Өлшеу құралдары және түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 2

I. ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ . . . 5

1. 1 Өлшеу құралдары және түрлері . . . 5

1. 2 Өлшем құралдарын реестрге енгізу тәртібі . . . 8

1. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүейсінің қазіргі жағдайы . . . 9

II. «ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ҚазМетрИн . . . 15

2. 1«Қазақстан метрология институты» ҚазМетрИн-дің құрылу тарихы . . . 15

2. 2 Құрылымы . . . 20

2. 3 Негізгі нысаны мен мақсаты . . .

III. ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕССТРГЕ ЕНГІЗУ . . .

3. 1 ӨҚ метрологиялық аттестациялау . . .

3. 2 ӨҚ метрологиялық сынау және калибрлеу . . .

3. 3 Ылғалдылық анализаторын реестрге енгізу тәртібі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Өлшем құралдарын мемлекеттік реестрге енгізу, оларды аттестациялау, сынау және калибрлеу. Өлшем құралдарын мемлекеттік сынауға кеңінен тоқталу. Қазақстан Республикасындағы эканомиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен эканомикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етеді. Халықаралық эканомикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысуышы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік эканомиканы жетілдіру керек.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін енгізер алдында ҚР метрологтары өзінің әрекеттерін өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылған, яғни олар нормаларға сәйкес келетін, мемлекетте бекітілген бірліктер мен олардың метрологиялық сипаттамаларда барлық градуировканы иеленуді қадағалайды.

Стандартизаци, сертификация және метрологияның халықтық жүйесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжрібиелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.

Өлшем құралдарды реестрге енгізу кезінде, оларды аттестатциялау, сынау және калибрлеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарына белгiленген талаптарға сәйкес сынақ жүргiзіледі. Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2. 30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі.

Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап- өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Әрекет етуші өндірісте бұл- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу. Аталған барлық құжаттар сапа жүйесін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болуы қажет. Бұл құжаттар осы өндірістің шығарып отырған өнімінің сапасын тексеруге толық мүмкіндігі бар екенін және өлшеу нәтижелерін нақты, дәл екеніне толықтай дәлел болуы қажет.

Метрологиялық жөндеу қызметі, техниканы дамыту және жетілдіру, жаңа технологиялық процестерді ендіру, өнімнің, қызмет көрсетулердің және еңбек сапасын жоғарылату анағұрлым жетілген өлшеу әдістерін енгізумен, сондай-ақ өлшеу аспаптарының және сынау құрал-жабдықтарының санын ұлғайтумен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдары осы техникалық құралдардың қомақты қоймасына иелік етеді, яғни оларды ұстау және пайдалану үшін техникалық куәлік беру және жөндеу бойынша арнайы қызметтер талап етіледі. Өлшемдер мен өлшем құралдарын қайта-қайта қалпына келтіру өз қызметіне өлшем құралдары мен сынау құрал-жабдықтарын белсенді қолданатын кез келген кәсіпорынның тіршілік етуі үшін міндетті шарт болып табылады.

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ДСҰ кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды.

Жетілдіру процессі шексіз. Мемлекетте TQM (Total Quality Management) мәселесі шешілмей, көкжиекте әлуіметтік-этикалық сипаты бар критерийді орнататын SA - 80002 халықаралық стандарты пайда болды.

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша кейбір актуальды салалар, ұйымдастыру жоспары және құқықтық жағынан едәуір алға жылжып, мемлекетіміздің эканомикасына да әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының эканомикалық рынокка өтуі, ішкі және сыртқы рыноктағы ұйымдар мен өндірістер, отандық фирмалары үшін жаңа талаптарды анықтайды.

Әртүрлі бағыт пен деңгей бойынша халықаралық келісім шартпен құпталған Халықаралық қызметтестік нормалардың халықтық және халықаралық ережелердің гармонизациялауын талап етеді. Бұндай түрдегі стандартизация, сертификация және метрология, жоспарлы эканомиканың жаңа жұмыс шарттарына сәйкес келмей, Ресейдің мәдени эканомикаға интеграция мүмкіндігін тежейді. Біздің мемлекетімізде жоспарланған ГАТГ/ДСҰ-ға кіру шарты осыған жарқын мысал болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Стандартизация туралы», «Өнім мен қызметті сертификациялау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдары, эканомика саласының

әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады.

Шет елдерінің механикалық тәжрібиесін біздің отандық шарттарымызға ауыстырып алуға болмайды, бірақ біздің мамандарымыз олар туралы хабарда болуы керек, себебі қажетті деңгейде елімізбен шет елдерінде жүзеге асыруды, қызмет көрсетуді және өнім өндіруге көмектесетін жаңа прогрессивті шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

Стандартизация және сертификация жұмыстарды жүргізудің негізі - өлшем дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрология болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң, құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы, метрологиялық ызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтармен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің (МӨЖ) қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.

Алдымызға қайылған мақсатқа жету үшін келесі шарттарды жасау керек:

1. Қазастан Республикасындағы метрологияның даму тарихы мен метрологияның теориялық негізі.

2. Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлін білу

3. Қазақстандағы метрология саласының заң шығарушы базасына талдау жасау.

4. Метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру үшін әртүрлі жолдарын қарастыру.

I. ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ

1. 1 Өлшеу құралдары және түрлері

Метрология - бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.

Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.

Теориялық метрология - метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүйесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

Заң шығарушы метрология - мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.

Практикалық жұмыста өлшемді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса, қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек. Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады. Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық операциялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады. Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді. Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады. Н. И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазған, яғни өлшем мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталады. Міне осы өлшеу негізіне алынған.

Егер де біз өлшем туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру мүмкін емес болушы еді. Көп жағдайларда қиын мәселелерді, әр түрлі жердегі, әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу құралдарының қолдануымен алынған өлшемдердің көп болуы негізінде шешуге болады. Бұндай мәндерді тек қана олардың бір-біріне жарампаздық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдікті бір-біріне жарампаздықты, өлшемнің нақтылығын жоғарлатуын өндірістің автоматизациясы мәжбүр етеді. Мәселенің неғұрлым қиындығы, метрология мәндері соғұрлым көп болады. Барлық әрекеттер өлшемсіз мүмкін емес. Көп өндіріс салаларында өлшемге байланысты жыл сайын шығын көлемі 30%-ті құрайды.

Метрологияны қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық, материалдық және т. б. ресурстардың үнемдеу мәселесін иеленеді, себебі өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады. Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады. Мұнай, газ, жанар майдың көп мөлшері ескерілмейді. Егер электрлік энергия счетчигінің қателігі - 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды. Егер дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны есептеледі. Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету шартының бұзылуы өнім сапасын бақылау кезіндегі техналогиялық процесстерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика кезіндегі және т. б. өлшеулер үлкен шығынға әкеледі.

Өнімді өндіру кезінде тек қана дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау құралының көмегімен, техналогиялық процесстердің өзінде сапа көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу күйін де ескеру керек. Жаңа бұйымды жасамас бұрын, техналогиялық процесстегі өндірістің метрологиялық жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау және аттестациялау әдістерін қолдану қажет. Медицинадағы метрологияның мәні өте үлкен. Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада, терапия және диагностика кезінде өткізіледі. Биалогиялық объект параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері бойынша адамның барлық және жеке мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады. Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек. Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды жасайды.

Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т. б. ) әсері зерттеледі, ол үшін көп өлшемдер жүргізіледі. Оператор алынған өлшеу нәтижелерінде күмәні болмауы керек. Ол үшін эксплуатация кезінде үнемі слыстырып тексеруден өтетін, метрологиялық аттестациясы бар, сынаудан өткен өлшеу құралдарын ғана қолдану керек. Өлшеу кезіндегі әдіс, метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек. Аттестациялық әдістің талаптарын ескеріп, қолданған опператор өзінің өлшеу нәтижелерінің дұрыстығында сенімді болуға болады және егер де оның қателігі берілген шектен шықпаса. Барлық бағыттағы объектілерде заң шығарушы метрологияның негізін біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының бәрін практикада қолдана алатын мамандар болуы керек (басты метролог, өлшеу күйі үшін жауап беруші, өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар) . Өлшемді өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның бөлігін құрайды. Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау және жобалаудың барлық деңгейлерінен өтетді. Өлшеу техникасының даму деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен техникасы) өндірісі дамыған мемлекеттердің техникалық және ғылыми потенциалының көрсеткіші бағаланады.

Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2. 1-2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т. б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады (кірлер) . Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады. Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әртүрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині - бір механикалық бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині. Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және стандартты заттар жатады. Стандартты үлгі - белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату мақсатында метрологиялық аттестациялауға ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың белгілі мөлшері (пробасы) . Бұл сипаттама (немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген жағдайларында мәні белгілі шама болып табылады. Мұндай үлгілерге, мысалы, қаттылықтың нақтымәндері бар минералдар жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа минералдарда анықтау үшін пайдаланылады (Моос шкаласы) .

Өлшемдерді пайдаланғанда немесе жұмыс істегенде көбінесе басты назарды олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек. Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға бөлінеді (1, 2-разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгіліөлшеуішқұралдар) . Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.

1. 2 Өлшем құралдарын реестрге енгізу тәртібі

Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақ жүргізуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің метрология және техникалық реттеу комитетіне тапсырады (одан әрі Комитет) .

Типті бекіту мақсатында өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

  • сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерту жобасы немесе типтік бағдарламаға толықтырулар;
  • толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар өндіруші-фирманың құжаттамалар жинағы;
  • салыстырып тексеру құралдары мен әдістемелерін регламенттейтін пайдалану құжаттамасындағы тарау жоқ болғандағы ҚР СТ 2. 63 сәйкес салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы;
  • екі данада, 13х18 немесе 18х24 жалпы көріністегі суреттермен осы стандарттың Д қосымшасына сәйкес пішін бойынша типті сипаттау жобасы;
  • типтің сипаттамасын ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы өтініш берушінің хаты;
  • салыстырып тексеру құралдарымен Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процессіндегі өлшем құралдарының қамтамасыз етілгендігі туралы мағлұматтар, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді іске асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтер;
  • ұсынылатын салыстырып тексеру аралық интервалдың негіздігін растайтын құжаттар.

Шет елдік өндірушінің құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады. Өтінішпен қоса ұсынылған құжаттарды жұмыс үшін «ҚазМетрИн» РМК тапсырылады. «ҚазМетрИн» РМК өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында эксперименттік зерттеулер жүргізуге өтініш берушімен келісім шартқа отырады. Эксперименттік зерттеулер жүргізу туралы жұмысының орындау мерзімі келісім шарт бойынша төленген күннен бастап 3 ай. Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарының сынағы өтініш берішумен келісімге келген және уәкілетті органмен немесе мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығымен бекітілген ҚР СТ 2. 6-2003 талаптарына сәйкес жобасымен немесе типтік бағдарламен жүргізіледі, бекітілген орнатылған тәртібі бойынша типтік бағдарламаға өзгеріс немесе қосымша толықтырып енгізуге болады. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынаудың дұрыс нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология (Комитет) жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды және 5 жыл мерзімге, ҚР СТ 2. 21-2007 А қосымшасына сәйкес пішін бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен расталады.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақтар жүргізу тәртібі

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақ жүргізу үшін өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

  • типті бекіту туралы сертификат көшірмесі;
  • типті бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын соңғы сынау актілері, егер олар жүргізілген болса;
  • Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін өлшем құралдары үшін ГОСТ 2. 601 сәйкес пайдалану құжаттары, ал Қазақстан Республикасының аймағына енгізілетін өлшем құралдары үшін толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар дайындаушы фирманың құжаттамалар жинағы;

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынауды типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынаулар жүргізу кезінде уәкілетті органмен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізеді. Қажет болған жағдайда уәкілетті органмен бекітілген бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді, өлшем құралдарын дайындау конструкциясына немесе технологиясына енгізілген өзгерістер әсер ететін сипаттамалар мен параметрлерді тексеруді қосады.

1. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүейсінің қазіргі жағдайы

Өлшем бірлігі - бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз. Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді. Өлшеу қателігі «өлшеудің қатесі» деп атауға бола ма? Жоқ, себебі қате деп оператормен жіберілген қатені айтады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз - заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының формулировкасы туралы ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау) .

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары (1 Қосымша) :

  • қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі;
  • ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы
  • материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы;
  • қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Элементарлы өлшеу құралдары
Қысымды өлшеу құралдары
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық көрсеткіштері
Өлшеудің түрлері
Физикалық шамалар бірліктерін туындылау және олардың өлшемдерін беру
Бақылау өлшеу аспаптары және олардың түрлері
Өлшеу құралдарының қателіктерін нормалау
Өлшеу құралдарының түрін бекіту
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz