Қазақ радиохабары құрылымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
1.1 Қазақстанда радионың пайда болуы 1
1.2 Радиостанцияларды дамыту жөніндегі алғашқы шаралар
1.3 Қазақстанда радиоәуесқойлар қозғалысының басталуы және оның
радиохабарының дамуына тигізген ықпалы 10
2. Республикада радиоландыруды жаппай ұйымдастыру және радиохабарының дамуы
14
2.1 Журналистиканың жаңа түрі 16
2.2 Қазақ радиохабары құрылымы 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...27
КІРІСПЕ
Еліміздің әуе толқынына таралған алғашқы радио хабар туралы әлі күнге дейін
әртүрлі пікірлердің болуы, олардың бір байламға келмеуі қазақ радиосының
туған жылын белгілеуде жаңсақтыққа ұрындырып жүр. Белгілі ғалым Марат
Барманқұлов пікір алуандығын былай түсіндіреді: “Қазақстанда жаппай хабар
бере бастауды анықтаудағы кездесетін қиындықтар мынаған байланысты,
зерттеушілер бұл хабарларды: а) өзіндік хабарға, ә) Мәскеу хабарына, б)
республика хабарына, в) жергілікті хабарға, г) радио хабарға, ғ) Морзе
әліппесі көмегімен берілетін деп бөледі. Ал бұған республика астанасының
Орынбордан Қызылордаға, одан кейін Алматыға көшірілгені келіп қосылады.”
(Журналистика. Алматы, 1975, 125-б.)
Ғалымның бұлай деуіне негіз бар. Мысалы, “Полвека в пути” жинағында
жарияланған мақалаларында осы салаға біраз жетекшілік жасаған Н.Сыздықов
(20 б.) пен И.Колчин (73-б.): “Қазақстанда радио алғаш 1923 жылы жұмыс
істеді” дейді. Бірақ, олардың қандай дерекке сүйенгені көрсетілмеген.
Радиостансалардың қабылдап-таратушы, тек қана қабылдаушы немесе тек қана
таратушы болып бөлінетіндігін ескерсек, олардың тұжырымына күмәніміз көбейе
түседі.
Зерттеушілер Р.Сағымбеков пен С.Қозыбаевтың Қазан төңкерісінен кейін
жұмыс істеген радиостансалар туралы жасаған байламы нақтылай түсуді қажет
етеді. Олар өз пікірлерін Қазақстандағы революциялық комитеттің төрағасы
қызметін атқарған В.А.Радус-Зеньковичтің естелігіне сүйеніп, дәлелдеуге
тырысады. Р.Сағымбеков “Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ қолда бар
радиостансалар арқылы хабарлар беріле бастады”,- дейді “Алматыдан сөйлеп
тұрмыз” деген кітабында (19-б.). С.Қозыбаев журналистика тарихы жайлы
шыққан келесі жинақта (Очерки истории журналистики Казахстана) осы ойды
бекіте түседі. “Республикалық радио алғашқы хабарын 1920-21 жылдары
бастады” деп бұған дәлел ретінде В.А.Радус-Зеньковичтің естелігін ұсынады
(51-б).
Осында жетпейтін бір нәрсе - дәлдік. Алдыңғы автор: “Жиырмасыншы
жылдардың басында-ақ” деп бастаса, соңғысы - “1920-21 жылдары” деп
шамалайды. Ерекше маңызы бар мұндай оқиға үшін мүмкіндігінше нақтылық қажет
екендігі өзінен-өзі түсінікті болар.
Тарихи мәселені зерттеуде оны барынша кеңірек әрі жан-жақты құрастыру
дұрыс болжам жасауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан келгенде, 1920
жылдардан бұрын, яғни Қазан революциясына дейін қазақ жерінде радио
байланыс құралдары болған ба деген сұраққа жауап беруіміз керек.
Қазақ радиосының тарихын зерттеушілердің бірі Р.Сағымбеков аталған
еңбегінде: “1912 жылы Александр фортындағы радиостансаның меңгерушісі
Шпанов-Егоров Түркістан пошта-телеграф округінің жоғары мәртебелі бастығына
кезекті шағым жолдап, стансаға іргелес салынған тұрғын үйлерді жөндеуге 140
сом қаржы жұмсайды”,- дейді (11-б). Одан соң автор радиостанса
қызметкерлерінің жұмыстарының ауырлығына, оларға 1917 жылға дейін Түркістан
пошта-телеграф округі тарапынан ешқандай көмектің болмағанына тоқталады.
Профессор М.Барманқұлов алдыңғы зерттеушіге қосылып, “Қазақстандағы
алғашқы радиостанса 1913 жылы Форт-Александровскіде жұмыс істеді. Ол
Ресейдің бұрыш-брышындағы 16 радиостансаның бірі еді”,- деп жазады
(Страницы радиолетописи, 30-б.). Сонымен көрсетілген мерзімдердің қайсысы
шындыққа жақын екендігіне көз жеткізу үшін нақты деректерге жүгініп
көрейік.
Қазақстандағы радионың пайда болуы
Қазан революциясынан бұрынғы патшалық Ресей тұсындағы байланыстың
жүйесін қарастыратын кітаптың (Развитие связи в СССР. М., 1967)
“Радиобайланыс” деп аталатын бөлімінде осыған қатысты біраз мәселе
айтылады. Ресейдің пошта және телеграф басқармасына қатысты коммерциялық
радиостансалар құрылысы 1909 жылы жаңадан салына бастайды. Оған ашық теңіз
үстіндегі корабльдермен байланыс жасау үшін жағалауларға радиостансалар
салу жөніндегі халықаралық конвенция түрткі болыпты. Осындай
радиотелеграфтық желі Ресейдің оңтүстігінде Форт-Александровск (Форт-
Шевченко) мен Форт-Петровскіні (Махачкала қаласы) байланыстыратын (36-37-
б.).
Осында келтірілген деректерден шығатын қорытынды мен біз жоғарыда
талдаған мұрағаттық деректерден түйген тұжырым сәйкес келеді. Егер
радиостанса жұмысын 1912 жылы бастаса, оған қажетті бөлшекері жетпеуі жайлы
шағымның 1913 жылы жазылуы, тұрғын үйдің тарлығы, жарамсыздығы жайында екі-
үш жыл өткізіп барып шағым- дану, біздіңше заңды құбылыс.
Ендеше, Форт-Александровскідегі радиостанса жұмысын 1913 жылы емес,
одан сәл ертерек, яғни 1912 жылы деген қисынға келеді.
Осы арада тоқталатын тағы бір мәселе бар. Кезінде бұл тақырыпқа қалам
тартқан зерттеушілердің барлығы да революцияға дейін қазақ жерінде жалғыз
Форт-Александровскідегі радиостанса болды деп келеді. Ал республиканың
оңтүстік облыстарында байланыс орнатқан Ташкент радиостансасын қайтеміз?
Қазақстанның сол кездегі үштен бір халқы қоныстанған Сырдария мен
Жетісу (қазіргі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан, Қызылорда) губерниялары
Түркістан республикасына қарады. Оның орталығы Ташкент қаласы болды.
Сондықтан, Ташкенттен тараған хабарларды тек өзбек халқына ғана теліп қою
біржақтылық болар еді. Өйткені, ол округте тұратын барлық тұрғылықты
халықтың тілдері бірдей қолданылғаны белгілі. Оған “Радиослушатель”
журналында (1928, N5) басылған мныа бір мысал дәлел бола алады. “Қарақұм
қаласынан Ташкентке жергілікті ұлттан өкіл келді. Ол Ташкенттің
радиостансасына қазақ тілінде хабар тарату туралы өтініш жасады. Болыстың
көптеген қыстаулары мен ауылдарында дауыс үдеткіштер мен радиоқабылдағыштар
бар-тын. Радиостанса өз бағдарламасына қазақ тіліндегі хабарларды енгізді”.
Сонымен, Қазан революциясына дейін Форт-Александровскі мен
Түркістанда радиостансалар болды. Олардың жұмысы мынаған саяды:
Біріншіден, радиостансалардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы
болған жоқ. Ұйымдастырушылар алдарына ондай мақсатты қоймады. Радио хабарды
тек байланыс үшін қолданып, желілі телеграфты қайталады;
Екіншіден, радиостансалар мемлекетке қарағанмен, шын мәнінде түрлі
ведомстволарға қызмет етті. Олар: әскери және әскери-теңіз, сол сияқты
пошта-телеграф ведомстволары еді. Еліміздегі барлық радиостансалардың басын
қосып, бір мақсатқа бағындыратын, оның дамуын қадағалап отыратын жеке ұйым
болған жоқ;
үшіншіден, Қазақстан жеріндегі аталған радиолар негізінен әскери
бөлімшелер арасын байланыстыратын желі қызметін атқарды. Олардың әскери
байланыстағы ролімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге
араласуы жоқтың қасы еді.
Р.Сағымбеков аталған кітабында: “Алматыда радио хабарын беру ісі 1928
жылдың ақпан айында басталған болатын”,- дейді (23-б.). Ал Алматы
радиостансасы одан бұрынырақ, яғни 1920 жылы жұмыс істей бастаған еді.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының 179-қорында (22-іс,
831-б): Алматы радиостансасының меңгерушісі Занкевичтің “1920 жылдан бергі
кезең ішінде радиостанса жұмысы жайында баяндамасы” деп аталатын көлемді
жазба бар. Ол сөзін былай бастайды: “Алматыда радиостанса қалай
ұйымдастырылғанын қысқаша баяндап өтуді бірінші міндетім деп санаймын. 1920
жылы Жетісу майданы таратылған кезде ақтардан алынған радиостансалардың
біреуі жергілікті қоғамдық-әкімшілік органдардың талап етуі бойынша,
Гусериннің басшылығымен Алматыда қалдырылып, жұмыс істей бастады. 1921 жылы
станса әскери өкімет органдарының қарауына көшіп, одан әрі жұмысын
жалғастыра берді”.
Қазақ елін радиоландыру ісінің бір көрінісі – граммофон мен
пластинкаларды тарату болды. Осы жөнінде 1919-1920 жылдары қазақ өлкесін
басқару жөніндегі әскери-революциялық кеңестің төрағасы болған
С.Пестковский былай деп жазады (“Борьба классов”, 1934, N1, 136-б.):
“Мәскеуге партия немесе Кеңестер съезіне келген сайын Ильичпен көптеген
сұрақтар төңірегінде кеңесетінмін...
Осындай әңгімелесу кезінде... мен өзге емес, өз тілінде не жазу, не оқи
білмейтін көшпелі қазақ ауылының арасында партиялық және ағарту жұмысын
жүргізудің қиындығын айттым. Владимир Ильич ойланып отырып: “Мен сізге
практикалық кеңес берейін: Кеңес Конституциясы, партияның принципін, ұлттық
саясат туралы бірнеше баяндама ұйымдастырыңыз. Бұл баяндамаларды граммофон
күйтабағына түсіру керек. Сосын біздің орган арқылы граммофонды көбейтіп
алуға болады. Бұған мен көмектесейін. Граммофон мен күйтабақты ауылдан-
ауылға таратыңыз. Осылайша үгіт-насихат жұмысының негізін салыңыздар”,-
деді.
С.Пестковский “Советская степь” газетінде (1939 ж. 4-қазан)
жарияланған тағы бір естелігінде: “1919 жылдың желтоқсанында ревком атынан
Кеңестердің ҮІІ съезіне Мәскеуге Байтұрсынов екеуміз бардық. Съезден соң,
біз Ленинмен кездесуге сұрандық”,- деп, кездесуге Ахмет Байтұрсыновпен
бірге барғандығы айтылады. Ал, кейбір басылымда жарияланған осы естеліктен
Ахаңның аты алынып тасталуы - қызыл саясаттың кесірі.
В.И.Ленин А.Байтұрсынов пен С.Пестковский екеуін жақсы қабылдап,
сөздерін тыңдайды, өлкені басқару жөнінде бірнеше нұсқаулар жасау
керектігін, оларды қазақ тіліне аударып, граммофон пластинкаларына жазып,
халық арасына тарату қажеттігін айтады (В.И.Ленин о Казахстане, 313-б.).
Демек, қазақ жұртының арасына граммофон мен пластинкаларды таратуда
Ахмет Байтұрсынов қосқан үлес аз болмаған. Өкінішке орай, осы саланың
өрістеуі негізінен революциялық комитет төрағасының еңбегі ретінде біржақты
бағаланып келгені анық. Әрине, бұны ашық айтып, әділ бағасын беру тек енді
ғана мүмкін болып отыр.
Республикалық Қазақ радиосының тарихы 1931 жылдан басталады делініп
келеді. Неге екені түсініксіз, оны Алматыда пайдалануға берілген 10
киловаттық жаңа радиостансаның ашылуымен және “Еңбекші қазақ”, “Совестская
степь” радиогазеттерінің эфирге шығуымен байланыстыратын. Бірақ ондай
газеттер бұрын Қызылорда, Ақтөбде, Ақмолада да ұйымдастырылған. Сол сияқты
республика радио хабарының таралуы одан он жыл ілгері іске асқанын
дәлелдейтін тарихи құжаттар да, зерттеуші ғалымдардың пікірлері де
жеткілікті.
Қазақ жерінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де бірнеше
радиостансалар жұмыс істегеніне жоғарыда тоқтадық. Ендеше, 1931 жылға дейін
республикалық радионың үні шықпады деуге ешқандай негіз жоқ. Ол өзінің
тарихи миссиясын жиырмасыншы жылдары да ойдағыдай орындап жатты. Оны
радионың тарихын зерттеген ғалымдардың бірде-біреуі жоққа шығармайды.
Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ қолда бар стансалардың көмегімен
радио хабарын губерния орталықтары мен уездік ірі пункттер үшін кез келген
уақытта беру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Ол: “Орынбордағы қуатты
радиостанса арқылы күн сайын бір сағаттық, одан да көп жалпысаясаттық,
партиялық және советтік ақпарат түрінде берілетін” дейді Р.Сағымбеков
(Алматыдан сөйлеп тұрмыз., 19-б.). Зерттеуші С.Қозыбаевтың пікірі де осыған
саятынын айттық.
Ал, белгілі ғалым М.Барманқұлов: “Орынборда 1920 жылдан
радиобюллетень таратыла бастады” дейді “Четыре даты рождения радио” деген
мақаласында. Бірақ, бұл деректер белгілі бір мақсатқа бағындырылған ғылыми
жүйеге түспегесін, әр тұста айтылып қала беретін үзік-үзік дүниелер
іспетті. Енді, өткенімізге өзгеше көзқарас қалыптасқан кезде Қазақ
радиосының тарихын да қайта қарамай болмайды. Өйтпесек, ел мәдениетінің
өркендеуіне еңбек еткендердің ісін елемеу сияқты көрінер еді. Тіпті,
тарихымызға қиянат болар еді.
Белгілі орыс ғалымы В.Н.Ружников: “Советтік радиожурналистиканың тууы
мен алғашқы дамуы радиотелеграф негізінде пайда болды. Ол
радиожурналистиканың бастапқы формаларын өмірге әкелді”,- дейді “Основы
радиожурналистики” деген еңбегінде (12-13-бб.). Сөз жоқ, дау тудырмайтын
тарихи шындық. Өйткені, Қазақ телеграфтық агенттігіне қарасты радио
бөлімшесінің іс-тәжірибесін зерттегенімізде бұған толық көз жеткіздік.
РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі 1920 жылдан бастап жұмыс ісгегені туралы
зерттеушілер пікірі бір жерден шыққанымен, оның қай күні берілгені жайлы
екі түрлі мерзім айтылып жүрді. Мысалы, С.Қозыбаев: “Қазақстанның партия-
совет баспасөзі тарихындағы елеулі оқиға – 1920 жылы 13 тамызда Россия
телеграфтық агенттігінің Орынбор бөлімшесінің құрылуы болды...” деп,
“Қазақстандағы мәдени құрылыс” деген кітапқа сілтеме жасайды.
Жаңа экономикалық саясат тұсындағы ұлттық баспасөздің қызметін
қарастырған Д.Ахметов болса, РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі 1920 жылдың мамыр
айында құрылды, деп жазады (Вестник МГУ. Серия журналистики, 1988, N4, 18-
б.). Бірі – тамыз айында ашылды десе, екіншісі мамыр айы дейді. Осының
қайсысы шындыққа жанасады?
Қазақтың тұңғыш агенттігі – КирРОСТА-ның ізашары болған РОСТА-ның
Орынбор бөлімшесінің жұмысы жайлы деректі орталық, республикалық
мұрағаттардан іздеп табу мұндайға дейін мүмкін болмады. Ол кезінде
астананың Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға көшуіне байланысты
сақталмауы мүмкін ғой деген болжамға тірелген еді. Кейінірек, яғни 1987
жылы, сәті түсіп, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Марксизм-ленинизм
институтының Орталық партия мұрағатының 12-қорынан: “КирРОСТА баспасөз
қызметкерлерінің Бүкілресейлік съезге баяндамасы” деген бейнетаспаға
түсірілген құжатты кездестірдік. Қордың сыртында көрсетілген тақырыбы мүлде
бөлек болып шықты. Оның зерттеушілер көзіне түспей келгені содан болу
керек. Әлгі баяндаманы жасаушы КирРОСТА-ның меңгерушісі Пилац деген екен.
Ол 1920 жылы наурызда қайта КирРОСТА болып құрылғанын қолмен қойғандай етіп
жеткізеді (60-т., 845-іс, 53-б.).
Сонымен, Орталық партия мұрағатынан кездестірген құжат пен Д.Ахметов
көрсеткен мерзім (1920 жылы мамыр) дәлме-дәл келді. Осыдан кейін
“Республикалық радио алғашқы хабарын 1920-1921 жылдары бастады” немесе
“Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ” деп болжаммен шамалап айтатын бұрынғы
дүдәмал пікірлердің сыры ашылды. Ол кезінде революциялық комитеттің
төрағасы қызметін атқарған В.А.Радус-Зеньковичтің РОСТА-ның Орынбор
бөлімшесі мен КирРОСТА-ның аражігін ажыратпай айтқан естелігіне сүйеніп
жасалған тұжырым екен.
Сонымен КирРОСТА-ның құрылған мерзімі анықталды. Енді, оның радио
хабарын қалай және қашан таратқанын дәлелдеу қалды. Ол үшін тағы да сол
мұрағаттық құжаттарға жүгінбесек болмайды. Өйткені, КирРОСТА-ға қараған
радио бөлімінің жұмысын қазақстандағы мәдени істердің тарихына байланысты
жазылған еңбектерден кездестіру қиын.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған
дерек көздеріне сүйенетін болсақ, дәл осы кезде Орынборда бір есем, үш
радиостанса жұмыс істеп тұрғандығы жөнінде мәлімет бар. Онда белгілі
қашықтықтан берілген дыбысты қабылдап алатын шағын радиостансаның 1918
жылдан іске қосылғандығы айтылады. Ал келесі жылы хабарды әрі қабылдап, әрі
орташа қашықтыққа беретін 8 клв. станса пайдалануға берілді деп көрсетілген
(Ол кейін 1921 жылы мамыр айында Қазақ республикасы пошта-телеграф
комиссариаты уәкілінің шешімі бойынша Семейге ауыстырылады). 1920 жылы 60
клв. қуатты үшінші радиостанса іске қосылғасын жағдай бұрынғыдан өзгере
бастайды (793-қ., 1 т., 55-іс, 2-б.). Бірақ, оның қуаты республиканың кез-
келген нүктесімен ақпарат алмасуға толық жеткенімен, радио хабарын жасап,
оны көпшілікке тарататындай іс-тәжірибесі шамалы еді. Ондай абыройлы істі
тек жоғарыда аталған радио бөлімі ғана біртіндеп дұрыс жолға қоя бастады.
Бұл бөлімнің өз алдына жеке шығармашылық ұйым болып қалыптасуын,
халыққа қызмет көрсетуін бір ауыз сөзбен жеткізе алмаспыз. Ол уақыт өткен
сайын өзіндік ерекшеліктерді игере берді. Бұрынғы радиолық байланыс
орталығы біртіндеп хабарлама қабылдайтын, өңдейтін, тарататын ұйымға
айналып, үгітшілік мәнге ие бола бастады. Сол сияқты радиостанса ұғымы
алғашқы кезде арнаулы техникамен жарақталған орын дегенді білдіретін.
Кейінірек, ол ұғым жаңа, қосымша мазмұнмен толықты. Енді, ол тек техникалық
орын ғана емес, сондай-ақ хабар жасайтын редакциялық, журналистік қызмет
атқаратын, арнаулы адамдар жұмыс істейтін жер дегенді білдіретін болды.
Қазақ радиосының туған жылын нақтылауда бір мәселенің басы ашық болуы
керек. Егер радио мекемесінің толық атауы “радиовещание”, яғни радио
хабарын тарату екенін ескерсек, радионың алғашқы байланыс құралы ретіндегі
рөлін бұған жатқызуға болмайды. Сондықтан да Орынбор радиосын осы тұрғыдан
қарастырып көрелік.
Осы кезде Қазақ автономиялы республикасының құрамына Орынбор, Ақтөбе,
Қостанай, Орал, Семей, Ақмола, Бөкей губерниялары мен Абай ауданы кіретін,
дейді Пилац. Осынау шетсіз де шексіз қазақ даласындағы байланыстың
нашарлығы жалпы жағдайды қиындатып жібереді. Мысалы, Торғай, Ырғыз сияқты
елді мекендер темір жолдан 500-600 шақырым қашықтықта орналасқан. “Бұл
мекендер, шындығында, шет аймақ сияқты көрінді” деп, ойын бүкпесіз
білдіреді ол РК(б)П Орталық Комитетіне жасаған баяндамасында.
Республикадағы 6 млн. Халықтың 30 пайызы – орыстар, қалғаны - қазақтар.
Журналистік білімі бар қызметкерлердің жетіспейтіні қатты қинайтын еді,
дейді.
Осындай қиын жағдайда үгіт-насихат ісін бастауға тура келді. Шалғайда
жатқан елді мекендерге газет жетпейтін немесе айлап жүріп баратын.
Сондықтан, хабар-ошар берудің ең сенімді әрі тиімді жолы деп радионы таңдап
алу қажеттіліктен туындады. Орынбордағы орталық станса арқылы шет
аймақтардан берілетін хабарларды қабылдап, жергілікті халыққа, сонда
шығатын газеттерге тарататын жиырмаға жуық радиостансалардың көп іс
тындырғаны даусыз. Олар: Орынбордағы үш радиостансадан басқа, Семей мен
Оралда екіден еді. Сол сияқты, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл,
Көкшетау, Атбасар, Қырғилы, Павлодар, Өскемен, Орда, Гурьев, Жилая Коса,
Александр фортында орналасқан болатын (ҚР ОМА 793-қ., 1-т., 4-іс, 4-б.).
Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі
шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда
қазан айынан бастап Орынбордағы радиостанса арқылы күн сайын 1600 сөзден
тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық
беріледі (Сонда, 30-қ., 1-т., 56-іс, 71-б.).
Ендеше, 1921 жылдың қазан айын республикалық Қазақ радиосының туған
күні деп атауға толық негіз бар. Өйткені, бұған дейін ресми түрде осындай
құқық беріліп, республика әуе толқынына тараған радио хабары болған жоқ.
Дәл осы айдан бастап арнайы кесте (сетка) бойынша республикада жұмыс істеп
тұрған радиостансалар арқылы елді мекендердің барлығына дерлік жүйелі түрде
хабар таратылғанын дәлелдейтін деректер бар. Мысалы, Орынбордағы орталық
станса тәулігіне екі рет белгілі уақытта Мәскеуден берілетін РОСТА-ның
хабарын трансляциялады. Ертеңгісін және кешкісін бір сағаттан өздері
дайындаған бюллетень түріндегі радио хабарын тарататын. Сол сияқты
Астрахан, Саратов, Уфа, Самара, Челябі, Ташкент, Ново-Николаевск және
Царицынмен хабар алмасты (Сонда, 793-қ., 1-т., 55-іс, 188-б.).
Оның республикалық радио қызметін атқарғандығын дәлелдейтін тағы бір
белгі – жергілікті жердегі радиостансалар бұған бағынып, есеп беріп
отыратын болған. Мысалы, Ақмоладағы радиостансаның жұмысы жайлы осында
жіберілген есепте былдай деп көрсетілген: “Радио ақпарат губернияда
жеткілікті дәрежеде ойдағыдай таратылады. Атмосфералық разрядтардың
салдарынан жұмыс істей алмай қалған күндерден басқа мезгілде радио
ақпаратты үнемі қабылдаймыз”,- деп губерния меңгерушісі Бородулин мен
инспектор Кондратенко қол қояды (Сонда, 4-іс, 43-б.).
Осы кездегі радио хабарының газет жұмысын жандандыруға қосқан үлесі
де өз алдына бір әңгімеге арқау болатындай. Әсіресе жергілікті жерде
шығатын газеттердің оқырмандары радио арқылы алынып басылатын жаңалықтарға
сусап отыратыны соншалық, басылым бетінен “радионың соңғы хабарлары”,
“радиохабаршы”, “радиотелеграммалар” айдарымен берілетін хабарлар көрінбей
қалған кезде оны іздейтін еді. Газет шығарушылар ондай кезде “Бүгін
радиохабаршы алынған жоқ” деп ескерту басуға дейін барған көрінеді
(“Киргизская степь”, 1994, 5-сәуір).
Ал радиохабаршы деген не, ол қалай жасалған? Енді соған тоқталайық:
“Радиохабаршы – радио арқылы таралатын өлкелік ақпарат” деген. Қазан
революциясы атындағы Орталық мемлекеттік мұрағатынан кездестірген құжатта
оған қойылатын талаптар көрсетіледі:
Радиохабаршы: а) бюллетень түріндегі материалдардан; ә) Мәскеуден
радио арқылы алынатын хабарлардан, сондай-ақ: б) орталық және жергілікті
газет материалдарынан тұрады.
Радиохабаршыға берілетін материалдарды өңдегенде қысқа әрі анық
баяндауға тырысқан жөн. Онда бірде-бір артық сөз болмауға тиіс.
Мәскеу радиосы республикаға байланысты мәселелерді іріктеп беруі
керек. Одан Ресейге қатысты материалдар алынып тасталады. Жергілікті
ақпаратқа мүмкіндігінше көбірек орын бөлінгені жөн.
Әдеби дүниелердің тапшылығын ескере отырып, сондай дүниелерді берген
дұрыс (391-қ., 156-іс, 10-б.).
Сөйтіп, 1921 жылдың қазан айынан бастап ресми түрде Қазақ автономиялы
республикасының орталық радиосы қызметін атқарған Орынбор радиостансасы
еліміздегі стансалардың бәріне күн сайын хабарларын тарататын болған. Онда
бүкіл өлкенің сан қырлы өмірі, қоғамдық құрылысы, халықтың мәдениеті мен
күнделікті тұрмысына шейін берілген.
Тілшілердің жұмысы шамамен мынадай бөлімдерден тұрады: а) партия-
совет аппаратының жұмысы, ә) жұмысшының кәсіби ісі және еңбек мәселесі; б)
экономикалық жағдай; в) Қызыл армия өмірі; г) мәдени-ағарту жұмысы; г)
тұрмыс хроникасы және т.б.
Радиостанцияларды дамыту жөніндегі алғашқы шаралар
Азамат соғысы мен 1918-1922 жылдары ақгвардияшыл бандылармен болған
соғыс Қырғыз (Қазақ) республикасының территориясындағы телеграф байланысын
таяу арада тиісті қалпына келтіру мүмкін болмайтындай етіп талқандады.
КирРОСТА бұдан шығатын бірден-бір жол 1922-1923 жылдары Қырғызстанның
(Қазақстанның - Н.О.) Торғай, Қостанай, Ойыл, Гурьев, Орда, Орал, Петропавл
сияқты елді мекендерінде дербес қабылдап-таратушы радиостанциялар орнату
деп тапты.
Радиостанция орнатудың тағы бір маңыздылығы, саяси жағдай қиындай
қалған ретте жаудың қолына түспейді, яғни байланыс та бұзылмайды... ол
материалдар сатып алу мен радиостанциядағы қызметкерлер мен жұмысшылар
жалақысына кететін ақшалай қаржыны да қажет етеді.
КирРОСТА РСФСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне 1922-1923 жылдары
Торғайда, Ордада, Ақтөбенің губерниялық қаласы Петропавлда орнату үшін бес
киловаттық үш радиостанция және Ойылда, Гурьевте, Оралда телеграф желісінің
бұзылуы салдарынан байланысы мүлдем істен шыққан Қостанайда орнатуға екі
киловаттық төрт радиостанция сатып алу үшін сметадан тыс кредит беруге
өтініш жасады.
Адам аз қоныстанған, бір-бірінен қашықтау орналасқан, орталықпен
ешқандай байланысы жоқ қалаларға сым тартып, оны күтіп ұстаудан гөрі,
шығынды аз талап ететін радиобайланысын кеңейту қолайлы болатын-ды. Оның
үстіне желі елсізбен өтеді, мұның өзі бұл сымдарды үнемі қадағалауды
қиындататын еді.
Көшпенді қазақтар тобын хабардар етіп отыру үшін уақытша қабылдаушы
радиостанциялар орнатуға мүмкіндік бар. Көші-қон кезінде оларды екі-үш
сағаттың ішінде жинап алуға да, қайтадан орнатуға да үлгереді. Бұл станция
жұмысын алдын-ала радиокурста оқыған жергілікті қазақтардың біріне
тапсыруға болады.
КирСТО-ның 1922 жылғы 11 тамыздағы хатының негізінде Қырғыз
республикасында: Орынбордағы 60 кв., Семейдегі 8 кв. Және Ырғыздағы,
Қостанайдағы, Петропавлдағы, Ақмоладағы, Павлодардағы, Ордадағы және
Өскемендегі қабылдаушы нүктелерге қоса Ордада 5 кв., Ойылда 2 кв., Торғайда
5 кв., Ақмолада 5 кв. және Жымпитыда, Жылойда, Темірде, Ақтөбеде, Ембіде,
Тас көмір кенінде (Қаракеш бұғазында), Атбасарда, Екібастұз кенінде,
Қарқаралыда, Көкпектіде, қабылдаушы-таратушы радиоқондырғылар орнату қажет
болды.
1925 жылы 1 қаңтардан бастап Орта Азия округінен Жетісу және
Сырдария, сондай-ақ Қарақалпақ Автономиялы облысы почта-телеграф
мекемелерінен төрт қабылдаушы радиостанция, сонымен бірге, қатынас жолдары
Халық Комиссариатынан (НКПС) Гурьев қабылдаушы-таратушы радиостанциясы
қабылданды. Сонымен, жылдың аяғында – 6 қабылдап-таратушы және 14
қабылдаушы, барлығы – 20 радиостанция жұмыс істеді. Бұл деректер Қазақ
облыстық байланыс басқармасының бастығы Хреновтың жыл сайын жасайтын
есебінде көрсетілген[1].
“РОСТА радиожаршысында” жарияланған әрбір заметкада әдетте, мынадай
элементтер болды: тақырыбы, хабарламаның көзі, осы хабарлдаманы алған
уақытты көрсету, хабардың негізгі бөлімі әр заметкадан хабарламаға бүгінгі
күні қойылып отырған талаптарға толық сәйкес келетін: не туралы, не болды,
қай жерде болды, қашан болды деген түсініктер алуға әбден болатын еді.
Сонымен, республикадағы радиостанция жүйелерін дамытудағы жүргізілген
шаралар: қабылдап-таратушы желіні жоспарлы түрде дамыту, жаңа
радиостанциялар ашу, халықты радиоқабылдағыштармен жабдықтау, ал одан кейін
радиохабарын беретін желі жасау - өз нәтижесін берді. Соның арқасында радио
ел тіршілігіне, оның тұрмыс жағдайының жақсаруына, халық санасының өсуіне
зор ықпал етті.
Хабар берудің формасы: версткалануы, тақырып бойынша топтастырылуы,
дербес және тектес тақырыптар қою, айдарларға бөлу нәтижесінде журналистік
електен өте бастады. Сөйтіп, эфирден үндеулер, арнаулар, шақырулар,
тезистер, декреттер, директивалар, нұсқаулар, мәліметтер, баяндамалар,
лекциялар, концерттер, хабарландырулар, хабарламалар, әр түрлі хабаршылар,
газет материалдары және т.б. берілетін болды.
Қазақстанда радиоәуесқойлар қозғалысының басталуы және оның радиохабарының
дамуына тигізген ықпалы
Еліміздегі радионың дамуы туралы үкімет қаулыларынан бастап,
радиоәуесқойлық пен 1924 жылы Радио Достары Қоғамына біріккен оның
жекелеген өкілдеріне дейін әр түрлі фактілерді келтіре отырып, біраз жайды
айтуға болады. Осы жөнінде қабылданған құжаттардың бірінде былай делінді:
“Радиоәуесқойлар ұйымдарының радиоқұрылысы төңірегіндегі қоғамдық пікірді
ұйымдастыру, қалың жұмысшы, шаруа бұқарасының арасында радиотехникалық
ғылым-білімді тарату және мәдени құрылыс ісіндегі зор маңызын мойындап
келіп, сондай-ақ, үгіт пен насихаттың қуатты қаруы ретінде радио атқаруға
тиіс елеулі рольді көрсете келіп, Орталық Комитет партия ұйымдарына Радио
Достары Қоғамына көмек көрсету мен басшылық жасауға, әсіресе, деревняда
ерекше назар аударуды ұсынады; бұл жұмыста ең алдымен радиотехникалық
даярлығы бар партия мүшелерін пайдалану керек”.
1924 жылғы 10 қаңтарда Қырғыз (Қазақ) почта-телеграф округі
басқармасы Почта-телеграф Халық Комиссариатына жекелеген адамдар ғана емес,
сондай-ақ, ұйымдардан да ҚССР-да, атап айтқанда, Орынборда Коминтерн мен
Сокольникидің Москвадағы рациясынан лекциялар мен концерттер тыңдау
мақсатында дауыс күшейткіштері бар қабылдаушы станциялар орнатуға өтініштер
келіп түсуіне байланысты Қырғыз почта-телеграф округінің басқармасы
Қырғызстан жағдайында өзінің естілу сапасы мен арзандығы жөнінен қолдануға
ыңғайлы, қуаты шағын приборлар тресі шығаратын радиоприборлар құнының
прейскурантын салып жіберуді сұрайды.
Радиостанциялар бар жерде радиоәуесқойлар үйірмелері пайда болды,
онда радио ісінің негіздері оқытылды, детекторлық радиоқабылдағыштар
жасалды. Еңбекшілердің партия мен мемлекет қолдаған инициативасы Радио
Достары Қоғамын құруға ұласты. Сөйтіп, ол радионы насихаттау жөнінде,
қабылдағыштарды дайындау мен орнатуда, әуесқойларға көмек көрсету жөнінде,
қалалар мен селоларды радиоландыру ісінде үлкен жоспарлы жұмысты бастады.
Осы кезде жеке меншік қабылдаушы радиостанциялар Орынбордағы
В.Антонов пен Ф.Вовченкода болды, ол сол сияқты Қазалы почта-телеграф
кеңсесі жанындағы 11 адамнан тұратын топта да бар. Нақ осы іске байланысты
мынадай құжаттар да болды. Онда: “Орынбор вокзалы жанындағы профессор
Лебединский атындағы әуесқойлар ұясының радиостанциясы жақсы жұмыс істейді”-
делінген.
Бұл жылдары Қазақстанда еліміздегі сияқты радио ғажайып нәрсе,
әдеттен тыс құбылыс болып қабылданды. Газет беттерінде радиоға арналған
мақалалар жиі басылды. Солардың бірі “Мир труда” газетінде 1925 жылғы 23
мамырда “радио – даладағы толқын” деген көлемді мақала берілді. Онда
Орынбор губерниялық жоспарлау комитеті жанындағы болған техникалық кеңес
территориясының үлкендігіне, ондағы көліктің қарабайырлығына(түйе),
жолдардың болмауына байланысты губернияға радионың қызметі орасан үлкен
пайда әкеледі деген қорытындыға келеді.
“Почта-телеграф Халық Комиссариаты ұсынған лампылы жүйе қолайлы
болғандықтан губерния маңындағы 500 шақырым жерге дейін қызмет көрсете
алады. 1000 сомнан артық ақша жұмсауды қажет етіп отырған хабардан кезінде
Москваны тыңдауға мүмкіндік болады.
Хабар таратушы станцияның қыс айларындағы ғана (жаз уақытында хабар
жақсы берілмейді) жұмысы кезінде, станция жылына 8 ай және айына 24 күн
ғана (жұмыс күндері) күніне 2 сағаттан жұмыс істеп, 60 адамға хабар
таратқан жағдайда, селодағы бір радиоқабылдағыш 23040 адамға қызмет көрсете
алады.
Губернияда барлығы 60 облыстық мекен бар. Жергілікті жерде
мамандардың керегі жоқ. Егер қабылдағыштарды барлық болыстық мекендерде
орнататын болса, 1.382.000 тыңдаушыға дейін қызмет көрсетеді екен. Ал егер
радиоқабылдағыштарды селолық советтері бар барлық селоларда орнататын
болса, қызмет көрсетілетін адамдардың саны ғаламат өсіп, 11.500.000 адамға
жетеді.
Петропавлда 1926 жылы Радио Достары Қоғамында (ол 1924 жылы
ұйымдасқан) 2.000 мүше болды. Олардың билігіне қуаты 50 ватт радиотелефон
таратқышы берілді. “Станцияның жанында концерт көрсетуге арналған студия
бар. Москва хабарларын беру үшін қаладан 5 шақырым жерде қабылдаушы
радиостанция тұрғызылды”. Бұл хабар назар аударарлық. Соның арқасында
Петропавлда 1926 жылы-ақ радиодан жергілікті концерттер беріле бастағаны
белгілі болды.
Сөйтіп, Петропавл радиоәуесқойларының ісі оңға басты. Петропавл Радио
Достары Қоғамы туралы “Радио всем” журналы былай деп жазды: “Ақмола
губерниясында радиоәуесқойлықты дамыту жылдам қарқынмен жүріп келеді. Осы
уақытқа дейін жұмысты Петропавл Радио Достары Қоғамы орнатқан қуаты аз
хабар таратушы қиындатып келген еді. Енді оны “шағын Коминтерн” үлгісіндегі
жаңа хабар таратушы алмастырды, оның дауысы губернияның барлық бөлімдеріне
естіледі”.
1928 жылы Ақтөбе қалалық почтасының бір қабатты шағын үйінде
облыстағы алғашқы радиоторабы жұмыс істей бастады. Оның бүкіл жабдығы
қолдан жасалған қабылдағыш пен күшейткіштен тұрды. Бұл торап 50 радио
нүктесіне қызмет көрсетті. Сонымен бірге қалалық желіден
көркемөнерпаздардың шекті аспаптар оркестрінің концерттері, облыстық
газеттерден материалдар берілді. Теміржол клубындағы лекциядан хабар беруге
әрекет жасалды. Кейінірек таңертеңгілік гимнастика сабақтарын, ал кешкілік
уақытта қаланың кәсіпорындары мен мектептерінің өмірінен жаңалықтар,
радиотыңдаушылар сұраулары бойынша концерттер беретін болды.
Сырдария облысындағы радиоландыру жұмысы жайлы кезінде “Новости
радио” былай деп жазған еді: “сырдария губерниясындағы радиоландыру 1927
жылы басталды. Қазір (1928 жыл. – Н.О.) Шымкент қаласында орталық кәсіподақ
клубында және совет саудасы қызметкерлері Одағының жергілікті комитеттің
мақта алқабы маңындағы қондырғысы губерниялық совет саудасы қызметкерлері
бөлімінің қаулысымен “Түлкібас” қыстағының шайханасына көшірілді. Қызыл
шайхана тыңдаушыларға лық толы.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz