Оқытуды ұйымдастыру формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І- тарау. Оқытуды ұйымдастыру формалары

1.1 Сабақ – күрделі психологиялық
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Оқытуды ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ-тарау. Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері

2-1. Оқушылардың өзіндік
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2-2 Оқушылардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..32
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .33

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет болғалы
блім беру мен тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туындап отыр. Адам –
белсенді іс – әрекетшіл жан. Ол өзі үшін және ұрпақ үшін дүниені өзгертіп,
жақсартып дамытады.
Қандай да тәрбие тәсілі ықпал ету үшін балалардың жас шамасын, жеке-
дара ерекшеліктерін ескеру керек. Өйткені балалардың нерв клеткаларының
жұмысқа қабілеттілігі, шыдамдылығы әр түрлі. Нерв процесі күшті болса ол
кішкене кезінен үйренген тәртіп режим бойынша активті жүреді. Олардың ақыл-
ой қабілеттері әр түрлі. Сондықтан білімді, жаңа іскерлікті игеру, ой
қабілетінің дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Кей бала жаңа сөзді, бір-екі
сабақта меңгере алады, ал екінші бір балаға ол сөзді бірнеше рет қайталау
қажет. Әр баланың өз мінез-құлқына қарай ерекшелеуге болады, жайдары
активті болады. Олардың шаршау белгілері де әр түрлі болады. Бір бала
шаршағанда сылбыр болады, екіншісі-оқыс қимыл көрсетеді. Баланы дұрыс
түсіну үшін шаршаудың алғашқы белгілерін уақтылы байқау керек. Тынықпаған
шаршаған балаға сабақты созып ары қарай оқы десе ол потологиялық күйге
ауысады. Олардың активті мінез-құлқының бұзылуы қажудан болады. Ұзақ уақыт
жұмыс істеу оқу қажытады, оған белгілі режим келеді. Егер қажыған, шаршаған
балаға сурет сал десең, ол сол суретті салуды біле тұра сабақ соңына таман
қарындашпен шимай қимылдар жасай салады. Егер мұғалім оқушының сұрағына
жауап берсе, олар оны құрметтейді, өздерінің тілектеріне мұқият қарағаны
үшін, олармен бірге ойлап жауап бергені үшін бағалайды. Балалар мұғалімнің
әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын, уәдесін орындайтынын өте
бағалайды. Мұғалімдік шеберлікті меңгеру, шебер мұғалімдердің лабараториясы
мен педагогикалық еңбектің технологиясын оқып үйрену.
Шебер болу үшін ерекше педагогикалық таланттың болуы міндет емес, қалау
болу керек. Өз бетіңмен көп еңбектену керек; өз пәніңді өте жақсы білу
керек; оқыту методикасын білу керек; педагогикалық шеберлікті меңгеруге,
педагогикалық қасиеттерді тәрбиелеу керек. Мектеп оқушысы неғұрлым есейген
сайын, соғырлым ой-пікірмен жиірек санасып, өзінің жеке басына ден қоя
бастайды. Мектептің ықпалы анықтаушы бола тұрса да, ол үйдегі жайсыз
ортаның немесе басқа да жұғымсыз жердің теріс ықпалын ұдайы жеңе алмайды.
Менің осы жазған Сабақта оқушылардың дара
ерекшеліктері деген курстық жұмысымның бөлімі 4 тараудан тұрады.
Кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І- тарау. Оқытуды ұйымдастыру формалары

1.1 Сабақ – күрделі психологиялық процесс

Сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де
бағыт – бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады. Сабақ – оқыту жұмысын
ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын
қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға
білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл –
ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым – қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері
іске асырылады.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі :
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын –
ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы
қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне
сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай – ақ сабақта оқушылардың
бойында бірліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы
тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және
әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп , көрнекі және техникалық
құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Баланың ынтасын
арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек - деп Ж.
Аймауытов жайдан – жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар
туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық
ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым – қатынас
жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым – қатынас
жасау және қарым – қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске
асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың
әдіс – тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір –
бірімен өзара байланыста, бірін – бірі толықтырып тұрулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды ескеріп отыруы шарт.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы. Мектеп тәжірибесінде бір
типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі
жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір
мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге
бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді.
Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі
де қалыптаспаған. Қоғам және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс –
тәсілдерінің де өзгеріп , жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты
жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным
ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.

1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту
әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін
меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді
қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне,
оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін
ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға
байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат - міндеттеріне, оқушылардың жас және таным
әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын
ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала
мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен,
ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа,
ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс - тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне
тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы.
Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс.
Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның
негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте
сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды
анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру
формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш
түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке
оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын,
қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын
түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру
тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдас-тыратын, жеке не бірнеше
оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу
жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып,
әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы"
немесе ''өзара оқыту'' түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары,
білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай
мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам
оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді
оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің
мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ. басында ''дальтон-жоспар'' оқу формасы
тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір
оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды.
Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп
атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды.
Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын
бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар)
белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын
жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,
бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке
басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде
ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту. Оқытуды оқу
жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу. Оқытуды жылдың
тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің
басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде
тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде
күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен
мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі
түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі
жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен
педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі

Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс. Сабақтың
мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа
сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды,
түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. ''Баланың ынтасын арттыру үшін
оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек''- деп Ж. Аймауытов жайдан-жай
айтпағанын ескеру керек.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар
туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету
қажет.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау
шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге
оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым-
қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске
асыру пайдалы.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-
тәсілдеріне үйрету міндет.
Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық,
көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жер-дегі табиғат,
өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері

Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптық – сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара
ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан
оқушылардың сыныптық - сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және
оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру
мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.
Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция
сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік - зертханалық
(практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан,
өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі
өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу,
мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап
және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып,
қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы
бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың
нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін
тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып,
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен
ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік
әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу
материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде
оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология,
тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу
процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен
байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына,
ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар
жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап
етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы
фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп,
білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын
ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға
бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау,
тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш
және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты
жағдайда болады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа
арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі
мүмкін.
Үшіншісі - қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп
болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін
пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық
жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім
экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның
мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда
негізінен мына мәселелер қарастырылады:
- экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
маршруты, қамтитын нысанасы; экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
- экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері; экскурсия қорытындысына
сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту
үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.
Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н.
Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды. Оқыту
жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен
қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның
қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын
тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық
қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін
ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандық-тарына сай
психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын
қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары
сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім
алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама
әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу
дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда
өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып,
эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда
белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы
өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі
анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек
меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де
семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы
ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны
дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу
конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет.
Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптар-дың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың
сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті
болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға
бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,
жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме
мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру
тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар
оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және
тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып
отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету,
пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның
сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және
консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -
бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде
оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін
орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс
оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып
болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен
талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара
тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша
сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық
практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама
жазу түрінде жүргізіледі.

Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен
сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту
процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып
отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы
оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл
жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй
жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті
артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу
жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта
алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге
жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін
меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше
баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте
берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі
қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынандай шарттары бар:
Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-
тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен,
олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған
жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй
тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне
байланысты.
Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері
мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу
сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын
аударып отырғаны жөн.
Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын артырып,
үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол
жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса
қажет болмақ.
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды
болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің
мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұсқауы
бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері
мынандай болып белгіленген:
I - II сыныптарда - 1 сағат;
III - IV сыныптарда - 1,5;
У - VIII сыныптарда - 2 сағат;
IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін
дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз
орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста
болып, оларға оқушылардың үйде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Оқыту психолгиясының негіздері
Оқыту барысында ойлау процесін дамыту
Техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтың негізгі ұйымдасытрушылық формалары. Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру формалары: фронталды, топтық, жеке және олардың әдістемелік талдауы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Пәндер