Өндірістік айналым қорлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 – тарау. Өнеркәсіптегі айналым қорларының мән – мағынасы және олардың
қалыптасуы
1.1. Өнеркәсіптегі айналым құралдары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Өндірістік айналым қорлары және олардың құрамы, құрылымы,
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Өнеркәсіптегі айналым қорларын
айналымдылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... 10

2 – тарау. Өнеркәсіптегі айналым қорларын есепке алудың тәртіптері
2.1. Өнеркәсіптегі айналым қорларын бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Айналым қорларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..17
2.3. Өнеркәсіптегі айналым қорларын
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

3 – тарау. Айналым қорларын пайдалану тиімділігінің экономикалық
маңыздылығы
3.1. Айналым қорларын пайдалану тиімділігін арттырудың экономикалық мәні
мен
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .21
3.2. Өнеркәсіптегі айналым қорларының тиімділігін арттырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.3. Айналым қорларын тиімділік нәтижесін қалыптастыру мәселелері ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 30

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізеді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын
әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпкерлік, яғни кәсіпорын немесе
өнеркәсіп.
Кәсіпорынның негізгі сатысы негізгі қорлар мен айналым қорларынан
құралады. Қай кәсіпорын болсын ең әуелі негізгі қорлар көзін қалыптастыру
керек. Содан – соң ол кәсіпорын өз қызметін жетілдіріп әрі қарай дамыта
алады.
Негізгі қорлар кәсіпорынның қайнар көзі десек, ал айналым қоры да сол
қайнар көздерді толықтырушы десек те болады. Сол себепті курстық жұмыс
мақсаты – негізгі қорлар түсінігін салыстыра отырып, олардың айналым
қозғалысын, негізгі көрсеткіштерін талдау және айналым қорларымен
ерекшелігін салыстыру мен ажырату болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, кез – келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы
ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана
қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе
емес.
Кәсіпорын өзінің іс - әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған
экономикалық негізгі қорлар мен айналым қорлары болуы қажет.
Барлық экономикалық қорлар немесе айналым қорлары жалпы бір қасиетке
ие олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі
деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі
негізгі міндеттері болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың жеке және
сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған
байланысты болады.
Сол себепті бұл курстық жұмыс келесідей мақсаттарға бағытталады:
- өнеркәсіптегі айналым құралдары және олардың жіктелуін жүйелеу;
- өндірістік айналым қорлары және олардың құрамы, құрылымы, мөлшерін
саралау;
- айналым қорларын қорландыру мәселелерін талдау;
- өнеркәсіптегі айналым қорларын бағалау әдістерін салыстыру;
- айналым қорларының есебін талдау;
- өнеркәсіптегі айналым қорларын түгендеу тәртібін анықтау;
- айналым қорларын пайдалану тиімділігін арттырудың экономикалық мәні мен
көрсеткіштерін салыстыру;
- өнеркәсіптегі айналым қорларының тиімділігін арттырудың маңыздылығын ашу;
- айналым қорларын тиімділік нәтижесін қалыптастыру мәселелерін шешу болып
табылады.
1 – тарау. Өнеркәсіптегі айналым қорларының мән – мағынасы және олардың
қалыптасуы
1.1. Өнеркәсіптегі айналым құралдары және олардың жіктелуі
Кәсіпорын өзінің жұмысын атқару үшін негізгі және айналым қорларын
құрайды.
Айналым қор – ақша қорының жиынтығы. Айналым өндірістік қорларды және
айналым капиталын ұйымдастыру үшін пайдаланады.
Айналым қоры – кәсіпорынның айналымынды болатын және айналымдылық
сатылардан өтетін ақша қаражаты. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы:
(қосымша - 1)
Өндірістік айналым қорлары – оларға жататын өндірістік құралдар
өздерінің натуралдық формаларын өзгертіп, барлық тұтыну құнын дайын өнімге
қосады және тауардың өзіндік құнының негізгі бөлігі болып табылады. Айналым
қорлары тауарлардың айналым процесінің қызмет етуімен байланысты.
Кәсіпорынның айналым қорларын нормалау, ол кәсіпорын ырғақты жұмыс
атқару үшін қажетті минералдық,материалдық ресурстардың мөлшері. Айналым
қорлары құрылуына қарай өз немесе меншіктік және қарызға алынған
қаражаттарға бөлуге болады. Кәсіпорынның ырғақты жұмысы максимальды
нәтижеге минимальд шығындар жұмсау арқылы қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның
айналым қаражаттары өндіріс және айналым кезеңіне өтуге қажетті уақыт
айналымдылық кезең деп аталады.
Кәсіпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыру үшін айналым қаражатының
көлемін анықтау керек. Кәсіпорынның айналым қаражатының тиімді пайдалану
үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
1. Айналым қорларының айналымдық коэфиценті
2. айналым қорларының жүктеме коэфиценті
3. бір айналым ұзақтығы
Айналым қорлары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан өтеді:
1. дайындық сатысы немесе ақша сатысында кәсіпорын ақша қаражаттарын
еңбек заттарын сатып алу үшін төлеуге жұмсайды. Бұл сатыда айналым
қорлары өндіріс сатысына өтеді.
2. Өндірістік сатыда – айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп
әуелде шала фабрикаттарға содан соң аяқталған өндіріс процесіне дайын
өнімге айналады. Бұл сатыда дайын өнім қоры пайдалы өндіріс қорынан
жалақы шығындарынан негізгі қорлар амортизациясынан құрылады.
3. Тауардық сатыда дайын өнім сатылады нәтижесінде айналым қорлары
қайтадан ақшалай сатыға өтеді
Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып жаңа ауыспалы
айналымға ауысады. Айналымның барлық үш сатысы белгілі орында болады,яғни
сатып алынады өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады және т.с.с.
Осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген
өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді.
Барлық айналым қорлары 2 топқа бөлінеді.
1) өндірістік
2) айналым қорлары.
Айналым капиталы – ол бір өндірістік циклдан толығымен пайдаланылатын
және дайын өнімге өзінің құнын тек бір реет толығымен көшіретін және
өндірістік процесінде өзінің натуралдық формасын өзгертетін өндірістік
қорлардың бір бөлігі. Кәсіпорынның айналым қорлары өндірістік қорларды
жасау үшін жиналған ақша қаражатының жиынтығы және егер негізгі өндіріс
қорларының өндіріс процесінде бірнеше реет қолданылса, ал айналым қорлары
тек қана бір реет толығымен пайдаланылады.
Өндірістік айналым қорлары:
А) өндірістік қорлар. Ол өндіріс процесінде пайдалануға дайындалған еңбек
заттары, яғни шикізаттар, ол өнеркәсіп өңдеуінен өтпеген еңбек заттары.
Мысалы, ағаш, мақсат, мұнай, көмір, т.б.
Б) материалдар. Ол өндірісте бірінші өңдеуден өткен еңбек құралдары.
Мысалы, металдар, мұнай және газ өнімдері.
Материалдың өзі 2 топқа бөлінеді:
1) негізгі;
2) көмекші.
Негізгі материалдар – бұл өнімнің маңызды элементі болып табылады.
Мысалы, машина жасау кәсіпорындағы негізгі материалға әртүрлі металдарды
жатқызуға болады.
Көмекші материалдар – бұл өнімнің сыртқы түсін немесе әртүрлі
қасиеттерін жасау үшін қажет. Мысалы, бояу, лак, желім, т.б.
Жанар-жағармай және отын. Мысалы, бензин, мұнай.
Жартылай фабрикат. Мысалы, әртүрлі өндіріс процесінде пайдала -
нылатын және толық өңдеуден өтпеген еңбек заттары.
Ыдыс материалдары. Мысалы, жәшіктер, мешок, т.б.-Тез тозатын және құны
аз заттар.
1.2. Өндірістік айналым қорлары және олардың құрамы, құрылымы, мөлшері
Айналым құралдарының негізгі бөлігін өндірістік айналым қорлары
құрайды. Осы қорлардың мөлшері өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс және
келешек мерзімдерге тән шығындар түрінде жеке – жеке есептеледі. Орталық
кәсіпорындардағы дайын өнім қорлары айналым қорларының есебінен
қаржыландырылса да, өндірістік айналым қорлары секілді мөлшерленеді.
Өндірістік айналым қорлары заттай қор түрінде сақтау, құру, нормалау
және түрлі қаржы көздері есебінен қалыптастыру қажеттілігіне қарай заттай
және құны бойынша бағаланады.
Өндірістік айналым қорларының 45 пайызы кәсіпорындардағы жабдықтаушы
логистикалық қосалқы жүйе барысында құрылатын өндірістік қорлардан
(шикізаттар, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер,
құрастырушы бұйымдар, көмекші материалдар, жөндеу жұмыстарына қажетті
қосалқы бөлшектер мен құрал - саймандар, керек – жарақтар салынатын
қораптар мен ыдыстардан) жинақталады.
Өндірістік қор ағындық қордан, кепіл қорынан және дайындық қордан
тұрады. Ағымдық қордың нормативтік көлемі материалды және онымен теңдес
ресурстардың орташа тәуліктік өндірістік тұтыну мөлшері мен жабдықтау
жұмыстары арасындағы уақытқа тәуелді болады. Ағымдық қордың көлемі осы
ресурстардың өндірістік тұтыну мөлшерінің жартысына тең. Кепіл қоры бұрынғы
жабдықтаушының өндірісі тоқырауға ұшыраған жағдайда, жаңа жабдықтаушы мен
ресурстарды тасымалдау жолын іздеуге қажетті қор болып табылады.
Дайындық қордың көлемі материалды ресурстардың орташа тәуліктік тұтыну
мөлшері мен оларды өндірістік тұтынуға дайындау үшін кеткен уақытқа тәуелді
болады.
Өндірістік логистикалық қосалқы жүйе кезінде аяқталмаған өндірістің
көлемі мынадай үш фактордың негізінде анықталады: өндіріс көлемі,
өндірістің циклдық ұзақтығы және материалды ресурстарға кететін шығындардың
пропорционалды түрде артуы мен өндіріске жұмсалатын басқа да шығындардың
жартысын негізге ала отырып, есептелетін шығындардың арту коэффициенті.
Сату жұмыстарының логистикалық қосалқы жүйесі кезінде қоймадағы дайын
өнім қорының мөлшері дайын өнімді дайындау мен жіберуге және төлем
құжаттары мен жолдама анықтамаларын толтыруға кеткен уақыт бойынша
анықталады.
Өндірістік айналым қорларын мөлшерлеу процесі барлық мөлшерленген және
мөлшерленбеген айналым құралдарының қосындысы негізінде айналым
құралдарының жалпы мөлшері анықталғаннан кейін аяқталады. Осылайша
айналым құралдарына деген қажеттіліктің қаншалықты қысқарғандығын немесе
қаншалықты артқандығын айқындауға болады.
Ең алдымен, өнім шығару көлемін нарықтық сұранысқа сай арттыру немесе
басқа нысандарды жүзеге асыру үшін босатылатын айналым құралдарын тиімді
пайдалану мәселесін шешу қажет. Кері жағдайда, айналым құралдарын
толықтыруға қажеттілік туындап, басқа қаржы көздеріне жүгінуге тура келеді.

Іс жүзінде, өндірістік айналым қорларын мөлшерлеу процесі түрлі
әдістер бойынша жүзеге асырылады. Тәжірибелік – технологиялық әдіс кезінде
өндірісте бар технология мен ұйымдастыру шаралары негізінде ресурстардың
шектеулі шығыны анықталады.
1.3. Өнеркәсіптегі айналым қорларын айналымдылығы
Айналым қорлары өзінің қозғалысында 3 кезеңнен өтеді.
1) ақшалай;
2) өндірістік немесе өнімді кезеңі;
3) тауарлық кезеңі.
1.Ақшалай кезең – мұнда кәсіпорын өзінің ақша ресурстарын, өндірістік
қорларды сатып алуға және қалыптастыруға жұмсайды. Яғни, ақша қаражаттарын,
шикізаьттарды, материалдарды, өндіріс процесіне қажетті элементтерді сатып
алу үшін толық пайдаланылады. Бұл кезеңде ақшалай ресурстар материалдық
запастарға айналады.
2.Өндірістік немесе өнімді кезең. Бұл кезде кәсіпорын НӨҚ-дың активті
бөлігінің элементтері арқылы дайын өнімді өндіреді. Бұл кезеңде өнімнің
өзіндік құны қалыптасады.
3.Тауарлық кезең. Бұл кезеңде кәсіпорынмен өндірілетін дайын өнімдер
нарыққа шығарылады және өндірілген өнімнің тауарлық формасы ақшалай формаға
айналып кетеді.
А - Ө - Т (ақшалай өндіріс тауар)
Айналым қорларының айналым қоры көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады:
А – Т ... Ө ... Т` - А`
А – кәсіпорынмен жинақталған ақша қаражаттары;
Т - өндіріс құралдарының активті бөлігі;
Ө - өндірістік процестер;
... – айналым құралдарының айналуы тоқталғандығын көрсетеді;
Т` - дайын өнімдер, тауарлар;
А` - өнімді сатқаннан кейінгі түскен ақша қаражаттары;
Айналымдағы айналыс құралдары басқа өндіріс сферасында жалғасады,
сонда да кәсіпорынның іс-әрекеті үздіксіз өндіріс процесін қамтамасыз
етеді.

Кәсіпорынның айналым қорларының мөлшерін, оның көлемі, тиімді әрі
өндіріс процесіне қажетті басқа да материалды сатып алу үшін кәсіпорын
төмендегі факторларды анықтау қажет:
• шикізаттың немесе материалдың саны мен сапасы;
• отын және жанаржағармайларының мөлшері;
• дайын өнім ассортименті.
Айналым қорларының мөлшерін анықтау кезінде кәсіпорын жалпы фактордың
уақытын есепке алуы қажет. Мысалы, әртүрлі құжаттардың дайындалу уақыты,
шорттарды төлеу уақыты, материалдық құндылықтарды сақтьау уақыты, өнімді
өткізу уақыты. Айналым қорларының нормативі мынадай формуламен есептеледі:
Н – дегеніміз ол анықталынатын уақытқа (1 жыл, квартал (90), 1 ай)
жететін запастардың мөлшері;
А – дегеніміз - айналым қорларының элементінің шығындары
(берілген мерзім аралығындағы);
Т – мерзімнің ұзақтығы;
Нз - айналым қорларының элементінің запасының нормасы;
Нс – дегеніміз шығындар (мерзім бойынша);
Айналым қорларының қалыптасу көздері:
1) Кәсіпорынның табысы;
2) Несиелер;
3) Акционерлік және жарғылық капитал;
4) Жарнамалар;
5) Бюджет қаражаттары;
6) Дебиторлық бережақтар;
Айналым қорларын нормалауға байланысты кәсіпорын запасының бірнеше
түрлері бар:
1) Қазіргі немесе күнделікті қор;
2) Сақтандыру қоры. Мұндай қор мынадай жағдайда қалыптасады:Шикізаттар
мен материалдардың ұзақ уақытта қамтамасыз етілмеген жағдайында
және олардың сапасыз болған жағдайында;
3) Маусымдық және мерзімдік қорлар;
Айналым қорларының нормалануы. Айналым қорларының қажеттігін анықтау
үшін әрбір кәсіпорын олардың нормативін анықтау қажет. Айналым қорларының
нормасы пайдаланылатын күн-р санымен анықталады.
Айналым қорларының нормалануы мынадай нормативтермен қалыптасады:
• өндірістік қорлар;
• шикізат нормативі;
• жалпы және қосымша материалдар нормативі;
• сатылып алынатын жартылай фабрикаттар нормативі;
• отын және жанармай нормативі;
• аз құнды және тез тозатын бұйымдар нормативі;
НӨҚ-ды жөндеу үшін қажетті бөлшектердің нормативі:
1) Аяқталмаған өндірісте нормалау:
а) кәсіпорынның өзінің жартылай фабрикатының нормативі;
б) аяқталмаған өндіріске қажет еңбек затының нормативі;
2) Алдағы кезеңдер шығыныңы нормативі;
3) Қоймадағы дайын өнімнің нормативі;
4) Айналым қорларының ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша
қаражатының нормативі;
Айналым қорларының нормалаудың басты мақсаты – ол айналым қорларының
тиімді мөлшерін анықтау. Айналым қорларын нормалау процесінде кәсіпорын
мынадай шарттарды есепке алуы қажет:
Көрсеткіштер бойынша айналым қорларының тиімділігін анықтау үшін
мынадай жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:
1) айналым қорларының айналымдылығы;
2) бір айналым қорының ұзақтығы;
3) айналымдылық коэффициенті;
4) салу коэффициенті.
Айналым қорларындағы – ол айналым қорларының тиімділігін көрсететін
жалпы көрсеткіш. Яғни, ол анықталатын мерзім бойынша айналым қорларын
пайдалану арқылы жасалынған айналым қорларының саны мен өндіріс және айналу
процесі бойынша айналым қорлардың қозғалысының жылдамдығы. Айналымдылық
мынадай формуламен анықталады:
Q – сатылған немесе өндірілген өнімнің мөлшері;
Ақ.о.ж.м. - айналым қорларының орташа жылдық мөлшері (айналым
қорларының әр айының басындағы қалдығы)
Айналым қорларының о.ж.м. мынадай формуламен табылады:
Айналым қорларының 1 айындағының ұзақтығы = П – анықталынатын уақыт
күндерінің саны
Мысалы, 1 жыл (360), 1 ай (30 күн) квартал (90).
Айналым қорларының айналымдылығының коэфициенті:
- қанша теңге жұмсалғанда қандай көлемде өнім алатындығын көрсетеді.

2 – тарау. Өнеркәсіптегі айналым қорларын есепке алудың тәртіптері
2.1. Өнеркәсіптегі айналым қорларын бағалау әдістері
Өнеркәсіптегі айналым қорлары мына әдістер негізінде бағаланады:
- арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі;
- орташа өзіндік құнын есептеу әдісі;
- ФИФО әдісі;
- ЛИФО әдісі;
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен – бірін
алмастыруға болмайтын немесе өнеркәсіпте ерекше тәртіппен пайдаланылатын
нақтылы бір айналым қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс
жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп
шығаруды көздейді. Сондай – ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе
өнеркәсіптің өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған
материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша өнеркәсіпке кіріске алынған
әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіпіске алынғандығы шоты бойынша
бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Айналым қорлар
тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың
басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар
құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы
кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы
анықталады.
ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы
кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып
табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте
кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп
жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған айнадым
қорлары бірінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс деп
есептеледі. Бұл жағдайда ай соңында өнеркәсіптің қоймасында қалған
материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен
бағаланады.
ЛИФО әдісі өнеркәсіпке ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар
тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға
негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін айналым
қорларына өнеркәсіпке ең соңғы кіріске алынатын қорлардың тиісті өзіндік
құны бойынша бағаланады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
Ақша қорлары ның элементтері
Кәсіпорындағы неізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Айналыс қорлары
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Пәндер