Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Мазмұны
Кіріспе
1 Білім беру кеңістігініегі электронды ресурстар
1.1 Оқу үрдісінде электронды ресурстарды қолдану тиімділігі
1.2 Электронды оқу құралдарына жалпы сипаттама
1.3 Электронды тренажер және оның мүмкіндіктері
2 Электронды тренажерларды құруда қолданылатын технологиялар
2.1 Гиперсілтемелер технологиясы
2.2 Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін
көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық
мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді.
Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап
қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа
кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек
ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де
тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын
электронды оқыту құралдары қазіргі таңда жиі қолданыста.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек делінген, ХХІ ғасыр – бұл
ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: электронды тренажерды пайдалану
оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сабақты ұйымдастыруда көптеген әдіс-тәсілдер қолданыс табуда, жаңа
ақпараттық технология мүмкіндіктері, сабақтарда әртүрлі электрондық оқу
құралдарын қолдану, соның ішінде электрондық тренажердың рөлі зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: информатика пәнін оқытуда электрондық
тренажердың қолданылуын қарастыру, оның оқушылардың білім сапасын арттыруға
тигізетін әсерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– тақырып бойынша әдебиеттерге зерттеу жүргізу, қажетті мәліметтер
жинақтау;
– электронды оқыту құралдарының теориялық негіздеріне зерттеу жүргізу,
олардың түрлеріне сипатама жасау, талаптарына талдау;
– электронды тренажер ұғымына жан-жақты талдау жасау, оның
артықшылықтары мен басты ерекшеліктеріне терең зерттеу жүргізу және
оқыту үрдісінде қолданылу маңыздылығын көрсету;
– электронды тренажерларды құруда қолданылып жүрген технологияларға
шолу жасау, Mс. Flash бағдарламасында жұмыс істеу негіздерін игеру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қортындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, ** суреттен, ** кестеден тұрады. Курстық
жұмыстың көлемі ** бетті құрады.
1. Білім беру кеңістігіндіегі электронды ресурстар
1. Оқу үрдісінде электронды ресурстарды қолдану тиімділігі
Қазіргі заман – ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт
өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар
көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына
байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып
келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды

жүзеге асыра отырып,оқутәрбие үрдіс інің барлық деңгейлерінің тиімділіг і менс
апасын жоғарлатуды көздейді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз
және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын
айтады.Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі
өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану,
инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі
жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ мектеп
оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға,
дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, схемалармен жұмыс жасауға
дағдыланады.
Электрондық оқулық – комплексті емес біртұтас, дидактикалық,
әдістемелік, интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр - түрлі
формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта
қалдырады және мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми
зерттеу әдістерін толықтырады. Электрондық оқулық негізінен үш
бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын
презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар,
оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталайық.
Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
¬ Оқушының уақытын ¬ Психология-педагогикалық
үнемдейді, оқу материалын іздеп талаптардың жоқтығы.
отырмайды. ¬ Пән аралық байланыстың
¬ Оқушы оқулықты қажет аздығы.
етпей-ақ информатика негіздерінен ¬ Көрнекілік материалдарда
кез келген мәліметті алып, оқып бірыңғай таңдау.
үйренуіне болады. ¬ Оқып үйренудегі мамандық
¬ Тақырыптың үлкен, қиын бойынша бағыты ескерілмеген.
бөліктерін өткенде қосымша ¬ Материалды толық қамтуы
бейнехабар, клиптер, аудиохабарлардынемесе оқулықтарды толық аудару.
пайдаланады. ¬ Оқушының жеке
¬ Таңдап алған хабарды ерекшелігі, денсаулық жағдайы
көшіруге мүмкіндік бар. ескерілмеген.
¬ Сарамандық жұмыстар ¬ Берілген материалдағы
жылдам түсіндіріледі. санитарлық-гигиеналық нормалардың
¬ Бағдарламаны меңгеруге сақталмауы.
арналған тест сұрақтармен қамтамасыз¬ Компьютердің графикалық
етілген. мүмкіншілігінің қолданылуының
¬ Көрнекілік құралдарға нашарлығы және әлсіздігі.
деген мұқтаждықты азайтады. ¬ Оқушының тіл
¬ Мүғалім әр оқушымен мәдениетінің төмендеуі тірі
дербес жеке жұмыс жүргізуіне қарым-қатынасқа түсе алмауы.
мүмкіндік туғызады.
¬ Оқушының ой өрісін,
дүниетанымын кеңейтуге, тану
үрдісіне ықпал етеді.
¬ Зерттеушілік қабілеті
бар тұлға қалыптасады.
¬ ҰБТ-ге даярлаудағы
тиімділігі жоғары
Электронды тренажер – таныстыратын теориялық материал, білімнің
көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу
процесін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын,
ақпараттық іздеу, интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша
функцияларды үйренуге арналған программалық комплекстік жүйе.
Электронды тренажер барлық негізгі функцияларды, теориялық
материалдарды көрсету, білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік
білім алудың жатығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасызданады.
Дидактикалық цикл процесін біріңғай компьютердің көмегімен оқу
процесін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп,
автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен электрондық
оқулықпен орындау керек. Электрондық тренажер арқылы түрлі
суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге
болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен
әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды
компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген
баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:
– тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті
қасиеті);
– қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік
береді;
– гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
– әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша
тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
1.2 Электрондық оқу құралдарына жалпы сипаттама
Қазіргі уақытта әртүрлі оқу курстарын өткізу мақсатында көптеген
компьютерлік құралдар дайындалуда. Жалпылап алғанда оқу бағдарламасының
бағыттары бойынша электрондық оқулықтармен өздігінен оқыту құралдары
жасалуда. Осы бағыттағы қызығушылықтың қанат жаюына басты себеп:
мультимедиалық технологиялар сонымен қатар телекомуникация мен интернет
желілерінің жетілуі.
Бірақта электронды оқыту құралдарын пайдалана отырып оқу курстарын
ұйымдастырумен құру технологиялық жағынан болсын, әдістемелік жағынан
болсын оңай шаруа емес. Мұнымен қатар электронды оқыту құралдарын жасаудағы
жұмсалған еңбек, шығын кейбір жағдайда оның көрнектелегімен қолайлылығы,
олардың тез ескіріп қалуы себепті ақталмай жатады. Осыған қарамастан
компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарының өркениеті олардың қажеттілігімен
әлеументтік бағалануына байланысты кеңейе түсуде. Мысалға, компьютерлік оқу
құралдары өздік және жеке қолданыста қолайлы. Олар жеке бағыттағы оқу
жүйесіне өте қажет.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі тез қарқынмен дамуда. Бұл әрине өз
дәрежесінде білім ордаларында жаңа заманға сай комьпьютерлік техникалар мен
интернет жүйелерін жетілдіруге алып келеді.
Лекциялық – семинарлық оқыту жүйесі өзінің тиімділігін жоғалтуда, оқуға
кеткен уақыттың 50%-і босқа кететіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Шетелдік
тәжірибелерге сүйене отырып келесі басты жағдайды атап көрсетуге болады:
оқытушы ақпараттаратушы ретінде емес, керісінше кеңесші, ақылшы ролінде
кейде оқушының әріптесі ролінде. Бұл өзінің кейбір қолайлы жақтарын
көрсетеді: оқушылар оқу процессіне ынталы қатысады, өздігінен ойлауға
үйренеді, өзінің көз қарасын дамытады.
Жаңа ақпарат құралдарының жетілуі жаңа, қолайлы оқыту жүйесі –
қашықтан оқыту жүйесін енгізуге мүмкіндік алып келді. Бұл, біріншіден
оқушының уақыт пен орнын өзі таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден қандай
бір себептермен арнайы оқу орындарында оқи алмайтын жеке тұлғалардың білім
алуна мүмкіндік береді, үшіншіден оқу барысында жаңа ақпарат құралдарын
қолдану мүмкіншілігін, ал төртіншіден оқуға жіберілетін шығынды азайтады.
Басқа жағынан қашықтан оқыту жүйесі өздігінен оқу мүмкіншілігін күшейтеді.
Оқулық – бұл оқытудың негізгі құралы, (кітап, белгілі бір пән бойынша
оқушының міндеттітүрде білуіне тиісті, жүйелі білім мазмұндалған құрал).
Электрондық оқулық – үлкен дәрежеде оқыту құралы және оның құрылымы мен
мазмұны оның қолданысына байланысты болады. Ол өзі репетитор,
машықтандырушы және өздік оқытушы. Классикалық (қағаз) оқулыққа қарағанда
электрондық оқулықтың оқыту стилі бөлек, онда материалды жүйелі, сызықтық
оқыту жоқ. Электрондық оқулықтық оқу – ақпараттық мәтіні мазмұнына сәйкес
бұтақ тәрізді (иерархический) айқын құрылуы қажет. Бұтақтың жоғарғы деңгейі
негізгі ұғымын көрсетеді. Осыған сәйкес анықтамалар, мысалдар, обьект мен
бекітулерді нақты көрсетуі қажет ( кілт сөздердің көмегімен). Көп
деңгейлілігі пәнді әртүрлі дәрежеде тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді.
Ыңғайлылық мақсатымен білімді көрсету үшін кейбір модельдер қолданылады.
Оның құрамдас бөлігі модельдер мен ұғымдар болып табылады. Сызбаның
ұштарында білім модельдерімен ұғымдары қасиеттері бойынша орналасқан ал
олардың ара байланысы қатынасы бойынша анықталады.
Электронды оқу құралының құрылымы:
1) Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде
баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
2) Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-
мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын
айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде
бейнелеу.
3) Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен
тапсырмалар беріледі.
Электронды оқу құралының құрылымдық элементтері:
– Сыртқы беті;
– Титулдық экран;
– Мазмұны;
– Аннотация;
– Оқу материалының толық баяндалуы;
– Оқу материалының қысқаша мазмұны;
– Қосымша әдебиеттер;
– Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
– Өзіндік бақылау жүйесі;
– Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
– Авторлар тізімі;
– Терминдік сөздер;
– Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
– Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
Электрондық оқулықтардың бірден-бір жетіспеушілігі болып олардың жай
оқулыққа қарағанда бағасының артықтауы (қазіргі кезде) және монитордан оқу
қағаздан оқығанға қарағанда денсаулыққа кері әсерімен қолайсызжығы
саналады.
Электрондық оқу құралдарын құру құралын мысалы, тағайындалатын және
орындалатын функциялар, техникалық қамтамасыз етудің талаптары, қолдану
ерекшеліктері сияқты көрсеткіштері енетін кешенді критерийлерді
(белгілерді) қолдана отырып бірнеше топтарға бөлуге болады. Көрсетілген
критерийге (белгіге) сәйкес келесі топтастыру болуы мүмкін:
– Қалыптасқан алгоритмдік тілдер;
– Ортақ қолданыстағы құрал-саймандар;
– Мультимедиа құралдары;
– Гипертекстік және гипермедиалық құралдар.

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Білім туралы заңда білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін жағдайлар жасау делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне
қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:
– өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында
қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін
меңгеру;
– өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын
болу.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік
мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген
саласында электронды тренажерларды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім
беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электронды тренажерларды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі,
алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары:
есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын
мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы,
тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте
сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша
қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен
мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі
болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси
экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген
жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру
шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса,
екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да
әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы
жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне
жарата білуі керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электронды
оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен
жабдықталды.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен
жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқу құралын пайдалану
арқылы:
– оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру
арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу
материалын саналы игеруге жеткізеді;
– абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың
тиімділігін жетілдіреді;
– оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу,
қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
– мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын
арттырады.
Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды
ескеру керек:
– белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты
әрі қысқа берілуін ескеру керек;
– электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатыс-ты
дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;
– зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалдар;
– материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші
материалдар;
– аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;
– материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.
Электронды оқу құралын қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс
жасауға мүмкіншілігі болады:
– Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
– Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін -
өзі тексеруге;
– Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
– Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
– Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды
таңдауға;
– Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған
электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың
өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану
оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің
нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала
дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқу құралын қолдану
барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы
интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.
Электронды оқу құралын қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту
жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге
деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай
мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша
оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға
мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының
тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете
түседі.
Мен өз сабағымда электронды тренажерларды пайдаланып өтемін. Бұның
тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар,
анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және
тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін
дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың
өзіндік жұмыстары(есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының
өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
Сурет 1. Электронды тренажердың берер мүмкіндіктері
Электронды тренажерды пайдалану арқылы:
– сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану
тиімділігі;
– мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
– оқушының пәнге қызығушылығы;
– алынған білім, дағды деңгейі;
– білімнің тереңдігі;
– тексеру түрлері, бағалау;
– практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Қорыта келгенде электронды оқу құралын қолдану барысында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды
тренажерларды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта
пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен
практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға
дағдыланады. Электронды оқу құралы арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер,
дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі
қиын тақырыптарды компьютердің кө-мегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген
баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
2 Электронды тренажер құрудың технологиялары
Қазіргі уақытта оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы,
қолданыстағы қолайлылық, баяндамалатын материалдардың көрнектілігі.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекстік
технологияларды қолдану орынды.
Оқулықтың электронды варианты (білімді бақылау оқытудағы басты мәселе
болғандықтан өзіне бақылау құралын қоса алады). Көптеген уақыт бойы білімді
бақылау, отандық білім беру жүйесінде ауызша түрде жүріліп келеді. Қазіргі
сәтте тестілеудің әртүрлі әдістері қолдануда. Көп адамдар әрине бұл
позициямен (ұстаныммен) бөліспейді, себебі олардың ойынша тестер салыстыру
және талдау т.б. сияқты қажетті дағдылардан айырады. Қашықтан оқыту
жүйесіне жаңа қырынан технологиялрды енгізу сапалы түрде мүмкіндік береді.
Біз оқулықтың электронды вариантын енгіздік. Осылай, жаңа ақпарат
құралдарын қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға қабілетті, сонымен қатар
оқушының өздік жұмысы кезінде таптырмайтын құрал деп үміттендіруге болады.
Нақты пән бойынша белсенді түрде білім үшін тек теориясын оқып ғана қоймай
тапсырманы орындауға ( тәжірибе жүзіндегі) дағдылануы қажет. Бұл үшін
оқылып материалдардың математикалық модельдерін құрып, есепті шешудің
алгоритмін құрып және оларды программа түрінде жүзеге асыруына үйренуі
керек. Осы мақсатқа жету жолында электрондық оқу құралының құрамына
алгоритмдердің қызметімен құрылымы көрсететін графикамен безендірілген
көптеген модельдік программалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz