Мәселенін мұндай бағытта шешілуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1 ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 1 Ойлау процессі туралы ұғым
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы
4: 11
КІРІСПЕ: 1. 3 Оқушылардың сөйлеу маңызының түрлері
4: 15
КІРІСПЕ: 2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕССТЕРІН ДАМЫТУ
4: 21
КІРІСПЕ: 2. 1 Логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі
4: 21
КІРІСПЕ: 2. 2 Оқушылардың сөйлеу қабілетің дамыту
4: 23
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 26
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.

Әлемдік психолого - педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А. Н. Монтьев, С. П. Рубинштейн, М. В. Занков т. б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.

Ойлау дегеніміз - ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог - ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А. В. Запорожец, Л. Н. Венгер, И. С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты ойлау және сөйлеу процесс ұғымдарын қарастыруы болып табылады.

Осы қойылған мақсатқа келесі міндеттер шешу қажет:

- ойлау және сөйлеу процесс ұғымының теориялық аспектілерін қарастыру;

- оқушылардың ойлау және сөйлеу процесстерін дамытуын көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі барлық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні ойлау және сөйлеу процессті дамытуы болып табылады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал - тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама жасау, лексика-семантикалық талдау, этимологиялық түсіндіру, семалық сараптама, когнитивті лингвистикалық тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

  1. есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
  2. сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
  3. Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
  4. Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
  5. Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Негізінде оқушылардың тілдік бейнесі анықталып, «тілдік тұлға» теориясы мен лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар жоғарыда аталған теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты дәйектелуінің нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде қалыптасушы антропоцентристік бағыттағы когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады. Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика бойынша оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстарда пайдалануға болады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Ойлау процессі туралы ұғым

Ойлау және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе - ойлау және оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық.

Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс. Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім деп санаймын. Ассоциация психологиясы осы орайда зор қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес-ті. Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін сауал біздерді ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде айқын жауап бере алмады [1] .

Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға қажырлылык (латын -тілінде - персеверация - қажырлылық, табандылық) деген ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді.

Тәжірибе жү ргізген бірсыпыра авторлар біздерге қажетті болған түсініктерді, атап айтқанда, осындай қажырлы бағытты иісті орнында қолданып, ойымыз бен іс-әрекеітерімізді онан әрі арай өрістетіп отыруға мәжбүрміз дейді [2] .

Сол кездегі психолог мамандар ойлауды дамытуда ассоциация бағыты және қажырлылык бағдар өзара бірігіп қолда-нылатындырын өздерінше түсіндірді. Сол кездегі мұндай пікірді қызу қолдаған ғалым Г. Эббингауз еді. Оя ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады [3] .

Адам ойының құрамы ‘әрі оның ажырамас қасиеті идея санадары тегеурінді (персеверациялы) мүлде, адам ондай ойдан тіптен арыла алмайды дейді. Ондай мүлде мен идея сананың төрінен орын альш орнығады да, олардан қашсаң да құтылу қиын деп ой түйеді. Шындығында ойлаудағы күйын және шабыс деген түсшіктер сананың қалыпты жағдайынан ауытқып, сырқат күйге ұшырауы емес пе. Ойлау үнемі бір орында, бір қалыпты тапжылмай тұра бере ме, әлде ол дамыл, өзгерістерге ұшырай ма? Осы сұрақтың өзі-ақ ойлаудың біраз сыр-сипатын аңғартса керек. Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз. Бірақ психологияның дамуына бұл бағыт салмақты үлес қосты деп айта алмаймыз.

Дегенмен, Эббингауз өзінің көзқарасын қорғау ниетімеі бірнеше мысалдар келтіреді. Онын мұндай мысалдары бір жағынан қарағанда қарапайым болып көрінеді де, ал екінш жағынан алғанда жігі жабыса қоймайтын дерекіліктері бірден көзге түседі. Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртенеп жатқан үйдің жабык бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай хауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді, ол қандай күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақта; жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен кұтылу айласын іздес тіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлде бір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады.

Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай тап-пай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. А екінші жағынан алғанда, оның құқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына саңлак түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есе құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып, қауіпті жаұдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрінісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиеті. Мұның бәрі ассоциациялық байланыстардын жемісі, ол өзіне-өзі қарама-қарсы ассоциация тудырадьі.

Осы айтылған ойлаудағы екі түрлі бағыттың шашырап жайлауы салдарынан туындайтын адам ойлауының ерекшеліктерін Эббингауз ауру адамның тек жабысқақ ой және ол адам идеясынын шабысы сииатыңда болады деп түсіндіреді [4] .

Адам ойлауынлағы мұнда екі түрді ерекшеліктің екеуі де саналы әрекет болып саналғанымен, олардың шашыраңқы жағдайында адамнын бойын ашу-ыза кернеп, есалаңдатып жібереді дейді. Баланың даму процесінде мұндай көрініс оның белгілі бір затқа, іске шүйіліп, оларды қызықтау әрекеттерімен байланысты, сөйтіп оның табандылығы мен қажырлылығы аркасында әрбір іске деген құлшынысы сәблік кезеңнен басталады. Алайда баланың ойлауындағы мұндай әрекеттер, ересек адамдардың істерінен айырмашылығы, олардың өзара байланысы жоқ жүйесіз сипата болады [5] .

Сонмен ассоциация психологиясы балалар ойлауының амуындары басты бағыт ассоциациялық және қажырлылық принциптері негізіңде өзара тығыз ұштасып, бірімен-бірі біте айнасып жататым қасиеттері деп санады.

Алайда мүңдай тұжырымның дәрменсіз екендігін бүдан ылайғы кездерде жүргізілген тәжірибелер аркылы аныктап, ой-ау туралы ассоциация психологияеынын негізгі жүйесін сақтап алу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаран немістің психологі Н. Ах болды.

Ахтың ойлауға арналған алғашкы зерттеулерінде ассоциация мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді жеткіліксіз деп тапқаны мәлім. Өйткені бүл а бағыт та ойлаудың ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, балалардың ойлауын зерттсу мынадай үш түрлі арнаға бөлініп кетті.

Оның бір арнасы - қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен бұрынғы ілімді жоққа шығарады. Бұл арнаны Д. Уотсон және оның жақтастары негіздеген теорияны басшылыққа алады. Ойлау процесі бұл теория бойынша алғашқы қозғалыстардың қарапайым ассоциациялармен алмасуы бастапқы сипатта, не ашық түрінде көрінеді. Уотсон теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу мақсатымен ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория бастапқы кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда қандай болатындығын түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл теория бойынша жәндіктер психологиясында әр алуан әрекеттер жасауының әдіс-тәсілдерін байқап көруі мен қателесуі адамдардың. белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингауз айтқандай, болжамы сипатында болып отыратындырын көрсетеді [6] .

Сонымен бұл арнадары теорияны қолдаушылардың көрнекі өкілі айткандай, қарапайым кимыл-қозралыстар жасау нәтижесінде ақылға қонымды әрекеттін. іске асуын ассоциация принциптерімен ұштастыра отырып түсіндіруде дейді. Мәселенін мұндай бағытта шешілуі. Колумбінің жұмыртұамен байланысты жұмбақ мәселені шешкеніне үқсас дейді. Мәселенің мұндай әдістермен щешілуін практикалық маңызы зор деп бағалағанымызбен, оның барлық тетігі байқап көру мен қателесу әдісінің типіне жатады. Басқаша айтқанда, мәселенің бұл әдіспен кенеттен шешімін табуы соқыр ойынның қорытындысы сиякты. Сөйтіп бұл арна бойынша ойлау процесіне қатысты психологтардың ойын алаңдатқан мәселенің бір саласы анықталды.

Екінші арнадағы психологтар бұл бағытқа қарама-қарсы бағдар ұстады. Бұл арнадағы психологтар ассоциация принциптерін қорғап қалуға батылдығы мен сенімі жетпеді. - Өйткені осы кезде ассоциация психологиясының принциптері мен теориялық негіздерінің іргесі сөгіле бастаған болатын. Соған орай бұл арнадағы психологтар ойлау жайындағы өзге теорияларға сүйенбей-ақ адам ойлауының ақылды әрекетгерімен төркіндес жататындығын ассоциация психологаясының принциптеріне сәйкес қорғап қалуға күш салды. Мұндай көзқарасты ассоциация психологиясындағы Ах бастаған аса қарқынды кезеңі деп санауға болады. Ах адам ойлауынын ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен оны ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол өзінің алғашқы еңбегі «Ерік әрекет және ойлау» деп аталатын шығармасында бұл екі процестің арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп койды. Ах адамның ерікті әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып ірге тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа үшінші бір жаңа бағдар - детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі ағымды біріктіріп, Ах адам ойлауының ақылды мәнін түсіндірді. Бихевиоризмге қарсы түратын өзінше басқа жол іздеді. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның реттеуші күші болды, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация процестері мен саналы түрдегі ерікті әрекетімізбен оймыздың шашырап кетпеуі үшін оларды сол детерминация қүшімен реттеп отырамыз деген пікір айтты [7] .

Ахтың айтуынша детерминация - ассоциациялык түсінікке тән қасиет ерікті әрекеттің мақсатты болуында.

Сонымен, Ах ойлау процесін теологиялық негізге тіректей отырьш, бір жағынан вюрцбург мектебінің идеалистік және виталистік бағытына қарсы болса, ал екінші жарғынан ескі механикалық ассоциация мектебіне қарсы шықты. Ол үш түрлі бағытты біріктіріп, оларды өзара қиыстыру арқылы ойлаудың негізгі қасиеттерін түсіндіруді діни нанымдары мақсатты әрекет пен ассоциация процестеріндегі тәуекелшіл әрекеттердің реттелуі деген қағидаға сүйенді. Соның нәтижесінде ақылды ойдың мәні ашыла түседі деген түсінігін ақтамақ болды. Алайда ойлау процесі жайындағы мұндай теориялық көзқарас пен тәжірибелік зерттеулерінің қорытындыларын ассоциация психологиясынын жолына түсіп тығырыққа келіп тірелді.

Үшінші арнадағы психологтар бұл ғылымның бүкіл даму тарихында қалыптасқан ассоциация мектебінің атомистік бағ-дарына серпінуі. Алайда бұл ағым да идеалистік көзқарастың батпағынан шыға алмады. Ассоциация мектебінің ілімін қайта қарастырып, оған ден қойған вюрцбург мектебі. Бұл мектепке О. Кюльпенін шәкірттері бастаған бір топ психологтар жатады. Олар тәжірибелік зерттеулерінде ойлауды психикалық процестердің өзге түрлерінен үзілді-кесілді бөліп алып, оңашалап қарастырды. Бұл психологтар еске байланысты мәселені ассоциация заңдарына негіздеп іздестірді де, мұндай зандылықтар ойлауды зерттеуде дәрменсіз деп жариялады [8] .

Ең алдымен вюрцбург мектебінің нендей мәселермен шұғылданғанын естеріңізге салайын. Бұл мектептің басты бағыты сіздерге мәлім. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырмай-ақ, оған қысқаша шолу жасайын. Екіншіден, бұл мектеп ойлау процесінің абстракті екендігін, оның сезімдік әре-кеттерге қатынассыз, көрнекілігі жоқ көмескі, сұрықсыз сипат-тарын атады. Сөйтіп олар өзара байланысы болмаған француз асихологі А. Бине бастаған мектептің пікірлерімен үндесті. Бине мектебінің өкілдері өз зерттеулерінде саналы әрекет бейнелерге бай келеді (мысалы, біздердін түс көруіміз), ал мағынасы жағынан сұрықсыз келеді. Бине ойлау мазмұнының бай болуы ұлы шахматшылардың ойынына ұқсайды, бірақ олардың ойынының бейнелілігі сүреңсіз дейді. Мұңдай зертеулер ойлау процесіне қа-тысты өзекті мәселелерді шешуде дәрменсіздігін бірден аңғартты. Егер біздер бірсыпыра бейнелер мен сөздерді басымыздан кешірген жағдайларға орай өз байқауларымыздан аңғарылғанымен, ал ой процесінде ондай ерекшеліктер кездейсоқ және көмескі сипатта болып, бұл процестін негізгі мәнін білдіре алмайды дейді. Олау процесі жайындағы вюрцбург мектебінен шықкан мұңдай шындыкпен салыстырғысыз догмалык пікір ойлау туралы идеалистік көзқарастын таралуына бастама болды. Бұл мектептің негізгі философиялық тірегі ойлау процесін Түйсік сияқты әуел бастан пайда болған процесс деп санауы. Ойлау ироцесіне осындай анықтама берген Кюльпенің пікірі осы үшінші арнаға. Түйсік зертеуіішіердін үранына айналды [9] .

Бұл арнадағы психологтар ассоциация психологиясы бағытынан ерекшелініп, бір жағынан ойлауды біз санамызға тән қарапайым процестердің қисындарын өзгеше деп санаса, екінші жағынан, ойлау әуел бастан пайда болған түйсік сияқты процесс деуі. Сондықтан ол тәжірибеге тәуелді емес дейді. Соған орай ойлаудың бастапқы қызметін де олар адам санасының қажеті деп санады. Бұл барытты сол кезде пайда болыи өздерін исихо-витализмді қолдаушыларымыз деп санаған Г. Дриша мен тағы басқа зерттеушілер құптады. Олар психологиядағы ересек адамның ойлауының жоғары сатысы болып саналатын абстракциялауды тірі материяның бастапқы кезінде пайда болған ерекшеліктерінен дамып жетілді деген ойды қуаттайды. Дриша адамның бойында әуел бастан пайда болған ақылдылықтың болуы құрттардың тіршілігіндегі қылықтарын түсіндіру заңдылығы сияқтық кажетті нәрсе дейді. Виталистердің пікірінше тіршілік етуі кажеттілігі адамның жоғары дәрежедегі ойлау әрекеттерінің сипаттарымен қатар қойылып қарастырылады.

Ал осы үш арнадағы мектептердің ойлау туралы ұсынған бағыттары мен өзара талас-тартыстары, қайшы көзқарастарын тәптіштеп талдап жатудың қажеті бола қоймас деп ойлаймын. Егер вюрцбург мектебі мен қазіргі бихениоризм ассоциация пси-хологиясына қанағаттанбай, оған сын көзімен қараған болса, ал олар өзара біріне-бірі қарама-қарсы бағыт ұстағандығын біздер айқын көріп отырмыз. Бихевиоризм белгілі бір жағдайда вюрцбург мектебінің іліміне өзіндік серпілуі мен көзқарасын таныта білуге ұмтылғаны айқын жайт.

1. 2 Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Жайық өзенінің мәселесі
Халықаралық сауда арбитражының құқықтық аспектілері
Қытай – Америка қатынастарының дамуы
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Экологиялық мәселелерді шешу түрлері
Ойлау жөніндегі жалпы түсінік
Шиеленістің қатысушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz