Сот актілерін орындау өндірісі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сот актілерінің түсінігі және түрлері 4
1.1 Сот актілерінің түсінігі 4
2. Сот актілерінің түрлері 5
2.1 Сот қаулысы 5
2.2 Сот шешімінің мәнісі және маңызы 5
2.3 Соттың ұйғарым және оның түрлері 5
2.4 Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.5 Бұйрық өңдіріс және сот бұйрығы 5
3 Сот актілерін орындау өндірісі 5
3.1 Сот актілерін орындау сатысының мәнісі 5
3.2 Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен
міндеттері. 5
3.3 Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері 5
Қорытынды 5
Қолданылған әдебиеттер тізімі 5
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл
аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған
немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны -
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы
азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу
құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар
және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты –
бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау
болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен
жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы
және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу
мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған
сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу
міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі –
АІЖК) 253-бабында қарастырылған тәртіпте шығарылған жеке ұйғарымдар –
соттардың заңдылықты бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып
табылады.
Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық жағдайлар жеке
ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін
әрекеттерді заңдылықты бұзушылық деп түсінген жөн.
Іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін
тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіздеме бола
алмайды.
Соттар тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе
өзге де тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарады.
Мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, сонымен
қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және
әскери құралымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік
өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-әкімшілік немесе
әкімшілік-шаруашылық қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар болып
танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық істер бойынша соттық актілердің
түсінігін ашу және түрлерін қарастыру болып табылады.
1 Сот актілерінің түсінігі және түрлері
1.1 Сот актілерінің түсінігі
Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне
сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот
актiлерiн қабылдайды.
Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық
iстер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан
Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.
Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң
217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.
Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының
талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу,
ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген
жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер
бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi
шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында
қабылданады.
Сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша шығарылады, олардың түбегейлi
тiзбесi АIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген және оның мазмұны АIЖК-нiң 146-
бабының талаптарына сай келуге, сондай-ақ борышкердiң мәлiмделген талапқа
оның қарсылығын беру тәртiбi мен мерзiмi туралы түсiндiрменi қамтуға тиiс.
3. Бiрiншi сатыдағы сот шешiмдi Қазақстан Республикасының атынан сот
отырысында заңға және нақты дау бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң
сәйкестiкте шығарады.
Тараптардың, талапкердiң не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi
тұлғалардың, iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың
жауаптары, сарапшылардың, мамандардың анықтамалары шешiмде үшiншi жақтан
келтiрiлiп жазылады. Сот шешiмiнiң мәтiнiне ресми құжаттарда
қолданылмайтын, қабылданбаған қысқартулар мен сөздердi қолдануға, сот
түсiнiктеме бермеген түзетулердi енгiзуге болмайды.
Шешiмдi судья кеңесу бөлмесiнде жазбаша түрде дайындайды және оның
қолдан жазылуы, машинкада немесе компьютерде басу әдiсiмен бiр дана етiп
жасалуы мүмкiн. Шешiмге судья қол қояды, содан кейiн ол iстiң талқылануы
аяқталған нақ сол сот отырысында iске қатысқан тұлғалар алдында
жарияланады.
Iс бойынша шешiм жарияланған күн шешiмнiң шығару күнi болып табылады.
Заңмен белгiленген жазбаша түрде дайындалмаған және судья қол қоймаған
ауызша қорытындыларды жария ету сот шешiмi болып табылмайды.
Сот шешiмi АIЖК-нiң 14-бабына сәйкес белгiленген сот iсi жүргiзiлетiн
тiлде жазылуға тиiс.
Сот iсi жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске
қатысқан адамдарға iс бойынша шығарылған сот актiлерiн олардың ана тiлiне
немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударып беруге сот мiндеттi.
АIЖК-нiң 218-бабына сәйкес сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық
қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте
шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн
қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен,
адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексiнiң 5-бабы және АIЖК-нiң 6-бабы) талаптарынан туындағанда, заңды
болып табылады.
Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында
өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен
құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайларға сәйкес
келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi
болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.
Сот актiлерi шешiм нысанында iстi мәнi бойынша қараған кезде
шығарылады. Шешiмнiң қарар бөлiгiне мәнi бойынша қаралмаған талап-арыз
талаптары бойынша сот қорытындыларын енгiзуге жол берiлмейдi. Осы талаптар
бойынша сот қорытындылары шешiмнен бөлек ұйғарым нысанындағы (арызды
қараусыз қалдыру, iс жүргiзудi қысқарту туралы) сот актiсiнде баяндалуға
тиiс.
АIЖК-нiң 220-бабына сәйкес мәнi бойынша дауды шешу кезiнде сот
кiрiспе, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын қысқаша (қысқартылған)
шешiм шығарады.
Қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы
сот анықтаған iстiң мән-жайлары, оларды қолдайтын дәлелдемелер, сот
қорытындылары, сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар келтiрiледi.
Дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкiн.
Шешiм заңды күшiне енгенге дейiн тараптардың жазбаша өтiнiшi бойынша
не өзiнiң қалауы бойынша сот кiрiспе, сипаттау, кеңейтiлген дәлелдеу және
қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығарады. Бұл орайда
қабылданған сот шешiмi мәнi бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмге қарама-
қайшы келмеуге тиiс.
Толық негiзделген шешiм тараптың жазбаша өтiнiшi түскен сәттен бастап
бес күндiк мерзiмде шығарылуға тиiс. Дәлелдеме шешiмде қысқаша
(қысқартылған) шешiмде көрсетiлген датаға сәйкес дата көрсетiледi. Iске
мiндеттi түрде қысқаша (қысқартылған) шешiм мен толық негiзделген шешiм
қосылуға тиiс.
Сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iс қаралған кезде қысқаша (қысқартылған)
шешiм шығаруға жол берiлмейдi. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қарар
бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығаруға мiндеттi.
Сырттай шешiмнiң қарар бөлiгiнде жауапкердiң осы шешiмдi бұзуы туралы
арызды беру мерзiмi мен тәртiбi, сондай-ақ оған шағымданудың тәртiбi
көрсетiлуге тиiс.
Егер дәлелдемелердi жинау соттың тапсырмасын орындау тәртiбiмен
жүргiзiлсе, онда сот өз шешiмiн ол тапсырмаларды сот отырысында жария етiп,
зерттеген жағдайда ғана оларды дәлелдемелер ретiнде негiздеуге құқылы. Егер
iске қатысушы тұлғалар немесе АIЖК-нiң 72-бабының тәртiбiмен тапсырманы
орындаған сотқа түсiнiктемелер немесе жауап берген iске қатысушы тұлғалар
немесе куәлар iстi қарайтын сотқа келсе, олар түсiнiктемелерi мен
жауаптарын жалпы тәртiппен бередi.
АIЖК-нiң 74-76-баптарымен көзделген тәртiппен дәлелдемелердi
қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда
жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында
зерделенген жағдайда, сот осы дәлелдемелермен шешiмдi негiздеуге де құқылы.
Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қарағанда басымдыққа ие
болмайды және сот үшiн мiндеттi болып табылмайды. Ол басқа дәлелдемелердiң
жиынтығында бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын бағалау шешiмнiң толық
негiзделген бөлiгiнде берiлуге тиiс. Бұл орайда сот сарапшы
қорытындыларының немен негiзделгенiн, сараптамаға ұсынылған материалдардың
толық зерделенгенiн оларға тиiсiнше талдау жасалғанын көрсетуге тиiс.
Сарапшының қорытындысымен келiспейтiндiгiн сот өз шешiмiнде негiздеуге
мiндеттi.
Егер сараптама жүргiзу бiрнеше сарапшыларға тапсырылса, олардың әрбiрi
сараптамалық зерттеу нәтижесi бойынша жекелеген қорытындылар берген болса,
онда сот әрбiр сарапшының қорытындысымен келiсетiнiн не келiспейтiнiн
негiздеуге тиiс.
АIЖК-нiң 96-бабының 6-бөлiгiне сәйкес дәлелдемелер ретiнде тек
сараптама қорытындысына дейiн сарапшының сот отырысында ауызша берген
түсiнiктемелерi қабылдануы мүмкiн.
АIЖК-нiң 71-бабына орай қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген талап-
арызды қанағаттандыру құқығы танылған сот үкiмi осы үкiммен кiнәлi болып
танылған адамның азаматтық-құқықтық қатынасынан туындаған iс үшiн мiндеттi.
Сонымен қатар бұл үкiмнiң: бұл әрекеттер орын алды ма деген мәселелер
бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген басқа да мән-жайларға және олардың
құқықтық бағалануына қатысты преюдициялық маңызы бар. Осындай қылмыстық
iстен туындайтын талап-арызды қарайтын сот жауапкердiң кiнәлiлiгiн
талқылауға құқылы емес, алайда, шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде азаматтық iсте
бар, берiлген соманың көлемiн (мысалы, жауапкердiң мүлiктiк жағдайын немесе
жәбiрленушiнiң кiнәсiн есепке алу) негiздейтiн дәлелдемелердi келтiруге
құқылы.
Бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiмен
белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және нақ сол адамдардың қатысуымен
басқа азаматтық iстердi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.
Әкiмшiлiк iстер жөнiндегi актiлермен және прокурордың, тергеу және
анықтау органдарының актiлерiмен анықталған фактiлер мен мән-жайлардың
азаматтық iстердi қарау кезiнде преюдициялық маңызы болмайды. Олар жалпы
тәртiппен анықталуға тиiс.
АIЖК-нiң 49-бабының мәнi бойынша талап-арызды мойындау жауапкердiң
құқығы болып табылады. Егер жауапкердiң талап-арызды мойындауы қандай да
бiр адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын
болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде талап-арыздың мойындалғанын
және оның сотпен қабылданғанын көрсетедi.
Егер сот дәлелдемелердi әрқайсысын жеке және жиынтығында бағалай
отырып, кейбiр ұсынылған материалдар, куәлардың айғақтары, басқа да нақты
деректер әр тараптың өз талаптары мен қарсылықтары туралы мән-жайларын
құптамағандығын анықтаса, онда ол бұл туралы қорытындыларын шешiмнiң
дәлелдеу бөлiгiнде негiздеуге мiндеттi.
Сот отырысында соттың сұратуы бойынша тараптың дауды дұрыс шешу үшiн
маңызы бap дәлелдемелердi ұстап қалу және оны ұсынбау фактiсi анықталған
болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде дәлелдемелердiң жиынтығын
негiзге алып, бұл дәлелдемелерде қамтылған мәлiметтердi АIЖК-нiң 66-бабының
10-бөлiгiмен көзделген талаптарды ескере отырып бағалайды.
Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде соттың осы құқықтық қатынастарға қолданған
материалдық заңды және сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормаларын көрсету
қажет.
АIЖК-нiң 219-бабының 2-бөлiгiне және 49-бабының 2-бөлiгiне сәйкес сот
iстi талапкер мәлiм еткен талаптар шегiнде шешедi және талап-арыздың мәнiн
немесе негiздемесiн өз бастамасы бойынша өзгертуге құқығы жоқ. Алайда, сот
шешiм шығара отырып, егер мұндай шешiм талапкердiң құқықтарын,
бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерi үшiн қажет деп санаса, сондай-
ақ заңда көзделген басқа да жағдайларға байланысты болса, талапкердiң
келiсiмiмен сот талаптардың шегiнен шығуы мүмкiн. Мәселен, ата-ана
құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы шешiм шығарумен бiрге баланы
асырауға алименттi өндiру жайлы сот шешiм қабылдауға құқылы ("Неке және
отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-
бабының 5-тармағы).
Талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен
келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi
бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып,
материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.
Талап-арыздың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап-
арызының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда
болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге
тиiс.
Талап-арыздың мөлшерiн ұлғайтуды немесе азайтуды, мәселе талап-арыздың
көлемiн нақтылау туралы болғандықтан, талап-арыздың мәнiн өзгерту ретiнде
қарауға болмайды.
Шешiмнiң қарар бөлiгi дәлелдеу бөлiгiнде белгiленген нақты мән-
жайлардан туындайтын соттың қорытындысы болуға тиiс.
Шешiмдi орындау кезiнде айқынсыздықтар мен даулардың болмауы үшiн
шешiмнiң қарар бөлiгiн сот анық және түсiнiктi болатындай етiп жазуға
мiндеттi.
Шешiм талапкердiң мәлiмделген барлық талаптары бойынша қабылданады.
Бiр iс бойынша бiрнеше талаптар қосылған болса, немесе сот қарсы талап-
арызды, не даудың мәнiне дербес талаптарын мәлiмдеген үшiншi тұлғалардың
талап-арызын қарауға қабылдаған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде әрбiр
талап бойынша кiмнiң, қандай нақты әрекеттердi және кiмнiң пайдасына,
дауланған құқықтың қай тараптың пайдасына шешiлгенi соттың қаулысында нақты
қорытындыланып көрсетiлуге тиiс.
Iске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi туралы
мәселенi шешуге соттың құқығы жоқ.
Сондай-ақ заңда көрсетiлген басқа да мәселелер, атап айтқанда: сот
шығындарының өтелуi, сот шешiмiне шағымдану тәртiбi мен мерзiмi, шешiмнiң
орындауға қабылдану мерзiмi және оның орындалуын қамтамасыз ету мен орындау
жөнiндегi шаралар, талап-арыздың орындалуын қамтамасыз ету туралы мәселенiң
күшiн жою не сақталуы шешiлуге тиiс.
Мәлiмделген талаптардан толық немесе iшiнара бас тарту туралы шешiм
шығару кезiнде ол кiмге қатысты және неден бас тартылғаны дәл көрсетiлуге
тиiс.
АIЖК-нiң 100-бабына сәйкес сот шығындары iс бойынша мемлекеттiк баждан
және iс жүргiзуге байланысты кеткен шығындардан тұрады.
Мемлекеттiк баж сомасын анықтау кезiнде сот "Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексiнiң нормаларын басшылыққа алуға тиiс (Салық кодексi).
Iс бойынша пайда болған шығындарды iстi қарау және шешу, сондай-ақ ол
жөнiнде шығарылған шешiмдi орындау кезiнде мүдделi тұлғалардың нақты
көтерген шығындары құрайды. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындардың
үлгi тiзбесi АIЖК-нiң 107-бабында қамтылған.
Қай тараптың пайдасына шешiм шығарылса, сот АIЖК-нiң 110-бабына орай
екiншi жақтан, оның алғашқыда сот шығындарын өтеуден босатылғанына
қарамастан, барлық шығындарды содан өндiредi.
Талапкер талап-арыздан бас тартқан кезде ол шеккен шығындардың орнын
жауапкер толтырмайды. Егер талапкер талап-арыз берiлгеннен кейiн
жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын
қолдаудан бас тартса, сот талапкердiң өтiнiшi бойынша талапкер шеккен сот
шығындары мен өкiлдiң көмегiне төлеу жөнiндегi шығындарды жауапкерден
өндiрiп беруге құқылы.
Талап-арыз iшiнара қанағаттандырылған кезде сот талапкер шеккен
шығындарды талап-арыздың сотпен қанағаттандырған талаптарының мөлшерiне
барабар, ал жауапкерге - талап-арыз талаптарының талапкерге бас тартылған
бөлiгiне барабар тағайындайды.
Процеске қатысушы өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар
тараптың нақты шеккен шығындары мөлшерiнде өндiрiлiп алынуы мүмкiн екенiн,
бiрақ ақшалай талаптар бойынша өндiрiлетiн сома талап-арыздың
қанағаттандырылатын бөлiгiнiң он процентiнен аспауға тиiс екенiн соттардың
ескергенi жөн (АIЖК-нiң 111-бабы).
Бiрнеше жауапкерi бар iстер бойынша шешiмдер шығару кезiнде олардан
сот шығындары ортақ қатынаста емес, үлестiк қатынаста өндiрiлiп алынады.
Белгiлi бiр құқықты тану туралы iстер бойынша талап-арызды
қанағаттандыру кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тек құқықтың бар екенi
ғана емес, сонымен бiрге бұл танудың әкеп соғатын құқықтық салдарларын
(мысалы, неке жарамсыз деп танылған кезде мұндай некенi тiркеу туралы акт
жазбасы жойылады) көрсетуге мiндеттi.
Азаматтық кодекстiң 127-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының барлық аумағында белгiленген құны бойынша қолдануға
мiндеттi заңды төлем құралы теңге болып табылады. Ақша сомаларын өндiрiп
алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде АIЖК-нiң
223-бабын қолдануға қатысты шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын
сомалардың мөлшерi цифрлармен және сөздермен, Қазақстан Республикасының
ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс. Мерзiмдi төлемдердi өндiрiп алу
кезiнде сот өндiрiп алу жүргiзiлетiн кезеңдi көрсетуге мiндеттi.
Ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген
бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу
бөлiгiнде келтiруге мiндеттi.
Сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық
актiлерiмен, салық және кеден заңнамаларында көзделген, сондай-ақ
тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы
министрлiгi болған ("Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабы) жағдайларда, валюта операциясын жасау кезiнде пайда болған
құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасы түрiнде өндiрiп алу
туралы шешiм шығаруға құқылы.
Сот мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың заңсыз
әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiн заңсыз деп тану туралы iстер
бойынша арызды қанағаттандырған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде дауланып
отырған әрекеттi (әрекетсiздiктi) немесе шешiмдi заңсыз деп тануға тиiс.
Сот АIЖК-нiң 282-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған
құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн толығымен
қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдайды, шешiмнiң қарар бөлiгiнде бұл
жөнiнде көрсетiлуi тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiнi заңға толық немесе iшiнара қайшы деп тану
туралы iстер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары
қанағаттандырылған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде мұндай актiнi акт
қабылданған сәттен бастап толығымен не оның бiр бөлiгi қолданылуға жатпайды
деп тануға мiндеттi. Сот сондай-ақ нормативтiк құқықтық акт жарияланған
бұқаралық ақпарат құралдарын сот шешiмi туралы хабарламаны сот белгiлеген
мерзiмде жариялауға мiндеттейдi.
Сот мүлiктi заттай алып беру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде
мүлiктiң жеке анықталған белгiлерiн және құнын көрсетедi.
Ортақ меншiктегi мүлiктi пайдалану не осындай мүлiктi (жер учаскелерi,
үй құрылыстары және т.б.) бөлу тәртiбiн анықтау кезiнде сот шешiмнiң қарар
бөлiгiнде тараптардың әрқайсысына берiлетiн мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен
шегiн, сонымен қатар ортақ пайдалануда қалған мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен
шегiн, өтетiн жерлердiң мөлшерi мен шекарасын, кiрiп-шығатын жерлердi
әзiрлеу, шарбақтар орнатуды, үй-жайларды қайта жоспарлау тәртiбi мен назар
аударуға лайық басқа да мән-жайларды анық әрi дәл көрсетуге тиiс.
Шешiмнiң қарар бөлiгiнiң мазмұны iстiң жекелеген санаттары бойынша
қаралып отырған қатынастарды реттейтiн материалдық және iс жүргiзу құқығы
нормаларына сәйкес келуге тиiс. Атап айтқанда:
а) некенi бұзу туралы iстер бойынша шешiмнiң қарар бөлiгi тараптардың
барлық сұрақтары бойынша, оның iшiнде бiрлесiп қарау үшiн бiрiктiрiлген
(некенi бұзу, алименттi өндiрiп алу, бiрлесiп жинаған мүлiктi бөлу және
т.б) талаптары бойынша сот тұжырымдарымен қамтылуға тиiс. Сондай-ақ некенiң
бұзылуын тiркеу үшiн қажеттi мәлiметтер, атап айтқанда: некенiң тiркелген
күнi, акт жазбасының нөмiрi, некенi тiркеген органның атауы, ерлi-
зайыптылардың неке туралы куәлiк бойынша тектерi, ерлi-зайыптылардың неке
қиылғанға дейiнгi тектерi; некенiң бұзылғанын тiркеу үшiн тараптар арасында
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 498-бабымен белгiленген ставкалар
бойынша мемлекеттiк бажды бөлу туралы көрсетiлуге тиiс.
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қайсысымен бiрге тұратыны
туралы ерлi-зайыптылар арасында келiсiм болмаған жағдайда, сот шешiмнiң
қарар бөлiгiнде кәмелетке толмаған балалардың неке бұзылғаннан кейiн кiммен
бiрге тұратынын анықтап көрсетуге тиiс.
Шешiмнiң осы бөлiгiнде сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап
некенiң бұзылатыны көрсетiлуге тиiс;
б) ұл (қыз) асырап алу туралы iстер бойынша өтiнiш негiздi болған
жағдайда сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде АIЖК-нiң 317-5-бабы бойынша өтiнiштiң
қанағаттандырылғаны туралы көрсетедi. Асырап алушылардың (асырап алушының)
өздерiн баланың ата-аналары (ата-анасы) ретiнде жазу туралы өтiнiшi болған
жағдайда, сот баланың тууы туралы акт жазбасына ата-аналарына қатысты,
баланың туған күнi мен жерi туралы өзгерiстердi енгiзу туралы мәселенi
шешедi;
в) өндiрiсте болған жазатайым жағдай фактiсiн анықтау туралы арызды
қанағаттандыра отырып, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде болған жазатайым
жағдайдың уақыты мен орнын, жазатайым жағдайға ұшыраған адамның тегiн, атын
және әкесiнiң атын, сондай-ақ өндiрiспен байланысты жазатайым жағдайды тану
туралы көрсетуге мiндеттi.
Соттар iс жүргiзудi қысқарту кезiнде АIЖК-нiң 247-бабында көзделген
негiздемелердiң кеңiнен түсiндiруге жатпайтынын ескеруге тиiс. АIЖК-нiң 247-
бабының 1) тармақшасына сәйкес даудың сот қарауына жатпайтындығына
байланысты iс жүргiзудi қысқарта отырып, сот осы iстiң кiмнiң қарауына
жататынын және мүдделi тұлғаның қайда жүгiнуi керектiгiн ұйғарымда
көрсетуге тиiс.
Тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмге келуiне және оны соттың бекiтуiне
байланысты, АIЖК-нiң 247-бабының 4) тармақшасының негiздемесi бойынша iс
жүргiзу қысқартылған жағдайда, сот ұйғарымның қарар бөлiгiнде бiтiмгершiлiк
келiсiмнiң шарты, егер тараптар осындай тәртiптi көздесе, сот шығындары мен
өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды тараптардың арасында
бөлудiң тәртiбi көрсетiледi. Тараптар арасында сот шығындарын бөлудiң
тәртiбi туралы келiсiм болмаған жағдайда, сот бұл мәселенi АIЖК-нiң 111
және 115-баптарында көзделген тәртiппен шешуге мiндеттi.
Сот АIЖК-нiң 249-бабында көрсетiлген негiздемелер бойынша талап-арызды
қараусыз қалдырады, олардың тiзбесi түпкiлiктi болып табылады. Сот
ұйғарымда iстiң сотта қаралуына кедергi келтiрiп отырған мән-жайларды қалай
жоюға болатынын көрсетуге тиiс.
АIЖК-нiң 230-бабына орай шешiмдi шығарған сот өз бастамасы немесе iске
қатысып отырған тұлғалардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды
немесе анық арифметикалық қателердi түзетуге құқылы. Түзетулердi енгiзу
туралы мәселе шығарылған шешiмнiң орындалған-орындалмағанына қарамастан,
бiрақ ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкiн уақыттың iшiнде заңмен
белгiленген мерзiмнiң шегiнде шешiлуi мүмкiн.
Шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, ол заңды күшiне
енгеннен кейiн орындалады. Сот АIЖК-нiң 237-бабында көрсетiлген iстер
бойынша шешiмдердi шығару кезiнде, талаптар қанағаттандырылған жағдайда,
оның қарар бөлiгiнде сот шешiмiнiң мiндеттi түрде дереу орындалатынын
көрсетедi.
Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс
өндiрiп алушы үшiн елеулi шығынға әкеп соғуы мүмкiн болса немесе шешiмдi
орындау мүмкiн болмаса (мысалы, талапкерге берiлген мүлiктiң жойылуы) сот
талапкердiң өтiнiшi бойынша шешiмдi дереу орындатуы мүмкiн. Сот шешiмiн
дереу орындау туралы мәселе шешiмдi шығару кезiнде шешiлуi мүмкiн. Шешiмдi
дереу орындау туралы өтiнiш шешiм шығарылғаннан кейiн де қаралуы ықтимал,
мұндай жағдайда өтiнiш iске қатысушы адамдарға отырыстың өткiзiлетiн орны
мен уақыты туралы хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың
қатыспауы осы мәселенi шешуге кедергi болмайды. Шешiмдi дереу орындау
туралы ұйғарым кеңесу бөлмесiнде шығарылады және iске тiгiледi.
АIЖК-нiң 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешiмiн дереу орындау туралы
сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтiру мұндай ұйғарымның
орындалуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, соттың шешiмiн дереу орындауды
қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешiмiнен бөлек шағымдануға,
наразылық келтiруге болмайды.
Сот АIЖК-нiң 239-бабына сәйкес, дереу орындауға жiберiлмеген сот
шешiмiнiң АIЖК-нiң 15-тарауымен белгiленген талап-арыздың орындалуын
қамтамасыз ету тәртiбiмен орындалуын қамтамасыз ете алады. Бұл орайда
шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мәселесi iстi мәнi бойынша қараумен бiр
мезгiлде шешiлуi мүмкiн, бұл жөнiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi,
не талап-арызды қамтамасыз ету туралы мәселенi шешу үшiн көзделген
тәртiппен шешiм қабылданғаннан кейiн сот ұйғарымын шығару жолымен шешiлуi
мүмкiн.
Шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерi, АIЖК-нiң 425-бабына
сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңымен немесе халықаралық
шарттарымен көзделсе, шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш жыл iшiнде
Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн. Мұндай
шешiмдi орындау мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық iс жүргiзу
кодексiнiң шешiм орындалатын орны бойынша белгiлеген соттылық қағидаларына
сәйкес Қазақстан Республикасы сотының ұйғарымымен жүргiзiледi.
Әдетте өтiнiшке:
- мәжбүрлеп орындату туралы рұқсат сұралып отырған шешiмнiң тиiсiнше
куәландырылған көшiрмесi;
- шешiмнiң заңды күшiне енгенi туралы ресми құжат, егер осы мән-жай
шешiм мәтiнiнен байқалмайтын болса;
- өзiне қарсы шешiм шығарылған тараптың iс жүргiзу әрекетiне
қабiлетсiздiгi жағдайында тараптың немесе оның өкiлiнiң процесс туралы
тиiсiнше хабардар болғанын растайтын дәлелдемелер;
- шешiмнiң iшiнара орындалғаны туралы белгiсi бар атқару құжаты, егер
осындай шешiм болған жағдайда;
- келiсiм-шарт бойынша соттылық туралы iстер жөнiнде тараптардың осы
мәселе бойынша келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.
Мәжбүрлеп орындатылатын шешiмдi тану және iске асыру туралы шешiмдi
қарайтын сот шешiмнiң мәжбүрлеп орындатылуы мүмкiн мән-жайларды анықтаумен
шектеледi.
Сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға рұқсат сұратылып отырған басқа тарап:
- дауды құзыреттi емес соттың қарағаны;
- iстiң процесс туралы хабардар етiлмеген тараптың қатысуынсыз
қаралғаны;
- шешiмдi мәжбүрлеп орындатуға ұсынудың үш жылдық мерзiмiнiң өткенi;
- осы тараптар арасында сол мәселе және сол негiздер бойынша бұрын
заңды күшiне енген шешiмнiң болуы туралы дәлелдемелердi ұсынған жағдайда,
сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатқызудан бас тартуға құқылы.
Сот АIЖК-нiң 234-бабына сәйкес алып берiлген ақша сомасын индекстеу
туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Индекстеу Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң сот шешiмi орындалатын күнгi қайта қаржыландыру ставкасы негiзге
алына отырып, шешiм заңды күшiне енген күннен бастап борышкер ақшалай
мiндеттеменi нақтылы орындаған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi.
Iске қатысатын тұлғаларға отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы
хабарланып индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады, алайда олардың
келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. Алып берiлетiн соманы
индекстеу туралы арыз бойынша материалдар азаматтық iс материалдарына
тiгiледi.
АIЖК-нiң 234-бабының тәртiбiмен сот ұйғарымы бойынша өндiрiлген
ақшалай сомалардың индекстелуiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Сот қосымша шешiмдi тек АIЖК-нiң 231-бабында көзделген жағдайларда
және шешiмдi орындаудың заңмен белгiленген шегiнде iстi қарау кезiнде
анықталған нақты мән-жайлардың негiзiнде ғана шығаруы мүмкiн.
Егер сот шешiмiне апелляциялық шағым берiлсе немесе наразылық
келтiрiлсе, сонымен бiрге қосымша шешiм шығару туралы мәселе қойылса, онда
сот ең алдымен қосымша шешiм шығару туралы мәселенi шешiп, содан кейiн iстi
апелляциялық сатының қарауына жiберуге мiндеттi.
Соттың қосымша шешiм шығару нысанында шешiмнiң мазмұнын өзгертуге не
сот отырысында зерттелмеген жаңа мәселелердi шешуге құқығы жоқ.
Шығарылған шешiм түсiнiксiз болған жағдайда, шешiм шығарған сот iске
қатысушы адамдардың арызы бойынша шешiмдi түсiндiруге құқылы. Егер шешiм
орындалса немесе мәжбүрлеп орындату үшiн ұсынудың заңмен көзделген мерзiмi
өтiп кетсе, шешiмге түсiндiрме жасауға жол берiлмейдi.
Сот шешiмдi түсiндiру кезiнде оның мазмұнын өзгертуге, сондай-ақ сот
шешiмiнде көрсетiлмеген мәселелердi талқылауға құқығы жоқ.
АIЖК-нiң 233-бабының ережесi мәжбүрлеп орындатуға жiберiлмеген
шешiмдерге қатысты қолданылады, ал шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және
оның мерзiмiн ұзарту, орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселенi
iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша iстi қараған сот қарайды.
АIЖК-нiң 240-бабының ережесi сот шешiмi, сот бұйрығы мәжбүрлеп
орындату үшiн ұсынылған және атқару iсi қозғалған жағдайларда қолданылады.
Шешiмдi немесе сот бұйрығын орындатуды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн
ұзарту, шешiмдi немесе сот бұйрығын мәжбүрлеп орындатудың әдiсi мен
тәртiбiн өзгерту туралы өтiнiштi немесе арызды iс бойынша қаулы қабылдаған
немесе шешiм шығарған сотқа, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегi
сотқа, сот орындаушысы немесе атқарушылық iс жүргiзушi тарап бередi.
Соттар арызды қарау кезiнде iс жүргiзу әрекеттерiн қиындататын немесе
жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн өтiнiштердi, мән-жайларды негiздеу үшiн
келтiрiлген дәлелдемелердi мұқият зерттеулерi қажет. Осы орайда сот
қаулысының уақтылы және толық орындалуының өндiрiп алушының заңды
мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталғанын назарда ұстаған жөн.
Сот арыз (өтiнiш) қанағаттандырылған жағдайда ұйғарымда кейiнге
қалдырудың қолданылатын мерзiмiн, ал шешiм, сот бұйрығын орындау мерзiмi
ұзартылған жағдайда - борышкерден қарызды өтеу үшiн өндiрiп алуға жататын
мерзiмдiк төлемдердiң мөлшерiн көрсетуге тиiс.
Егер сот қаулысын орындауды кейiнге қалдыруға немесе ұзартуға негiз
болған мән-жайлар бұрын сот ұйғарымында көрсетiлген күннен бұрын жойылса,
онда сот өндiрiп алушының арызы не сот орындаушысының өтiнiшi бойынша
кейiнге қалдыру мен ұзарту әрекеттерiн тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Жаңаша жазулар мен арифметикалық қателер туралы, қосымша шешiм шығару,
шешiмдi түсiндiру туралы, шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және ұзартуды,
орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы арыздар мен өтiнiштердi қараған
кезде сот iске қатысушы тұлғаларға сот отырысының өткiзiлетiн күнi, уақыты
мен орыны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы осы мәселелердi
қарау үшiн кедергi болмайды.
Заңды күшiне енген сот шешiмi бұзылған жағдайда және осы шешiмнiң
орындалғаны туралы нанымды мәлiметтер болған жағдайда iстi қайтадан қараған
сот АIЖК-нiң 240-1-бабына сәйкес, жаңа шешiм қабылдау кезiнде шешiмнiң
орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
Егер сот iстi жаңадан қарау кезiнде бұзылған шешiм бойынша шешiмнiң
орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, онда жауапкердiң мұндай
арызы iске қатысушы тұлғаларға, ал қажет болған жағдайда - бұзылған шешiмдi
орындаған органға хабарлана отырып жеке сот отырысында қаралады. Сот iстi
қараудың нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарады.
Сот отырысына келмеген iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға
сот АIЖК-нiң 241-бабына сәйкес шешiм шығарылған уақыттан кейiн бес күннен
аспайтын мерзiмнен кешiктiрмей шешiмдi жiберуге немесе оның көшiрмесiн
беруге мiндеттi.
2. Сот актілерінің түрлері
2.1 Сот қаулысы
Азаматтық іс жүргізуде сот төралқасының қадағалаушылық іс жүргізу
тәртібімен шығарылған кесімдері сот қаулысы деп аталады. Сот ісін жүргізуде
сот қаулысын апелляциондық инстанцияда, қадағалау инстанциясында істі қайта
қарау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі сот төралқасы қабылдайды. Заңи
күшіне енген сот кесімдерін қайта қарау кезінде үкімнің, шешімнің күшін
жою, оны өзгерту немесе өзгеріссіз қалдыру туралы сот қаулысы шығарылады.
Сот алқасының қаулысы дауыс беруге қатысушы алқа мүшелерінің ашық дауыс
беруі жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және оған сот төрағасы қол
қояды.
2.2 Сот шешімінің мәнісі және маңызы
Сот шешімі- істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы
(ҚР АІЖК 217-б.1-б.).Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан Кониституция
мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген
билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін
қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысуы мүмкіндігі
қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және
негізделген шешім шығарады.Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін
сот шешім шығарумен аяқтайды.
Сот шешімі мынандай төрт бөліктерден тұрады:
1) кіріспе бөлігін-шешім шығарылатын уақыт пен орын; шешім шығарған
соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; іске
қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген
талап көрсетіледі.
2) Сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын ,жауапкердің қарсылығын
және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
3) Дәлелдеу бөлігі істің сот анықтаған мән-жайлары,құқықтар мен
міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері.
Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан
толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту турулы сот қорытындысын, сот
шығындарының бөлінуін , сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.
ҚР АІЖК 217-бабына сәйкес, істі негізі бойынша шешетін бірінші
сатыдағы сот қаулысы шешім түрінде шығарылады. Сот шешімдерінің түрлері:
кәдуілгі және сырттай; қысқаша және дәлелелді; дереу орындалатын және
уақытылы орындалатын.
Сот шешімінің құрылымы: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар
бөлімдерінен тұрады.
Сот шешімді Қазақстан Республикасы атынан шығарады. Сот шешімі заңды
және негізді болуға тиіс. Сот шешімді сот мәжілісінде зерттелген
дәлелдемелерге ғана негіздейді (ҚР АІЖК 218-бап).
Кеңесу бөлмесінде, сот жабық түрде төрағалық етушінің басшылығымен ҚР
АІЖК 219-бабында бекітілген келесі деректілік және құқықтық түрдегі
сұрақтарды талқылайды және шешеді: шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге
баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және
қандай мән-жайлардың анықталмағанын, осы іс бойынша қандай заң қолдануға
тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын –
жатпайтынын айқындайды. Сот істі талапкердің талаптарының шегінде шешеді.
Алайда талапкердің келісуімен сот, егер бұл талапкердің құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет деп тапса, сондай-ақ
көзделген басқа да жағдайларда, талапкер мәлімдеген талаптардың шегінен
шығуы мүмкін. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе
дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қайта
қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады.
Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған барлық қатысушы
судьялар қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға
тиіс (ҚР АІЖК 221-бап). Қол қойылғаннан кейін және судьялардың сот мәжіліс
залына келгенінен кейін судья шешімді жариялайды.
Сот шешіміндегі қателіктерді шығарған соттың өзі түзете алады. Оның
тәсілдері мынадай:
1) шешімдегі арифметикалық қателерді түзету; (АІЖК-нің 230-бабы).
2) қосымша шешім шығару; (АІЖК- нің 231-бабы);
3) шешімді түсіндіру. (АІЖК-нің 232-бабы).
Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды
. Шешім заңды күшіне енгеннен кйін істі заңмен қарсылық білдіруге
уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады.Сот түпкілікті
түрде шешім шығарған кезден бастап 15 күн өткеннен кейін заңды күшіне
енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе
(ҚР АІЖК 235-б,334-б.3- Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық
берілген жағдайда ,егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық
сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-б.3-б.368-
б.).
Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 235-бап талаптарына сай
жүзеге асырылады. Шығарған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық
келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі
өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық
берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық
сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.
Сот шешімін дереу орындау – шешімді заңды күшіне енгенше орындау.
АІЖК дереу орындаудың екі түрін қарастырады:
1) ҚР АІЖК-нің 237-бабы бойынша міндетті (заңмен қарастырылғанда,
мысалы, алимент өндіру, жалақы өндіру, жұмысқа қайтаалу, денсаулыққа
келтірілген және асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтеп алу туралы
шешімдер);
2) ҚР АІЖК-нің 238-бабы бойынша факультативті (сот талапкердің өтініші
бойыша шешімді дереу орындатуы мүмкін).
2.3 Соттың ұйғарым және оның түрлері
Іс негізі бойынша қарастырылмаған болса, бірінші сатыдағы сот актісі -
ұйғарым түрінде шығарылады.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы материалдық құқықтық дауларды
қарастырмайды. Ұйғарымның шешімнен айырмашылығы осында.
Мазмұнына байланысты және іс бойынша процестің дамуына әсер етуіне
байланысты бөлінеді:
1) істің жүрісін басқару, ұйымдастыру бойынша ұйғарымдар. Мұндай
ұйғарымдар процестің пайда болуы мен дамуына бағытталған: арызды қабылдау,
арызды қозғаусыз қалдыру, істі тоқтата тұру, процеске қатысушыларды тарту,
қарсылықтарды шешу және т.б.
2) әзірлеу ұйғарымдары процеске қатысушылардың құрамын бекітуге,
процессуалдық материалдарды жинауға байланысты шығарылады;
3) қиюшы ұйғарымдар процессуалдық әрекеттердің пайда болуына немесе
жүзеге асырылуына бөгет жасайды, мысалы, арызды қабылдаудан бас тарту
туралы ұйғарым және т.б.
4) қорытындылау ұйғарымы істің шешімді шығарусыз аяқталуына әкеледі;
5) жеке ұйғарымдар;
Сотпен қаулы етілген ұйғарым кеңесу бөлмесінде заңмен бекітілген
тәртіппен жүзеге асырылады. Мұндай ұйғарым сот мәжілісінің хаттамасына
енгізіледі.
Сот ұйғарымы- істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот
актісі (ҚР АІЖК 251-б.1-б.).
Сот ұйғарымын мазмұны, субьектісі, нысаны, шығару тәртібі және
шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.
Мазмұны бойынша;
Әзірленумен байланысты ұйғарым- бұл азаматтық істі қозғау туралы,
істі сотта қарауға әзірлеу туралы істі сотта іс қарауға тағайындау
ұйғарым.
Қорытынды ұйғарым- мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі
қысқарту жөнінде ұйғарым.
Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым- бұл сот шешімінің
қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға
бағытталған ұйғарым.
Жеке ұйғарым- сот отырысында іс қарау кзінде ұйымдар, басқару қызметін
атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда
сотпен қабылданатын ұйғарым.
Субьектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған мысалы, заң
бұзұлушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы.
Нысаны бойынша ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты немесе сот
отырысының хаттамасына енгізілу түрде шығарылады.
Шығару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке –дара немесе алқалы
құрамада шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.
Шағымдану әдісі бойынша ;
4. апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық
келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;
5. қадағалау тәртібі бойынша шағым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz