ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I тарау ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ
МАҚСАТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы.. 5

1.2 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару
... ... ... ... ... ... ... . 7
II тарау ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы...20

2.2 Мемлекеттік эталондық базаны
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

III тарау Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу ..22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

КІРІСПЕ

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан
Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер
салдарынан сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1
наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң
қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк
кестесiнiң 26.3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25
тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-
экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының
86-тармағына (екiншi кезең), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы
30 маусымдағы N 609 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
индустриялық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын
iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 7.2-
тармағына сәйкес әзiрленген.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 наурыздағы
N 321 қаулысымен бұрын бекiтiлген Қазақстан Республикасының шамалар
бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын жалғастырушы болып табылады.
      Метрологиялық қамтамасыз етудегi республиканың ғылыми, техникалық
және өнеркәсiптiк қазiргi заманғы және болашақтағы қажеттiлiгiн талдау
негiзiндегi Мемлекет Басшысының Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша
қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруi бойынша қойған бастапқы және мiндеттерiн
қамтамасыз етуде, жоғары дәлдiктi өлшеу техникасын дамытуда осы
бағдарламамен халықаралық талаптарға сай қазiргi заман деңгейiнде ұлттық
эталондық базаны жетiлдiру және ұстау, салыстырып тексеру және сынақ
базаларын құру, халықаралық талаптарға сай зертханааралық салыстыруларды
және өлшеу зертханаларын аккредиттеудi ұйымдастыру және бiлiктi мамандарды
дайындауды жүргiзу қарастырылады, метрология саласында қолданбалы ғылыми
зерттеулер жүргiзу және Эталон орталығын қамтамасыз ету.
Тәрбиелік мақсаты - оқушылардың физика есептерін шығаруға дағдыланып,
үйренуіне теориялық біліктерін практикамен ұштастыра алуын қалыптастыру.
Оқушылар мұндай дәрежеге жетуі үшін, мектеп қабырғасында, одан тыс, үйде де
көптеп есептер шығарулары керек. Оқушылар есепті қызығып шығаруы үшін оның
мазмұны тартымды, бірақ әрқашанда өмірге жақын болуы керек.
Дамытушылық мақсаты - әрбір жеке тұлғаның, ақыл-ойының дамуына,
физиканы сүюге үйрету, шығармашылыққа ынталандыру, шығармашылықтың даму
мүмкіндігін іске асыру.

Физиканың оқытудың міндеттері. Білімділігін жалғастыруға, басқа
пәндерді оқып үйренуге күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті нақты
физикалық білімді меңгерту. Физикалық қызметке тән және қоғамда адамдардың
толығымен қызмет жасауына қажетті, ойлаудың қасиеттерін қалыптастыру
оқушыларды интелектуалды дамыту. Физикалық идеялары тану әдісі және оны
сипаттау қалпы ретінде физика туралы түсініктерді қалыптастыру.
Бұл курстық жұмыста механиканың барлық бөлімдеріне тән теориялық
материалдар қамтылған.
Теориялық материалдар мынадай тарауларды қамтиды: кинематика; динамика;
жұмыс, қуат және энергия; қатты дене механикасы; сұйықтың қозғалысы;
тербелмелі қозғалыстар және толқындар. Физика бағдарламасына сәйкес
білімгерлердің өз бетінше оқып, білімін жетілдіруі үшін динамика заңдары
қатты денелер механикасынан, сондай-ақ тербелістер мен толқындар бір-
бірінен бөліп көрсетіледі. Мұндағы көзделген мақсат-білімгерлердің өз
бетінше есеп шығаруы үшін көптеген теориялық материалдарды игеруін
қамтамасыз ету.
Механиканы оқыту бағдарламасы оқу процесінде біршама физикалық білім
және білік жүйесін тиянақта меңгеруді талап етеді.
Осы мақсатта оқушылар:
1. Курстың негізгі түсініктерін, терминдерін және тілін тиянақты терең
игеруі қажет.
2. Негізгі теоремаларды, формулаларды, ережелерді және есептерді
шешудің тәсілдері мен жолдарын меңгеруі, осыған қоса оқу процесінде жалпы
физикалық мәдениетті (логикалық ойлай білу, өзінің пікірін дәлелдей білу
мәселенің маңызды бөлігін оның қажеті аз детальдарынан тазалай білу,
есептердің шешімдерін таба білу, т.б.) игеруі қажет.

I тарау ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ
МАҚСАТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында
орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды
түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз.
Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі
өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның
нақтылығымен қабаттас жүреді.
Өлшеу қателігі өлшеудің қатесі деп атауға бола ма? Жоқ, себебі қате
деп оператормен жіберілген қатені айтады.

1.1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге
сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік
стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік
құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан
Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер
салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңының формулировкасы туралы
ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау).
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары :
- қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім
сапасының қауіпсіздігі;
- ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің
дұрыстығы;
- материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы;
- қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін
қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу
нәтижелерінің дұрыстығы.
ӨБҚ – заттардың құрамы мен қасиеттері, табиғи құбылыстардың қасиеттері,
қоршаған ортаның күйі мен адам денсаулығын қорғау, хабарласу құрылғылары
мен көлік жұмыстарының сапасы туралы, өлшеудің дұрыс мәлімет алудың, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқығын дұрыс емес
өлшеу нәтижелерінің салдарынан қорғау кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүесі (ҚР МӨЖ) бұл
– Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару
жүесі.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер және мемлекеттік
басқару жүесін құру мен еңгізу үшін салмақты алғышарттар болды:
- біріншіден, өлшеу адам әрекетімен жасалған жаппай өнім болып
табылады, және де еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қадағалау,
өнім қауіпсіздігі мен сапасын қадағалау, материалдық және
энергетикалық құндылық ресурстарының есебі, ауруларды емдеу
диагностикасы және т.б. қадағалау шарттары негізінде жыл сайын
оларға деген сұраным өседі;
- екіншіден, өлшем адам әрекетінің ең негізгісі болып табылады,
және оның сапасының талаптары (яғни дәлдікті) үздіксіз өсіп
отырады;
- үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы (сату, ғарышты
танып білу жөнінде бағдарламаларды бірігіп зерттеу, медицина
саласы, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара
сенімділікті талап етеді.
Өлшеу мәліметтерінің дұрыстығы мен нақтылығын жоғарлату мәселесін
метрология шешуі керек, және халық шаруашылығының барлық салаларында
қолданылатын оның нәтижелерінің шешімі, мемлекеттік шешу мәселелерінің
біріншісі болып қалады.
Өлшеудің мәліметі ұғымы – техникалық құралдарды қолдануымен,
тәжіребиелі жолмен алынған құбылыстардың, процесстердің, өнімдердің,
бұйымдардың, материалдар қасиеттерінің өлшемдік сипаттамасы туралы кез-
келген мәліметті қамтиды.
Өлшеу жолымен алынған мәлімет, халық шаруашылығының барлық дерлік
басқару органдарының әрекетіне негізделген. Бірақ бұл өлшем бірлігінің
шарты кезіндегі өлшеу мәліметі (өлшеу нәтижесі) оның дәлдік көрсеткіш
мәнінің бағалауы мен бекітілген бірлік түрінде берілсе ғана мүмкін
Осының нәтижесінде өлшеу мәліметінің анықтау, қамтамасыз ету бірдейлігі
мен дұрыстығына бағытталған метрологиялық әрекет өлшем бірлігін қамтамасыз
ету ретінде анықталады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесін еңгізер алдында ҚР
метрологтары өзінің әрекеттерін өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін
қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылған, яғни олар нормаларға сәйкес
келетін, мемлекетте бекітілген бірліктер мен олардың метрологиялық
сипаттамаларда барлық градуировканы иеленуді қадағалайды.
ҚР МӨЖ-ні жасау мен еңгізу, метрология дамуындағы жаңа негізгі
деңгейлер әкелуді болжады. Осылай алғаш рет салаға заңды түрде өлшеу
нәтижелері мен метрологиялық қызмет процессінің әрекеті қосылып, оның өлшем
бірлігін қамтамасыз ету негізінде өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін
қамтамасыз етудің мәні мен мақсаты өзгертіледі. Өлшем бірлігін қамтамасыз
етудің мәніне, құрама бөлігі ретінде, өлшеу құралдары мен өлшеудің
бірдейлігін қамтамасыз ету кіреді.
Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың
ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем
бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы
КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал
1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу
құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының
мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ
нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде
қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз
етпейді.
Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі
берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі
мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді.
ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар,
құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды
қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан
Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған.
ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң
негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін,
нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып
табылады.
ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша):
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару
принціптер мен әрекеттерін дамыту;
- шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру;
- метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды
бекіту;
- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен
жетілдіру;
- метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге,
халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер,
нормалар мен талаптардың оңтайлылығы;
- өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары:
- ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама
бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі;
- берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан,
қателігі бар өлшемді жүзеге асыру;
- өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік
мөлшеріне берілуі;
- заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін
қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.
ҚР МӨЖ объектілері мыналар:
- шама бірліктері;
- шама бірлік эталондары;
- өлшеу құралдары (ӨҚ);
- өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап
қою;
- өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ);
- нормативтік құжаттар (НҚ).
Келесі бөлімдерде МӨЖ-ң объектілерін анығырақ қарастырамыз. Бұнда өлшем
бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің ерекшеліктеріне тоқталу
керек. Шама бірліктері Қазақстан Республикасының териториясында халықаралық
өлшеу жүесінің шама бірліктерін қолдануға рұқсат етіледі. Стандартизаци,
метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның шешімі бойынша
халықаралық өлшеу жүесіне кірмейтін шама бірліктері рұқсат етіледі.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталоны. ҚР МӨЖ-ң техникалық негізін
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрайды. Олардың құрлымы мен
мазмұнын мемлекет жүзеге асырады. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін
сақтау мен қайталау үшін арналған (шама бірліктерін есе немесе үлестік
мағынасында) және ол Қазақстан Республикасының териториясындағы бастапқы
ретінде өлшемнің басқа өлшеу құралдарына беру мақсатымен қолданылады.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірлікті
анықтау үшін өлшеу құралдары қолданылады, және олар орнатылған талаптар мен
эксплуатация шартына сәйкес болуы керек.
Өлшеулерді орындау әдістері, салаларда қолданылатын мемлекеттік
метрологиялық қадағалаумен жүзеге асырылады (ҚР 23 бабы Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы заң), және олар орнатылған тәртіппен стандартизация,
метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органмен аккредиттеуге
керек, өнімдерді орындау әдістерін аттестацияланатын және жасауды жүзеге
асыратын Метрологиялық қызметтін ҚР МӨЖ-ң реестіріндегі метрологиялық
аттестация мен регистрациядан өтуі керек.
ҚР-ң териториясындағы міндетті түрде қолданылатын ҚР МӨЖ нормативтік
құжаты стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті
орган бекітеді.
ҚР МӨЖ Қазақстан Республикасына қойылған талаптар бойынша өлшеу дәлдігі
мен бірлігін қолдау және жетістіктеріне арналған, техникалық және
нормативтік негізінің жиынтығы болып табылады.
ҚР МӨЖ-ні ұйымдастыру негізі ҚР-ң қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік
басқарылуы, Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және
сертификация жөніндегі өкілетті органы мен ҚР-ң Мемстандартымен
жүргізіледі, олар 4 Қосымшада көрсетілген функцияларды орындайды.
Қақастан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемстандарты:
- ҚР-ң метрологиялық қызметінің жұмыс координациясын жүзеге
асырады;
- метрология саласындағы іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды
бекіту мен жұмыс тәртібін анықтайды;
- өлшеу құралдарын жөндеу, қолдану және жасау тәртібін анықтайды;
- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің реестірін
жүргізеді;
- метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұжымдарда
Қазақстан Республикасының өкілі болады;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлерді дайындау мен
қайта дайындауды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы метрологиясының техникалық негізін мыналар
құрайды:
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметімен қолданылатын
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүесі;
- өлшеу құралдары, соның ішінде мемлекет териториясында
қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің
стандартты үлгілері;
- заттар мен материалдардың қасиеті мен физикалық константалар
жөнінде стандартты анықтама мәліметтері.
ҚР МӨЖ-ң нормативтік негізі мыналарды регламенттейді:
- шама бірліктері;
- мемлекеттін салыстырып тексеру сызбалары мен мемлекетін шама
эталондары;
- өлшеу құралдарын калибрлеу мен тексерудің әдістері мен құралдары;
- өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нөмірленген
номенклатурасы;
- өлшеу дәлдігінің нормалары;
- өлшеу дәлдігінің көрсеткіші мен өлшеу нәтижелерін көрсету
формаларының әдістері;
- өлшеуді орындау әдістемесі;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты
үлгілеріне қойылатын талаптар;
- жобалау, құрлымдық және техналогиялық құжаттарды, нормативтік
құжаттардың метрологиялық сараптауын, өлшеу құралдардың
калибрлеуі мен тексеруді, метрологиялық аттестацияны, сынауды
ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі;
- метрология саласындағы терминдер мен анықтамалар.
ҚР МӨЖ номативтік құжаттары мыналарға бөлінеді:
- номалар мен ережелерді және жалпы талаптарды орнататын, негізін
қалаушысы;
- өлшемнің қандай да бір түріне нормалар мен ережелерді және
талаптарды регламенттеу.
ҚР МӨЖ-дегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар
орындалады (5 Қосымша):
- ҚР МӨЖ-ң нормативті құжаттарды жасау мен жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік
эталондарын жасау, қолдану, сақтау және жетілдіру;
- шама бірліктері, мемлекеттік эталоннан өлшеу құралдарына шама
бірліктерінің өлшемінің берілуі.
Өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ету келесі жолдармен
жүргізіледі:
- бекітілген типке сәйкестігі мен типтің бекіту мақсатымен өлшеу
құралдарын сынау;
- өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациялауы;
- өлшеу құралдарын калибрлеу мен салыстырып тексеру;
- өлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестациясы:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді лицензиялау;
- мемлекеттік метралогиялық бақылау мен метрологиялық қадағалау;
- МӨЖ-ң эксперт-аудиторларын дайындау мен атестациялау;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандылығын жетілдіру;
- ақпараттық қамтамасыздандыру;
- Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық келісім шарт
негізінде, шет елдерінде метралогия саласында жасалған жұмыс
нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету;
- метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұжымдардың
жұмыстарына қатысу.

1.2 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару

Жалпы ережелер
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-
III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда  2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап
өзгертілді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.Осы Заңда мынадай
негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның
құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган
атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем
құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар
бөлігі;
3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның
аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және
қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық
ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-
ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі
бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі қызметі;
4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен
нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;
5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге
бағытталған субъектілер жиынтығы;
6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен
физикалық шама мәнін табу;
7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде
көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі
өлшемнің жай-күйі;
8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем
бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге
асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың жиынтығы;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар
мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;
10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар -
ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды
жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және
әдістемелік құжаттар;
11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада
шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз
ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу
(растау);
13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын
салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;
14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін
қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік
дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;
15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының
белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға
және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;
16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған
метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық
сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылауға
жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол
өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған
шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар
жиынтығы;
18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген
техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау
мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген
заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы
әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз
ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;
20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау
өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға
сәйкестігін белгілеу (растау);
21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық
сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;
22) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген
белгіленген мөлшердің физикалық шамасы;
24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен
Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің
эталоны;
25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру
мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін)
жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.
  2-бап . Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар .
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару
органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
  4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып
табылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын
өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;
2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың)
және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;
3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс
есебiн қамтамасыз ету;
4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын
қамтамасыз ету;
5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс
жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету,
қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.
 09.06.04 ж. № 558-II; 2004.20.12 № 13-III Заңдарымен 5-бап
өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді.
5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару .
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк
басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi
орган:
1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты
әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi
жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;
3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi
мүмкiн халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды;
4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, шама бiрлiктерiнiң
эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн
белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын
жетiлдiредi;
5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама
бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;
6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды
әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi және бекiтедi;
7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын
салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды
анықтайды;
8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртiбiн белгiлейдi,
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды
ұйымдастырады;
9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн
жүргiзудi ұйымдастырады;
10) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;
11) метрология жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан
Республикасының атынан өкiл болады;
11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға
және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік
талаптарын белгілейді;
12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
  2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  13) тармақша  өзгертілді ( 2007
жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).
13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге
асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын
жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды;
14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың, өлшем
құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем
құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын
белгiлейдi;
15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және
қолданудың тәртiбiн белгiлейдi.
16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң
тәртiбiн айқындайды.

II тарау ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
2.1 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді .
6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң
құрылымы.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi құрылымына:
1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық
қызметi;
2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң
эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары;
3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету
жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін
регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң
объектiлерi.
Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама
бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып
тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне
қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн
қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке, заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.
  2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап
қолданысқа енгізілді) ;
8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар.
Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және
өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және
оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан
барлық жеке және заңдытұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.
9-бап. Шама бiрлiктерi.
1. Өлшемдер және салмақтар жөнiндегi бас конференция қабылдаған және
Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң
шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
Халықаралық бiрлiк жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерi уәкiлеттi
органның шешiмi бойынша қолдануға жiберiлуi мүмкiн.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Метрологияның теориялық негізі.
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Шамалар бірліктері
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Қазақстан метрологиясының дамуы
Пәндер