ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЛАСТЕРЛІК БАСТАМАЛАР
1. 1 Кластерлер - бәсекелестік жағдайында экономиканы өзбетінше ұйымдастырудың жаңа нысаны … … … … … … … … … … … … … … 1
1. 2 Қазақстан экономикасының инновациялық-технологиялық дамуындағы кластерлер рөлі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 4
1. 3 Кластерлеудің әлемдік тәжірибесі … … … … … … … … … … … … … … 6
II. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
2. 1 Павлодар облысының экономикалық дамуы жағдайының талдауы ……8
2. 2 Павлодар облысында кластерлер қалыптасуының және дамуының мониторингі … … … … …… … … … … … … … … … … … … … … … … 11
2. 3 Кластерлік үлгіні ауылшаруашылығында қолдану … … … … … … … 13
III. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ
БАСТАМАЛАРЫ … ……… … … … … … … … … … … … … … … … … … 19
Қорытынды
"Біз өткен күннің
күлін емес, отын алуға тиіспіз"
Ж. Жорес
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жақын және ұзақ мерзімді болашақтағы дамуының негізгі бағыттары болып өндіргіш күштердің жоғарғы индустриалды жүйесіндегі қоғамдық ұдайы өндірісте өз орынын алуын қамтамасыз етуге және постиндустриалдық қоғамға көшуге алғышарттар қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа заманғы ғылыми-техникалық төңкеріс негізінде әрі қарай индустриялану табылады. Алға қойылған мақсатқа жету Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет.
Ғаламдық жаһандану жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігін жекелеген фирмалар емес (тіптен ірі және технологиялық дамыған болса да), өзара экономикалық тығыз байланыстағы шаруашылық субъектлердің кластерлері қамтамасыз етеді. Кластерлік даму тұжырымдамасы әлемдік беделге ие болды. Ал, әлде қайда дамыған елдердің тәжірибесі кластерлік тәсілдің болашағы зор екендігін көрсетеді.
Кластерлік ыңғайдың мәні нақтылы шаруашылық тиімділікке жету жолында бірін-бірі толықтырушы, бәсекеге қабілеттілікті арттыратын және аймақтың, елдің экономикалық дамуын ынталандыратын, географиялық оқшауланған өзара байланысты компаниялар, құрал-жабдықтармен жабдықтаушылар, толықтырушы, арнайы өндірістік қызметтер, инфрақұрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары, жоғарғы оқу орындары және басқа да ұйымдардың белгілі бір тобын құру болып табылады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсаты баршамызға аян.
Жұмыстың өзектілігі: экономиканы, соның ішінде ауыл шаруашылығын кластерлеу елдің ЖІӨ-ін екі еселеу мақсатына жету жолындағы Қазақстанның ірі қадамы болып табылады.
Жұмыста Павлодар облысы экономикасын кластерлеумен байланысты туындап отырған мәселелер қарастырылған және оларды шешу жолдарын анықтауға талпыныстар тақырыптың өзектілігін айқындайды және тақырыпты таңдауға негіз болды.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Павлодар облысында кластерлердің қалыптасуына және дамуына талдаулар жасау және жағдайларын анықтау, кластерді қой шаруашылығында пайдаланудың маңыздылығын анықтап, ұсыну.
Ғылыми жұмысты орындау келесілерді алдына міндет етіп қояды:
- Павлодар облысында кластерлердің қайсы бір түрлерін орналастыру мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шет елдердің кластерлер құру тәжірибесін зерделеу;
- Павлодар облысының агроөнеркәсіп саласына талдаулар жүргізу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізіне ҚР агенттіктерінің статистикалық жинақтары, статистикалық мәліметтері, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауы, «Қазақстанның 2003-2015 жылдардағы инновациялық-индустриальды дамуы» стратегиясы алынды.
I. Қазақстандағы кластерлік бастамалар
1. 1 Кластерлер - бәсекелестік жағдайында экономиканы өзбетінше ұйымдастырудың жаңа нысаны
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы - ХХІ ғасырдың басы интеграциялық үдерістердің белсенуімен сипатталады. Интеграция - шаруашылық топтардың мега және макро деңгейлерге бірігуінің институциональды даярланған жүйелі үдерісі. Интеграция макро деңгейде ел экономикасында шаруашылық топтардың-кластерлердің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.
Кластерлер теориясының негізін қалаушы ағылшын экономист Майкл Портер болып табылады. Оның анықтамасына сәйкес, кластер деп белгілі бір салада қызмет көрсетулерге маманданған, өзара байланысты компаниялардың, фирмалардың жағырафиялық белгілері бойынша топтастырылуы айтылады. [1]
Кластерлерге өнеркәсіпті өзбетінше ұйымдастырудың аталмыш түрінің мазмұнын ашып көрсететін тағы да бірнеше анықтама бере отырып, солардың ішінен А. Алимбаевтың тұжырымдамасына тоқталар болсақ, оған сәйкес кластер, нақтырақ айтқанда, әдетте нарық арқылы емес және бағаларда көрініс бермейтін фирмалар арасындағы көлденең байланыстар түріндегі фирмалараралық торлар және өнеркәсіптік топтар өнеркәсіптің дамуы үдерісін анықтайды.
Кластер - әлемдік нарыққа енуші ірі және ұсақ фирмалардың көлденең торы. Кластердің жағырафиялық ауқымы бір қала немесе облыстан бастап бір ел немесе бірнеше көрші елдерді қамтуы мүмкін. Кластерлер алуан түрлі нысанда болады және олардың өзіне тән қасиеттері бар. Бұл өнімді қайта өңдеу тереңдігі, өндіріс тармақтарының қамтылуы, аталмыш өндіріс түрінің күрделілігі деңгейі, қайта бөлу шамасы, ғылымсыйымдылығы, қаржылық, кадрлық, құрал-жабдыққа, машиналарға, тетіктерге қажеттілігі, жалғаспалы өндіріс өнімдеріне қажеттілік, ұлттық экономиканың кластерге тартылу деңгейі. Кластер үшін оның түпкілікті өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі, ғылымсыйымдылығы, беріктігі, сыртқы сұранысқа ие болуы, сонымен қатар ішкі нарықтың оған мұқтаждығы, оның шикізаттарының үнемі тез жаңғыртылуы маңызды. Сонымен қатар, бұл кластер аймақтың, мемлекеттің, континенттің шаруашылығына әкелетін нәтижесі, қандай әлеуметтік және саяси мәселелер шешілетіндігі. Әрине, кластердің бір ғана және керемет мінсіз «рецептісі» жоқ, кластерлік үлгілер бір-бірінен өзгеше болғанымен, қайда болмасын олар шағын және орта бизнестің, аймақтың дамуына қуатты түрткі береді. [2]
Дамыған елдер экономикасы құрылымындағы әрекет етуші кластерлердің көптігі кластерлер жіктелінімін жасауға мүмкіндік береді.
Кесте 1 - Кластерлер типологиясы
1) ашық:
- трансшекаралық; - индукциондық.
2) жабық
1) ашық - басқа аймақтарда орналасқан кәсіпорындармен бірлесе әрекет ететін кластерлер:
- трансшекаралық - қызметі басқа аймақтардан кіретін және шығатын ағындар айналасында құрылған және аймақтың ішкі ресурстарын пайдаланатын кәсіпорындар тобы;
- индукциондық - аймақ ішінде орналасқан, бірақ ағындары тереңнен индуцирленетін кластерлер;
2) жабық - тек аймақ ішінде әрекет ететін кластерлер.
1) толық пайдалану;
2) елеулі;
3) ішінара
4) әлсіз
1) пайдалануы 100 %;
2) 80%-дан көп;
3) 50%-дан көп;
4) 50%-дан аз.
1) сенімді;
2) ұзақ мерзімді;
3) қауіпті
1) жалпы алғанда мемлекет немесе жекелеген жағдайларда аймақ үшін стратегиялық маңызды, кластер кәсіпорындарымен қамтамасыз етілетін;
2) нарықтық тәртіптермен қамтамасыз етілген, бұрыннан қалыптасқан арна;
3) салыстырмалы түрде жаңа арналар
1) елеулі;
2) әлсіз;
3) қолдаусыз.
1) елеулі;
2) әлсіз;
3) қолдаусыз.
Ескерту - М. Ф. Дригоның оқулығындағы әдіспен автор құрастырған
Аймақты экономикалық тұрақтандыру жағдайында аймақтық-өнеркәсіптік кешендерді қалыптастыру. Мәскеу. 2005. 206б.
Кесте 2 - Кластерлер жіктелінімі
Бастапқы ресурстарды толық тұтынатын және өткізу арналары сенімді ашық (трансшекаралық, индукционды) кластерлер. Мемлекеттік қолдау оның позициясын нығайта алатын болса да, ол оны қажетсінбейді
Аймақтың кластерлері арасындағы логистикалық ағындарды ұйымдастыру және бақылау.
Жаңа технологияларды игеру және өндірісті ұлғайту үшін экономикалық ынталандырғыштарды қалыптастыру.
Кластерлердің қызметтерін инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді жетілдіру
Негізінен бастапқы ресурстарды елеулі тұтынатын және ұзақ мерзімді өткізу арналары бар, толық мемлекеттік қолдауларға ие емес ашық кластерлер
Бұлар негізгі міндеттері ақырына дейін (түпкілікті) пайдаланылмайтын ресурстарды өткізу болып табылатын, мемлекеттік қолдау төмен және ұзақ мерзімді немесе қайтабөлу арналары қауіпті негізінен жабық немесе индукциондық ашық кластерлер
Аймақтың алдыңғы қатарлы салаларын жаңа нарықтарды игеруі барысында туындайтын бөгеттерді жеңіп шығуына түрлі қолдаулар көрсетудің мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыру. Жекелеген кластерлердің қызметтерін қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды жетілдіру
Ескерту - М. Ф. Дригоның оқулығындағы әдіспен автор құрастырған
Аймақты экономикалық тұрақтандыру жағдайында аймақтық-өнеркәсіптік кешендерді қалыптастыру. Мәскеу. 2005. 206б. [3]
1. 2 Қазақстан экономикасының инновациялық-технологиялық дамуындағы кластерлер рөлі
Қазіргі уақытта бизнес ортада кластерлік бастамалар бәсекеге қабілеттілікті көтерудің маңызды құралдарының бірі ретінде, кәсіпкерлер арасындағы, сонымен қатар бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы кооперацияны жақсартудың бір амалы ретінде қабылданады.
Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясына сәйкес қарқынды дамуын жалғастыра түсуде.
Қазақстан экономикасы және әлеуметтік саласы дамуының стратегиялық басым және кластерлік үлгісінің жүзеге асырылуы, оның оң серпінінің қарқын ала бастағанын айғақтайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігінің әрі қарай дамуы экономиканың қазіргі тұрған сатысынан өтуіне байланысты бағаланады.
Бірінші сатыда - экономиканың дамуына негізгі факторлар, ең алдымен елдің табиғат байлықтары әлде қайда үлкен рөл ойнайды.
Екінші сатыда - тиімділік әлде қайда маңызды болады, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану қажет. Бұл саты индустриялы қоғамға сәйкес.
Үшінші саты инновацияның және өз технологиясының өте жоғары деңгейін, яғни индустриядан кейінгі қоғамды бейнелейді. Қазіргі уақытта Қазақстан бірінші сатыдан екінші сатыға көшер шекарааралық күйде тұр, яғни Қазақстан экономикасы дамуының сапалық бағалауы экономикалық, қоғамдық және басқару үдерістерінің тиімділігін арттыруға тәуелді.
Осылайша, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға толық ықпал етуі тиіс 6 жыл бұрын басталған экономиканы кластерлеу бағдарламасы қоғам өмірінің барлық салаларын қозғауда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев нақтылы жағдайларды және экономикалық дамудың әлемдік беталысын бағдарлай отырып, қазіргі кезеңдегі ұлттық идея елдің бәсекеге қабілеттілігі болуы тиіс екендігін өте орынды атап айтады. Аталмыш постулат өте маңызды мәнге ие, бұл терең түсінік айналасында қоғамдық пікірді қалыптастыру ҚР-ның дамыған 50 елдің қатарына енуге бағытталған стратегиялық міндеттерін шешуге көмектеседі.
Кластер концепциясы ұлттық экономиканың, аймақ немесе қала экономикасының дамуына жаңа көзқарас ұсынатындығымен қызықты, сонымен қатар әрі қарай халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге негіз болатын, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылатын компаниялардың, үкіметтің (немесе жергілікті басқару органдарының) және басқа да ұйымдардың жаңа рөлін ашады. әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі болып алдыңғы қатарлы компаниялардың, дәлірек айтқанда осы компаниялармен құрылған кластерлердің өнімділігі табылады.
Қазіргі кезеңде ел экономикасы жоғары дәрежеде экспортқа бағытталған. Стратегиялық мақсаттар ретінде, алдағы кезеңдегі ҚР-ның индустриялық даму міндеттерін ескере отырып, экономиканы инновациялық дамытуға және дағдарыстан шығаруға мүмкіндік беретін кластердің нақтылы тетіктерін зерттеу қажет. Мұнымен байланысты кластерлік ыңғай заңды болып табылады. Кластердің бірқатар артықшылықтары Қазақстанның алдында тұрған міндеттеріне орынды үйлеседі. Оған ел аймақтарының біркелкі дамуын, инновацияны, экономиканы әртараптандыруды, экспорттық өндірістерді құруды және қосылған құны жоғары өнімдермен әлемдік нарыққа шығуды жатқызуға болады.
Қазақстан экономикасын кластерлеу тарихына көз жүгіртер болсақ, мұндай шаралар (АӨК дамыту) өткен ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанның жоспарлаушы органдарының басшылығымен жүргізілген. АӨК - "аумақтық-өндірістік кооперация". Қазақстан үшін түп негіз сөзсіз содан алынған.
Кеңестер Одағының кезіндегі Қазақстанның кластерлік ыңғайына мысал алуан түрлі терлерді илеумен айналысатын бірнеше кәсіпорындардың басын қосқан, Жамбыл тері-аяқ киім кәсіпорыны бола алады. Ол тері илеумен қатар, аяқ киімдерге түрлі аксессуарларды даярлаумен және тігумен айналысқан.
Қазіргі уақытта мұндай ыңғайдың біздің елде өндіруші өнеркәсіп саласында жетістікке жеткен мысалдары бар. Мысалы, «Қазақмыс» мыс өндіреді. Мыс өндіру үшін мыс кені қазылып алынады, әрі қарай ол байытылады, балқытады, түпкілікті өнім-катод мысын жасайды, сонан кейін катод мысы кешенді ұқсатылу -аффинаждық өндіріс сатысына өтеді, қазіргі уақытта мырыш зауыты іске қосылған, мыс катанкасы, эмальсымы цехы бар, сонымен қатар бұл өндіріске ілеспелі -транспорт жүйесі, өзіне электр энергиясын өндіру және тасымалдаушы кәсіпорындарды енгізетін энергожүйе, осы құрылымға энергияны алуға қажетті көмірді өндіру де кіреді. Әрі қарай түрлі көмекші материалдар мен тетіктер жасайтын ілеспелі машинажасау зауыттары бар. Мұндай инертті өндіріс үшін кластерлік тәсіл жақсы нәтижелер береді. Алайда, бұл онсызды жеткілікті дәрежеде дамыған шикізат саласы болатын.
Қызметтері гүлденген кластерлерді дамыту экономиканы дамыту жолында ең бір елеулі қадамды қалыптастырады. Аймақтың бәсекеге қабілеттілікке жетудіңнегізгі әдісі болып кластерлік үлгіні қолдану табылады.
Кластерлер бәсекелі күреске үш түрлі жолмен ықпал ете алады: біріншіден, өзінің құрамына кіретін фирмалар мен салалардың өнімділігін арттыру арқылы; екіншіден, инновациялық қабілетін арттыра отырып, өнімділігін көтеру арқылы; үшіншіден, инновацияны және кластер шекарасының кеңеюін қолдайтын жаңа бизнестерді ынталандыру арқылы. Кластерлерді маңыздылығы жалпылай алғанда жекелей алған бөлшектерден асып түсетін, фирмалар мен ұйымдардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әлде қайда тиімді нұсқасы болып инновациялық өнеркәсіптік кластерлер табылады. Әлеуметтік-экономикалық әртүрлі жүйедегі елдердің экономисттерінің пайымдауларынша, оларда кластерлер ғана әлде қайда жемісті қалыптасып, дамып, ілгері жылжуда. Кластерлеу тәжірибелері көрсеткендей, тиімді және дер кезіндегі қаржылық, сонымен қатар ғылыми-теоретикалық қолдаулар, іс-әрекеттердің аймақтық бағыттарының келесі құрамдастығы дамуға түрткі болады:
- бәсеке саясаты;
- кәсіпкерлік ортаны дамыту;
- инновациялық, инвестициялық және әлеуметтік саясат.
Барлық құрлық елдерінде, әсіресе жоғары деңгейде өнеркәсіптік-дамыған елдерде экономиканың аяғынан тұрып және өсуі саясатының қалыптасуына кластерлер үлкен рөл ойнайды. Кластерлік құрылымдар көмегімен басқа аймақтардағы қайта құруға (реструктуризациялауға) немесе кенже қалған аймақтар экономикасының дамуына серпін беруге мүмкіндік пайда болды.
Кластердің инновациялық қызметтер тікелей аймақтарда жүрілетіндіктен, ұлттық экономикалық жүйенің дамуының кластерлік үлгісінің инновациялық-технологиялық бастамалары аймақтар шеңберінде де қарастырылуы тиіс. Салыстырмалы түрде жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетке Батыс және Орталық Қазақстан аймақтары, орташаға Солтүстік және Шығыс, ал ең төмен әлеуетке Оңтүстік Қазақстан аймақтары ие. Сондықтан, инновациялық дамудың кластерлік үлгісін игеру үшін Батыс және Орталық Қазақстан кәсіпорындарының сынақ аймағы ретінде таңдалуы орынды. Мұнда индустриалдық кешеннің алдыңғы қатарлы салалары, елеулі ғылыми-өндірістік әлеует, білікті инженерлік-техникалық әлеует шоғырланған.
Осылайша, кластерлердің жемісті тереңдеп енуі және кеңеюі экономикалық дамудың ажырамас бөлігі болып табылуда. Үнемі өнімділіктің өсімін қамтамасыз ету әрқашанда өзекті мәселе. Экономика неғұрлым дамыған болса, экономиканың тиімділігін арттыру үшін өнімдер, қызметтер инновациясы және өндіріс тәсілі соншалықты үлкен маңызға ие болады.
1. 3 Кластерлеудің әлемдік тәжірибесі
3-мың жылдықта өркениет өзара тығыз байланысты жаңа технологиялар енгізу (микроэлектроника, телекоммуникация, компьютер, робототехника, жаңа материалдар жасау, биотехнология, ақпараттандыру және т. т. ) негізінде инновациялық өндірістің жаңа нысандарын талап еткен жаңа технологиялық «секірістің» жотасына шықты. Тиімділікті арттырудың елеулі элементі болып өндірушілердің аймақтық бірлестіктерімен байланысты туындаған ұйымдастырушылық факторлар табылады. Бұл жағдайда, жекелеген кәсіпорындар емес, компанияның бірлескен технологиялық концепциясы арқасында өздерінің транзакциондық шығындарын қысқартатын аймақтық өнеркәсіп кешендері бәсекеге түседі.
Аталмыш ыңғай кластерді ұйымдастыруды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде кластерлік дамудың мысалдары жеткілікті. Кеңестер Одағы аталмыш бағыт бойынша дамыған. Бұған, атақты Генри Фордтың автомобильдер жасау өндірісі мысалы бола алады. Ол темір рудасынан бастап түпкілікті өнім - автомобиль шығаруға дейінгі барлық салаларды қамтыған біртұтас жүйені құрайтын өз империясын қалыптастырған.
Данияның экономикасын кластерлеу тәжірибесі баршаға аян. Бүгінгі күні Данияда 29 алдыңғы қатарлы кластер әрекет етеді. 1992 жылы кластерге елдегі барлық фирмалардың 40% кірген, олар ел экспортының 60% қамтамасыз ететін. 1997жылы фирмалар, ұйымдар, институттар, министрліктерден 35 жұмыс тобына біріккен 513 талдаушылардың зерттеулерге қатысқандығы жылдық есепте келтірілген. Дания транспорт кластері Еуропаның орталығында орналасқанына, сумен жүк тасу торабына, Роттердамдағы порттың тиімділігіне және даниялықтардың тарихи теңізде жүзу біліктіліктері мен тәжірибелеріне қарыздар.
Италияда арнайы кластерлер салалық металл өңдеу-кеспелі құралдар, мода-дизайн, тері-аяқкиім, ағаш өңдеу-жиһаз комбинациялары қалыптасқан, өнеркәсіп аудандарында орналасқан.
Кластерлік экономиканың мысалы АҚШ-дағы компьютерлік техника және ақпараттық технологиялар саласындағы «Силикон алқабы», кино өндіріс саласындағы - Голливуд.
Сонымен қатар, кластерлер әдеттен тыс, күрделі немесе жергілікті артық сұраныс нәтижесінде қалыптасуы мүмкін. Израильдың ирригациондық құрал-жабдықтар өндіру және басқа да алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша кластерлері су тапшылығы және ыстық климаттық жағдайларымен, яғни ауылшаруашылығы дақылдарын құрғақшылық жағдайында өсіру қажеттілігімен байланысты елдің азық-түлікпен өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз ету ниетін бейнелейді.
Салалық кластерлер Финляндия экономикасының негізі болып табылады. 1995 жылы Портер теориясының ықпалымен бұл елде «Advantage Finland - The Future of Finnish Industries» атауымен ауқымды зерттеулер басталды. Финляндияда 9 негізгі кластерлер құрылған: ақпараттық және телекоммуникациялық, орман, металлургиялық, энергетикалық, бизнес - қызмет көрсету, денсаулық сақтау, машина жасау, азық-түлік, құрылыс. Елдегі маңызды кластерлер: орман, ақпараттық және телекоммуникациялық. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар кластерінде орман кластеріне қарағанда 1. 4 есе адам артық істейді. Телекоммуникациялық технологиялар кластерінің өкілі «Нокия» компаниясының өнімдері баршаға әйгілі. «Nokia» корпорациясы - ұялы байланыс құралдары саласында әлемдік көшбасшы. Өткен ғасырдың 80-жылдарында финдердің Оулу порт-қаласы жаңа технологиялар және білімге негізделген салалар құралдарына инвестиция құя бастады. «Nokia electronics», сонымен қатар телекоммуникация саласының ауқымы Оулудың технологиялық орталық ретінде дамуына зорықпал етті. Қала менеджерлерінің бастамаларын мемлекет және жергілікті билік қолдады. Шағын ғана солтүстік ел кластеризация арқасында АҚШ, Жапония, Ұлы Британия секілді елдерді басып озып, бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде бірінші орынға шықты. Мұндай мысалдар әлемдік тәжірибеде жеткілікті.
Осынан Қазақстанның кластерлік саясатының және басқа салаларының өзектілігі туындайды. Ғылыми талдаудың белгілі әдістемелеріне сәйкес тіптен қайсы бір елдерде зор экономикалық жетістіктерге жеткен болса да, жекелеген тәжірибелерге сүйену жеткіліксіз. Сонымен қатар, велосипед ойлап табудың қажет емес екендігі сияқты, елдің, аймақтың ерекшеліктеріне сай келетін бөгденің тәжірибесін, идеясын алып пайдалану маңызды.
II Павлодар облысының кластер қалыптастырушы құрылымдары
2. 1 Павлодар облысының экономикалық дамуы жағдайының талдауы
Павлодар облысы 1938 жылдың қаңтарында құрылған. Облыс орталығы Қазақстанның ең үлкен өзені Ертістің жағалауында орналасқан - павлодар қаласы.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстінде Ресей Федарациясындағы - Омскмен, солтүстік-шығысында - Новосибирскмен, шығысында - Алтай өлкесімен, оңтүстігінде Қазақстан Республикасының - Шығыс Қазақстан және Қараганды облыстарымен, батысында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шекараласады.
Облыстың тиімді орналасуы Оңтүстік Сібір және Орталық Сібір темір жол магистралдары, автомобиль, авиация, электрондық, тасымалдаушы құбыр және өзен көліктері түрлері арқылы басқа елдермен және Қазақстанның басқа облыстарымен байланыс жасауына мүмкіндік береді.
Облыс аумағы - 127, 5 мың км. кв. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 қала, 7 поселок, 10 ауылдық аудан, 165 ауылдық округ және 505 ауыл кіреді. Халық саны - 745 мың адам. Қала халқының үлес салмағы - 64 %. Соңғы жылдарда Павлодар облысының демографиялық ахуалы халықтың табиғи өсімімен сипатталады.
Облыста 70-тен астам ұлт өкілдері - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар, белорустар және басқалары өмір сүреді.
Павлодар облысының климаты қысы суық, ұзақ (5, 5 ай), жазы ыстық, қысқа (3 ай) болып келетін күрт-континентальды.
Павлодар облысы - Қазақстанның негізгі индустриальдық аймақтарының бірі. Тарихи мұнда, ТМД-ның экономикалық кеңістігіндегі дәстүрлі күрделі өндіріс пен минералдар және көміртегі шикізаттарын игеретін кәсіпорындар оңтайлы үйлестірілген ең ірі аумақтық-өндірістік кешен қалыптасқан.
Облыстың зор табиғи-ресурстар әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдары, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібірді байланыстырушы рөлі әртүрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын жіте тартуда.
Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің бұл көрсеткіштеріне аймақтың басқа да тартымды қырларын, яғни дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың барлығын, жаңа заманғы транспорттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, мұндағы шетелдік инвесторларды, дамудың мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz