Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі


Жоспар
Кіріспе3
I. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде. 8
1. 1 Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің мәні, маңызы. 8
1. 2 Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі11
1. 3 Оқушыларға ұлттық тәрбие беру тәжірибесі (жолдары) 21
Қорытынды33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:34
Кіріспе
Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны - қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - делінген. Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:
- тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж. Б., Болдырев Н. И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А. Х., Подласый И. П., Сейталиев К) ;
- қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ. Б., Қалиев С. Қ., Әбiлова З. Ә., Сарыбеков Н. Қ., Ұзақбаева С. А., Наурызбай Ж. Ж., Қожахметова К. Ж., Жұматаева Е. Ө., Дүйсембiнова Р. Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С. К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т. Ә) ;
- ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш. К., Оразбекова К. А) ;
- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В. М, Сабитова Г. В, Ходоровская З. А) ;
- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М. Д., Байназаров Р., Галузинский В. М., Падалко Т. В) ;
- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К. Қ., Омаров Е. О., Садықова М. К) ;
- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р. Д., Лебединский В. В., Абаева Н. Б., Мұқанова Б. Ы., Қасенов Е. Р) ;
- балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л. В., Волохов А. В., Литвак Р. А., Искандирова Т. Н) ;
- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р. К., Қаплиева А. Қ., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С) ;
- жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б. З., Фришман И. И) ;
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р. К., Иманбаева С. Т., Әбдiғаппарова У. М., Әбдiлдина С. Қ., Өтемұратова Б. С., Аманжолова А. А., Хасанова Ж. С., Жетпiсбаева К. Б., Сырымбетова Л. С., Қаплиева А. Қ., Қисымова А. Қ., Егенисова А. Қ., Арзымбетова Ш. Ж., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С., Сыдықов М. Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т. б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.
Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты.
Ғасырлар өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлер ойлар, тұжырымдамалар өз жалғасын тауып тарихшы, этнограф, педагог-психолог ғалымдардың зерттеулерінде де жан-жақты қарастырылған (Қ. Жарықбаев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, А. Сейдімбек, К. Жүкеш, Н. Елікбаев, А. Нысанбаев, Ж. Алтаев, Н. Әлімбай, Б. Байжігітов, К. Ақышев, Х. Арғынбаев, Ж. Артықбаев, Т. Басенов, С. Қасиманов, М. С. Мұқанов, К. Әмірғазин, С. Қалиев, Ж. Ж, Наурызбай, т. б. )
Ұлттық тәрбие жалпы тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен ғылыми-әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді. Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Ш. Абдраманның, Қ. Ж. Аганинаның, Қ. М. Арынғазинның, Е. З. Батталхановтың, А. А. Бейсенбаеваның, А. Байсеркенің, Қ. Қ. Жампейсованың, А. А. Калюжныйдың, Л. К. Керімовтың, А. А. Қалыбекованың, Н. Ә. Мыңжановтың, Қ. Б. Сейталиевтің, т. б. еңбектері ұлттық тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың құнды ой-пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайындағы тағылымдық мәні сараланып сипатталады. Жалпы мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасаған талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның оқу-тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетті.
Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педагогикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арасында қарама-қайшылық айқын көрінеді. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы пен педагогика ғылымына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу менің курстық жұмысымның тақырыбын «Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңыздылығы »-деп алуыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға тәрбиенің ұлттық демократиялық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және оған қажетті педагогикалық шарттарды айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеу нысаны: мектептегi оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеу пәнi: оқушыларға ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары .
Зерттеудің мiндеттерi:
-жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;
-Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
-Оқушыларыға ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау;
-мектептің тұтас педагогикалық процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау;
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдістері: қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірибені зерттеп жинақтау, тарихи, ғылыми, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; мектеп құжаттарын талдау; оқушылардың көркем-шығармашылық жұмыстарын, озық педагогикалық тәжрибелерді зерделеу; педагогикалық эсперимент жүргізу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алынған нәтижелерді математикалық өңдеу.
Зерттеу көздерi: Педагогика тарихы мен теориясы, философия, психология, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ғылыми еңбектер, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк және авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi құжаттары.
Зерттеу жұмысының құрылымы .
Курстық жұмыс кiрiспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде зерттеудiң өзектiлiгi, мақсаты мен мiндеттерi, зерттеу нысаны мен пәнi, қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылып сипатталады.
“ Оқушыларға ұлттық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде ” атты бiрiншi бөлімде Тәрбие теориясына байланысты ағартушылар мен ғалымдар пікірлері салыстырмалы тұрғыда сарапталынып, ондағы құнды пікірлер мен тәжірибелерге терең назар аудару мәселелері баяндалады.
Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
I. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде.
1. 1 Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің мәні, маңызы.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жас ұрпаққа жан- жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап берді: Қазақстанның барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуына, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай, білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылды. Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының табалдырығынан аттаған студенттерге мемлекеттік тілден білім беруде ел тарихын терең қозғап, берілген мәтіндердің тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлінсе, қазақ зиялы қауымының еңбектерімен қоса, әлемдік деңгейде ғылыми еңбектерімен өздеріне назар аудартқан, «Нобель сыйлығының» иегері атанған ғалымдардың өмірімен де таныстырып, қоғам дамуына қосқан үлестерін айтып түсіндіру арқылы студенттердің адами-құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыта аламыз.
Сонымен, ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданбалы көрністері: діни уағыздар, сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар, рәсімдер, кісілік рәсімдер арқылы іске асырылады. әрбір жеке тұлғаның ұлттық қасиеттері (имандылығы, кішіпейілдігі, сыпайылығы, мәдениеттілігі, сыйласымдылығы, салауаттылығы, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т. б. ) ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, ондай адам ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан сөзін еске түсірейік: «мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», - деген екен.
Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту негізінің бірден бір көзі - оқу орындарында жүргізілетін тәрбиелік іс- шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға, тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі үшін әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени, саяси құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет. Олай болмаса, халықтың біртұтас дүниетанымы ыдырай бастайды. Әртүрлі бағыттағы реакциялық көзқарастар қоғамда өз үстемдігін жүргізе бастауы мүмкін.
Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу - демократиялық, құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатпен қайшылыққа келеді. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси құндылықтың - Бірлік, Тұтастық, Тәуелсіздіктің басымдық танытқанын Елбасымыздың халыққа Жолдауынан көруге болады.
Мәселен, ресейлік ғалымдар бұл идея адамдардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімдердің, биліктің әр түрлі формасының практикалық қызметіне негіз болатындай базалық қасиеті болу қажеттілігін тұжырымдайды.
Саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы - еліміздің тәуелсіздігі. Өйткені басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытады.
Ұлттық тәрбие өркениеттік құндылық ретінде қарастырылып, өтпелі қоғамда трансформациялық процесстегі өркениеттегі құбылыс сияқты өте күрделі категорияның ауқымын, даму тенденциясын анықтайды; ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында маңызды зерттеулерге арқау болуы; Ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында зерттеулерге арқау болуы; әлемдік дамуда өркениетті құндылықтарды ұстану көкейтесті мәселеге айналып, дүниежүзін екіге бөлген қос жүйе текетіресінің ақырынан кейінгі ТМД да қалыптасқан әлеуметтік мәдени ахуалдың шиеленіскен тұсында ұлттық дамудың ағымы мен динамикасын анықтауда гуманитарлық ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың маңыздылығын еселей түсуі; Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретіндегі тенденциясын анықтау - мәдениеттанулық мәселе екендігі; Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары өркениеттік құндылық ретінде қалыптасуында халықтың рухани мұрасын, оның ішінде өміршең тәлім-тәрбиенің озық үлгілерінің бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай қолданылуы; ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретінде қаралуы адамдар арасындағы мынадай құндылықтардың:
- әлеуметтік теңдік пен әділдікке негізделген деп қабылданып келген кеңес дәуіріндегі құндылықтардың;
- ұлттық құндылықтардың;
- батыстан енген құндылықтардың ара-салмағының қай дәрежеде екендігін саралауға негіз болуы;
- Ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының мәдениеті - оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы екеніне айрықша көңіл аударуы;
- Ұлттық тәрбиенің мәдени феномен ретіндегі негізгі міндеттерінің бірі - үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретіндей стратегиялық темірқазығы - Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеуде ұлттық құндылықтардың орны мен мазмұнына, мәніне баса назар аударып, оның орны мен маңызын ашып көрсетуге негіз болуы;
- Қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәні ғылыми әлемде қалыптасқан теориялық түсініктермен байланыста ашылып, этнотәрбиенің білімдік ерекшеліктерін анықтауы;
- Қилы-қилы тарихи жағыдайда (көшпенділіктің жалпы дағдарысы, отаршылдықтың әсері, тоталитарлық жүйенің ықпалы, қазіргі вестерннің тегеуріні) қалыптасқан ұлттық тәрбие феноменіне ғылыми талдау жасауы;
- ХХ ғасырда бірнеше түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген, айтулы дәрежеде трансформацияға ұшыраған ұлттық тәрбиенің төлтумалылығының сақталуы мен оған батыстың тәрбие үрдісінің ықпал ету деңгейін анықтауы;
- Дәстүрлі құндылықтар мен жаңа нарықтық құндылықтардың қақтығысы барысында қалыптасқан қазіргі ұлттық тәрбие процессіндегі қайшылықтардың себеп-салдарын теориялық мәдениеттанулық тұрғыдан пайымдауы;
- Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін ашып көрсетуі.
Адам қолымен жасалған әлем шексіз мүмкіндіктер мен өзара байланыстылық дәуіріне қадам басты. әрбір адам мен әрбір халықтың өзбетінше дербес өмір сүруге, дамуға деген ұмтылысы күшейіп отыр. Адамзаттың мәдениет пен діндердің бейбіт сұхбаты болмаған жағыдайда қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігіне көзі жетті.
Сондай-ақ, әрбір халықтың өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума қасиеттеріне бойлауы арта түсуде. Бірақ осындай ұмтылыстар басқа халықтардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан Қазақстанның өркениет өріне бастар бағыты - адамгершілік-ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеге табан тірейді.
Ұлттық тәрбие мақсаты - ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуі.
1. 2 Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.
Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.
Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz