Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
Жоспар
Кіріспе 3
1. XVIII ғасырдағы Францияның сыртқы саясаты 6
1.1 Францияның XVIII ғ. аяғындағы саяси жағдайы және Наполеон қызметі 6
1.2 Египет пен Сирияға жорық. 7
1.3 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс және оның нәтижесі 9
2. ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынас және Франция 12
2.1 Соғыс барысындағы халықаралық қатынас 12
2.2 ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынастағы Францияның ролі
13
2.3 Наполеон империясының күйреуі 20
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: XVIII-XIX ғасыр Еуропа мемлекеттері тарихында
қиян-кескі кезең болды. Бұл уақытта Азия мемлекеттері немесе Америка өзін
халықаралық аренада таныта қойған жоқ еді. Халықаралық қатынаста әлі де
болса Еуропа мемлекеттері, әсіресе Англия мен Францияның беделі мықты
болды. Англия және Франция арасындағы әлемдік билікке деген ұмтылыс күшейе
түсті. Осы кезең әлемде өз гегемониясын орнатуға тырысқан Англия мен
Францияның белсенді әрекеттерімен сипаталады.
Жалпы тарихтың кез-келген кезеңі белгілі бір оқиғамен немесе тұлғамен
тікелей байланысты болады. Мысалы, Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр
Македонский, Юлий Цезарь т.б. Сол секілді ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ
ғасырдың басы Франция тарихында ғана емес Еуропа тарихында, халықаралық
қатынастар тарихында белді тұлға – Луи Бонапарт Наполеонның атымен тығыз
байланысты. Бұл кезең тарихта Наполеон империясы кезіндегі жағдай; Наполеон
соғыстары кезіндегі жағдай т.с.с. атаулармен есте қалған. Осы орайда
Наполеонды тарихи тұлға ретінде тану, оның саясатын ашу, халықаралық
қатынастардағы ролін талдау маңызды мәсе болып отыр.
ХІХ ғасырдың басында халықаралық қатынаста Францияның ықпалы күшті
болды. 18 брюмердегі төңкерістен кейін Директория биліктен кетіп, билік
басына Наполеон бастаған үкімет келеді. 1799 жылы желтоқсанда бірінші
консул Наполеонның білігі орнайды. Оның есімі конституцияда көрсетілді.
1802 жылы сенат Наполеоның мәңгі консул болу туралы декрет қабылдады. Ал
1804 жылы ол император атағын алды. Наполеон билікті қайта құрды, биліктің
орталықтануы болды. Елде мықты полициялық тәртіп орнады. Сондай-ақ ақша
реформасы жүрді. Бұл қаржы сферасында тәртіп орнатты. Наполеонның жаңа
принциптері мен ұйымдастыру шеберлігі француз әскерін ұзақ уақыт мықты
етті. Наполеонның билігін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1799-1807
жылдар Тильзит бітіміне дейінгі Бонапарт диктатурасының орнауы. Бұл кезең
Бонапарттың дипломатиялық жетістігі мен беделінің күшейген кезеңі болды;
1807-1814 жылдар – Тильзит бітімінен кейнгі кезең (Бонапарт билігінің
күйреп Империяның құлаған кезеңі). 1806 жылғы Британ аралдарына қарсы
құрылықтық қоршау - Наполеон империясының тарихында елеулі оқиға болды.
Бұл оқиға тек Еуропа тарихында ғана емес Америка тарихында да елеулі орын
алды. Наполеон 1796-1797 ж.ж. италиян жорығынан бастап, халықаралық
келіссөздерді өзі жүргізді. Ол тек қолбасшы емес сонымен қатар дипломат та
болды.
Бонопарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп
алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие
Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған кезінде өзіне біткен
турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: Мен революция
мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді
сақтап қалып және теорияны аластаттым.[6,с.306]
Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жырлар
жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізілген. Әрине қазіргі таңда Наполеон
соғыстары тек тарихи кезең ретінде танылып отыр. Бүгінгі күні тарих соғысты
теріске шығарып отыр. Уақыт өте келе соғыс халықаралық қатынаста маңызын
жоғалтты. Тарих соғысты әрдайым теріске шығарып отырды. Яғни бүгін соғыс
кез-келген мемлекет үшін тиімсіз екендігі анық. Тарихта елеулі орын алған
Наполеон соғыстары секілді ірі соғыс қимылдарынан сабақ алу арқылы,
болашақта соғыс қимылдарын болдырмау бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып
отыр.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және
тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Зерттеудің мақсаты – Наполеон билігі кезіндегі Францияның халықаралық
орынмен танысу. Наполеон соғыстарының еуропа мемлекеттеріне және
халықаралық саясатқа әсерін анықтау. Осы кезеңдегі Наполеонның жүргізген
саясатын талдау, маңызын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
❖ Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу;
❖ Наполеон саясатының нәтижесін қорытындылау;
❖ Наполен билігіне дейінгі Францияның тарихын зерттеу;
❖ Наполеон соғыстарының себебін анықтау, барысын талдау;
❖ Францияның Наполеон билігі кезіндегі саяси жағдайын талдау;
❖ Наполеон саясатының жағымды және жағымсыз тұстарын саралау.
Зерттеудің деректік көзі: Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В.
Тарленің, А.З.Манфредтің, Н.А. Левицкийдің атақты француз жазушысы
Стендальдың Наполеон Бонопарттың өмірі туралы жазған кітаптарын қаралды.
Сонымен қатар Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясындағы Наполеон
бейнесіне назар аударылды. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының әсері
Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл жайында зерттеулер мол десе
де болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеу жұмысы барысында тарихи
оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи
процестерге нақты баға беру үшін, маңызды жеке деректерге назар аударылды.
Деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады:
Лактеновтың История дипломатий еңбегінде Наполеон билігіне дейінгі
Франция тарихы сондай-ақ Наполеонның жеке басына да нақты сипаттама
берілген. Бұл оқулық Наполеонның ұтқыр дипломат ретіндегі бейнесін жақсы
суреттейді. Сондай-ақ билікті қолына алған жас Наполенның тарихи әрекеттері
хранологиялық түрде анық көрсетілген. Ал Наполеонның жеке басымен танысуда
Стендальдың Наполеон деген еңбегінің көмегі зор болды. Бұл еңбек көптеген
тарихи оқиғалармен жете танысуға көмектесті. Бұл оқулықта мемлекет басшысы,
ұтқыр дипломат, саясаткер ретінде Наполенның жеке табиғаты тереңірек
сипатталған. Сонымен қатар Толстойдың Соғыс және бейбітшілік
эпопеясындағы Наполеонның суреттелуіне назар аударылды. Францияның осы бір
кезеңдегі тарихының әсері Ресейге мол болғаны бізге мәлім, бұл жайлы осы
оқулықта толық мағлұмат берілген.
Зерттеудің методологиялық негізі: Курстық жұмысты жазу барысында
құжаттарды зерттеу, талдау және салыстыру, қорытындылау әдістері
пайдаланылды. Сонымен қатар, Наполеонның дипломатиялық қызметінің даму
тарихы және қалыптасу тарихын қарастырғанда ивент-анализ әдісі қолданса,
саяси тұлғалардың көзқарастары мен ұстанымдарын қарастырғанда когнитивті
әдіс қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. XVIII ғасырдағы Францияның сыртқы саясаты
1.1 Францияның XVIII ғ. аяғындағы саяси жағдайы және Наполеон қызметі
1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім
жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен
жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы француз
әскерлері басып алған жерлер Францияда қалды. Солай болғанымен Пруссиямен
бітім шарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс тоқталған
жоқ. Бұл соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.
Наполеон Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон
туардан үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын.
Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын
Францияда оқытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери
училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай
Наполеонға жолдастарының назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне
күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жасқа келгенде ол Париждегі
әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан
ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу
заңдары жөнінде, арнаулы еңбек жазды [ 9,с.392].
1785 ж. қазанда артиллерия кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына
жіберілді. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген
Наполеон I Ұлы француз революциясын үміттене қарсы алды. 1792 жылы
Якобиншілдер клубына енді.
1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі
жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын
интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монархист бүлікшілер мен ағылшын
интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан
Бонапартқа Конвент бригада генералы атағын берді. 1795 жылы Бонапарт
артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді
талқандады. 1795 ж. Париждегі монархистер бүлігін басуда тапқырлық
көрсетіп, көп ұзамай Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалды.
Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның
бас қолбасшысы болып тағайындалып 1796 ж. Солтүстік Италияға жіберілді.
Бонапарт аса зор, алысқа сілтейтін жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл
Европа мен Шығысты француз буржуазиясына жаулап алып беру үшін Италияны
плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске асыруды қолға алды.
Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға Италияны сендердің
тонауыңа берем деп уәде етті. Солдаттар! — деп жазды Бонапарт өзінің
бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен
сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын[2,с.196]. Сонымен
бірге Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын
австриялықтардан азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен
құтқару үшін бара жатырмын деп жалған айтты.[3,с.185]
Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей баса-көктеп кірді.
Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бонапарт Италия жеріне
аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген
сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына
Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген
Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық
қозғалысын аяусыз талқандады.
Бонапарт Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол өзіне қарсы жіберілген
Австрия әскерлерін талқандап, Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен
жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ жағалауы Францияда қалды. Италия
кішігірім деп аталған бірнеше республикаларға бөлінгенімен, іс жүзінде
олар Францияға тәуелді болды. Швейцария мен Голландия да Францияға тәуелді
республикалар болып саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі батпады.
Қалай дегенмен де 1796—97 жылдардағы Италиядағы науқан, Кампоформия
бітімі (1797) Наполеон Бонапарттың әскери дарындылығымен қатар оның
соғыстың әлеуметтік мәнін жете білетіндігін, дипломаттық алғырлығын
танытты.
1.2 Египет пен Сирияға жорық.
Француз буржуазиясы Англияның неғұрлым осал жеріне соққы бере отырып,
онымен айқасуға бел байлады. Бонапарт Үндістанға жорық жасауды ұсынды,
ондағы ойы Англиядан ағылшын тәжінің асыл меруерті болып тұрған
Үндістанды тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда Францияға тиесілі
аз ғана иелік қалған болатын). Жорықты Египетті жаулап алудан бастауды
ұйғарылды. Египетке кім ие болса, Үндістанға да сол ие болады, — деді
Бонапарт[11,с.365]. Бонапарт 1798 жылы майда 30 мың адамы бар армиясымен
және артиллериясымен 350 кемеге отырып, Египетке қарай жүріп кетті.
Түрік сұлтанына тәуелді болған Египет пен Сирияға жасалған жорық сәтті
болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра
қарсылық көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы ретінде Яффаның бүкіл
халқын Наполеонның бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды. Яффаның
түбінде тұтқынға алынған төрт мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап
апарып, бәрін де атып өлтіруге бұйрық берді. Үздіксіз жүргізілген
ұрыстардан, қатты ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт армиясы әлсіреді.
Франциямен байланыс үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған шайқаста
француз флотын қирата жеңіп, француз армиясының Египетке мініп өткен флотын
жойып жіберді.
Осы кезде Наполеон, Суворов бастаған орыс әскерлері Италияда
француздарды қирата жеңді деген хабар алды. Франция үкіметінің өз ел
ішіндегі жағдайы да жақсы емес деген хабарлар келді. Осыдан кейін Наполеон
өзінің армиясын Египетке қалдырып, Директория армиясының жеңілісі мен А.В.
Суворовтың жеңісін сылтауратып, Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің
тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың қазанында Францияға оралды.
Италияда атақты А.В. Суворов басқарған орыс-австрия әскерлері
Наполеонның жеңіп алған жерлерін қайтарып, тіпті Францияға қауіп төндірді.
13 қазанда 1799 ж. Директория Бесжүздік кеңесті генерал Бонапарт
Францияға қайта оралып Фрежюс маңында кемеден түсті деп хабардар етті. Бұл
хабарды естіген депутаттар ду қол шапалақтап тұрып алды, мәжіліс үзіліп,
бұл хабарды көшеге шыққан депутаттар бүкіл Париж халқына жайды. Театрларда,
салондарда, Париж көшелерінде Бонопарт есімі қайта-қайта айтылып жатты.
16 қазанда генерал Бонапарт Парижге табан тіреді. Директорияға көп
болса үш аптадай әлі де билік етуге болатындай уақыт қалды. Бірақ Баррас
та, директориалдық режим әлі де болса әскери диктатураның күні келгенін
байқамаған еді.
Бонопарттың Францияда Фрежюстен Парижге дейін жүріп өткені оның
тұлғасынан халық құтқарушының бейнесін көргендей болғанын анық байқатты.
1.3 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс және оның нәтижесі
Бұл кезде арам ниетті жылпос саудагерлер мен қазына ұрлаушылар билеп-
төстеген француз буржуазиялық үкіметі буржуазия арасында беделден жұрдай
болған еді. Буржуазия болат қолын батырып, монархистерді де, якобиншілдерді
де тұншықтыра алатын, феодалдық коалиция мен Англияға қарсы соғысты
ойдағыдай жүргізе алатын күшті өкімет орнының болуын талап етті.
Буржуазияға үміт семсері керек болды. Буржуазияның назары Бонапартқа ауды
да, Бонапарт төңкеріс жасауды мақұл көрді. Париж банкирлері оны ақшамен
қамтамасыз етті.
1799 жылы 18 брюмерде Директория мүшелерін отставкаға кетуге мәжбүр
етті. Келесі күні ол Заң шығару корпусын өзіне сенімді әскерлермен қоршап
алды. Депутаттарға өкімет билігін Бонапарт бастаған үш консулға беру
жөнінде талап қойылды. Бес жүздік Кеңесі өздерінің мәжілісін басқа қалада
өткізуге құқығы бар болатын. Осыны сылтау етін, Наполеон Люсьен деген
інісінің сол кеңестің төрағасы болып тұрғанын пайдаланды да, Сен Клу
сарайында мәжілісін өткізді. Жанындағы төрт генералдармен бес жүздіктер
Кеңесінің мәжілісіне кірді, депутаттар оған қарсылық көрсетіп, айқайлай
бастады. Наполеон күтпеген реакциядан есінен танып, құлады. Бірақ жағдайдың
бәрін Люсьен өз қолына алды да, дұрыстап жіберді, ол Наполеонның әскерлерін
залға шақырды, сөйтіп олар қару қолданып, Бес жүздік Кеңесті таратты.
Кеште 62 депутатты депутаттық корпустан шығарды.
1799 ж. 9 қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік үш
консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде бірінші консул — Бонапарттың
қолында болды. Наполеон Бонапарт бірінші консул болып алғаннан кейін, жеке
өзі билік жүргізгісі келіп, өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа
конституция қабылданды. Үш миллионға таяу француздар оны қолдап дауыс
берсе, тек бір жарым мыңы қарсы болды. Конституция бойынша Франция
республика болып қалды, бірақ барлық билік бірінші консулдың қолына
шоғырланды. Конституцияға сәйкес бірінші консул бас әскер қолбасшысы болды,
заң шығаратын өкімет органдарының барлық мүшелерін тағайындады. Жергілікті
өзін-өзі басқару жойылды. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-
шенеуніктерін тағайындай бастады. Қала ішіндегі билік халық сайламайтын,
жоғарыдан тағайындалған мэрдің (қала өкімі) қолында болды. Бүкіл Францияны
қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды.
Оны бұрынғы якобшіл Жозеф Фуше басқарды.
Сөйтіп, 1799 жылы өкімет билігі ірі буржуазия қойған адамның —
Бонапарттың қолына көшті, ол армияға арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін
қорғайтын әскери диктатура орнатты.
Француз шаруаларының меншік иесі болып табылатын бөлігі, феодалдық
коалицияға қарсы соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған Бонапарт, Францияны
сыртқы жаулар мен эмигранттардан қорғайды және революция кезінде қолға
тиген жерді иемденуді қорғай алады деп үміттенді.
Наполеон билік басына келген тұста Франция Австрия және Англиямен
соғыс жағдайында болатын. Жаңа Конституция бойынша заң шығару билігі
Мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Сенат араларында
бөлінген еді, сондықтан бұл қолайсыз әрі жағдайға тез бейімделе алмайтындай
болатын. Ал Атқарушы билік бірінші консул, яғни Н. Бонопарттың қолына
шоғырланған еді, ал екінші және үшінші консулдар тек қана мәжілістік
дауысқа ие еді.
Жаңа саяси режимді 1799 жылғы Конституция бекітті. Бірінші консул
болып Наполеон тағайындалды, 1802 жылы Францияда өткен плебисцитте халық
оны өмір бойы консул етіп сайлады. Наполеонның абыройы Францияда өте жоғары
еді. Ол халықтың революциядан бастап он жыл бойы көрген өзгерістерден
шаршағанын түсінді.
Наполеон құрған мемлекеттік аппарат Францияда бір ғасыр бойы сақталды.
Бұл аппараттың негізгі принципі мемлекеттік аппаратты бір орталыққа
бағындыру. Наполеон Францияның әскеріне де көп ықыласын салды. Тәртіп
тірегі император ең жақсы көретін гвардиясы ветерандардан тұратын. Жарты
миллион қызметкер, жарты миллион солдат осы қорқынышты организм, бүкіл
Франция қоғамының денесін құшақтан, оны буындырып, оның бүкіл саңылауын
бітеп тастады. Әскерге тек дворяндар ғана емес, басқа топтардың өкілдері де
алынды, Наполеон солдаттарға жақсы жалақы төлегені үшін шаруалардың да
әскерге барғысы келді. Басқарудың бәрі бір орталыққа бағынды,
департаменттер округтерге және коммуналарға бөлінетін. Оларды префект,
супрефект және мэр басқарды. Наполеонның басқару әдістері сыртынан
демократиялық сияқты көрінеді, ал негізінде ол мықты диктатура режимі.
Француздар Он алтыншы Людовикті, оның Мария Антуанетта деген әйелін
гильотинаға жіберіп, өмірінен айырса, Наполеон өзін император деп жариялады
да, Мария Антуанеттаның Мария Луиза деген жиеніне үйленді [4,с105-109].
Наполеон Бонапарттың ішкі саясат саласындағы шаралары Наполеон
үкіметінің буржуазия үстемдігін нығайтқанын толық айқындап берді.
Наполеон кезінде кіргізілген мемлекет басқару ісіндегі жаңалықтар күні
бүгінге дейін сақталып қалды. Сол кезеңнен бастап орта мектептер жүйесі –
лицейлер мен жоғарғы оқу орындары – Нормальдық және Политехникалық
мектептер (университеттер деуге болады) құрылды, олар бүгінгі таңдағы
Францияда ең көрнекті оқу орындары болып қалып отыр. Наполеон кезінде өте
қуатты полицияның және көп тармақты құпия қызметтің негізін қаланды.
Төңкерістен кейін көп ұзамай-ақ генерал Бонапарт жаңа конституцияның
тексін өзі айтып жаздырды.
Яғни төңкерістен кейінгі кезең Наполеонның билік кезеңінің бастауы деп
толық айтуға болады. Билікті қолына алған диктатор енді саясатын тек
Францияға ғана емес бүкіл Еуропа мемлекеттеріне жүргізуді көздеді.
2. ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынас және Франция
2.1 Соғыс барысындағы халықаралық қатынас
Барлық билікті қолына алған бірінші консул өзін-өзі мәңгі консул деп,
ал 1804 жылдан бастап француздардың императоры деп жариялады. Францияда
іс жүзінде тағы да монархия қайта орнады, бірақ енді ол феодалдық монархия
емес, буржуазия билігін жүргізетін буржуазиялық монархия болды.
Наполеон Рим папасымен конкордат (келісім) жасады. Бұл конкордат
бойынша католик шіркеуі Наполеон үкіметін қолдауға міндетті болды,
шіркеулерде: О тәңірім, консулдарға (1804 жылдан бастап — императорға)
амандық бере гөр дейтін ерекше дұға оқылатын болды. Менің жандармдарым
мен дін басыларымның арқасында қолымнан бәрі де келеді, — деп мәлімдеді
Наполеон[6,с.201].
Эмигрант дворяндарға амнистия (кешірім) берілді, олардың Францияға
қайтуына рұқсат етілді, оларға сатылып кетпеген жер иеліктері қайтарылды,
бірақ оларға өкімет тарапынан бақылау қойылды. Аман қалған якобиншілдерді
қатал қуғынға салды, оларды тұтқынға алды, Франциядан басқа жаққа жер
аударды.
Өз басқаруының алғашқы қадамынан бастап-ақ Наполеон буржуазияның
мүддесін көздеп, өнеркәсіпті барынша қолдады. Ұлттық өнеркәсіпті
мадақтайтын қоғам құрылды. Бұл қоғамның ең ірі жарнашылары Бонапарттың
өзі, оның чиновниктері мен генералдары болды. Өнеркәсіп көрмелері ашылып
тұрды. Француз өнеркәсібінің дамуының Англиямен күресте маңызы зор болды.
1804 жылғы француздық азаматтық кодекс (Наполеон кодексі).
1804 жылы Азаматтық кодексті құрастыру аяқталды. Азаматтық кодекс
заңдардың жүйелі жинағы болды, мұның ең негізгі міндеті буржуазияның өз
меншігін пайдалануды қамтамасыз ету болды.
Кодекс жобасын дайындаумен айналысқан комиссияның құрамына Тронше,
Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді.
Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36
титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807
жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам және
азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық
қағидаларды одан әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен
бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер еткен. Ол
институциялық жүйе бойынша құрастырылған.
Бұл заңдар Францияда, сондай-ақ басқа да елдерде осы күнге дейін
қолданылып келеді.
Кодекс революция кезінде алынған меншікті жаңа иелерінің меншігі етіп
бекітті және барлық азаматтың заң алдында теңдігін жариялады. Алайда 1802
жылдың өзінде-ақ Наполеон француз отарларында якобиншілдер жойған құлдықты
қайта орнатты.
Жаулап алынған көптеген елдерде ішкі межелер мен кедендік алымдар
жойылды, бірқатар мемлекеттерде конституция енгізілді, өнеркәсіп пен сауда
дамыды.
2.2 ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынастағы Францияның
ролі
XVIII ғасырдың соңғы он жылдығы мен жаңа ғасырдың басы – осы периодта
еуропа саясатын анықтаған тұлға, Луи Бонапарт Наполеонның атымен тығыз
байланысты. Наполеонның дипломатиялық қызметін екі кезеңге бөліп қарауға
болады: 1799-1807 жылдар Тильзит бітіміне дейінгі Бонапарт диктатурасының
орнауы. Бұл кезең Бонапарттың дипломатиялық жетістігі мен беделінің
күшейген кезеңі болды; 1807-1814 жылдар – Тильзит бітімінен кейнгі кезең.
Бонапарт билігінің күйреп Империяның құлаған кезеңі.
Генерал Бонапарт Директорияны талқандап, Францияға өзінің диктаторлық
билігін орнатарда, ірі қаржы буржузиясының мүддесін бөлісті. Напалеонның
басты мақсаты Англияның теңіздегі үстемдігін жою және Рейн, Альпі бойынша
табиғи шекараны орнату болды. Себебі Англия Францияның басты бақталасы
болды.
1800 жылы ішкі қайшылықтардың әсерінен буржузиялық Францияға қарсы
феодалдық еуропа мемлекеттерінің екінші коалициясы күйреді. Ресей соғыстан
шықты, ал австрия әскері Маренго түбіндегі шайқаста (1800 жыл 14 маусым)
жеңіліс тауып Италиядан ығыстырылды. 1801 жылы Ресей және Австриямен
бейбіт келісім жасалды. Келісім бойынша Австрия Рейннің сол жағалауын және
Бельгияны француз иелігі ретінде мойындады. Сондай-ақ Ресей мен Австрия
Италияда француз үкіметімен орнаған өзерістерді мойындады. ( Цизальпин
республикасының орнына 1802 жылы Францияға тәуелді Италия Республикасы
орнады). Енді Францияның билігі үлкен территорияға тарады: бүкіл Италияға,
герман мемлекетінің біраз бөлігіне, Бельгияға, Голландияға.
Францияның басты бақталасының күйреуі Франция мен Ресей арасындағы
дипломатиялық қызметінің түбегейлі өзгеруімен тұспа-тұс келді. Англия мен
Ресей арасындағы қайшылықты бақылап, 1800 жылы Наполеон бір дипломатиялық
қулыққа келді. Оның көмегімен ол одақтастарды бір-біріне қарсы қойып,
өзінің жауларын аластатты. Павелдің сеніміне ену үшін екі жақты бейбіт
келісім жасауды бастады. Бонапарт 1799 жылы тұтқынға түскен орыс
тұтқындарын еліне қайтару туралы бұйрық берді.
1800 жылы ағылшындықтар Мальтадағы француз гарнизонын жеңді. Жерорта
теңізінен Франция мен Ресейді ығыстыруға тырысқан Англияның бұл әркеті, І
Павелді Англиямен қарым-қатынастын үзуге итермеледі. Одан қала берсе орыс
паштасы Лондонға қырсы қаруланған Лига құрды. Бұл Лигаға ең алдымен
теңіздегі ағылшын үстемдігінен зардап шегіп жүрген - Дания, Швеция, Пруссия
секілді елдер кіру керек еді. 1801 жылы 23 наурызда Петербургте патша
сарайында төңкеріс болды. Нәтижесінде Павел І қаза табады. Таққа жаңа патша
Александр І келеді. Ол Павел І қарағанда орыс-француз одағын жалғастыруға
құштар болмады. Дегенмен 1801 жылы 8-10 қазанда екі маңызды құжат
қабылданды: Франция мен Ресей арасындағы достық жайлы келісім және құпия
конвенция. Англияның құрылықтағы басты одақтасы - Ресейді, аластатқан соң
Наполеон 1802 жылы 25-27 наурызда Англияны бейбіт келісімге келуге
мәжбүрледі. Бұл келісім бойынша Англия Францияға және оның одақтастары
Испания, Батав республикасына соғыс кезінде жаулап алынған территорияларды
қайтаруға міндеттелді (Триниад пен Цейлоннан басқа ). Түркияны Египетке
беруге, Франция өз тарапынан Неаполь, Рим, Эльба аралынан әскерін шығаруға
міндеттелді. Франция мен Англия Еуропадағы жағдайты тұрақтандыруға
міндеттелді. Франция Египеттен бас тартты. Ұзақ соғыстан кейінгі жеңіс
Наполеонның атақ-даңқын көкке жеткізді[7,с77-80 ].
Үшінші коалиция
1802 жылы қабылданған келісім тұрақты болмады. Англия Францияға
ағылшын буржуазиясына тиімді болатын еркін сауда принципін міндеттегісі
келді. Наполеон бұған келіспеді. Бұл уақытта оның жоспары ауқымды болды: ол
Англияны тек талқандап қана қоймай, сондай-ақ оның отар жерлерін иеленгісі
келді. Англияны еуропа нарығынан шығарып, саяси ықпалынан айырғысы келді.
Англия мен Франция арасындағы әскери қимыл 1803 жылы қайта басталды.
Наполеон ағылшын жағалауларында десант дайындауды бастады. Наполеонның
агрессиялық әрекеті Ресейді де сескендірді. Көп ұзамай Франция мен Ресей
арасындағы дипломатиялық қатынас үзіледі. Екі ел арасындағы дипломатиялық
қатынастың үзілуі Францияға қарсы еуропа державаларының үшінші
коалициясының құрылуын тездетті.
1805 жылы 11 сәуірде Петербургте ағылшын-орыс одағының келісіміне қол
қойылды. Осының негізінде Наполеон соғыстарына қарсы үшінші коалиция
құрылды. Оған Англия, Ресей, Австрия және Неаполитан корольдігі кірді.
Швеция, Дания қос Сицилияның корольдіктері коалицияға ресми кірмегенімен іс
жүзінде мүше болды. 1805 жылы коалицияға Қара теңіздегі бұғаздарды қорғау
мақсатында Туркия қосылды. Үшінші коалициямен соғыс Франция үшін сәтсіз
аяқталды.
Наполеон өз уақытынан оза түсті: өйткені біздің заманымыздағы Еуропа
құрлығындағы мемлекеттер бірігіп Еуро Одақты құрып, біртұтас ақша жүйесін
енгізгеніне бірнеше жыл өтті. Еуропарламенттің құрылуы, онда еуропалық
ортақ мәселелердің шешімін табуға тырысуы бәрі-бәрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz