Инновациялық экономиканың институттарының даму перспективасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі
1.1. Индустриалды – инновациялық стратегияны жүзеге асыруда
институттардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Шет мемлекеттерде инновациялық саясаттың
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ..8
2 ҚР инновациялық экономиканың даму институттарының сипаты
2.1. Қазақстанның инвестициялық қоры және Даму
Банкi ... ... ... ... ... ... ... .. .16
2.2. Инновациялық қор және экспортты сақтандыру жөнiндегi
корпорация ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3 Инновациялық экономиканың институттарының даму перспективасы
3.1 Институттарды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 ҚР инновациялық саясатының даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..33

КІРІСПЕ

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң
экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге
бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан экономикасының басты мақсаты –
инновациялық тиімділікті көтеру болып табылады. Қазақстан Республикасының
үкіметі елді инновациялық даму жолына түсіру үшін жан – жақты жағдайлар
жасап жатыр. Атап айтқанда, заңнамалық базаны қайта қарап, оны бүгінгі
күннің талаптарына сәйкестендіру, отандық инновациялық инфрақұрылым
элементтерін қалыптастыру және олардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін
белгілеу, ҚР ұлттық және мемлекеттік даму институттары арқылы
инновациялық жобаларға қаржы бөлу, сондай – ақ, ұлттық инновациялық жүйенің
негізін қалыптастыру сияқты жұмыстар атқарылады. Әйтсе де, елімізде
инновациялық ортаның қалыптасуы инновациялық жүйенің дамуына кедергі болып
отыр. Инновациялық орта деп ғылыми білімдер мен техниканың жетістіктерін
өндіріске енгізіп, одан табыс табу мақсатында кәсіпкерлер мен түрлі
ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекет етуіне ыңғайлы экономикалық кеңістікті
айтуға болады [11, 23б.].
Қазіргі кезде еліміздегі қалыптасқан инновациялық жүйенің негізіне
сүйене отырып, инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызмет етуінің
өзіндік моделін құруға болады. Бұл модель Қазақстанның инновациялық ортасын
тиімді дамытуға қажетті ұйымдастырушылық нысандар жиынтығынан тұрады.
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытудың өндірістік – технологиялық
бағытына тоқталуды жөн көріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикалық дамуда институттардың мәні мен
рөлін айқындау. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей
міндеттер қойылады:
✓ Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда институттардың
рөлін талдау;
✓ ҚР инновациялық экономикалық даму институттарының сипатын айқындау;
✓ Институттарды дамыту жолдарын табу.
Зерттеген ғалымдар: Академик О.Сәбден, академик Р.Алшановтың,
өскемендік ғалым А.Башкирцев, америкалық ғалымдар Л.Лесли мен П.Брукман,
Муканов Д. , Исахметов Т.И. т.б ғалымдардың зерттеулері бойынша.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: ҚР инновациялық экономикалық даму
институттары.
Курстық жұмыстың зерттеу тәсілі:
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі
бөлімдерден және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде
Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн
даму институттарын құрылуы, курстық жұмыстың бүгінгі таңдағы өзектілігі
туралы айтылған.
Екінші бөлім ҚР инновациялық экономикалық даму институттарының
сипатын талдауға арналған.
Үшінші бөлімде инновациялық институттарының даму перспективасы туралы
жазылған.
Қорытынды бөлім курстық жұмыстың мазмұнына сәйкес оның барлық
бөлімдері бойынша қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстардан тұрады.

1 Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі

1. Индустриалды – инновациялық стратегияны жүзеге асыруда
институттардың рөлі
Индустриалды – инновациялық стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi
кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және
экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол
үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң
экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге
бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. [2]
Сонымен қазіргі күнде 2015 жылға дейін болашақты құру үшін
индустриалдық-инновациялық қызметтің басты мақсаттары төмендегідей түрде
ұсынылады:
• егеменді елдің экономикасын нығайту;
• нарықтық жағдайларда халық шаруашылығы кешеніндегі дағдарыстық
құбылыстарды толығымен жою;
• индустрия өндірісін тұрақтандыру;
• индустрия салаларының радикалды құрылымдығын қайта құрылуын жүзеге
асыру, импортты алмастырушы технологияларды дамыту, өндірістік-
экономикалық әлеуетін ұлғайту;
• индустрия жүйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашылық-экономикалық
құрылымдарды құру;
• Республикадағы индустрияны және достастық елдердің экономикасын және
әлемдік экономиканы тиімді интеграциялау;
• Индустрия кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл республиканы
тездетілген әлеуметтік-экономикалық ретінде дамыту.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттары құрылды.
Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi
орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына
негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау
(қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс
жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму
институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi. Бұл:
• шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
• бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау көрсету
кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;
• жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму
институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу
мүмкiндiгi сақталады.
Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтiң белгiлi бiр
операцияларына жәненемесе түрлерiне мамандануын бiлдiредi. Мысалы,
Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан
инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк (бақылаусыз) қатысу арқылы;
Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге
гранттар беру және капиталға үлестiк қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға
маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде
операциялармен және қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар
өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет
түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет
түрлерiн жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.
Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк
негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың
көпшiлiгiнiң дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық институттарға елiктеуге
бейiлдi екенiмен байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға
елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып, әуел бастан олардың қызметiн
нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты
қандай да бiр институттың қызметi нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк бередi.

Ашықтық қағидаты менеджерлердiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы
ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз
ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын корпорациялық басқарудың ашық
жүйесiн құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының алдына қойылған
мiндеттердi тиiсiнше iске асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр
қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшiн
тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк жоғарғы
бiлiктi менеджерлердi тарта отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың
қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi
құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды
кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми
және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге
инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын,
өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты
өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға,
Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа
деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты
iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда
бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар
келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел
экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.[2]

1.2 Шет мемлекеттерде инновациялық саясаттың тәжірибесі
Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған.
Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын
ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану
түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай
саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия
(Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы
туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де
импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс
Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас
тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт
алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың
табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып
тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы
рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт
алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк
және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту
керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi
арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi
сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға
бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар
халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
Әртүрлі шет мемлекет ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясатты
жасау және оны жүзеге асыру тәжірибесін талдау біздің елде де ескерілуі
тиіс аса маңызды сәттерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Инновацияның дамыған елдердегі даму тенденциясын қарастыратын болсақ,
ХVII ғасырда әлемдік экономикалық ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс
және Солтүстік Еуропа, ең алдымен Англия, Нидерланды, Швейцария, Венеция,
Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми-техникалық және
экономикалық инновацияның маңызды бір бөлігі шоғырланған. 90-шы жылдары
бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы
нәтижесінде АҚШ Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа
индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды [11, 212б.].
Мәскеу мемлекеттік университетінің белгілі ғалымы-Семен Фокиннің
пікірі бойынша, инновациялар тек қалыптасқан дәстүрді бұзып қана қоймайды,
сонымен қатар, қарапайым тәуекелді іскер кәсіпорындарға қарағанда үлкен
кіріс әкеледі. Әлемде 70-ші жылдары жасалған ең үздік 17 жаңа өнертабыстан
түсетін кіріс мөлшері орта есеппен алғанда 56 %-і құрайды. Соңғы 30 жылда
американдық бизнеске салған инвестициядан түскен орташа табыс – 16% ғана.
Қалайша жаңалық енгізуге болады?, тамақтану индустриясы сияқты
қарапайым салада да жаңалық енгізуге болады, бұған мысал – “Mc Donald’s”.
Өнімді стандарттап, осыған байланысты өнімнің өзіндік құнын және
жіберілетін бағаны төмендету, жаңа өндірістік бағыт, білікті мамандар
дайындау және орташа және жанұялық сатып алушыға шағып есептелген тиімді
маркетинг арқылы “Mc Donald’s” жаңа өнім-жоғары сапалы гамбургерді ойлап
тауып қана қалған жоқ, сонымен қатар, ол қызметтер нарығында тіптен жаңа
категорияны құрды.
Ғылым және технология аймағы технопарктерден, технополистерден және
инкубаторлардан, сонымен қатар ғылыми және өндірістік іс-әрекетті
ұстанатын жан-жақты инфрақұрылымнан тұрады [14, 85б.].
Алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибені талдау бойынша ғылым мен
өндірісті интеграциялаудың тиімді бір түрі – бұл технопарктер құру.
Технопарктер жоғары технологияны негізгі зерттеу облысынан өндіріске
өткізуде маңызды рөл атқарады және ғылымның қаржыландырылуына септігін
тигізеді.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер көрсететін қызметтерінің
көлемі, құрылымы және масштабы, ғылымды көп қажет ету деңгейі,
қатысушыларының құрамы бойынша ерекшелінеді.
Технопарк – әрқайсысы инновациялық қызметтердің мамандандырылған
жинағын жүзеге асыратын орталықтардың жиынтығын білдіреді.
АҚШ-та 80-ші жылдары технопарктердің саны бірте-бірте өсе бастады.
Бүгінгі күнде мұнда 160-тан астам (әлемдегі жалпы технопарктер санының 30%-
ын құрайды) технопарк бар.
Еуропада технопарктер 70-ші жылдардың басында пайда болды. Солардың
ішінде алғашқылар - Эдинбургтегі Хэриот-Уатт университетінің Зерттеу-
жүргізу паркі, Кембридждегі Тринити-колледж маңындағы ғылыми парк,
Бельгиядағы Левен-ла-Нев, Ниццедегі София-Антиполис және Гренобльдегі
ғылыми және техникалық жаңалықтар мен өндіріс Зонасы (ZIRST ) болып
табылады. Олар ғылымға бизнес ретінде қарап, толығымен АҚШ технопарктерінің
моделін қарастырды.
Жапонияда сонымен қатар, сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің
жоспары бойынша, ірі қалалар маңында болашақта 40-қа жуық ғылыми парк
құрылатын болады. Солардың бірі – Кюсю аралығындағы Индзукадағы
технологиялық институт, мұнда жасанды интеллект, басқару жүйелері сияқты
облыстарда ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізетін 200-дей қызметкер жұмыс
істейді. Мацусита фирмасы Индзукада ғылыми-зерттеу орталығын ашқан
алғашқы фирма болды.
Токиодан 150 шақырым жерде 20-ға тағы бір ғылыми парк салу көзделген,
оның мақсаты-бағдарламалық құралдарды жасап шығару. Осы парктің құрылысын
қаржыландыруға 260 фирманы, сонымен қатар, 80-ге жуық ірі радиоэлектроника
өнімдерін дайындаушыларды біріктіретін ЭЕМ бағдарламалары үшін
бағдарламалық құралдар Ассоциациясы қатысады. Олардың осы парктегі
бағдарламалық құралдарды ғылыми-зерттеу орталығының құрылысына бөлген
қаражаты 7,7 млн. долларды құрайды.
Қытай мемлекеті де ғылыми-техникалық прогреске көп көңіл бөліп отыр.
Бұл елде ғылыми-зерттеу институттары негізінде жұмыс істейтін фирмалар мен
корпорациялар өте көп, жергілікті басшылықтың қолдауымен зерттеу
орталықтары негізінде 50 кәсіпорын құрылған.
Шет елдік тәжірибеге бойынша Оксфордтық университеттегі (Ұлыбритания)
ғылыми-инновациялық іс-әрекеттің жағдайына, Стенфордтық университет (АҚШ)
негізіндегі Селикон Веллидің табысты қызмет етуіне, Жапониядағы Цукуба
сияқты технопарктер мен технополистердің болуына баға бере отыра, бүкіл
әлемге танымал университеттер негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті
инновациялық басқару фактісін сеніммен тұжырымдауға болады.
Ал Қазақстанда ғылым және білім ордасы ретінде танылған бірден-бір
жоғары оқу орыны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып
табылады. Аталған университет күшті ғылыми-педагогикалық потенциалымен,
танымал ғылыми мектептерімен, жетілген материалдық-техникалық негізімен,
сонымен қатар ғылыми-технологиялық инфрақұрылымымен белгілі. Университет
Қазақстан Республикасының (ары қарай ҚР) жоғары оқу орындарының ішінде
табиғи-техникалық және пәнаралық экологиялық зерттеулер бойынша 7 ғылыми-
зерттеу институттарын және Ғылыми-технологиялық парк, сонымен қатар,
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша 11 ғылыми-білім беру орталықтарын
және ақпараттық технологияны енгізу бойынша оқу-есептеу орталығын ең алғаш
құрғандардың бірі.
Ғылыми-инновациялық зерттеулермен (ары қарай ҒИЗ) 280 ғылым докторы,
800 ғылым кандидаты айналысады. 2003 жылы университет 47 қолданбалы және
инновациялық жобаларды және 34 ұйымдар мен кәсіпорындармен шаруашылық
келісім-шарттарды орындады. Университет ғалымдары 59 халықаралық ғылыми
және ғылыми-білім беру жобаларын жасауға қатысты және 30-дан астам патент
алды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: ұлттың
бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады
делінген.
Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ғылымды көп қажат
ететін технологияларды, инновациялық өнімдерді ішкі және сыртқы тауар және
қызмет нарықтарына шығара алатын жаңа, біліктілігі жоғары мамандар
даярлауға көп көңіл бөлінеді. Осы ретте біздің көзқарасымыз бойынша ғылыми,
технологиялық және кадрлық потенциалдарымызды жоғарылатып, материалдық-
технологиялық базаны жаңартуымыз керек және инновациялық потенциалды
жоғарылату стратегиясын жетілдіруіміз қажет. Ол елдегі ғылыми- техникалық
потенциалды қолдануға және шет елдік тәжірибені қатыстыруға негізделген.
Біздің пікірімізше, нарықтың белгілі бір инновациялық өнімге деген
қажеттілігі қажетті жаңа мамандық тізімін құруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, осыны негізге алып, сәйкес мамандықтар бойынша жоғары оқу
орындарына білімгерлердің түсуі үшін мемлекеттік гранттар мен несиелер бөлу
орынды.
Тарихи қалыптасқандай, Қазақстанда басты ғылыми-технологиялық
бағыттар: геологиялық ғылымдар, тау-кен ғылымдары, металлургия, химия
бағыттарына бағытталады. Осы бағыттар ел экономикасы мен өнеркәсібінің
дамуына, ғылыми және инженерлік-техникалық мамандардың қалыптасуына әсер
етті. Бұл бағыттар өздерінің басымдық жағдайын қазіргі уақытта да сақтауда
және елдің жаңа экономикасының ғылыми-технологиялық қамсыздандыруында
локомотив рөлін орындауда. Болашақта бұл бағыттардың рөлі мен орнын
сақтау қажет, себебі салаларда әлемдік нарықта бәсекелесу мүмкіндігі бар
[15, 86б.].
Ал Қазақстанда салыстырмалы түрде алатын болсақ, ғылыми
орталықтардың даму тенденциясы әлі сәбилік кезеңді бастан кешіруде.
Жаңадан өз іс-әрекетін бастап келе жатқан ғылыми-технологиялық парктерге
Алматы маңындағы ақпараттық-технологиялық паркін, Оралдағы Альтаир,
Өскемендегі Алтай, Қарағандыдағы Бизнес-Сити ғылыми орталықтарын атап
кетуге болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда технологиялық парктерді құру
және оның дамуы үшін ең маңызды алғышарттар баршылық:
• ірі университеттер;
• бос жатқан территориялар көп;
• жергілікті билік өз аймақтарының дамуына қызығушылық танытуда,
шағын және орта бизнестің мүддесін қорғауға бет бұрған;
• біліктілігі жоғары ғылыми потенциал шоғырланған;
• күннен күнге дамып жатқан байланыс құралдары (көлік, баланыс);
• алыс шет елдермен іскерлік және ғылыми келісім-шарттарға отыру
ұлғайып келеді.
Қазіргі заманғы шет елдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, корпоративті
зерттеулер мен ғылыми жұмыстар маңызды экономикалық орын алады. Дамыған
және дамушы елдердің кәсіпкерлік саласының зерттеулері ғылыми зерттеулерге
жұмсалатын шығындардың көлемі, ғылыми мамандардың саны, алған патенттерінің
саны, өнімдермен қызметтер түріндегі техникалық жаңалықтарын ағымы жағынан
университеттерден және мемлекеттік зертханалардан алда келеді. Өткен
ғасырдың аяғына қарай дамыған елдердегі кәсіпкерлік сала ғылымға деген
жалпы ұлттық шығындардың басым бөлігін қаржыландырды: Францияда – 61% .
Ұлыбританияда – 65%, Германияда - 68%, Жапонияда – 72 %, АҚШ-та – 74 %,
Швецияда – 75 % [16, 130б.].
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде негізгі ғылымға жұмсалатын
шығындардың ЖІӨ көліміндегі үлесі қатаң бақыланады. Осы қатынаста жеңілдік
салықтар, кедендік баж салықтары, бюджеттік қолдау, инвестицияны
ынталандыру, ғылыми құрылғылардың лизингі сияқты экономикалық механизмдер
кеңінен қолданылады. Дамушы елдерде ғылыми-техникалық салаға бөлінетін
қаражаттардың деңгейі ЖІӨ-нің 0,5%-нан аспайды. Қазақстанда 2002 жылы
зертеулер мен ғылыми жұмыстарға жұмсалатын шығындардың үлесі ЖІӨ-нің 0,34%,
ал ЖІӨ-нің көліміндегі мемлекеттік бюджеттің қаражаты 41,7% құрайды.
Қазақстандық ғылыми өнімнің әлемдік нарықтағы үлесі тіптен 0-ге тең.
Салыстырмалы түрде алсақ: әлемдік ғылыми өнім нарығындағы Ресейдің ғылыми
өнімдерінің үлесі 0,3-0,5%, Еуропалық Одақ елдері – 35, АҚШ – 25, Жапония –
11, Сингапур – 7, Оңтүстік Корея – 4, Қытай – 2%.
Әлемдік ғылыми өнімдер нарығындағы мемлекеттердің үлесі ғылыми-
техникалық және инновациялық іс-әрекет тиімділігінің талқылаушы көрсеткіші
болып табылатындығы белгілі.
Бүгінгі күнде жоғары технологиялардың әлемдік нарығын АҚШ бақылайды.
Кадрлық потенциалды салыстырғанда Америкада барлық ғалымдар мен инженер-
зерттеушілердің 25%-і қызмет етеді. АҚШ жыл сайын 30 млрд. доллардан астам
интеллектуалды меншікке құқықтарын сатады, ал осы операциялар бойынша оң
сальдо 20-дан астам млрд. долларды құрады. АҚШ-та автоматтандырылған,
электронды басқармалы техниканы сату көлемі 1987 жылы 13,5 млрд. долларды
құрады, ал Электронды есептеу машиналарды (ары қарай ЭЕМ) және басқа да
электронды құрал-жабдықтарды қосқандағы сату көлемі 73,3 млрд доллар
болған. Роботтық техникамен сауда көлемі 1989 жылы 56 млн. доллардан
(әлемде ол 4 млрд. доллар артық) асып түскен. 1995 жылға қарай оның көлемі
637 млн. доллар болады деп күтілген. 1985 жылы АҚШ-тағы роботтардың саны
14,5 мың бірлік болғанда, 1992 жылы 37 700 бірлік робот өндірілуі керек
еді, ал оның жалпы паркі 133 800 бірлікті құраған. Жапония АҚШ-тан кейін
интеллектуалды меншікпен операциялар бойынша оң саудалық сальдолы жалғыз
ғана мемлекет, Жапония интеллектуалды меншік экспорты бойынша АҚШ-пен
жарысқа түспек.
Соңғы жылдары АҚШ-та техникалық бағыттың үлесі төмендеп, ғылым және
өмір кешенінің-биология, генетика, биохимия, медицинаның барлық саласының
үлесі артты. Жоғарыда аталған пәндер АҚШ-тың денсаулық сақтау саласында
маңызды орын алады.
Денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік және жеке меншік жиынтық
шығындар 35 млрд долларға жетеді. Осы соманың тең жартысын өнеркәсіптік
компаниялар және табыссыз ұйымдар салады.
Мемлекеттік саясаттың арқасында Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір
мемлекеттері ғылымға жалпы ішкі өнімнің 2,7 % жұмсауға мүмкіндік алды және
осы көрсеткіш жағынан бір кездері АҚШ-тан, Германиядан асып түсті.
Нәтижесінде Малайзия микропроцессорлық негіз нарығында, Сингапур-
бағдарламамен қамтамасыз ету және биотехнология нарығында, Тайвань-
персоналды компьютерлер өндірісінде, Корея – тұрмыстық электроникада
бәсекелестігі жоғары болды. Ал “Samsung” компаниясы радиотехникаларды
қарапайым жинаудан бастап, түскен қаражаттарды өздерінің ғылыми
зерттеулерін қаржыландыруға жұмсай отыра, енді биотеледидарлар, өте үлкен
экранды теледидарлар, ноутбуктер үшін түрлі-түсті дисплейлер бойынша
Жапониямен және Америкамен бәсекелестікке түседі.
Кейбір зерттеулер соңғы он жылдықта АҚШ өнеркәсібіндегі барлық
жаңалықтардың жартысын шағын фирмалар және зертханалар қамтамасыз
еткендігіне үлкен көңіл бөледі. Американдық экономикалық әдебиеттерде
Ұлттық ғылыми қордың мәліметтері келтіріледі, мұнда 600-дей жұмысшылары бар
фирмалар, 1000 адам жұмыс істейтін корпорацияларға қарағанда ҒЗТКЖ-на бір
жұмысшыға шаққанда 2,5 есе жаңалықтар және ҒЗТКЖ-на бір долларға шаққанда
24 есе көп жаңалықтар енгізеді екен.
АҚШ-тың тәжірибесі бойынша, шағын инновациялық бизнес ресурстар
көзімен қамтамасыз етілмеген жағдайда, оның ары қарай өмір сүруінің маңызды
факторы оны қолдаудың өзіндік желісін ұйымдастыру болып табылады. Оның
негізгі элементтері мынадай:
- қаржылық (көптеген тәуекелді капиталдар көзінің болуы);
- материалдық – техникалық (жеңілдік шартымен өндіріс құралдарын,
ғимараттар мен үйлерді, ғылыми құралдарды, көлік құралдарын сатып
алу және жалға алу мүмкіндігі);
- ақпараттық (ақпараттық желілермен, техникалық кітапханалармен
қолдану, мәліметтер базасына қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз
ету);
- кеңес беру (шағын инновациялық кәсіпорындарды ұйымдастырушыларға
негізделген арнайы мамандандырылған кеңес беру қызметі, оның ішінде
салық салу, сақтандыру, жоспарлау, маркетинг, есеп жүргізу,
патенттерді толтыру мәселелері бойынша) [16, 155б.].
Дамыған елдерде мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі – кәсіпкерлік
сектордағы инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы жағдайлар жасау. Біздің
көзқарасымыз бойынша осы қызметті жүзеге асыру мақсатында келесідей
экономикалық және бюджеттік саясаттың шаралары қоданысқа ұсынылады:
- жеке сектордағы ғылыми-зерттеулер шығындарын өнімнің өзіндік құнына
енгізу;
- ғылыми құрал – жабдықтардың маңызды бөлігін жедел амортизация
нормалары бойынша шығынға жазу;
- ірі корпорациялардың ғылыми шығындарының көлемін үнемі ұлғайтуға
және шағын және орта бизнесті жаңа технологиялар саласындағы
инновациялық іске жұмылдыруға бағытталған мекен жайлық салық
жеңілдіктерінің жүйесін қолдану;
- ғылыми – техникалық зерттеулерді жеңілдік түрінде несиелендіру және
ірі жобаларды үлестік қаржыландыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту
үшін институционалды жағдайлар жасау;
- аймақтарда инновациялық кәсіпорындар, ғылыми инфрақұрылымдарды құру
үшін жеңілдіктер түрінде мемлекеттік мүлікті немесе жерді беру
немесе қайтарымсыз беру [17, 10б.].
Аталған шаралар еш кедергісіз дамыған және жаңа индустриалды елдерде
жүргізіледі және монополияға қарсы реттеу, кедендік саясат, инновациялық
белсенділікті жоғарылату мақсатында интеллектуалды меншік құқығын қорғау
облысында орталық және жергілікті билік іс-әрекеттерімен толықтырылады.

2 ҚР инновациялық экономиканың даму институттарының сипаты

2.1 Қазақстанның инвестициялық қоры және Даму Банкi
Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет
елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз
қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы
бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. [2]
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың
капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн
инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен
байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы
жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және
басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы
рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы
институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5
бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн
болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi
талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн
жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар
өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi
өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау
технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс.
Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың
коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе
импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат
секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат
жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау
пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады.
Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн
сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер
құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету
мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi
тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және
капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы
ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық
шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу
бағытында да жүзеге асырылатын болады.

Қазақстанның Даму Банкi
Қазақстанның Даму Банкі 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен отандық тауарөндірушілер инициативасын дамытуға жағдай жасау мен
экономикасы үшін мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру құралы
ретінде құрылды. [2]
ҚДБ Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 25 сәуіріндегі Қазақстанның
даму Банкі туралы Заңымен реттелетін құқықтық дәрежеге ие.
Банктің миссиясы – Қазақстанның бәсекелесе алатын шикізаттық емес
экономика секторының дамыту ісінде мемлекетке көмектесу.
Банктің мәртебесі – Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторын
қаржыландыратын ҚР Үкіметінің инвестициялық институті.
Даму банкі қызметінің басты мақсаты мемлекеттік инвестициялық
қызметтің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өндірістік инфрақұрылым мен
өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияны
тартуға атсалысу болып табылады.
Банктің міндеттері:
• Экономикаға тікелей инвестициялар тарту
- ҚДБ-нің несие рейтингтерi: ұзын және арзан ақшаларды тарту; 
- Сенімді серіктес: сапалы сараптама және әкімшілік қолдау;
- Елеулі тәжірибесі: мемлекеттiк бағдарламалардың агенті.
• Экономиканың басым секторларының жобаларын қаржыландыру;      
- Елеулі экономикалық әсер ететін жобаларына назар аудару;
- ҮИИДБ шеңберiнде Үкіметпен мақұлданған жобаларын қаржыландыру.
ҚДБ мына қызметтерді ұсынады:
• өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымдарының өңдеу секторларында
инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ең төменгі баға бойынша теңге
мен 5 млн. АҚШ долларынан жоғары шетел валютасында кепілдемелер мен
ұзақ мерзімді несиелер (5-20 жыл);
• Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын іске
асыруға, 1 млн. АҚШ долларынан бастап эксперталды қаржыландыру
мақсатындағы несиелер;
• техника мен жабдықтар лизингі;
• қайтарым негізінде, сонымен қатар мемлекет кепілдеген қарыздар
есебінде қаржыландыратын республикалық және жергілікті инвестициялық
жобаларға агенттік қызмет көрсету;
• консалтингтік қызметтер және андеррайтинг.
Инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды таңдаудың
негізгі критериилері:
• Қазақстанның даму Банкі акционерлік қоғамының несие саясаты
Меморандумында анықталған салалық артықшылықтармен инвестициялық
жобалардың сәйкестігі;
• Жобаның артықшылығы мен өтемділігі;
• Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болған өнімнің өтуі мен шикізат
базасының жеткіліктілігін қамту;
• Жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізділігі;
• Экологиялық талаптардың сақталуы;
• Жобалық құжаттамалардың сапасы мен толықтығы;
• Институттық пысықталулар, білікті менеджменттің болуы;
• Несиелік қамту;
• Қарыз алушыға ұсынылған талаптардың орындалуы (несиегеқабілеттілік,
төлеуқабілеті, қаржылық тұрақтылық және т.б).
Инвестициялар туралы шешімдерді қабылдау тәртібі:
Банктік сараптама нәтижелері бойынша оң қорытынды алған инвестициялық
жобаға кредит беру мәселесі Банктің Кредит комитетіне қарауға енгізіледі.
Банктің Кредит комитеті оң шешім қабылдаған кезде инвестициялық жобаға
кредит беру мәселесі жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Банктің
Директорлар кеңесінің қарауына енгізіледі. Инвестициялық жоба бойынша Банк
беретін кредиттің ең аз сомасы 5 млн. АҚШ долларына барабар көлемде
белгіленеді.
Басым салалардағы ірі жобаларды жүзеге асыру: энергетика, көлік,
металлургия, химия және фармацевтика, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, машина
құрылысы, басқа да салалар (құрылыс материалдары, туризм, агроөнеркәсіптік
кешені және т.б.).
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа
мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер
беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен
кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен
мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай
қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк
жүйесiндегi айтарлықтай тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды төмендету
қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi және төмен проценттi
кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi.
Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша
кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан
кейiн жүзеге асырылатын болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық
және жоба үшiн өзге де маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте
жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың
коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды, еншiлес маманданған қаржы
ұйымдарын, атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн көздейтiн
Қазақстанның Даму Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады.
Сонымен бiрге Қазақстанның Даму Банкiне Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берiлуi мүмкiн.

2.2 Инновациялық қор және экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация
Инновациялық қор қызметінің мақсаты инновациялық белсенділіктің
өсіміне, Қазақстан Республикасында жоғары техникалық және ғылымды
қажетсінетін өндірістің дамуына жәрдемдесу болып табылады. [2]
Инновациялық қордың міндеттері:    
• отандық және шетелдің инвесторлармен бірлесіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық инновациялық қор
Венчурлық капитал
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім
Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
Пәндер