Сөйлеу әдебі ағыл



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I.Кіріспе-------------------------- ----------------------------------- ------
---------------- бет
II.Негізгі бөлім------------------------------ ------------------------------
------------- бет
2 Тілге құрмет - елге құрмет Қазақша таза сөйлейік--------------------------
бет
2.1 Сөйлеу әдебі------------------------------ ------------------------------
------------ бет
2.2 Жадымызды жаулаған жарымжан сөз-------------------------------- ------
бет
2.3 Тіл қарым- қатынас құралы ----------------------------------- -----------
---- бет
III.Тарау ----------------------------------- ---------------------------
бет
3 Ауызекі тілде қолданып жүрген тіркестер ---------------------------------
бет

3.1 Қарапайым мысалдар----------------------------------- -------------------
---- бет

3.2 Сөйлеу мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар --------- бет

3.3 ... ... ... ... ... ----------------------------------- ------------------
--------------- бет

ІҮ.Қорытынды----------------------------------- -----------------------------
-- бет

Ү.Пайдаланған әдебиеттер ----------------------------------- ---------------
--- бет
ҮІ.Қосымша----------------------------------- -------------------------------
------------

 
 
 
Негізгі бөлім

2. Тілге құрмет - елге құрмет қазақша таза сөйлейік
ХХІ ғасыр жастарының сөйлеу мәдениеті қатты ойландырады. Әсіресе, 16-
18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бірақ, қазақ тіліне немқұрайлы қарауға
ешкім құқылы емес. Себебі, ата-бабаларымыз ғасырлап сақтаған қазынамызды
жоғалту – әділетсіздік. Елім, жерім деп көкірегін оққа тосқан
бабаларымыздың армандаған күнін қазір біз көріп жүрміз.
Махамбет, Исатай, Сырым Датұлының бас көтерулері, 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісі – бұлардың бәрі ұлт- азаттық күрестің айнасы.
Бүгінгі таңда, өкінішке орай, жастардың бірқатары қазақ тілінде таза сөйлей
алмайды. Оған қоса сөйлеуге ұялатындары тағы бар. Олардың арасында тілді
шұбарлап сөйлеу қалыпты жағдайға айналған. Тіпті, қазақша сөйлейтіндерді
кемсітіп Неге тек қазақша сөйлейсің, әлде, орыс тілін білмейсің бе? деп
сұрақ қоятындары да бар. Сол сөздерді естіп, кейбір бала қазақ тілінде
сөйлеуге ұялып, орысша сөйлеуді ұйғарады. Ал, шындығына келсек, бұл жағдай
мүлдем керісінше болуы тиіс емес пе?! Тіпті, бір орыс бес қазақты орысша
сөйлететін секілді...

Қарапайым дүкенге баруды мысал етсек, сатушының қазақ, не орыс
екендігіне қарамай сұрақты орысша қою күнделікті жағдай. Бұндай жайлар
көбінесе үлкен қалаларда және аралас мектептерде өте жиі байқалады. Тіпті,
таза қазақша оқып жүрген баланың өзі үлкен қалада орысша сөйлеуді дұрыс деп
санайды.

Алайда, көкірегі ояу, ана тіліне жаны ашитын қазақ жастары да аз емес.
Бүгінгі таңда ғаламторда жастар форумдары өте көп. Қуаныштысы – ол
жастардың барлығы қазақ тілінің деңгейін, дәрежесін көтеру туралы сөз
етеді.
Егер әрбір қазақтың жас азаматы ана тілін құрметтесе алға қойған
мақсатымызға жететініміз анық.

2.1 Сөйлеу әдебі. Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір
қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда
бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры
дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету
үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге
айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

     Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл
адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік
қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау,
пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей
қатысты құбылыс.
      Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа
білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы
зор болды.
       Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке
адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.
Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете
алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен деп
дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз
деп тауып айтқан[2,177].
    ... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас
табақтарына былай деп жазылған екен: ...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды
айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің..., ал мексика халықтарында
сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды
көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын десе, үнді заңында қандай бір
қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге
ұнамды сөздер ғана айтылсын делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам
өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін
мойындаудан туған жауапкершілік[3,41-43].
        Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал  енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?       
     Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық,
өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен сыпайы,
биязы байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты
тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер
жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар
аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес
беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет
сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады[1,214].
    Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның
мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен,
өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын
айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық
қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-
қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы
қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл
арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің
қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі[5,7]. Тіл барлық
заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның
рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами
сыпайылықты да айқын көрсетеді[6,25].
     Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік
практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-
Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор,
профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін
көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне
қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер
мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып
саналады[1,230].
        Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз
елімізде  сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал  келтірейін.
Бірсыпыра  замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде
қазір Мен Байзақовада тұрамын, Мақатаевадан трамвайға мінемін деген
орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? –
десең, әдет қой дейді[4,10]. Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали  әйел
болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші
өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді?  Енді
бірде студенттер мен  мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер
(жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі
т.б.) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда
аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр,
айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.
         Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу
сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер:
мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі,
бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1.   Ортаның әсері;
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)
2.    Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы
қарауы);
3.    Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық
т.б.)
   Сөйлей білу – өнер. Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты
ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
    Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді
атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі
бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен
әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері,
дін) қоғамдағы орны.
       Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status – құқықтарын, міндеттерін
және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да)
қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
    Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен
белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе:
нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен
мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол
жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның
өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік
топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі
болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор,
ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға
қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің
балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол
мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты
мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы
қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен
анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты
жерімен   айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты
мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе
мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.  Тағы да бір үлкен 
ерекшелік – тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның  тілі,
сөзі, сөйлеу әдебі оның  әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл
атқарады. Жалпы, біз осыған байланысты адамдарды әлеуметтік мәртебелеріне
қарай төмендегідей топтастырдық :
1.      Жоғарғы  әлеуметтік мәртебе  (депутаттар, іскерлер, ішкі істер
қызметкерлері т.б.)
2.      Ортаңғы әлеуметтік мәртебе (мұғалімдер, дәрігерлер т.б.)
3.      Төменгі әлеуметтік мәртебе  (студенттер, жастар т.б. )
     Енді осы тұлғаларға қатысты кішігірім сауалнама қорытындысын баяндай
кетейін. Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры қайда орналасқан? деген
сұрақ бойынша  бірсыпыра замандастарымыз  Абылай хана Маметова деумен
болды. Ол жайында жоғарыда тоқталып өттік. Тағы бір байқайтынымыз
көрсетілген бейнебаянда 3 мұғалім бар. Және де олар сұраққа сүрінбей жауап
берді.  Бұл көңіліңді қуантады. Және оларды анықтау қиынға соқпады.
Сауалнама қорытындысы бойынша сөйлеу әдебін жиі сақтайтындар қатарына
ортаңғы әлеуметтік топ өкілдері жатады. Ал қалған екі топ әзірге артта
келеді.

2.3 Тіл қарым қатынас құралы
Тіл қарым қатынас құралы. Әрбір айтылған сөз арқылы адамның ой-
өрісінің, ақыл-парасатының, рухани байлығының қандай екенін білуге болады.
Халық даналығында дүниеде екі нәрсені кейін қайтарып ала алмайсың дейді:
Біріншісі, өтіп кеткен уақыт, екіншісі ауыздан шыққан сөз. Осы бір жалғыз
ауыз сөздің құдіретті күшін қарасаңызшы, күллі мұхиттарды жалғайтын сөздің
адам өмірінде атқаратын қызметі зор. Сол себептенде халқымыз ауыздан шыққан
әрбір сөзге абай болып, ойланып барып сөйлеген. Абай атамыз айтқандай:
Сүймек, сезбек, кейімек, харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап
сөйлемек... дейді, шын мәнінде әр сөзге мән беріп, мағынасына терең бойлап
барып сөйлеген жөн. Алайда бүгінде жастарымыз мүлдем батыстанып кеткен
десем, өтірік айтпаған болар едім. Олай дейтінім тілдерін бұрмалап, елден
ерекше болып көрінгісі келе ме, қайдам, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді
әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашанда сөзге шешен, суырып салма,
дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес ме? Қазіргі таңда мүлде
бөлек, жастарымыз екі ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең
жеткізетіні ешкімге жасырын емес. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы
сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме
сөздерді пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымшаларын жалғап, тіпті тарихи
қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүр. Айталық, Бұрынғы
ата деп салем беретін немере аташка деп мойнына оралады. Иіліп сәлем
беретін келіндеріміз здрасти, салэм бердік дейтін дәрежеге жеттік. Ең
сорақысы ана омырауындағы сәбиінің сәт сайын еститіні Айналайын, құлыным
деген қазақы ана жүрегінің жылуы емес, өзге тілдегі Ой, мой синочик,
Доча, играй деп тәрбиелейміз. Онымен қоса, тілі енді шығып келе жатқан
балаға үйдің бөлмелерін, яғни жатын бөлмені – спальная комната,
балалар бөлмесін – детская комната, ас үйді – кухня, ауыз үйді –
прихожка, дәлізді – коридор, деп қазақша баламасын ұмытып, тегістей
орысшаға ауысып алдық. Кез-келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты қағидасы-
мемлекеттік тілді құрметтеу. Мемлекеттік тілі жойылған елдің келешегі жоқ
екенін, қай халық болса да, тіл мәдениеттің өзектілігі екенін әлдеқашан
түсінген. Бірақ біздің жастарымыз қайда қарап жүр? Қазақстанның шекарасынан
асқаннан кейін ешкім сізбен қазақ тілінде сөйлеспейді, қазақ тілі ешкімге
де қажет емес. Бұның өзі ана тіліміздің өзге жерде өсіп өркендей алмайтынын
дәлелдеп отыр.
Сөз құрамы – ғасырлар бойы жасалып, қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе
жатқан бай қазына, қасиетті мұра. Әр ұрпақ оны қадірлеуге, ілгері дамытуға
міндетті. Жастарымыздың жаргон сөздерге құмар болуына өздерін ғана кінәлау
дұрыс емес, оған араласатын отбасының, қоршаған ортасының да кінәсі бар.
Мектептерде ұстаздары жақсылыққа баулып, қанша тәлім-тәрбие берді деп
есептегенімен, былай шыға бере араласатын достары бөгде сөздерге үйір
болса, оған отбасынан тыйым болмаса, бала осы сөзді қолданғаным дұрыс екен
деген оймен жүре береді. Екіншіден, жастардың кітап оқуға деген
құлықтарының төмендеуі. Өйткені, кітаптың орнын, әлемді жаулаған компьютер
толықтырып отыр. Ал, компьютерге әуес болып, соған тәуелденген баладан не
күтуге болады. Қазақтың мол мұрасының бірі әдебиет әлемінен алшақтап,
арзанқол сөздермен көмкерілген ғаламтор ішіне еніп кеткен. Соның салдарынан
кейбіреулері айтар ойын жеткізе алмай ия, жоқ деген сөздермен шектелетін
болды.
Мәселен, бүгінгі қолданыстағы сөздерді айтатын болсақ: Бір-біріне жарасымды
киініп алыпсың, өзіңе құйып қойғандай деудің орына тема киініп алыпсың
ғой дейді. Келбетті, ажарлы қыздарды көрсе Өзі жынды қыз екен дейді, бұны
қалай түсінеміз. Жынды деп артқы етегін басына киген, науқас адамды айтады
емес пе? Бір нәрсеге таңырқағанда немесе қуанғанда Пай-пай, уа, шіркін
деген сөздердің орнына ю маю, афиге, юшкин цвет деп сөйлей жөнеледі. Бір
нәрсеге алаңдап, өзіңді қоярға жер таппай тұрсаң неге потеря болып жүрсің
дейді.
Сонымен қатар, студенттер немесе өзге жастар арасында өздерінің қолданатын
сөздері бар. Айталық, студент оқу ғимаратында жүріп және дәріс
сабақтарында, кітапханада болғанда студент жаргонына тән сөздерді
қолданады. Мысалы, читалка – оқу залы, внеаудиторка – аудиториядан
тыс тапсырма, препод, эдвайзер-оқытушы, общяга – жатақхана, ал оқу
ғимаратынан алыстаған кезде ол өзінің достарымен кездесіп бір жерге баратын
болса, қоғамдық көлік деудің орына маршуткаға мінеміз бе? Инетке барамыз
ба? дейді, яғни интернет орталығы деген сөз. Осы мәселеде студенттер оларды
дұрыстауға, түзетуге тырыспайды, сондықтан оқу ғимаратындағы күнделікті
қарым-қатынаста осы жаргон сөздермен сөйлейді. Әрине бұл жаңа жаргон
сөздердің кең таралуына әкеп соғады. Бұның өзі біздің еліміздегі тіл
мәдениетінің төмендігін білдіреді. Көптеген жастар өз ойларын дұрыс,
түсінікті етіп кеткізе алмайды, басы артық, бос сөздерді көп қолданып ойын
шашыратып жібереді. Кейбір орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі
жаргонмен диалектілермен сөлегенді сән көреді-ау шамасы.
Міне, бүгінгі күнгі көкейтесті мәселенің не екені баршамызға аян, сондықтан
жастардың мәдениетін, әдебін қалыптастыру үшін жұмыла еңбек ету керек. Ана
тілін жақсы біліп, өз орнымен сөйлеу-әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір
сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей
ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тіліміздің
мәртебесі көтерілер еді.
Бұл дүниеде қисынсыз көп сөйлеген адамның, қияметте күнәсі көп болады
дейді. Ислам дінінде сөз жайында былай дейді: Сөз сапасы... Ислам діні барша
адамзатты ізгілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, кеңпейілділкке
үндейтіні әмбеге аян. Ал, адамның бойында осындай игі қасиеттердің болуы –
сол адамның ниетіне, ойлаған ойына сөйлеген сөзіне тікелей байланысты. Сол
себептенде жастарымыз осы мәселенің барлығын ескеріп, ойланып барып сөйлеуі
тиіс.
Жастық шақ жақсы қасиеттерді бойға сіңіру кезеңі екендігіне ешкімнің де
дауы болмаса керек. Біреулердің сөйлеу әдебі, жүріс-тұрысы, енді
біреулердің кісілігі мен кішілігіне кейінгі інілер елітпей тұра алмайды.
Жастық шақ рухани қор жинау кезеңі. Оған көп нәрсе үйрену керек пе? Керек.
Білім қажет пе? Қажет. Жақсыдан ғибрат, оны көкейге түюге тиісті ме?
Тиісті. Осының бәрін ескере отырып, жатарымыз сөйлеу мәдениетін сақтап,
өзге тілдегі сөздерді шұбарлап, өз тілімізді талан-таражға салмаудың амалын
қарастыруы тиіс.
Айталық: Біріншіден, отбасының яғни ата-аналар балаларының сөз әдебіне, тіл
мәдениетіне мән беруін қадағалап отырса.
Екіншіден, Ортаның әсері, айналасының, достарының дөрекі сөздерді айтып
сөйлеуі де әсер етеді. Сондықтан үнемі ондай ортадан аулақ ұстап отыруы
тиіс.
Үшіншіден: Көркем әдебиетті оқуға деген оқушылардың қызығушылығының
бәсеңдігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеп, көркем әдеби шығармаларды
оқуын қадағаласа.
Төртіншіден: Кей мұғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Оқушы
мұғалімді тыңдау барысында көркем, анық, түсінікті сөйлеуді үйренеді. Осы
мәселелерді ұстаздарымыздың арнайы көңіл бөлмеуінің салдарынан. Елдің
аузында мәнін мәңгі жоғалтпайтын Бәрі де адамына байланысты деген киелі
сөз бар. Бұл тарих дәлелдеген шындық. Ұлттық тілді жүрегінде от жалыны бар,
отаны үшін жанын пида етуге әзір, кеудесінде ұлттық рухы бар қазақ қана
қадірлеп, қастерлей алады.

3 Ауызекі тілде қолданып жүрген тіркестер
Ең бірінші баяндамамды фразеологизмдерден және оның өзгеруінен
бастауымның өзінде үлкен мән бар.Себебі ненің де болса өз бастауы бар.Енді
осы орайда қазіргі таңдағы жастар тіліне тоқталып кетейін.Қоғамымыздағы
өзгерістер әсіресе тілімізге де өз әсерін тигізген сыңайлы.Соның ішінде
жастар тілін алар болсақ, ауызекі тілде қолданып жүрген тіркестер
баршылық.Жастар тілінде бұл тіркестерді сленгтер деп атауға болады.
Сленг сөзі ағылшын тілінен енген.Яғни белгілі бір ортада қолданылатын
сөзер.Мен жастар арасындағы сленгтерді жинақтап оларды өз ішінде бөлектеп,
мағынасына қарай топтаған болатынмын.Жастар сленгі өз ішінде көптеген
мағынаға ие болады.Соларға мысал келтіре кетейін.
Жастардың  күнделікті қолданып жүрген слегтерінде орыс сөздерінің
көптеген компоненттері кездеседі.Мысалы: тормозы ұстап қалды-бір
жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде зависать етіп
қалдыдеген тіркес бар,базар жоқ-сөз жоқ, яғни істеген ісін тындырымды
әрі айқын істейтін адам. Толпамен келу-көпшілікпен келу, типаж болу-
менменсу бұл тіркеске синоним блатной болу. Косякқа кіргізу-
қолайсыздыққа тап болу, зелень алып келу-ақша алып келу, бұл жерде
зелень деген сөз АҚШ валютасы. Құлаққа лапша ілу-өтірік айту,
Капустаға қарау-материялдық жағдайына қарау, счетчик қою-ақша талап
ету, Ала көзімен стрелять ету- бір адамға қадала қарау, Шпоры жасау-
емтиханға арналған жауап парағы. Маяк тастау- қоңырау шалу, бұл тіркестің
синонимі скидовать ету.Стрелять, лапша, косяк, капуста, толпа, базар
тіркестерінде орыс сөздерінің компоненттері бар.
Ал жеке адамға, оның адами тұрғыдағы қадір қасиетіне байланысты
күнделікті тұрмыс тіршілкте қолданылатын сленгтер жайлы да айта
кетсек.Мысал ретінде:
Жалауық-қазғаншақтық, ауру-басқа адамдардың мазасын алу,
қуғынбай- бос сөзді көп сөйлеу,бұл сөздің синонимі сасымашы.Бұл
сленгтер алғашында Батыс Қазақстан өңірінде соның ішінде Ақтөбе, Атырау
қалаларына диалекті тіркестер ретінде қолданылса, қазіргі таңда еліміздің
түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары қолданады.
Бұл сленгтердің тағы бір топтамасы ол оқушы, студент жастар арасындағы
тіркестер.Оларға мысал келтіре кетсек: Крышасы бар-тірегі бар, ботан
болу-сабақты көп оқу осы тіркестің синонимі зубрить, қырқу-мәселені
шешу, тығырықтан шыға білу, миды шіріту- бос сөзі көп айту.
Әдетте фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен
мәдени өмірдің әсері мол.Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа
шыққанда ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау аңғарылуы
тиіс.Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе адамдардың 
күнделікті күйбең тіршіліктегі көріп жүрген түрлі заттар, құбылыстар,
көріністер ықпалы.Ал осы фразеологизмдердің о бастағы тура мағынада
қолданып, бір кездері көріністің балама оймен ұштасуы арқылы ауыспалы
мағынаға ие болуы, тұрақты тіркестің тілдік қолданыста қалыптасуына әсер
етеді.Мысалы: картопты жарып айтты-барлығын аузына қаратты,керемет
сөйледі, танкасы бар-тірегі, көмектесетін адамы бар, сағызша шайналды-
көп созды, жауап таппай дал болды.
Осы орайда айта кететін жайт қолданыста жүрген тұрақты тіркестерге,
олардың мағыналарына үңіле қарасақ, бұл сөздердің астарында еш мағына
жоғына көзіміз жетеді.Ауызекі сөйлеу тіліміздің сәл болса да мағына жағынан
құлдырағанын көреміз.Сөздердің көпшілігі дөрекі, тұрпайы болып келеді.Бұлай
болуы жастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігі
Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Аудармашы арқылы сөйлесу әдебі
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы
Кірме сөздер
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Пәндер