Құйрық жүзбе қанаты гомоцеркальды



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Майшабақтәрізділердің биологиялық ерешелігі
1.1 Майшабақтәрізділер отрядының анатомиясы мен
морфологиясы ... ... ... ...6
1.2 Майшабақтектестер
тұқымдасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9
1.3 Анчоустар және дорабтар тұқымдасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .12
1.4 Майшабақтәрізділердің кәсіптік
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16
Тәжірибелік бөлім
Майшабақтәрізділердің
миграциялауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымшалар

Кіріспе
Майшабақтәрізділер — сүйекті балықтар класының нағыз сүйекті балықтар
тобының отряды. Бұл отрядқа ең қарапайым сүйекті балықтар бірігеді.
Құрылысы қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі.
Майшабақтәрізділердің денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты
қабыршықтары бос бекігендіктен оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ
желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ
жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе
қанаттарында тікенек талшықтар болмайды. Майшабақтәрізділер- шағын
балықтар, 5-75 см көлемінде ғана болады. Ерекше түрі-дораб
майшабағы,ұзындығы 3,7м дейін. Көпшілік түрінің салмағы бірнеше грамнан 4
кг дейін жетеді. Құйрық жүзбе қанаттары гомоцерькалды. Көптеген
майшабақтәрізділер - нағыз үйір құрып тіршілік ететін пелагикалық
балықтар,қорегі-планктондар. Бұлар жер шарының барлық теңіздерінде
мекендейді.
Майшабақтәрізділер 3 тұқымдасқа бірігетін 300 ден аса түрі белгілі.
Майшабақтектестер тұқымдасы(Clupeidae) – кең тараған 190 түрге
біріктірекді. Көпшілігі майда 35-45 см аспайтын балықтар. Тек кейбір өтпелі
майшабақтар ғана 75 см дей болады. Майшабақтектестер тұқымдасына Мұхит
майшабағы(Clupea harengus), Қаражон (Caspialosa kessleri), Еуропа
шпроты(Sprattus sprattus), кәдімгі килька немесе тюлька (Clupeonella
delicatula), Еділ майшабағы(Caspialosa volgensis), Атлантика
сардинасы(Sardina pilchardus). Анчоустар тұқымдасы (Engraulidae)-100 ге
жуық, көпшілігі тропикалық суларда тараған, үйір құрып тіршілік ететін
балықтар. Майшабақтардан ерекшелігі аузы үлкен, ол салбырап тұрған
тұмсығының астында орналасқан, құрсағы дөңгеленген және аналь жүзбе қанаты
ұзарған. Анчоустар тұқымдасына Европа анчоусы немесе хамса(engraulis
encrasicholus), Азов хамсасы, Атлантикалық финта, солтүстік атлантика
анчоусы.
Дорабтар тұқымдасы(chirocentrdae) - майшабақтәрізділердің ерекше
тұқымдасы. Бұлар майшабақтәрізділердің ең үлкені, бұлар үйір түзбей жеке
немесе шағын ғана үйңр құрып тіршілік етеді. Майшабақтектестер әлемдік
балық аулау саласында маңызды нысандар болып табылады. Басқа балықтармен
салыстырғанда балық аулауда бірінші орын алады.
Майшабақтар өте ұлкен үйір құрып миграциялайды, 1 метр куб су көлемінде
10 млн-ға жуық тығыздықпен өрістейді. Майшабақтр жағалаудың тайыз жерлеріне
келіп, теңіз капустасы және фикус өсімдіктерінің арасына уылдырықтарын
шашады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Майшабақтәрізділердің биологиялық
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Майшабақтәрізділердің анатомиясы мен морфологиясын анықтау.
2.Майшабақтектестердің өкілдерімен танысу.
3. Майшабақтәрізділердің миграциясын бақылау.
Зерттеуіміздің обьектісі: Майшабақтәрізділер.
Зерттеу әдістері: Бақылау, деректі фильмдер қарау.

Систематикалық орны
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип тармағы: Мисауыттылар – Craniata
Кластан жоғары тип: Балықтар – Pisces
Класс: Сүйекті балықтар – Ostheichthies
Отряд: Майшабақтәрізділер – Clupeіformes
Тұқымдас: Майшабақтектестер – Clupeidae
Анчоустар – Engraulidae
Дорабтар – Chirocentrdae
Өкілдері: Майшабақ – Harengus
Тюлька – Clupeonella
Сардина –Sardіna
Шпрот – Sprattus
Анчоус – Engraulidae
Дораб – Chirocentrdae

I Майшабақтәрізділердің биологиялық ерекшеліктері
1.1 Майшабақтәрізділер отрядының анатомиясы мен морфологиясы
Сүйекті балықтарға қазіргі балықтардың көпшілігі (90%-ға жуығы) жатады.
Мекендеу жағдайының алуантүрлі болуы бұлардың пішінінің әртүрлі болуына
әсерін тигізеді. Бұған қарамастан, сүйекті балықтардың барлығына ортақ
ерекшеліктері болады. Қабыршақтары әр уақытта сүйекті: циклоидты немесе
ктеноидты. Құйрық жүзбе қанаты гомоцеркальды. Кеуде жүзбе қанаттары
қозғалмалы болуын біршама жоғалтқан және вертикаль орналасқан. Кеуде
қанаттарының қаңқасында базалиялар жоқ, ал құрсақ қанаттарында
базалияларымен қатар радиалиялары да болмайды. Кеуде қанаттары әруақытта
желбезек саңылауларынан кейін орналасады, ал құрсақ қанаттары кеуде
қанаттарының алдында да, артында да орналасуы мүмкін. Омыртқа денесі
жетілген. Сүйекті балықтарға ми сауытының үлкен дәрежесінде сүйектенуі тән,
үсіңгі шүйде сүйегі бар, астыңғы жақта ұш жұп сүйегі болады. Желбезек
қақпағын ұстап тұратын талшықтар жақсы жетілген. Ішекте (кейбір қарапайым
топтарды қоспағада) спиральды клапан жоқ, ал асқорыту жолының сіңірілу
бетінің ұлғаюы ішегінің ұзаруына және көптеген формаларында пилорикалық
өсіндінің есебінен жүзеге асады. Артериальды конус редукцияға ұшырыған, ол
аорта пиязшығымен алмасқан. Торсылдақта қуыстар болмайды және өңешпен өзек
арқылы байланысқан (ашық торсылдақтар), не болмаса тұйық (жабық
торсылдақтар). Біраз түрлерінде торсылдақ екінші қайтара редукцияға
ұшыраған. Жыныс бездері қуысты және жыныс өзектерімен жабдықталған, олар
несеп өзектеріне тәуелсіз сыртқа ашылады.
Сүйекті балықтар алғашқы рет орта тираста пайда болған, борда көптүрлі,
ал кайназойда кең тараған. Сүйекті балықтардың жүйесі бір ретке
келтірілмеген. Бұл отрядүстіне 40-қа жуық отряд жатады.Солардың ішінде
маңызды тұқымдасы майшабақтәрізділер.
Майшабақтәрізділер (Clupeіformes) — сүйекті балықтар класының нағыз
сүйекті балықтар тобының отряды. Қазба қалдықтары жоғарғы юра кезеңінен
белгілі. Бұл отрядқа ең қарапайым сүйекті балықтар бірігеді. Құрылысы
қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі. Майшабақтәрізділердің
денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты қабыршықтары бос бекігендіктен
оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы
өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан
әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе қанаттарында тікенек талшықтар болмайды.
Жүзбеқанаттарының талшықтары-жұмсақ, бөлік-бөлік, осыған қарай бұл топтағы
балықтарды албырттармен бірге Жұмсаққанаттылар деп те атайды. Желбезек
жарғақтары тамағына бекімеген — жаға тәрізді. Жақ сүйектерінде тістері
болады. Майшабақтәрізділер дән сезу органы микроскоп арқылы ғана көрінетін
дән айыратын бүршікшілерден тұрады. Жеке дән айыратын бүршікшілерден бір-
біріне олардың арасындағы тірек клеткалардан құралған. Әрбір сезгіш
клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады.[6]
Майшабақтәрізділер - шағын балықтар, 5-75 см көлемінде ғана болады.
Ерекше түрі-дораб майшабағы,ұзындығы 3,7м дейін. Көпшілік түрінің салмағы
бірнеше грамнан 4 кг дейін жетеді. Ашықторсылдақтылар, торсылдақ қуыстары
болмайды және өңешпен өзек арқылы байланысқан, торсылдағының алдыңғы
ұшындағы есту капсулаларына өте жақын орналасқан. Құйрық жүзбе қанаттары
гомоцерькалды. Кеуде жүзбе қанаттары қозғалмалы болуын біршама жоғалтқан,
вертикаль орналасқан. Кеуде қанаттарының қаңқасында базалийлар жоқ, ал
құрсақ қанатында базалийлармен қоса радиалийлары болмайды. Кеуде қанаттары
әрқашан желбезек саңылауларынан кейін орналасады,ал құрсақ қанаттары кеуде
қанаттарының алдында да артында да орналасуы мүмкін. Ішекте спираьды
клапаны жоқ, ал асқорту жолының сіңірілу бетінің ұлғаюы пилорикалық
өсінділердің есебінен болады. Артериальды конус редукцияға ұшыраған, ол
аорта пиязшығымен алмасқан. Жыныс бездері қуысты және жыныс өзектерімен
жабдықталған, олар несеп өзектерінен тәуелсіз сыртқа ашылады. Омыртқа
денесі жетілген. Ми сауытының үлкен дәрежеде сүйектенуі тән, үстіңгі шүйде
сүйегі бар, астыңғы жақта үш жұп сүйек болады. Әдетте иық белдеуінде
мезакорокоид болады.
Көптеген майшабақтәрізділер - нағыз үйір құрып тіршілік ететін
пелагикалық балықтар, қорегі-планктондар. Бұлар жер шарының барлық
теңіздерінде мекендейді, десе де тропикада алуантүрлі болып келеді. Өтпелі
формалары да кездеседі, аздаған түрлері тұщы суда тіршілік етеді. Көпшілік
ихтиолог - систематиктер майшабақтәрізділерді сүйекті ганоидты балықтарға
жатқызбайды. Майшабақтәрізділер қалған барлық сүйекті балықтар үшін тікелей
немесе жанама бастама топ болуы мүмкін. [4]

1.2 Майшабақтектестер тұқымдасы
Майшабақтәрізділер 3 тұқымдасқа бірігетін 300 ден аса түрі белгілі .
Майшабақтектестер тұқымдасы (Clupeidae) – кең тараған 190 түрге
біріктірекді. Көпшілігі майда 35-45 см аспайтын балықтар. Тек кейбір өтпелі
майшабақтар ғана 75 см дей болады. Арқа қанаты біреу. Бүйір сызығы тесіп
жататын бірнеше қабыршақтар бірден басының артында орналасқан. Көптеген
майшабақтектестерде құрсағының орта сызығы бойымен үшкірленген
қабыршақтардан тұратын қыры болады. Торсылдақтың екі өсіндісі құлақ
капсуласына еніп жатады. Көптеген майшабақтектестер пелагикалық уылдырық
шашады, тек аздаған түрлері ғана уылдырығын су түбіне жатады. Дернәсілдері
планктонмен, ал ересек майшабақтармен қоректенеді.
Майшабақтектестер әлемдік балық аулау саласында маңызды нысандар болып
табылады. Басқа балықтармен салыстырғанда балық аулауда бірінші орын алады.
Майшабақтар аяқты карп тәрізділерде қарапайым құрылысты сүйекті балықтар
тобы болып есептеледі. Бас сүйектерінің май - шабақтардан  гөрі жақсы
дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ
болады. Веберев аппараты болады. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына
дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі  плогва, язь,
линь, карас, табан балық мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері  вобла,
таран, кутум көбею кезінде миграциялайды.
Майшабақтектестер тұқымдасына Мұхит майшабағы(Clupea harengus), Қаражон
(Caspialosa kessleri), Еуропа шпроты(Sprattus sprattus), кәдімгі килька
немесе тюлька (Clupeonella delicatula), Еділ майшабағы(Caspialosa
volgensis), Атлантика сардинасы(Sardina pilchardus).
Қазақстанда майшабақтектестерден 11 түр мен түршелерді кездеседі. Еділ
майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Атлантика майшабағы(Clupea harengus) - ұзындығы 30 см аспайтын, қысқа
әрі кішкентай кеуде және құрсақ қанаттары бар. Арқасының орта бөлімінде
арқа жүзбе қанаттары орналасқан. Аналь жүзбе қанаттары денесінің құйрық
бөліміне өте жақын орналасқан, құйрық жүзбе қанаттары жақсы дамыған,бұл
балықтың жоғарғы жағы әдемі жасыл немесе көк-жасыл түсті болып
келеді,астыңғы және бүйір бөлімі күміс түсті, олар күннің түсуіне
байланысты әртүрлі түстерді береді. Арқа және құйрық жүзбе қанаттары қою
қара түсті,ал басқалары ашық түсті. Атлантиканың солтүстігі, Америка
жағалаулары, Балтық теңізімен қоса солтүстік Азия жағалаулары
майшабақтардың отаны болып саналады.
Шпрот (Sprattus) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Бұлардың қоңыржай
және субтропиктік аймақтарда, Еуропа, Оңтүстік Америка, Австралияның оңт-
нде және Жаңа Зеландия суларында тіршілік ететін 4 түрі бар. Шпроттардың
дене тұрқы 17 – 18 см, салмағы 10 – 12 г, денесін түсіп қалатын қабыршақтар
жапқан. Бүйірі қабысыңқы, бауыр қанаты ара тісті, аузы кішкене. Жыныстық
жағынан 1–2 жаста жетіледі, 2,5 мыңдай уылдырық шашады, уылдырықтары
пелагиалды (терең су қабатында дамиды). Үйірімен тіршілік етеді, 5 – 6 жыл
өмір сүреді. Ұсақ зоопланктонмен қоректенеді. Оларды жыртқыш балықтар мен
дельфиндер қорек етеді. Шпроттың кәсіптік маңызы зор, тағамға сүрленген,
тұздалған күйінде пайдаланылады, консерві дайындалады.
Сардина — майшабақтар тұқымдасына жататын теңіз балықтарының екі
туысының (Sardіna және Sardіnops) жалпы атауы. Әр туыста бір-бірден түр,
олардың әрқайсысының бірнеше түр тармақтары бар. Солтүстік және Оңтүстік
жартышардың жылы сулары (су температусы 10 — 20 С-та) мен субтропиктік
жағаға жақын су айдындарында кездеседі. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Тұрқы
30 — 35 см (көбіне 15 — 20 см-дей), салмағы 100 — 150 г. Сардинаның аналь
қанаттарының соңғы екі талшығы қалақша сияқты ұзарған, құйрық қанатының
түбінде екі ұзын “қанатша” қабыршағы және желбезек қақпағында радиалды
жылғалар болады. 8 - 14 жылдай тіршілік етеді. 2 жаста жыныстық жағынан
жетіледі. Желтоқсан — маусым айларында 25 - 90 мыңдай уылдырығын судың
терең қабатына шашады, планктофагтар. Сардиналардың кәсіптік маңызы зор,
еті өте дәмді. Сардинадан консерві жасалады.
Еділ Майшабағы (Alosa kesslerі-volgensіs) – майшабақ тұқымдасына
жататын балық. Каспий теңізінен Еділ өзеніне, Еділ өзенінен Жайық
өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салмағы 600 г-дай. Түсі ашық
қоңыр. Арқа қанаты біреу. Республика суларында, өзендердегі уылдырық
шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте
жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында
тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық
(бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ өзені, Терек өзендерінде
уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін.
Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір
өте сирек кездеседі.[6]
Тюлькалар (Clupeonella) – майшабақ тәрізділердің туысы. Кейде
тюлькаларды сыртқы пішінінің нағыз килькаларға ұқсастығына қарап, килька
деп атап кеткен, бірақ бұл қате ұғым. Тюлькалардың Қара, Азов, [[Каспий]]
теңіздері мен оларға құятын өзендердің төменгі ағысында 4 түрі кездеседі.
Қазақстанда Каспий су алабында кәдімгі тюлькалардың (С. cultrіventrіs)
кездесетін екі түр тармағы және анчоустектес, бадырақкөзді килькалар бар.
Тюлькалардың ұзындығы 10 – 15 см, салмағы 8 – 10 г, құрсағы екі бүйірінен
қысыңқы, тамағынан аналь тесігіне дейін тікенекті қабыршақ жапқан қыры
(киль) бар. Аналь қанаттарының соңғы екі талшығы алдыңғыларынан ұзын.
Тіссіз, кішкентай аузы жоғары қараған. Су бетіне жақын топтанып тіршілік
ететін пелагик. балықтар, тек бадырақкөзді килька 300 – 450 м тереңдікте
кездеседі. Жыныстық жағынан 1 – 2 жасында жетіледі. Су температурасы 11 –
20 С-қа жеткенде уылдырық (60 мыңдай) шашады. Қалқып жүретін уылдырығында
қошқыл түсті, ірі май тамшылары болады. Табиғи жағдайда 3 – 4 жыл өмір
сүреді. Негізгі қорегі – зоопланктондар. Тюлькалардың абрау тюлькаларынан
басқа барлық түрі– кәсіптік маңызы бар балықтар.[2]

Анчоустар және дорабтар тұқымдасы
Анчоустар тұқымдасы (Engraulidae) - 100 ге жуық, көпшілігі тропикалық
суларда тараған, үйір құрып тіршілік ететін балықтар. Қоңыржай суларда
Анчоустар туысының екі түрі мекендейді. Майшабақтардан ерекшелігі аузы
үлкен ,ол салбырап тұрған тұмсығының астында орналасқан, құрсағы
дөңгеленген және аналь жүзбе қанаты ұзарған. Тістері майда. Көзі мөлдір
тері қатпарымен көлеңкеленген. Анчоус тұқымдасының түсі қоңыр-көк, бүйір
бөлімі ақшыл, бас бөлімі алтын түсті болып келеді.
Анчоустарға тән ерекшелік-уылдырығының құрылысында, оның формасы эллипс
тәрізді не тамшытәрізді, барлығында да май тамшылары болмайды. Уылдырық
шашу-порционды, орта есеппен 14 мыңдай уылдырық шашады. Анчоустардың
барлығы планктонмен қоректеніп, пелагикалық тіршілік етеді. Приморьеда
қиыршығыстық анчоус, Қара теңізде-хамса тіршілік етеді. Анчоустар теңіз
құстарының, дельфиндердің, кальмарлардың қоректік тізбегінде маңызды роль
атқарады. Тұқымдылығы 30 мың уылдырыққа дейін. Саны және биомассасы бойынша
дүниежүзіндегі балықтардың ішінде бірінші орында. 1975-1979 жылдары 9-10
млн т анчоус ауланған.
Анчоустар тұқымдасына Европа анчоусы немесе хамса(engraulis
encrasicholus), Азов хамсасы, Атлантикалық финта, солтүстік атлантика
анчоусы.
Европа анчоусы немесе хамса (Engraulis encrasicholis) Еуропаның
жағалауларын шаяатын суларда мекендейді. Ареал шегінде бірнеше географиялық
нәсіл (раса) түзейді, олар бір-бірінен, ең бірінші кезекте денесінің
ұзындығымен ерекшелінеді. Дене ұзындығы 10 см ден (Азов хамсасы) 16 см-ге
дейін (Солтүстік атлантика анчоусы) дейін өзгеріп отырады. Хамсаның арқасы
ашық- жасыл, көк-жасыл реңді. Бүйір сызығы метал жарқырайды. Хамса-
кішкентай, қысқа денелі балық, аналықтары аталықтарына қарағанда кішірек
болып келеді. Оның үстіңгі жақ сүйектері желбезек қақпағына дейін жетеді,
ал астыңғы жақ сүйегі ұзын және қысыңқы келеді. Жақ сүйектерінде майда
тістері орналасқан. Құйрық жүзбе қанаттары шанышқы тәрізді.
Шабақтары да, ересек тері де қыста Қара теңізге қыстайды. Уылдырық шашу –
пропорционды, орта есеппен 14 мыңдай уылдырық шашады. Бір жылдан соң
жыныстық жағынан жетіледі. Негізгі қорегі майда планктонды шаяндар,
көпқылтанды құрттар, коловраткалар. Хамса- үйір құрып тіршілік ететін
балықтар. Тұздың және температураның тез өзгеруіне бейімделгіш болып
келеді.
Финта(Alosa fallax)-ұзындығы 50-60 см, салмағы 650 грам, денесінің бүйір
жағында қара дақтары бар.желбезек доғаларының көптеген(20-45) қысқа басы
қысқа және көлемі жағынан кішкентай. Еуропаның атлантикалық бөлігінде және
Солтүстік Африкада, Норвегия, Исландия, Англиядан Морокоға дейін, Балтық
теңізінің және Қара теңіздің кейбір жерлерінде тараған. 6-8 географиялық
формаға бөлінеді. Өткінші және тұщы су балығы болып бөлінеді.
Маңызды өткінші балық түрлері Атлантикалық финта (A.fallax fallax) және
Жерорта финтасы(A.fallax nilotica).
Атлантикалық финта- 2-3 жылда жыныстық жетіледі, ұзындығы 27-30 см,
салмағы 150 грам. Арқа жүзу қанатындағы сәулелер 18-21, кеуде жүзбе
қанаттарында сәулелер саны 15-16, бүйір жүзбе қанаттарында 9-дан, аналь
жүзбе қанатында 20-18 ден, құйрық жүзбе қанатында 19. Қабығы 70 қабатқа
дейін болады. Көзі алдыңғы және артқы жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтардың қаңқасы
Сүйекті балықтар класы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйекті балықтардың таралуы, тіршілік әркеттері. Басты отрядтары және олардың көптүрлілігі
Шеміршекті балықтар
Өсімдіктер мен балдырлар
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Алабұға тұқымдасының кәсіптік түрлері
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
Көксеркенің өсуі және көбеюі
Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Пәндер