Оқушылардың бойында зейін процесінің дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І
1. Оқушылардың бойында зейін процесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ..5

ІІ.
2.1 Оқушыларда көрініс беретін зейін оның түрлері мен
қасиеттері ... ..9

2.2 Оқушылардағы зейіннің физиологиялық негізі және зейіннің
дамуы мен оны
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..16
2.3 Оқушыларда көрініс беретін зейін
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...19
2.4 Практикалық жұмыстар

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..23
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған
зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей
қызықтылығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге
аударады. (ырықсыз зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап
баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді
назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды
заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді.
II—III сыныптарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім
түсіндірген немесе кітапта бар кез келген материалға көздей алады. ЬІрықты
зейін, оны қандай да бір міндетке алдын ала ойластырып бағыттай білу —
бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ырықты зейінді қалыптастыруда баланың іс-
әрекетін сырттан жақсы ұйымдастырудың ол өз санасын басқара алатындай
үлгілерді пайдалана отырып хабарлау мен сыртқы құралдарды көрсетудің зор
маңызы бар. Мысалы, фонетикалық талдауды мақсатқа бағыттап орындауда
бірінші сынып оқушыларының картон белгілері сияқты дыбыстар мен олардың
реттілігін белгілеп отыратын сыртқы құралдарды пайдалану үлкен рөл
атқарады. Оларды салудың дәл бірізділігі балалардың зейінін ұйымдастырады,
олардың күрделі, нәзік те ұшқыр дыбысты материалмен жұмыс істегенде
зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Зерттеудің мақсаты. Баланың өзін-өзі ұйымдастыруы алдымен үлкендердің,
әсіресе мұғалімнің жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесі.
Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа жетуден
өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады.
Бірінші сынып оқушыларының ырықты зейіні олар әлі өздерін- өздері алып
жүрудің ішкі құралдарын игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан
тәжірибелі мұғалім оқу ісінің сабақта бірін-бірі ауыстырып отыратын және
балаларды шаршатпайтын әр алуан түрлерін (түрлі тәсілдермен ауызша есептеу,
есептер шығару және нәтижелерді тексеру, жазбаша есептердің жаңа тәсілдерін
түсіндіру, оларды орындап, жаттығуларды және т.б.) қолданып отырады. I—II
сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетінен гөрі сыртқы іс-әрекеттерді орындауда
зейіні неғұрлым тұрақты. Бұл ерекшелікті ақыл-ой сабақтарын графикалық
схемалар, суреттер, макеттер, апликациялар жасаумен алмастыра отырып
сабақтарда пайдалану абзал. Қарапайым бірақ біркелкі сабақтарды орындауда
бастауыш сынып оқушылары жұмыстың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануды
талап ететін неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешу кезіндегіден көрі көбірек
алаңдайды.
Зерттеу міндеттері. Зейінді дамыту, сондай-ақ оның көлемін кеңейтумен
және зейінді іс-әрекеттің алуан түріне бөле білумен байланысты. Сондықтан
оқу тапсырмаларын былайша қойған дұрыс: бала өз тапсырмасын орындай отырып,
жолдастарының жұмысын қадағалауы қерек және қадағалай алатындай етіп,
мысалы, берілген тексті бқылай отырып, оқушы басқа оқушылардың мінез-құлқын
тексеріп отыруға міндетті. Қате жіберіп алған жағдайда ол жолдастарының
теріс әсерін байқап, оны өзі түзетуге тырысады. Кейбір балалар сыныпта
зейінін бөле алмайтындықтан алаңғасар болады: олар бір іспен айналысып
отырып, басқаларын естен шығарады. Мұғалім оқу ісінің әр түрін балалар бір
мезгілде бірнеше іс-әрекетті бақылауды үйренетіндей (алғашында, әрине,
біршама қарапайым), жалпы жанама жұмысқа даярланатындай етіп ұйымдастыруы
керек.
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы
ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына
тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға
келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын
ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шоғырланғаны сонша, тіпті ата-
аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала
зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырланады, назарын қажетті заттарына
аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз қажеттігімен шұғылданды
дейміз.
Келтірілген мысал оқушының бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап,
әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның
санасы белгілі газеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен
құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.

1. Оқушылардың бойында зейін процесінің дамуы
Адамның зейiнi бiр объектiге немесе бiр жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,
оны зейiннiң тұрақтылығы дейдi. Мысалы, өндiрiс орындарының, не хирург
дәрiгердiң жұмыс үстiндегi зейiнiн осыған жатқызуға болады.
Зейiндi бiр жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам iстеп отырған
iсiн тереңiнен түсiнiп, оның әр түрлi байланыстарын анықтайды. Зейiндi
тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзiңдi жете алудың басты бiр белгiсi
болып табылады.
Зейiннiң осы қасиетiнiң оқу процесiнде маңызы зор. Сабақ үстiнде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бiр нәрсеге не белгiлi бiр
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендiру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердiң көмегiнсiз-ақ зейiнiн тиiстi объектiге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстiнде зейiнiн 40 минуттай бiр объектiге
тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейiн қоюшылықтан кейiнгi бiрнеше
секундта көңiлдiң бiр нәрсеге бөлiнуi сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбiр нұқсан келтiрмейдi. Қайта бұл секiлдi тынығу,
жұмысты бiрнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап iстеуге мүмкiндiк бередi. Адам
соншалық ерiк-жiгермен зейiн салып жұмыс iстеген жағдайда да арасында ойы
бөлiнiп, басқа бiр затқа ауып отырады. Осылайша зейiннiң бiрде әлсiздене,
бiрде күшейiп тұруын зейiннiң толқуы дейдi. Толқу — зейiннiң табиғи
қасиеттерiнiң бiрi. Мәселен, бар iлтипатпен кiтап оқыған адам да анда-санда
басқа ойға түседi, басын көтерiп жан-жағына қарайды. Зейiннiң мұндай
толқуы, әрине, адамның көңiл аударған нәрсесiне ойының бөлiнуiне, зейiннiң
тұрақтылығына бөгет болмайды. Кейбiр адамдардың зейiнi толқымалы келедi.
Бұған қатты тiтiркендiргiштер, күштi эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның
өз еркiн жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейiндi ұзақ уақыт бойы iс-әрекетке жеткiлiктi жұмылдыру үшiн, әсiресе,
оның басқа нәрсеге көңiлi ауып кетпеуiн ойластыру керек. Бұл көп күш
жұмсауды қажет етедi. Зейiндi алаңдататын әр түрлi тiтiркендiргiштерге
қарсы күресу — қажеттi шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай т. б. адамның тынышын кетiредi. Зейiннiң жақсы
ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы
орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың
барлығы да кесел тигiзе бермейдi. Мәселен, машинаның дүрiлi, музыканың
әуенi зейiндi аударатын тiтiркендiргiш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге
болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, ренiш т.б. адамды күштiрек
алаңдатып, жұмыс iстетпейдi. Әрине, бұларды жоюдың мүмкiндiгi болмаса, оған
көңiл аудармай, сабырлылықпен жұмыс iстей беруге болады. Әрине, бұған ерiк-
жiгер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс iстей алушылық — адамның жақсы
қасиеттерiнiң бiрi. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезiнде
көп әңгiмелерiн ойын-күлкi, той-думан үстiнде жазса, ал Мусоргский мен
Бородин өздерiнiң опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретiн
болған. Қандай жағдайда да адам зейiнге кедергi келтiретiн нәрселердi жеңе
алатын болуға тиiс. Тiптi тыныш жерде отырып жұмыс iстеудi ұнататын адамдар
да өзiн ыңғайсыз жағдайларға төселттiрiп, кез-келген жағдайда жұмыс iстей
алатындай қабiлетке ие болуы тиiс. 3ейiннiң аударылуы деп бiр объектiден
екiншi объектiге назарымызды көшiрудi айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы
оптималдық қозудың ауысуы. Зейiндi тез аудара бiлу қабiлетi көбiнесе жүйке
процестерiнiң өзгермелiлiгiне байланысты. Кейбiр адамдар бiр жұмыстың
түрiнен екiншi бiр жұмысқа жеңiл көшедi, зейiн қойып жаңа жұмысты тез
меңгерiп кетедi. Бұл икемдi, оңтайлы зейiннiң көрiнiсi. Екiншi бiреудiң
зейiнi, керiсiнше, басқа объектiге қиындықпен ауысады. Зейiндi тез аудара
бiлу көлденеңнен кез келген әсерлерге кiдiрусiз жауап беруде аса қажет.
Мәселен, машинистерде зейiндi тез аудара бiлу қасиетi жөндi жетiлмеген
болса, олардың жұмыста түрлi сәтсiздiктерге ұшырауы мүмкiн. Мектеп
жағдайында балалардың зейiнiн бiр пәннен екiншi пәнге, бағдарламаның бiр
бөлiмiнен екiншi бөлiмiне, жұмыстың бiр түрiнен (үй тапсырмаларын сұрау)
екiншi түрiне (жаңа сабақты тыңдау кезi) үнемi аударып отыруға тура келедi.
Зейiндi аудара алу оқушының ерiк сапалары бiраз дамыған кезде, әсiресе оқу
материалдарын түсiнген және оларды ұмытпайтындай етiп меңгерген жағдайда
ғана мүмкiн болады. Мүғалiмнiң материалды жүйелi етiп, бiр iзбен жақсы
түсiндiруi, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын
айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсiнуге оқушылардың дайындығын
тексеру т.б. зейiннiң дұрыс аударылуына себепшi болады.
Адам санасының бiрмезгiлде бiрнеше әрекеттi атқара бiлу мүмкiншiлiгiн
зейiннiң бөлiнушiлiгi дейдi. Адам зейiнiн екi-үш нәрсеге бөле алады.
Зейiндi бiр уақытта түрлi объектiге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетiп отыр. Мәселен, оқушылар өздерi есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебiн бақылайды, оның
сөзiн тыңдайды т. б. Студенттер бiр мезгiл iшiнде лекция тыңдайды,
түсiнгенiн жазып отырады, кiтап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек
процесiнде зейiн бөлiнуiнiң маңызы бәрiнен де зор. Қазiргi кездегi
өндiрiстiң онан сайын автоматталынуы адам зейiнiнiң бөлiнушiлiгiн ерекше
дамытуды қажет етедi. Ал машина жүргiзушiлерге (машинист, шофер т.б.)
бiрнеше нәрсеге зейiн бөлушiлiк қаншама маңызды екендiгi түсiнiктi. Олар
бiр кезеңде рөлі механизм басқарады, жолға назар аударады, тежегішті
басады( және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейiндi өте шеберлiкпен
бөле бiлудi қажет етедi. Мұғалiмдiк қызметте де зейiндi бiрнеше объектiге
бөле бiлудiң маңызы зор. Мұғалiм бiр мезгiлде сабақтың мазмұнын, формасын
сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексерiп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке
оқушылардың тәртiп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжiрибесi аз, жас мұғалiм кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не
өзiнiң айтып тұрған сөзiн бақылай алмай қалады да зейiнiн бытыратып алады.
Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкiн. Зейiндi екi
объектiге бiрдей бөлу үшiн ең кемiнде бiреуiне iскер болу және мұндай
объектi бiр-бiрiне байланысты болуы шарт. Зейiндi бөлудiң физиологиялық
негiздерi жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “...бiз бiр iспен, бiр оймен
айналыса жүрiп, өзiмiз әдеттенiп кеткен тағы басқа бiр iстi iстей жүремiз,
яғни сыртқы тежелу механизмi бойынша, ми сыңарларының тежелудегi
бөлiмдерiмен, қызмет iстеймiз, өйткенi, бiздiң басты iсiмiзбен байланысты
ми сыңарларының пунктi бұл кезде қатты қозуда болады”.
Зейiннiң көлемi деп бiр уақыттың iшiнде оның қамтитын, объектiлерiнiң
санын айтады. Зейiн көлемiн анықтауға байланысты жасалған тәжiрибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексерiледi. Адам бiр мезгiлде (секундтың 110
бөлiгiнде) орта есеппен әр түрлi 5—9 әрiптi қамти алатынын, 12—14 әрiптен
тұратын мағынасы бар сездi де осы мерзiмде қамтитынын көрсетiп отыр. Мектеп
оқушыларының, әсiресе, бастауыш сынып оқушыларының зейiн көлемi ересек
адамдардың зейiн көлемдерiне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстiнде
мұғалiмнiң есiнде болуға тиiс, сондықтан да оқушыларға бiр мезгiлде сан
жөнiнде де, сапа жөнiнде де белгiлi зейiн көлемiнен артық мөлшерде материал
беруге болмайды. Оқушылардың зейiн көлемi бiр-бiрiмен байланыспаған
элементтердi қабылдаса, нашар өсетiндiгiн, ал логикалық байланысы бар
элементтердi қабылдаса, олардың зейiн көлемiн өсiретiндiгiн мұғалiм еске
алуы қажет.
Зейiн көлемiн арттыру үшiн мұғалiм балаларды комплекс заттарды байқай
алуға, оларды бiр объект ретiнде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекi
құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердiң ең бастыларын бiрден
оқып түсiну үшiн әрiптердi түрлi бояумен безендiру қажет. Соңғы айтылған
тәсiл де бала зейiнiнiң көлемiн өсiруге жағдай жасайды. Физиологиялық
тұрғыдан зейiн көлемiн өсiрiп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты
кеңейте түседi. Бұл бiрнеше қозулардың бiр қозу жүйесiне бiрiгуi болып
табылады. Бiрден бiраз нәрсенi қамти алатын зейiндi көлемi кеңзейiн дейдi
де, объектiлердi жөндеп қамти алмайтын зейiндi көлемi тар зейiн дейдi.
Зейiннiң тар, көлемдiсi де жарамсыз қасиет емес. Әңгiме iстен дұрыс нәтиже
шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан iсi оның зейiнiне әсер етпей
қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмiмен шұқшия жұмыс iстеп отыратын
мастердiң зейiн көлемi айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс iстейтiн
ғалымның зейiнi де осы iспеттес келедi.
Алаң болушылық деп белгiлi бiр объектiге саналы түрде зейiндi
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретiн жаңғалақ
адамдардың зейiнi көбiнесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам
қатты шаршаған кезде де жиi кездеседi. Мұндай жағдайда оның миында бiркелкi
тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестерi бiр-бiрiмен
алмасуы тәртiппен жүрiп отырмайды. Зейiннiң осы қасиетi адам
психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелi әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейiнгi балаларда алаңдаушылық жиi ұшырайды. Өйткенi,
олар әлi күрделi iс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейiннiң жоғары түрлерi
өз дәрежесiнде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көрiнiстер адамның бiр жұмысқа қатты берiлiп
iстеген кездерiнде де байқалады. Адам қатты үңiлiп жұмыс iстеген кезде
басқа еш нәрсенi сезбейдi, елемейдi. Осындай жағдайда ол айналасындағы
өзгерiстердi байқамайды. Мұндай адамдардың зейiнiн уақытында бөле
алмаушылықтың кемшiлiгi зейiннiң көлемi өте тар және икемсiз
келетiндiгiнен.
Балаларда тiлдiң шығуына байланысты ырықты зейiннiң саңылауы байқала
бастайды. Ырықты зейiн үлкендердiң ықпалымен, балаларға түрлi талаптарды
орындатып үйретуiне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киiм-
кешектерiн жинастыру, үлкендердiң айтқанын тыңдай бiлуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейiнгi балалардың зейiнiнiң қалыптасуында ойын әрекетi
ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлi объектiлердi көредi, естидi,
байқай алады, фактiлер мен құбылыстарды бiр-бiрiнен ажыратып, оларға назар
аудара бастайды. Балаларда зейiннiң түрлi қасиеттерi (көлемi, бөлiнуi,
тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрi үлкендердiң басшылығымен
жетiледi.
Мектеп — оқушылардың зейiнiн оқу-тәрбие процесiнiң талаптарына
байланысты жүйелi түрде қалыптастырып дамытатын негiзгi орын болса, ал
мұғалiм — балалардың зейiнiн тәрбиелейтiн негiзгi тұлға. Бұрын ойыннан
басқаға көңiл бөлмей келген бала оқуға бiрден берiлiп кетпейдi, сабақтың
басынан аяғына дейiн отыруға оның шыдамы жетпейдi. Олардың алғашқы кезде
сабақтың аяқталуын асыға күтiп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз
зейiннiң басымырақ болуы ой-өрiсiнiң көрнекiлiгiне де байланысты. Мәселен,
бiрiншi сынып оқушылары түрлi нәрселердi санағанда, көбiнесе олардың сыртқы
формасына, бояуына көңiл аударады да, ең негiзгi мiндетi — есеп шығаруды
ұмытып кетедi. Бұл жастағы балалардың зейiнiндегi екiншi бiр ерекшелiк
зейiн көлемiнiң өте тар келетiндiгi. Мұғалiм осы жағ-дайды есiнде қатты
ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсiнiктi, тiл жағынан жеңiл етiп
берсе, көрнекi құралдарды тиiмді пайдаланса, бала зейiнi бiр объектiге
тұрақтала түседi де, зейiннiң бөлiнуi кемитiн болады. Оқушы зейiнi
негiзiнен сабақ үстiнде тәрбиеленедi. Сабақтың әрбiр минуты бала зейiнiн
билеп алмайынша, мұғалiмнiң сөзi оның көкейiне қонбайды, қиялын
толғандырмайды. Бiр сөзбен айтқанда, зейiнсiз өткен сабақ өзiнiң мақсатына
жете де алмайды. Зейiн тәрбиесiнде әрбiр мұғалiмнiң еске алатын кейбiр
шаралары мына төмендегiлер:
1. Бiрiншi сыныптан бастап оқушыларды зейiндiлiкке әдеттендiру, оларда
зейiннiң жоғары түрлерiн дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнiнде К. Д.
Ушинский былай деген: “Балаға оқуды қызықты ете бiлу керек және сонымен
қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды
талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бiр жағын басым етiп жiбермей, екi
жағын теңестiру арқылы ерiксiз зейiндi тудырып отырумен қатар, балада
белсендi зейiн шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек”.
2. Бүкiл сыныпқа не жеке оқушыларға берiлетiн тапсырмалар дәл, анық,
қысқа болып келсiн.
3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа
тәрбиеленуi тиiс.
4. Зейiндi күштi және тұрақты ететiн құбылыстың бiрi — ерiк. Сондықтан
зейiн тәрбиесiн ерiк тәрбиесiмен ұштастырып отыру қажет.
5. Төменгi сынып оқушыларының жүйке жүйесiнiң әлде де болса, “қатая”
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуiн қадағалау, орынсыз
жалықтырмау, ауыр, жеңiлдiгi әр түрлi пәндердi күнделiктi сабақ кестесiне
талапқа сай орналастыру секiлдi мәселелер де зейiн тәрбиесiне қатысы бар
шаралар.
Оқушылардың зейiнiн дұрыс қалыптастыруға мұғалiмнiң жеке басының үлгi-
өнегесiнiң де маңызы зор. Егер мұғалiмнiң өз зейiнi дұрыс ұйымдаспаған
болса, яғни, ол бiресе оқытып тұрған сабағына, бiресе сыныптағы оқушыларға
алаңдап, ненi бастап, ненi қойғанын есiнен шығарса, ондай мұғалiм
оқушылардың зейiнiн дұрыс тәрбиелей алмайды.
Мұғалiм балаларға сабақ үстiнде зейiнiн дұрыстап аудара алмаса, iске
ынтасыз, ұқыпсыз кiрiссе, берген сабағынан да жөндi нәтиже шығара алмайтын
болады. Мұғалiм: “Кейбiр оқушылар сабаққа зейiн қоймағандықтан үлгiрмейдi”
дейтiн болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының
нәтижесi, өз жұмысындағы кемшiлiгi болып табылады. Ы. Алтынсарин: “Егер
балалар бiрдеменi түсiнбейтiн болса, онда оқытушы оларды кiнәлауға тиiс
емес, оларға түсiндiре алмай отырған өзiн кiнәлауға тиiс” —деп өте дұрыс
айтқан.

2.1 Оқушыларда көрініс беретін зейін оның түрлері мен қасиеттері
Зейін деп - оқушы санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.
Ол бұған соншама үнілген, мұнысы психикалық жағынан жақсы көрінеді (бала
көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға
көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі
кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда
азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Оқушыға тән әрекеттін кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824—1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: Зейін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды. Зейінді
психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені, адам өз
өмірінін әрбір моменттерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,
бірер нәрсені киялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды.
Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық
сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін
айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт
аралығыңда өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу
үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткліксіз, сол таңдауды
тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар
зейінін, анау не мынау зат деп, іске бағыттау онша қиыңдық тудырмайды
әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала
бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды
орындатып үйретуіне орай дамып отырады. (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-
кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті
ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді,
байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар
аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі,
тұрақтылығы т. б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен
жетіледі.
Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына
байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім
— балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға
көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан
аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде
сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз
зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен,
бірінші сынып түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы
формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды
ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір
ерекшелік — зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды
есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан
жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиімді пайдаланса, бала зейіні бір
объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы
зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала
зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын
толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына
жете де алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір
шаралары мына төмендегілер:
Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда
зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К. Д.
Ушинский былай деген: Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен
қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап
ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін
балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек. (Қ. Д.
Ушинский.)
Бүкіл сынып, не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа
болып келсін.
Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі
тиіс.
Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі — ерік. Сондықтан
зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
Төменгі сынып оқушыларының нерв жүйесінің әлде де болса, қатая
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз
жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне
талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар
шаралар.
Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске
ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын
болады. Мұғалім: Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгірмейді
дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының
нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады.Балаға әсер етерліктей
психологиялық тактіні меңгеру, өз мамандығына жетік болу — бұлар мұғалім
зейінін тәрбиелеуге қатысы бар басты факторлардың бірі екендігінде дау жоқ.
Мәселен, мұғалім даусының мәнерлі келуінің де зейін тәрбиесіне тигізетін
ықпалы зор. Педагог сөзі жартылай шығып барылдамай, құлақты кесіп
заңқылдамай, әрі анық, әрі құлаққа жағымды сыңғырлап тұруы қажет. Сонда
ғана оқушылардың сабақты жақсы тыңдауына мүмкіндік береді.
Оқушылар зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан нерв
пронестерінін өзара индукция занына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығынын бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған талаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А.
Ушинскийдің (1875—1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады. Оқушылардың зейіні қызықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке
бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсызақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан оқушылардың
бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т. б. Оқушы өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің
бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде
адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, енбек т. б.) белгілі жүйеге келе
коймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Оқушы өмірінің барлық
кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз
зейіннін бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, кызықты
кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты
зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты
зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын
нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді,
күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентиро-вочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
қозғалысы (мәселен, оқушының үстіндегі кімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың
артуы не кемуі т. б.).
ә) оқушылардың сыртқы дүниедегі объектілерге катынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көціл күйінін хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Оқушылардың ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін
жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат
көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан
аяғына дейін ерікжігерді сыртқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай
ерекшеліктермен сипатталады;
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін
іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап,алаңдататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен
берілген дұрыс.
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді
алаң кылатын бөгде тітіркендіргіштердін (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де)
әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және
шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,
ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты
зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында,
адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда
жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінің аударады, ал содан кейін сабақтың
мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола
бастайды. Бүл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің
пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін —
оқушыға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, онын зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып
алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып
қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға
бағытталады. Егер оқушы жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей кызығып істей беру де оңай емес.
Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс
істеу де оқушыны қажытып шаршатады. Сондықтан оқушы жұмысты зейіннін осы
екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы
қажет.
Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске
алады:
А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы оқушының зейіні бір объектіге
немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Мысалы, өндіріс орындарының не хирург дәрігерлердің жұмыс үстіндегі зейінін
осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтандырып, жинақтай алу арқасында оқушы істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оны әр түрлі байланыстарып анықтайды.
Зейінді тұрақтата алуылық саналы әрекетке өзіңді жете алатыныңды басты бір
белгсі болып табылады.Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор.
Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай басты бір нәрсеге не
белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтандырып әдеттендіру керек.
Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті
объектіге жинақтай алатын болады.
Ерсек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минттай бір объектіге тұрақтата
алады. Осындай 10—20 минутнутық зейін қойғаннан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. бұл секілді тынығу, жұмысты
бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Оқушы
соншалық ерік-жігермен зейін салын жұмыс істеген жағдайда да оның
бөлініп басқа біш затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде
әлсіздене, бірде үлкейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу —
зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап
оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына
қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине оқушының көңіл ауған нәресіне
ойының бөлінуіне, зейінің тұрақтануы бөгет болмайды. Кейбір оқушылардың
зейіні толқымалы келеді.  Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті
эмоциялық әсерлер, оқушының өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе
оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш
жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоныраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. оқушының тыныштығын кетіреді.
Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез
және сапалы орындайтыны байқалады. Оқушыны аландататын нәрселер көп
болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның
дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға
шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы оқушының айқайшуы, реніш т.б.
адамды күштірек аландатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың
мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге
болады. Алайда бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс
істей алушылық оқушының жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А.П. Чехов жас кезінде көп әнгімелерін ойын күлкі, той думан
үстінде жазса, ал Мусоргиский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да оқушы зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жия алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселдіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы
тиіс.
Ә. Зейіннің аударылуы. Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші
объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы
оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір оқушылар бір жұмыстың
түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жана жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейінінің көрінісі. Екінші біреудің
зейіні, керісінше басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара
білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кедергісіз жауап беруде аса қажет.
Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген
болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп
жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаныд бір
бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау)
екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді.
Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу
материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда
ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы
түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын
айқындауы, жаңа материалды тындауға және түсінуге оқушылардың дайындығын
тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Б. Зейіннің бөлінушілігі. Оқушы санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті
атқара білу мүмкіншілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың таным процестері дамуының теориялық мәселелері
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Кіші мектеп жасындағылырдың қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы
Пәндер