Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4б
I бөлім. Экологиялық мәселелердің экономикалық секторларға кірігуі
1. Мұнай мен газ өндірілетін аймақтардағы экологиялық
проблемалардың
өткірлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
5б
1.2. Энергетика жəне қоршаған
орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7б
1.3. Ауыл
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9б
1.4. Орман
шарушылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10б
1.5.
Өнеркəсіп ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11б
II бөлім. Қоршаған ортаны қорғауға қаржылық қорлар жұмылдыру
шаралары
2.1. Табиғат көзін ластаушыларға,қоқыстың түр-түріне салынатын
айыппұлдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .13б
2.2. 2001-2006 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорағауға
бөлінген
қаражат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14б
III бөлім. Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық
құралдар
3.1. Эмиссия үшін қоршаған ортаға төлем
жасау ... ... ... ... ... ... ... .1 5б
3.2. Ластауға қатысты төлемдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16б
2
3.3. Қалалық сумен жабдықтау үшін жасалатын төлем жəне
ағынды сурадыуларды
бұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19б
3.4. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар ... ... ... .22б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24б
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26б
3
Кіріспе
Мақсаты: Табиғат обьектілерінің жағымсыз экологиялық салдарын
экономикалық тұрғыдан бағалап,қоршаған ортаны қорғауға арналған
құралдарыментанысу.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында
Қазақстанда бұрынғысынша өнеркəсіптік кəсіпорындардан шығарылатын түрлі
қалдық түрлері мен аса көп ластаушыларға салынатын, ластауға қатысты
төлемдер үстемдік етеді.Экологиялық жағынан зиянды өнімге төленетін
төлемдер қосымша рөл атқарады. 1997 жылғы Қоршаған ортаны қорғау
Заңында белгіленген (ҚОҚЗ) ластау деңгейін төмендеті технологияларын
таратуды алға жылжытуға бағытталған субсидиялау кестесі жүзеге асырылған
жоқ. Дегенмен олар сондай-ақ өз күшіне 2007 жылы енген Экологиялық кодексте
де айтылған жəне ол ҚОҚЗ интеграцияланған. Кодекс сонымен бірге кəсіпорын
деңгейінде қайта қалпына келтіру қорларын құрудың жəне қалдықтарға
сертификаттар берудегі сауданың нарықтық кестесін жүргізудің құқықтық
негізін қамтамасыз етеді. Кодексте қоршаған ортаны қорғаумен байланысты
экономикалық, яғни ақшалай, экологиялық залалды бағалау мəселелерін
қарастыратын ережелер де берілген. Алайда осы аталған жаңа ережелердің
барлығын жүзеге асыру детальдары əлі де жасалу үстінде.Бұған қоса,
Экологиялық кодекске сəйкес ластауға алынатын төлемдер ауа мен суды
ластаушыларға, сондай-ақ қалдықтарды өндіру үшін қалдықтардың шекті көлемі
(ҚШК) көрсетілген рұқсат беру жүйесімен тығыз байланысты. 2008 ж. қызмет
бабына маңызды өзгеріс енгізу жоспарланып отыр, осыған сəйкес ҚШК анықтау
барысында ескерілетін ауа мен суды ластаушылардың саны елеулі түрде
төмендейді.Дегенмен қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер
есептелетін ластағыштардың саны ЭЫДҰ (ОСЭР) елдерімен салыстырғанда
едəуір үлкен болып отыр, бұл елдерде осындай төлемдер ластау деңгейін
төмендету үшін аса шектеулі көлемде
4
қолданылады (мысалы, азот тотығы (NOx) мен күкірт тотығы (SO2),
Скандинавиялық елдерде қолданылады). Іс жүзінде, қоршаған ортаны ластауға
қатысты төлемдер жүйесі ластану деңгейін төмендетуге елеулі жағдай жасады
деудің ешқандай дəлелі жоқ. Бұл ҚР Үкіметімен қабылданған 2007-2009
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу
Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспарында көрсетілген, бұл
жоспар келесі мəселелерді қамтиды: ластаушы көздердің материалдық
жауапкершілігі қағидаларын тиімді қолдану; қоршаған ортаны ластауға қатысты
төлемдер мен айыппұлдардың қызметін ынталандыруды күшейту; қалдықтарды
қайта өңдеуді насихаттау.
5
I бөлім. Экологиялық мәселелердің экономикалық секторларға
Кірігуі
1.1.Мұнай мен газ өндірілетін аймақтардағы экологиялық
проблемалардың өткірлігі
Құрлықтағы жəне теңіздегі кен орындарын игеру, сондай-ақ,
құбыржолдардың, автокөлік пен темір жолдарының, мұнай мен газды өңдеу
кəсіпорындарының салынуы табиғаттың ластануының артуымен жəне су, ауа,
топырақ, флора мен фаунаға тиетін ұзақ мерзімді əсермен
байланысты.Мұнайгаз жəне тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға тигізген
əсерінің зиянды салдарын түсінушілік жетіспейді. Сол салдар тиісінше
бағаланбаған жəне ластауды азайту шаралары арқылы шешілмеген. Солардың
тұтас əсері, əсіресе экологиялық тұрғыдан сезімтал келетін Каспий теңізі
мен оның жаңалауы аймағында мейілінше еленбей келеді. Тау-кен саласында
тұрақтылық принциптері сақталмайды. Мысалы, көмір шахталары ауаға зор
көлемде метан бөледі. Метан адам өлімі мен жарақаттарға апаратын
жарылысстарға себепкер бола алатынына қарамастан, метанды қалпына келтіру
–қауіпсіздікті арттырудың, экологиялық ластануды азайтудың жəне табыс
табудың əдісі болып табылады. Көмір метаны жөніндегі бірлескен жобалардың
бірқатары осы уақытта Киото протоколының ратификациясын күтіп отыр. Тау-
кен жəне металлургия салалары жылыжайлық газдардың бөлінуі мен қалдықтардың
зор көлемде пайда болуына мұрындық болатындықтан бұл салалар адам
денсаулығы тұрғысынан зор алаңдаушылық туғызып отыр. Қазақстанда
тұрақтылық мəселелерін шикізат өндіру саласына кіріктірудің арнайы
стратегиясы ойластырылмаған,сондай-ақ, тау-кен саласы жұмысшыларының
денсаулығы мен қауіпсіздігі жөнінде заң жоқ.
6
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде атмосфераға зиянды заттарды лақтыру
көлемінің өсуі байқалмайды. Бұл бір жағынан, өндіріс көлемінің
құлдырауымен,ал екінші жағынан, өндіріске жаңа тазарту құрылғыларын
енгізумен, технологиялық процестерді жетілдірумен байланысты. Мысалы,
Қазақмыс Корпорациясы, Балхашцветмет АҚ өндірістік бірлестігінің мырыш
зауытын пайдалану үшін іске қосылғанын айтуға болады. Бұл жерде күкірт
қышқылының әсерінен және жоғары қысым кезіндегі оттегіден жоғары
температуралы автоклавты сілтілендіру концентратының прогресшіл
экологиялық таза технологиясы пайдаланылды, дәстүрлі күйдіруді азайта
отырып, атмосфералық ауаға келеңсіз әсер етуді азайтуға мүмкіндік
береді.Қоршаған ортаны ластауды азайтуды экономикалық ынталандыру
мақсатында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы бойынша қоршаған
ортаны ластағаны үшін мөлшерлеме төлеу белгіленген. Осыған байланысты,
Министрлік тарапынан, қоршаған орта жағдайын тұрақты және тиісті
мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.Заңды бұзғандар үшін әкімшілік
сипаттағы айыппұл төлеу және ескертпелер түрінде инспекторлық қолданыстағы
іс-шаралар, азаматтық сипаттағы – қоршаған ортаға тигізген залалдардың
орнын толтыру туралыталаптар және шағымдар түрінде қабылданады.Экологиялық
проблемаларды шешудің сапасын арттыру мақсатында қоршаған ортаны қорғаудың
Бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылды. Оның әрі қарай дамуы электрондық
Үкімет шеңберінде осы жүйені интеграциялауға, халыққа ақпараттық
қызметтерді ұсынуда қуатты құралдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.Бұдан
басқа, электрондық Үкіметті енгізу шеңберінде электрондық-цифрлық қол
қоюды қолдана отырып, ведомство аралық құжат айналымын пайдалануды енгізу
жоспарланған.
7
1.2.Энергетика жəне қоршаған орта
Кейбір ілгері басушылыққа қарамастан, Қазақстанның энергетикалық
сыйымдылығы əлемдегі ең жоғарғылардың бірі. Қарқынды экономикалық өсім
салдарынан энергияға деген сұраныс айтарлықтай өсе түсті. Көбінше табиғи
көмірді жағу есебінен жүзеге асқан ішкі энергия өндірісі таза əрі неғурлым
тиімдірек келетін технологияларды енгізумен қатар жүрген жоқ. Қоршаған
ортаға осыған байланысты тиген əсер өте ауыр болды, əсіресе бұл төменгі
сапалы көмір жағу нəтижесінде ауаның ластануынан көрініс тапты. Төменгі
деңгейді қалып отырған энергетикалық тиімділікті, мысалы, энергия үнемдеу
жəне энергия шығынын қысқарту арқылы айтарлықтай көтеруге болады, бұл
шаралар бір уақытта энергетика саласының экологиялық ықпалын азайтар
еді.Елдің энегрияның бастапқы көздері тұрғысындағы əлеуеті мол,атап
айтқанда,көмір,газ жəне мұнай,сондай-ақ, орны толатын су,жел жəне күн
энергиясының көздері.Ішкі сұраныстың 51 пайызы көмір есебінен, 25 пайызы –
газ, ал 23 пайызы – шикі мұнай есебінен қанағаттандырылады. Орны толатын
энергияның көздері (ірі гидроэлектро-станциялардан басқа) қолдау болар
заңдардың, стратегиялардың жəне ынталандырушы тетіктердің болмауы себепті
толыққанды қолданылмай келеді. Сондықтан таза энергияға негізделген
технологиялар елдің зор көлемдегі арзан көмірімен бəсекелесе алмайды.
Қазақстан энергетика саласында неғұрлым тұрақты практиканы енгізуге
ұмтылады...Соңғы он жылда мемлекет орны толатын энергия көздері,
энерготиімділік пен энергия өндірісінің экологиялық əсері мен энергияны
пайдалану жөнінде стратегиялық құжаттар мен заңдарды айқындады. Тұрақты
даму аясыында энергияны тиімді пайдалану мен балама көздерді дамыту
жөніндегі 2024-жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегия мекемеаралық кеңесулер
деңгейінде қарастырылып жатыр. Бұл орны толатын энергия көздерін қолдануды
арттырудың шаралары мен мақсаттарын қамтиды. Бұған қоса, экологиялық
8
заңнамаларды біртіңдеп жақсарту жұмысы да жүріп жатыр. 2007-жылғы
Экологиялық кодекс энергетика саласында қоршаған ортаны қорғау шараларын
ілгері бастыруды қарастырады. Соған қарамастан, стратегиялар мен заңдар
жүзеге асырудың тиісті шаралары арқылы нақты қолданысқа ие болу жолдарын
табуы керек.Дегенмен,энергия бағаларын əлі де мемлекет реттеп, субсидия
түрінде қаржылдандырып отыр.Тарифтер тым төмен болғандықтан шығындардың
толық өтелуі ілгері баспай отыр. Бұл энерготиімділік шараларын жүзеге
асыруға жəне энергияны үнемдеу бағытында инвестицияларды тартуға басты
бөгет болып отыр, соның салдарынан (өзгелеріарасында) комбинацияланған
циклі бар электр-стансалары секілді қолда бар əдістерге негізделген
неғұрлым таза əрі тиімді технологияларды енгізу, сондай-ақ, тарату жəне
үлестіру желілеріннің тиімділігін арттыру мүмкіншілігі жоққа шығады.
Қазақстанның өкімет орындары да, энергооператорлары да, инвесторларды
тарту үшін технологияларды ұсыну арқылы мүмкіншіліктерді дамытып,қабілетті
жетілдіру үшін тарифтерді көтеру қажеттілігін мойындап отыр. Жер асты
байлықтарын басқару жəне қоршаған орта Қазақстанның минералды байлықтары
мол. Елдің өндірістік саласы көп жағдайда табиғи байлықтарды өндіріп-
өңдеуге негізделген. 2004-жылы жалпы өндірістік өнім шығарудың жартысына
жуығы жəне еңбекпен қамтудың 20 пайызы тау-кен саласының үлесіне тиді.
Елдегі елеулі экономикалық өсім,бірінші кезекте, мұнайгаз саласының
жоғары қарқынмен дамығанымен байланысты, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға
айтарлықтай қысым түсіріп отыр.
9
1.3.Ауыл шаруашылығы
2005 жылы ауыл шарушылығының үлесіне Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің
6.6%-ы келді.Ауыл шарушылығы секторында елдегі жұмысқа жарамды халықтың
32.4%-ы жұмыспен қамтылды. Қазақстан астық өндіру мен экспорттау бойынша
əлемдік көшбасшылардың бірі. Елдегі егістік жерлердің құнарлы топырағы мен
климат бидай, арпа, күріш, жүгері, тары жəне қарақұмық өсіру үшін қажет
мінсіз жағдайларды қамтамасыз етеді. Дəнді дақылдардың негізгі түріне
жоғары құрамдағы протеин бар жоғары сапалы бидай жатады. Негізгі
өнеркəсіптік дақылдар мақтаны, қызылшаны жəне май жасайтын күнбағыс, зығыр,
соя жəне қыша сияқты дақылдарды қамтиды. Осы аталған дақылдардың ең
маңыздысына–Оңтүстік Қазақстанның суармалы алқаптарында өсірілетін мақта
жатады. Жерді қарқынды өңдеу бастапқы құнарлы топырақтарға елеулі əсерін
тигізді де, топырақтың азуы ауылшарушылық өндірісі үшін күрделі кедергіге
айналды. 20 ғасырдың 50-ші жылдарында топырақ баптау қолға алынғаннан бері
топырақтың органикалық затының 50 пайыздан астамы жойылып, соның есебінен,
топырақ тығызданып, құнарын жоғалтты, жел жəне су эрозиясына ұшырады.
Өзбекстанда мақта өсірудің нəтижесінде Арал теңі-зініңтартылуы
ауылшарушылық қызметініңҚазақстанның қоршаған ортасына тигізген əсерінің
ең айшықты мысалы болып табылады.Елдің солтүстік жəне орталық аудандарына
əсерін тигізетін жел эрозиясы ауыл шарушылығына байланысты тағы бір
экологиялық проблема болып табылады. 50-ші жəне 60-шы жылдарда бидайды кең
ауқымда, суармалы жерлерге бидай егуге байланысты. Қазақстанның байтақ
далалары тың жəне тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын іске асыру
барысында жыртылған кезде, құнарлы топырақтың едəуір алқаптары жойылды.
Соның салдарынан, 90-шы жылдардың орта шеніне қарай түрлі дəрежедегі
тақырға айналу елдегі жайылымдық жерлердің шамамен 60%-ын қамтыды.
10
1.4. Орман шарушылығы
2006 жылы орман алқаптарының аумағы 24,6 миллион га-ны құрады, соның
жартысын (12,3 миллион га) толығымен орман жайлаған.Орман қорының шамамен
23 тамыры жағынан ағаштың қылқан жапырақты түрлерін қамтиды, солардың
ішіндегі ең көбі қарағай мен шырша. Жапырақты тоғайдың ең көп тараған
түрлеріне қайың,тал,қандағаш жəне үйеңкі жатады.Құрлықтың жалпы аумағына
пайыздық арақатынаста қабылданған орман алқаптарының аумағы 4.2%-дан (1998)
4.5%-ға (2006), дейін шамалы өсті, бірақ осы оң серпінге ағаш егу
аумағымен салыстырғанда ағымдағы ағаш кесу көлемдерінің артуына байланысты
қауіп төніп тұр. Бұл орайда, кеңістік қатынаста ормандар өте əркелкі
бөлінген: орман алқаптарының басым бөлігі (69%) республиканың оңтүстік,
оңтүстік-шығыс жəне солтүстік шекараларының бойында кездеседі. Заңсыз ағаш
кесу мен орман өрттері ормандарға ең үлкен қауіп төндіреді. Қытайға,
Қырғызстанға жəне Өзбекстанға экспортқа жіберілетін ағаш материалдарының
рыногы 1995 жылы ашылды, сол себепті ағаш дайындайтын жеке компаниялар
құрылды жəне ағаш экспорты өсе түсті. Сонымен қатар, ағаш материалдары
экспортының күрт өсу шамасына қарай да,сондай-ақ заңсыз ағаш кесу
проблемасы пайда болды. Өнімнің жеке түрлерінің экспортына тиым салу
арқылы Үкімет заңсыз ағаш қырқуды тотатуға немесе тым болмағанда азайтуға
əрекет жасады, бірақ осындай күш-жігердің нəтижесі əзірше байқалмайды.
2001 жылдан бері ағаш кесудің көлемдері орман алқаптарын регенерациялау
аумағынан асып түседі. 2006 жылы ағаш кесудің аумағы 41,400 га-ны, ал
ағаш отырғызудың көлемі небəрі 21,700 га-ны ғана құрады. Көп жылдық
қарқынды ағаш кесудің нəтижесінде əсіресе Алтай ормандары зардап шекті.
Қағида бойынша, ағаш кесу елді мекендердің жанындағы оңай жетуге
болатын аудандарда немесе жолдар мен өзен арналарының
11
бойында жүргізілді.Осындай аудандарда ағаш дайындау жұмыстарына орман
кодексі қатаң тиым салады,бірақ экологиялық заңнаманы сақтамау орманды тез
сиретуге ұшыратады.Орман өрттері-орман ресурстарына айтарлықтай зиян
тигізетін кең тараған құбылыс. 2004 жылы 1,315 орман өрттері тіркелді. (ең
көп саны).Олардың саны 2005 жылы 760-қа дейін төмендеп, 2001 жылғымен
салыстырғанда біршама азайды (786). Сонымен қатар өрт шалған орман
алқаптарының аумағы 30,800 га-дан 14,500 га-ға дейін екі есеге қысқарды.
Ағаш материалдары ысырабының бағасы тұрғысынан кері серпін болды-ысырап
болған ағаштың бағасы 3 58,6 миллион теңгеден (2001) 724,1 миллион теңгеге
дейін (2005) екі есе өсті.
12
1.5. Өнеркəсіп
Мұнайгаз саласы Қазақстанның ең маңызды экономикалық секторын
құрайды..Мұнайгаз секторы ауаның ластануына айтарлықтай ықпал етеді.
Сектордағы 75 %-ға жуық ластайтын заттар атмосфераға, 20%-ы суға жəне
қалған 5% -ы топыраққа шығарылады. Мұнайгаз кəсіпорындарының шоғырланған
аймақтарға тигізетін жергілікті əсері едəуір. Атырау облысында ауаның
ластануының 99.9%-ға жуығы мұнайгаз кəсіпорындарының жұмысымен байланысты.
Осындай ахуал Қызылорда (96.7%), Маңғыстау (94.1%) жəне Батыс Қазақстан
(89.7%) облыстарынан байқалады.Мұнай өндіретін кəсіпорындар жер үсті жəне
жер асты суларын ластайды, атап айтқанда бұл Каспий теңізі суының, сондай-
ақ теңізге тікелей жақын орналасқан топырақтарға (жерқыртыстарына)
қатысты.Өндірілетін мұнайдың кең орындарындағы ысыраптары 3.5% шаманы
құрайды. Өткізгіш құбырлар арқылы өнімді тасымалдауға байланысты ысыраптар
одан да көп. Есепті деректер бойынша Кен орындары мен өткізгіш құбырлар
жүргізілген аймақтарда мұнай төгу 1 км 2-ге 0,02 тоннаны құрайды. Төгудің
негізгі себептері коррозиямен, механикалық зақымдармен жəне конструктивті
ақаулармен байланысты. Осы ысыраптарды өндірістің түрлі кезектерінде
баламасыз есепке алудың нəтижесінде жағдай одан сайын шиеленісе түседі.Кен
өнеркəсібі секторы көлемі бойынша Қазақстандағы мұнайгаз секторынан кейінгі
екінші өнеркəсіптік сектор болып табылады. Ол сондай-ақ шикі мұнай
экспортынан кейінгі екінші экспорттық секторға жатады. Кен өнеркəсібінің
үлесіне Қазақстанның экспорттық табысының (кірісінің) 30%-ы, ЖІӨ нің 16%ы
жəне жұмыспен қамтудың 19%-ы келеді. 200-ден аса Кен өндіруші кəсіпорындар
қомақты көлемде тауар өнімін өндіреді,олар:көмір,темір рудасы,хромит
рудалары мен ферросплавтар, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, болат,
титан губкасы,уран,барит жəне т.б.Өндіретін руданың жалпы көлемінің 95%-ы
бракқа шығарылатын
13
болғандықтан, Кен өндіруші өнеркəсіп қалдықтарының үлкен көлемдерін
шығарады. 2007 жылдың бас кезіне дейін өндіруші өнеркəсіптің жиналған
қатты қалдықтары миллиард тоннаны құрағаны есептеп шығарылды, соның
салдарынан топырақ пен су ластанған. Қазақстанда уран рудаларының
əлемдегі ең ірі Кен өндіру кешені бар. Уран рудасын өндіру мен қайта өңдеу
топырақты ластады жəне 106 миллион тоннаға жуық радиоактивті
қалдықтаршығарып, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндірді. Осындай
қалдықтардағы радиацияның деңгейі 35-тен 3,000 мРч-ға дейін ауытқиды, жəне
радиацияның жалпы көлемі 50,000 Ки-ден асады.
14

2.1.Табиғат көзін ластаушыларға,қоқыстың түр-түріне салынатын
айыппұлдар
Ауа мен суды ластауыштарға жəне қоқыстың түр-түріне салынатын
айыппұлдар экономикалық құралдарды қолдану əдістері арасында басым
келеді.Экологиялық зиян өнімдерге салынатын салықтардың ойнайтын ролі
мардымсыз.Өзге тетіктерді енгіздіру ережелері (мысалы, неғұрлым таза
технологияларды субсидиялау,реабилитациялық қорлар жəне қоқыстарды саудаға
салу мен қоршаған ортаға тигізілген зиян үшін өтемақы төлеудің нарықтық
тəртібін енгізу)2007-жылдың Экологиялық кодексінде көрсетілген, алайда,
соларды жүзеге асырудың егжейөтегжейі жазылмаған. Қоршаған ортаны ластау
үшін төлем төлеткізу рұқсат ету жүйесімен байланысқан. Əкімшілік тұрғыдан
алып қарағанда, мұндай жүйе біршама күрделі əрі ауыр келеді.Төлемдердің
есептелуі ашық емес.Елеулі өзгеріс деп 2008-жылы қоршаған ортаны ластау
үшін төлемдер құрылымына кіретін ластауыштар санының қысқартылуын айтуға
болады (дегенмен олардың саны ЭБДҰ елдеріндегіден əжептəуір жоғары).Үкімет
қоршаған ортаны ластау үшін төленетін айыппұлдар есебінен елеулі табыс
көруін одан əрі жалғастырды. Экологиялық айыппұлдармен қоса санағанда бұл
табыс 2006- жылы ІЖӨ көлемінің 0.3% -ын құрады: барлық келіп түскен
төлемдердің 73% -ы ауаның ластанғаны, 25%-ы қоқыс жəне 2% -ы судың
ластанғаны үшін төленді. 2002-жылдан бастап бұл төлемдер экологиялық мақсат
қойылмастан жергілікті бюджеттерге аударылып отырды. Бұл төлемдердің
кəсіпорындар ластауды қысқартып, ластауды бақылап отыру ісіне инвестиция
бөлуге талпынатындай аса бір үлкен ықпалы жоқ секілді.
15

бөлінген қаражат
ІЖӨ көлемінің 1.2 -1.3% -ын құрады; жұмсалған қаржының жартысына
жуығын инвестициялар құрады.2006-жылы қоршаған ортаны қорғау саласына
жұмсалған инвестициялардың 87 пайызын кəсіпорындардың бөлген қаржысы
құрады,7.5пайызын шетелдік көмек түрінде бөлінген қаражат құрады жəне тек
5.5 пайызы ғана мемлекеттік бюджетен бөлінді. Кəсіпорындар бөлген
экологиялық инвестицияларының 75 пайызын ауа сапасын қорғауға бағыттады,
ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы негізінен су қорларын қорғауға жəне
жерді қалпына келтіруге жұмсалды. Қалдықтарды жарату ісіне өте аз қаражат
бөлінді. 2000-жылдан бері байқалып отырған қарқынды экономикалық өсім
қаржылық кіріс көлемінің күрт ұлғаюына жəне жұмсалатын мемлекеттік қаржының
айтарлықтай өсуіне əкелді.Дегенмен,мемлекеттік бюджет жоспарларында
қоршаған ортаны қорғау ісіне жеткілікті басымдық берілмей келеді. Тиісінше,
қалдықтарды жарату мен сарқынды суларды тазарту ісіндегі ілгері басушылық
жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау
саласына жұмсалатын шығын көлемі тиісті деңгейдегі экологиялық қызметтерді
қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Орталық бюджеттен бөлінетін қаражат тым
шектеулі, ал жергілікті билік орындарына отандық, не шетелдік
банктермен,не көптарапты қаржылық институттармен тікелей келісім жасауға
рұқсат етілмейді. Бұл табиғатты қорғау инфрақұрылымындағы қажетті
жақсартуларды қаржыландыруға бөгет болып отыР.Орталық бюджеттен,
жергілікті қаржы нарықтарынан жəне көптарапты қаржылық институттардан
бұрыңғысынан көбірек қаржы тарту үшін мақсат пен уақыт кестесі айқын,
қаржылық шығындарды (инвестициялық
16
шығындар,пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге кететін қаржы) бағалауы
жəне тұрақты қаржылық стратегиясы негізделген экологиялық жобаларды
пысықтауға жарайтын институциональді мүмкіншіліктер керек. Жергілікті
деңгейде мұндай əлеует жоқ.
17

3.1.Эмиссия үшін қоршаған ортаға төлем жасау
Əрбір кəсіпорын үшін ауа мен суды ластайтын заттар бөлудің ең жоғарғы
мөлшері жəне қоқыс шығарудың ең үлкен көлемі көрсетілген экологиялық
рұқсаттар. 2002 ж.бастап осы экологиялық салаларды қамтитын бірегей рұқсат
берілді.2007 жылдың тамыз айында күшіне енген жаңа заңнамаға сəйкес
қызметке рұқсат беру мерзімі бір жылдан 3-5 жылға дейін ұзартылды (2
тар.қар.). Қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер белгіленген лимиттер
шеңберінде есептеледі. Нормативтік заңнан тыс ластауларға нормадан
ауытқығаны үшін айыппұл салынады. Алайда қоршаған ортаны ластауға
төленетін төлемдер жүйесі ешқандай айқындылығымен ерекшеленбейді, сондай-ақ
олардың экологиялық тиімділігін өлшеу де қиын. Стационарлық көздерден
түсетін ластағыштарға қатысты ҚШК атмосферадағы жекелеген заттардың
улылығын жəне осымен байланысты адам денсаулығына ықтимал əсер етуін
ескергендегі шекті концентрациясы (ШЫК) арқылы анықталады. Жекелеп алынған
облыстың əрбір кəсіпорны үшін ҚШК ластағыш заттардың атмосфераға таралуын
компьютермен модельдеу негізінде есептеледі.Экологиялық саясат бірнеше
негізгі ластағышты көздемейді; керісінше,ауа мен су ластағыштарының
жүздеген ресми тізімі бар, олардың əрқайсысына қалдық шегі анықтамасы
қолданылады. Кəсіпорын үшін ҚШК белгілеу барысында ескерілетін ластағыш
заттардың түрі мен саны өндіріс көлемі мен өндірісте қолданылатын
технологиялардың көлеміне тығыз байланысты болады. 2007 ж. жылға дейін
қауіпті қалдықтардың төрт түрлі тобына,сонымен қатар типтік қатты (немесе
муниципиалды) қалдықтары үшін өнеркəсіптік қалдықтардың өндірілуіне
шектеу қойылды.
18
3.2.Ластауға қатысты төлемдер
Ластауға қатысты төлемдер экологиялық рұқсатпен белгіленген шеңбердегі
барлық қалдықтар үшін алынады. Белгіленген лимиттен артып түсетін
ластағыштарға базалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz