Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе . . .
: 1
Кіріспе . . .: ҚР астық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері . . .
:
: 1. 1
Кіріспе . . .: Астық өндірісінің қазіргі кездегі қалыптастыру мәселелері . . .
:
: 1. 2
Кіріспе . . .: Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі . . .
:
: 1. 3
Кіріспе . . .: Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің теориялық негіздері . . .
:
: 2
Кіріспе . . .: “Ақтау нанның” ЖШС-ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау . . .
:
: 2. 1
Кіріспе . . .: Шаруашылықтың жалпы экономикалық сипаттамасы . . .
:
: 2. 2
Кіріспе . . .: Сатып алынған көрсеткіштер сипаттамасы . . .
:
: 2. 3
Кіріспе . . .: Кәсіпорынның өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуі мен оларды пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау . . .
:
: 3
Кіріспе . . .: Наубайхана шаруашылығын ұйымдастыру және экономикалық тиімділігін жетілдіру . . .
:
: 3. 1
Кіріспе . . .: Шаруашылықтың қаржылық нәтижесін арттыру бағыттары . . .
:
: 3. 2
Кіріспе . . .: Наубайхананың жаңа нан өнімдерін өндіретін цехтың қызметінің экономикалық тиімділігінің болжамы . . .
:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
:
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер . . .
:

"Арпа-бидай ас екен,

Алтын-күміс тас екен".

/Халық мақалы/.

Кіріспе

Қазақстан - аграрлық мемлекет, сондықтан агроөнеркәсіптік кешен экономиканың маңызды саласы болып табылады.

Орталықтанған жоспарлық экономикадан бас татқаннан кейін агроөнеркәсіптік кешен алдында, жалпы жалпы мелекет экономикасы алдындағыдай нарықтық қатынастарға көшу міндеттері тұрды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарықтық экономикаға өту барысында көп өзгерістерге ұшырады. Нарықтық қатынастарға көшу барысында 90- жылдардың басынан жүзеге асырылуда. Оның қортындысының нәтижесінде көпукладты экономиканың негіздері құрылды.

Нарықтық экономикаға көшу барысында мемлекеттің аграрлық саясатының басты мәселесі ауылда нақты меншік иесін қалыптастыру болып табылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1, 6 млн. адам мүліктік пай ларын рсатайтын құқықтық құжаттарын алды. 85 мыңнан артық адам өз мліктік және жер үлестерін алып, шаруа фермер қожалықтарын құрды.

Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипаталады. Алматы облысында шаруа қожалықтары 90- жылдардан бастап дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша Алматы облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы 38 ғана болса, 2010 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы шарка қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған жер 2437, 5 мың гектарды (бөлінген жердің 86, 5%-ы), егістік -569, 9 мың гектарды(23, 4%) алды. Фермерлердің үлесіне ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 пайызы және егістіктің 53 пайызы тиесілі болды. Қожалықтарда өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемінің 54, 9 пайызы өндіріледі, оның ішінде дәнді- дақылдарды өсіруде басымдық танытуда.

Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық түпкі нысаны отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнының әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық жағынан таза азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

Қазақ халқының «жері байдың - елі бай» деген сөзі текке айтылмаған. Ауыл шаруашылығында өнімнің барлық түрі жерді пайдаланудан шығады, бар байлық осы жердің көлеміне, оның құнарлығына және оны пайдалана алуға байланысты. Ол өндірістегі басты құрал. Өндірістегі өзге құралдардан өзгешелігі жерді ұқыпты пайдаланса, оның құнарлылық қасиеті арта береді.

Бірінші бөлімде Қазақстандағы шаруа қожалықтарының маңызы, шаруа (фермер) қожалықтарының теориялық негіздері және шаруа қожалықтары туралы шетел тәжірибелері (Германиядағы) қарастырылды.

Екінші бөлімде «Майқынов Е. С. » шаруа қожалығы қызметінің соңғы үш жылдағы өнімділігі мен жалпы өнім көлемі, шаруашылық ресурстармен қамтамасыз етілу денгейі, өндіріліп отырған күнбағыстың өзіндік құнын талдау және шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі көрсетілген.

Үшінші бөлімде, күнбағыс өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары ұсынылған. Онда біріншіден, жер алқаптарының көлемін экономикалық негіздеу, күнбағысты өңдеудің өндірістік жоспары және экономикалық тиімділігі жоспарланған.

1. ҚР астық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері

1. 1Астық өндірісінің қазіргі кездегі қалыптастыру мәселелері

Астық нарығы - еліміздің азық - түлік рыногының ең ірі маңызды буыны болып табылады. Реттеу объектісі ретіндегі оның мәні астықтың азық - түлік қорын қалыптастырудағы жетекші ролі, астық және оның өңдеуден кейінгі өнімдерінің сан түрлі мақсатта пайдаланылатындығы, астық рыногына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастардың алуан түрлілігі және ерекшелігіне байланысты анықталады.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт-импорт операцияларын реттеуде негізгі мақсат - тұтыну нарығын толықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланыстарын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын өнімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша - жүн, қой терілері; егін шаруашылығында -астық, мақат, кейбір көкөніс түрлері. Ал сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылқ кішігірім техникасы мен технологиялар жатады. Мұндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда мемлекеттің белсенді ролі сөзсіз қажет. өйткені мемлекеттік реттеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіреді. Бұл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.

Астық нарығының бір шарты - оның осы заманға сай биржалық тауар. Бірақ астық биржасы тек астық өндірісі ұдайы өскен кезеңде ғана өркендейді. Ол үшін республикада сатушы ретінде және астық нарығында дер кезінде интервенция жасайтын ірі коммерциялық құрылымдар, ұжымдар болуы заңды нәрсе. Осыған орай қазіргі уақыттың өзінде бірегей ақпараттық - маркетингтік орталықтар құру кезең күттірмейтін шара.

Жалпы астық шаруашылығымен айналысатын мамандар арасында Қазақстанда астық нарығының қалыптасуы жөнінде екі түрлі көзқарасты айту керек.

Оның біріншісі - астық нарығы елімізде жаңадан ұйымдасу және қалыптасу кезеңінде деген, ал екіншісі - Қазақстанда астық нарығының үрдісі бұрыннан да болған, астық өнімі тек тұтыну ғана емес, оны басқа тауарға айырбастау және сату үшін де өндіріледі деген көзқарастар.

1. 2 Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі

Нарықтық экономика жағдайында астық өміршеңдігі оның тауарлары мен қызметтер рыногындағы тұрақтылық жағдайы өзінің бәсекеге қабілеттілік деңгейімен анықталады. Тұтыну қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті өнім, рыноктағы өзінің аналогтарымен (ұқсас «әріптестерімен») салыстырғанда әрқашан жоғары сұранысқа ие. Бәсекелестік қабілет - өнімнің (тауардың) салыстырмалы сипаттамасы. Ол осы өнімнің өз бәсекелестерінің өнімінен айырмашылығын көрсетеді: қандай да бір қоғамдық тұтынысқа сәйкес келу дәрежесі бойынша; өнімділігі және басқа сипаттамалары бойынша.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - нақты сатып алып отырған тұтынушыны өзіне тарту дәрежесі деген сөз. Сонымен бірге өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі дегеніміз, оның тек жоғары сапа ғана емес, нарықтық кеңістік пен уақыт аралығында оңтайлана білу қасиеті, ең бастысы нақтылы сатып алушылар тобының талаптары мен мүмкіндіктерін толық есепке алуы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - оны басқарудағы барлық проблемалар спекторы бойынша бәсекелестік артықшылықтары. Саланың бәсекеге қабілеттілігі, бір жағынан, ондағы компаниялардың бәсекелестік артықшылықтары, екінші жағынан, олардың өз ара іс-әрекеттері жүйесі арқылы көрініс табады. Бәсекеге қабілетті бір сала өз ара бірін-бірі нығайтатын қатынастар процесінде басқа саланың құрылуына жәрдемдеседі. Мұндай сала көп жағдайда нағыз талап қоятын сатып алушылар болады. Осындай талап қоюшының болуы жеткізіп беруші саланың бәсекелестік қабілетінің артуын анықтайтын маңызды фактор болып қалыптасады. Бәсекеге қабілетті жеткізіп берушілердің өздері де еліміздегі тұтынушылар саласын дамытуға жағдай туғызады. Олар тұтынушыларды жалпы өндірістік факторлардың дамуын ынталандыратын технологиялармен қамтамасыз етеді, жаңа өндірушілерді өмірге әкеледі.

Салааралық бәсеке әр-түрлі салалардағы шаруашылық субъектілері арасында елеулі жоғары пайда алу үшін күрес формасында жүргізіледі. Пайдалылығы жоғарылау салаға тартыла отырып жаңа капиталдар өндірістің кеңеюіне, тауар ұсынысының көбеюіне жағдай туғызады.

Қорыта айтқанда ауыл шаруашылығы өндірісінің дамыту - қара бастың қамы емес (аясы тар мақсаты емес) . Оны тиімді деп егер теңестірілген өндірісі мен сату рыногы болса ғана айта аламыз. Сол үшін ішкі және сыртқы рыноктардағы ахуалды, отандық өнімдерінің салыстырмалы артықшылықтарын анықтау, олардың бәсекелестігін арттыру үшін шаралар қолдану, алыс - жақын шетелдердің рыноктарындағы экспорттық саясатының жандануын талдау, ішік рыноктың сапалы емес, шеттен әкелінген тауарлардан қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шараларын дайындау жұмыстары қажет.

Сонымен ауыл шаруашылығы өндірісі өзіндік ерекшеліктеріне байланысты экономиканың басқа салаларымен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ол жан-жақты қарастырылған мемлекеттік реттеу саясатын қажет етеді.

Қазіргі кезде біздің елде әдеттен тыс ахуал қалыптасты: ауыл шаруашылығы өнімдері өзіміздің ішімізде тұтынылады және шикізат түрінде сыртқа шығарылады, ал өзіміздің азық-түлік рыногымыздағы шеттен әкелінген дайын өнімдер асып - тасып жатыр, біз оларды тұтына отырып, еліміздің ішкі жалпы өнімін, отандық тауар өндірушілердің табысын өсіру мүмкіндігін жоғалтамыз. Ең өкініштісі, керісінше, шетелдік тамақ азық-түлігін өндірушілерді қаржыландармыз.

Әдетте ашық ұлттық рыноктар болмайды, әсіресе азық-түлік рыногы ашық болмайды. Әрбір ел, сонымен қатар шетке шығарушы елдер де, өзінің ішкі рыногы мен отандық тауар өндірушілерін қорғауға әрекет етеді. Мысалы, Жапонияда сырттан күнделікті тауар әкелуге жоғары баж салығын қою арқылы жол бермейді, өздерінің күріш өсірушілеріне қымбаттырақ төлегенді жақсы көреді. Финляндияда 1т дан АҚШ ұсынған бағадан 4 есе қымбатқа түседі, бірақ олар бидай еккенді жақсы көреді, өзінің азық - түлік қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етеді. АҚШ - тың өзі азық - түлікті 17 пайыздан асырмайды. Қазақстанда азық - түлік импорты 43 пайыз, ал Алматы қаласында 70 пайызға дейін импорт есебінен қамтамасыз етіледі. (Есполов Т., 2005ж)

Нарықтық экономика жағдайында астық республикамыздың ауылшаруашылығық тауар өндірушілеріне тиянақты ойластырылған, мемлекеттік қолдауға негізделген аграрлық саясат қажет, ал мұндай қолдаудың түрі мен көлемі әр кезеңнің ерекшелігіне қарай анықталады. Экономиканың аграрлық секторында реттеудің тек қана нарықтық әдістерін қолдану ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық базасының, өнім өткізу нарығы мен инфрақұрылымының өте әлсіз жағдайында көптеген кәсіпорындардың күйреуіне алып келеді.

Аграрлық сектордағы дағдарыстың бір себебі - банкілік несие саласының жалпы жағдайы. Несие процентінің жоғарғы ставкасы ақша айналамын тұрақтандыруға да, теңгенің толық құнды айналымдылығына жетуге де мүмкіндік бермейді. Процент ставкасының өсуі ауыл тауар өндірушілерінің тұрақты құлдыраумен көптеген кәсіпорындардың өнім рентабельділігі ұдай төмендейд. Мұндай жағдайда ауыл мүмкіндігі жоқ, бірақ солай істеуге мәжбүр: бүгінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының көпшілігі айналым қорлары қарызға алынған.

1. 3 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің теориялық негіздері

Өндірістің экономикалық тиімділігі - күрделі экономикалық категория. Онда өндіріс нәтижесі, шығынға әсер етуші факторлар мен жағдайлар көрініс табады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің - экономикалық тиімділігі туралы айтқан кезде нәтиже мен тиімділік әртүрлі мәндегі ұғым екенін ескеру керек.

Экономикалық тиімділік экномикалық нәтиженің осы нәтижені туғызатын ресурстарға қатынасы немесе керісінше ресурстардың экономикалық нәтиже шамасына қатынасы. [4]

Экономикалық тиімділік деңгейі экономикалық нәтижеге қандай экономикалық ресурстар арқылы қол жеткізетіні туралы түсінік береді. Нәтиже неғұрлым көп және ресурстар неғұрлым аз болса, онда өндірістің экономикалық тиімділігі соғұрлым көп болады және керісінше. Тиімділіктің артуы ресурстармен салыстырғанда нәтиже тезірек артады деген сөз. Сондықтан нәтижесінің бір өлшеміне қоғамдық еңбек аз жұмсалады.

Тиімділікті мамандану критериясының мағынасы ауыл шаруашылық өндірісі тиімділігінің белгісі мен байланысты және толығымен сәйкес келеді.

Тиімділікті интенсивтендіру әрқашанда саланың нақты тиімділігінің өзгерісі және оны байланыстыру арқылы көрініс табады. Бұл бірлікте өзінің мақсаты және осы мақсатқа жету үшін қаражат ауыл шаруашылығы өндіріс тиімділігінің басты критерий бірлігі мағынысына және мамандандыру тиімділік критериясына салынған.

Аграрлық -өнеркәсіптік кешендегі ұдайы өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігінің негізгі өлшемі ретінде ауыл шаруашылығының және оның ұқсатушы салаларының өнімін әрбір белгілі бір кезеңде қажетті мөлшерде өндіруге жұмсалатын барынша аз халық шаруашылығы шығыны қолданылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өндірістік нәтижені ресурстар және шығынмен салыстырғанда қортындылаушы көрсеткіштің бөлек көрсетіліп, пайдалануы мүмкін.

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруаышылық өнімдерінің шығымдылығымен және т. б.

Бұл жерде айта кететін маңызды жайт - ауыл шаруашылығы тәжірибесінің бүкіл әр алуандылығын қамтуға мүмкіндік беретін маманданудың тиімділігін бағалаудың әдістерін іздестіру салаларды орналастыру және қатар жүргізу бойынша көп вариантты шешімдер анықталған сәттен басталған, және алғашқы орынға тиімділік пен сапаның көрсеткіштері шығып отырған қазіргі кезде де орын алып отыр. Ауыл шаруашылығын орналастыру және мамандандыруды жетілдіруді теориясы мен тәжірибесін тереңдету мен және шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайдың өзгеруі мен өндірістік салалық құрылымының экономикалық тиімділігін анықтау әдіснамасына кейбер түзетулер енгізді. Және де әдіснаманы жетілдіру бұрын танылған жаңа көрсеткіштерді толықтыру жолымен жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнін көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады:

  • 100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға;
  • 1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа) ;
  • 100 тг негізгі өндірістік қорларға;
  • 100 тг барлық өндірістік шығындарға.

Бұл көрсеткіштердің әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандаға көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштердің қатынасы шаруашылықтың тауарлылығы туралы толық көрініс береді. Жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы жалпы және таза табыс кеңейтілген ұдайы өндірісті ұйымдастыру тұрғысында жерді пайдаланудың экономикалық жағдайын синтездейді.

Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың ең маңызды жақтарын сипаттайтың басқа бір қатар көрсеткіштер мен толықтыруларды ұсынады. Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады:

  • өнімділік және еңбек ақы ;
  • өнімнін өзіндік құны ;
  • күрделі салымдардың тиімділігі.

ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігінің, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс.

Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады.

Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорынның кірістілігі, пайдалылығы. Рентабельділік деңгейде экономикалық нәтиженің әр түрлі формалары: жалпы, түпкі, таза өнім, жалпы және таза табыс нәтижелері бейнеленеді.

Өндіріс рентабельділігі деген немістің пайдалы кірісті деген сөзінен алынған. Ол пайда сапасының сөзінің өнімінің құнына немесе негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына және қаржы айналымының нормасының пайыздық қатынасын көрсетеді. Рентабельділік бір теңге шығынға қанша пайда алынғанын анықтайды.

Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін әрбір шаруашылық өндірістік шығындарын өтеуі, пайда табуы мүмкін. Бұл бюджетке кеткен белгіленген төлемдерді аудару, мемлекеттік банкке ссудаларды пайызбен қайтару, материалдық ынталандыру қорын құру, өндірістік емес саланың қызметін ұстау үшін қажет. . Бұл үшін 20-25 пайыздық деңгейдегі рентабельділік қажет. Қазақ ғылымы зерттеу институтының ауыл шаруашылығы салаларының экономикалық жағынан зерттеу бөлімінің есептеу бойынша, толығымен өзін өзі қаржыландыру үшін 44 пайызға жетуге керек екен. Өз қорлары есебінен толық қаржыландыру барысында өндірістік шығындардың орны толтырылады, экономикалық ынталандыру қоры құрылады, бюджетке несие мен басқа да төлемдерді қайтару жүзеге асырылады.

Рентабельділік көптеген факторларға тәуелді, яғни сатудан түскен түсімнің ақшалай сомасы, өнімнің өзіндік құнының шамасына тікелей тәуелді болады. Өйткені рентабельділік өсімді сату бағасының артуы мен өзіндік құнның кемуімен көтеріледі. Рентабельділікке ықпал ететін негізгі факторлардың бірі пайда таза табыстың өткізілген бөлігі болып табылады және өткізілген өнім немесе оны өткізуден түскен ақшалай түсім мен тауарлық өнімнің коммерциялық (толық) өзіндік құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі:

Пайда = сатудан түскен түсім - толық өзіндік құн

Пайда алатын кәсіпорындар рентабельді болып есептеледі. Пайда неғұрлым жоғары болса, өндірісті кеңейту мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Кәсіпорынның пайдасына өнімнің сату бағасы мен тауарлық өнім көлемі ықпал етеді. Сонымен қатар өнімді өндіруге жұмсалған шығын мөлшерінің үнемделуі пайданы көтеру факторы болып табылады.

Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның деңгейін тұрақтандыру мәселесі бойынша жалпы жағдайға келер болсақ жауап өзінен -өзі тауылып отыр: елге және оның тұрғындарына жасалған көптеген эксперименттердің нәтижесінде жалпы өндірістің құлдырауы және оның салдары ретінде экономикалық тиімділіктің түсуі байқалады (бұл астық өндірісіне қатысты)

2. “Ақтау нанның” ЖШС -ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау

Шаруашылықтың жалпы экономикалық сипаттамасы

“Ақтау нан” ЖШС 1997 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде 467 номермен енгізілді және тіркелді. 1998 жылдың 6 мамырында Ақтау қаласының Әділет Басқармасының номірі 567 тіркеу бөлімімен қайта тіркеуге алынды.

Бекітілген жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға болып табылады, өз кәсібін шаруашылық дербестігі негізінде атқарады. Өзінің балансы, банкіде жеке және валюталық есеп шоты, рәмізі мен өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі, фирмалық бланкісімен басқадай реквизиттері бар.

«Ақтау нан» ЖШС-гі астық өндіруге бағытталған. Шаруашылықта мәдени, тұрмыстық құрылыстардан: мәдени үйі, мектеп, монша, аурухана, наубайхана, мешіт орналасқан. Тұрғын қорынан серіктестікке тұрғын үйлермен камтамасыз етілген. өндірістік құрылыстан серіктестіктің кеңсесі, МТМ, наубайхана, диірмен, жанар-жағар май станциясы, құрал жабдықтар қоймасы, автогараж орналасқан.

Шаруашылық орналасқан аудан астық өндірісі үшін өте қолайлы. Ол құрғақ дала зонасында орналасқан. Қысы ұзақ, суық аязбен, ал жазы қысқа, бірақ ыстық күндермен өтеді. Ең суық кезең айлары болып қаңтар айы табылады. Мұнда орташа температура -14, 8 С, ал ең жылы айлардың бірі болып шілде айы табылады., орташа температура +21, 2 С . Қыстың қатаң күндері ауа температурасы -38, 4 С -қа дейін барады. Мұнда қатты дауыл, боран болып, суық жел болып тұрады. Ал ыстық күндер +37, 4 С -қа дейін барады. Мұндай ауа - райы жағдайында астықтан мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның мекен жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. Серіктестік қызметі келесідей мақсаттарды көздейді:

− өндіру, қайта істеу, ауыл шаруашылық өнімдерін сатуда жүзеге асыру;

- ұн өнімдерін дайындау;

− азық-түлік және жемдік мақсатқа астық дайындау, оны кептіру, сақтау, қайта өңдеу, жөнелтіп отыру;

− өндірістік - техникалық және мәдени - тұрмыстық ғимарат салу, жөндеу, қайта жабдықтау;

− делдалдық және коммерциялық кәсіптер;

− ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, ұқсату, өткізу, бұл іске халықты тарту;

− жарма, құрама жем өндіріп, оны өткізу;

− қоймалар мен элеваторда тауар сақтау қызметі;

− автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау;

− қолданыстағы басқа да тыйым салынбайтын жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

Қоғам лицензиялауға жататын қызмет түрлерін, тек лицензиясы болған да ғана айналыса алады.

Қоғам мүлкі оның балансында енетін, меншігі болып табылатын материалдық құныдылықтар мен қаражат ресурстарынан, негізгі қорлардан, айналым қаржысынан, өзге мүліктерден құралады.

Серіктестіктің мүлкін құрайтын көздер келесідей:

− қатысушылардың жарғылық қорға қосқан үлесі;

− өндірістік шаруашылық жұмысынан түскен кіріс- несие қаржысы;

− қатысушы қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін өз қаржысы мен мүліктік және ақшалай тәсілмен алынатын көздері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Астық өндірісінің бухгалтерлік есебі
Кәсіпорынның еңбек ресурстарының құрылымы
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері
Жаздық бидайдың ауыспалы егістігі орны
ЖШС Бірлес-Көкше кәсіпорын шаруашалығының талдауы
Жалпы өндірістік шығындар
Шаған агрофирмасының шаруашылық операциясына бухгалтерлік жазулар шығындар
Қарақұмық дақылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz