Web - бетті құру жалпы ережелер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР3

КІРІСПЕ4

1 Web-технологиялар оқыту үрдісінде6

1. 1№2 Благовещенка орта мектебінің құрлымы, тарихы, ерекшеліктері6

1. 2 Сайттың қажеттілігі8

1. 3 Web-бетті құру жалпы ережелер9

1. 4 Сайт жасаудың негізгі кезеңдерi14

1. 5 Сайтты құрастыруға арналған программалар17

1. 6 Dreamweaver - сайтты құру және басқару құралы20

2№2 Благовещенка орта мектебіне арналған әдістемелік бет құру23

2. 1 Сайттың жалпы құрылымы23

2. 2 Сайттың көрінетін бөлігі23

2. 3 Әдістемелік беттің дизайны, сайт құруға қойылатын талаптар32

2. 4 Әдістемелік беттің әкімшілік бөлімі33

2. 5 Әкімшілік бөлімді, деректер базасын құру36

ҚОРЫТЫНДЫ39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ40

ҚОСЫМША42

Қосымша А43

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Ұсынылған курстық жобаға сәйкес келесі терминдер қолданылады:

  • ӘБ - әдістемелік бет;
  • ҚР - Қазақстан Республикасы;
  • ҮМК - үлкен мәтінді кітап;
  • ЖОО - жоғары оқу орны;
  • РНР - Personal Home Page (Персональная Домашняя страница) ;
  • WWW - World Wibe Web;
  • HTML - Hyper Text Markup Language;
  • ДБ - деректер базасы;
  • SQL - Strutured Query Language. КІРІСПЕ

Қазіргі ғаламдық өркендеу кезінде білім беру технологиясының әлемдік бірізділікке ыңғайлануы - табиғи құбылыс. Оны білім беру жүйесінің жаhандануы деп те атауға болады. Оған қазіргі әлемнің ғылымы мен техникасының және жалпы адамзаттық өркениеттің соңғы ғасырлардың екінші жартысында таң ғажайып қарқынмен дамып, түрлі мемлекеттердің арасында экономикалық қарым-қатынастардың күшеюі және олардың бір-бірімен мәдени рухани тығыз ықпалдасуға көшуі басты себеп болды. Қазір біз ондай бірізділік пен ықпалдасудың өз еліміздің мемлекеттік құрылымының барлық жүйесінде болып жатқанын пайымдап қана қоймай, мойындауға да болады.

Жаhандану қазіргі білім беру жүйесінен өз орнын алып келеді. Біз жаhанданудың болашағына сай өмірге үйлесімді тұлғаны дамытатын білім беру жүйесін құруымыз қажет және онда білім берудің мазмұнына, оқыту әдістеріне айрықша мән беріп, оларды жаңартып отыруымыз шарт. Оқу процесінің икемділігін, жаңарту және нәтижелілігін қамтамасыз ететін, өзгеруші еңбек нарығының талаптарын есепке алатын қажетті ептілік пен дағдыны беру шарттарын құру негізінде білім беру жүйесінде еңбек дағдысына үйрету және оны жетілдіруге, бұл мәселені зерттеуге көбірек назар аударылады. Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қортындысы әрқашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.

Бұған дейін №2 Благовещенка орта мектебі туралы сайт HTML тілінде толық жазылып қарастырылмаған. Осыған байланысты аталған мектеп туралы сайтты жазып, қарастырдық.

Өзектілігі : №2 Благовещенка орта мектебі оқу орны мекемесі туралы толық ақпараттар жиналып, мәлімет алу мүмкіншілігі болады.

Курстық жобаның мақсаты : №2 Благовещенка орта мектебі үшін сайт құрастыру.

Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

  • пән саласын зерттеу;
  • ұқсас жобаларға шолу жасау;
  • орындау құрылғыларын таңдау;
  • жасалынатын жобаға қойылатын талаптарды анықтау;
  • деректер қорын жобалау;
  • интерфейсті қарастыру;
  • деректер базасын жасау және мәліметтермен толтыру;
  • әкімшілік бетті құру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы : білім беру саласындағы қазақша сайттардың аздығына байланысты осы курстық жоба жаңа сайт нұсқасы ретінде №2 Благовещенка орта мектебіне арналған көмекші құрал болып табылады:

Зерттеу объектісі: сайт құру технологиялары.

Зерттеу пәні: интернет қосымшаларды өңдеу.

Зерттеу әдісі: сайт жасау бойынша әдебиеттерді теориялық талдау әдісі, теориялық талдау және жинақтау әдісі.

Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау:

Курстық жобаның практикалық маңыздылығы: №2 Благовещенка орта мектебі үшін сайт ақпарат алуға және жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы: курстық жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан тұрады [1] . Жұмыстың жалпы көлемі 43 бет.

  1. Web-технологиялар оқыту үрдісінде№2 Благовещенка орта мектебінің құрлымы, тарихы, ерекшеліктері

№ 2 Благовещенка орта мектебі 2000 жылы ашылған. Осы 12 жыл ішінде 245 түлек мектепті тәмамдаған. Қазіргі кезде мектепте 376 оқушы бар. Жалпы мұғалімдер саны - 48, соның ішінде жоғары білімді - 32, арнайы орта білімді - 6, аяқталмаған жоғары білімді - 10 мұғалім. Жоғары санаты - 5, I санаты - 13, II санатты - 17, санатсыз - 13 ұстаз.

Кабинеттер саны - 16, актзалы - 1, асхана, медпункт - 1, кітапхана, мультимедия кабинеті - 1, информатика кабинеті - 1, интерактивті тақтамен жабдықталған - 5, физика талапқа сай жабдықталған - 1, қазақ тілі, орыс тілі, дайындық тобы, асхана, акт залы бойынша жаңа жиһаздармен жабдықталған.

Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдерінің тікелей ықпал арқылы оқушылардың жеткен жетістіктері мол. Атап айтқанда, тәжірбиелі, аудан облыс республика аумағына белгілі ұстаздар.

Мектебіміздің тіл мәртебесін көтерудегі жетістіктеріміз:

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс- тәжірибесі мен даналығы бар. Санының аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытынша кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмір жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдыңғы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні.

М. Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деген екен: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі-бәрі көрініп тұр».

Ана тілі -барлық ақыл-ой дамуының негізгі және бүкіл білімдердің асыл қазынасы. Өйткені, оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге үйретіп, тіл материалын меңгеретін де қазақ тілі.

Ал, бұл жолда тілтанымдық білімдердің жалпылық мән алуына дәнекер болатын алтын көпір қазақ тілі пәнін оқыту және қазақ тілінің мұғалімдері, оқытушылары мен әдіскерлері екені сөзсіз. Сондықтанда қазақ тілі мәртебесін көтеру үшін қоғамда болып жатқан өзгерістер біз сияақты жанашыр қазақ метептерін елең еткізбей қоймайды. Әдебиетіміздің, мәдениетіміздің көркейіп, дамуына үлес қосқан зиялы қаламгерлеріміздің салып кеткен сарқылмас, қасиетті іздерін басып, жалғастыру болашақ ізбасарлар міндеті.

Сол міндетті борыш кылмай бел ортасында жүрген намысшыл, дарынды оқушылар біздің мектепте де бар.

Олар аудандық, облыстық өтіп жататын сайыстарға қатысып, құр алақан келмей қуанышпен оралады. Мысалы, 2007-2008 оқу жылынан бастасақ, жылда өтетін Абай, Мағжан, Мұғали оқуларына қатысып жүрміз. 2007-2008 оқу жылы М. Жұмабаев мүшайра оқуына қатысып, Әлия Әділбекова ІІ - орын иеленді. 2007-2008 оқу жылы Мұқағали оқуына қатысып, Шалабаева Марал аудандық І - орын, облыстық І - орын, республикадан дипломмен марапатталды.

2008-2009 Абай, Мұқағали оқуларына қатысып, 5 - сынып оқушысы - Қабдуллин Нұрым ІІІ - орын, 6 - сынып оқушысы Базар Айбек ІІ - орынды иеленді.

Жылда өтетін олимпиада да қазақ тілі жаңашырлары мектебімізді қуантып, ұстаздардың берген білімінің бойларына сіңіріп, еңбектерін ақтап жүрген оқушылар Рахметова Дарима 2008, 2009-2010 оқу жылдарында өткен аудандық, облыстық олимпидаларда І орынға ие болды. Шалабаева Марал аудандық олимпиадада 2009, 2010 жылы І орын алды. Бұл да қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мағжанова Г. М - қызының еңбегі.

Жылда өтетін аудандық «Жүзден жүйрік» мұғалімдер сайысына қатысып, 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қамытаяқова М. С қызы ІІІ - орын алды.

Мектеп кітапханасы жыл сайын жаңа оқулықтар мен әдеби кітаптармен толықтырылып отырылады және электрондық оқулықтарда бар.

22 қыркүйек тілдер туған күніне байланысты семинар сабақтар әртүрлі іс-шаралар өткізіліп отырылады. 23 қыркүйек аудандық семинарда қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі пәндерінің мұғалімдері ашық сабақ көрсетті. Сол семинарда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Күркенова Г. Ж - қызының 6 а сыныбында өткізілген дөңгелек үстел тартымды өтті. Оқушылардың тіл байлықтары мол, өз ойларын еркін толық жеткізе алатын дамыған жеке тұлға екенін көрсете білді. 4 а сыныбында Бейсенбина А. А - қызының ана тіліне өткізген сабағы мазмұны, құрлымы жағынан өте жақсы деп бағаланды.

Желтоқсан айында өткізілген ашық сабақтарда тартымды өтті. Әсіресе, Мұрзатаева Ж. Т - қызының 6 сынып оқушыларына орыс әдебиетінен шығарманың дұрыс жазылу жүйесін үйретіп, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жаңа технологияларды қолданды. 2008-2009 оқу жылында Жакежанова Саягүл қатысып, ІІ орынды иеленді.

Аудандық «Ауыл арайы» газетіне мақала өлеңдері жиі жіберіліп тұратын жас қаламгерлерімізде бар. Олар, Рахметова Дарима, Шалабаева М, Нұртазина Б, Базар А, Көкенова Ж, Куркенова Ж, Амантаева А. 2011-2012 оқу жылындағы аудандық олимпиададан 8 сынып оқушысы Бекетова Айнұр ІІ орын, Мұқанова Жанат ІІ орын, 10 сынып оқушысы Сұлтанова Сандуғаш ІІІ орын иеленді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бойынша 6 номиннацияға оқушылар қатысты. Сахна саңлақтары ІІ орын, жас ғалымдар бекетова Айнұр «Ұлттық ойындар - ұрпақ тәрбиесі», ғылыми жоба бойынша ІІ орын, «Сөз шебеі» - Базар Айбек, 9 сынып ІІ орын, тілшілер мен әдебиетшілер наминациясы бойынша Мұқанова Жанат ІІ орын.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы шығармалар байқауына қатысып Бекетоа Айнұр ІІ орын, Шалабаева М І орын иеленді. Шығармалар облыс бойынша «Ең үздік» шығармалар жинағына енді.

Ұядай ұйып отырған білім ошғында қазақ тілінің мәртебесі жоғары деп санаймыз. Алдағы уақытта да тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан

Гумманитарлық пәндердің бірі - тарихтан бүгінгі күнге жеткен біршама жетістіктеріміз бар:

2007 жылы Алматы қаласында өткен СТО жобасы бойынша ұлттық конференцияға оқушылардың зерттеу жұмыстарымен қатысты.

Облыстық, аудандық педагогикалық оқуларда баяндама оқыды.

Аудан тарихшыларының секция жетекшісі

2007 жылы “Болашақ” дебат клубы Облыстық дебат ойындарында І орын алды.

Республикалық “Дауыс” журналында этнографиялық зерттеу мақаласы жарияланды.

2008 жылы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға делегат болып қатысты.

Бейінді бағдарлы оқытудың қолданбалы және таңдау курстары бойынша облыстық конкурста ІІІ орын алды.

2007 жылы аудандық олимпиадада тарих пәнінен Шаукерова Зарина, Тоқтағұлова Мейрамгүл І, ІІ орындарға ие болды

2008 жылы Зағыпаров Жандос ІІ орын, 2009 жылы Жолдасова Зухра ІІ орын алды.

2008 жылы “Тарихты оқыту әдістері: ізденістер мен ұсыныстар” атты әдістемелік құрал шығарды.

Аудандық, мектепішілік семинарлар өткізіп тұрады [2] .

  1. Сайттың қажеттілігі

Кез келген сайт қазiргi серiктестiктiң тұлғасы болып табылады. Онда өзi ұйым туралы маңызды мәлiмет орналастыра алады, оның құрылымы туралы, басқару және қызметкерлер туралы, кәсiпкерлiктiң жүргiзуi мақсаттар және есептерi туралы. Мұндай мәлiмет болашақ клиенттерге немесе әрiптестерге пайдалы бола алады. Өз сайтының бар болуы ашық ұйым серiктестiктi дайын тұрақты дамытуға мiнездейдi [3] .

Бiрлескен сайт - бұл аспап тиiмдi кәсiпкерлiк. Әлi келiссөздердiң кезеңi немесе дербес байланысуға дейiн, сiз көп бұрын мүмкiндiк берiңiз, сайтқа келгенде, тапсырма берушiлерге немесе әрiптестерге мағлұмат немесе қызметтер туралы барлық мәлiметтi бiлсiн, олардың құны туралы, олардың өзi таралған сұрақтарына жауап берiп, жұмыстың тұрғылары талқылау не бiр ұйымдастыра алды. Тағы бiр рет сiздi ар жағында сайт жұмыс iстейдi iс жүзiнде сiздiң қатысуыңызсыз бұның барлығы болғанын асты сызылуға болады, және әрбiр оның келушiсi болашақ клиент бола алады.

Сайт - бұл ұйымның өздiгiнен визиткасы, соның iшiнде халықаралық екi жақты мүмкiндiк байланысулардың сүйемелдеудi қамтамасыз етеді. Нәтижелерi осындай болатын нақтылы санақ болады: серiктестiктер, рұқсатсыз меншiктi сайт, 25% шақты болашақ клиенттер әдетте жоғалтады интернеттегi оның iздерiн iздеп табуға мекеменің бар екендiгiнi басқа көз бiлiп тырысады нәтижеде бәсекешiлердi душарып олардың тұрақты тұтынушы болып қалыптасады. Сiз толық ақпараттық қолдауды өз клиенттерiне қамтамасыз етiп, жасап және қандай болмасын жарнамалық және тағы басқалар осында iске асыра аласыз және жаңа клиенттердiң жақсы үшiн шыққан жер тартулары, олар бұның барлық қызмет ете алады сiздiң серiктестiктерiңiз мұндай клиентке сервис және ықыластың деңгейi көрiлiп мiндеттi түрде қызығады [4] .

Сайт мағлұматтардың бар болуы туралы ескiлiктi iс жұмыс, жауаптардың ылғи бiр сұрақтарына сiздiң қызыметшiңiз құтқарылуға мүмкiншiлiк бередi немесе баға белгiлеу туралы. Сiздiң сайтыңыз тәулiк бойы жұмыс iстейтiндiгi, жетi сайын, жылдан жылға - ол әрдайым жұмыс iстейдiнен, жұмыс уақытының үнемдеуге тиімді.

Сайт сiздiң серiктестiгiңiздiң ортақ мәлiмдiлiгiнiң өсуiне мүмкiндiк туғызады. Сiз клиенттер тартуғана емес, кеңiстiктiң интернетiнiң барлық мүмкiншiлiк рейтингтерiндегi биiк орыны алу да мақсаттық дәрiсхананы алынып және сайттың тұрақты алға басуымен шұғылдана iстей алыңыз. Келушiлердiң көбiрегi немен сiздiң сайтыңызға келедi, әсiресе белгiлi тұрғынның жалпы санының арасында сiздiң серiктестiгiңiз болады [5] .

  1. Web-бетті құру жалпы ережелер

Web-сайт - бұл Web-серверде орналасқан және өзінің аты мен адресі бар, анықталған түрде ұсынылған ақпарат. Пайдаланушы Web-сайтты компьютерде көруі үшін браузер деп аталатын арнайы бағдарламалар пайдаланылады. Браузер біз «Адрес» жолында енгізетін сайттың атына байланысты өз терезесінде сәйкес ақпаратты жүктейді .

Web-сайт өзара байланысқан Web-беттерден тұрады. Web-сайттың әр бір бетінің осы бетке сәйкес сайт адресінен және файл атынан тұратын Internet адресі болады. Осылайша, Web-сайт - бұл Web-серверде орналасқан және жеке адресі бар өзара байланысқан гипермәтіндік құжаттардан (Web-беттерден) тұратын ақпараттық ресурс. Web-сайтты Internet желісіне қосылған компьютері бар кез келген адам көре алады [6] .

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

  • web-технологиялар;
  • сайт жасау экономикасы;
  • web-дизайн және web-программалау маркетингісі;
  • адам ресурстары және т. б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • жоспарлау;
  • элементтерді жасақтау;
  • бағдарламау;
  • тестілеу;
  • жариялау;
  • жарнамалау;
  • бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1. сайттың орны;

2. сайттың аудиториясы кімдер;

3. қандай ақпарат жарияланады;

4. қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1. навигациялық құрылымын жасау;

2. беттің дизайнын жасау;

3. бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1. сілтеменің жұмысы;

2. мәтіндегі қателер;

3. навигацияның тиімділігі;

4. пошта және басқа формалардың дұрыстығы;

5. графикалық файлдардың ашылуы;

6. әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек [7] .

HTML.

Hyper Text Markup Language - Гипер Мәтіндерді белгілеу тілі. Бұл оның көмегімен гипермәтін, яғни мәтінде мәтіннен басқа суреттер, кестелер және тағы басқа қолдануға болатын және оларды біріктіруге, басқаша айтқанда, Web өрмекпен байланыстыруға болатын бағдарламалау тілі дегенді білдіреді .

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпа-раттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақ-параттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқыту-дың жаңа технологиялары пайда болуда. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақ-ты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қорша-ған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдала-ну белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
World Wide Web
Интернет, web-бет және оны қалыптастыратын HTML
HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
Тортугалия кондитерлік фирмасы
MS FrontPage
Web парақтарды жасау
HTML - базалық технологиясы туралы ақпарат
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Web - сайт құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz