Ұлпанның жаратылысы басқа


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Ғ. Мүсірепов - көркем сөз шебері . . . 4
1. 1. «Ұлпан» романының көркемдік желісі . . . 7
1. 2. «Оянған өлке» романының идеялық түйіні, образдық жүйесі . . . 16
ІІ тарау. Жазушы шығармаларының поэтикалық тілі мен сөз шеберлігі
2. 1. Ғ. Мүсірепов романдарындағы образ жасаудың алуан түрлі сыры . . . 19
ІІІ. Қорытынды . . . 31 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік, шеберлік деңгейін арттыруда өлшеусіз үлес қосып, өзіндік өрнек қалдырған қаламгердің повесть жанрындағы тырнақалды туындылары “Тулаған толқында”, “Көк үйдегі көршелер”, “Жайлау жолында”, “Тұтқын қыз” және қазақ повесінің көркемдік дамуындағы ауқымды жетістік - “Кездеспей кеткен бір бейне” повесінің көркемдігі туралы да түрлі деңгейде сөз болды. Олардың жекелеген қырлары, атап айтар болсақ, “Тулаған толқындағы” азамат соғысы кезеңіндегі қазақ еленің көрінісі, “Өмір ертегісіндегі” өндіріс жайы, “Көк үйдегі көршелер”, “Алғашқы адымдар” повестеріндегі ұжымдастыру шындығы, “Туннельдегі” кеңес адамдарының реалистік бейнесі, “Тұткын қыз”, “Үздіксіз өсудегі” поэтика мәселелері тілге тиек етілгенімен, бұл шығармалардағы идеялық нысанның көркемдік деңгейі, қаламгердің осы бағыттағы жетістіктері арнайы сөз болған жоқ.
Ғ. Мүсіреповтің повесть жанрындағы туындыларының кейбіреулері аяқталмай да қалды. Себебі, оларда бейнеленген өмір мен замана мәселелері, тақырыптық ерекшелік пен жазушының шығармада бейнелеген шындықтарға көзқарасы, яғни идеялық нысананы жазуши дүниетанымының, шеберлігінің қалыптасу, ұшталу жолын көрсетеді. Олардың бірі - «Ұлпан», «Оянған өлке» туындыларның кейінгі кесек шығармалардың өмірге келуіне негіз болғандығын талдап-саралау, ондағы асқақ рух пен адамгершілік пафосты ашу қажеттігі зертеу тақырыбының өзектілігін, маңыздылығын айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов шығармашылығының алғашқы кезеңі 1920-1960 жылдар аралығындағы повестері мен «Ұлпан» мен «Оянған өлке» туындыларындағы тақырыпты игеру шеберлігі мен көркемдік-идеялық ізденістерін зерделеу. Аталған мақсаттарға жету жолында мынадай міндеттер алға қойылады:
-қаламгер повестеріндегі идеялық нысанаға жету жолындағы көркемдік ізденістері талданады;
-суреткер шығармаларының жазулуына әсер еткен қоғамдағы әралуан ішкі-сыртқы факторлар, замана мәселелері, атап айтқанда, азамат соғысы, кеңес үкіметі саясаты, көркем әдебиеттегі социалистік реализм әдістері айқындалады;
-кейіпкер сомдаудағы суреткердің ерекшелігіне: қаһарманының портреттік кескінін, түр-тұрпатын, бітім-болмасын диалог, монолог үлгілеріндегі сөйлеген сөзі, қимал-қозғалысы, кесек істері, мінез-құлқы, психологиясы арқылы бейнелеуге ұмтылу шеберліктері сараланады;
-жазушы шығармаларының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері, ондағы юмор мен сатира табиғаты халықтық дәстүрмен диалектикалық бірлікте пайымдалады;
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
І тарау. Мүсірепов - көркем сөз шебері
Суреткер Ғ. Мүсіреповтің әдеби шығармашылығына үңіле отырып, кеңестік кезең саясаты мен сол тұстағы идеологиялық талаптардың әсерін аңғарамыз. Әлбетте, әдебиетіміздегі осы іспеттес келеңсіздіктерді қарастырғанда шығарма дүниеге келген дәуір ерекшеліктері, сол кезендегі қоғамдық жағдайлар мен саяси оқиғалар, тарихи өзгірістер мен әлеуметтік әлахуалдар есепке алынуы қажет. Жазушы өз туындысы арқылы заманының қадау-қадау оқиғаларын қағаз бетіне түсіріп, сол арқылы оқырман көңіліне тоқытады. Оқырман қауым тұщынып оқып, талғамын тояттататындай асыл дүниелік тудыру кез-келген қалам иесінің қолынан келер іс емес. Бұл үшін оймен, биік парасатпен ұштастыра білгенде ғана қаламгер қанатты идеяларын жүзеге асырмақ. Шын шеберлік шының бағындырған суреткерлер ғана осындай бақытты иеленбек.
Ғабит Мүсіреповтің суреткерлік ғұмырындағы ең алғашқы әрі көлемді туындысы “Тулаған толқынданың” бастапқы нұсқасы “Теңіз тепкісінде” деп аталады. Бұл шығарманың негізі 1925 жылы Орынбор рабфагінде білім алып жүрген кезенде қаланады да, 1927 жылы толық аяқталған “Теңіз тепкісіндені” кешікпей шығарма 1928 жылы “Тулаған толқында” деген атпен жеке кітап болып баспадан шығады. Кейін жазушының шығармасының босандығы мен жете ширатылмаған тұстарын байқап, біршама қысқартып, ықшамдағаннан кейінгі нұсқасы аяқ жағы алынып тасталғанымен бұрыңғы мазмұны мен көркемдігін, шеберлік деңгейін сақталған. Ол жөнінде қаламгердің өзі: “Бұдан бір оқушыдан ұялар жерлерін кестім. Босандығы да, балалығы да жеткілікті екен. Аяғы бұрын жеңістен кейінгі Біржан мен Шәйзаның бақытқа жеткенімен бітетін. Соның өзін тым олақ жасаған екенмін, бұл жолы оған жеткізбей, бостандық күресіне аттануларымен аяқтауды дұрыс көрдім” деп, қысқаша ескертпе жасайды. Бұдан кейін автор шығарманың мазмұны мен пішініне қол сұқпай, әдеби нұсқасын сақтай отырып, шығармалар жинағына еңгізеді.
Жазушының келесі бір белді шығармасы - қазақ еліндегі ұжымдастырудың алғашқы кезеңін әңгімелейтін “Көк үйдегі көршілер” повесі. Суреткердің өзіндік стилін, қаламгерлік қарымының өзгеше қырларын танытатын сипаттар бұл шығармада да жеткілікті.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра қалдырды. Ғабиден көзінің тірісінде-ақ аса дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық шеберлігімен халқының зор құрметіне бөлеген болатын. Жазушының шын өмірі өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады.
Ғабең ең алдымен, жазушы. Оның қаламынан шыққан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», ана тақырыбына жазған әнгімелері-қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл дүниелер. Жазушы шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсары кемел көркемдікпен шебер бейнеленді; сөз өнерінің асқан шебері ретінде академик- жазушы атанды.
Ғ. Мүсірепов-дарынды драматург. Күні бүгінге дейін қазақ театрларының сахнасынан түспей келе жатқан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты» сияқты пьесалары қазақ драматургиясының классикалық үлгілерінен саналады. «Амангелді», «Болашаққа аманат» та тарихи қайраткерлерді көркем сомдай білген кесек туындылардың қатарында.
Ғ. Мүсірепов-алмастай өткір алымды сыншы. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде Ғабең пікір білдірмеген жазушы, елеулі мәселе жоқ десе де болғандай. Оның басты сын-зерттеу еңбектері «Суреткер парызы», «Заман және әдебиет», «Күнделік», т. б. жинақтарында топталған.
Ғ. Мүсірепов-шебер аудармашы да. Ол М. Горькийдің, М. Шолоховтың, О. Генридің, А Остовскийдің, В. Шекспирдің, Мольердің, т. б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті.
Ғ. Мүсірепов-көркем очерктің майталманы. Жазушы-«Аттың сыны», «Жапон әсерлері», «Кездесулер» сияқты тамаша очерктердің авторы.
Ғ. Мүсірепов-киносценарист. Ол «Амангелді» (Б. Майлинмен В. Ивановпен бірге), «Қыз Жібек» жазған.
Ең бастысы, ол -еліне абыройлы азамат болды. «Ақын болмасаң болма, азамат болуға міндеттісің» деп Некрасов айтқандай, Ғ. Мүсірепов-отанына адал қызмет еткен, қазақ халқының жарқын болашағы үшін әдебиет майданында аянбай күресіп, сөз өнерінен биік рухани мұнара тұрғызған азбал азамат. Ғабең бізге осысымен де қымбат.
Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Махмұтұлы мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туылған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан ол он төрт жасында Омбыдағы екі кластық орыс мектебіне оқуға түседі. Осы мектепте оған белгілі педагог, жазушы Бекет Өтетілеуов орыс тілі мен әдебиетінен дәріс береді. Болашақ жазушының әдебиеттің жолына түсуіне бұл жағдай айтарлықтай ықпал жасайды. Бұл турасында жазушы кейіннен «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тарта бастады» деп жазды.
Екі кластық орыс мектебін бітірген соң ол Б. Өтетілеуовтің тікелей көмегімен Пресногорьковтағы жоғары бастауыш мектепте білімін жалғастырады. Осында жүргенде орыс, батыс әдебиеттеріне зер сала танысады. Көркем әдебиетке деген құштарлығы арта түседі. Ғ. Мүсірепов жоғары бастауыш мектепті 1921 жылы бітіреді.
Төңкерістен кейінгі қазақ даласындағы әлеуметтік өмір дүмпулі болатын. Ғабит те ел ішіндегі саяси нақандарға араласып кетеді; мектепті бірге бітірген жиырма шақты бала «Ақмола облысының оңтүстік партизандарының группасы» деген отрядқа келіп қосылып, ақ қазақтарға қарсы күреседі. Содан кейін ауылда әскери комиссар, аудандық милиция бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Сол кезде елге танымал болып қалған Мұқановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (раб. фак) оқуға түседі. 1923-1926 раб. факта оқыған кезде әдебиетке бет бұрғандай болды. Алғашқы әңгімесі қабырға газетінде жарияланады. 1925 жылы «Едіге» деген қысқа әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеті бетінде жарлық көрді.
Жұмысшылар факультетін бітірген соң ол Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында бір жыл (1926) оқиды. Мұнда жүргенде де әдебиетпен айналысуын тоқтатпады. Мамандығына байланыста «Америка бидайығы» деген кітапша шығарды. Рабфакта оқып жүргенде жазған «Тулаған толқында» атты әңгімесін қайтадан повеске айналдырып жазады.
1927 - 1928 жылдары Шортандыдағы (Щучинск) орман шаруашылығы техникумында оқытушылық қызмет істейді. Осы кездерден бастап көркем шығармашылықпен белсенді түрде айналыса бастайды. Ол 1928 - 1938 жылдар аралығында кеңес, партия, баспа орындарында әртүрлі қызметтер атқарады: «Қазақстан» баспасының директоры; Қазақ АССР оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі (1933) ; «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы (1934 - 1935) ; БК(б) П Қазақстан өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1936) ; Қазақстан Орталық партия Комитетінің саяси - ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937) .
Ғ. Мүсірепов 1938 жылдан 1955 жылға дейін бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданда. 1955 - 1966 жылдарда «Ара» журналының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1966 жылдан өмірінің соңына дейін тек шығармашылықпен айналысты. Социалистік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов Қазақ ССР Ғалым Академиясының академигі, КСРО және Қазақ ССР Жоғары Советтерінің депутаты, Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан жазушылар одақтары басқармаларының хатшысы, Азия- Африка елдерімен достықынтымақ жөніндегі советтік комитеттің және Еропа мәдиниеті қоғамды атқару комитетінің, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коммитеттің мүшесі ретінде қыруар қоға мдық жұмыстар атқарады. Ол қазақ әдебиетін дамутуда сіңірген еңбегі үшін көптеген ордендермен, медальдармен марапатталып, әдеби, ғылыми сыйлықтардың иегері атанды.
Ғ. Мүсіреповтің тырнақалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ даласында болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан. Алдында әнгіме болып жазылып, кейіннен (1928) повеске айналып, жарық көрген «Тулаған толқында» жиырмасыншы жылдардағы ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның жекелеген адамдардың тағдырына тікелей әсері суреттеледі. Қазақ даласын оятқан Октябрьдің дабылы мен дауылы ел іншіне өзгерістер әкелді. Повесте екі айырылып, бір жағы ақтар, екінші жағы қызылдар болып соғысып жатқан елдің аянышты халі біршама сәтті көрініс тапқан.
«Тулаған толқында» қазақ ағартушы-демократтарының тікелей әсерімен жазылған. Мұнда да қазақ қызы Шәйзаның бас бостандығы үшін күресін көрсету негізгі мақсат тұтылған. Сонымен бірге ел ішіндегі оспан, Итемген сияқты бай-болыстардың өркөкірек, менмен мінездері, озбырлық, жыртқыштықәрекеттері аяусыз ажуаланады. Повестің сюжеттік желісі ауылдағы байлар мен кедейлердің арасындағы күреске құрылған.
Ғ. Мүсіреповтің алғашқы туындысында-ақ суреткерлікке тән таланты өзіндік ерекшеліктерімен айқын көрінді.
«Ұзамады, ұзын астауға салынып балқыған бағланның еті келді. Бүгілген тізелер жазылып, көсіліп, мінгескен аяқтар жиналды. Еріндегі насыбайлар кілемнің астына тасталды. Екі құлағы қалқайып, езуі ыржиып, таңдайы көрініп жатқан қозының басы мен теңкиіп жатқан сары қазысы бар ұзын астау ортаға келіп сылқ ете түсті» - деген жолдардан Ғ. Мусіреповтің стиліне тән жылы юмор, бейнелілік, ықшамдылық байқалды.
Дегенмен де жазушының тырнақ алды туындысында арқауының солғындау түскен тұстары да кездеседі. Бұл повестің сюжеті мен композициялық құрылымының босандау өрілуіне байланысты боланатын. Ауылдағы таптық тартыстар, ақтар мен қызылдар арасындағы күрес, Біржан мен Шәйзаның арысындағы сүйіспеншілік сияқты бір неше оқиға тізбегі суреттеліп, бұлардың біртұтас сюжеттік желі, композициялық құрылым түзе алмай, шашыраңқы шығуы, жымдасқан тұтастықтың жетіспеуі повестің негізгі кемшілігі ретінде көрінеді.
1. 1. «Ұлпан» романының көркемдік желісі
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерінен шеберлік жолының өрлеу сатылары көрінеді. Суреткр шығармашылығына тән оқиғаларының шынайы, тартылымдығы, кең тыныстылығы, композициялық құрылымының шымырлығы, тілінің құнарлылығы жарқырай көрініп, көркемдіктің биік белестеріне жол бастайды.
Жазушының ана тақырыбына арнап жазған шығармаларының ішіндегі көлемдісі де, көрнектісі де - «Ұлпан» повесі. Шығарманың көлеміне, қамтылған оқиғалардың ауқымына қарай, қай бір зертеушілер роман деп те атап жүр. «Ұлпан» он тоғызынші ғасырдағы қазақ әйелінің трагедиялы тағдырына арналған. Повесть өмірде болған тариқи шындыққа негізделген. «Есеней - аға сұлтан (Аманқарағай дуанының аға сұлтаны Шынғыс Уәлиханов, Д. Ы. ) кеңесінің ең беделді биі. Әділ де қатал ди атанған адам. Ұзақ ойналады, байламын бір - ақ кесіп айтады. Ұры - қарыға, шылық былыққа қатал адам». Осы жолдардан - ақ Керей - Уақ елінің жұрт таныған аса беделді басшысы Есенейдің адамдық тұлғасы толық көрінеді. Қалқын тура жылға бастап, басын не бір қауіп - қатерге тіккен елінің ардагері атпал азамат алпысқа келгенде өмірі тұманданып, беймаза күйге түседі. Өткені екі бірдей ұлы бір күнде өліп, содан кейін жиырма жылдай әйелі бала көтермейді. Ал адам үшін әсіресе қазақ үшін өмірдің мәні де, сәні де бала екені белгілі. Артына жақсы ұрпақ, өшпес із қалдыру - қазақ үшін ең басты парыз. Қаншама қыруар істер атқар, бәрібір, артыңа өмірінді, ісінді жалғастырар перзент тәрбиелеп қалдыра алмасаң, ол ғұмыр босқа өткемен бірдей. Бұл - қазақтардың өмірдің мәні туралы түсінігінің философиялық өзегі. Міне, осылайша ой кешіп, жабырқау күйде жүрген Есеней Артықбай батырдың қызы он сегіз жастағы Ұлпанды кездестіріп, бірден құлап түседі. Есенейдін ел қадірлеген азамат екенін жақсы білетін Артықбай батыр да мәрттік жасап, қызын атастырылып қойған жеріне бермей, бар жауап кершілігін сезініп, озгеше іске жол ашады. Батырдың ерке де өжет қызы Ұлпан зорлықпен біреуге барып қор болғанша, ел сыйлаған белгілі адамның қосағы болып, зор болуды қалайды. Повесте алпыстағы Есеней мен он сегіздегі Ұлпанның қосылып, шанырақ көтергендігі, жубайлық өмірдегі бақыты жақтар мен кездескен кедерлегер шынайы көрініс табады. Байлық пен биліктің дәмін бір адамдай татқан Есеней енді нағыз бақытылықты жар қызығын, перзент куанышын басынан кешіріп, сезінеді. Бірақ бул ұзақа созылмайды, жасы келген Есеней сал ауруына ұшырайды. Енді Есеней елдің бар билігінің тізгінің Ұлпанға ұсынады Ұлпанның елге жасаған жақсылығы, әділ билігі жұртқа тарайды. Есеней өлген соң, Ұлпан бүкіл сыбан елінің анасы атанды. Сөйтіп, Ұлпанда қазақ қызы дала өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей араласады. Бірақ кереғар заманның кертартпа қайшылықтары мұндай жаңаша істердің жолына кедергі болмай қоймайтың. Повестің соңында еліне өнегілі іс қалдырған Ұлпанның өмірі қайғылы аяқталады. Алдымен Есенейден оннан соң қызы Біжікеннен айырылып өмірлік тірексіз қалған Ұлпанның айналасында дау - шардың бұлты қоюлана түсіп ақырында ол өзені өзі қол жұмсауға мәшбір болады.
Ұлпандар - өз заманынан ерте туған жандар. Ұлпан тек өз бақыты үшін ғана емес елінің әділетті ертеңі үшін де күреседі. Бірақ ол түста қоғам дамуының ішкі дамуі әлі пісіп жетілмеген еді. Ол үшін Ұлпаннан кейін де талай Ұлпандар осы жолмен жүріп, әрі қарай жалғастыру керек болатын. Жеке дара адамдрдың іс -әрекеттері мен қоғам дамуы сәйкестік таппаған түстарда трагедиялардың туындап отырғандығы да осы себептерден. Бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір, Ұлпандар күрескен өміршен істердің жүзеге асатындығы анық. Бүгінгі өміріміз соның айғағы іспеттес. Повесте көрініс тапқан көп ойлардың құяр арнасы да
Сөз зергері атанған Ғ. Мүсіреповтің інжумаржандай құлпырған көркем шығармаларды қазір де оқырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде; өмірдің құпияларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда; жүректерге жалын, рухани қуат беріп жарқын болашақтарға бастауда; эстетикалық ләззат құйып, адамдардың бақытты өмір сүруіне көмектесуде. ХХΙ ғасырға қадам босқан қазақ әдебиетін Ғ. Мүсіреповсіз көзге елестету қиын.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы қазақ әдебиетінің соны табыстары туралы сөз болғанда, көбінесе осы туынды ауызға алынатын еді. Аса көрнекті көркем сөз шеберінің қалымынан туған бұл шығарма сол кездегі ұлттық әдеби қазынамызға да, жазушының өз шығармашылығына да елеулі үлес болып қосылған кесек дүние болды деген пікірге қаламгерлер мен калың оқушы қауым да, әдеби сын да бірауыздан бүгін де қосылар деген ойдамыз.
Ендеше сол тілеулес қауымға өзінің мол-мол көркемдік сырларымен, ғажайып сұлу сымбатымен, адам жанының шын суреткер күдіретіне ғана ашылатын не бір терең құбылыс-құлпырыстарымен ағыл-тегіл ақтарылып, кең арналы дариядай жайылып сал5ан осынау керемет көркемдік дүниесінің өзіндік ажары қандай еді? Идеялық-көркемдік ерекшеліктері қандай еді?
Жазушы өмірдің қай белесін ойып алып, тарихтың қай бетін аударыстырып, біздің алдымызға қандай тағдырлар талқысын елестетіп еді? Жазушының ғасырлық мерейтойы қарсаңында соған үңіліп көрейік.
Біздің алдымызда бұдан бір жарым ғасыр бұрынғы қазақ қауымының өмір көріністері сүреттеледі. Шығарманың басты кейіпкері - Ұлпан өміріне байланысты өрбіген сюжет желісі жиырма шақты жылдың ауқымындағы неше түрлі қат-қабат қақтығыс оқиғаларды қамтып, халқымыздың өткен тарихындағы белесті бет-бұрыс кезенді бейнеледі.
Шығарманы оқып болып, көз алдыңнан өң мен түстей өте шыққан асыл бейненің байбына баққанда, оқушы көкірегіне өкініш пен қасірет мұңын ұялатып кеткен ұзақ тізбекті оқиғалар шиеленісінен басты нәрсені іздестіргенде, ойды онға, сананы санға бөліп, ақыл-есінді айнала шарқ ұрғызатын бір сұрақ тұрар еді. Оның жауабын автордың өзі айтып отыр. «Өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі» деп отыр.
Өмірге өз заманынан бұрын келіп, тағдыр талқысына түскен, тарих толғағының заңсыз перзентіндей зар кешіп өткен жандар аз болған ба тегінде? Қай заманда, қай халықтың тарихында болсын, ондайлар аз болмаған. Қасіреті бар да қарекеті жоқ, күрсінуі мен күңіренуі бар да - кәдеге жарарлық күрескерлегі жоқ шарасыз бейбақтарға өмір өз құрсағынан арамза туған тексіздей ысқаяқтана қарап, оларды бойынан ысырып тастап отырған. Ондайлар тағдырдың заркешті ащы запыранын көтере алмай, құсалық пен құсталықта өтетін. Ал енді әлгіндей «мезгілсіздердің» бір парасы - әділетсіздікке эрекетпен жауап беретін, қиындыққа қарсы қимыл көрсететін, ерлігі жеткен жерде есесін алып, жетпеген жерде жеңіліске қасқайып көкірегін тосатын ер қайраткерлер болған. Әрине, олар да өмірлі өзгерте алмаған, бірақ жастығын алып өліп, өр арманын өздерімен бірге ала кеткен. Сонысымен-ақ олар өмірге өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ тарихында ондайлар қатарына жататындар - әрегіректе «от ауызды, орақ тілді»айтқыш жыраулар, жезтандай шешендер, ел намысы деп жанын шүберекке түйген батырлар, ал берегіректе- асқақ мінезді ақындар, заман ағымын ақыл зердесімен ұғып, болашақты аңғара білген ойшылдар, ағартушылар еді.
Ал енді Ғабит Мүсіреповтің аталмыш шығармасындағы басты кейіпкер - өмірге осылай мезгілсіз келіп, өзінің кесек қимылымен мерт болған, бірақ соңынан сонар жол салып үлгергенқайратты да саналы әйел -Ұлпан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz