МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
БЕКІТУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 4
КІРІСПЕ 5
1 МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ 7
1.1Білім беру мекемелерінің сайтын құрастыру 7
1.2 Мектеп сайтының құрылуы және қолданылуы 8
1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы 10
1.4 Сайт құрудың бағдарламалық қамтамаларға қысқаша шолу 12
2 ӘЛ – ФАРАБИ МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНЕ АРНАЛҒАН САЙТ ҚҰРУ..20
2.1 Әдістемелік беттің құрылымы 20
2.2 Сайт құруға қойылатын талаптар 30
2.3 Деректер базасын құру және сайтпен байланыстыру 32
2.4 Сайттың әкімшілік бөлімі 33
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36
БЕКІТУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
РНР – Personal Home Page (Персональная Домашняя страница);
WWW – World Wibe Web;
HTML – Hyper Text Markup Language;
ДБ – деректер базасы.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта адам іс әрекетінің барлық салаларына компьютерлік
технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын
арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа прогрммалардың тасқыны, көптеген
адамдарға кәсіптік ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу
қажеттігін көрсетеді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі компьютерлік
технология терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың
белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда
болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды
тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды
мұрағаттарда, анықтамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі
деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға
болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі
кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және
желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны
пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының
белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар
көкейкесті міндеттер қоюда.
Дүниежүзілік өрмекші торы бұл - миллиондаған мәтін, аудио, бейне және
мәліметтер іздеп табуға мүмкіндік беретін желі. Интернетте миллиондаған
сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар
орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық
ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын
орналастыра алады, мәліметтер қабылдай алады.
Интернеттің артықшылығы – ол түрлі көлемді әр алуан тақырып бойынша
өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп береді.
Өзектiлiг: бұл сайт "әл - Фараби" мектеп – лицейінің мұғалімдеріне
және оқушыларына арналған. Мұнда мектептің тарихы туралы толық ақпараттар
жиналып, мұғалімдер мен оқушыларға мемлекеттік тілінде ақпарат алуға
мүмкіншілігі болады.
Жобаның мақсаты: "әл - Фараби" мектеп - лицейіне арналған сайтты
құрастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
• жоба талаптарын өңдеу;
• сайттың құрылымын жобалау;
• деректер қорын жобалау;
• сайттың негізгі бөлімімен деректер базасын байланыстыру.
• әкімшілік бетті құру.
Курстық жобаның зерттеу объектісі: сайт құру технологиялары.
Курстық жобаның зерттеу пәні: мектеп бойынша материалдарды және сайт
құру бойынша әдебиеттерді талдау және жинақтау.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау: қазіргі
уақытта адам іс әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология
кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп
отыр. Жасалып отырған "әл - Фараби" мектеп – лицейінің мұғалімдеріне және
оқушыларына көмекші құрал ретінде қолданылатын болады.
Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы: web-сайтты құрастыру барысында
ASP.NET және басқа да түрлі құралдарды, соның ішінде заманауи жобалаудың
құралдарын заманға сай технологияларда қолдану болып табылады.
Курстық жобаның теориялық маңыздылығы: курстың материалын зерделеу
және курстың бейінді білімдегі алатын орны болып табылады.
Курстық жобаның практикалық маңыздылығы: сайтты мектептің
мұғалімдеріне және оқушыларына көмекші құрал ретінде қолдану болып
табылады.
Автордың қорғауға шығаратын негізгі ережелері: мектеп жайлы
материалдарды жинап оларды өңдеу.
Жобаның көлемі мен құрылымы: "әл - Фараби" мектеп - лицейіне
арналған сайтт құру курстық жоба бойынша түсініктеме хаттың көлемі 39 бет.
Мазмұннан, кiрiспеден, екi бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер
тiзiмiнен және қосымшадан тұрады [1].
МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
1 Білім беру мекемелерінің сайтын құрастыру
Қазіргі кезеңде білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру
процесінің бір бөлігіндей, білім беру саласын әдіснамамен, технологиямен,
практикалық дайындамалармен және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-
педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған қазіргі заманғы
ақпараттық технологияны тиімді пайдаланумен жасақтау процесіндей
қарастырылады. Білім беру саласындағы ақпараттандыру қоғамдық қызметтің
басқа бағыттарындағы ақпараттандыруды басып озуы тиіс, өйткені, атап
айтқанда, мұнда барлық қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік, психологиялық,
жалпы мәдени, кәсіптік алғы шарттары қаланады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) оқытудың бар жүйесіне
біршама қондырғы болмаған шарт кезінде ғана білім беруді ақпараттандыру
қажетті әлеуметтік және экономикалық ықпал бере алады, ал табиғи түрде оған
кірігеді. АҚТ-дың мүмкіндігі педагогикалық технологияларды байытады,
оқытушылардың ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттеріне мүмкіндік туғызады және
басқару міндетін шешуді жеңілдетеді. Ал білім беру жүйесінде жинақталған
тәжірибелер, білімдер, салт-дәстүрлер ғаламдық ақыл-ойды қалыптастыру
туралы айтуға рұқсат бере отырып, Интернеттің жергілікті желісінен
ақпараттық кеңістіктің мазмұндық, жалпы мәдени құрамдарын толықтырады.
Білім беру процесіне ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу
және тәжірибені талдау электрондық оқулық басылымдар мен Интернет-
ресурстарды тек толтырып қана қоймай, сондай-ақ пән мұғалімдеріне
сабақтарда жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістеріне рұқсат ететін
ерекше ортада оқытудың жүзеге асатынын көрсетеді [2].
Сайтты дайындау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
• ынталы топты қалыптастыру; сайттармен танысу және оларды талдау;
• сайттың тұжырымдамасын дайындау, қойылатын мақсаттарды анықтау;
• сайттың мәнерін, дизайнын дайындау;
• сайттың жергілікті көшірмесін қажетті материалдармен толтыру;
• жергілікті көшірмені тестілеу;
• сайтты серверге орналастыру, серверлік нұсқаны тестілеу;
• сайтты іздестіру жүйелеріне, тақырыптық каталогтарға тіркеу;
• сайтты өткізу.
Ынталы топты қалыптастыру процесін іс жүзінде қалыпқа келтіру, яғни
мұндай топты құруға әкелетін қадамдардың тізбегін көрсету мүмкін емес.
Бірақ міндетті шарттардың бірі болып топ құрамына ең кемінде компьютерлік
технологиямен жақсы таныс бір педагогтың кіруі саналады. Бар сайттармен
таныса отырып, өз сайтыңды дайындау кезінде сайттардың дизайнына,
бөлімдердің құрылымына, тақырыптық бағыттылыққа назар аудару қажет.
Мақалаға, сіздің көзқарасыңыз тұрғысынан, сол немесе басқа мектеп
сайттарында орындалған барлық қызықты идеялар мен шешімдерді алуға болады.
Тұжырымдаманы дайындау кезінде осы ақпараттық ресурсты әзірлеуде қандай
мақсаттар қойылатынын, сондай-ақ сайтты дайындау мен қолдау үшін қандай
құралдарды пайдалануға болатынын нақты анықтау қажет. web-ресурсқа жай
қатынаудан басқа, мектеп сайтын орналастыру ұйғарылатын web-сервер қандай
мүмкіндіктер ұсынатынын анықтау қажет. Мұндай қызметке сценарийлердің әр
түрлі тілдерін қолдау, мәліметтер базасына қатынас құру, форумдарды, қонақ
кітаптарды қолдау жатады. Жоғарыда аталғандарды жеке-жеке талдап, қойылған
мақсаттарды анықтау және түзету енгізу қажет. Осы кезеңде қойылған
мақсаттар өресінен шыға отырып, болашақ сайт құрылымының жобалық нұсқасын
дайындау қажет [3].
Дайындаманың келесі кезеңінде сайттың көптеген беттерінің
дайындалуына сәйкес болатын сайттың базалық мәнерін таңдау қажет. Сайттың
мәнерін таңдау мектептің бағдарына сәйкес болуы тиіс. Бұл процесс бейресми,
шығармашылық, сол немесе басқа жағдайда қандай нақты мәнерді пайдаланудың
нақты рецепті жоқ және бола алмайды. Осы кезеңде, ең болмағанда кеңесу
деңгейінде, динайзер-кәсіпқой маманды тартуды қалайды.
Таңдалынған мәнер негізінде бетті қалыптастырудың ортақ элементтерін
қосатын сайттың дзайнын дайындау, үлгіні дайындау іске асырылады. Біртұтас
тіректі пайдалана отырып, ақырында сайттың беттері әзірленетін болады.
Әдетте мұндай үлгілердің бірнешеуі әзірленеді, өйткені әр түрлі бөлімдердің
дизайндары, ақпаратты орналастыру схемалары әр түрлі болады, кейде
айтарлықтай өзгеше болады. Одан әрі сайттың құрылымын қағазға бөлшектеп
дайындау, үлгіні дайындау және сйт бойынша бағыттау іске асырылады. Мектеп
сайты ұйымның іс-әрекеті, оқу орнының жұмыс істеу әлеуеті мен жағдайлары,
мектептің мәселелері мен даму бағыты туралы бар мәліметтерді
шоғырландырады. Білім беру мекемелерінің сайтын тиімді дайындау басшыдан
бастай олтырып және техникалық рәсімдеуге жауап беретін маманмен аяқтай
отырып, әр түрлі деңгейдің атқарушылар қомандасының үйлестірілген
әрекеттері ұйғарылатыны маңызды екендігін ұмытпау керек.
2 Мектеп сайтының құрылуы және қолданылуы
Интернет желісінен мектептің сайтын ашу және сайтта мектептің оқу
барысындағы қолданысын көрсету.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамның бойында ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл бізді оқытатын -
мектепке жүктеледі.
Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен
анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған
компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және
өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен
бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен
оқушылар арасында байланыс орнату мақсатында Веб-дизайн пәнінде
мектептің сайтын http:mektepint.narod.ru құрастырдық.
Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі,
рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары
енгізілген.
Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы
тарихымен танысып, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді
анықтай алатын болады.
Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен
жетістігін анықтайды. Оқушының интеллектуалдығын арттыратын, жан-жақты
дамуына мүмкіндік беретін политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану
бағытындағы пәндер бойынша құрастырылған инттелектуалдық ойындар арқылы
білімдерін тексеріп, жетілдіреді.
Мектептің оқу барысындағы өзгерістер мен жаңалықтары сайттың басты
бетінде көрсетіліп, өзгертерге еніп отырады.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуы
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен
механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын
жалпы ұғым .
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің
қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық
өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Ақпараттық технология уақытпен жарысып, қарқынды дамуымен қатар,
адамзат үшін күнделікті қажеттілікке де айналып отыр.
1997 жылы 22 қыркүйекте Президенттің №3645 өкімімен Орта білім беру
жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы қабылданып, оқушылардың ақпараттық
технологияны терең меңгеруіне жол ашылған еді.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен мақсат – дүниедегі
ең үздік мемлекеттердің қатарына кіру, бұл біздің қоғамды жаңа
технологияларды игеруге мәжбүрлейді. Оның дамуына мұрындық болатын -біздер.
Біз үшін үздік технологиямен жай ғана танысу былай тұрсын, міндетті түрде
білу уақыт талабы. Қоғамның даму логикасын ойласақ, Қазақстан үшін
ақпараттық телекоммуникацияны игерудің маңызы зор. Яғни ақпараттық
коммуникациялық жаңа технологиялар қызметін жетік меңгеру білім
ошақтарындағы біздің күн тәртібіндегі бағдаршамымыз.
Елімізде 2007 – 2009 жылдарға арнап әзірленген ақпараттық теңсіздікті
төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 12 млрд. теңге
бөлу қарастырылған екен. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі әзірлеген
осы бағдарламаның негізгі бағыты тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын 20
пайызға, түрлі қызметтер мен Интернетті пайдаланушылар деңгейін 20 пайызға
жеткізу. Атап айтсақ, келер жылы бюджеттік сала қызметкерлері мен жұмыссыз
тұрғындарды оқыту үшін 300 курс құрылады. Әскери қызметшілерді оқыту
ниетінде 68, балалар үйлерінде 69 класс ұйымдастырылады. Осылайша еліміз
тұрғындарының 15,7 пайызын оқыту көзделген [4].
Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті
мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету.
Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте
жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы
нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде
ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
1 РНР дің пайда болуы және даму тарихы
РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl
тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша
вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен
бірнеше адам пайдаланғанда оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф
өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools версия 1 деп аталады және оны
еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта
түсті [5].
Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны
жүзеге асыру үшін Расмус Си-ға жазылған пакеттің жаңа версиясын жасап
шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР Fl Personal Home
Рage Forms Interpreter ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі
болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі
және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты
интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын
html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның
барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. Өйткені РНР Apаche серверіне
компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50,000 - дай доменде қолданылады [6].
Дәл осы жылы 1997 де РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi
Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып
жүріп, РНР ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы
жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне
кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене
отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген
тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей
орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі
ретінде сыналды [7].
Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР дегі
барлық өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын
дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болады. Бірлескен әрекет
нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР 3 деген атаумен жарық көрді.
РНР 3-тің жарық көргеннен соң Энди Тутамано және Зив Сурски РНР -тің
ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды
шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы
нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды.
РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты.
Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР
4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады
[8].
2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар
жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін
ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін
күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға
мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді.
Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус
Бергерді атап өткен жөн болар [9].
Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады.
Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық
механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-
жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР
5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие.
Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің
әртүрлі қайнар көзіне байыды.
РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар
күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT
қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа
екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP.
Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан
алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.
SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа
қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы
НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен
интеграциялауға мүмкіндік туындайды.
РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер
версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек
қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге
асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды
қосады [10].
SQLite–тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сатайтын қоcымшаны
құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік
тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы.
SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты
объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері
–жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай
тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа
ие болатындығын жоспарлап отыр.
РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады:
• Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін;
• Perl - Perl сценарийлерді пайдалану;
• SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2
–нің кеңеюі;
• РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады;
• PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған
жаңа кітапхана;
• бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері
пайдаланылады;
• РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен
толықтырылған.
2 Сайт құрудың бағдарламалық қамтамаларға қысқаша шолу
HTML негіздері.
Hyper Text Markup Language – Гипер Мәтіндерді белгілеу тілі. Бұл оның
көмегімен гипермәтін, яғни мәтінде мәтіннен басқа суреттер, кестелер және
тағы басқа қолдануға болатын және оларды біріктіруге, басқаша айтқанда, Web
өрмекпен байланыстыруға болатын бағдарламалау тілі дегенді білдіреді [11].
Бұл тіл сайт құру технологиясы облысында меңгеруге өте жеңіл
болғандықтан базалық болып табылады. Бірақ шамадан тыс қарапайымдылығы оның
кемшілігі болып табылады. HTML сайт құру технологиясының дамуының ерте
кезеңінің талаптарына өте жақсы жауап берді, бірақ оның ары қарай дамуымен
маңызды мәселелер туды:
1. желілік құжаттарды тақырыптармен, мәтінмен, кестелермен,
тізімдермен, фотосуреттермен басып шығару;
2. желіден ақпаратты батырманы басу кезінде гепермәтінге сілтеме
арқылы алу;
3. алшақтатылған компьютерлерге сұраныс жіберу үшін форма құру;
4. электрондық кестелерді, бейне клиптерді, аудио клиптерді және
тағы да басқа бағдарламалық қосымшаларды тікелей өз
құжаттарына енгізуге.
HTML тілі арнайы бағдарламалар – браузерлер (олардың негізгілері
Netscape Navigator (Netscape фирмасінікі) немесе Internet Explorer
(Microsoft фирмасінікі)) көмегімен Интернет желісінде көруге арналған мәтін
беттерін құрастыру мен безендіруге арналған. HTML тілінің көмегімен Web-
беттерді кәдімгі блокнотта немесе Word-та құруға болады [12].
HTML қабықшасы – беттiң тақырыбы (HEAD) және негiзгi дескрипторлардан
тұратын денесi (BODY) орналасқан қарапайым дескриптор. Тақырыбы және денесi
бар HTML дескриптордың жазылу үлгiсi:
HTML;
HEAD;
TITLE TITLE;
HEAD;
BODY;
BODY;
HTML.
мұндағы, TITLE TITLE жолы құжат тақырыбын бередi. Құжат тақырыбы
келесi мәлiметтердi қамтиды:
Беттiң аталуы: TITLE және TITLE дескриторлары беттiң аталуын
анықтайды. Ол HTML құжаттың денесiнiң құрамына кiрмейдi.
Стиль: HTML құжатты басқарудың элементтерi мен стилдерiн тақырыпқа
енгiзу қажет болған жағдайда қолданылады.
Метаинформация: МЕТА дескрипторы құжат авторы, кiлттiк сөздер, арнайы
әрекеттер қажет болған жағдайда қолданылады.
Кез келген құжатты құрғанда оның басқару элементтерi мен стильдерi,
авторы, кiлттiк сөздер жайлы мәлiметтер онша қажет бола бермейтiндiктен
аталған дескрипторлардың барлығы бiрдей жиi қолданыста емес. Дегенмен әрбiр
құжаттың атауы болуы тиiс, сондықтан TITLE дескрипторы жиi қолданылады
[13].
Құжат денесiнiң құрылымы HTML құжаттың денесi орналасатын негiзгi
бөлiгi BODY және BODY дескрипторлары арқылы iске асырылады. Құжат
денесiне енгiзiлетiн информация келесiдей болуы мүмкiн:
– Мәтiн - құжат құрамында кездесетiн мәтiндер. Олар оқылуы жеңiл
әрi түсiнiктi болу үшiн форматталуы да мүмкiн.
– Графикалық кескiн - қүжатта жылжуға немесе информацияны көрнекi
түрде беру үшiн енгiзiлетiн графикалық информация.
– Сiлтеме - Web түйiннiң iшiнде оңай жылжуға және желiнiң басқа да
тұстарына жылдам өтуге арналған сiлтемелер.
– Мультимедиа және арнайы программалар - Видеороликтер, Java
аплеттерiмен, Flash, Shockwave программаларымен жұмысты
басқаратын дескрипторлар құжат денесiнде орналасуы тиiс [14].
– Түсiнiктемелер - құжатта қолданылып жатқан дескрипторлар мен
әрекеттерге берiлетiн түсiнiктеменi құжат денесiнiң кез келген
тұсына енгiзуге болады. Түсiнiктеме үлкен HTML-беттер құрғанда
өте тиiмдi. Түсiнiктеме !-- -- дескрипторы арқылы жазылады.
Мәтiндi форматтау – HTML тiлiнiң ең қарапайым және ең қуатты құралы.
Себебi Web-бет форматталған мәтiннен тұрғанда ғана түсiнiктi әрi әсем болып
көрiнедi.
Абзац - мәтiнiнiң бетте орналасуы дескрипторлардың align атрибутына
меншiктелетiн мәндерге байланысты болады. Align атрибуты төрт түрлi мәннiң
бiрiне ие болуы мүмкiн: left (сол жақ шетi бойынша), right (оң жақ шетi
бойынша), center (бет ортасына), justify (мәтiн енi бойынша). Мысалы,
жоғарыда келтiрiлген “Негiзгi HTML-бет” құжатындағы мәтiндi беттiң ортасына
орналастыру үшiн HTML кодтың абзац дескрипторының align атрибутына center
мәнiн меншiктеу керек. Абзацтармен жұмыс iстеудiң тағы бiр ерекшелiгi мәтiн
жолдарының интервалын беруге болады [15]. Мәтiн жолдарының арасындағы
интервалдар style атрибуты арқылы анықталады. Жазылу үлгiсi: P style=
“line-height:27pt”, мұндағы pt – интервал өлшем бiрлiгi – пункт.
Шрифттермен жұмыс - Web-беттiң дизайн тиiмдiлiгi оның қаншалықты
деңгейде дайындалғанын анықтайды. Дизайн тиiмдiлiгi деген не? Бұл Web-
беттiң сыртқы түрiнiң түсiнiктi әрi әдемi безендiрiлуi. Шрифттермен жұмыс
iстей бiлу осы дизайн тиiмдiлiгiне қол жеткiзудiң негiзгi шарттарының бiрi.
Сондықтан әрбiр web-бет құрушы шрифттермен жұмыс iстеу тәсiлдерiн толық
меңгеруi тиiс [16].
Қазіргі уақыттағы ең танымал және белсенді дамушы тіл болып РНР
табылады.
PHP бағдарламалау тілі.
РНР – бұл Web-серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-
беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Бетті РНР
және HTML-дің көмегімен ашуға болады. Пайдаланушы сайттың беттін ашқанда,
сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені
пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold
Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда,
РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз[17].
РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол
Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі
түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті
жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі
тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді
орнатудың қажеттілігі болмайды.
РНР-дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl

түсті [18].

жүзеге асыру үшін Расмус Си-ға жазылған пакеттің жаңа версиясын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz