норамативтік әдіс
(XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз
ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске
асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ал
бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген
диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және
санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және
үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Жоғарыда аттары аталған
әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси
процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады.
Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты
жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады. Ғылымның басқа
салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары)
бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми
терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси
жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси
әлеуметтану", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық ұйымдар",
"мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық
қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б. Қоғамды бұдан басқа да
ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа
қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы
мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады. Қай ғылым
болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да
ондай міндеттер бар. Оған ең алдыментанымдық (еносеологиялық) қызметтер
жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге
олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Рессей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп
саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымымыздың саясат
лен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси
қайраткерлердің сөздерінің, ұранддрының, бағдарламаларының сырында не
жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын.
Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады. Саясаггану;^^щқ
(аксеоіогиялық) қызметін атқарадьі. Ол саяси курылысқа, институттарға;
ісгәрекеггерге және ою-ігалар-ға саяси баға береді. Демократиялық

11

мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол
азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі —
қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың саяси
өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси дамудың
үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді
басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер,
хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері
басшылыққа алынады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады.
Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап,
оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы
және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық
шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке
аймақтарындаа қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына
бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттж
басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді
ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында
саясаттанудын болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы
даяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумер ғана тынбайды. Ол белгілі
бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға
бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның
түпкілікті мақсаты да сонда. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен
байланысы және оны оқып-білудің маңызы. Саясаттану басқа қоғамдық
ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу
объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да
пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан
саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын
орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен
(философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным
дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің
түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с
ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты
саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық
тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға
дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің
жекелеген

12

жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам
өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды,
саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану
экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси
процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің
негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін
күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау
және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми
түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық
адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол
саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді,
кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен
жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық
үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның
теориялық- әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік,
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып
орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те
әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі —
әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға
бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып,
өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде
емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер
әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты
дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей
алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса,
әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы
байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты
күшейе түседі. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына
байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап,
суреттейді.Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік
ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу
объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси
құбылыстар мен процестер жатады.

13

1.3 Экономикалық саясатты жүргізудің шетел тәжірибелері

Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы
шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі
мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына
қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде
Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл
сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді.
Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық
жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік
және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды
бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш
проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы
проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

- шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай
жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?

- нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын
дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық –
құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?

- жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап
тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?

- экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және
қандай бағытта іске асырылуы қажет?

- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы
әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру
мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде
кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды
мемлекеттік тарапынан қолдау ма?

- макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты
дұрыс ескеріледі?

14

- халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми
негізде үйлестіріледі. Әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының қажеттілігі
сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-метолдологиялық және
ұйымдастырушылық негіздері бұрыңғы әкімшілік- директивті мәнінен айырылуы
қажет және ұсыныстық – реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке
негізделегн белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы
тиіс. Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік
кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына сіңіруі (салалары және
әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ
экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс
сомасын көрсетеді. Бұл табыс қозғалысын жоспардың орындалуы мен
шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. Қарапайым
болуы үшін схемадан халық шаруашылығының көптеген байланыс сызықтары
көрсетілген Шетел елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және
фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы
қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы
несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын
күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы
қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық
жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары
көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге қызмет көрсетуге, басқаша айтқанда
тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде.
Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке
тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе
талдауда. 1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және
кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол
қойды.Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл
шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және
пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде
құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан
шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар
тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен
тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық
ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы
ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай

15

көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы
секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін.

16
ІІ.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Қазақстандағы экономикалық саясат- елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының жолы ретінде.
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір әлсіз
қорғалған мүшелерінің - балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың
өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат
аямайтын болады. Біз балалар мен жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз.
2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге келуіне байланысты біржолғы
жәрдемақы төленіп келеді. Биылғы жылдан бастап, біз әлеуметтік
қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін
қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық
бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік
беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік
сақтандыру. Ақыр аяғында, бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын
азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың
қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады. Ендігі
бір өзекті міндет – тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң
болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын. Үкімет және барлық деңгейдегі
әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, неге қабілетті екендіктерін
қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды
алға сүйреуші қуатты күш . Мәдени мұра бағдарламасын іске асыруды
жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін
жан-жақты дамыту қажет. Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың толымды
бағдарламасын қалыптастыруымыз керек. Біз барша қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық
қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек. Қазақ
топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық
немесе діни фанатизм сезімі бізге жат. Осынау рухани дәстүр, Жаратушының
қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы – Қазақстандағы
конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Біз өзіміздің
жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық, конфессиялар аралық
татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің
өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып,
дамытыла береді. Жоғарыда айтылған сөздердің бүгінгі күні әрбір отбасы
үшін, әрбір қазақстандық үшін мәнісі неде? .

17

-Биылғы жылдан бастап, біз іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын
тигізетін 2005 – 2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдету бағдарламасын іске асыра бастадық.

-Үстіміздегі жылдан бастап, біз жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа
дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен , ал жүкті әйелдерді – құрамында темір мен
иоды бар препараттармен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ететін
боламыз.

- 2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық
деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі-
дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшуіміз керек.

- 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына
ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке
толмаған балалары бар көп балалы аналарға, Алтын алқа, Күміс алқа
немесе І және ІІ дәрежелі Ана даңқы белгілерімен марапатталған аналарға
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге
тиіс.

-Біз нәрестенің тууына байланысты бір жолғы жәрдемақыларды қазір де төлеп
келеміз. Енді соларға қосымша бұрын жоспарланғандай 2007 жылдан емес, 2006
жылғы 1 шілдеден бастап, бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік
жәрдемақылар енгізу қажет деп санаймын.

-Биылғы 1 шілдеден бастап, біз барлық зейнеткерлерге, еңбек өтіліне,
жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан, 3000 теңге
мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақылық төлем жасайтын боламыз. Осылайша ең
төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақылық төлеммен бірге 9200
теңгені құрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12 мың теңгеден асатын
болады.

- Биылғы 1 шілдеден бастап, біз жоғары оқу орындары студенттері, сондай-ақ
орта кәсіптік білім беру ұйымдары оқушылары стипендияларының мөлшерін 2
еседен астам өсіретін боламыз.

- Біз ең лайықты деген жастардың шетелдерде білім алуларына жәрдем
жасаймыз. Жыл сайын үш мың үздік студентке Болашақ бағдарламасының
шеңберінде әлемнің ілгері жоғары оқу орындарында білім алулары үшін
республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады.

18

-Бізде инженерлер мен технологтар бола алатын және болуды қалайтын дарынды
жастар көп. Білім беру гранттары мен кредиттері – мемлекеттің оларға
көрсететін нақты көмегі осындай. Жеке меншік секторын мен осы іске белсене
қатысуға шақырамын.

-Коммерциялық банктердің студенттерге таяудағы 5 жылда бөлетін кредиттеріне
мемлекеттік кепілдік беру жүйесін іске асыру үшін қосымша 2 млрд. теңге,
оның ішінде биылдың өзінде 600 млн. теңге бөлу қажет.

- 2006 жылдан бастап, мүгедектердің барлық топтарына және жасына байланысты
жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларға
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды қосымша 1000 теңгеге арттыру қажет
деп санаймын. Биылдан бастап, бұл жәрдемақылардың елеулі арттырылғаны
мәлім.

- 2006 жылдан бастап, асыраушысынан айрылған 247 мың отбасына 300-ден 1000
теңгеге дейінгі сомада қосымша қолдау жасау қажет.

- Биылғы 1 шілдеден бастап, бюджет саласының қызметкерлері – мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің
жалақысын орта есеппен 32 пайыз көтеру қажет деп санаймын. Ал 2007 жылдан
бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру қажет.

- Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес, жеке меншік секторда да
өсуге тиіс. Осыған орай биылғы 1 шілдеден бастап, ең төменгі жалақы
мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.

- Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ бюджет саласының басқа да
қызметкерлерінің жалақысын биылғы 1 шілдеден ота есеппен 32 пайызға, ал
2007 жылдан бастап, тағы да 30 пайызға көтеру, сөйтіп біріндеп оның
мөлшерін жеке меншік секторына жақындата беру керек деп санаймын.

- Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде бюджеттен
бөлінген қаражаттың есебінен ғана халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары
үшін 1600 пәтер салу және ипотекалық бағдарлама бойынша халықтың қолы
жететін арзан 11 700 пәтер салу қажет.

-Тұтас алғанда қаржыландырудың барлық көздері арқылы үш жыл ішінде біздің
12 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 195 мың пәтер салуымыз керек. Бұл тұрғын
үй құрылысы екі есе өседі деген сөз.

Осы айтылғандардың бәрін де біз іске асырамыз, өйткені экономикамыздың

19

жағдайы осындай мүмкіндіктер беріп отыр. Экономикамызды жолға қойғаннан
кейін, азаматтарымыздың жағдайын жақсартатын күннің туатыны жайында мен
әрдайым айтып келген едім. Мен өзімнің уәдемді орындап келемін.
Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық
және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан әрі сақтап, сол арқылы
капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді, білікті кадрларды
тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызуға тиіс. Кәсіпкерлер біздің
оларға қалыпты жағдай туғызып, артықшылықтар беретінімізді, бізде бизнестің
қауіпсіз әрі келешегі мол екенін білгендері жөн. Ғалымдар мен жоғары
білікті мамандар өз еңбектеріне бізде тиісінше сый-сияпат көрсетілетініне
сенімді болу керек. Өнер адамдары өз қызметі лайықты бағаланатындықтарын
сезінуі тиіс. Біздің ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Салықтардың экономикалық-қаржылық негіздері, даму жолдары
Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Пәндер